Enbekshi QazaQ

Қоғам

Самар ауданында «Таза Қазақстан» науқаны аясында тазалық күні өтті. 21.09.2026
Самар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.Экологиялық акцияға ауданның барлық ауылдық округтері қатысты. Көшелер мен қоғамдық аумақтарды тазалауға мемлекеттік қызметшілер, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары мен ұжымдары, сондай-ақ ауыл тұрғындары — барлығы 600-ге жуық адам шықты.Сенбілік барысында елді мекендердің аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Аудан бойынша 800 қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды.Экологиялық акция қорытындысы бойынша шамамен 10,5 тонна қоқыс жиналды.Мұндай шаралар елді мекендерді абаттандырумен қатар, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1295308?lang=ru
Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі? 21.09.2026
Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі? Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы.Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ бұл теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1295258?lang=ru
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады? 21.09.2026
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады? Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.БЖЗҚ – зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт, оның  100% акциясы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті.БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР ҰБ және/немесе ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады, сондай-ақ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, яғни «24/7» режимінде толық көрсетеді.Бұдан бөлек, БЖЗҚ салымшылары үшін заманауи цифрлық ресурс ретінде ақпараттық интернет-платформа (invest.enpf.kz) іске қосылды. Ол барлық басқарушылардың (ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.Invest.enpf.kz платформасы кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы динамикада активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша көрсеткіштерді салыстыруға болады.Осы платформа арқылы салымшылар:инвестициялық портфельдердің құрылымымен;әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерімен;инвестициялық құралдардың құрамымен;түрлі басқарушылардың салыстырмалы сипаттамаларымен;инвестициялық декларациялармен және басқару стратегияларымен таныса алады. Сонымен қатар инвестициялық қызмет туралы ақпарат enpf.kz сайтында және invest.enpf.kz интернет-платформасында тұрақты түрде жарияланып, жаңартылып отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1295253?lang=ru
Зейнетақы активтерін кім басқарады? 21.09.2026
Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және инвестициялық кіріс алу.Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың өздерінің инвестициялық стратегиялары бар және олар инвестициялық декларация шеңберінде инвестициялық портфельдің құрылымын дербес айқындайды.ИПБ-лардың қолданыстағы тізіліміне қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы зерделеуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1295246?lang=ru
Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді? 21.09.2026
Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді? Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген.2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Егер қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына бере алатын болса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтары сияқты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да толық көлемде ИПБ-ның басқаруына бере алады.Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ түрлі инвестициялық портфельдерді, яғни зейнетақы активтерін басқару үшін ИПБ ұсынатын инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл стратегиялар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді.Ақшаны ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті, invest.enpf.kz интернет-платформасы арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1295248?lang=ru
Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі? 21.09.2026
  Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі? Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді» деп көзделген.Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі.Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1295234?lang=ru
«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті 21.09.2026
«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті? 2026 жылғы қыркүйектің 16 күні «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) ұйымдастырған кезекті Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz порталы» тақырыбына арналды.Кездесу қатысушыларына 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару бойынша стратегиялар мен портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер туралы толық ақпарат ұсынылды.Осы өзгерістерге сәйкес салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Жаңа мүмкіндіктердің жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыруға бағытталғаны, бұл ретте ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен кірістілік тарихы бар ИПБ-ны таңдау мүмкіндігі берілетіні түсіндірілді.Қатысушыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өз жинақтарының сенімгерлік басқаруға берілетін көлемін өз бетінше айқындай алатыны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны, бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдай алатыны айтылды.БЖЗҚ мамандары салымшыларға ыңғайлы болу үшін іске қосылған, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасымен де таныстырды. Платформа кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы деректерді динамикада салыстыруға, барлық сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ) басқаруындағы портфельдер бойынша түрлі көрсеткіштерді салыстырып, зерделеуге мүмкіндік береді. Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүдделерін ескере отырып басқарушы мен оның инвестициялау стратегияларын өз бетінше таңдай алады.Сондай-ақ ИПБ басқаруына берілген зейнетақы жинақтарын қорғау тетіктеріне қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.Кездесу барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары жаңашылдықты енгізу талаптарын түсіндіріп қана қоймай, ИПБ-ны қалай дұрыс таңдау және зейнетақы жинақтарын қалай аудару керектігін айтып, қатысушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің отандық зейнетақы жүйесіне қатысты басқа да сұрақтарына жауап берді.«Ашық есік күніне» қатысушылардың пікірінше, кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қызу пікірталастармен ерекшеленді. «БЖЗҚ» АҚ өкілдері Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістердің барлық ерекшеліктерін түсінікті әрі қолжетімді түрде түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1295214?lang=ru
Астанада зейнеткерлер арасында би фестивалі өтті 21.09.2026
Қарттар күні қарсаңында Астанада аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын ұстануына және шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған «Әсем қимыл – әдемі ғұмыр» би фестивалі өтті.Іс-шараны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырды. Фестивальге елорданың алты ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде қызмет алатын зейнеткерлер қатысты.Қатысушылар ұлттық, классикалық және заманауи би бағыттарымен қатар, әлем халықтарының билерін орындап, өз өнерлерін ортаға салды.Фестивальдің негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенді әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыруға жағдай жасау, олардың физикалық және әлеуметтік белсенділігін қолдау, шығармашылық әлеуетін дамыту және әлеуметтік байланыстарын нығайту.Фестиваль қорытындысы бойынша бірінші орынды Сарайшық ауданынан келген «Сымбат» би тобы иеленді. Екінші орын Есіл ауданының «Ханшайым» тобына, үшінші орын Сарыарқа ауданының «Сарыарқа» тобына берілді. Сондай-ақ фестивальге қатысқан өзге де ұжымдар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.Мұндай іс-шаралар – Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бұл орталықтарда аға буын өкілдеріне өзара қарым-қатынас орнатуға, шығармашылықпен айналысуға, дене белсенділігін арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік беріледі.Бүгінде Қазақстанда 132 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Оның 6-уы Астана қаласында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1295195?lang=ru
Лауазымға тағайындау 21.09.2026
2026 жылғы 9 қыркүйектегі Абай ауданы әкімінің өкімімен «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Абдрахманова Ирина Михайловна тағайындалды.Жаңа қызметінде Ирина Михайловна бөлімнің қызметіне басшылық жасап, Абай ауданы тұрғындарын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік шараларды іске асыратын болады.Ирина Михайловнаға жұмысына табыс, кәсіби жетістіктер және аудан тұрғындарының игілігі жолындағы қызметінде жоғары нәтижелер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1295186?lang=ru
310 мыңнан астам электрондық еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жұмыс берушілерге HR Enbek арқылы жолданды 21.09.2026
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастары саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуды жалғастыруда. Осындай құралдардың бірі – 2024 жылдан бастап HR Enbek ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін «Аурухана парақтары» сервисі.Сервис жұмысшыларға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы мәліметтерді электронды форматта алуға және тиісті құжатты жұмыс берушіге онлайн режимде жолдауға мүмкіндік береді.Аурухана парақтары туралы мәліметтер HR Enbek жүйесіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен түседі. Осының арқасында жұмысшы электрондық құжатқа жүйе арқылы қол жеткізіп, оны жұмыс берушіге қағаз нұсқасында тапсырмай-ақ жолдай алады.Сервисте аурухана парағын PDF форматында қарау және жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған. Электрондық құжатта оның түпнұсқалығын растауға мүмкіндік беретін QR-код бар. Сондай-ақ аурухана парағын HR Enbek арқылы тікелей жұмыс берушіге, жұмыс орнына немесе бухгалтерияға жеке бармай-ақ жолдауға болады.Бүгінгі күнге дейін сервис арқылы жұмысшылар жұмыс берушілерге 310 187 электрондық еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жолдаған.«Аурухана парақтары» сервисін дамыту жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы әрі жедел етуге мүмкіндік береді. Қажетті мәліметтер денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерінен электрондық форматта түседі, ал электрондық құжатта оның түпнұсқалығын тексеруге арналған QR-код бар. Бұл ретте жұмысшы аурухана парағын тапсыру үшін жұмыс берушіге немесе бухгалтерияға жеке барып жүрмейді. Мұндай формат уақытты үнемдеуге және қағаз құжат айналымын қысқартуға ықпал етеді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.«Аурухана парақтары» сервисі HR Enbek цифрлық экожүйесінің бір бөлігі болып табылады. Ол кадрлық процестерді одан әрі жеңілдетуге, құжаттарды алу және жолдау үдерістерін ыңғайлы етуге, сондай-ақ жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар үшін мемлекеттік және еңбек қызметтерінің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған еңбек және жұмыспен қамту саласындағы цифрлық сервистерді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1295185?lang=ru
2026 жылғы 21 қыркүйекте Шымкент қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда. 21.09.2026
2026 жылғы 21 қыркүйекте Шымкент қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлердің жолын кесуге әзірлік деңгейін тексеру.Азаматтардан сабыр сақтауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және оқу-жаттығу экспериментіне қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-қимылдарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
«МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ» АКУСТИКАЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ! 21.09.2026
Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қолдауымен және Ақтөбе студенттерінің Альянсы жастарымен бірлесе отырып, «Музыкалық терапия» атты акустикалық кеш өтті.Кеш барысында қатысушылар жанды музыка тыңдап, әсем әуеннің құшағында ерекше әсерге бөленді. Жастар көтеріңкі көңіл күй мен рухани демалыс сыйлаған әсерлі кештің куәсі болды.Музыкаға толы бұл кеш жастардың басын қосып, олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1295129?lang=ru
2025 жылғы мүлік салығы: төлеу мерзімі - 1 қазан 21.09.2026
    Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын **2026 жылдың 1 қазанына дейін** төлеу қажеттігін еске салады.    Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында, әрбір объект бойынша сомалардың толық жіктелуі көрсетілген PUSH-хабарламалар келді.    Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:    - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;    - банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;    - банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасы арқылы.     Назарларыңызға салынады: 2026 жылдың 2 қазанынан бастап берешегі жойылмаған меншік иелеріне тиісті хабарламалар жіберіледі. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады; ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларына беріледі.    Департамент осы рәсімнен аулақ болу үшін салықты уақытылы төлеуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-atyrau/press/news/details/1295112?lang=ru
«Жосалы» теміржол вокзалы заманауи талапқа сай жаңартылды 21.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында қайта жаңғыртылған «Жосалы» теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.«Жосалы кентінің іргесі жиырмасыншы ғасырдың басында теміржол станциясы ретінде қаланып, 1905 жылы салынған станцияға «Жосалы» атауы берілген. Бұл нысан «Орынбор – Ташкент» теміржол магистралінің бойында орналасқандықтан, сол кезеңнен бастап жолаушы және жүк тасымалында маңызды қызмет атқарған.Теміржолдың салынуы Жосалы кентін экономикалық және әкімшілік орталық ретінде қалыптастырды.Тарихи кезеңдерде өңірдің ғана емес, елдің өндірістік дамуындағы маңызды көлік нысаны болды. Ғасырдан астам уақыт бойы жолаушылар мен теміржолшыларға қызмет еткен бұл тарихи ғимараттың күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыруы – өткен мен бүгінді жалғаған маңызды қадам», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Салтанатты шарада теміржол саласының, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген мердігер мекеменің қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Құрылтай депутаты Нұркен Бақытбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Асқар Мереков ақ батасын берді.«Жосалы» теміржол вокзалының тарихы өткен ғасырдың басынан басталады.«Орынбор-Ташкент» теміржолы қазақ даласын бойлай өтіп, Орта Азия мен Ресейді байланыстырған, халықтың жол қатынасы жеңілдеген уақыттан бері Сыр бойындағы негізгі теміржол нүктелерінің бірі саналады.Кеңес дәуірінде станция маңында теміржолшыларға арналған үйлер, шеберханалар, қызметтік ғимараттар салынып, Жосалы теміржолшылар қалашығына айналды.Соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен нысан бүгінде толық жаңғыртылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды. Ауқымды жұмысты атқаруға 986 млн теңге қаржы қарастырылды. Аумағы 674,6 шаршы метр вокзалда тәулігіне 200 жолаушыға қызмет көрсетіледі.Ғимараттың қасбеті мен іргетасы қапталып, төбе жабындысы мен есік-терезелері ауыстырылды. Электр желілері монтаждалып, жылу жүйесі жүргізілді және перрон аумағы абаттандырылды.Жолаушылардың жайлылығы үшін күту залы, ана мен балаға арналған бөлме, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы бөлме қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1295069?lang=ru
Төретам теміржол вокзалы: тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды 21.09.2026
Бүгін Төретам теміржол вокзалының да ашылу салтанаты өтті. Оған Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Аймақ басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарға тоқталып, вокзалдарды заман талабына сай жаңғырту тұрғындар үшін де, аймағымызға келетін қонақтар үшін де маңызды екенін атап өтті.«Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабында орналасқан, өңірлерді бір-бірімен жалғаған маңызды көлік дәлізі. Облыс аумағынан 15жолаушы пойызы өтеді. Облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей,Түркістан қалаларына пойыз қатынайды.Бүгін – қасиет қонған, Қорқыт баба дүниеге келген Қармақшы ауданында қуанышты күн!Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызы зор жобалар – Төретам және Жосалы теміржол вокзалдарын пайдалануға береміз. Ел игілігі жолындағы барлық бастамаға сәттілік тілейміз!Сондай-ақ осы нысанды күрделі жөндеуден өткізуге үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз.Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Ергешбаев.Рәсімде Құрылтай депутаты Мағжан Ералиев сөз сөйлеп, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ақ батасын берді. Теміржол саласының және мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Төретам теміржол вокзалының тарихы Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу және қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Станция арқылы айлаққа қажетті құрылыс материалдары, жабдықтар және жүк тасымалданған.Жаңғыртылған вокзал тәулігіне 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Күрделі жөндеу кезіндеғимараттың қасбеті мен іргетасы қапталып, шатыр жабыны, есік-терезелері ауыстырылды. Электр желілері жаңартылып, жылу жүйесі жүргізілді,заманауи талапқа сай жабдықталды.Мұнда жолаушыларға арналған күту залы, мүгедектігі бар және балалы жолаушыларға арналған арнайы бөлмелер, медициналық пункт қарастырылған. Қайта жаңғырту жұмыстарына 1 млрд теңге қаржы бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1295062?lang=ru
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге – 30 жыл 21.09.2026
Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.Жиынға Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев, Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов, ардагерлер, колледж түлектері мен жеке құрамы қатысты.Салтанатты шара Шоқан Уәлихановтың бюстіне Құрмет қарауылының сүйемелдеуімен гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Колледждің оқу-жаттығу алаңында бірінші курс кадеттері Әскери ант қабылдап, кедергілер жолағында дене дайындығы мен әскери машығын көрсетті.Құрметті қонақтар колледжде қызмет еткен жылдарынан естеліктерімен бөлісті. Қарулы күштердің ардагері генерал-майор Жомарт Қуанғалиев оқу орнының құрылуы мен қалыптасуының бастауында тұрып, оның алғашқы бастығы болды. Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов әскери оқу орнын аяқтағаннан кейін лейтенант шенінде офицерлік қызмет жолын осы жерде бастады. Ал Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов колледжде кадет болды.– Отыз жыл – колледж тарихындағы маңызды кезең. Осы жылдар ішінде оқу орны әскери білім беру жүйесінің маңызды буынына айналып, мыңдаған білікті сержант мамандарын даярлады. Бүгінде колледж түлектері әскери бөлімдерде абыроймен қызмет етіп, жауапты лауазымдарда еңбек етіп, Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға үлес қосып келеді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов.Іс-шара барысында Шоқан Уәлихановтың мұрасы мен ғылыми-зерттеу қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ әскери техника, қару-жарақ, байланыс және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдары көрсетілді. Қонақтар казарма, медициналық пункт, спорт залы, кітапхана, FPV-дрондар сыныбы орналасқан зертханалық корпус пен колледж мұражайын аралады.Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылы құрылған. Алғашқы 63 кәсіби сержанттың оқу бітіру рәсімі 1999 жылғы 29 шілдеде өтті. Сол жылы колледжге Жауынгерлік Ту табысталып, 2000 жылы оқу орнына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.1996-2025 жылдар аралығында колледжде 4 мыңға жуық кәсіби сержант даярланды. Бүгінде мұнда әскери-кәсіби және дене даярлығымен қатар курсанттардың көшбасшылық, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға басымдық беріледі. Сондай-ақ әскери бөлімдерден келген сержанттардың біліктілігін арттыруға бағытталған курстық даярлық жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1295043?lang=ru
19 қыркүйек күні Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде волейболдан турнир өтті. 21.09.2026
Турнирге 1 жоғары оқу орны мен 9 колледжден барлығы 10 команда қатысып, өзара бақ сынады.🏆 Жарыс барысында командалар алаңда шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті. Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.🏐 Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.Нәтиже төмендегідей:1 орын - Ақтөбе индустриалды - кәсіптік колледжі2 орын - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті3 орын - Ақтөбе автожол колледжіҮздік байланыстырушы - Иванов ЭльдарАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1295046?lang=ru
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дүниежүзілік экономикалық форумның өкілдері Дитрих Джон және Марвен Гарбаамен кездесті 21.09.2026
Тараптар Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интеллект және цифрлық трансформация мәселелері бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның өңірлік алаңы ретіндегі даму мүмкіндіктерін қарастырды.Жаслан Мәдиев ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын ұсынып, мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні басқару тәсілдерін әзірлеу, халықаралық цифрлық инфрақұрылымды орналастыру үшін дата-орталықтарды және Data Embassy режимін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның GovTech саласындағы тәжірибесіне негізделген жасанды интеллект шешімдерін мемлекеттік басқаруға енгізу мәселелеріне тоқталды.Кездесуде жасанды интеллект, энергетика және ЖИ экономикасын дамытуға қажетті инфрақұрылымның өзара байланысына ерекше назар аударылды. Тараптар осы экожүйе аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, энергетикалық қуаттар мен дата-орталықтарды, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен халықаралық байланыстылықты дамыту, сондай-ақ жасанды интеллектке арналған тұрақты инфрақұрылым мен технологиялық құн тізбектерін қалыптастырудағы маңызды минералдардың рөлі қарастырылды. Сонымен қатар энергетика секторында жасанды интеллектіні қолдану және Қазақстанның энергетикалық, цифрлық және технологиялық әлеуетін жаһандық ИИ экожүйесіне ықпалдастыру мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған ынтымақтастық бағыттары бойынша диалогты жалғастырып, одан арғы практикалық қадамдарды пысықтауға келісті. Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның делегациясы Орталық Еуразия және әлемнің басқа да өңірлеріндегі технологиялық, цифрлық және жасанды интеллект салаларының көшбасшыларын біріктіретін халықаралық алаң ретінде AI & Digital Bridge форумының ауқымы мен тұжырымдамасын таныстырды. Осыған байланысты ДЭФ өкілдері 1–3 қазан күндері Астанада өтетін алдағы форумға қатысу мүмкіндігін қарастыруға, сондай-ақ болашақ іс-шаралар мен байланысты бастамалар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырылды.Сапар аясында делегация Халықаралық жасанды интеллект орталығы alem.ai-ға да барып, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан жасанды интеллект және технологиялар экожүйесімен, сондай-ақ Astana Hub, TUMO Astana және Tomorrow School қызметімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1295034?lang=ru
19 қыркүйек күні Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде шағын футболдан турнир өтті. 21.09.2026
Турнирге 1 жоғары оқу орны мен 13 колледжден барлығы 15 команда қатысып, жастар командалық біріншілікте өзара бақ сынады.🏆 Жарыс барысында командалар алаңда шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті. Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.⚽ Жарыс қорытындысы төмендегідей:Мини футбол1 орын - Ақтөбе индустриалды - кәсіптік колледжі2 орын - Ақтөбе құрылыс - монтаж колледжі3 орын - Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжіҮздік қорғаушы - Қанатбай ДінісламҮздік шабуылшы - Чингиз ЖанарысҮздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1295031?lang=ru