Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен шарттары 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салықтық кезең үшін алынған кіріс өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінде салық салу объектісі болып табылатынын хабарлайды.Бұл ретте өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні кірісті тану күні болып табылады.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алу арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімде жүргізіледі.Қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміндегі кірістерін есепке алу операциялардың күні, атауы, әрбір операциядан алынған сомалар, әрбір күн үшін, ай үшін қорытынды сома көрсетіле отырып, өздері дербес әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1228450?lang=ru
Салық және кеден мәселелері бойынша цифрлық кеңесші 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық және кеден мәселелерін түсіндіру бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер органдары @salyqbot сілтемесі бойынша Telegram–да Чат–ботты іске асырғанын хабарлайды.Salyqbot – қазақ және орыс тілдерінде цифрлық салық консультанты, ыңғайлы болу үшін Qr–кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.SalyqBot көмегімен Сізде:– салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;– көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;– салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;– өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;– түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;– тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push–хабарламаларды, сондай–ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының – жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;– банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;– егер Сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1222444?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы 18.05.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175 – н/қ бұйрығына сәйкес тыйым салулар енгізілгенін хабарлайды:1 2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге:а) жағармай майларын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін  (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00)  автомобиль көлігімен әкетуге;б) бензинді (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0) әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12)  темір жол көлігімен әкетуге тыйым салынды.2. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8), авиакеросиндер және дизель отынын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0), газойль (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), толуола, ксилола (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0), мұнай битумын (ЕАЭО СЭҚ ТН сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2713 20 000 0) әкетуге тыйым салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222445?lang=kk
Энергетикалық сусындарға акциз 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілгенін хабарлайды.Бүгінгі күнге энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады. Қазақстан Республикасында аталған өнімді өндіру және импорттау қызметін 5 отандық өндіруші және 5 ірі импорттаушы жүзеге асырады.Сонымен қатар өндірістің едәуір бөлігі ел ішінде шоғырланған. Қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелге де табысты экспорттауда, бұл саланың дамуы мен экспорттық әлеуетінің бар екенін көрсетеді.Өнімнің осы санаты бойынша акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген: 2026 жылдан бастап акциз мөлшері 1 литр үшін 100 теңгені, 2027 жылдан бастап – 140 теңгені, 2028 жылдан бастап – 180 теңгені құрайды.Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және әділ жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.Сала өкілдерінің бағалауы бойынша энергетикалық сусындардың негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты аталған өнімді өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру, нарықтың ашықтығын арттыру, сондай-ақ адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1227481?lang=ru
🔰 ҚР Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілді. ⚡🥤 Бүгінгі күні энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады. 18.05.2026
❇️ ҚР-да аталған өнімді өндіру және импорттау қызметін 5 отандық өндіруші және 5 ірі импорттаушы жүзеге асырады. 🏭📦🌍 Сонымен қатар, өндірістің едәуір бөлігі ел ішінде шоғырланған. Қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелге де табысты экспорттауда. Бұл саланың дамуы мен экспорттық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. 📈🤝📌 Өнімнің осы санаты бойынша акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген:▪️ 2026 жылдан бастап — 1 литр үшін 100 теңге;▪️ 2027 жылдан бастап — 1 литр үшін 140 теңге;▪️ 2028 жылдан бастап — 1 литр үшін 180 теңге.🔰 Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және әділ жағдайлар қалыптастыруға бағытталған. ⚖️📊👥 Сала өкілдерінің бағалауы бойынша энергетикалық сусындардың негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты аталған өнімді өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады. 🚫🔞❇️ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру, нарықтың ашықтығын арттыру, сондай-ақ адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. 📑✅Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222410?lang=kk
Арқалық қаласы бойынша МКБ басшысы тағайындалды 18.05.2026
Бейсенов Мейрамхан Аяпбергенұлы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 13.05.2026 жылғы № Ж-120 бұйрығына сәйкес Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып 2026 жылғы 14 мамырдан бастап тағайындалды.Бейсенов Мейрамхан Аяпбергенұлы 1976 жылы 8 қарашада Торғай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1997 жылы бастаған.Мемлекеттік кірістер органдарында 25 жылдан астам атқарушылық және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.Бұрынғы жұмыс орны - Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.Жалпы еңбек өтілі - 26 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметте - 26 жыл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222413?lang=kk
Қарасу ауданы бойынша МКБ басшысы тағайындалды 18.05.2026
Бекпасов Мұрат Қайырбекұлы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2026 жылғы 13 мамырдағы № Ж-121 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 15 мамырдан бастап Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.Бекпасов Мұрат Қайырбекұлы 1973 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысы Урицкий ауданының Урицкий кентінде дүниеге келген.Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.Мемлекеттік кірістер органдарында орындаушылық және басшылық лауазымдарда 29 жылдан астам қызмет атқарған.Бұған дейін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған.Жалпы еңбек өтілі — 35 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 29 жыл 9 ай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222415?lang=kk
Құрметтісалық төлеушілер! 18.05.2026
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салық әкімшілігініңинтеграцияланған жүйесінің Салық төлеушініңкабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігініңнысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда)«Ұсынылатын СЕН» қызметінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарынкөрсету қажет.Кезекті/бастапқы салық есептілігі салықзаңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдарыныңақпараттық жүйесі ұсыну мерзімі өткеннен кейін нөлдік көрсеткіштермен автоматтысалық есептілігін қалыптастырады.Бұл реттесалық салу объектілері және (немесе)салық салумен байланысты объектілер болған кезде салық төлеуші салық кезеңіүшін автоматты салық есептілігіне қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықКөмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылыөтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электрондымекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222419?lang=kk
2026 жылдың мамыр айына арналған салық күнтізбесі 18.05.2026
2026 жылғы 15 мамырда салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады және 2026 жылғы 26 мамырда салық төлеу мерзімі аяқталады5 мамырға дейін:Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы сәуірдегі кірістері бойынша ЖТС.15 мамырға дейін:Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған ЖТС (платформалар арқылы) 2026 жылғы сәуір.20 мамырға дейін:ЕАЭО АТ бойынша КН сомасы;2026 жылдың сәуір айындағы акцизі.25 мамырға дейін:Төлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, АҚС, БЖЗҚ бойынша әлеуметтік төлемдер;2026 жылғы мамырдағы КТС бойынша аванстық төлемдер;Төлем көзіндегі КТС;ҚҚС;Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, экспортқа рента салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер, қатты пайдалы қазбаларға роялти;Қол қою бонусы;Роялти, өндіру бонусы, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;Ойын бизнесіне салынатын салық;Аударымдар 2026 жылғы 3 тоқсандағы берілген акциздік кіріс;Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;Сандық тау-кен ақысы;Ағымдағы төлем жер салығы және мүлік салығы;Төлем бойынша ағымдағы төлем жер учаскелерін пайдалану;Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем (эмиссиялар);Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем.Салық есептілігі:15 мамырға дейін:101.03-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп;101.04 – нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы резидент нестің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп;200.00 – нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;300.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы ҚҚС бойынша декларация;400.00-нысан-2026 жылғы наурыздағы акциздер бойынша декларация;500.00 – нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бойынша декларация;510.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсан үшін қол қою бонусы бойынша декларация;531.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы заттай нысандағы салық міндеттемесін орындау жөніндегі декларация (есеп);590.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсан үшін ХДПИ және ілеспе төлемдер бойынша декларация;710.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы Ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;860.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;870.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы НВОС төлемі бойынша декларация;880.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы цифрлық тау-кен ақысы бойынша декларация.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222390?lang=kk
📢 АҢДАТПА ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 20 мамырда “Қызмет алушылар күні” ұйымдастырылатынын хабарлаймыз. 18.05.2026
📌 Іс-шара аясында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, салықтық міндеттемелер, мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер, электрондық сервистерді пайдалану, және тағы басқа кәсіпкерлік және салық мәселелері бойынша азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға сала мамандарынан тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.⏰ Қызмет алушылар күні 2026 жылғы 20 мамырда сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін келесі мекен-жайларда өтеді:🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы @qazybek_bi_mkb📍 Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй.🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, @temirtau_mkb📍 Мекенжайы: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 9үй.🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы @bokeyhanmkb_3019📍 Мекенжайы: Қарағанды қаласы, 21 ықшам ауданы, 9 үй.🤝 Баршаңызды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222374?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержан Тоқтархановтың Павлодар облысының кәсіпкерлеріне үндеуі 18.05.2026
Құрметті Павлодар облысының кәсіпкерлері!2026 жылдан бастап шағын бизнес үшін тек үш арнайы салық режимі жұмыс істейді. Солардың әрқайсысына тоқталып өтейік.Біріншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін. Бұл таксистер, курьерлер және қызмет көрсететін адамдар үшін өте жақсы нұсқа. Сізге ЖК (жеке кәсіпкерлік) ашудың және есеп берудің қажеті жоқ. Тек 4% әлеуметтік төлем төлейсіз. Жай ғана «e-Salyq Business» қосымшасында чек ұрыңыз, ал статус сізге автоматты түрде беріледі. Біздің Павлодар облысында осылайша 13 жарым мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.Екінші режим – оңайлатылған декларация. Ол бұрынғы үш режимді біріктірді. Базалық мөлшерлеме 4%, бірақ біздің өңірде мәслихаттың шешімімен ол 3%-ға дейін төмендетілді. Жылдық табыс екі жарым миллиард теңгеден аспауы керек. Жұмысшылар санына шектеу жоқ және сіз ҚҚС-тан (НДС) босатыласыз. Есеп жылына екі-ақ рет тапсырылады. Бұл режимді облысымыздың 38 мыңнан астам салық төлеушісі таңдап үлгерді.Үшінші режим – шаруа және фермер қожалықтары үшін. Олардың саны өңірде үш жарым мыңға жуық. Биылдан бастап бірыңғай жер салығының орнына жеке табыс салығы (ЖТС) төленеді. Бірақ ең бастысы: сіздің барлық жеңілдіктеріңіз – жер, көлік, мүлік салықтарынан және ҚҚС-тан босату – толығымен сақталған.Өзіңізге ыңғайлы режимді таңдап, кәсібіңізді заңды түрде дамытыңыз. Барлық толық ақпарат – видеоның астындағы сипаттамада! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1222377?lang=kk
📢 Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба? 18.05.2026
Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «EgovKZBot» Telegram-боты жұмыс істейді.📲 Telegram-бот арқылы:🔹 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауы;🔹 негізсіз бас тарту;🔹 артық құжат талап ету;🔹 мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуы;🔹 мемлекеттік органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі бойыншаөтініш, шағым немесе ұсыныс жолдауға болады.Сонымен қатар, азаматтар өз өтініштерін «e-Otinish» бірыңғай платформасы арқылы да онлайн форматта жолдай алады.🤖 «EgovKZBot» Telegram-ботының артықшылықтары:✅ өтінішті кез келген уақытта жолдау мүмкіндігі;✅ қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс;✅ жедел қарау және кері байланыс;✅ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі.📌 Әрбір өтініш жауапты мамандардың бақылауында болады және қолданыстағы заңнама аясында қаралады.Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту — ортақ міндет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222384?lang=kk
WorldSkills Shygys-2026 өңірлік чемпионаты басталды! 18.05.2026
2026 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының колледж студенттерін біріктірген өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы қатысты. Өз сөзінде ол ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жоғары білікті мамандардың маңызы ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай чемпионаттардың жастардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, олардың шығармашылық және тәжірибелік әлеуетін ашуға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға үлкен үлес қосатынын жеткізді.2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында өңірдің колледждерінен келген студенттер түрлі құзыреттіліктер бойынша өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Байқау кезеңдері Құзыреттілік орталықтары мен Өскемен қаласының жетекші колледждерінің базасында өтеді. Қатысушылар үшін бұл тек өз мүмкіндіктерін көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік беретін маңызды кезең болмақ.Конкурстық жұмыстарды аймақтың білікті сарапшылары — білім беру ұйымдарының өкілдері, өндіріс мамандары және кәсіби қауымдастық мүшелері бағалайды. Бұл бағалау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.Өңірлік чемпионат дарынды жастарды қолдауға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1222350?lang=kk
Қайғыра отырып, бүгін әріптесіміз Марат Жияншанұлының өмірден озғанын хабарлаймыз. 18.05.2026
Марат Жияншанұлы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік мүлік жүйесінде абыройлы еңбек етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосты. Әр жылдары Мемлекеттік мүлік және жекшелендіру комитетінің орталық аппаратында қызмет атқарды, Павлодар Мемлекеттік мүлік және жекшелендіру департаментінің басшысы болды, кейіннен Қазынашылық органдарына ротaцияланды.Ол өзінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен және адами қасиеттерімен әріптестерінің құрметіне ие болды.Марат Жияншанұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қаралы қайғыға ортақтасып, отбасына сабыр тілейміз.Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1222321?lang=kk
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы 18.05.2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес. Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы басқарушысы бола алады.Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны:1) қызметін «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын әкімші;2) кәсіби бухгалтер;3) аудитор;4) заң консультанты.Қаржы басқарушысының өз өкілеттіктерін:1) оның борышкерге немесе оның кредиторларына қоятын талаптары немесе міндеттемелері болған;2) егер ол борышкердің немесе кредитордың жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы болып табылса.Қызметтің басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде қаржы басқарушысы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.Қызмет тоқтатылған кезде қаржы басқарушысы уәкілетті органға қызмет тоқтатылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберуге міндетті.Қаржы басқарушысының хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастауды уәкілетті орган осы баптың 9-тармағында белгіленген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.Уәкілетті орган хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде борышкерге және кредиторға қаржы басқарушысын осындай тізілімнен алып тастау туралы және жаңа қаржы басқарушысын тағайындау туралы ақпарат жібереді.Уәкілетті орган хабарламасын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған тұлға алып тастау себептері жойылған жағдайда, бірақ алып тасталған күннен бастап кемінде үш жылдан кейін қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қайта беруге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1222313?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен технологиялық жарақтандырылуы талқыланды 18.05.2026
Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың төрағалығымен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиын 2026 жылғы қысқы оқу кезеңінің қорытындысына арналды.Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығы мен жауынгерлік қабілетін, олардың техникалық жабдықталуын, сондай-ақ басқару және дайындық процестерін цифрландыруды одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.Ол сондай-ақ, армияны заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен, әсіресе әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен, ұшқышсыз басқарылатын аппараттарымен, артиллериямен, зымыран кешендерімен және оқ-дәрілермен жарақтандыру, сонымен қатар әскерлер мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында техниканы жөндеу қарқынын арттыру басым бағыт екенін атап өтті.Қорғаныс ведомствосының басшысы әскердегі қызметтік тәртіпті күшейту, кадр саясатын жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне де тоқталды.Қысқы оқу кезеңіндегі әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров баяндады. Ол жеке құрамды оқыту әдістемесіндегі жаңа тәсілдерді ортаға салды. Бұдан басқа жауынгерлік даярлық бағдарламасының түбегейлі қайта қаралғанын, оның ішінде бірыңғай атыс курсы мен жалпыәскери пәндер бойынша жаңа нормативтер әзірлеуді, командирлік дайындық форматын жаңартуды және «Бес қару» бағдарламалық модулін енгізуді көздейтін жоспарларды айтты.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің баяндамасы профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдерге, тәртіпті нығайту, әскери қызмет қауіпсіздігі және әскерлерді моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.Әскердің техникалық жарақталуы туралы Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев баяндама жасады. Ол техниканы жауынгерлік дайын күйде ұстауды, оны «Батыл тойтарыс-2026» оқу-жаттығуына сапалы дайындауды, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етуді басым міндет ретінде атап өтті. Алқа отырысының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік қабілеті мен әзірлігін одан әрі арттыру, қару-жарақ пен техниканы ұқыпты ұстау, моторесурстар мен оқ-дәрілерді тиімді жұмсау, Қарулы күштердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.Жиын соңында Қорғаныс министрі алқа отырысына дейін Алматы және Қонаев гарнизондарының полигондарында басқарушы құраммен өткен оқу-әдістемелік жиындардың мазмұнына баға берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1222188?lang=kk
«Отбасы – бақыт ұясы» атты тағылымды кездесу . 18.05.2026
15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт ұясы» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылып, көпбалалы өнегелі отбасы — Шаһарбек ата мен Бахты апаның шаңырағына барып, мерекелік құттықтау айтып, кішігірім сұхбат жүргізіп қайттық.Кездесу барысында ата мен апа ақ дастархан жайып, қонақжайлық танытып, отбасы тәрбиесі жайлы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Балаларын адалдыққа, еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлауға тәрбиелегендерін айтып, отбасы — сыйластық пен мейірімнің, татулық пен бірліктің ордасы екенін ерекше атап өтті.Шаһарбек ата мен Бахты апа отбасы құндылығының маңызын түсіндіріп, берекелі шаңырақтың басты тірегі — өзара түсіністік пен қамқорлық екенін жеткізді. Осындай өнегелі отбасылар — кейінгі ұрпаққа үлгі, қоғамымыздың тірегі екені сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1222201?lang=kk
Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы 18.05.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 04 мамырдағы № 180 – н/қ бұйрығына сәйкес хабарлайды. Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және темір жол көлігімен алты ай мерзімге:1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушыларды әкетуге;2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ және Қашаған кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды әкетуге;3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын алып өтілетін транзиттік тасымалдарға;4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетуге тыйым салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222233?lang=kk
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Ашық есік күні өтті 18.05.2026
2026 жылғы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4-курс студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Іс-шараны ашқан Департамент басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов мемлекеттік кірістер органдарының елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті. Салық түсімдерінің есебінен мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар салынатыны, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым дамып жатқаны айтылды. Сонымен қатар спикер жастарды мемлекеттік қызметке қызығушылық танытуға шақырып, болашақ мамандарды мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етуге үндеді.Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы ақпарат беріліп, салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикалық шаралар түсіндірілді.Спикерлер ретінде Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова, Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Болатбек Жаманбаев және Адам ресурстары басқармасының бас маманы Мейір Күнтуғанов сөз сөйледі.«Адал Азамат» бағдарламасы аясында қатысушыларға салықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.Сондай-ақ қонақтар Департамент мұражайын аралап, өңірдегі мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасу тарихымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222264?lang=kk
Шымкентте батыр полицейдің атына «Жас сақшы» сыныбы ашылды 18.05.2026
Шымкент қаласында №16 мектепте қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицей Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылуы өтті.9 сыныптың 30 оқушысы жаңа кезеңге қадам басып, жас тәртіп сақшылары қатарына қосылды. Жоба жасөспірімдердің бойында патриоттық рухты, тәртіпті, заңға құрметті және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.Салтанатты шара барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев оқушыларға Отанға адал қызмет етудің маңызын айтып, әділ болуға шақырды.«Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін құқықтық тәрбие, дене шынықтыру және полиция қызметінің қыр-сырын таныстыруға бағытталған арнайы сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, олар полиция қызметкерлерімен бірлескен патриоттық және профилактикалық іс-шараларға қатысады.Мамандандырылған сыныптың ашылуы - ұрпақтар сабақтастығының, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігіне құрметтің, және қоғам мен заңға қызмет етуге дайын жастарды тәрбиелеуге деген ұмтылыстың айқын көрінісі болды.