Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде жаңа шахмат кабинеті ашылды 03.10.2026
1 қазан күні Өскемен қаласы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде «Әділет» партиясының демеушілігімен бастауыш сынып оқушыларына арналған заманауи шахмат кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту және мектеп қабырғасында шахмат спортын танымал ету.Салтанатты шараға арнайы қатысқан «Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Мекеева Жанат Жұмағазиновна құттықтау сөз сөйледі. Ол оқушылар мен ұстаздар қауымына жылы лебізін білдіріп, жас шахматшылардың білім мен спортта биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.Сонымен қатар, «Әділет» партиясы атынан жаңа кабинетке шахмат жиынтықтары,  сондай-ақ 1-сынып оқушыларына арналған арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері сыйға тартылды.Мектеп қонақтарының қатарында Қазақстан шахмат федерациясының ШҚО бойынша атқарушы директоры А. Кудинов та болып, бұл бастаманың балалардың логикалық ойлауын дамытудағы маңыздылығын атап өтті және мектеп ұжымына сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1303961?lang=ru
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ЖИІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРУ КЕЗІНДЕГІ БАС ТАРТУ 03.10.2026
Сіздің жағдайыңыз:Қызметті тоқтатуға өтініш берген кезде қызметті тоқтату туралы берілген салықтық өтінішке бас тарту келді. Бас тарту себебін қалай көруге болады және алдыңғы өтініш бойынша бас тартуды ескере отырып, қызметті тоқтату туралы өтінішті қалай дұрыс беруге болады?Қалай түзетуге боладыСӘИЖ АЖ-да «Құжаттар» – «Менің құжаттарым» – «Салықтық өтініш» бөлімінде берілген салықтық өтініштердің, оның ішінде қызметті тоқтату туралы салықтық өтініштердің тарихы қолжетімді.Егер МКО есептен шығарудан бас тартса, салықтық өтінішке «Қабылданбады» деген мәртебе беріледі.Бас тарту себебін көру үшін «Қабылданбады»деген мәртебені басып, мемлекеттік кірістер органының құжаттарды қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық хабарламаны ашу қажет. Хабарламада салықтық өтінішті қабылдаудан бас тарту негізі көрсетіледі.Бас тартуға негіз болған себептер жойылғаннан кейін салық төлеуші CӘИЖ АЖ арқылы жалпы тәртіппен қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта беруге құқылы.#Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1303941?lang=ru
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЭЫДҰ сарапшыларының дәрісіне 350-ге жуық тыңдаушы қатысты 03.10.2026
2026 жылғы 1 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) өкілдерімен екінші кездесу өтті. Бұл жолы ЭЫДҰ сарапшылары студенттерге арналған ашық дәріс өткізіп, оған 350-ге жуық тыңдаушы қатысты.Іс-шара бір күн бұрын ЭЫДҰ өкілдері мен Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы арасында басталған кәсіби диалогтың жалғасы болды. Алғашқы кездесу оқытушыларға және адалдық қағидаттарын білім беру бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктеріне бағытталса, екінші кездесу студенттер аудиториясына арналды.Дәріс ЭЫДҰ-ның «Fair Market Conditions for Competitiveness in Kazakhstan» жобасы аясында ұйымдастырылып, «Introduction to Integrity / Integrity in the Private Sector» тақырыбына – адалдық қағидаттары мен олардың жеке сектордағы маңызына арналды.Студенттер алдында Уильям Томпсон (William Tompson) – ЭЫДҰ Еуразия бөлімінің басшысы, Селест Лапорт-Таламон (Céleste Laporte-Talamon) – Орталық Азия бойынша саясат жөніндегі талдаушы және Егор Полищук (Egor Polishchuk) – Орталық Азия бойынша саясат жөніндегі кіші талдаушы сөз сөйледі.Дәрістің басында сарапшылар студенттерді ЭЫДҰ қызметінің негізгі бағыттарымен және Қазақстан мен ұйым арасындағы ынтымақтастықтың дамуымен таныстырды. Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылдан бері белсенді дамып келе жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар Қазақстан ЭЫДҰ-ның Еуразиядағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағдарламасы және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі секілді бірқатар өңірлік бастамаларға қатысады.Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі integrity – адалдық және парасаттылық ұғымы болды. ЭЫДҰ сарапшылары оны ашықтыққа, есептілікке және адал қызмет жүргізуге деген тұрақты ұстаным ретінде қарастырды. Дәріс барысында парақорлық, мүдделер қақтығысы, тендерлер кезіндегі сөз байласу және заңсыз төлемдер сияқты адалдық қағидаттарына қайшы келетін тәжірибелер талқыланды.Сондай-ақ адалдық қағидаттарының жеке сектор мен жалпы экономика үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сарапшылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бәсекелестікке, тікелей шетелдік инвестицияларға, халықаралық саудаға және ұзақ мерзімді экономикалық өсуге ықпалын талқылады. Қазақстан экономикасының ерекшеліктері мен бизнесті жүргізу үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастыру мәселелері де қарастырылды.Студенттер ЭЫДҰ-ның негізгі халықаралық құралдарымен, соның ішінде Көпұлтты кәсіпорындардың жауапты бизнес жүргізуіне арналған ЭЫДҰ нұсқаулықтарымен, ЭЫДҰ-ның парақорлыққа қарсы конвенциясымен және жауапты бизнес жүргізудегі тиісті тексеру жөніндегі ЭЫДҰ нұсқаулығымен танысты. Практикалық мысалдар арқылы халықаралық стандарттардың компаниялардың мемлекеттік органдармен, серіктестермен, жеткізушілермен және жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынасында қалай қолданылатыны көрсетілді.Іс-шараның маңызды бөлігі практикалық кейстерді талқылауға арналған воркшоп болды. Оның барысында студенттер дәрісте алған білімдерін нақты жағдайларға қолдануға мүмкіндік алды. Жалпы бағдарлама алты негізгі бағытты қамтыды: ЭЫДҰ және Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық, адалдық ұғымы, оның жеке сектор үшін маңызы, ЭЫДҰ құралдары, Қазақстан бойынша ЭЫДҰ зерттеулерінің нәтижелері және практикалық кейстерді талдау.Кездесуге 350-ге жуық тыңдаушының қатысуы тақырыпқа деген жоғары қызығушылықты көрсетті. Студенттер халықаралық сарапшылармен тікелей пікір алмасып, ЭЫДҰ тәсілдері мен халықаралық стандарттарымен танысуға, сондай-ақ ашықтық, жауапкершілік және адалдық қағидаттарының болашақ экономистер, менеджерлер, кәсіпкерлер мен мемлекеттік сектор мамандары үшін маңызын талқылауға мүмкіндік алды.Сапар бағдарламасы аясында ЭЫДҰ өкілдері үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусы бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар университеттің инфрақұрылымымен танысып, ҚазҰУ музейін аралады. Музейде оларға университеттің қалыптасу және даму тарихы, негізгі жетістіктері, сондай-ақ Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі таныстырылды.Кампус-турдың ерекше бөліктерінің бірі – қонақтардың ҚазҰУ суперкомпьютерлік кешеніне баруы болды. ЭЫДҰ өкілдері университеттің заманауи есептеу инфрақұрылымымен, оның ғылыми зерттеулер жүргізу, ауқымды деректерді өңдеу, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерімен танысты.ЭЫДҰ сарапшыларын, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді біріктірген екі күндік бағдарлама халықаралық кәсіби және академиялық диалог үшін маңызды алаңға айналды. Сапар ЭЫДҰ өкілдеріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру, ғылыми және технологиялық әлеуетімен кеңінен танысуға мүмкіндік беріп, университет пен ЭЫДҰ арасындағы білім беру, ғылыми зерттеулер және жауапты бизнес жүргізу қағидаттарын ілгерілету бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз қалады.https://farabi.university/news/107113?lang=kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1303934?lang=ru
Оңтүстік Кореяның технологиялық астанасы Тэджонда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды 03.10.2026
Тэджон, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Тэджон қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылу салтанатына қатысты.Қазақстанның Құрметті консулы болып оңтүстіккореялық CONTEC ғарыш компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы, доктор Ли Сон Хи (Lee Sunghee) тағайындалды.Қазақстандық дипломат Құрметті консулдықтың ашылуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жуырда жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары аясында ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сапар нәтижесінде екіжақты қатынастар «Болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтерілді.А. Исенали жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардан кейін Қазақстан тарапының негізгі назары оларды жүзеге асыруға – жаңа корей инвестициялары мен технологияларын тартуға, өнеркәсіптік кооперацияны, ғылым мен инновацияларды дамытуға, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.Осы орайда Құрметті консулдық экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты ілгерілетудің, қазақстандық және корей компанияларына қолдау көрсетудің, жаңа іскерлік байланыстар орнатудың және бірлескен жобаларды іске асырудың қосымша практикалық тетігіне айналуға тиіс.Кездесу барысында ғарыш саласы мен спутниктік технологиялар бағытындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды. Ли Сон Хи ұзақ жылдар бойы Корея аэроғарыштық зерттеулер институтында (KARI) зерттеуші болып жұмыс істеп, 2015 жылы спутниктік жүйелерге, жерүсті инфрақұрылымына, спутниктік деректерді өңдеуге және өзге де ғарыштық технологияларға маманданған CONTEC компаниясын құрды.CONTEC қазақстандық Ghalam компаниясымен спутниктік технологиялар және Жерді қашықтан зондтау салаларында өзара іс-қимылды дамытуда. Тараптар осы жұмысты одан әрі кеңейтуге жәрдемдесуге және технологиялық әріптестіктің жаңа бағыттарын қарастыруға келісті.«Құрметті консулдық – жай ғана жаңа кеңсе емес. Ол адамдарды, бизнесті, институттар мен жаңа идеяларды байланыстыратын, елдеріміз арасындағы нақты ынтымақтастық көпіріне айналуға тиіс. Бүгінгі міндетіміз – Қазақстан мен Корея арасындағы қатынастарға берілген жаңа серпінді нақты жобалар мен нәтижелерге ұластыру», – деді А. Исенали.Елшілік пен Құрметті консулдық тығыз жұмыс байланысын сақтауға, инвестициялық және технологиялық жобаларды бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ жаңа корей компанияларының Қазақстан нарығына шығуына жәрдемдесуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1303908?lang=ru
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Айыртау ауданының бизнес өкілдері үшін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар өтті. 03.10.2026
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Айыртау ауданының бизнес өкілдері үшін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар өтті.Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Ж. Жақановтың төрағалығымен өтті. Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдарының өкілдері, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысты.Кездесу барысында қатысушыларға салық заңнамасының негізгі өзгерістері, оның ішінде корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы бойынша жаңа нормалар, сондай-ақ салықтық тексерулерді жүргізу, тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі және басқа да өзекті мәселелер түсіндірілді.Ерекше назар кәсіпкерлер өздерінің күнделікті қызметінде кездесетін практикалық жағдайларға аударылды.Атап айтқанда, семинар қатысушылары мынадай сұрақтар қойды:• жеке тұлғаның әкімдіктен жекешелендіру нәтижесінде алған пәтерін сату кезінде құн өсімін айқындау және 2026 жылы қолданылатын ставка туралы;• 2026 жылы біржолғы төлемдерден, оның ішінде пайшыларға дивидендтерден ЖТС есептеу тәртібі туралы;• POS-терминал арқылы түскен соманы БКМ арқылы көрсету қажеттілігі туралы;• кегадағы сыраны қабылдау кезінде штрихкодтарды сканерлеу тәртібі — тауар келіп түскен кезде ме, әлде оны сатудың алдында тікелей ме;• тауарларды маркалау және қадағалау ақпараттық жүйесінен темекі бұйымдарын растау және шығару мерзімдері туралы;• мемлекеттік қатысуы бар контрагенттермен жұмыс істеу кезінде ҚҚС мақсаттары үшін өткізу бойынша айналым жасалған күнді айқындау туралы, АВР мен ЭШФ растау мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі құжаттарды ішкі келісу және бекіту рәсімдерінен өткеннен кейін жүргізілетін жағдайда;• егер ЭШФ ағымдағы салықтық кезеңде жазылса, өткен тоқсанның айналымдары бойынша есепке жатқызуға қабылданатын ҚҚС-ты көрсету тәртібі туралы;• ағымдағы салықтық кезеңде түзетілген ЭШФ жазылған кезде ҚҚС бойынша СНД-ны алдын ала толтыру ерекшеліктері туралы;• ЭШФ жазылғанына және сатып алушы ҚҚС-ты есепке жатқызуға қабылдағанына қарамастан, жеткізуші СНД-да өткізу бойынша айналымдарды көрсетпеген жағдайда, айырмашылықтар анықталған кезде салық төлеушінің хабарлама алған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы.Спикерлер ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері сөз сөйлеп, қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді және тиісті салық заңнамасының нормаларын практикада қолдану тәртібін түсіндірді.Сонымен қатар қатысушылар салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың одан арғы перспективаларын, цифрлық ҚҚС-ты дамытуды, чат-ботты және бизнестің мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылының қолайлылығын арттыруға бағытталған басқа да заманауи электрондық сервистерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу соңында бизнес өкілдері Департамент мамандарымен проблемалық жағдайларды тікелей талқылау мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1303901?lang=ru
Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді 03.10.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияға шақырып, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін Премьер-министр Маркус Зёдерге алғыс айтты.– Баварияның өзіне тән ерекшелігін, экономикалық қуатын, инновациялық әлеуетін жоғары бағалаймын. Кеше Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Уағдаластықтарымызды нақты нәтижеге айналдыруға ниеттімін әрі аталған мәселеде Баварияны басты серіктес ретінде қарастырамын. Бұл – өнеркәсіп пен ғылымдағы өзінің озық жетістіктерін дәстүрге деген айрықша құрметімен ұштастырған өңір. Осы арқылы Бавария Германия экономикасын алға сүйреп, экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруда Қазақстанның сенімді серіктесі болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Баварияның технологиялық табыстары мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін біріктіруге айтарлықтай мүмкіндік бар. Елдеріміздің экономикалық ықпалдастығын жандандырып, халықтарымызды бір-біріне жақындата түсуде көлік байланыстарын жақсартудың да маңызы зор.Премьер-министр Маркус Зёдер жаңа өсім бағыттарын іздеуге айрықша мән беретін Бавария Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.Сондай-ақ ол елімізде табысты жұмыс істеп жатқан бавариялық компанияларға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрімен қонақжай қазақ жерінде жүздесуді асыға күтетінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1303892?lang=ru
Самарқанд облысында қазақ-өзбек бизнес ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды 03.10.2026
2026 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Самарқандтағы Бас консулы Талғат Шарипов Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі Мерғали Сембиевті қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан аймақтары мен Самарқанд облысы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Бас консулдықтың көмегімен Мерғали Сембиев пен Самарқанд облысы әкімінің орынбасары және Инвестициялар және сыртқы сауда департаментінің басшысы Хуршидбек Самиев арасында кездесу өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екі елдің бизнес қауымдастықтары өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасу болды.Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, аймақаралық ынтымақтастықты дамыту және қазақстандық және өзбек кәсіпкерлері арасында тікелей байланыс орнату үшін қолайлы жағдайлар жасау перспективаларына ерекше назар аударылды.Тараптар Самарқанд облысының инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ қазақстандық бизнестің іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделілігін ескере отырып, одан әрі өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылады.Сонымен қатар, Бас консулдық Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі мен Самарқанд облысындағы ірі кәсіпорындардың, соның ішінде «Azia Metall Prof» ЖШС бірлескен кәсіпорны, «Sharq Sanoat» концерні және «Sam Coal Energy Group» ЖШС басшылығы арасындағы кездесулерді ұйымдастыруға көмек көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1303863?lang=ru
Бостандық ауданындағы Хан Тәңірі шағынауданында саябақ жаңартылды 03.10.2026
Бостандық ауданының Хан Тәңірі шағынауданында Дулати көшесінің бойында орналасқан саябақты жаңарту жұмыстары аяқталды.Абаттандыру жұмыстары бюджет қаражатын тартпай жүзеге асырылды. Жоба қалалық инфрақұрылымды дамыту және аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылды.Жаңарту жұмыстары барысында саябақ аумағына кіреберіс аркалар мен ағаш перголалар орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері ретке келтіріліп, воркаут алаңы мен көгалды суару жүйесі орнатылды.Сонымен қатар аумақта сәндік жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, брусчатка төсемі қалпына келтірілді.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде саябақ аумағы шағынаудан тұрғындарының серуендеуіне, демалуына және спортпен айналысуына қолайлы әрі қауіпсіз кеңістікке айналды.Бостандық ауданының әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамыту және абаттандыру жұмыстарын, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат тарту және әлеуметтік жауапты бизнестің қолдауымен жалғастыруда.Анықтама: «Халық» қайырымдылық қоры құрылғаннан бері 214 жобаны жүзеге асырып, қайырымдылыққа 90,4 млрд теңге бағыттады. Қордың қолдауы білім беру, мәдениет, спорт, экология және әлеуметтік қолдау сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. 2025 жылы көрсетілген қайырымдылық көмектің жалпы көлемі 9,1 млрд теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1303865?lang=ru
Халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар марапатталды 03.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қырғызстанда өткен VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін және тоғызқұмалақтан Әлем чемпионы Ермұхамед Әләйдарды қабылдады. Спортшыларды айтулы жетістіктерімен құттықтап, алдағы сайыстарына сәттілік тіледі.«Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында еліміздің, Сыр өңірінің намысын лайықты қорғап, жүлделі орындарға ие болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор» деп атап өтті.Әлемнің 113 мемлекетінен үш мыңға жуық спортшы бақ сынасқан тартысты додада үш жерлесіміздің жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіске жетуін ерлік деп санаймын.Жарыс қорытындысы бойынша алыш күресінен Жандос Әбубәкіров қола жүлде еншіледі. Ал көк бөрі ойынынан Нұрлыбек Асқаров, көкпардан Алмат Жүнісов ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, күміс медалға ие болды.Сондай-ақ, Румынияның Бухарест қаласында тоғызқұмалақтан өткен Әлем чемпионатында талантты спортшымыз Әлайдар Ермұхаммед айқын басымдықпен жеңімпаз атанды.Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында көк байрағымыз көкке көтерілді. Ел мерейін үстем етіп, ұлттық спортты дамытуға қосып жүрген сүбелі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!Спортшыларымыздың жарқын жеңісінің негізінде білікті бапкерлер Сламхан Боранбаев пен Хакімжан Елеусіновтің табандылығы мен ерен еңбегі жатыр.Алдағы уақытта да отандық спортты жаңа деңгейде көтеріп, байрақты бәсекелерде жоғары нәтижеге қол жеткізесіздер деп сенемін. Еліміздің абыройын асқақтатар жеңісті күндеріңіз көп болғай!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Еске салайық, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте 74 медальмен бірінші орын алды.Жиында Алмат Жүнісов, Сламхан Боранбаев сөз сөйлеп, жеңімпаз спортшыларға Мемлекет басшысының Алғыс хаты, облыстың Құрмет Грамотасы және қаржылай сертификат табысталды.Айта кетейік, 2022 жылдан бері Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде заманауи үлгідегі 27 спорт кешені пайдалануға берілді. Осы кезде облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта 6 спорт кешені ел игілігіне табысталады.Өңірде 377 мыңнан астам тұрғын спортпен тұрақты шұғылданады, бұл – халықтың 44,6 пайызы. Саланы дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың арқасында жыл басынан бері Сыр спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарынан 34 алтын, 27 күміс, 28 қола медаль жеңіп алса, Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында 192 алтын, 150 күміс, 192 қола жүлдеге қол жеткізген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1303819?lang=ru
Халықаралық қарттар күніне орай мемлекеттік қызмет ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті 03.10.2026
Қостанай қаласының әкімі мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесіп, оларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.Кездесу барысында қала әкімі ардагерлерге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.Іс-шараға қатысушылар үшін қаланың жаңарған орындарына шағын экскурсия ұйымдастырылды. Олар жаңартылған теміржол вокзалында, Темірбаев көшесіндегі скверде және «Осьминог» аквапаркінде болды.Қазіргі таңда Қостанайда зейнет жасындағы 48 мыңнан астам адам тұрады. Олар ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қаланың дамуына елеулі үлес қосты. Аға буын өкілдері бүгінде де қала өмірінің маңызды бөлігі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1303822?lang=ru
Самарқандтағы Қазақстан Республикасының Бас консулы адам құқықтары жөніндегі Самарқанд форумының отырысына қатысты. 03.10.2026
29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқандтағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқандтағы Мирзо Ұлықбек медресесінде өткен Бесінші Самарқанд адам құқықтары форумының қорытынды сессиясына қатысты.Іс-шара Адам құқықтары туралы халықаралық пактілердің 60 жылдығына және Даму құқығы туралы декларацияның 40 жылдығына арналды. Бағдарламаның негізгі бөлігі – пленарлық отырыстар және жеті тақырыптық сессия – 28 қыркүйекте Ташкентте өтті, ал қорытынды сессия Самарқандта өтті.Форумды Өзбекстан Республикасының Ұлттық адам құқықтары орталығы және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ, Халықаралық Қызыл Крест комитеті және Халықаралық даму және әділеттілік орталығы бірлесіп ұйымдастырды.Адам құқықтары жөніндегі бесінші Самарқанд форумына халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдардың, адам құқықтары институттарының, зерттеу орталықтарының, азаматтық қоғамның, БАҚ-тың және бизнес ортаның 200-ден астам өкілі қатысты. Қатысушылардың арасында 10 халықаралық және сегіз аймақтық ұйымның, сегіз шетелдік ұлттық адам құқықтары институттарының өкілдері және 30-дан астам сарапшы болды.Самарқандта өткен қорытынды кездесуде жеті секциялық отырыстың негізгі қорытындылары ұсынылды. Қатысушылар азаматтық және саяси құқықтар, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, балаларды, әйелдерді және мүгедектерді қорғау, климаттық әділеттілік, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың әсері және азаматтығы жоқтықтың алдын алу мәселелерін талқылады.Қатысушылар сондай-ақ Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерді қолданудағы алпыс жылдық тәжірибені, даму құқығын жүзеге асыру мәселелерін, халықаралық ынтымақтастықты және ұлттық және халықаралық адам құқықтары институттарының өзара іс-қимылын қарастырды.Форумның негізгі нәтижесі адам құқықтары, адамның қадір-қасиеті, теңдік және тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағыттарын анықтайтын «Самарқанд көзқарасы 2040» құжатының қабылдануы болды.Самарқанд форумы екі жылда бір рет өткізіледі. Оның тарихы 2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі алғашқы Азия форумымен басталды. Кейінгі кездесулер жастар құқықтарына, адам құқықтары саласындағы білім беруге, ал 2024 жылы қоршаған ортаға төнетін қауіптер мен олардың адам құқықтарына әсері мәселелеріне арналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1303825?lang=ru
Мемлекет қызметті өзі ұсынып, жасанды интеллект медицинаға келеді: Digital Qazaqstan 2029 жылға дейін қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертеді 03.10.2026
Астанада 2 қазанда AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында «Digital Qazaqstan 2029: стратегиядан экономика мен мемлекетті трансформациялауға дейін» панельдік сессиясы өтті. Мемлекеттік органдардың, бизнестің және халықаралық консалтингтің өкілдері жасанды интеллектті енгізуді, цифрлық сервистерді дамытуды, сондай-ақ өзгерістердің нәтижесін бағалау көрсеткіштерін талқылады.Digital Qazaqstan 2029 жылға дейінгі жалпыұлттық цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу стратегиясы болып табылады. Стратегия мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мерзімін кемінде 50%-ға қысқартуды, IT қызметтер мен цифрлық шешімдер экспортын екі есе арттыруды, адал бизнеске жүргізілетін тексерулер санын екі есе азайтуды және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың кемінде 60%-ында цифрлық егіздерді енгізуді көздейді.Сессияның модераторы Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Алия Оспанова болды. Талқылаудың өзегінде практикалық мәселелер тұрды: азаматтар мен бизнес қандай өзгерісті сезінуі тиіс, ведомстволардың өзара іс-қимылын қалай қамтамасыз етуге болады және стратегия мақсаттарына жету үшін қандай жағдайлар қажет.«Цифрлық трансформацияның нәтижесі енгізілген технологиялардың санымен емес, олардың адамға, мемлекетке және экономикаға берген пайдасымен өлшенуі тиіс. Digital Qazaqstan стратегиясын одан әрі іске асыру дәл осы қағидатқа сүйенуі керек», деп атап өтті Алия Оспанова.Цифрлық үкіметті қолдау орталығы бас директорының орынбасары Арай Уразова стратегияның құрылымын таныстырды: үш блоктағы 20 бастама. Азаматтар үшін өмірлік жағдай туындаған кезде жеке өтініш беруді қажет етпейтін қызметтерді дамыту, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды неғұрлым нысаналы ету көзделген. Бизнес үшін жасанды интеллектті өндірістік процестерге енгізу және салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі қарастырылған. Мемлекет үшін бірыңғай деректер архитектурасы, ведомствоаралық қағазсыз өзара іс-қимыл және ақпаратты қорғау көзделген.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов медицинаны цифрландыру бағыттарын таныстырды: пациенттің бірыңғай цифрлық медициналық профилі, медициналық құжаттарға қолжетімділік беретін және профилактика туралы хабарлайтын дербес сервистер, жасанды интеллектті енгізу және телемедицинаны дамыту, оның ішінде мектеп медицинасында және шалғай өңірлерде.2028 жылға қарай бірыңғай цифрлық контурға медициналық ұйымдардың кемінде 95%-ын біріктіру жоспарлануда, ал жасанды интеллект қолданылатын клиникалық шешімдердің үлесі кемінде 80%-ға жетуі тиіс. Бұл медициналық көмектің сапасын арттыруға, дәрігерлердің жүктемесін азайтуға және денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов экономика мен бизнес мүддесі үшін цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу туралы баяндама жасады. Стратегия «көзге көрінбейтін» салықтық әкімшілендіруге және «салық сервис ретінде» моделіне көшуді көздейді. Бұл модельде адал бизнестің әкімшілік жүктемесі азаяды, ал салықтық рәсімдер автоматтандырылады.Boston Consulting Group басқарушы директоры әрі серіктесі Михаил Волков цифрлық трансформацияның халықаралық тәжірибесін таныстырды: негізгі салаларда өнімділіктің өсуін қамтамасыз ететін технологияларды енгізу тәсілдерін және әлемдік практиканы Қазақстанның міндеттеріне бейімдеу мүмкіндіктерін атады.«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев банк секторын цифрландыру және онда жасанды интеллектті қолдану туралы әңгімеледі. Ол талқылауды қаржы секторының практикалық тәжірибесімен және бизнестің мемлекеттік платформалармен өзара іс-қимылы жөніндегі мысалдармен толықтырды.Қорытындыда сессия қатысушылары цифрлық жобалардың практикалық құндылығы қызметтердің ыңғайлылығынан, уақыт пен ресурс шығынының қысқаруынан, өнімділіктің өсуінен және қабылданатын шешімдердің сапасынан көрінуі тиіс екенін атап өтті. Форум туралы анықтамаAI & Digital Bridge 2026 форумын Astana Hub халықаралық инновациялық кластері Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырады.AI & Digital Bridge 2026 форумының өтуі серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында мүмкін болды. Форумды өткізуге кететін барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылады.Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктес: Halyk Bank. Бизнес серіктес: Beeline Қазақстан. Қола серіктес: Yandex Qazaqstan. Телеком серіктес: «Freedom Telecom Operations» ЖШС. Технологиялық серіктестер: «Транстелеком» АҚ. Official Airline Partner: Air Astana. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1303718?lang=ru
Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 03.10.2026
Будапешт, 2026 жылғы 30 қыркүйек - «Шандор» президент сарайында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анель Бақытбекқызының Мажарстан Республика Президенті Андраш Балинт Бакаға сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.Рәсім аяқталғаннан кейін екіжақты кездесу өтіп, оның барысында Елші Мажарстан Республика Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.Әңгімелесу барысында Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері қарастырылды. Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, белсенді саяси диалогты жалғастыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастар дәстүрлі достық байланыстар мен екі халықтың тарихи жақындығына негізделетіні атап өтілді. Тараптар стратегиялық әріптестікті нақты бірлескен жобалар мен бастамалармен одан әрі толықтырудың маңыздылығын атап өтті.Жаңа өзара тиімді жобаларды іске асыруға, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейлердегі алдағы екіжақты сапарларды дайындау перспективаларына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда 2027 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына байланысты бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастарды дамыту, сондай-ақ «Орталық Азия - Еуропалық одақ» форматындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды. Орталық Азия мен Еуропа арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі нығайтудағы Қазақстан мен Мажарстанның әлеуетті рөлі атап өтілді.Елші Мажарстан Қазақстанның Еуропалық одақтағы жақын әрі сенімді стратегиялық әріптестерінің бірі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім беру салаларында және халықтық дипломатия желісі бойынша одан әрі кеңейтуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Кездесу барысында Елші сондай-ақ Мажарстан Республика Президентін 2026 жылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан институционалдық өзгерістер туралы, оның ішінде жаңа Конституцияның күшіне енуі, «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрылуы, Вице-президент лауазымының енгізілуі, сондай-ақ 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өткені жөнінде хабардар етті.Андраш Балинт Бака Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан-Мажарстан қатынастарының стратегиялық сипатын атап өтті және Қазақстанның Мажарстанның Орталық Азиядағы сенімді әріптесі ретіндегі маңызын ерекше атап көрсетті.Мажарстан Республика Президенті Анель Бақытбекқызын дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуға бағытталған қызметіне табыс тіледі.Рәсімнен кейін өткен кездесулер аясында Елші Мажарстан Сыртқы істер министрлігінің екіжақты қатынастар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Клара Бреуермен және Мажарстан Президенті Кеңсесінің Қоғамдық және халықаралық байланыстар дирекциясының басшысы Дьердь Керекешпен де сұхбаттасты. Тараптар Қазақстан-Мажарстан қатынастарының қазіргі жай-күйі жөнінде пікір алмасып, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.Кездесу соңында Елші Мажарстан Республика Президентіне жылы қабылдауы және мазмұнды пікір алмасуы үшін алғыс білдіріп, Қазақстан-Мажарстан стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады.Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі мен екіжақты кездесуден кейін Елші «Шандор» сарайындағы Мажарстан Президенті Кеңсесінің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1304248?lang=ru
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері! 03.10.2026
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, жауапкершілік пен ізгілік құндылықтарын сіңіретін ұлы тұлға. Сіздердің еңбектеріңіз – елдің ертеңіне қосылған өлшеусіз үлес.Сіздерге шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!Ұстаз еңбегі әрдайым абыройлы, мәртебелі болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1303651?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» облыстық пікірсайыс турнирінің жүлдегерлері атанды. 03.10.2026
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» өңірлік дебат турнирі Солтүстік Қазақстан облысында «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар арасында өңірлік дебат турнирі өтті. Турнирдің тақырыбы — «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Дебат тыңдаулары қазақ тілінде өтіп, өңірдегі әртүрлі мемлекеттік органдардың командаларын біріктірді. Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бірлескен командасы шешендік өнердің, сыни тұрғыдан ойлаудың және құқықтық эрудицияның жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда мүшелерін лайықты нәтижесімен құттықтаймыз және алдағы уақытта кәсіби табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1303614?lang=ru
Дания СІМ басшысымен серіктестіктің жаңа кезеңіне көшу талқыланды 03.10.2026
Астана қаласы, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссенмен келіссөздер өткізді.Тараптар өзара тиімді қазақ-дат ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі тереңдету перспективаларын талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымының және тікелей шетелдік инвестициялар ағынының қарқынды өсу үрдісі атап өтілді (2025 жылы өзара сауда көлемі 163 млн АҚШ долларына жетті, ал 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына салынған дат тікелей инвестицияларының жиынтық көлемі 394 млн АҚШ долларынан асты).Бұл ретте бірлескен аса маңызды инвестициялық жобалардың бірі – Алматы облысының Іле ауданында «Carlsberg Group» компаниясының «PepsiCo» алкогольсіз сусындарын өндіретін зауыт салуы. Кәсіпорынның ашылу рәсімі ү.ж. 1 қазанда Дания Сыртқы істер министрі Л.Расмуссеннің қатысуымен өтті. Аталған зауыт «Carlsberg Group»-тың әлемдегі ең ірі өндірістік нысандарының біріне айналады (жобаға салынған инвестиция көлемі – 344 млн АҚШ доллары, өндірістік қуаты – жылына 1 млрд литр өнім, 230 жаңа жұмыс орны құрылады).Келіссөздер барысында екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға өзара қатысуына және оның Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар Орта дәліз арқылы сауда ағындарын ұлғайту мақсатында даттың «Maersk» компаниясымен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.«Дания – Солтүстік Еуропадағы біз үшін маңызды серіктес ел. Біз екіжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән береміз және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нақты әрі маңызды жобалармен толықтыруға ұмтыламыз», – деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.Өз кезегінде Л.Расмуссен Орталық Азияның Данияның сыртқы саяси және экономикалық күн тәртібіндегі маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, Ларс Туесеннің Данияның Қазақстандағы Елшісі және Дания СІМ-нің Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі болып тағайындалғанын тілге тиек ете отырып, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Данияның мүдделі екенін растады.Министрлер сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Орталық Азия мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты.Сол күні Қонаев қаласында Л.Расмуссен құрамында дат бизнесінің беделді өкілдері бар делегацияны бастап, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өткен Қазақ-дат бизнес-форумына қатысты. Форум барысында іскерлік байланыстарды кеңейту, дат инвестицияларын тарту және Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің министрлері Қазақстан мен Данияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара түсіністік туралы, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссияны құру туралы меморандумдарға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1303554?lang=ru
Салық берешегін өндіру бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 03.10.2026
      Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаевтың төрағалығымен **Жеке сот орындаушылары палатасы өкілдері және Полиция департаменті қызметкерлерінің** қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.     Іс-шара барысында жеке тұлғалардың берешегін өндіру, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ салықтық берешекті өтеу бағытында уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.     Кездесу барысында берешекті өндіру бойынша бірлескен жұмыстарды жетілдіру, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағыттары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-atyrau/press/news/details/1303536?lang=ru
2026 жылғы 1 қазанда мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты республикалық дебат турнирі өтті 03.10.2026
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы және Қостанай облысы әкімінің аппараты ұйымдастырды.Турнир 2025–2027 жылдарға арналған мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сәйкес кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында өткізілді.Іс-шараға Қостанай облысының жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарынан 16 команда қатысты.Заманауи мемлекеттік қызметші – ақпаратты талдай алатын, өз ұстанымын дәлелді түрде білдіретін және тиімді шешімдер таба алатын спикер.Турнир қорытындысы бойынша үш жүлделі орын сарапқа салынып, сондай-ақ турнирдің үздік спикері арнайы марапатпен атап өтілді.Турнирдің жеңімпазы – Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының бірлескен командасы. Команда құрамында Искакова Диана және Қайыпбаев Дарын өнер көрсетті.Құрметті екінші орынды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қостанай облысы бойынша департаментінің командасы иеленді. Команда құрамында Мағажанова Римма және Сәрсенбаева Гүлсимхан болды.Үшінші орынға Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Айтмағамбет Азамат пен Қалдыбаева Гүлнара ие болды.Турнир қорытындысы бойынша Искакова Диана «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.Турнирде төрешілік қызметті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ахмет Ұрпақтары» дебат клубының мүшелері жүзеге асырды. Төрешілер алқасына клуб президенті Сабина Атипелева төрағалық етті.Әр команда тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс істеу қабілетін, қарсыластарының уәждеріне жедел жауап беру және өз ұстанымын қорғау шеберлігін көрсетті.Қорытынды нәтижеге қарамастан, әрбір қатысушы көпшілік алдында сөз сөйлеу, пікірталас жүргізу және сындарлы диалог құру бойынша қажетті дағдылар мен тәжірибе жинақтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1303529?lang=ru
КТС бойынша аванстық төлемдердің тәртібі мен шекті мәндерінің өзгеруі туралы 03.10.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу кезіндегі негізгі қағидалар мен өзгерістер туралы хабардар етеді.Аванстық төлемдерді кімдер төлеуге міндеттіҚазақстан Республикасы Салық кодексінің (ҚР СК) 348-бабына сәйкес, алдыңғы салық жылының алдындағы кезең үшін түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық кірісі (ЖЖК) айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 600 000 еселенген мөлшерінен асатын заңды тұлғалар аванстық төлемдерді төлейді.Аванстық төлемдерді төлеуден мыналар босатылады:кірістері 600 000 АЕК шегінен аспайтын салық төлеушілер;жаңадан құрылған салық төлеушілер – ағымдағы және одан кейінгі салық жылы ішінде;ҚР СК 329-бабының 1-тармағы мен 330-бабының ережелерін қолданатын коммерциялық емес ұйымдар;ҚР СК 331-бабының талаптарына сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдардың ұйымдары;«Астана ХАБ» қатысушылары;ҚР СК 348-бабы 1-тармағының 7–9) тармақшаларында көрсетілген өзге де салық төлеушілер.Есептеу және есептілікті тапсыру тәртібіI тоқсан (қаңтар, ақпан, наурыз): декларацияны тапсырғанға дейін аванстық төлемдер есебін (СЕН 101.01) ұсыну жойылды. Аванстық төлемдерді есептеуді салық органы алдыңғы кезеңдегі аванстар сомасының 1/12 мөлшерінде автоматты түрде жүргізеді (ҚР СК 349-бабы).II–IV тоқсандар (сәуір – желтоқсан): салық төлеушілер декларациядан кейінгі аванстық төлемдер есебін (СЕН 101.02) ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей ұсынады (ҚР СК 350-бабы).Сомаларды түзету: болжамды кіріс сомалары өзгерген жағдайда салық төлеуші есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін қосымша есепті (СЕН 101.02) ұсынуға құқылы.Төлеу мерзімдері және әкімшілік жауапкершілікАванстық төлемдер ай сайын әр айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленеді.Салық кезеңінің қорытындысы бойынша іс жүзінде есептелген КТС сомасының аванстық төлемдер сомасынан 20 пайыздан астам артуы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады (асқан соманың 20%-ы мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде).Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге КТС бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомаларын уақтылы түзетуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1303459?lang=ru
ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Кеген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге арналған тағылымы мол, мерекелік кеш өтті. Ізгілік пен мейірімге, үлкенге құрмет пен кішіге ізетке үндейтін тағылымды шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы, аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы қатысып, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды мерейлі мерекемен құттықтады. Құттықтау барысында елдің бірлігі мен берекесін арттыруға, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан аға буынның орны ерекше екені атап өтілді. Шара барысында ақсаладарымыз батасын берді. Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, әсем әндер жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады 03.10.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1303457?lang=ru