Қазақстан мен Пәкістан іскерлік байланыстарды арттыруға ниетті

Қазақстан мен Пәкістан іскерлік байланыстарды арттыруға ниетті

06.05.2026 10:53:00 247

Исламабад, 2026 жылғы 30 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің жаңадан тағайындалған тең төрағасы Мұхаммед Араб Құрейшіні қабылдады.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарының, оның ішінде Қазақстан-Пәкістан бизнес форумының қорытындыларын талқылады.

М.А.Курейши пәкістандық кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің мүдделілігін атап өтіп, іскерлік байланыстарды одан әрі арттыру және сауда және инвестициялық әріптестікті әртараптандыру үшін қолда бар зор әлеуетті атап өтті.

Тараптар В2В форматындағы іс-шараларды тұрақты өткізу мақсатында одан әрі практикалық қадамдарды талқылады, Пәкістанның жетекші индустриялық орталықтарының Сауда-өнеркәсіп палаталары мен Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы делегацияларының Қазақстанға сапарларын ұйымдастыруға келісті.

Жаңадан тағайындалған тең төраға Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің қызметін одан әрі жандандыру жөніндегі өз идеяларымен және жоспарларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша жақын арада Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1215112?lang=kk