Қоғам
Отандық өндірісті қолдаудың берік негізі 13.03.2026
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ел дамуына жаңа серпін беріп отыр. Әсіресе, Қазақстанның жаңартылған Конституциясында кәсіпкерлікті қолдау, жеке меншікті қорғау және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінің нақты айқындалуы – бизнес қауымдастық үшін маңызды әрі сенімді құқықтық негіз қалыптастырды.Бүгінде Шымкент қаласында орналасқан «Marai E7 Group» ЖШС еліміздегі медициналық өнімдер шығаратын ірі отандық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын бірнеше бағыт бойынша өндіріс жүргізеді. Атап айтқанда, бірінші өндіріс желісінде полиуретаннан жасалған бинттер мен медициналық шиналар шығарылады. Екінші өндіріс желісі гипстан жасалған бинттер өндіруге бағытталған. Ал үшінші өндіріс желісінде стерильді дәке түйіршіктері дайындалады. Сонымен қатар кәсіпорында титаннан жасалған остеосинтез импланттары да өндіріледі. Жалпы алғанда, компания 4200-ден астам түрлі медициналық өнім шығарады.Кәсіпорынның басты мақсаты – отандық денсаулық сақтау саласын сапалы әрі қолжетімді медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету. Осы бағытта компания «СК-Фармация» жобасы аясында жұмыс істеп, еліміздегі медициналық өндірісті дамытуға өз үлесін қосып келеді. Бұл – мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған қолдаудың нақты нәтижесінің бірі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне әрдайым ерекше назар аударып келеді. Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде:«Мемлекет бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасайды және жеке меншіктің толық қорғалуын қамтамасыз етеді. Ал кәсіпкерлер экономикаға инвестиция құю, жұмыс орындарын ашу және қоғам алдындағы жауапкершілігін адал атқаруы тиіс», – деп атап өткен болатын.Бұл сөздер мемлекет пен кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы өзара сенім мен серіктестіктің айқын көрінісі. Яғни мемлекет кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, бизнестің дамуына мүмкіндік береді. Ал кәсіпкерлер өз кезегінде ел экономикасына инвестиция тартып, жаңа өндірістер ашып, жұмыс орындарын құру арқылы қоғам дамуына үлес қосады.Қазақстанның жаңартылған Конституциясында бекітілген осы қағидалар еліміздегі өндіріс орындарының тұрақты дамуына берік негіз болады деп сенеміз. Мұндай құқықтық кепілдіктер кәсіпкерлерге сенімділік береді. Ал отандық өндіріс күшейген сайын халықтың әл-ауқаты да арта түседі.Біздің басты мақсатымыз – сапалы медициналық өнім өндіру арқылы еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне үлес қосу және Қазақстанда заманауи өндірісті дамыту. Жаңартылған Конституция кәсіпкерлік бастамаларды қолдап, әділетті әрі тұрақты экономикалық ортаны қалыптастыруға қызмет етеді деп сенеміз.
Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам 13.03.2026
Сайрам тұрғын алабындағы №112 мектепте жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен талқыланды.Кездесуге Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев қатысып, Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер мен оның қоғам дамуына тигізер ықпалы жөнінде жан-жақты баяндады.Спикер өз сөзінде жаңартылған Конституция ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заңның жаңа редакциясы қазіргі заман талаптарына, қоғамның сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.– Жаңа трансформациялық қоғам жағдайында бізге жаңарған Конституция қажет. Қазақстанның жаңа Конституциясы әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды. Бұл мемлекет әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға жауапты екенін айқындайды. Бүгінгі жастар білім мен ғылымға ұмтылып, құқықтық тұрғыдан сауатты болуы керек. Адал еңбек етіп, қоғамнан өз орнын табуы тиіс, – деді Батырбек Қаратайұлы.Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын нығайту және қоғамдық келісімді одан әрі дамытуға бағытталған жүйелі өзгерістер қарастырылғаны айтылды.Сонымен қатар Ата заңдағы «әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуге және қоғамдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.Іс-шара соңында қатысушылар ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, жаңа Конституцияға қолдау білдіретіндерін жеткізді.
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті 13.03.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығын ашты. Бұл инновациялық алаң Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі мүддесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу мақсатында құрылған. Freedom Holding Corp. қолдауымен құрылған жобаның таныстырылымына Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов, сондай-ақ IT-индустрия және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.Defense Tech IT Park – бұл Қорғаныс министрлігінің 2022 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан Defense Tech бастамасының даму кезеңдерінің бірі. Ол әскер мен қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін ұлттық инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған. Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, отандық IT-компаниялар мен стартап-командалардың цифрлық технологиялар, бейнебақылау жүйелері, деректерді талдау, телекоммуникациялар және жасанды спутниктік шешімдер саласындағы инновациялық жобаларды таныстырды.Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов орталықтың құрылуы еліміздің технологиялық әлеуетін нығайтуға және заманауи әзірлемелерді әскерге жылдам енгізуге бағытталғанын атап өтті.– Бүгінгі таңда мемлекеттің қорғаныс қабілеті тікелей технологиялық дамуға байланысты. Біздің басты міндетіміз – өз идеяларымызды әскерге практикалық тұрғыда енгізу жолын қысқарту, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы.Өз кезегінде Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов жаңа алаң технологиялар мен қорғаныс әзірлемелері саласындағы жас мамандар үшін тартымды орталыққа айналатынын атап өтті.«Біз мұнда Defense Tech Hub технологиялық білім беру алаңын құрдық. Бұл жерде ІТ саласындағы студенттер, оның ішінде әскери кафедраларда білім алып жүргендер, практикалық дағдыларын жетілдіріп, хакатондар мен акселерациялық бағдарламаларға қатыса алады», - деді өз сөзінде.Қорғаныс министрінің цифрлық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев Defense Tech IT Park болашақта перспективалық технологиялық жобаларды іздеу және таңдау, әзірлеушілерді идеядан прототип жасауға дейін қолдау және шешімдерді әскерде пилоттық енгізуге дайындау алаңы болатынын атап өтті. Жаңа платформа қорғаныс ведомствосы, ғылыми ұйымдар және технологиялық бизнес арасындағы жүйелі өзара әрекеттестікті қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс және қауіпсіздік мүддесі үшін инновацияларды жедел енгізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1180760?lang=kk
14 наурыз Көрісу күніне «Бір көрісу – бір жылдық қуаныш» 13.03.2026
14 наурыз Көрісу күніне «Бір көрісу – бір жылдық қуаныш» Өтетін орны: Талдықорған қаласы, орталық алаңӨтетін уақыты: 2026 жыл, 14 наурыз, сағат 10:00Байланыс телефондары:8 (7282) 24-34-07Электронды почта: 7su.ocnt@mail.ruКІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1180745?lang=kk
Елорда маңындағы өңірде экопарктер дамып келеді 13.03.2026
Елорда маңындағы өңірде экологиялық демалыс бағыты қарқынды дамып келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары табиғат аясында уақыт өткізе алатын экопарктерді құруға ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай орындар қалаға жақын жерде таза ауа мен жасыл табиғаттың аясында демалуға мүмкіндік береді. Бұл демалыс орындары ең алдымен Астана қаласының тұрғындарына бағытталып, табиғат аясындағы заманауи демалыс алаңдарына айналады.Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ақмола облысы аумағында алдағы үш жыл ішінде шамамен жеті экопарк құру жоспарланып отыр.Экопарктердің дамуы қолайлы орта қалыптастыруға, табиғи тепе-теңдікті сақтауға және қала маңында отбасылық әрі белсенді демалысқа жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1180582?lang=kk
2.0.3 нұсқасының хаттамасына БКМ жаңарту қажет 13.03.2026
Құрметті салық төлеушілер! «Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген бақылау-касса машиналарына (бұдан әрі – БКМ) қойылатын техникалық талаптарға енгізілген өзгерістерге сәйкес тауарлардың ұлттық каталогына автоматты түрде қосылуды және оларды анықтауды көздейтін БКМ-ден фискалдық деректер операторларының 2.0.3 нұсқасының серверіне деректерді беру хаттамасы (бұдан әрі-2.0.3 нұсқасының Хаттамасы) әзірленді БКМ геолокациясы.2.0.3 нұсқасының хаттамасына көшу үшін 2025 жылғы 17 қарашаға дейін мерзім белгіленген.2026 жылдың 20 ақпанынан бастап 2.0.2 нұсқасының хаттамасын толық өшіру жоспарлануда екенін естеріңізге саламыз. 2.0.3 нұсқасының хаттамасына БКМ жаңарту қажет.Еске саламыз, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап 2.0.2 нұсқасының хаттамасын толығымен өшіру жоспарлануда. Осыған байланысты бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданатын салық төлеушілер БКМ-нің 2.0.3 нұсқасының хаттамасына көшуін қамтамасыз етуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1180537?lang=kk
Өңірлік көшбасшы мектеп: заманауи басқару мен жоғары нәтижелер тәжірибесі» облыстық мектеп басшыларына арналған семинар 13.03.2026
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ базасында мектеп басшыларына арналған «Өңірлік көшбасшы мектеп: заманауи басқару мен жоғары нәтижелер тәжірибесі» атты семинар өтті.Семинарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 42 мектеп басшылары қатысты. Аталған білім ордасы «Орта білім беретін үздік ұйым-2025» байқауының жеңімпазы, мектеп басқару жүйесіндегі тиімді тәжірибелерді таныстыру,білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдерді талқылау және білім беру ұйымдары басшылары арасында озық тәжірибе бөлісу алаңын ұсынды.Семинардың пленарлық бөлімінде республикалық мектеп басшылары кадрлық резерв түлегі, мектеп директоры Бутабаев Айбат Ахметуалиевич «Нәтижеге бағытталған мектеп менеджменті: тәжірибе және трансформация» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.Іс-шара барысында қатысушылар оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, инновациялық білім беру технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар семинар аясында ашық сабақтар, шебер сыныптар және пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылып, мектептің үздік тәжірибелері ұсынылды.Бұл семинар білім беру ұйымдары басшылары үшін тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болып, өңірдегі білім беру сапасын, кәсіби құзыреттілігін арттыруға өз үлесін қосты деп қорытындылады семинарға қатысушы мектеп басшылары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1180540?lang=kk
Қазақстандағы референдум қарсаңында Мажарстан Мемлекеттік жиналысында кездесу өтті 13.03.2026
Будапешт, 2026 жылғы 10 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламент) вице-спикері, Мажарстан-Қазақстан парламент аралық достық тобы төрағасының орынбасары Лайош Олахпен кездесіп, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады.Тараптар парламентаралық байланыстардың маңыздылығына тоқталып, оның қазіргі даму динамикасына жоғары баға берді. Бұдан басқа, сұхбаттастар қазіргі Орталық және Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы күрделі жағдайларға, әсіресе оның жаһандық экономика мен энергетикалық жеткізу тізбектеріне тигізетін теріс әсері туралы пікір алмасты. Елші А.Сапарбекұлы, мажар депутатын Қазақстанда осы жексенбіде өтетін Республикалық референдум туралы хабардар етіп, оның аясында ел тағдырын шешетін жаңа конституцияның маңызды тұстарын атап өтті. Айта кетсек, болашақ Парламенттің атауы, құрылымы мен өкілеттігі бойынша пікірі, қоғамдық-саяси және мемлекеттік билік институттарын реформалауды (Халық кеңесі, вице-президенттік және т.б.) көздейтін тезистері келтірілді.Л.Олах өз кезегінде, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегіндегі пікірімен бөлісіп, 12 сәуірде Мажарстанда өтетін парламенттік сайлау айналасындағы ойын айтты.Ол, еліміздің жаңа конституциясы төңірегінде хабардар екенін айтып, оны дайындау барысында өткізілген қоғамдық пікірталастарға, енгізілген ұсыныстарға жоғары баға беріп, “алдағы референдум Қазақстанның жаңғыру жолындағы маңызды әрі тарихи кезеңі” - деп, оң ниетін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1180482?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Мажарстан Парламентінің депутатымен референдум қарсаңында кездесу өткізді 13.03.2026
Будапешт, 2026 жылғы 10 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламент) депутаты Шандор Ковачпен кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, парламентаралық және өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.Елші сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы әзірленгенін және оған қатысты түпкілікті шешім ағымдағы жылдың 15 наурызында өтетін жалпыұлттық референдумда қабылданатынын атап өтті. Заң жобасында мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған көптеген маңызды тұстары туралы баяндады.Өз кезегінде Шандор Ковач Мажарстандағы 12 сәуір күні өтетін парламенттік сайлауларға қатысты пікірін білдіріп, елдегі қазіргі саяси жағдай жөніндегі өз бағасымен бөлісті.Сонымен қатар, әңгімелесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, Мажарстанның Карцаг қаласы мен Қазақстан арасындағы байланыстарды нығайту мүмкіндіктері қарастырылды. Осы тұрғыда қазақстандық тарап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Карцаг қаласынан келетін студенттерге білім алу үшін стипендия ұсыну бастамасын жеткізді.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған байланыстарды жалғастыруға өзара дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1180493?lang=kk
Конституциялық реформа және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастық қазақ-фин диалогының назарында 13.03.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның мемлекеттік басқару институты «HAUS» Бас директоры Кьёсти Вякевяйненмен кездесу өткізді.Кездесу барысында қазақстандық дипломат фин тарапына Қазақстанда кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы, сондай-ақ ү.ж. 15 наурызда еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бойынша өтетін республикалық референдум туралы хабардар етті.Өз кезегінде К.Вякевяйнен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси жаңғыртуларды жоғары бағалап, елдің мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи шешімдерді енгізу салаларында қол жеткізілген елеулі прогресін атап өтті.Сонымен қатар тараптар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ цифрлық трансформация, жаңа технологияларды дамыту және жасанды интеллект саласындағы шешімдерді енгізу мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.Кездесу барысында 2026 жылғы 19 маусымда Астанада өтетін «GOVHR FORUM 2.0: Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі АДАМ. ӘЛЕУЕТ. ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ» атты халықаралық форумға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік басқару және цифрлық инновациялар салаларындағы конструктивті диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1180470?lang=kk
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды 13.03.2026
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.Жеке қабылдау кезінде аудан әкімінің орынбасары көтерілген әрбір мәселені сала мамандарымен бірге мұқият қарап, айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырмаларын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1180444?lang=kk
«Өнер - ұрпаққа аманат» 13.03.2026
Бүгін Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің «Өнер – ұрпаққа аманат» атты шығармашылық концерті өтті.Концерттік бағдарламада өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында халық аспаптар оркестрі, вокалдық және аспаптық ансамбльдер өнер көрсетіп, ұлттық және әлемдік музыка туындыларын жоғары деңгейде орындады. Жас өнерпаздардың өнеріне көрермендер ризашылықтарын білдіріп, концерттік бағдарлама ерекше әсерлі көңіл-күйде өтті.Айта кетейік аудан мәдениетінің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан бұл өнер ұясына биыл 54 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында білім ордасы көптеген дарынды шәкірт тәрбиелеп, өнер әлеміне жол ашып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1180449?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу 13.03.2026
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 69-сессиясында сөз сөйледі.Сессия қатысушыларына жасалған негізгі үндеудің өзегі есірткі қатеріне қарсы күресте жоғары технологиялық әдістерге көшу болды. Бұл бағыттағы бірегей үйлестіру жүйесі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмыстың қаржылық инфрақұрылымын жоюға шоғырлануға мүмкіндік берді.Мұндай қарсы іс-қимыл халықаралық сипатқа ие болды, өйткені қазақстандық тараптың сұрауы бойынша шетелдік банктердегі 260 мың күмәнді шотқа шектеу қойылды.Соңғы бес жылда уәкілетті органдар 400-ден астам есірткі зертханасын жойып, 75 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Осы кезеңде заңсыз айналымнан 147 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде көлемі 13 тоннадан асатын рекордтық кокаин партиясы бар.Бас Прокурор атап өткендей, есірткі бизнесін бейтараптандыру Қазақстан үшін заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады.Қазақстан делегациясының Комиссияға ресми мүше ретіндегі жаңа мәртебеде қатысуы елдің халықаралық қауіпсіздік жүйесіне терең ықпалдасуының және ұлттық реформалардың тиімділігін мойындаудың маңызды кезеңін білдіреді.Қазақстан халықаралық конвенцияларды ұстанумен қатар, интернет кеңістігінде есірткі саудасын анықтауға арналған инновациялық цифрлық құралдарды белсенді енгізуге дайын екенін растады.Талқылау барысында Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі, Ішкі істер министрлігі және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған Қазақстан делегациясы әлемдік қауымдастыққа есірткі бизнесінің қаржылық шоттарын бұғаттаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруды ұсынды. Бұл оның экономикалық негіздерін әлдеқайда тиімді әлсіретуге мүмкіндік береді.Біріккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясының ағымдағы сессиясына мемлекет басшыларының, үкімет өкілдерінің және дипломатиялық миссиялардың қатысуы қарастырылып отырған мәселенің жаһандық маңыздылығын және есірткіге қарсы іс-қимыл саласында бірлескен шешімдердің қажеттілігін айқындайды. Комиссия алаңында Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді қатысты. Сондай-ақ Колумбия Президенті Густаво Петро, басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1180414?lang=kk
❗ АДАМ САУДАСЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ! 13.03.2026
Адам саудасы — ең қауіпті қылмыстардың бірі, оның құрбаны кез келген жастағы адам болуы мүмкін. Қылмыскерлер адамды пайдалану үшін алдау, қысым көрсету және манипуляция әдістерін қолданады.Қоса берілген брошюрадан сіз:• адам саудасының мақсаттарымен • мұндай қылмысты тану белгілерімен • қылмыскерлер қолданатын әдістермен • адам саудасының құрбаны болмау бойынша ұсыныстармен таныса аласыз📞 Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе адам саудасы фактісінен күдік тенсеңіз — дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.⚠️Сақ болыңыз, ақпаратты тексеріңіз және өзіңізді алдатуға жол бермеңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1180389?lang=kk
Люксембург парламентінде Қазақстандағы алдағы референдум талқыланды 13.03.2026
Люксембург, 2026 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі және Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Роман Василенко Люксембург Депутаттар палатасының Төрағасы Клод Визелермен кездесті.Тараптар Қазақстан–Люксембург ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Саяси және парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға қызығушылық бар екені атап өтілді.Люксембург парламентінің төрағасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды құптап, 15 наурызға жоспарланған алдағы республикалық референдумға ерекше қызығушылық білдірді.Клод Визелер Люксембургтің парламенттік жүйесінде Қазақстанда талқыланып жатқан реформалармен үндес бірқатар институционалдық ерекшеліктер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, елде бір палаталы парламент — Депутаттар палатасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Люксембургтің Мемлекеттік кеңесі (Conseil d’État) — заң жобаларын қарауға қатысатын жоғары консультативтік орган қызмет етеді.Әңгімелесушілер Қазақстан мен Люксембург арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және саяси диалогты нығайтуға өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1180376?lang=kk
ТҮНГІ САҒАТ 00:00-ДЕН БАСТАП «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ» БАСТАЛАДЫ: ОРК РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ЕСКЕ САЛДЫ 13.03.2026
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік республикалық референдум қарсаңында үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауды реттейтін заңнаманың негізгі талаптарын еске салды.Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады.«Ертен сағат 00.00-де үгіт кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады. Бұл дегеніміз, 14 наурызда және дауыс беру күні - 15 наурызда кез келген үгітке тыйым салынғанын білдіреді. Бұл талаптар заңнамамен белгіленген және электоралдық үдерістің барлық қатысушылары үшін міндетті», - деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн.Ләззат Сүйіндік қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу ережелеріне жекелей тоқталды.«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабына сәйкес, мұндай сауал салулар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.Атап айтқанда, аталған заңның 28-бабының 9-тармағы дауыс беру күнінен бес күн бұрын және дауыс беру күні тікелей қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын-ала қорытындылары және референдуммен байланысты басқа да зерттеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда жариялауға тыйым салады.«Заң сондай-ақ дауыс беру күні қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге нақты талаптарды белгілейді. Олар дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте өткізілмейді. Мұндай сауалдар тек учаскелік комиссиясының шыға берісінде және тиісті түрде Орталық референдум комиссиясын хабардар еткен заңды тұлғалар жүргізе алады», – деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ РЕФЕРЕНДУМҒА ТОЛЫҚ ДАЙЫН ЕКЕНІН МӘЛІМДЕДІ 13.03.2026
Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды.«Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі комиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 наурызда оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5800-ден астам оқыту семинары өткізіліп, оған әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың 71 мыңнан астам мүшесі қатысты. Дайындық деңгейін қосымша бағалау мақсатында қашықтан онлайн-тестілеу ұйымдастырылды.ОРК Төрағасының айтуынша, іске асырылған каскадтық оқыту жүйесі ел бойынша комиссия мүшелерін даярлаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Референдумға дайындық аясында заңнамада көзделген байқау жүргізуге қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Референдум учаскелерінде болуға құқығы бар өкілдері қатыса алатын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізілді. Бүгінгі таңда 256 ұйым аккредиттелді, оның ішінде 11-ін Орталық референдум комиссиясы, ал 245-ін аумақтық комиссиялар аккредиттеді.Отырыс соңында дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы дәстүрлі түрде тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдарына ел бойынша дауыс беру барысы туралы әр екі сағат сайын ақпарат беріп отыратыны атап өтілді. Ақпарат берілетін нақты уақыт алдын ала жарияланатын болады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ НЫҒАЙТЫП, БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗ 13.03.2026
Жаңа Конституция елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құқықтық құжат ретінде демократиялық институттарды нығайтуға ерекше мән береді. Негізгі заңда билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаттар айқындалған. Бұл өз кезегінде мемлекеттің басқару жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, демократиялық үдерістердің дамуына жол ашады.Конституцияда заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының өзара үйлесімді қызмет етуіне құқықтық негіз қалыптастырылған. Билік тармақтарының теңгерімі мен өзара тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, шешім қабылдау үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай қағидаттар мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермей, демократиялық басқару қағидаларын нығайта түседі.Сонымен қатар жаңа Конституция мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырып, олардың қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімін нығайтып, билік пен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.Осылайша, жаңа Конституцияда белгіленген демократиялық қағидаттар билік тармақтарының теңгерімді қызметін қамтамасыз етіп, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне берік құқықтық негіз қалайды. Бұл еліміздегі демократиялық дамудың тұрақты әрі жүйелі жалғасуына ықпал етеді.
ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 13.03.2026
Жаңа Конституцияда қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен ел бірлігін нығайту мәселесіне айрықша назар аударылған. Негізгі заң ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін айқындап, мемлекет дамуының басты қағидаттарының бірі ретінде бекітеді. Бұл қағидаттар қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті сақтауға, ел ішіндегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.Конституциялық нормалар Қазақстан қоғамының көпэтносты әрі көпмәдениетті ерекшелігін ескере отырып, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етуге негізделген. Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң алдында теңдігін қамтамасыз ету және өзара құрмет қағидатын орнықтыру қоғамдық келісімнің берік негізін қалыптастырады.Сонымен қатар жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Қоғамдағы келісім мен бірлік мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды алғышарты болып саналады. Сондықтан Негізгі заңда белгіленген қағидаттар елдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, азаматтық бірегейлікті дамытуға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.Осылайша, Конституцияда айқындалған ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау қағидаттары Қазақстан қоғамының тұтастығын нығайтып, елдің бейбіт әрі тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ – ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ 13.03.2026
Жаңартылған Конституцияда адам құқықтарын қорғау және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесіне ерекше мән берілген. Негізгі заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мемлекет қызметінің басты қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Бұл – қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.Конституция адамның қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгілейді. Осы арқылы әрбір азаматтың заң алдында теңдігі, құқықтарының қорғалуы және қоғам өміріне еркін араласу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Мұндай құқықтық кепілдіктер елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.Сонымен қатар жаңартылған Конституция ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға да басымдық береді. Тарихи мұра, дәстүр мен мәдениет – ұлттың рухани негізін құрайтын маңызды құндылықтар. Негізгі заңда осы құндылықтарды қорғау арқылы қоғамның бірлігі мен сабақтастығын сақтау көзделген.Адам құқықтарын қорғау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу – мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды алғышарттарының бірі. Осы бағыттағы конституциялық нормалар елдегі құқықтық мәдениетті арттырып, қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына берік негіз қалайды.