Жаңалықтар
Құрметті Балқаш ауданының тұрғындары! 11.08.2025
Құрметті Балқаш ауданының тұрғындары!2025 жылғы 11–16 тамыз аралығында Балқаш аудандық орталық ауруханасында акушер-гинеколог, невропатолог, неонатолог, травматолог, хирург, онколог және психиатр мамандарынан құралған мобильді топ тұрғындарды қабылдайды.🕒 Қабылдау уақыты:• 08:30–13:00• 14:00–18:30🍴 Түскі үзіліс: 13:00–14:00Барлық тұрғындарды арнайы мамандардың қабылдауына келіп, тегін кеңес алуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1048884?lang=kk
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстанда 580 мың гектардан астам алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылады 11.08.2025
Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі.Министрлік фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу мен орнатуға, сондай-ақ инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақы мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Сонымен қатар тариф құнына қарай суару суына сараланған субсидиялар енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолданған жағдайда субсидия көлемі 60%-дан 85%-ға дейін өседі, ал қолданбаған жағдайда – тарифке байланысты 50–75%-дан 30–55%-ға дейін төмендейді.Сондай-ақ лазерлік тегістеуші сатып алуға берілетін субсидия егіс алқабы кемінде 200 гектар болатын шаруашылықтарға ғана төленеді деген талап алынып тасталды. Лазерлік тегістеу суармалы судың алқап аумағына біркелкі таралуына мүмкіндік беріп, суды 30%-ға дейін үнемдеуге жағдай жасайды. Бұл әсіресе қуаңшылыққа бейім өңірлер үшін өзекті. Мұндай технология еліміздегі күріш алқаптарында белсенді қолданылады.Нәтижесінде 2024 жылы су үнемдеу технологиялары 158 мың гектар жерге енгізілді, оның шамамен 130 мың гектары – оңтүстік өңірлер үлесінде. Жалпы су үнемдеу технологиялары қолданылған жер көлемі 470,2 мың гектарға жетті. Биылдың басынан бері Қазақстанда су үнемдеу технологияларын қолданудың жалпы ауданы 580 мың гектардан асты.«Мемлекет басшысы су үнемдеу технологияларына көшудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Климаттың өзгеруі жағдайында бұл – елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шара. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 2030 жылға дейін егіс алқаптарында су үнемдеу жүйелерін енгізу жоспарын әзірлеп, бекіттік. Осының нәтижесінде 2030 жылдың соңына дейін жылына 2,2 млрд текше метр су үнемдеуді көздеп отырмыз»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1048933?lang=kk
Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды 11.08.2025
Суару маусымының басынан шілде айының соңына дейін еліміздің оңтүстігінде егіс алқаптарына 8,15 млрд текше метрден астам су алынды. Биыл вегетация кезеңінде жалпы көлемі 10,1 млрд текше метр су алу жоспарланған. Осылайша, суару кезеңінің соңына дейін тағы шамамен 2 млрд текше метр су алынады.Жалпы алынған судың шамамен 37,2%-ы немесе 3,03 млрд текше метрі Қызылорда облысына тиесілі. Түркістан облысы алған су көлемі – шамамен 37% немесе 3,011 млрд текше метр.Жамбыл облысына 9,3%-дан астам немесе 761,7 млн текше метр, Жетісу облысына – 8,8%-дан астам немесе 719,6 млн текше метр, ал Алматы облысына – 7,7%-дан астам немесе 631,4 млн текше метр су берілді.«Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суару маусымының барысы министрлігіміздің бақылауында. Судың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп каналдар мен басқа да объектілерге тұрақты мониторинг жүргізетін төрт жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар су кезекпен беріліп, шаруалар арасында түнгі суару және егіс айналымына көшу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Биыл еліміздің оңтүстігінде вегетация кезеңі 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған жоғары температура мен жауын-шашынның болмауы себеп болды. Соған қарамастан, суармалы судың ерте берілуінің арқасында оңтүстік өңірлердің диқандары сәуір айының ортасында алғашқы қырыққабат өнімін, мамырдың соңғы онкүндігінде қауын-қарбызды, маусымда баклажан мен өзге де бақша дақылдарының алғашқы өнімін жинап үлгерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1048946?lang=kk
Еңбек құқықтары, әлеуметтік кепілдіктер және қол жетімді құқықтық көмек басты назарда. «Негізгі Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» іс-шарасы сарапшылар мен тұрғындарды заңнамадағы негізгі өзгерістерді талқылау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын нығайту үшін жинады. 11.08.2025
Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Негізгі Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» атты ұлттық іс-шара өтті. Іс-шараға Департамент атынан Еңбек қатынастары бөлімі бас мемлекеттік еңбек инспекторы Әсем Қасымова қатысты.Кездесу аясында Қарағанды қаласының «Отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі тақырыптарда семинар ұйымдастырды:- Әлеуметтік кепілдіктер саласындағы заңнамалық өзгерістер- Еңбек ету құқығына қатысты конституциялық кепілдіктерҚатысушылар еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде өзекті ақпарат алып, білікті мамандардың кеңесіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктеріне қолжетімділікті кеңейту болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1048948?lang=kk
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті 11.08.2025
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — қала аумағын тазарту, көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Тазалық жұмыстарына қала тұрғындарынан бөлек қалалық басқармалар, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Әрбір мекемеге алдын ала белгіленген аумақтар бөлініп, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Қатысушылар көшелер мен аулаларды, арық-атыздарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, жасыл желектердің айналасын ретке келтірді.Мұндай акциялар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл бастама ел азаматтарын туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуға үндейді.«Табиғатты қорғау - әр азаматтың азаматтық борышы. Сенбілік - тек тазалық шарасы ғана емес, бұл қоғамның экологиялық санасын көтеруге бағытталған маңызды іс,» - дейді сенбілікке қатысушы Ақерке Өскенбайқызы.Алдағы уақытта мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарланып отыр. «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етпек.
Шымкент: «Келешек мектептерінің» оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді 11.08.2025
🏆Шымкент: «Келешек мектептерінің» оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді
Металлург – мәртебелі мамандық 11.08.2025
Металлургия – ел экономикасының тірегі, өндірістің жүрегі. Осы салада еңбек ететін мамандардың қолтаңбасы ірі өнеркәсіптерде, құрылыс нысандарында, көлік инфрақұрылымында және технологиялық жетістіктерде айқын көрінеді.Металлург мамандығы – жоғары жауапкершілік пен терең кәсіби білімді талап ететін еңбек. Темір мен болатты балқытып, берік әрі сапалы өнімге айналдыру – тек білікті маманның қолынан келетін іс. Бұл – төзімділіктің, табандылықтың, және уақытпен сыналған шеберліктің белгісі.Металлургтер – күн сайын ауыр, бірақ аса маңызды еңбек атқарып, мемлекеттің индустриялық қуатын арттыруға өз үлесін қосып келеді. Олардың еңбегі – құрметке лайық.2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында металлург мамандығының қоғамдағы орны мен маңызын айрықша атап өткен жөн. Бұл салада еңбек ету – жай ғана жұмыс емес, бұл – ел игілігі жолындағы абыройлы миссия.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы#ГодРабочихПрофессий
«АBAI. LIVE» 11.08.2025
9 тамыз күні сағат 11:00-де «Сол жағалау кешені» Мәдениет және демалыс саябағында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Абай күніне арналған «ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы ашылды.Заманауи креативті стильде безендірілген интерактивті алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі танымдық бағдарлама ұсынды.Қатысушылар үшін ұйымдастырылды: «Кто ты по Абаю?» білім ойынында әр қатысушы ұлы ақынның ой-өрісіне еніп, Абайдың қандай философиялық қасиеті өз мінезіне жақын екендігін анықтай алды — ойшыл, арманшыл немесе тәлімгер, ою-өрнек жасау шеберлік сабағы, Абайдың қанатты сөздерімен безендірілген заманауи графикадағы фотоқабырға, «Голос Абая рядом» атты құлаққаппен тыңдалатын музыкалық аймақ, стратегиялық ойлау мен сергектікке баулитын дәстүрлі қазақ үстел ойындары — «асық» пен «тоғызқұмалақ».«ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы өткен күнмен бүгінді, сөз бен бейнені, білім мен ойынды біріктіретін рухани кеңістікке айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1048629?lang=kk
ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адам болам десеңіз» әдеби-музыкалық композициясы өтті 11.08.2025
8 тамызда Өскемен қаласында, Үлбі өзенінің Жаңа жағалауында ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адам болам десеңіз» әдеби-музыкалық композициясы өтті.Шараға келген өскемендіктер мен қала қонақтары ұлы ақынның шығармаларымен танысып, туған жердің сұлулығы мен ұлылығын жырлаған әндерді тыңдап, мерекелік, шабытқа толы атмосфераны сезіне алды. Қонақтар «Ашық микрофон» аймағына қатысып, Абай туралы өз ойларын ортаға салып, оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Ауқымды кітап көрмесі Абайдың шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік берді: шәкірттері мен ізбасарлары — Шәкәрім Құдайбердіұлы, Тәңірберген Әміренов, Сапарғали Әлімбетовтың еңбектері ұсынылды. Шеберлер жәрмеңкесі мен Абайдың әйгілі шығармаларына негізделген картиналар көрмесі тамаша толықтыру болды.Көрермендер назарына Абайдың он жетінші қара сөзіне негізделген «Жүректің көзі ашылса» атты театрландырылған қойылым ұсынылды.Сонымен қатар, QR-код арқылы қатысушылар ақын өлеңдерінің аудионұсқасын тыңдап, ұлы ойшылдың терең идеяларын қабылдауды одан әрі жеңіл әрі қызықты етті.«Абай әлемі — балалар көзімен» комикс алаңында «Ғылым таппай мақтанба», «Жаз», «Бес нәрседен қашық бол», «Қыс» шығармаларының иллюстрациялық интерпретациялары ұсынылды. Ал қорытынды бөлімде «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты сүйікті әуендерден құралған музыкалық аймақ орын алды.Іс-шара ұрпақтар арасындағы тірі көпірге айналып, әр адамға Абай мұрасына үңіліп, оның сөзі мен музыкасының қуатын сезінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1048640?lang=kk
Татулық – тұрақтылықтың тірегі 11.08.2025
Қоғамдағы татулық – ел дамуының басты кепілі. Ол жай ғана тыныштық емес, халықтың санасына сіңген мәдениет, өмір сүру дағдысы. Қазақстан бұл құндылықты қалыптастыруда және оны сақтауда әлемге үлгі боларлықтай тәжірибе жинақтады.Этносаралық келісім – бір сәттік науқанның немесе әкімшілік шешімнің нәтижесі емес. Бұл – ұзақ мерзімді, жүйелі, әрі ойластырылған қоғамдық-саяси үдеріс. Осы бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып келеді.Ассамблея әр этнос өкілінің пікірін ашық білдіруіне, ұсыныстарын ортаға салуына және шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік беріп, елде сенім кеңістігін қалыптастырды.Бейбітшілік – өзара түсіністіктен басталады. Көпэтносты елде тіл, дін, мәдениет алуан түрлі болуы – заңдылық. Бірақ бұл айырмашылықтар қоғамның бөлінуіне емес, келісім мен үйлесімнің нығаюына қызмет етуі керек. Ол үшін білім беру, мәдениет, ақпараттық саясат және тәрбие жұмысы бір мақсатқа тоғысуы қажет.Бүгінгі татулық – Қазақстанның ең үлкен жетістіктерінің бірі. Өйткені әлемде көптеген мемлекеттер әлеуметтік келісімнің жоқтығынан тұрақсыздыққа тап болуда. Біз, керісінше, бірлікті басты құндылық етіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
10 тамыз күні Айет ауылында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті. 11.08.2025
Сағат 10:00-де ақ мәрмәр Абай ескерткіші ауыл тұрғындарын қарсы алып, жиналғандар ұлы данышпанға тағзым етті. Ескерткіш жанында гүл шоқтары қойылды. Ұлы мұраға деген шынайы алғыс пен құрмет сөздерін ауданның ішкі саясат бөлімі басшысы Ольга Нургалиева мен аудандық орталық кітапхана жүйесінің директоры Гаухар Асанова жеткізді.Сөз сөйлегендер 180 жылдық – тек мақтануға себеп қана емес, сонымен қатар оның мұрасымен терең сұхбат құруға шақыру екенін атап өтті. Бұл – «Қара сөздерді» тарихи құжат ретінде ғана емес, жеке тұлға мен тұтас қоғам үшін өзін-өзі жетілдірудің жол картасы ретінде қайта оқу мүмкіндігі. Абай бастаған жол әлі аяқталған жоқ. Әр жаңа ұрпақ оның сөздерінен даналықты, күш-қуатты және ең бастысы – жүректі таба отырып, бұл жолды қайта жүріп өтуі тиіс.Іс-шараның атмосферасы ұлы қазақ перзентіне деген мақтаныш пен оның ұрпаққа қалдырған рухани құндылықтарына деген құрметке толы болды.Мереке аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. «Абай – дана, Абай – дара, әрқашан!» атты музыкалық-әдеби кешті жүргізушілер Танатқан Жүрсін мен Диана Абжанова ашты. Олар Абай күнін атап өту арқылы біз бір адамның ғана емес, баршамызға мұра болып қалған мәңгілік құндылықтардың да қадірін ұлықтайтынымызды айтты. Сол құндылықтарда оның бүкіл өмірі, жарқын болашақ туралы армандары бейнеленген. Оның қаламы – әділет қылышы, ойы – ақылдың үні. Абай – сөзі бүгін де шабыт беретін ақын. Оның философиясы, «Қара сөздері» – барлық ұрпаққа арналған қазына, әлемнің көптеген тіліне аударылған. Ол мораль, құқық, тарих тақырыптарында жазылған 45 қысқа ғибраттан тұрады.Сахнаға Абай бейнесінде Халық театрының әртісі Мархабат Нокишов шығып, бірінші қара сөзді оқыды. Ұлы тұлғаның балалық шағы туралы Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айман Зыбалева баяндады. Ол Абайдың мәнін түсіну үшін ең алдымен оның есімінен бастау керектігін айтты. Абайдың қысқа есімінің өзіне бүкіл даналық мұхиты сыйып тұр. Оған бойлай ене отырып, біз тек әсем поэзия мен мәдениетті ғана емес, өзімізді де табамыз. Бұл жауаптар кешегі күнге ғана емес, бүгінге де арналған. Өйткені классик – әрқашан замандас.А. Зыбалева сөзін «Жолда өзіңді ұста» атты өлеңімен жалғастырды. Дариға Айсағалиева Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» шығармасын нәзік те шынайы орындады.Көрермендер ұлы ақынның даналығы мен рухани мұрасына терең мән мен туған мәдениетке деген сүйіспеншілікпен толы жарқын өнер туындылары арқылы қанықты.Абайдың жастық және кемел шағы, сондай-ақ 15-ші қара сөзі жайлы Майра Мырзагалиева баяндады. Жас музыканттар Әлібек Жарылқасынов пен Айбек Балтабаевтың орындауында әйгілі «Торы жорға» және «Кербез сұлу» күйлері орындалды.Абай Құнанбайұлы А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крыловтың шамамен 50 шығармасын аударған. Орыс поэзиясынан аударған өлеңдері ұлттық қазынаға айналды. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан «Татьяна хаты» шығармасын Дариға Айсағалиева орындады.Абай махаббаттың құдіретті күші мен адамды шабыттандырып, асқақтататын сұлулық туралы көп жазды. Ақын жырларындағы махаббат биік әрі асыл сезім. Халық сүйіп тыңдайтын шығармаларының бірі – «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін Талғат Шакельдиков орындады.Сахнада тағы да Абайдың өлеңдері оқылды. Бұл жолы Мархабат Нокишов сомдаған ұлы ақын жастарына «Адам боламын десеңіз» атты өсиетін жолдады.Абайдың туғанына 180 жыл өтсе де, ол әлі де бізбен бірге. Біздің әндерімізде, ойымызда, жүрегімізде. Абай сөзі бізді білімге, махаббат пен бірлікке жетелесін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1048550?lang=kk
Отбасының берекесін кетірген екі ер адам Өскеменде қоғамдық жұмыстарға жегілді 11.08.2025
Отбасының берекесін кетірген екі ер адам Өскеменде қоғамдық жұмыстарға жегілдіӨскеменде араққа сылқия тойып, жанжал шығарып, жұдырық ала жүгірген екі ер адам қала көшелерін тазалайды. Сот оларды 300 сағат қоғамдық жұмыстарға жегіп, пробация қызметінің бақылауына алды.Оқиғалардың бірі мереке күндері болған: қонақта отырған ер адам жанжалды тоқтатудың орнына, досының басынан бөтелкемен ұрып жіберген. Ол осы әрекеті үшін 200 сағат қоғамдық жұмысқа және алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді.Екінші жағдай - тұрмыстық зорлық-зомбылық. Ер адам азаматтық некедегі әйеліне қол көтерген. Әйелдің дер кезінде полицияға хабарласуы оны аман алып қалды, ал күйеуі 100 сағат жұмысқа жіберілді. Азаматтық некедегі әйелі оның түзеліп келе жатқанын айтып, оған берілген мүмкіндікке қуанышты екенін жеткізді. Ол қоғамдық жұмыстардан кейін жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.ШҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметтеріне басшылық ету бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ернар Ильяшев: "Қоғамдық жұмыстар - бұл жай ғана жаза емес, қоғамға пайда әкеліп, заңға мойынсұнатын жаңа өмір бастауға берілген мүмкіндік. Пробация қызметкерлері сотталғандармен үнемі жұмыс істеп, жұмыс кестесін сақтауды қадағалайды және оларға қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмектеседі", - деді.Сотталғандар тұрғын үйлер арасындағы қоқыстарды тазалап, жол бойындағы арамшөптерді қолмен жұлып жатыр. Есепте тұрған ер адамдардың бірі бұрын сыпырушы болып жұмыс істегенін және аудандағы әр бұрышты білетінін айтты.Есепте тұрғандар күніне 4 сағаттан қала көшелерін тазалайды. Алайда олар қоғамдық жұмыстардың жай ғана жаза өтеу емес, заңға бағынуға берілген сынақ екенін ескеруі керек. Егер олар жаза өтеу ережелерін елемей, жұмысқа шықпаса немесе кестесін бұзса, оларға қатаңдау жаза қолданылуы мүмкін - тіпті нақты түрме мерзіміне дейін. Соттың үкімі толық көлемде орындалуы керек және оның сақталуы пробация қызметінің қатаң бақылауында. Бұл - есепте тұрғандар үшін түрмеден құтылып, қалыпты өмірге оралудың соңғы мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1048566?lang=kk
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «АБАЙ ӘЛЕМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ. 11.08.2025
Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалдық кезеңі өтті. Ол ұлы ойшылдың әдеби-рухани мұрасын кеңінен насихаттауға, ой-өрісін кеңейтуге, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Байқаудың бірінші кезеңі 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтіп, оған биыл Қазақстанның барлық облыстарынан 18 бен 35 жас аралығындағы 117 адам қатысып, оның 26-сы финалға шықты. Мерекелік кеште финалистер Абайдың өлеңдері мен «Өлең сөздерін» мәнерлеп оқып, оның өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеулерін ортаға салды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Абай мұрасының жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде – 1 миллион теңгені 6506 әскери бөлімінің қызметкері Мәлік Бекжан жеңіп алса, бірінші орын мен 700 мың теңгені Батыс Қазақстан облысынан келген Азат Мыңбаев иеленді. «Абай әлемі» байқауы Шымкентте үшінші жыл қатарынан өткізіліп, ұлы ойшыл құндылықтарын сақтайтын және дамытатын шығармашыл жастардың жарқын алаңына айналды.
ШЫМКЕНТТЕ «АБАЙ ӘЛЕМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ 11.08.2025
Шымкент қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби-рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Абай әлемі» республикалық байқауының қорытынды кеші өтті.Байқаудың алғашқы кезеңі 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтті. Биыл 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысып, оның 26-сы финалға жолдама алды. Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен жиналды.Салтанатты кеште финалистер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына арналған зерттеулерін ұсынды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Абай мұрасының жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудегі маңызын атап өтті.Бас жүлдені 6506 әскери бөлімінің қызметкері Мәлік Бекжан жеңіп алып, 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Батыс Қазақстан облысынан келген Азат Мыңбаев бірінші орынды иеленіп, 700 мың теңгелік жүлдені алды.«Абай әлемі» байқауы үшінші жыл қатарынан өтіп, жас дарындарды анықтау мен Абай шығармашылығын насихаттаудың маңызды алаңына айналды.
Оқушылар сарайының оқытушыларының қатысуымен «Контрафактіге қарсы күрес, әділет органдары қабылдап жатқан шаралар» тақырыбында семинар өткізілді. 11.08.2025
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысы қатысушыларға зияткерлік меншікті қорғау және қолдан жасалған өнімдердің таралуын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.Барлық сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1048495?lang=kk
2025 жылғы 7 тамызда СҚО Әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімі СҚО Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы, СҚО-дағы жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен Zoom-конференция өткізді. Конференцияда атқарушылық іс жүргізу саласындағы келесі мәселелер қаралды. 11.08.2025
Сот орындаушылары тарапынан заң бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сот орындаушыларының әрекеттерін, шешімдерін заңсыз деп тануды, айыппұлдар мен жеке сот актілерін заңсыз деп тану санын азайту мақсатында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс пен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарын сақтау. 20 АЕК-тен төмен сома өндіріп алу және әлеуметтік маңызы бар істер бойынша атқарушылық іс жүргізулерді орындау шараларын қабылдау. Қаулы шығарылған борышкерді іздестіруге жариялау қажеттілігін негіздеу, мәліметтердің шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ету және санкциялануға жататын қаулыларды тиісті гарнизондық немесе мамандандырылған прокуратураларға жолдау қажеттілігі айтылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарау үшін «Тараптар кабинеті» қойындысы бойынша күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізу барысында «Цифрлық ассистент» нұсқаулығын басшылыққа алу. ҚР Әділет министрлігінің стратегиялық жоспарының орындалуы туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1048501?lang=kk
Ұлы Отан соғысының ардагері Макар Харин – 99 жаста 11.08.2025
Өскеменде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, көзі тірі аңыз адам және өскелең ұрпақ үшін батырлықтың үлгісі Макар Харинді 99 жасқа толған күнімен құттықтады.Макар Харин 1926 жылы тамызда Алтай өлкесі Чарыш ауданы Маралиха ауылында дүниеге келген. 1943 жылы ол кеңес армиясының қатарына шақырылып, әскерге жіберілді. Әскерде ол 52-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 153-ші гвардиялық атқыштар полкінде мина атқыш болды. Ленинград және Балтық майдандарындағы шайқастарға қатысты. 1944 жылы ауыр жарақат алып, әскерден босатылды.Майданнан оралғаннан кейін туған ауылында еңбек етіп, мал шаруашылығымен айналысты, кейін облыстың құрылыс комбинатында және газ шаруашылығында жұмыс істеді. Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған.Қазіргі уақытта Макар Харин Өскемен қаласында тұрады.Майдангерді құттықтауға Өскемен қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері мен Қарулы күштердің ардагерлері барды. Туған күн иесіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаты табыс етілді.– Макар Харин сынды азаматтардың ерлігі – ел үшін ерен. Біз жеңіске жеткен ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз және олардың жеңіс пен бейбіт өмірге қосқан үлестерін ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерімізге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз, – деп атап өтті запастағы подполковник Дәулетхан Қасенов, Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы.Іс-шараға қатысушылар Макар Харинге даңқты жолы үшін алғыс білдіріп, оның өмірі нағыз патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1048437?lang=kk
Абайдың ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды - Президент 10.08.2025
АСТАНА. - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.-Қадірлі қауым! Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті,-делінген құттықтауда.Сондай-ақ онда Мемлекет басшысы хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы екендігіне тоқталды.- Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында. Бұл өңір – Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке. Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді. Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық. Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!, - делінген Мемлекет басшысының құтықтауында.Осыған дейін жазғанымыздай, 10 тамыз қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бері «Абай күні» ретінде ресми түрде атап өтіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1048423?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ НАҒЫЗ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКАҒА АЙНАЛДЫ. 10.08.2025
Шымкентте ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған ауқымды шаралар өтті. Мереке Абай саябағындағы ақын ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты шара барысында балалар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар 2009 жылы ашылған Хакім Абай мұражайында да болып, ақынның шығармалары мен аудармаларымен, сол кездегі қазақ халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Мерекелік бағдарлама ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған «Ұлы даланың Ұлы Абайы» көрмесі өткен Көрме орталығында жалғасты. Рухани-мәдени фестиваль «Абай әлемі» республикалық байқауымен және қаланың барлық мәдениет мекемелерінде өткен концерттермен, әдеби кештермен аяқталды.
ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ 10.08.2025
Шымкент қаласында Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.Мерекелік рәсімде бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар 2009 жылы ашылған «Хакім Абай» музейін аралап, ақын шығармашылығымен, аудармаларымен және заманының тұрмыс-салтымен танысты.Іс-шара Көрме орталығындағы «Ұлы Даланың Ұлы Абайы» көрмесін тамашалаумен жалғасты. Мұнда ұлы ақынның өмірі мен мұрасына қатысты құнды экспонаттар қойылған.Рухани-мәдени мереке республикалық «Абай әлемі» байқауымен қорытындыланып, қаладағы мәдениет мекемелерінде концерттер мен әдеби кештер өтті.