Қоғам
Сенбілік 05.04.2025
On April 12, 2025, a Subbotnik was organized within the framework of the Republican environmental action" Taza Kazakhstan".During the Subbotnik, a total area of 3 hectares was cleared, about 2 tons of garbage were removed. 1 special equipment was involved in this work.This event was held in order to increase the environmental culture of the village and improve the sanitary situation. Cleaning work within the framework of the environmental campaign" Taza Kazakhstan " will continue in the future.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037627?lang=kk
Армения СІМ басшысы Астанаға алғашқы ресми сапарымен келді 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапарымен келген Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.Тараптар қазақ-армян қатынастарының кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қарастырылды.Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде екіжақты серіктестікті тереңдетуге өзара міндеттеме білдірілді. Тараптардың ниеттерін іс жүзінде растау ретінде Арменияның Қарағанды мен Ақтөбедегі құрметті консулдарының кеңселерін ашу болды.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында өткен жылы қазақ-армян қатынастары сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. 2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қабылдаған Бірлескен мәлімдеме екі елдің одан әрі жақындасуына деген өзара ұмтылысты көрсетті.Осыған байланысты сыртқы саяси ведомстволардың басшылары биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын егжей-тегжейлі қарастырды.«Армения – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді саяси және сауда-экономикалық серіктесі және қазақ-армян байланыстары еш қиындықсыз, сындарлы көзқараспен дамуда және бір-бірінің мүдделерін ескеруге дайын. Мен екі халықтың игілігі үшін барлық уағдаластықтарды іске асыру мақсатында ең тығыз өзара іс-қимылға дайын екенімді білдіремін», – деді М.Нұртілеу.Сауда-экономикалық саладағы кооперацияны одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жетекші үйлестіруші рөлі назарға алынып, оның кезекті отырысын жуырда өткізу ұсынылды.Екі елдің бизнес-топтарының іскерлік байланыстарды дамытуға қатысуының маңыздылығы аталып өтті. Бүгінгі таңда Арменияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын, ал Қазақстанда 430-дан астам армян компаниясы тіркелген.Армения СІМ басшысы А.Мирзоян «өткен жыл біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды кезең болды» деп мәлімдеді. Ол биік және жоғары деңгейдегі сапарларға, сондай-ақ көптеген бірлескен іс-шараларға толы болғанын атап өтті, бұл әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылға қажетті серпін берді. «Мемлекеттеріміз егемендік пен тәуелсіздікті нығайтуға, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыруға және ұлттық экономикаларды жаңғыртуға ұмтылуда біртұтас. Мұның бәрі серіктестік қарым-қатынасты кеңейту үшін берік негіз жасайды. Ереван мен Астана халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жиі сәйкес немесе ұқсас ұстанымдарға ие», – деп толықтырды А.Мирзоян.Тараптар инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге уағдаласты. Армян экономикасына қазақстандық капитал салымдарының жалпы көлемі 56 млн АҚШ долларынан асады.Цифрлық саладағы өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективалық мүмкіндіктері аталып өтті. Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында оны ұлғайту үшін резервтер бар. Орталықта Армениядан цифрлық технологиялар, қаржылық қызметтер және сақтандыру саласында жұмыс істейтін 10 компания тіркелген.Министрлер ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді анықтау үшін ортақ күш салуға келісті.Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі аталып өтті. Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жылы Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтті. Ағымдағы жылы Қазақстанның Армениядағы мәдениет күндері мәдени алмасудың оң тәжірибесін жалғастырады.Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық практикалық мазмұнмен толықтырылады. Бұл үшін Қазақстан мен Арменияның жоғары оқу орындары арасында қол қойылған өзара іс-қимыл жөніндегі 13 келісімдер мен меморандумдар негіз болады.Кездесу барысында министрлер сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді», көпжақты және интеграциялық құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз байланыстарға, екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.Ресми сапар барысында Армения Республикасының Сыртқы істер министрі А.Мирзоян Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың қабылдауында да болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963898?lang=kk
Ұлыстың ұлы күні - Көрісу күні құтты болсын! 05.04.2025
Амал мерекесі – ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі, ағайынның амандығын сұрап, бір-бірімен көрісетін, бауырмалдықты арттыратын ерекше күн. Бұл күнгі ізгі тілек пен ақ жарма ниет жыл бойы бізбен бірге болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, деніміз сау, ғұмырымыз ұзақ болсын! Баршаңызға бақыт, құт-береке, молшылық тілеймін!Құрметпен, Баянды ауылының әкімі Бектұрлы Аманкелдіұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/963894?lang=kk
Жеке қабылдау 05.04.2025
Апталық жеке қабылдауға қала тұрғыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүгінді. Оған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқандығы туралы түсініктемелер берілді. Басты мақсатымыз – кезекті қысқарту және тұрғын үйді бөлу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1043969?lang=kk
Алматы апта аясында: 50 000 ағаш, 8 000 текше қоқыс және рекордтық көгалдандыру 05.04.2025
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанының «Таза аула» атты үшінші аптасы аяқталды. Тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің белсенді қатысуының арқасында қаланы абаттандыруда айтарлықтай нәтижелерге қолжеткізілді.Апта аясында қалалық аумақтарды санитарлық тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді:* 3 шағын аудан, 47 көше, арықтар, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары тазартылды.* 62 жер үсті және 54 жерасты өткелдері жуылды.* 4 811 тұрғын үй жертөлесі дезинфекцияланып, тазартылды.* Саябақтарда және бос емес көшелерде 3007 жаңа көше жәшігі орнатылды.* 1 400-ден астам контейнерлік алаңдар мен 8 000 контейнерлерді жуу, дезинфекциялау және дератизациялау жүргізілді.«Таза ауа» акциясы аясында 19 стационарлық экологиялық бекеттерде шығарындыларға мониторинг жүргізілді. 7 067 автомобиль тексерілді, оның 1 301-і (18,5%) шығарындылар нормативтерінен асып түсті.Абаттандыруды паспорттау бойынша жұмыс жалғасуда: 6 039 нысанның 5 798-і (96%) ресімделді. Ағымдағы жөндеу аясында қаланың 11 көшесінде шұңқырларды жөндеу, қираған гранитті бөлшектеу, жаңа люктерді монтаждау, люктерді көтеру жұмыстары орындалды. Жұмыстар әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылының торабы туннелі), Сәтбаев көшесі (Розыбакиев көшесінен Тілендиев көшесіне дейін), Салықов көшесі (Өтегенов көшесінен Талды көшесіне дейін) көшелерінде жалғасуда.«Қоршауыңды бояу» акциясы аясында қала тұрғындарына 3 125 литр бояу берілді.«Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқауына 66 адам – коммуналдық қызметтердің, қалалық кәсіпорындар мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша әр ауданда 24 адам марапатталды. Жүлдегерлер сертификаттарға ие болды: I орын – 150 000 теңге, II орын – 100 000 теңге, III орын – 50 000 теңге.«Мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тапсыр-табиғатты сақта» акциясы бойынша бүгінгі күні қабылдау пункттеріне мерзімі өткен 33 553 бірлік дәрі – дәрмек келіп түсті-бұл 122 кг-нан астам медициналық қалдықтар. Мерзімі өткен препараттарды жинауға арналған бокстар 36 қалалық емханада орнатылған.«Жақыныңа жәрдемжес» акциясы аясында бір апта ішінде 9 мекенжай бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсетілді.Апталықтың ең шарықтау шегі 23 наурыздағы Almaty Clean & Green ауқымды акциясы болды, оған 50 000 – нан астам адам-тұрғындар, еріктілер, жұлдыздар, спортшылар және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.Акция барысында 8 000 м3 қоқыс жиналып, шығарылды, 10 000-нан астам ағаш (алма, қарағаш, үйеңкі, акация) отырғызылды.Келесі апта көгалдандыруға, мәдени мұраны сақтауға және экоағартуға арналған. Ағаш отырғызу, құстардың ұяларын ілу, 160 ескерткішті тазарту және экологиялық семинарлар жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/963848?lang=kk
Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады 05.04.2025
Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/971609?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығының қызметі туралы ақпарат 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығының қызметі туралы ақпарат (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Заманауи қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) арнайы Call-орталығын құрды, оның негізгі міндеті азаматтарға тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау болып табылады.Call-орталықтың функциялары1. Азаматтарға консультативтік қолдау көрсету Call-орталығы кең ауқымды мәселелер бойынша түсініктеме береді, соның ішінде:сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кіру тәртібі;Өтініштерді қарау барысы туралы ақпарат;сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған тұлғаларды марапаттау бағдарламалары;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.2. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау. Азаматтар Call-орталыққаанықталған немесе жоспарланған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы;кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуіндегі адамдарды іздестіру туралы;сондай-ақ бөлім жұмысы бойынша ұсыныстар мен кері байланыс жөнінде хабарласа алады.Байланыс орталығының жұмыс уақытыДүйсенбі-жұма: 09:00-ден 19:00-ге дейінСенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейінЖексенбі: демалыс күніАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1022217?lang=kk
Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады 05.04.2025
Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген. Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/963789?lang=kk
Коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселесі талқыланды 05.04.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Өңірде коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару бағытында жұмыс жасайтын 24 кәсіпкерлік субъектісі бар. Өткен жылы жиналған 303 мың тонна коммуналдық қалдықтың 91 мың тоннасы, 135 мың тонна өнеркәсіптік қалдықтың 107 мың тоннасы өңделді. Мемлекет басшысының ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу тапсырмасына сәйкес «Жасыл Даму» акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласында 42 млрд. 504 млн. теңгеге 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.Облыс орталығында 41 млрд. 200 млн. теңгеге 3 жоба қолға алынып, инженерлік инфрақұрылым желілері жеткізілген. Оңтүстік Корея технологиясы бойынша құны 9 млрд. 535 млн. теңге болатын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының құрылысы басталды. Онда жылына 300 мың тонна қалдықты сұрыптау, қалдықты өртеу арқылы электр энергиясын өндіру көзделуде.Мамыр айында шыны ыдыстар өндіру жобасын бастау жоспарланған. Жылына 220 млн. дана бөтелке шығаратын зауытқа шикізат ретінде республика аумағынан жинақталатын шыны қалдықтары қолданылмақ. Одан бөлек, қала аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу жобасының құжаттары әзірленуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/963770?lang=kk
Финляндияда Сыр өнерпаздарының «Nauryz – celebration of spring» мерекелік концерті өтті 05.04.2025
Наурыз айының 24-27-сі аралығында Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызын түсіндіру, әлем жұртшылығына таныстыру мақсатында Еуропаның Финляндия, Эстония және Испания мемлекеттерінде Қызылорда облысының өнер күндері өтуде. Өнер сапарын аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен, Қазақстанның Финляндиядағы, Эстониядағы және Испаниядағы елшіліктері ұйымдастырды. Бұған дейін аталған елдерден инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлер арасында кездесулер өткен болатын. Арадағы экономикалық байланыстарды осы мәдени іс-шара бекіте түсті.Қызылорда облысының Еуропа мемлекеттеріндегі өнер күндерінің алғашқы концерті «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен Финляндияның Хельсинки қаласында өтті. Іс-шараны Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдраимов ашып, сахна төрінен осы мерекелік кешке қолдау білдірген Нұрлыбек Машбекұлына арнайы алғысын жеткізді. Концертті Еуропаның 10 мемлекетіндегі елшілер, дипломаттар, Финляндияда тұратын қазақ диаспорасы, білім алушы студенттер мен фин халқы, барлығы 500-ге жуық көрермен тамашалады. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық өнерін ұлықтаған Қызылорда облыстық филармониясы дәстүрлі ән-жырды әуелетті. Финляндия халқы ғасырдан ғасырға жеткен эпостық жырларын, сәулет және бейнелеу өнері туындыларын мәдени мұра ретінде құрмет тұтады. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік қайта түлейтін Табиғат мерекесіндегі концертінің шымылдығы «Жарапазан» жырымен түрілді. Еуропалық көрерменге қазақтың дәстүрімен шашу шашылып, «Тойбастар» шырқалды. Наурыз-думанға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары, диаспора мүшелері, қазақстандық және шетелдік студенттер ұлттық музыкамен және дәстүрлермен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.Ұлттық музыканың ұлы жауһарларын төрткүл дүниеге танытып жүрген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі (жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Сыр елінің өнер майталмандары Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, айтыскер-ақын Мұхтар Ниязов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлеш қатысып, өнер көрсетті. Гастрольдік сапар аясында көрерменге концерттік бағдарламалармен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары мен ұлттық нақышта жасалған сый-сияпаты ұсынылды. Жұртшылық таным мен тағылымға бай кеш сыйлағаны үшін сырбойылық өнерпаздарға алғыс білдірді. Кейінгі жылдары Қызылорда облысының өнер күндері Астана мен Алматыда зор табыспен өтті. Сондай-ақ, Сыр өңірінің шығармашылық ұжымдары Еуропа елдеріне гастрольдік сапармен бірнеше рет барды. Осы жолғы сапардың тағы бір мақсаты - шет елдердегі шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмасу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/963763?lang=kk
«Ауыл аманаты» жобасының нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді. 05.04.2025
«Ауыл аманаты» жобасының нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді. Құс етімен қамтамасыз ету 5,6 пайызға, көкөніспен қамтамасыз ету 5,4 пайызға, картоппен қамтамасыз ету 4 пайызға артты. Сонымен қатар, облыс халқының орташа табысы 11 пайызға жоғарылады. Жоба аясында 1 621 жаңа кәсіп тіркеліп, 1 463 тұрақты жұмысы жоқ адам несие алды. Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау мақсатында 41 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы жобамен қамтылды. Сонымен қатар жоба аясында тауарлық несиелеу тетігі енгізілді. Оның негізгі мақсаты – кепілге қоятын мүлкі жоқ, несиелік міндеттемелері көп, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау. Бүгінде өңірде 209 шаруашылықтың көмегімен 339 отбасыға 4 804 бас мал берілді. Оның ішінде 1 120 бас сиыр, 720 төл, 3 484 бас қой, 3 484 төл, 194 бас жылқы, 92 төл және 6 бас түйе бар. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы жоба аясында «тауарлық несие» беру мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұл бастама ауыл тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысып, өз кәсібін дамытуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/963698?lang=kk
Қазақстанның Ұлттық ұланы су тасқынымен белсенді күресуде 05.04.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы көктемгі су тасқынының салдарын жоюға және оған қарсы іс-шараларды жүргізуге белсенді қатысуда.Петропавл қаласында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінің 60-қа жуық әскери қызметшісі наурыз айының басынан бері Тепличное ауылына жұмылдырылды. Олар 7 000-нан астам құм салынған қаптарды дайындап, елді мекенді су тасқынынан қорғау үшін жасанды қоршаулар салды.Бұдан бөлек Қостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімінің 100-ге жуық әскери қызметшісі Арқалық, Торғай аудандарындағы және Ақкөл ауылындағы су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсетуде. Олар қазірдің өзінде инертті материалдар салынған 10 000-нан астам қаппен судан қорғайтын тосқауылдар жасады.Сондай-ақ 5546 әскери бөлімінің 60 әскери қызметшісі және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 34 маманы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында жағалауды нығайту жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Негізгі міндет - өзеннің арнадан тасуын болдырмау және су басу қаупін барынша азайту.Әскери қызметшілер мен ТЖМ қызметкерлері өзеннің тасуын болдырмау үшін аудан шетіндегі көпір бөгеттерін белсенді түрде нығайтуда.Жұмыстар екі ауысыммен жүргізіледі: бір топ қаптарды құммен толтырса, екіншісі жағалау жиегін нығайтады. Қазіргі уақытта 6 500 қап толтырылып, су басудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Барлық жұмыс жергілікті билік органдары мен құзыретті қызметтердің қатаң бақылауында.Айта кету керек, жеке құрам үшін тамақтану және жылыту пункттері ұйымдастырылды Жергілікті тұрғындар жедел көмек көрсеткені үшін Ұлттық ұлан қолбасшылығына алғыстарын білдірді.Қорғаныс қоршауларын тұрғызудан басқа Ұлттық ұланның әскери қызметшілері су басқан аудандарда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді. Олар су басу қаупі төнген тұрғындардың үйлеріне көмекке келіп, азаматтар мен олардың мүлкін қорғау үшін барлық шараларды қолдануда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/963695?lang=kk
2023-2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 15,0 млрд теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. 05.04.2025
2023-2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 15,0 млрд теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. 2025 жылы бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 4,0 млрд теңге қарастырылды.Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қайтарым қаражаты есебінен (револьверлік несиелеу) 1,2 млрд теңге бөлініп, жалпы алғанда 16,3 млрд теңгеге 2 863 жоба қаржыландырылды. Бұл өз кезегінде 2 995 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Жобалардың негізгі бағыттары:🔹 Мал шаруашылығы – 5,4 млрд теңге (872 жоба)🔹 Өсімдік шаруашылығы – 1,3 млрд теңге (252 жоба)🔹 Құс шаруашылығы – 2,4 млрд теңге (598 жоба)🔹 Шағын бизнес – 6,3 млрд теңге (1141 жоба)Бұл бастама ауыл кәсіпкерлерін қолдап, өңірлік экономиканың дамуына серпін беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/963692?lang=kk
СТАДИОН: ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 05.04.2025
Шымкент қаласында 35 мың орындық заманауи стадионның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл маңызды жоба қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықаралық спорттық ареналармен байланыстыратын маңызды нысанға айналады. Жаңа стадион Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданында орналасады. Оның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қазіргі таңда мемлекет мұқтажына қайтаруға жататын 177 жер учаскесінің 160-ы қайтарылды. Ал қалған 17 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұдан бөлек, қосымша жерге орналастыру жобасы жасақталып 14 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына қайтару бағытында жұмыстар атқарылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kurylys/press/news/details/963638?lang=kk
Әскери-теңіз күштерінің матростары Жауынгерлік тумен қоштасты 05.04.2025
Ақтау гарнизонында әскери-теңіз базасының саптық алаңында матростардың Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.Әртекті корабльдер дивизиясында, десанттық-шабуылдау батальонында және коменданттық ротада қызмет еткен 179 әскери қызметшінің өміріндегі бұл маңызды сәт борыштың өтелгенін және азаматтық өмірге оралуды білдірсе керек.Іс-шараға әскери-теңіз базасының басшылығы, гарнизон әскери бөлімдерінің командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің төрағасы Гүлмира Кеңесбаева қатысты.– Әскерде қызмет еткен уақыттарың бекерге кеткен жоқ. Сендер шынықтыңдар, әскери-есеп мамандығын үйрендіңдер, психикалық және күш-қуат тұрғысынан дамыдыңдар. Сендердің бүкіл өмірлерің алда, бәріне сәтті бейімделіп, жоспарларың ойдағыдай іске ассын, – деді әскери-теңіз базасының командирі полковник Есенғали Байботаев.Оқу-жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері және міндеттерін адал орындағаны үшін матростар грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.– Бүгін біз көп нәрсені үйренген әскери бөліммен қоштасамыз. Әрқашан командирлерімізді есте сақтаймыз. Барлық әріптестердің атынан оларға зор алғысымды білдіргім келеді, ал бізден кейін келгендерге әскери-теңіз ісін табандылықпен үйренулеріне тілектеспін, – деді Қарағанды облысынан шақырылған теңізші Нұрасыл Сыздықбай. Салтанатты рәсімнің соңы Мемлекеттік әнұранның шырқалуымен және әскери бөлім әскери қызметшілерінің салтанатты маршымен аяқталды.Айта кетсек, көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінен 1500-ге жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші запасқа шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/963617?lang=kk
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау 05.04.2025
Баянды ауылы клубының қолдауымен, Баянды ауылы әкімі аппаратының ұжымы ғасыр жасаған кейуанамен ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен ақ жаулықты аналарды 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.Ауыл әкімі ақ жаулықты аналарға еткен еңбектеріне алғысын білдіріп, мерекеге орай сый сияпаттар табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/963608?lang=kk
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні 05.04.2025
Баянды ауыл клубында 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай “Анаға тағзым” мерекелік шарасы өтті.Мерекелік шара аясында Баянды ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан нәзік жандыларға ауыл әкімінің алғыс хаттары табысталды.Мерекелік кеште ауыл өнерпаздары өнерлерімен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/963585?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ «CITYPASS» БІРЫҢҒАЙ ТУРИСТІК КАРТАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 05.04.2025
Шымкент қаласында CityPass бірыңғай туристік картасы іске қосылады. Бұл жоба қала қонақтарына мәдени нысандарға, ойын-сауық орталықтарына, мұражайларға және басқа да көрікті жерлерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынады.CityPass картасы Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру, қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Жаңа жүйе туристерге уақытты үнемдеуге, негізгі нысандарға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі.Картаны онлайн платформа арқылы немесе арнайы сату нүктелерінен сатып алуға болады. Бағдарлама аясында қосымша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қарастырылған.«CROCOS» ЖШС компаниясы бұл жобаны іске асыру арқылы Шымкенттің туристік инфрақұрылымын дамыту, қалаға келетін қонақтардың санын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/963556?lang=kk
Осторожно тонкий лед! 05.04.2025
Абайлаңыз жұқа мұз!Құрметті Жақсы ауданының тұрғындары мен қонақтары! Көктемгі мұз өте жасырын екенін есте ұстаған жөн.Балаларыңызға назар аударыңыз, мұзға шығу қаупі туралы айтыңыз. Сіздің балаңыз бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз, көктемгі кезеңде су айдындарында балалардың өтуіне және болуына жол бермеңіз. Әсіресе мұз үстіндегі ойындар қауіпті!Мұз тез ағатын жерлерде, ағынды суларда және соққы кілттерінде, сондай-ақ су өсімдіктерінің өсетін аймақтарында, ағаштар мен бұталардың жанында берік емес екенін есте ұстаған жөн.Қар мен қардың астында, сондай-ақ жағалауда мұз өте қауіпті.Сондай-ақ, жарылыс жұмыстарын жүргізуге және ауа температурасының жоғарылауына байланысты облыстың су айдындарында мұздың мол еруі байқалады.Осыған байланысты Сізден мұзға шықпауыңызды сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/963532?lang=kk
Темекі өнімдерін таңбалау 05.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау басталғанын хабарлайды.Бұл — тауарлардың қадағалану жүйесін енгізуге бағытталған кең ауқымды бастаманың бір бөлігі. Мақсаты — контрафактіге қарсы күрес, тауар айналымын реттеу және салықтық ашықтықты арттыру. Таңбалау дегеніміз не? Таңбалау — бұл қаптамаға Data Matrix бірегей кодының жағылуы. Ол өнім туралы толық ақпаратты қамтиды: өндіруші, шыққан елі, шығарылған күні және басқа да параметрлер. Бұл жүйе темекі өнімі қаптамасының зауыттан тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді.Таңбалау енгізу арқылы мемлекет:- темекі өнімдерінің қозғалысын бақылауды күшейтеді;- контрафактілік деңгейін төмендетеді;- салықтық түсімдердің тиімділігін арттырады;- тұтынушылардың құқықтарын қорғайды. Жүйе қалай жұмыс істейді? Қазақстандағы таңбалау жүйесінің операторы — «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы (CRPT-KZ)» ЖШС. Өндірушілер мен импорттаушылар әрбір темекі қаптамасына бірегей кодтарды енгізуге міндетті, ал сатушылар — бұл өнімнің сатылғаны туралы ақпаратты онлайн-кассалар арқылы, фискалдық деректер операторлары (ОФД) жүйесіне жіберіп отыруы тиіс.Тұтынушылар үшін таңбалау — өнімнің түпнұсқалығын тексерудің бір жолы. Ол үшін Naqty Sauda мобильді қосымшасы арқылы қаптамадағы кодты сканерлеу жеткілікті. Бұзушылықтар үшін жауапкершілік Әкімшілік кодекске сәйкес, таңбаланбаған өнімді сатқан жағдайда айыппұлдар салынады және тауар тәркіленеді. Заңды тұлғалар үшін санкциялар бірнеше миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.Темекі өнімдерін таңбалау — Қазақстанда өркениетті әрі ашық нарықты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бұл мемлекетке де, бизнеске де, түпкі тұтынушыға да тиімді. Алдағы табыс — өндірушілер, импорттаушылар, бөлшек сауда және мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысына байланысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1004051?lang=kk