Жаңалықтар
Спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласында бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз релизі 15.04.2025
Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі отырысында спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласында бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы Тексеру комиссияның мүшесі Е. Тұрлыбекұлы баяндама жасады.Жүргізілген аудит негізінде Спорт және жастар саясаты саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым бойынша Кешенді жоспардың жоспарланған сегіз іс-шарасының тек екі нысаны ғана аяқталды, бұл Ұлытау облысындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудағы прогрестің жеткіліксіздігін көрсетеді.Спорт нысандарын салу мен аяқтаудағы кідірістер, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы түзету қажеттілігі кешенді жоспарды іске асыруда елеулі проблемалардың бар екендігін көрсетеді, бұл өңір халқы үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жоғары деңгейлі спортшыларды даярлауда маңызды рөл атқарады, бірақ олардың тиімділігі жеткіліксіз қаржыландырумен, инфрақұрылымның төмен сапасымен және жаттықтырушылардың біліктілігімен шектеледі. Дайындық жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін осы мекемелердің дамуына инвестиция салу және жаттықтырушылар құрамының кәсібилік деңгейін арттыру қажет.Спорт нысандарының тозуы спортқа қосымша кедергілер тудырады және спортшылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Инфрақұрылымды жаңарту және спортшылардың мүдделері мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша шаралар қажет.Мемлекеттік аудитпен 5 объект қамтылды. Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт ұйымдарына аудитпен қамтылған бюджет қаражатынан бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша 3 527 064,8 мың теңге көлемінде жалпы сомасы 1 587 016,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:- қаржылық бұзушылықтар - 6 814,0 мың теңге;- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану - 16 533,0 мың теңге;- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау - 1 559 818,1 мың теңге;- шығындар мен жоғалған пайда - 3 851,1 мың теңге.Бұдан басқа, рәсімдерді орындау тәртібінің 35 бұзылуы және 25 жүйелік кемшіліктері анықталды.4 объектіде (19 факт) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне берілді.Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке – 1 442,9 мың теңге, есепке алу бойынша қалпына келтіруге – 5 371,1 мың теңге өтелуге жатады.Аудит барысында және отырысқа дейін – 1 243,0 мың теңге өтелді, есепке алу бойынша – 5 371,1 мың теңге немесе 100 % қалпына келтірілді.Өтеуге қалдық 199,9 мың теңге.Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал ететін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/press/news/details/974525?lang=kk
Ұлттық қор - балаларға: 2024 жылдың қорытындысы бойынша жас отандастарымызға қанша қаражат есептелді 15.04.2025
Ұлттық қор - балаларға: 2024 жылдың қорытындысы бойынша жас отандастарымызға қанша қаражат есептелді2024 жылдың қорытындысы бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балаларға кезекті нысаналы талаптар есептелді. 2025 жылы 18 жасқа толатын жасөспірімдердің нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтар есепке алынды.Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. 2025 жылы есептелген бір балағаарналған нысаналы талаптардың сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны туралы деректерге және балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың 888794506 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы сомасы туралы ҚР Ұлттық Банкінен алынған ақпаратқа сүйене отырып есептелді. Есепті жыл үшін барлық балаларға бірдей сома есептелді, оның мөлшері бір балаға 129 АҚШ доллары 38 центіне тең.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/974507?lang=kk
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті 15.04.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты.Фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей халықаралық жобалар ұйымдастырылуда.Фестивальдің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов министр Аида Балаеваның құттықтау сөзін оқыды.«Бүгінгі байқау тек шығармашылық жарыс емес, жас әртістердің өнер арқылы ата-бабаларының ерлігіне құрмет пен ризашылық білдіруге мүмкіндік беретін маңызды оқиға», – делінген құттықтау хатта.Гала-концерт барысында фестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды:- Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанованың жүлдесін Анастасия Третьякова (Қазан, Ресей) иеленді.- «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриеваның жүлдесі – Абай Юсуповқа (Астана, Қазақстан) берілді.- «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың жүлдесі – Елизавета Трашковаға (Ташкент, Өзбекстан) табысталды.- Қазақстан халқы Ассамблеясының жүлдесі – Давид Компанецке (Астана, Қазақстан) берілді.- «Astana Tourism» Туризмді Дамыту Орталығының жүлдесі — Ирина Капустинаға (Минск, Беларусь) табысталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974492?lang=kk
4 мамырдан бастап Новосібір – Өскемен бағыты бойынша әуе рейстерінің жиілігі артады 15.04.2025
Өскемен мен Новосібір арасындағы әуе қатынасы бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі. 4 мамырдан бастап осы бағыттағы рейстер саны аптасына үштен төртке дейін көбейеді.Жаңа кестеге сәйкес, ұшақтар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Жолаушыларды S7 Airlines әуе компаниясы тасымалдайды.«Рейстер жиілігінің артуы – бұл халықаралық бағыттағы жолаушылар белсенділігі мен сұраныстың өсуіне берілген жауап. Біз әуе қатынасы географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз және жақын уақытта жаңа бағыттардың ашылатыны туралы хабарлаймыз», — деді Өскемен әуежайының президенті Серік Оразғалиев.Еске салайық, Өскемен мен Новосібір арасындағы тұрақты рейстер пандемиядан кейін қайта жанданды. Жыл сайын бұл бағытқа туристер мен іскерлік орта тарапынан қызығушылық артып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/974486?lang=kk
Өскемен қаласында жолдарды шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасуда 15.04.2025
Өскемен қаласында жолдарды шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасуда📍 Байтерек көшесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/974481?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізу жоспарланған: ағымдағы жылдың 25 сәуірден 30 мамырына дейін.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: ru.nysanbaev@dsm.gov.kz, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-shymkent/press/news/details/974421?lang=kk
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Шараның басты мақсаты – екі дөңгелекті көлік құралдарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын болдырмау.Жол жүрісі әрқашан қырағылық пен абай болуды талап етеді. Өткен жылмен салыстырғанда, аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға, ал жарақат алғандардың үлесі 61%-ға артқан. Бұл жағдайлардың көбісі қайғылы салдарға әкеліп соғуда.Сондықтан да, жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтау аса маңызды. Көлік жүргізушілері өздерінің өмірлеріне ғана емес, көлік ішіндегі адамдардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін әрдайым есте ұстауы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/974418?lang=kk
Бос лауазымдарға өткізілген конкурс жеңімпаздары 15.04.2025
№Аты-жөні, әкесінің атыЛауазымы 1 Имаканов Ерлан ТурсынкалиевичҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіАтырау облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары2 ЭкзековАдлет Дулатович Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіжылу желілері мен қазандықтарды бақылау басқармасының бас сарапшысы Конкурстық комиссияның хатшысы А. Омарова2025 жылғы 11 сәуірАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/974417?lang=kk
БҚДА АНАЛИТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУДЕ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) қызметкерлеріне арналған деректер талдауы бойынша оқыту бағдарламасы аяқталды. Бағдарламаның мақсаты – Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің аналитикалық құзыретін дамыту.Оқыту барысында БҚДА-ның 50 қызметкері деректер базасымен жұмыс істеу, Python тілінде бағдарламалау және ақпаратты визуализациялау сынды заманауи талдау құралдарын меңгерді. Бағдарлама онлайн дәрістерді, практикалық сабақтарды және нақты кейстерді талдауды қамтыды.Алынған дағдылар қызметкерлерге нарықтағы жағдайды дәлірек және жедел талдауға, негізделген шешімдер қабылдауға және нарықтағы өзгерістерге тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.Оқу аясында сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі Астана қаласында өтті. Қатысушыларға сертификаттарды БҚДА Төрағасы Марат Омаров пен Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы елдік директоры Кумар Утсав табыс етті. Агенттік басшылығы АДБ-ға аталмыш бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта Агенттіктің институционалдық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында осындай бағдарламалар жалғасын табатынын атап өтті.Оқыту бағдарламасы Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/974413?lang=kk
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» туралы № 271 бұйрығына сәйкес басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне 14.04.2025-26.05.2025 жыл аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі. 15.04.2025
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» туралы № 271 бұйрығына сәйкес басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне 14.04.2025-26.05.2025 жыл аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі.Егер де, Сізде басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс пікірлеріңіз болса төмендегі көрсетілген электронды мекенжайға жолдауды сұраймыз.Тел: .: 8(7252) 36-51-52, +7 775 714 51 77;Эл почта: kadr_sport@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/974409?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ 15.04.2025
Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.Өнертабыс эксперименттік механика түріне жатады. Эксперимент қорытындыларын жол саласымен қатар басқа салаларға да қолдануға болады. Ұсынылған құрылғылар материалдардың созылу кезіндегі механикалық сипаттамасын анықтауға арналған. Сондықтан, осы тектес циклды, үнемі немесе сатылап түсетін салмақтан болатын сырғығыштыққа және ұдайы жылдамдық салмағынан болатын өзгерістерге қатысты да зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.Құрылғылардың айырмашылығы тек қана зерттелетін үлгінің жұмыс температурасына байланысты, яғни ҚҰРЫЛҒЫ-1 зерттеулерді -30 ±1ºС до +20 ±1ºС температурасында жүргізсе, ҚҰРЫЛҒЫ-2 +20 ±1ºС до +60 ±1ºС температураларында жүргізеді. Басқа айырмашылығы жоқ, сынақтардың жүргізілуі бірдей.Себебі, сырғығыштық пен релаксацияға сынақ жүргізу — тұтқыр серпімді материалдардың механикалық сипатын анықтаудың негізгі әдістемесі екендігі баршаға мәлім.Асфальтбетон автомобиль жол жамылғысы құрылымының негізгі материалдарының бірі болып келеді. Асфальтбетонның механикалық сипаты оған түскен күштің әсеріне, жылдамдығы, ұзақтығы, көлемі мен температурасына қатты тәуелді. Нақты жол жағдайында жол жамылғысының асфальтбетонды қабаттарындағы температура қоршаған орта температурасының өзгеруіне, автокөлік доңғалақтарынан түскен салмаққа, олардың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты көлемді шамада өзгеріп тұрады. Cондықтан, асфальтбетонның механикалық сипатын анықтау барысында жоғарыда аталған факторлар өзгерістерін ескерудің практикалық маңызы зор.Осы жаңа құрылғылар негізінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарының жұмыс жағдайының шарттарын жасауға септігін тигізеді.Аталмыш құрылғы өзіндік бастама негізінде құрастырылып, іске қосылды. Осы өнертабысқа тапсырыс 06.10.2017 жылы жіберіліп, бүгінгі күні аталған тапсырысқа оң нәтиже берілетіндігі туралы хабарландыру алынды.Қазіргі кезде «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да осы аталған жаңа құрылғылардың көмегімен экспериментті зерттеулер жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24546?lang=kk
Назар аударыңыз! «CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап «CargoRuqsat» автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде (бұдан әрі-ЭКЖ) бір автокөлік құралымен кезекті бірнеше рет брондау жағдайларын болдырмауға бағытталған жаңа функционалды енгізді.Бұған дейін кейбір тасымалдаушылар бір VIN-коды бар, бірақ әртүрлі тіркеу нөмірлерімен автокөліктерге бронь жасаған жағдайлар анықталған. Сондай-ақ, бір өткізу пунктінде белсенді бронь болған кезде басқа өткізу пунктінде бронь жасау мүмкін емес екендігі туралы шағымдар түскен.Осыған байланысты, енді жүйе бронь жасау кезінде автокөлік құралының VIN-кодын автоматты түрде тексереді. Егер АТС-тің белсенді броні бар болса, жаңа бронь жасау мүмкін болмайды, ал жаңа бронь жасау үшін алдымен алдыңғысын жою қажет.Белсенді броньды қалай жоюға болады?Егер сізге жаңа бронь жасау үшін белсенді броньды жою қажет болса, ЭКЖ әкімшісінің электрондық поштасына (cargoruqsat@gmail.com) келесі құжаттарды жіберіңіз:• Көлік құралының техникалық паспортының көшірмесі;• Көлік иесінің төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін – компанияның құрылтай құжаттары).Басқа кабинет арқылы жасалған броньды жою:Егер бронь басқа жеке кабинет арқылы жасалған болса, оны жою үшін cargoruqsat@gmail.com электронды поштасына жоғарыда көрсетілген құжаттарды жіберу қажет.Жаңа функционал кезекті әділ бөлуді қамтамасыз етуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Тасымалдаушылардан осы өзгерістерді ескере отырып, өз бағыттарын жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/974353?lang=kk
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат 15.04.2025
№Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жоспарланған тақырыбыҚаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)Ақпарат көзі көрсетілген негіздемеХалықтың мақсатты тобыКүтілетін нәтиже1«Дұрыс таңдау жаса!»10 000 0002024жылғы 02 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы 14 жастан 35 жасқа дейін жастарЖастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, өнеркәсіптік және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметімен танысу2"Жасыл ел" қалалық еңбек жасақтары штабының қызметі шеңберінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуды ұйымдастыру183 324 2072024жылғы 02 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы 14 жастан 35 жасқа дейін жастар"Жасыл ел" қалалық еңбек жасақтары штабының қызметі шеңберінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуды ұйымдастыру3Қарағанды қаласы әкімінің кубогына арналған "Жайдарман " фестивалі5 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарҚарағанды қаласы әкімінің кубогы мен студенттік командалар лигасы фестивалін өткізу4"Абырой "(техникалық ерекшелікке сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу)10 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарЖастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу5"Salauatty ómir saltyn tańda"жобасын ұйымдастыру18 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарНашақорлыққа, алкогольге және темекіге тәуелділік проблемасы төңірегінде ақпараттық өрісті кеңейту және жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру6Qaragandy student fest17 500 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарТалантты студенттерді анықтау және қолдау.Студенттердің жеке және кәсіби өсу процесінде шығармашылық қабілеттерін жандандыру7Организация и проведение награждения городского этапа национального конкурса «Мерейлі отбасы»4 000 000МЕҰ ұсыныстары / ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру14 жастан 35 жасқа дейін жастарОтбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 2025 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-vnutrenney-politiki-karagandy/press/news/details/974343?lang=kk
⚜ Тараз қаласында өткен FUTURE STARS атты халықаралық шығармашылық байқауында Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің қатысушылары жекелей өнер көрсетіп, жүлделі орын иегерлері атанды. 15.04.2025
⚜ Тараз қаласында өткен FUTURE STARS атты халықаралық шығармашылық байқауында Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйіне қарасты Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің қатысушылары жекелей өнер көрсетіп, жүлделі орын иегерлері атанды. Атап айтқанда; Ақыртөбе орта мектебінің 5 сынып оқушысы Нұржан Еркежан Бауыржанқызы А.Сұлтанбековтың <<ДОМБЫРА>> әнін аспапта орындап екінші орын иеленсе,Ақыртөбе орта мектебінің 5 сынып оқушысы Саматұлы Алтай Құрманғазы Сағырбайұлының <<БАЛБЫРАУЫН>> күйін орындап бірінші орынды қанжығалады. Сонымен қатар, Ақыртөбе орта мектебінің 6 сынып оқушысы Алтынбек Нуриддин Қ.Сағырбайұлының <<АДАЙ>> күйін орындап, бас жүлде иегері атанды. 🔹Н.Алтынбектің бұл кезекті төртінші байқауы болса, Е.Бауыржанқызы мен А.Саматұлының музыкалық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша, мұндай дәрежедегі байқауда алғашқы қадамдары болып саналады. 🔸56 қатысушының арасынан озық атанған өнерпаздардың жетекшісі Сандуғаш Жеңісқызына зор алғыс білдіреміз! Марапаттарыңыз құтты болсын! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-akyrtobe/press/news/details/974316?lang=kk
Қала тұрғындарына арналған сауалнама 15.04.2025
Құрметті қала тұрғындары!Акимдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу нәтижелерін талдау аясында халық арасында сауалнама жүргізілуде.Сіздерді сауалнамаға қатысып, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз.Сауалнамаға қатысу сілтемесі:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfMt0XAWyOsiZoecG7ZC1PLUxyu0pAukPATCn7BHyX6Q_XGNQ/viewformАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/974298?lang=kk
5 қабатты 28 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысын сату 15.04.2025
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, 74 орам, Гагарин көшесі, 70/2 мекенжайында орналасқан 5 қабатты 28 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысын сату туралы хабарлама Мемлекеттік реестр порталында (https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/292676037490000000) 10.04.2025 ж. жарияланды. Бастапқы бағасы 209 811 274 теңге. Кепілдік жарнасы 31 471 692 теңге Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні 29.04.2025 ж. 09:55.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-zhezkazgan/press/news/details/974292?lang=kk
Өрт сөндірушілер төтенше жағдайды тез арада жеңді 15.04.2025
Өскемен қаласында, Сәтбаев даңғылында тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан сауда-сервистік компанияның кеңсесінде өрт болды. Жиһаз, кеңсе жабдықтары жанып жатты.ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері өртті 9 шаршы метр алаңда жедел тоқтатты.ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.Өрт дабылының міндетті түрде жарамды күйде болуы тиіс. Өрт кезінде дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/974287?lang=kk
Ешкім ұмытылмас, ештеңе ұмытылмас 15.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы жақындап келеді. Ардагерлерімізді есте сақтау, құрметтеу және қорғау, қамқорлық пен көңіл бөлу маңызды.Өскемен қаласы ТЖ басқармасының жеке құрамы "Jastar OSKEMEN" волонтерларымен бірлесе отырып, "Ардағым ардагерім" акциясына қатысып, 12 жасынан бастап тылда Жеңіске жету үшін жұмыс істеген тыл ардагері Нұрғатия Төкежановаға барды.Соғыс жылдарын бірге еске алып, оның үйінің аумағын тазалауға көмек көрсетті.Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақта өткенге, Ұлы Жеңіс күніне құрмет пен естелікті тәрбиелейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/974281?lang=kk
АРМАН ПАРИТОВ 15.04.2025
Жарияланған күні Жобаның атауы11.04.2025Атырау қаласы, Надежда Крупская көшесі, №42-А мекенжайындағы көпфункционалды ойын-сауық кешені Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/974272?lang=kk
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама: өзекті сұрақтарға жауаптар 15.04.2025
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама – бұл адамның сотталғаны немесе сотталмағаны туралы ресми құжат. Ол жұмысқа орналасу, виза алу немесе басқа да заңды рәсімдер кезінде қажет болуы мүмкін. Бүгін біз анықтама алу бойынша пайдаланушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарын жинап, оларға жауаптар дайындадық:- eGov.kz және eGov Mobile арқылы анықтаманы қалай алуға болады?- Құжаттың жарамдылық мерзімі қандай?- Елтаңбалы мөрі бар (апостиль қойылған) анықтаманы қалай алуға болады?- Балаға анықтама алуға бола ма?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/974261?lang=kk