Жаңалықтар
Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Халықтану және даму жөніндегі комиссиясының 59-сессиясына қатысты 20.04.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 17 сәуір - 13-17 сәуір аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясының 59-сессиясы өтті.БҰҰ Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясы – мемлекеттер мен халықаралық сарапшылар ауқымды демографиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік саясатты жүргізу және жалпыға ортақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіретін жаһандық алаң. Биылғы сессияның басты тақырыбы: «Тұрақты даму аясындағы халық, технологиялар және зерттеулер».Қазақстан делегациясы өз сөзінде биылғы сессияның негізгі бағыты еліміздің даму бағдарымен сәйкес келетінін атап өтті. Бүгінгі таңда 20,3 миллион халқы бар Қазақстанның демографиясы айқын жас сипатқа ие, мұндағы орташа жас мөлшері 31 жас. Мемлекеттің басты міндеті – осы ұрпақтың орасан зор әлеуетін ашу. Алдағы онжылдықта еңбек нарығына жыл сайын 360 мыңға жуық жас маман шығатындықтан, еліміз адами капиталға инвестиция тартуға басымдық беріп отыр.Аталған процестерді тиімді басқару және өңірлік теңсіздіктерді жою мақсатында Қазақстан жоғары технологияларға бағдар алды. Елімізде стратегиялық жоспарлау үшін жасанды интеллект пен үлкен деректер (Big Data) мүмкіндіктерін пайдаланатын Демографиялық талдау және болжау орталығы құрылуда. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай халық санағын толығымен цифрлық форматқа көшіру жоспарлануда.Қазақстанның бұл форумға белсенді қатысуы озық әлемдік стандарттармен бағдарды теңестіруге, демография саласындағы инновациялық тәжірибелерді талқылауға, сондай-ақ заманауи әрі ашық мемлекет мәртебесін нығайтуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1204840?lang=kk
«ЗАҢ ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫ» 20.04.2026
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Кездесуге жалпы саны 600-ге жуық жас қатысып, қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.Іс-шараның модераторы ретінде Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман сөз сөйлеп, заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығындағы маңызын атап өтті.Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында:– Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің штаб басшысы, полковник Тұрғынбай Дәурен Бөрібайұлы;– Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, подполковник Бауыржан Қанатұлы Карбеков;– Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Турлыби Нұрым Ұланұлы;– «Миллион» жайдарман командасының мүшесі, блогер Мансар Орынхан болды.Спикерлер заң талаптарын сақтау, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысының қоғамға зияны, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылды.
Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісімен кездесті 20.04.2026
Тбилиси, 20 сәуір – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин Түркия Республикасының Грузиядағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мустафа Тюркер Арымен кездесу өткізді.Кездесудің басында қазақстандық дипломат түркиялық әріптесін жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған Грузиядағы дипломатиялық миссиясында табыс пен нәтижелі жұмыс тіледі.Әңгіме барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Сұхбатшылар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында, ерекше атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстан-түрік өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ дипломатиялық миссия кезеңінде тұрақты диалог пен тығыз ынтымақтастықты қолдауға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1204822?lang=kk
Салық кодексіне түзетулер тобы Жобалық кеңсенің 12-ші отырысында қаралды 20.04.2026
Үкімет жанындағы Жобалық кеңсенің отырысында Салық кодексіне кезекті түзетулер тобы, оның ішінде қаржы секторына қатысты мәселелер қаралды.Жобалық кеңсенің ақпандағы отырысында қаржы секторында жаңа Салық нормасын қолдануға байланысты 38 мәселе қаралған болатын. Мемлекеттік бюджет кірістері мен салықтық әкімшілендіруге әсерін тексеру үшін оның 7-еуі тағы да пысықтауға жіберілді. Талқылаудың қорытындысында үш мәселе түпкілікті шешім қабылдау үшін осы отырысқа шығарылды.Бірінші мәселе 17-ші қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына (ҚЕХС) көшуге байланысты сақтандыру компаниялары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша салық жүктемесінің өсуіне қатысты.Жаңа талапқа сәйкес, сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы салық кезеңінде 4-ҚЕХС-тен 17-ҚЕХС-ке көшу кезінде пайда болған айырманы кірісте (немесе шегерімде) көрсетуге міндетті. Бұл айырмашылық біржолғы сипатқа ие және 2026 жылғы қызмет нәтижесін емес, бұрынғы кезеңдердегі (2023-2025 жылдар) жинақталған қаржылық әсерді көрсетеді.Оның салық базасына қосылуы копоративті табыс салығы (КТС) сомасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) 2026-2028 жылдар аралығында салықты тең үлеспен төлеу мүмкіндігін қарастыру ұсынысын қолдады.Бұл шара сақтандыру секторының салық салудың жаңа ережесіне біртіндеп көшуіне арналған. Бұл ретте аванстық төлемді есептеу кезінде біржолғы әсердің кейінгі кезеңдерге әсері алынып тасталады.Екінші мәселе, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы бастамашылық еткендей факторингтік операцияларды қосылған құн салығынан босатуға қатысты.Салық кодексінің алдыңғы редакциясында факторингтік және форфейтингтік операциялар, сондай-ақ банктік кепілдіктер мен кепілдемелер халықаралық тәжірибеге сәйкес қосылған құн салығынан (ҚҚС) тікелей босатылды. Қолданыстағы кодексте факторинг қарызға жатқызылмайды. Оған кредитте қарастырылатын босату қолданылмайды.Нәтижесінде факторингтік операцияларға ҚҚС салынып, бұл клиенттер үшін қаржыландыру құнын 16%-ға арттырады. Яғни, құралдың тартымдылығы төмендейді. ҚНРДА мәліметі бойынша, екінші деңгейдегі 23 банктің тек 4-еуі ғана факторингтік операцияларды жүзеге асырады.Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов агенттік факторингті бизнесті қаржыландыру құралы ретінде дамытуды мақұлдап, бұл операцияларды ҚҚС-тан босатуды ұсынатынын мәлімдеді.Үшінші мәселе резидент еместердің бағалы қағаз операцияларынан түскен табыстарына салық салуға қатысты.Қолданыстағы нормаға сәйкес, салық салудан босату Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздарды сату кезінде резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына қолданылады. Бұрын осындай жеңілдік заңды тұлғаларға да қатысты болған.Инвесторлардың барлық санаты үшін салық салудың тең шарттарын қалпына келтіру ұсынылады. Бұл нарыққа қатысушылар шеңберін арттыруға және сауда-саттықтың өтімділігін арттыруға ықпал етеді.Отырыс қорытындысында бұл ұсыныстар қолдау тапты.Сондай-ақ көрсетілген қызметтер туралы мәлімет ұсынуды реттейтін Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағындағы техникалық сипаттағы түзетулер қаралды.Қолданыстағы нормаға сәйкес сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газ және электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, лифтілерге қызмет көрсету және тасымалдау қызметтерін көрсететін ұйымдар салық органдарына осындай қызметтер туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей, электрондық нысанда ұсынуға міндетті. Норма осы салада жұмыс істесе де, жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.Талқылау қорытындысында бұл талапты бизнес субъектілерін тең қамти отырып, жеке кәсіпкерлерді (ЖК) қосқанда, барлық салық төлеушілерге қолдану туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, міндетті мәліметтер тізбесінен бірқатар коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, қалдықтарды шығару, лифтілерге қызмет көрсету) туралы деректер алынып тасталды. Өйткені бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде қамтылған.Мерзімі де қайта қаралды: 10-ының орнына соңғы мерзім белгіленді, ол – есепті тоқсаннан кейінгі айдың ақырғы күні. Бұл бастапқы құжаттар негізінде деректерді қалыптастыруға және олардың дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1204815?lang=kk
Әскери қызметшілер 101 жасқа толған қарияны құттықтады 20.04.2026
Алматыда әскери қызметшілер майданда байланысшы болған Любовь Горковскаяны құттықтады.Бүгін Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Любовь Николаевна Горковская 101 жасқа толды.Оны туған күнімен Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері мен ҚР Қарулы күштері Ардагерлері кеңесінің Алматы қаласы бойынша төрағасы запастағы майор Ербол Игисинов құттықтады.Қорғаныс министрінің атынан олар Любовь Николаевнаға алғыс білдіріп, құттықтау хатын табыстады. Әскери қызметшілер оған ізгі тілектерін айтып, оның ерлігі мен өмір жолы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болатынын атап өтті.Любовь Горковская 1925 жылғы 20 сәуірде Украинада дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары ол әскери байланысшы қызметін атқарған. 1-Украина майданы құрамында шайқастарға қатысып, Харьков түбіндегі ұрыстарда, Қырымды азат ету кезінде және Севастополь үшін шешуші шайқастарда ерекше көзге түскен. Соғысты Прибалтикада аяқтаған.Соғыстағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған.Соғыстан кейін Қазақстанға қоныс аударып, «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті. Сонымен қатар халық шаруашылығының әртүрлі салаларында ұзақ жылдар жұмыс істеп, ел дамуына елеулі үлес қосты.Қазіргі уақытта ардагер немересімен бірге тұрады. Ол егде жасына байланысты тұрақты күтім мен қолдауды қажет етеді, бұл көмекті әскери қызметшілер көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1204805?lang=kk
Бизнестің қаланы дамытудағы және қолайлы орта қалыптастырудағы рөлі 20.04.2026
Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен танысу шеңберінде «Автодом Костанай» кәсіпорнына бару жүзеге асырылды. Аталған кәсіпорын 30 жылдан астам уақыт бойы қаланың экономикасын дамытуға және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға елеулі үлес қосып келе жатқан тұрақты дамып отырған бизнестің айқын үлгісі болып табылады.Кәсіпорын өз қызметін автокөлік қосалқы бөлшектерін сататын дүкен ретінде бастап, уақыт өте келе ірі мультибрендті автокешенге айналды. Қазіргі таңда мұнда негізінен отандық өндірістегі онға жуық автокөлік маркасы сатылып, 500-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Кешен аясында автокөлік сату, сервистік қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану және қосымша қызметтер көрсету бағыттары дамыған.Кәсіпорын басшылығы тарапынан аумақты абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жүйелі түрде көгалдандыру, аумақты көркейту және келушілер мен қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар кәсіпорын қаладағы өзекті мәселелердің бірі — автотұрақ орындарының жетіспеушілігін шешуге де үлес қосуда. Осы мақсатта 180 автокөлікке арналған заманауи үш деңгейлі автотұрақ салынған.Осылайша, «Автодом Костанай» кәсіпорнының қызметі кәсіпкерлік пен әлеуметтік жауапкершіліктің тиімді үйлесімін көрсетіп, қалалық ортаның сапасын арттыруға және аумақтың тұрақты дамуына ықпал етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1204786?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Израиль Елшісін қабылдады 20.04.2026
Астана, 2026 жылғы 20 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.Кездесу барысында тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасты.Өз кезегінде, Е.Көшербаев Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, еліміздің бейбіт келіссөздер өткізу үшін Түркістан қаласын ұсынуға дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1204796?lang=kk
Деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша семинар өтті 20.04.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспары шеңберінде 2026 жылғы 20 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы М. Қалабаева және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Стратегиялық талдау бөлімінің бастығы Е.Берікбаевтың қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.Семинар барысында қатысушыларға діни қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер, деструктивті діни ағымдардың белгілері, сондай-ақ олардың алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынылды.Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және дінтану сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды баяндамалар жасады.Деструктивті идеологияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне және қызметшілердің бойында төзімділік иммунитетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.Экстремистік идеологияларға, деструктивті діни ағымдарға тарту тәуекелдеріне қарсы тұру, сондай-ақ осындай қауіп-қатерлерге тұрақты иммунитетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңнаманың нормалары, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға қатысты 174-бабының ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар деструктивті діни ұйымдарға тартудың алдын алу бойынша қызықтырған сұрақтары мен практикалық ұсыныстарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1204760?lang=kk
«Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы 20.04.2026
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің төрағасының 2016 жылдың 19 қазанында бекіткен (№12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің үлгілік ережелеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының «Туризмді басқару басқармасы» ММ 2026 жылдың 22 сәуірінде Басқарма қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізеді.Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық қызығушы тұлғаларды оған қатысуға шақырамыз. Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген мекен-жайына жүгінуіңізді сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, №122 кабинет.Электрондық пошта: r.kurmusheva@akimvko.gov.kzБайланыс телефондарының нөмірлері: 8(7232) 713-268, 8 777 520 40 60Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1204712?lang=kk
«Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы 20.04.2026
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2016 жылғы 19 қазанда (№12) бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің үлгілік ережелеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының Туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің жұмыс тобы 2026 жылғы 22 сәуірде Басқарма қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын ашық талқылау өткізеді.Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық қызығушы тұлғаларды онда қатысуға шақырамыз. Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген мекен-жай бойынша хабарласуға өтінеміз: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Орджоникидзе көшесі, 35, №122 кабинет.Электрондық пошта: info@viziteast.kzБайланыс телефондарының нөмірлері: 8(7232) 51-41-54, 8 777 520 40 60Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1204713?lang=kk
2026 жылдан бастап жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі салық салу тәртібі өзгерді 20.04.2026
2026 жылдан бастап жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі салық салу тәртібі өзгерді2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енді. Құжат жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікті сатуынан түсетін табысына салық салу қағидаларын айтарлықтай өзгертеді.2026 жылға дейін қолданылған тәртіпке сәйкес, жеке табыс салығы (ЖТС) мынадай жағдайларда төленді:жылжымайтын мүлік меншік құқығы тіркелген күннен бастап 1 жылдан аз уақыт иелікте болса;мүлік сату кезінде пайда (құн өсімі) алынған болса.Бұл ретте салық мөлшерлемесі:10% — резиденттер үшін;15% — бейрезиденттер үшін.Егер мүлік 1 жыл және одан көп уақыт меншікте болса немесе сату кезінде пайда болмаса, салық төлеу міндеті туындамаған.2026 жылдан бастап енгізілген негізгі өзгерістер:Меншік мерзімінің ұлғаюыЖаңа талапқа сәйкес, жылжымайтын мүлікті сату кезінде салық төлемеу үшін оны иелену мерзімі кемінде 2 жылды құрауы тиіс.Бұл норма 2026 жылдан бастап сатып алынған объектілерге қолданылады. Бұған дейін алынған мүлікке бұрынғы талап (1 жыл) сақталады.Прогрессивті салық мөлшерлемесіЖТС мөлшерлемесі енді табыс көлеміне байланысты белгіленеді:10% — жылдық табыс 8 500 АЕК-ке дейін болған жағдайда;15% — көрсетілген шектен асатын табыс сомасына.2026 жылы 1 АЕК — 4 325 теңге, сәйкесінше 8 500 АЕК — 36 762 500 теңгені құрайды.Салық төлеуден босату жағдайларыЖеке тұлғалар келесі жағдайларда салық төлеуден босатылады:мүлік 2 жыл және одан көп уақыт меншікте болғанда;сату кезінде пайда алынбағанда.Қосымша түсіндірмелер:меншік мерзімі мемлекеттік тіркеу күнінен бастап есептеледі;салық мүліктің толық құнынан емес, тек құн өсімінен алынады;сатушы табысты декларациялап, белгіленген мерзімде салық төлеуге міндетті;аталған талаптар жылжымайтын мүліктің барлық түрлеріне (пәтер, үй, жер учаскесі, гараж және т.б.) қолданылады.Жаңа нормалар қысқа мерзімді алып-сату мәмілелерін азайтуға және жылжымайтын мүлік нарығындағы алыпсатарлық операцияларды шектеуге бағытталған. Осыған байланысты азаматтарға мүлікті сату кезінде сатып алу мерзімін және ықтимал салық жүктемесін алдын ала ескеру ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1204719?lang=kk
20 сәуірде СЕН ұсыну және салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады 20.04.2026
20 сәуір — салық есептілігін (СЕН) тапсыру және салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімінің соңғы күні 2026 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей мыналарды орындау қажет: – келесі салық есептілігі нысандарын ұсыну: 101.02 нысаны** – 2026 жылғы 2–4 тоқсандар үшін КТС бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебі; 328.00 нысаны** – 2026 жылғы наурыз айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш; 851.00 нысаны– жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебі (егер жер пайдалану туралы шарт жасалған немесе 2026 жылғы наурызда пайдалы қазбаларды барлауға не өндіруге лицензия алынған болса); 870.00 нысаны – 2026 жылғы 21–31 наурыз аралығында рұқсат алынған жағдайда 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы декларациясы; – төлеу: 2026 жылғы наурыз үшін Еуразиялық экономикалық одақта ҚҚС; акциз, оның ішінде ЕАЭО аумағынан әкелінетін тауарлар бойынша 2026 жылғы наурыз үшін; қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы (100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша); ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (2026 жылдың 1-тоқсаны үшін); өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (2026 жылдың 1-тоқсаны үшін).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1204724?lang=kk
Республикалық байқаулардың лауреаттары “Күреңбел” триосы Панфилов ауданында концерт берді 20.04.2026
Республикалық байқаулардың лауреаттары, ұлттық өнердің жарқын өкілдері – "Күреңбел" триосы Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласы мен Сарытөбе ауылында шығармашылық концерттерін жоғары деңгейде өткізді. Бұл мәдени іс-шаралар жергілікті тұрғындар үшін үлкен рухани мерекеге айналды. Концерт барысында трио мүшелері қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін, сондай-ақ заманауи өңдеудегі шығармаларды орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, ұлттық нақыштағы туындылар мен авторлық композициялар тыңдарманның жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды. Кеш қонақтары әрбір орындалған шығармаға зор қошемет көрсетіп, өнерпаздарға құрметін білдірді. Жаркент қаласындағы концертке жиналған көпшілік өнер ұжымының кәсіби деңгейіне жоғары баға берсе, Сарытөбе ауылындағы кездесу де сондай жылы атмосферада өтті. Ауыл тұрғындары үшін мұндай мәдени шаралар сирек ұйымдастырылатындықтан, бұл концерттің орны ерекше болды. "Күреңбел" триосының гастрольдік сапары ұлттық өнерді насихаттауға, жас ұрпақтың мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, бұл шаралар өңірдегі мәдени байланысты нығайтып, халық пен өнер арасындағы рухани көпірдің берік екенін тағы бір дәлелдеді. Осындай тағылымды кештер алдағы уақытта да жалғасын тауып, ел ішіндегі өнердің өркендеуіне серпін береді деген сенім мол. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1204731?lang=kk
«Ауылым алтын бесігім» атты ауыл көркемөнерпаздарының кеші! 20.04.2026
17 сәуір күні Самар ауданының Мәдениет үйінде Бастаушы ауылдық округінің "Ауылым алтын бесігім" атты ауыл көркемөнерпаздарының қатысуымен ерекше әсерге толы концерттік кеш ұйымдастырылды. Бастаушы ауылының негізгі кәсібі ауылшаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан, кеш аясында ауыл тұрғындарының еңбегін насихаттайтын жәрмеңке ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1204688?lang=kk
Қазақстанда Тәуекелдерді басқару бойынша ДТҰ-ның мастер-тренерлер бағдарламасының жұмыс тобының 5-ші отырысы өтуде 20.04.2026
2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДТҰ) және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) қолдауымен жүзеге асырылатын тәуекелдерді басқару бойынша мастер-тренерлер бағдарламасы жұмыс тобының 5-ші отырысы өтуде. Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кеден қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ ДТҰ-ның аккредиттелген сарапшылары қатысуда. Отырыс тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, нақты кейстерді талқылау, тәжірибе алмасу және кеден органдарының күнделікті қызметінде қолданылатын шешімдерді әзірлеу үшін тиімді жұмыс алаңы ретінде қызмет етуде. Іс-шараны аша отырып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов тәуекелдерді басқару қазіргі кеден қызметінің негізгі құралдарының біріне айналып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тек бақылау тиімділігін арттыру ғана емес, сонымен қатар адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, бақылау шараларын жоғары тәуекел аймақтарына шоғырландыруға мүмкіндік беретін теңгерімді жүйе қалыптастыруды көздейді. Отырыстың негізгі тақырыбы – оқыту саласындағы ұлттық әлеуетті дамыту. Қатысушылар халықаралық стандарттарды ұлттық тәжірибеге бейімдеп, оларды тиімді енгізе алатын мастер-тренерлерді даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуде. Практикалық бөлімге ерекше назар аударылған: мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері бағдарлама қатысушылары әзірлеген материалдар негізінде оқыту сессияларынан өтуде. Бұл тәсіл алынған білімді бекітіп қана қоймай, оны нақты жағдайларда қолдану мүмкіндігін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін бұл іс-шара үздік халықаралық тәжірибелерді зерделеп қана қоймай, оларды ұлттық басымдықтарды ескере отырып бейімдеуге мүмкіндік береді. Негізгі назар – неғұрлым дәл және интеллектуалды бақылауға көшу, артық рәсімдерді қысқарту және кедендік ресімдеуді жеделдету. Маңызды бағыттардың бірі – өңір елдерімен келісілген тәсілдерді қалыптастыру. Бұл тауарлардың шекара арқылы қозғалысының ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1204700?lang=kk
Қазақстан ДКҰ Еуропа өңірі отырысына қатысты 20.04.2026
2026 жылғы 16–17 сәуірде Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының отырысы өтті. Іс-шара барысында өңірлік ынтымақтастықты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды, оның ішінде өңірлік құрылымдарды реформалау, әлеуетті арттыру басымдықтары, жеке сектормен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпарат алмасу және тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдіру мәселелері қамтылды. Қазақстан Республикасынан аталған отырысқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Кожабергенов қатысты. Өңірлік әлеуетті арттыру офисінің қызметіне ерекше назар аударылды, оның ішінде Стратегиялық жоспарды іске асыру, өңірлік дамудың басым бағыттарын айқындау және кадрлық әлеуеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Отырыс аясында өңірлік өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, соның ішінде Берген келісімі, сондай-ақ ДКҰ жұмыс органдарына алдағы сайлаулар мен кандидатураларды ұсыну мәселелері қарастырылды. Қазақстанның қатысуы өңірлік күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұлттық ұстанымды таныстыруға, Еуропа өңірі шеңберінде келісілген тәсілдерді қалыптастыруға қатысуға, сондай-ақ кедендік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ДКҰ Қаржы комитетіне мүшелікке ұсынылды, бұл қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейдегі сенімін және еліміздің Ұйым қызметіне белсенді қатысуын айғақтайды. Қазақстан Еуропа өңірі жұмысына одан әрі белсенді қатысуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға практикалық үлес қосуға дайын екенін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1204672?lang=kk
Жеке көлік құралдары үшін сәйкестікті бағалау рәсімдерінің уақытын белгілеу стандартын енгізу 20.04.2026
2026 жылдың 20 қаңтарынан бастап ҚР СТ 4038-2026 «Жеке-дара көлік құралдары. Жеке-дара көлік құралдарының сәйкестіктігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары» қолданысқа енгізілді. Стандарт санаттарды (жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, автобустар, тіркемелер және т.б.) ескере отырып, бірыңғай көлік құралдарының аккредиттелген сынақ зертханаларына сәйкестігін бағалау бойынша талап етілетін жұмыстар кешенін орындау үшін қажетті ең аз уақытты айқындайды:- МЕМСТ 33670-2015 талаптарына сәйкес көлік құралының конструкциясына техникалық техникалық сараптама жүргізу (мысалы, сәйкестендіру нөмірінің сәйкестігі, көлік құралын апаттық шақыру құрылғыларымен жабдықтау, қауіпсіздік жүйелерін тексеру);- көлік құралдарын сынау және өлшеу жүргізу (мысалы, жалпы өлшемдерді өлшеу, оптика мен тежеу жүйелерін КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін тексеру);- тиісті хаттамаларды рәсімдеу және т.б.Стандартты әзірлеу жұмысына салалық қауымдастықтар, мүдделі мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар белсенді қатысты.Стандартты әзірлеу барысында Қазақстан Республикасының аккредиттелген сынақ зертханаларында қолданылатын сәйкестікті бағалау әдістемелері талданды және үлгілік рәсімдер айқындалды, оларды орындауға нақты уақыт шығындары бағаланып, соның негізінде уақыт нормалары стандартқа енгізілді.Стандартты қолдану бірыңғай көлік құралдарының сәйкестігін бағалау нарығын сауықтыруға, сәйкестікті бағалау жүйесінің ашықтығын арттыруға, және сынақ жүргізу барысында жұмсалатын еңбек сыйымдылығына бірыңғай уақыт нормаларының ең аз қажетті көлемін реттеуге мүмкіндік береді және оларды ресми жүргізу фактілерін болдырмауға бағытталады.Барлық деректер техникалық реттеудің цифрлық жүйесіне форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) арқылы енгізілетін болады.Жалпы, стандартты қабылдау көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігін бағалау нәтижелерінің дұрыстығына тікелей әсер етеді, барлық аккредиттеу субъектілері үшін тең бәсекелестік жағдайлар жасайды, жол жүрісі қауіпсіздігін арттырады.Қазіргі уақытта Стандарттау туралы заңнамаға сәйкес ҚР СТ 4038-2026 ұлттық стандартына қолдану үшін міндетті мәртебе беру бөлігінде сәйкестікті бағалау қағидаларына өзгеріс енгізу бойынша жұмыс жүргізілді (2026 жылғы 1 сәуірдегі №155-НҚ бұйрығы «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1204577?lang=kk
2025 жылы Абай облысының мал шаруашылығының дамуы туралы 20.04.2026
2025 жылы облыс шаруашылықтарының барлық санаттарымен 89,5 мың тонна немесе 2024 жылғы деңгейге қатысты алғанда 105,7% ет (сойыс салмағында), 315,8 мың тонна барлық түрдегі сүт (тиісінше 106,4%), 58,3 млн. дана жұмыртқа (99,5%), 0,5 мың тонна бал (107,7%), 2,1 мың тонна жүн (99,7%) өндірілді. Ет өндірудің өсіміне құс етін (5,5%), жылқы етін (4,4%), сиыр етін (6,6%) өткізу көлемінің артуы әсер етті. Сүт өндірудің өсімі - өнімді сиыр үйірінің көбеюімен қамтамасыз етілді.Еттің (тірідей салмақта) негізгі өндірушілері (аталған өнімнің 80,8%-ға жуығы) облыстың жеті өңіріндегі шаруашылықтар болып табылады. Олар: Семей қаласы (11,6 мың тонна), Абай (34,8 мың тонна), Жаңасемей (25,1 мың тонна), Жарма (18,0 мың тонна), Аягөз (17,6 мың тонна), Ақсуат (11,4 мың тонна), Мақаншы (10,7 мың тонна) аудандары. Сүт өндіру көлемінің жартысына жуығы Абай (45,3 мың тонна), Жарма (39,2 мың тонна), Бесқарағай (36,5 мың тонна), Бородулиха(34,7 мың тонна) және Үржар (32,3 мың тонна) аудандарында өндірілді. Алты ауданның шаруашылықтарымен 80% жұмыртқа өндірілді: олар Бородулиха (11,4 млн. дана), Үржар (10,9 млн. дана), Көкпекті (6,9 млн. дана), Жаңасемей (6,6 млн. дана), Мақаншы (5,3 млн. дана) және Бесқарағай (5,1 млн. дана) аудандары. Бал өндіру Үржар (128,5 тонна), Мақаншы (113,3 тонна), Бородулиха (110,5 тонна), Бесқарағай (41,0 тонна) аудандарының және Семей қаласының (41,0 тонна) шаруашылықтарында шоғырланған, оларға облыстағы аталған өнім көлемінің 90%-ға жуығы тиесілі. Әдіснамалық түсініктемелерМал шаруашылығы өнімдерін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнімдерді және шикізатты өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), мал және құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімі.Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару.Сүт өндіру нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтін, оның өткізілгеніне немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен торайларды суаруға кеткеніне қарамастан сипаттайды. Емізіп асырау кезінде бұзаулар сорған сүт өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сүт мөлшерін анықтағанда есепке алынбайды. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ауыл шаруашылығы статистикасы Орындаушы ауыл шаруашылығы және санақ статистикасы бөлім басшысы:Исатаева А.К.Тел. +7 (7222) 52-47-05E-mail: al.isataeva@aspire.gov.kzАдрес:180000, г.Семейул.Мәңгілік ел, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1204650?lang=kk
Аңдатпа-хабарландыру. «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады 20.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10:00-де онлайн-форматта өтеді.Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1506e5d18f4d8146c204edbd763c27b3 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2518 700 8124 және event-кеңестің құпиясөзін 10203040 енгізіңіз.«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1204478?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады 20.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 50%-ға дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалптастырылған жинақтарын 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере отырып, оның кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы қаражатын табыс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валюталарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.Бұл үдерістерді барынша түсінікті ету үшін жаңа инвестициялық портал іске қосылды. Портал салымшыларға инвестициялық қызмет туралы білімін арттырып, зейнетақы жинақтарын басқару үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі.Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Қазақ және орыс тілдеріндегі бірыңғай цифрлық кеңістікте пайдаланушыларға инвестициялар тақырыбындағы базалық ұғымдар мен түсіндірмелер, инвестициялық портфельдерді сенімгерлікпен басқарушылар туралы түйінді ақпарат, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), қаржылық көрсеткіштер және салымшыларға сенімгерлік басқарушының және оның инвестициялық қызметінің портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қолжетімді. Портал қолданушылары кірістерді, портфельдердің құрылымын және ИПБ мен ҚРҰБ басқару нәтижелерін қолжетімді форматта дербес салыстырып, көрсеткіштердің динамикасын қадағалап, осылайша зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін тереңірек түсіне алады. Мұндай құрал инвестициялау туралы құнды тәжірибе жинап, неғұрлым тиімді инвестициялық стратегияны таңдауға қатыса алатын және сәйкесінше зейнетақы жинақтарын басқаруға әсер ететін жас салымшылар үшін ерекше маңызды. Іс-шара интерактивті форматта өтеді, қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке консультациялар ала алады. Бұл формат әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға және сарапшылардан тікелей өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Атап өткен жөн, «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылы Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 800 мыңға тарта адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 400 мыңдай өтініш өңделді.Алдағы "Ашық есік күні" осы жұмыстың жалғасы болып табылады және оның қатысушыларына зейнетақы жинақтарын түсініп, оларды басқару үшін практикалық құралдарды ұсынады. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болады деп үміттенеміз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз Event-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:https://enpf.webex.com/weblink/register/r0cda11895a157fc6e053f764bb517a01https://enpf.webex.com/weblink/register/r923afe99b844791bf2f155e0f4c700b9https://enpf.webex.com/weblink/register/rd21ffe86b43a982317d5828ac80dbc64Дата и время/Күні мен уақыты/Date and time:10:00 - 11:00 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 сейсенбі, 28 сәуір 2026 ж. (UTC+05:00) Астана15:30 – 17:30 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2513 932 24932514 533 04342511 277 0543Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:145324457322773976 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1208507?lang=kk