Қоғам
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды 14.03.2026
Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» республикалық акциясы басталды. Мерекелік науқан 13–23 наурыз аралығында ел аумағында өтіп, жүздеген сауда алаңын біріктіріп, тұрғындар мен ел қонақтары үшін көктемгі жаңару мен тиімді сауданың ерекше атмосферасын қалыптастыруда.Акция аясында сауда нысандары сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10–70 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынуда. Акциялық тауарлар арнайы мерекелік баға белгілерімен және навигациялық көрсеткіштермен белгіленген, бұл келушілерге жеңілдікпен ұсынылған тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.Акцияға шамамен 300 сауда субъектісі қатысуда. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 интернет-платформа бар. Қатысушылар арасында еліміздің ірі сауда желілері Magnum Cash&Carry, Small, Galmart, Анвар, Дина, Toimart, Астыкжан, Greenwich және басқалары бар. Акция барысында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Сауда орталықтарында қазақстандық компаниялардың өнімдері ұсынылған арнайы аймақтар ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтық бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылуда.Сатып алушылар да бірқатар тауарлар бағасының айтарлықтай төмендегенін атап өтуде.«Жеңілдіктер өте көп екенін көріп отырмын. Осы сауда желісінде акция арқылы 5 келі ұнды 1400 теңгеге сатып алдым, сондай-ақ көкөністердің бағасы да төмендеген — картоп пен сәбіз алдым. Шынымды айтсам, 100 теңгелік баға белгілерін бұрыннан көрмеп едім, бүгін шынымен мерекелік жеңілдіктер сезіледі», — деді елорда тұрғыны Ақбота Жақаева.Мерекелік көңіл күйді еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де толықтыруда. Мұнда тұрғындар жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады.«Nauryz Sale» акциясы Наурызды жалпыхалықтық мерекелеудің бір бөлігіне айналып, отандық бизнесті қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және қазақстандықтар үшін мереке қарсаңындағы сауданы одан әрі тиімді етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1181055?lang=kk
Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі өтті 14.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясындағы 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.Фестивальдің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру.Байқау барысында қатысушы отбасылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін таныстырды. Атап айтқанда, «Таныстыру» кезеңінде әр отбасы креативті таныстырылым жасап, өздерінің отбасы құндылықтары мен ерекшеліктерін көрсетті. «Отбасы — қуаныштың бастауы» кезеңінде қатысушылар ән, би және қолөнер арқылы отбасының өнерін паш етті.Сонымен қатар, «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңінде жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер арқылы мақал-мәтелдерді тауып, олардың мағынасын түсіндіру тапсырмасы орындалды. Ал «Салт-дәстүр – ұлттық рухтың тайқазаны» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері сахналық көрініс арқылы көрермен назарына ұсынылды.Фестиваль барысында кезеңдер арасында концерттік нөмірлер ұсынылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.Осындай игі шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы институтының маңызын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен рухани сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1181056?lang=kk
ЮНЕСКО алаңында Қазақстан исламофобияға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау білдірді 14.03.2026
Париж, 2026 жылғы 13 наурыз – ЮНЕСКО-да өткен «Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісімді нығайту және мәдениет пен білімді ілгерілету саласындағы тәжірибесі таныстырылды.Исламофобияға қарсы күрестің халықаралық күніне (15 наурыз) орайластырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, ЮНЕСКО мен Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілдері, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов өз сөзінде діни төзімсіздікпен күресте халықаралық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Білім беруді, ғылымды, мәдениетті және коммуникацияларды дамыту арқылы бейбітшілікті қолдауға арналған мамандандырылған БҰҰ агенттігі ретінде ЮНЕСКО төзімсіздіктің, нәсілшілдіктің және кемсітушіліктің барлық түрлеріне қарсы тұрудағы күш-жігерінің ажырамас бөлігі ретінде исламофобиямен күресте маңызды рөл атқарады», – деді отандық дипломат.Осыған байланысты ол іс-шараға қатысушыларға Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дінаралық және мәдениетаралық диалог үшін тұрақты платформа құрудағы рөлін ерекше атап өтті. Елші Қазақстандағы білім берудің сапасын, қолжетімділігін, цифрландыруын жетілдіру шаралары және азаматтарды әлеуметтік қолдау, соның ішінде Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан қайтарылған әйелдер мен балаларды қоғамға қайта интеграциялау тәжірибесі туралы айтты. Осы орайда еліміздегі практикалық жұмыс исламофобиямен және төзімсіздікдің басқа да түрлерімен күресудегі кең ауқымды шараларды жүзеге асыруға ықпал ететіні атап өтілді.Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру мен мәдениеттің қоғамдарында өзара түсіністік пен әртүрлілікті құрметтеуді ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.Сол күні кешке ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктері тіркелген дипломатиялық корпус пен Ұйымның Хатшылығы үшін бірлесе ауызашар өткізіп, іс-шара аясында өздерінің ұлттық тағамдары мен мәдени мұраларымен бейнематериалдарды таныстырды.Анықтама: ЮНЕСКО-да өткен «Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстел Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Түркияның бастамасымен өтті. 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 наурызды Халықаралық исламофобияға қарсы күрес күні деп белгілеу туралы қарар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1181036?lang=kk
Жалпыхалықтық коалиция өкілдері сауда саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады 14.03.2026
Жалпыхалықтық коалиция мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары ірі сауда желілерінің өкілдері және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституциядағы елеулі өзгерістерді талқыға салды. Жиынға жалпыхалықтық коалиция мүшесі Мария Утебаева, мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов пен профессор Венера Жексенбекова қатысты. Шараны ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ашып, жалпыхалықтық коалиция мүшелеріне елдегі маңызды құжатты сауда саласының өкілдерімен ашық талқылауға келгендеріне алғыс білдірді. «Біздің елімізде ашық әрі жетілген қоғам қалыптасты. Ұзақ уақыт бойы қоғамда жаңа Конституция жобасы талқыланып келеді. Бүгін біз референдум қарсаңында осы құжатты ашық әрі сындарлы түрде талқылап отырмыз. Алдағы жексенбіде әр қазақстандық азаматтық жауапкершілік танытып, өз ұстанымын білдіруі керек. Жаңа Конституция - бұл халқымыздың құқықтық коды», - деді министр.Мәжіліс депутаты Марат Башимов жаңа Конституциядағы Преризенттің жеті жылдық бір ғана мезгілге сайлануына тоқталды. Кешегі өткен Депутаттар форумында Президен Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл сауалға ерекше тоқталды. «Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда адамды қаралау оңай іске айналды. Жаңа Конститцуия жобасында әр азаматтың ар-намысын, қадір-қасиетін ерекше қорғау көзделген», - деді Марат Башимов. «Біз осы уақыт аралығында жай құжатты талқылап келген жоқпыз. Халық, билік, қоғам өкілдері осы уақыт аралығында ел үшін маңызды саяси құжат жобасын талқылап келеміз. Сонаулы күн ғана қалды. 15 наурз – әрбір қазақстандық үшін маңызды, тарихи күн болмақ», - деді профессор Венера Жексенбекова.Жиын барысында сауда саласының өкілдері мен министрлік қызметкерлері жалпыхалықтық коалиция мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Жиналғандар азаматтартың бостандығы мен құқығын қорғауда қандай өзгерістер болатынын, конституциялық реформадан қандай әлеуметтік-экономикалық өзгеріс күтілетінін, жаңа конститция жобасын даярлауда қандай халықаралық тәжірибе қолданылғаны, осы реформа аясында мемлекеттік қызмет саласында болатын өзгертер туралы сауал қойып, ашық диалог орнатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1180998?lang=kk
«ҚАЙСАР АРЕНА» СТАДИОНЫНДА OPEN AIR ФОРМАТЫНДАҒЫ ШАРА ӨТТІ 13.03.2026
Бүгін «Қайсар арена» стадионында жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air форматындағы шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, жалпыұлттық коалиция мүшесі Ақерке Искандерова қатысты.Аймақ басшысы мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындаудағы Конституциялық реформаның маңызына тоқталды.«Президентіміз «Халық Конституциясының жобасы ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегіне берік әрі мызғымас іргетас болады» деп атап өтті. Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Бұл – әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта мемлекеттігімізді нығайтатын маңызды қадам. Тәуелсіздігіміздің басты нышаны болатын жаңа құжатта Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы сақталған. Негізгі идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген, біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі қамтылған.Сындарлы сәтте ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Баршаңызды Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын! Еліміз аман, халқымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Жиында Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Нартай Сәрсенғалиев, Мақсат Толықбай, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, Қорқыт ата университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов сөз сөйледі.Сахна төрінде эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.«Қайсар аренаға» жиналған жұртшылық тек қана концерт тамашалаған жоқ, елдің ертеңі туралы ой бөлісті. Өз таңдауын жасаудың, ел болашағына үлес қосудың маңызын ұғынды. Референдум – демократиялық қоғамның ең басты тетіктерінің бірі. Сондықтан шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады. Бүгінгі кеш жауапкершілікті сезінетін белсенді жастардың, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың басын қосқан ерекше кездесу болды.@Қызылорда облысының баспасөз қызметі
Көрісу күні – Амал мерекесі 13.03.2026
14 наурыз — Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні ерекше мереке — Көрісу күні атап өтіледі. Бұл күн — жылы жүздесулердің, шынайы амандасулар мен ізгі тілектердің күні.Осы күні аудандық Мәдениет үйі қонақтарға есігін айқара ашты. Мәдениет үйінің жайлы фойесінде орталық кітапхана, өлкетану музейі, Тілдерді дамыту орталығы және мәдениет бөлімінің қызметкерлері жиналып, бір-бірін мерекемен құттықтап, қол алысып, құшақтасып, жылы лебіздерін білдірді.Көрісу күні — қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бұл күн үлкенге құрмет көрсетіп, туыс-жақындармен, көрші-қолаңмен қауышып, бір-біріне денсаулық, амандық, береке мен молшылық тілеумен ерекшеленеді. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, адамдарды жақындастырып, татулық пен бірлікті нығайтады.Мерекелік кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Қонақтар қызықты ойындар мен викториналарға қатысып, әндер шырқалып, ақжарма тілектер айтылып, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1180985?lang=kk
Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті 13.03.2026
Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті. Ауқымды іс-шара белсенді азаматтарды, ерекше балалардың ата-аналарын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Жастар ресурстық орталығында өткен форумның басты мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың отбасыларын қолдау, сондай-ақ білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік тұрғыдан өзін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.Форумды кедергісіз орта қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін «Arman Alemi» қозғалысы Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен және серіктес – «Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының қатысуымен ұйымдастырды. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба инклюзия саласында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдерді іздеуге арналған маңызды диалог алаңына айналды. Форум аясында сарапшылар мен әлеуметтік жобалар жетекшілерінің баяндамалары ұсынылып, мемлекет, бизнес және азаматтық сектор арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.Форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов іс-шараның маңыздылығына тоқталды.– Форумның басты мақсаты – ерекше жандарға қолдау көрсету, олардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіру және дарынды жастарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау. Қала әкімдігі мұндай бастамаларды әрдайым қолдайды. Өйткені олар баршаға тең мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыруға ықпал етеді, – деді ол.Іс-шараға жобаның авторы, мотиватор, әнші және қоғам белсендісі Салих Калиевтің қатысуы форумға ерекше әсер сыйлады. Ол өз сөзінде форумның басты идеясы – адамдарды шабыттандыратын және рухы мықты жандардың тәжірибе бөлісетін алаңы екенін атап өтті.– Бізді аяғанды ұнатпаймын. Иә, біз физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар болуымыз мүмкін, бірақ рухымыз шектеулі емес. Бұл форумға келген әрбір адамның артында үлкен еңбек пен өз-өзімен күрес жатыр. Менің мақсатым – біз мемлекетке пайдалы бола алатынымызды көрсету. Үнемі көмек сұрап, шағымдана беру дұрыс емес. Керісінше, қоғамға өз үлесімізді қосып, пайдалы болуға ұмтылуымыз керек. Өмір – әдемі, ал оны лайықты түрде сүре білу – әр адамның қолында, – деді Салих Калиев.Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум тең мүмкіндіктер, өзара құрмет пен қолдау құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды. Мұндай бастамалар Шымкент қаласында инклюзивті орта қалыптасып келе жатқанын және қоғам дамуына әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін көрсетеді.
ТОҚАЕВ ЕЛ ЖАСТАРЫНА: «СІЗДЕРГЕ ОТАНЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ БАР ЕКЕНІН БІЛДІРЕТІН ОРАЙЛЫ МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ» 13.03.2026
Президент Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді деп атап өтті.Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз.Қ.К.Тоқаев: «Барша азаматқа, әсіресе, жас отандастарымызға қарата арнайы үндеу жасағым келеді. Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, Сіздерге арналған.Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екеніңізді білдіретін орайлы мүмкіндік берілді. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңға үлес қосқан азаматтар ретінде ел тарихына өз есімдеріңізді жазып қалдыра аласыздар. Біраз уақыт өткен соң, өмір көріп, есейген шағыңызда: «Мен азаматтық парызымды орындадым. Елімнің жаңа Ата заңын қабылдауға өз үлесімді қостым» деп мақтанышпен айтуға толық құқыңыз бар. Қымбатты отандастар, Сіздердің таңдауларыңыз – бюллетень қағазындағы жай ғана белгі емес. Ол – нағыз Халық Конституциясы жобасына көрсеткен нақты қолдауыңыз. Жастар Қазақстанды дамудың даңғыл жолына салуға атсалысады.Күні ертең ынтымақ-бірлігі жарасқан, еңбекқор, заңға бағынатын, білім, ғылым, мәдениет және зайырлылық құндылықтары берік орныққан, жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлшегіне айналатын қоғам құру миссиясы Сіздерге жүктеледі. Сіздің дауысыңыз нағыз жасампаз отаншылдықтың, азамат ретінде ел келешегі үшін жауапкершілік арқалаудың қандай болатынын көрсетеді».Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев бүгінде 90 мыңнан астам жастарымыз шетелде кедергісіз білім алуда. Біз әр адамға зор мүмкіндік беретін елде өмір сүріп жатырмыз. Жақында өтетін референдум – сондай керемет мүмкіндіктің бірегейі. 15 наурызда әр азаматымыз Қазақ елінің жасампаздық жылнамасына өз қолтаңбасын қалдыра алады. Бұл – нағыз тарихи сәт. Мұндай сәт үнемі бола бермейді. Осы орайда, мен Қазақстан жастарына тағы да арнайы үндеу жасағым келеді.Референдумға белсене қатысу – ел тағдырына бей-жай қарамау деген сөз. Сол күні өз таңдауыңды жасау – туған елдің жарқын болашағын өз қолыңмен құру деген сөз.Уақыт өтеді, ал Қазақстан жаңа Конституцияның арқасында қарыштап дами береді. Көп ұзамай әлемдегі ең озық елдің біріне айналады. Сол кезде «Қастерлі Отанымды осы биікке жеткізген жолды таңдауға мен де атсалыстым» деп, мақтанышпен айта аласыздар. Ал, кейінгі буын өздеріңізге әрдайым ризашылығын білдіріп жүреді.
Қазақстан Елшісі Люксембург Ұлы Герцогіне сенім грамоталарын табыстады 13.03.2026
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Роман Василенко Люксембург Ұлы Герцогі Гийомға сенім грамоталарын табыстады.Герцог сарайында өткен аудиенция барысында тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Р.Василенко Ұлы Герцогке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум туралы ақпарат берді.Өз кезегінде Ұлы Герцог Гийом Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жолдап, Қазақстанның аймақтық және халықаралық саясаттағы артып келе жатқан рөлін атап өтті. Монарх Люксембургтің сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық салаларда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты тұрақты түрде дамытуда. Герцогтік Еуропаның жетекші қаржы орталықтарының бірі және еліміздің Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі болып табылады.Жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Люксембург әлемдегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін иеленеді. Халықаралық валюта қорының дерегі бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш 146 мың АҚШ долларын құраған. 2005 жылдан бері Люксембургтен Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың ағыны 3,7 млрд АҚШ долларынан асқан, бұл люксембургтік қаржы және инвестициялық құрылымдардың Қазақстан нарығына тұрақты қызығушылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1180982?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД жаңа қызметкерлеріне арналған маңызды семинар 13.03.2026
Басшының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Бейсенов Департаментке және оның аумақтық бөлімшелеріне алғаш және қайта жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін онлайн-семинар өткізді.ZOOM-кездесу барысында қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыратын негізгі тақырыптар талқыланды: ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын қатаң сақтау, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормалары мен қағидалары. Лудомания мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ойынға тәуелділік – бұл жай ғана жеке мәселе емес, бұл ашық айтылуы тиіс ауыр әлеуметтік салдарлар.– Мемлекеттік қызметті дұрыс бағдардан бастау керек. Біз ұжымдағы моральдық ахуалға қамқорлық жасаймыз және жаңа әріптестерімізге өздерінің кәсіби жолын сенімді бастауға көмектесеміз, – деп атап өтті Марат Бейсенов.Павлодар облысы бойынша МКД Адам ресурстары басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1180974?lang=kk
1 сәуірге дейін үлгеру: Павлодар облысының ӨКҚ-да көлік салығын төлеу ережелері түсіндірілді 13.03.2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жеке тұлғалардың 2025 жылғы көлік құралдарына салық төлеу мәселелеріне арналған брифинг өтті. Спикер ретінде өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Арман Уәлиев сөз сөйледі.Өз сөзінде Арман Уәлиев өңірдегі көлік иелеріне 2025 жылғы көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталатынын еске салды.Спикер 2 сәуірден бастап салықты төлемеген тұлғаларға берешек туралы хабарламалар жіберілетінін, ал кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептелетінін атап өтті.Өндіріп алу алгоритмі келесідей жұмыс істейді:- Хабарламаны алғаннан кейін салық төлеушіге қарызды өтеу үшін 30 жұмыс күні беріледі.- Талап орындалмаған жағдайда автоматты түрде салық бұйрығы қалыптастырылады (оны орындауға 5 жұмыс күні беріледі).- Егер бұйрық еленбесе, материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін Жеке сот орындаушыларының (ЖСО) палатасына беріледі.ҚР Салық кодексіне сәйкес, көлік салығын салық төлеуші дербес есептейді. Мұны электрондық сервистер арқылы жасау ең ыңғайлы жол:- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы («Калькуляторлар» бөлімі).- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz), «Көлік салығын есептеу» сервисі.2025 жылға арналған есептеу үшін 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге қолданылады. Сондай-ақ, калькуляторда көлікті іс жүзінде иеленген айлар санын, көлік түрін және қозғалтқыш көлемін көрсету қажет.Салық жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді. Екінші деңгейлі банктер немесе терминалдар арқылы төлеу кезінде келесі деректерді пайдалану қажет:- БЖК (бюджеттік жіктеу коды) – 104402;- ТМК (төлем мақсатының коды) салықтың негізгі сомасы үшін – 911;- Өсімпұл үшін ТМК – 912.Төлем жасау үшін техникалық төлқұжатта көрсетілген көлік құралының 17 таңбалы VIN-кодын (жеңіл көліктер үшін шанақ нөмірі немесе жүк көліктері үшін шасси нөмірі) білу қажет.Брифинг қорытындысы бойынша Арман Уәлиев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық түсініктеме берді. Павлодар облысы бойынша МКД-ның түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1180975?lang=kk
Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінің сотталушысына балалар үшін кейінге қалдырылды. 13.03.2026
38 жастағы отбасы тұрғыны ұрлық жасағаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесінде екі жыл алты ай жазасын өтеген. Мекемеге келгеннен кейін ол қызметкерлерге өзінің некеде екенін және үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын айтты: 13 және 10 жастағы екі ұл, сондай-ақ 8 жасар қызы. Олар жұбайымен 16 жылдан астам уақыт некеде тұрды. Жазасын өтеу кезінде ер адам алкогольді асыра пайдалану және қоғамға жат өмір салты салдарынан жұбайының ата-ана құқығынан айырылғанын, ал балалар 74 жастағы анасының қамқорлығына уақытша берілгенін білді. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, сотталған адам балалармен бүкіл уақыт бойы байланыста болды, оларға материалдық көмек көрсетті және оларды тәрбиелеу мен отбасын қалпына келтірумен жеке айналысу үшін оларға оралуға үмітін үзбеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі өзгерістердің арқасында сотталған адамға жазасын өтеуді бір жыл мерзімге кейінге қалдыру берілді. Заңның бұл нормасы отбасын сақтауға және сотталғандарды әлеуметтендіруге бағытталған, бұл ата-анаға балаларға оралуға, олардың өміріне, тәрбиесіне және қамтамасыз етілуіне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дәл осы өзгерістердің арқасында отбасын біріктірудің нақты мүмкіндігі пайда болды-балалар әкесін күтеді, ал ол өз кезегінде олардың болашағы үшін толық жауапкершілікті алуға дайын. Мінез-құлықты бақылау үшін сотталған адам Әуезов ауданының пробация қызметіне есепке қойылды. Қызмет қызметкерлері оған әлеуметтік бейімделу және толыққанды отбасылық өмірге оралу процесінде қолдау көрсетеді. - Мен әрқашан балаларымның мені күтіп тұрғанын білетінмін. Осы уақыт ішінде мен оларға қолымнан келгенше қамқорлық жасауға тырыстым, тіпті қиын жағдайда да. Қазір мен қаладағы ЖШС-нің бірінде жұмыс істеймін және жалақымның бір бөлігін балаларыма киім, азық-түлік сатып алуға және баспана төлеуге жұмсаймын. Мен оларға қайта оралғым келеді, күн сайын қасында болғым келеді, олардың тәрбиесімен айналысқым келеді және енді ешқашан қателеспеймін. Мен үшін бұл жай ғана кейінге қалдыру емес — бұл отбасын және өзін қайтарып алу мүмкіндігі", - деп бөлісті сотталған. - Заңнамадағы өзгерістер гуманистік көзқарасты қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда балалардың мүдделеріне және отбасын сақтауға басымдық беріледі. Біз сотталушының түзетуге ынталы екенін көріп отырмыз, сондықтан біздің міндетіміз — оның әлеуметтену үдерісін сүйемелдеу және оған тұрақты заңға бағынатын жолға түсуге көмектесу, — деп атап өтті Әуезов ауданы пробация қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Тұрарқанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1180946?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Мектепке дейінгі және мектеп білімi министрi Эъзозхон Каримовамен кездесті 13.03.2026
2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрі Эъзозхон Каримовамен кездесуі өтті.Тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өзара іс-қимылдың тұрақты оң серпіні атап өтіліп, мектепке дейінгі және мектеп білім беру жүйесін реформалау тәжірибесімен алмасудың, заманауи білім беру стандарттарын енгізудің, сондай-ақ оқушылар мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы айтылды.Кездесу барысында Елші білім беру саласының елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту сапасы қоғам мен мемлекеттің болашағын айқындайтынын ерекше атап өтті.Сондай-ақ академиялық байланыстарды нығайтуға, білім беру үдерістерін цифрландыруға, дарынды жастарды қолдауға, педагог кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және білім беруде инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Елші Министрді 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Іс-шара аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Балалар, жастар және климат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа практикалық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1180950?lang=kk
«Keden» ақпараттық жүйесінде жаңашылдықтар енгізілуде 13.03.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті.Іс-шара барысында «Электрондық декларация» модулінің «Тауарларды декларациялау» функционалдығын іске қосу, сондай-ақ «KEDEN» ақпараттық жүйесінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қамтамасыз етуді тіркеу, екі немесе одан да көп ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға арналған навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдауды қадағалау мәселелері талқыланды. Шара барысында кәсіпкерлердің қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1180963?lang=kk
Абай облысында сот талаптарын орындамаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. 13.03.2026
Абай облысының 35 жастағы тұрғыны кезекті вахтаға келіп, полиция қызметкерлерімен өту пунктінде ұсталды. жеке тінту кезінде ер адамнан есірткі заты — кептірілген марихуана бар қағаз пакет табылды. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сотталушыға сот шешімін орындамаудың құқықтық салдары, оның ішінде айыппұлды неғұрлым қатаң жаза шарасына — қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мүмкіндігі түсіндірілді. Алайда ер адам соттың талаптарын елемеді және белгіленген мерзімде айыппұл төлемеді. Нәтижесінде сот қоғамдық жұмыстарға айыппұл түріндегі жазаны 60 сағат мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сотталған Бородулиха ауданының пробация қызметіне тіркелді. Есепке қою кезінде онымен заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тәрбие және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында ер адам некеде тұрмайтынын және ата-анасымен бірге тұратынын хабарлады. Сот тағайындаған жазаны орындау үшін сотталған адам ауыл әкімдігіне жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта ол қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындайды — пробация қызметкерлерінің бақылауымен аумақты тазалау, қар тазалау және басқа да абаттандыру жұмыстарымен айналысады. - Мұндай алдын алу шаралары маңызды. Пробация қызметінің негізгі міндеті жазаның орындалуын бақылау ғана емес, сонымен қатар қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Қоғамдық жұмыстарға айыппұлды ауыстыру заңды ықпал ету шарасы болып табылады және соттың талаптарын елемеу сөзсіз қатаң жауапкершілікке әкеп соқтыратынының айқын мысалы болып табылады, — деп атап өтті Бородулиха ауданының пробация қызметінің бастығы Қаскен Бодаев. — Бұл жағдай мен үшін сабақ болды, бұл жағдай мені байыпты ойлауға мәжбүр етті. Мен заңның кез-келген бұзылуының салдары бар екенін түсіндім. Енді мен жағдайды түзетуге тырысамын және мұндай қателіктерге жол бермеймін, - деп бөлісті сотталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1180929?lang=kk
Аймақ басшысының Қостанай ауданына жұмыс сапары 13.03.2026
Бүгін аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай ауданына жұмыс сапарымен барды.Мемлекет Басшысының үш жыл ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ке дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы облыста жоспар бойынша орындалуда.«2024 жылы «Костанай бекіресі» серіктестігі жүзеге асырған жоба бойынша былтыр 15 тонна бекіре балығы өндірілді, бұл облыс тұрғындарының осы балық түріне деген сұранысының 35%-ін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде бұл теңдесі жоқ жоба», – деді облыс әкімі.Қазіргі уақытта серіктестік форель өсіру фермасын, оны өңдеу цехын және сақтауға арналған тоңазытқыш қоймасын салу жобасын жүзеге асырып жатыр.Ел Президенті азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаудың заманауи инфрақұрылымын құру қажеттілігін бірнеше рет атап өтті.Заречный ауылында «Халық Агро КСТ» ЖШС сыйымдылығы 5,2 мың тонналық микроклимат және желдету жүйелерімен жабдықталатын көкөніс сақтау қоймасының жобасын қолға алды. Сонымен қатар, серіктестік өз қаражаты есебінен жеміс сақтау қоймасын, өнімді өңдеу, жуу және брендтеу цехын және әлеуметтік қойма құрылысын жоспарлап отыр.Облыс бойынша жалпы сыйымдылығы 87 мың тонна болатын қоймалар бар, оның тек 46,5 мың тоннасы климаттық бақылау жүйесімен жабдықталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1180931?lang=kk
Мәдени үндестік: референдум мен Наурыз қарсаңындағы Люблянадағы мерекелік концерт 13.03.2026
Любляна, 2026 жылғы 12 наурыз – Любляна университетінің Музыка академиясының концерт залы ерекше мәдени шараның орталығына айналды. Словениядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Словения арасындағы достық пен өнерге арналған музыкалық кеш өтті. Концерт Любляна университетінің профессоры, танымал қазақ‑неміс виолончелисті Эльдар Сапараев және қазақстандық студенттерден құралған «Botti‑Celli» ансамблімен бірлесе ұйымдастырылды.Кешке дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстанның достары, Люблянаға келген шетелдік қонақтар, сондай‑ақ Словенияның іскер және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты. Олардың қатысуы залға шынайы мәдени бірлік пен өзара құрмет атмосферасын сыйлады. Бұл кеш Словенияда тұратын қазақстандықтар үшін ерекше мәнге ие болды, себебі ол 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында және көктемнің жаңаруын, бейбітшілік пен келісімді білдіретін Наурыз мерекесі алдында ұйымдастырылды. Классикалық музыкалық бағдарлама осы құндылықтарды айқын бейнелеп, көрермендердің жүрегінен терең орын алды.Концерт Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосылған тағы бір жарқын үлес болды. Музыкаға, шабытқа және достыққа толы бұл кеш өнердің адамдарды біріктіріп, өзара түсіністікке жол ашатын қуатты құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1180904?lang=kk
Шығыс Қазақстан әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі ITB Berlin 2026 көрмесіне қатысты 13.03.2026
Қазақстан 3-5 наурыз аралығында Берлин қаласында өткен әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі — ITB Berlin 2026 көрмесіне қатысты. Биыл көрмеге 166 елден 5 601 экспонент қатысып, қатысушылар саны шамамен 97 мың адамды құрады, бұл аталған алаңның халықаралық деңгейдегі жоғары мәртебесін тағы бір мәрте айқындай түсті.Көрмеге қатысқан қазақстандық делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысы да ұсынылды. Өңір атынан Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит қатысты. ITB Berlin алаңында ШҚО-ның еліміздегі ең көркем әрі өзіндік ерекшелігі бар өңірлердің бірі ретіндегі туристік әлеуеті таныстырылды.Шығыс Қазақстанның таныстырылымы аясында шетелдік аудиторияға өңірдің бірегей табиғи және туристік ресурстары ұсынылды: айбынды Алтай таулары, көлдер, ормандар, бай биоалуантүрлілік, белсенді демалысқа, экологиялық, тау, су және сауықтыру туризміне арналған мүмкіндіктер. Мақалада өңір аумағының шамамен 40%-ы қорғалатын аумақтар екені, сондай-ақ облыстың жаяу туризм, атпен серуендеу бағыттары, велотуризм, тау шаңғысы және су туризмі үшін ерекше тартымды екені атап өтілген.Халықаралық алаңда Шығыс Қазақстанның табиғи көрікті жерлерін, оның ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысанына кіретін Алтай мен Мұзтау (Белуха) тауын ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өңірдің бай дәстүрлері, сан алуан ландшафтары және жыл бойғы туризмді дамытуға кең мүмкіндіктері бар бірегей аумақ екені атап өтілді.ITB Berlin көрмесіне қатысу Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетудегі, іскерлік байланыстарды кеңейтудегі және өңірдің шетелдік туроператорлар мен кәсіби туристік қауымдастық арасындағы танымалдығын арттырудағы маңызды қадам болды.https://daz.asia/blog/kasachstan-auf-der-internationalen-tourismusb-rse-itb-in-berlin/?fbclid=PAZnRzaAQfPgpleHRuA2FlbQIxMQBzcnRjBmFwcF9pZA8xMjQwMjQ1NzQyODc0MTQAAaet0c21elFoJSvD-MBwnsal4jZsiXIir8J5NwmVMEvvWav7og3G9lf0eik4Ww_aem_UgIisekyh6pVh26eIkq4eAАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1180840?lang=kk
Almaty Management University-де жаңа ректор тағайындалды 13.03.2026
Оңтүстік Кореяда Almaty Management University (AlmaU) Қамқоршылар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша университет ректоры қызметіне Булдыбаев Тимур Керімбекұлы тағайындалды. Булдыбаев Тимур Керімбекұлы AlmaU-да 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап еңбек етеді. 2025 жылғы 1 шілдеден бері университеттің стратегиялық дамуына, әкімшілік басқаруына, ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне және кампусты дамытуға жауапты Бірінші проректор қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ғылым комитетінің Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы World Bank қолдауымен жүзеге асырылған “Skills and Jobs” жобасында жұмыс істеген. Кәсіби қызметі барысында ол OECD, UNESCO және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі үшін 7 аналитикалық зерттеу жариялап, 35-тен астам ғылыми мақаланың авторы болды. Оның ішінде Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелген рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар, сондай-ақ бірқатар ғылыми монографиялар бар. Оның H-index (Scopus және Web of Science) көрсеткіші - 5. Тимур Керімбекұлы еліміздің білім беру саясатын қалыптастыруға да белсенді қатысып, 2016–2019 және 2020–2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге үлес қосты. Ғылыми қызметі аясында ол екі ғылыми бағдарламаның тең жетекшісі болып, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы үш Ұлттық баяндаманың тең авторы болды. AlmaU Қазақстандағы жетекші жекеменшік университеттердің қатарына кіреді. Университет халықаралық әріптестікті жүйелі түрде дамытып, зерттеу жобаларын жүзеге асырып, тұрақты даму саласындағы бастамаларды белсенді түрде ілгерілетуде. Жаңа ректордың тағайындалуы AlmaU дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Бұл кезең университеттің академиялық мәртебесін нығайтуға, басқару тиімділігін арттыруға және өзгермелі білім беру ортасында AlmaU-дың заманауи зерттеу және білім беру институты ретіндегі әлеуетін одан әрі ашуға бағытталған. AlmaU ұжымы Тимур Булдыбаевқа кәсіби жолының жаңа кезеңінде қолдау білдіреді. Университет командасы оның ректор қызметіндегі жұмысына табыс тілеп, барлық стратегиялық бастамалардың табысты жүзеге асуына және AlmaU қауымдастығын жаңа жетістіктерге жетелейтін шабытқа сенім білдіреді.
Маңызды тақырып төңірегіндегі диалог: Шымкенттегі еңбек ұжымдарына жаңартылған Конституция түсіндірілуде 13.03.2026
Шымкент қаласындағы «ЮНИКС» ЖШС-інде еңбек ұжымымен кездесу өтіп, онда жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді. Кәсіпорын басшысы Эдуард Зайцев жұмысшылармен әңгіме барысында алдағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, конституциялық реформалардың әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететіні туралы пікірін білдірді.«Мемлекеттегі кез келген өзгеріс берік негізден басталады. Қазақстан үшін мұндай негіз – жаңартылған Конституция. Еңбек ұжымымен кездесуде бұл өзгерістер тек заңгерлер мен саясаткерлерге ғана емес, өндірісте еңбек етіп жүрген әрбір азаматқа қатысты екенін атап өттік. Іс адамы ретінде мен әрдайым айқындықты бағалаймын. Ал жаңа Негізгі заң дәл осындай айқындықты қамтамасыз етеді – ол ертеңгі күніміздің қандай қағидаттарға негізделіп құрылатынын нақты көрсетеді», – деді Эдуард Зайцев.Кездесу барысында құжаттың ел дамуының ұзақ мерзімді бағытын айқындайтын құндылықтық негіздері де кеңінен талқыланды.«Құжаттың мәнін оның кіріспе бөлімінен-ақ көруге болады. Онда халқымыздың тарихи сабақтастығы айқын көрініс тапқан. Бір жағынан, біз Ұлы Дала өркениетінің мұрасын сақтаймыз, екінші жағынан, инновация, ғылым және білімді дамытуды басты басымдықтардың қатарына қоямыз. Бұл әсіресе жастар үшін маңызды. Біздің кәсіпорынға оқу орнын енді бітіріп келген жас мамандар көп келеді. Біз тек заң баптарын өзгертіп отырған жоқпыз, сонымен қатар адам құқықтары ең жоғары құндылық болып саналатын, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құру бағытын нақтылай түсеміз», – деп атап өтті кәсіпорын басшысы.Кездесуде қоғамдық келісім мен бірліктің маңызы да ерекше айтылды. Өйткені кез келген ірі ұжымның тиімді жұмыс істеуі осы құндылықтарға тікелей байланысты.«Көпұлтты Шымкент қаласы үшін бірлік пен ынтымақ туралы айтылған қағидаттардың маңызы зор. Конституцияда біз біртұтас халық екеніміз нақты көрсетілген, ал бұл – біздің басты байлығымыз. Адамдар мемлекет тұрақтылық пен этносаралық келісімді басты құндылық ретінде ұстанатынын көргенде, олардың ертеңгі күнге деген сенімі арта түседі. Жаңартылған Конституция – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Ол табиғатты сақтау, мемлекеттілікті нығайту және қуатты экономиканы қалыптастыру жолындағы саналы таңдау», – деп түйіндеді Эдуард Зайцев.