Қоғам
Kazakhstan Networking Session: MIHAS-2025 алаңында экспорт пен инвестицияларды ілгерілету 14.10.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 17-20 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық сауда делегациясы халал индустриясындағы халықаралық көрме — Malaysia International Halal Showcase (MIHAS) көрмесіне қатысты. Бұл — халал өнім өндірушілері мен сатып алушыларын біріктіретін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі платформа.Қазақстанның ұлттық павильоны көрмедегі ең ірі және көзге түсерлік стендтердің бірі болды. Онда азық-түлік пен агроөнеркәсіптік өнімдерден бастап, өңделген тауарлар мен халал саласындағы қызметтерге дейінгі кең ассортиментін ұсынған 20 отандық экспорттаушы компания өз өнімдерін көрсетті.Көрме аясында «Kazakhstan Networking Session» іскерлік форумы өтті. Онда қазақстандық қатысушылар еліміздің сауда және инвестициялық әлеуеті туралы таныстырылымдар жасады. Форумның қорытынды бөлімінде B2B-сессия ұйымдастырылып, отандық экспорттаушылар Малайзияның жетекші компанияларымен тікелей келіссөздер жүргізді.Форумда сөйлеген сөзінде министр А.Шаққалиев Қазақстанның диалогқа ашық екенін және екі ел экономикасының тұрақты өсуі, сауданы әртараптандыру және металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия, көлік-логистика секторы сияқты түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру арқылы Малайзиямен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында жарияланған жаңа инвестициялық цикл аясында ерекше маңызға ие. Бұл цикл өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологияларды және цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған.MATRADE төрағасы Ризал Мерикан Наина Мерикан MATRADE пен QazTrade арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы — сауда ынтымақтастығын тереңдетудің, нарық туралы ақпарат алмасудың және бизнес қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің берік негізін қалайды деп атап өтті. Бұл — Малайзия мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ ниеттің айқын белгісі.Қазақстанның MIHAS-2025 көрмесіне қатысуы Оңтүстік-Шығыс Азия нарығындағы позициясын нығайтудағы маңызды қадам болды. Бұл отандық өнімнің танымалдылығын арттыруға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және экспортты ұлғайту мен инвестиция тартуға мықты негіз қалыптастыруға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1072402?lang=kk
Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті 14.10.2025
Минск, 2025 жылғы 19 қыркүйек - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде белорус қоғам қайраткерлері мен сарапшыларының қатысуымен Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өттіКездесуді аша отырып, Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Жолдауда Президент Қ.К.Тоқаев цифрлық трансформацияға, инвестициялық жаңғыртуға, жаһандық өзара байланысқа және институционалдық жаңаруға бағытталған өршіл реформалар бағдарламасын ұсынғанын атап өтті. Жолдауда Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі дамыту – заң шығарушы органды реформалау, атап айтқанда бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсынысты қоса алғанда, бастамалардың ауқымды кешені айтылды. Осылайша, Қазақстан бастамашылық ететін ауқымды қайта құрулар тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар Беларусь Республикасын қоса алғанда, біздің стратегиялық әріптестерімізбен ынтымақтастықты нығайту үшін мүмкіндіктер туғызады.Өз кезегінде, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер Палатасының депутаты, Заңнама жөніндегі тұрақты комиссияның Төрағасы, Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Беларусь Ұлттық Жиналысының жұмыс тобының жетекшісі Марина Ленчевская бұл Жолдау елдің стратегиялық дамуындағы жаңа кезеңді белгілегенін, тез өзгеретін жаһандық сын-қатерлер жағдайында мықты және тұрақты елді құруға бағытталған нақты шаралар мен іргелі реформаларға бағдар белгіленгенін атап өтті. Қазақстан өз алдына экономиканы неғұрлым жоғары технологиялық, әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономикаға айналдыру мақсатын қойып отыр. Жолдаудың Қазақстан мен көрші елдер үшін ғана емес, жалпы еуразиялық кеңістік үшін де маңызы зор. Осыған байланысты М.Ленчевская Қазақстан Мәжілісінің цифрландыру саласындағы заңнамалық тәжірибесінің маңыздылығын атап өтіп, Беларусь парламентшілерінің олармен тығыз және нәтижелі өзара іс-қимыл жасайтынын ерекше атап өтті.Дөңгелек үстелге қатысушылар Жолдауда баяндалған бастамалардың Қазақстан мен Беларусьтің инвестиция, екі елдің транзиттік-көліктік әлеуеті, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына ерекше назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1072423?lang=kk
Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады 14.10.2025
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Көлік тарихы» жаңа сервисін енгізді. Жаңа сервис азаматтарға Қазақстанда тіркелген көлік құралдары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнда автокөліктің тіркелуі, тыйым салулар мен кепілдіктердің болуы, әкімшілік айыппұлдар, кедендік рәсімдер, утилизациялық алымның төленуі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар жөніндегі мәліметтер қамтылады. Бұл мүмкіндік көлікті сатып алу кезінде жасырын мәселелерді алдын ала анықтап, тәуекелдерді азайтуға және автокөліктің заң жүзінде «таза» екеніне көз жеткізуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, сервис мәмілелердің ашықтығын арттырып, автонарықтағы алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді. Ақпарат алу үшін азаматқа көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Осылайша, есеп мемлекеттік деректер қорынан алынатын мәліметтердің негізінде нақты уақыт режимінде жасалады. Маңыздысы, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелгеннен кейін қолжетімді. Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге. «Көлік тарихы» сервисінің іске қосылуы – азаматтар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты анағұрлым ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз ететін маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1073879?lang=kk
Ойлау-қабілет-сана 14.10.2025
19 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ойлау-қабілет-сана» атты өзекті мәселеге арналған жастар пікірсайысы өтті.Шараға сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жан-жақты дамытуға және жетілдіруге ұмтылатын қаламыздың белсенді жастар жиналды.Дискуссия мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал еңбек, сапалы білім және шынайы патриотизм құндылықтарына бағытталған соңғы Жолдауындағы түйінді ойларға негізделді.Пікірсайыс форматы қатысушыларға ашық диалог, пікір алмасу және кәсіби ой-өрістерін кеңейту үшін бірегей алаң болды. Пікірталас Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды.Шара барысында «Қазақстанның 100 кітабы» жобасымен таныстыруда қамтылды, онда қатысушылар оқырмандардың дауыс беруі негізінде таңдалған шығармалармен таныса алды.Шара жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуда маңызды қадам болып, ашық диалог пен сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлерін нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1072469?lang=kk
Аудан басшысы егін жинау барысын қадағалады 14.10.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбек күзгі егін жинау жұмыстарының барысымен танысу мақсатында бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының күріш алқаптарын аралап, науқанның ұйымдастырылу деңгейіне назар аударды.Аудан көлемінде бүгінгі күні 30 шаруашылық бойынша егін жинау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы 12 993 гектар жерге егілген күріштің бүгінгі күнге дейін 3 957 гектары орылып, 2 301 гектары бастырылған. Орташа өнімділік 44,0 центнерді құрап, 10 124 тонна өнім алынды. Бір күнде орта есеппен 1 257 гектар күріш орылып, 354 гектар бастырылуда.Аудан бойынша егін жинау жұмыстарына қажетті 1 710 тонна жеңілдетілген дизель отынының бүгінгі күнге дейін 664,5 тоннасы жеткізілді. Қалған 832,8 тонна отын егін жинау науқаны толық аяқталғанға дейін жеткізілуі жоспарланып отыр.Егістік алқаптарды аралау барысында аудан әкімі шаруашылық басшылары мен сала мамандарына науқанды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, дизель отынының уақтылы жеткізілу жұмыстарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуды жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1072471?lang=kk
Қазақстан Индонезиядағы кинофестивальге қатысты 14.10.2025
Джакарта, 2025 жылғы 22 қыркүйек – 2025 жылғы 19-21 қыркүйекте Джакартада Индонезияның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Arts lumiere Indonesia Festival: Muslim World Movie Screening» Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің кинофестивалі өтті.ИЫҰ-ның 16 елінен ислам құндылықтарын, бейбітшілікті, адамгершілікті және мәдениетаралық диалогты насихаттайтын 45 фильмнің ішінде режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» қазақстандық тарихи драмасы көрермендер мен сарапшылардың ерекше ықыласына бөленді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақфильм» студиясының қолдауымен түсірілген фильм Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның билік құрған кезеңін баяндайды. Оқиға XV-XVI ғасырларда, мемлекеттің гүлденген кезеңінде, хан Қасым шашыраңқы тайпалардың басын қосып, Ертістен Каспийге, Алтайдан Тянь-Шаньға дейінгі аумақтарды кеңейтіп, дала халқының сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы күрестегі тәуелсіздігін қорғаған кезде өтеді.ҚР Елшісі Сержан Әбдікәрімов өз сөзінде фестивальді ұйымдастырғаны үшін Индонезия Сыртқы істер министрлігіне алғысын білдіріп, кинематография мәдени дипломатияны дамытуда және екіжақты қатынастарды нығайтуда аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол бұл фильм Индонезия қоғамындағы Қазақстанның бай мәдени-тарихи мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Джакартада қазақстандық фильмнің премьералық көрсетілімі «Jakarta Arts Building» ғимаратында өтіп, индонезиялық көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Көрермендер көшпенділер мәдениетінің шынайы суреттелуін, актерлік шеберлігін және қойылымның эпикалық ауқымын атап өтті. Фестиваль қазақстандық кинематографтың тарихи жадыны сақтаудағы және ИЫҰ елдері арасындағы байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Индонезия журналистер қауымдастығының төрайымы Телли Наталия «Ұлы Дала Таңы» міндетті түрде көруге болатын фильм екенін атап өтті. Ол режиссер Ақан Сатаевтың көрермендерді Еуразия тарихы жасалып жатқан дәуірге жеткізгенін айтты. «Осы фильмнің арқасында мен ұлы хан Қасымның тарихымен таныстым, ол өзінің даналығымен тайпалар арасындағы бейбітшілікті қолдап, гүлденген Қазақ хандығын құрды. Осы фильмнің арқасында мен өз даналығымен тайпалар арасындағы бейбітшілікті қолдап, гүлденген Қазақ хандығын құрған ұлы хан Қасымның тарихымен таныстым. Фильм сахналары көрермендерді қазақ жерінің керемет сұлулығымен таныстырады. Фильмде көшпенділердің өмірі, атқа міну, аспаздық, музыкалық аспаптар, балалар ойындары және тағы басқалар бар» - деп атап өтті ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1072474?lang=kk
Теміржол вокзалының құрылыс барысы бақылауда 14.10.2025
Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы Жосалы кентіндегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады.“Р и А Сервис ЛТД” ЖШС бас мердігер болып табылған құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың 14 шілдесінде басталса, нысан толықтай желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.1904 жылы салынған ғимараттың жалпы көлемі – 624,6 шаршы метр, жолаушы қабылдау мүмкіндігі 200 адамға есептелген.Қазіргі таңда құрылыс алаңы қоршалып, бекітілген эскиздік жоба негізінде сыртқы қасбетін әрлеу, оның ішінде жылу сақтағыш материалдармен қаптау, травертин тасын орнату, сондай-ақ шатыр құрылымын жаңарту жұмыстары атқарылуда.Шыңғыс Әбділәмитұлы нысан басында мердігер мекеме өкілдері мен сала басшыларына құрылыс сапасы мен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестікті қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ тиісті сала басшысымен теміржол вокзалының маңын абаттандыру мақсатында темір бетон және теміржол электр торабына қарасты бағаналарды көшіру жөнінде келіссөздер жүргізді.Аталған құрылыс – аудан халқы үшін маңызды әлеуметтік нысан ретінде, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1072476?lang=kk
Азамат қылмыстық істерді кассациялық қайта қарау мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгінді 14.10.2025
Телеграмм КС - t.me/consot_kzАзамат кассациялық сотқа үкімдер мен қаулыларды өзгеріссіз қалдыруға және қайта қарау туралы өтініштерді қабылдамауға мүмкіндік беретін Қылмыстық-процестік кодекстің нормасын тексеру туралы өтінішпен Конституциялық Сотқа жүгінді. Өтініш берушінің пікірінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 494-бабы жетінші бөлігінің 1) тармақшасы оның сот арқылы қорғалу құқығын шектейді.Конституциялық Сот кассациялық қайта қарау тәртібі заңмен белгіленетінін және ол заң шығарушының құзыретіне жататынын атап өтті. Конституциялық Сот тек нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексереді және нақты істердің мән-жайларын бағаламайды. Өтініш беруші өз құқығын пайдаланған және оның өтініші сот қарауына алынған. Нәтижесінде дауланып отырған норманың Конституцияға сәйкестігін тексеруге негіздер жоқ екені анықталып, өтінішті қабылдаудан бас тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1072308?lang=kk
Әлем кубогының алтынын қарағандылықтар Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков батуттағы синхронды секіруден жеңіп алды 14.10.2025
Әлемдік біріншілік кезеңі Германияның Котбус қаласында өтті. Синхронды секіру жарыстарында Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков 52,200 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Жарыс нәтижелері бойынша Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман және екі дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52,050 ұпаймен екінші орынға ие болды, ал Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос және Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51,530 ұпаймен қола алды.Айта кету керек, қарағандылық дуэт бұған дейін Әзірбайжанда өткен Әлем Кубогы кезеңінде күміс жеңіп алған болатын.Халықаралық біріншілік Бакуде 20-23 ақпан аралығында өтті. Іріктеу кезінде біздің жігіттеріміз оннан төртінші болды, олар екі жапондық дуэт пен американдық дуэттен озып кетті. Финалда қазақстандық батуттистер екінші орынға ие болды. Бірінші орынды күншығыс елінің өкілдері, үшінші орынды мексикалық спортшылар иеленді.Егер Данил Мұсабаев қазақстандық спорт жұлдызы, 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарының қатысушысы болса, 18 жасар Никита Тумаков үшін Әлем кубогының күмісі- осындай жоғары деңгейдегі жарыстардағы алғашқы медалі. Бұл жолы алтын!Біз гимнасттар мен олардың жаттықтырушысы Сергей Владимирович Вертянкинді жеңісімен құттықтаймыз! Біз осындай атақты қарсыластарды жеңгенін баса айтамыз.- Германиядан бірден Болгарияға ұшамыз, онда 22-29 қыркүйек аралығында Әлем Кубогы өтеді. Содан кейін Әзірбайжанда халықаралық турнир өтеді, - деп жазды бізге Сергей Владимирович.Спортшыларымызға сәттілік пен медаль тілейміз!@mussabayev13@vertiankin_s@zhsshm_karagandyАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1072328?lang=kk
Ашық есіктер күні 14.10.2025
Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы бойынша Ашық есік күні өтті. Шара архив құжаттарын пайдалана отырып, архив құжаттарын насихаттау, архивист мамандығының маңыздылығы мен қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартып, Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.Ашық есік күніне жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1072276?lang=kk
Сарқан ауданында жаңа Салық кодексі бойынша "Ашық есік күні" өтті 14.10.2025
19.09.2025 ж. Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1072298?lang=kk
«2013 жылдан бері осы жәрмеңкеге келемін»: алматылықтар қала күнін дәстүрлі түрде демалыс күні жәрмеңкелерде атап өтті 14.10.2025
Өткен демалыс күндері Алматыда ауқымды шара өтті – қала тұрғындары дәстүр бойынша Қала күнін демалыс күнгі жәрмеңкелерге барып атап өтті. Сенбі-жексенбі күндері мегаполистің 6 ауданында 12 жәрмеңке ұйымдастырылып, 300 тоннадан астам өнім сатылды.Сөрелерге жаңа ет, көкөніс, жеміс-жидек, шұжық, бал және басқа да 1 000-нан астам тауар түрлері қойылды. Оларды Алматы қаласы мен Алматы облысының 270 ауыл шаруашылығы өндірушісі мен фермері ұсынды. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы нарықтағыдан 15–20% төмен болғаны қала тұрғындарына үлкен қолдау көрсетті.«Мен 2013 жылдан бері осы жәрмеңкеге келемін. Мамыр ықшамауданынан арнайы осында келемін. Маған бәрі ұнайды, бағасы да қолжетімді», – дейді қала тұрғындарының бірі. Көптеген алматылықтар үшін мұндай жәрмеңкелер мерекелік дәстүрге айналып, сапалы азық-түлікті тиімді бағамен алудың мүмкіндігіне жол ашып отыр.Сатылған 300 тонна өнімнің ішінде шамамен 45 тоннасы – ет (соның ішінде сиыр еті), ал 210 тоннасы – көкөніс пен жеміс-жидек. Бұл жәрмеңкелердің алматылықтарға ұсынатын өнімдерінің мол әрі әртүрлі екенін көрсетеді.Жәрмеңкелер әр сенбі-жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Айтеке би мен Гоголь көшелерінің арасы);Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);Бостандық ауданы – Қазақфильм ықшамауданы (Әл-Фараби даңғылынан жоғары);Жетісу ауданы – Құлагер ықшамауданы, «Гүлдер» саябағының алдында;Медеу ауданы – Мендіқұлов бульвары – Бектұров көшесі;Алатау ауданы – Мәдениет ықшамауданы.Демалыс күнгі жәрмеңкелер қала өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Оларды апта сайын 40 мыңнан астам адам аралап, жергілікті өндірушілерді қолдап, жаңа өнім сатып алады.Жәрмеңкенің басты мақсаты – фермерлерге өз өнімдерін, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды тікелей сату мүмкіндігін беру, ал қала тұрғындарына оларды қолжетімді бағамен ұсыну. Бұл нарықтағы бағаның тұрақтылығын сақтауға және халықтың барлық тобы үшін азық-түліктің қолжетімді болуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1072230?lang=kk
Қазақстан өзге елдермен бірігіп, маңызды мәлімдеме жасады 14.10.2025
Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасының басшылары Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен (ХҚКК) бірлесіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.Министрлік сайтында хабарланғандай, өз мәлімдемесінде мемлекет басшылары бүкіл әлемдегі қақтығыстарда халықаралық гуманитарлық құқықтың (ХГҚ) кең ауқымда бұзылуына және оның салдарынан болып жатқан адамзаттық қасіретке алаңдаушылық білдірді.Олар барлық мемлекет пен қарулы қақтығыстардың тараптарын ХГҚ-ны, атап айтқанда, бейбіт тұрғындарды, азаматтық нысандарды, сондай-ақ медицина және гуманитарлық сала қызметкерлерін қорғауға қатысты нормаларды сақтауға шақырды. Сондай-ақ мемлекет басшылары 2026 жылы соғыс кезінде ізгілікті сақтауға арналған жоғары деңгейдегі жаһандық кездесу ұйымдастырылатынын жариялады.Бұл мәлімдеме халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілету аясында жасалды. Бастама ХГҚ-ның неғұрлым қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуге бағытталған және 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында бастамашы алты елдің СІМ басшылығы мен ХҚКК кездесуі барысында жарияланды.Қазіргі уақытта бастамаға 89 мемлекет ресми түрде қосылды, ал 130-дан астамы жеті тақырыптық бағыт бойынша жаһандық және өңірлік консультацияларға қатысты.Бірлескен мәлімдеме әлем жұртшылығын кеңінен хабардар ету мақсатында БҰҰ-ның алты ресми тілінде, сондай-ақ қазақ және португал тілдерінде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-satbaev/press/news/details/1072249?lang=kk
Қарағанды облысына 640 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды 14.10.2025
Қарағанды облысында инвестиция тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биылғы сегіз айда өңірге 644 млрд теңге қаржы құйылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға артық.Бұл туралы аппараттық кеңесте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Асқар Газалиев мәлімдеді.2025 жылы жалпы саны 29 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның жартысына жуығы өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі. Жыл қорытындысымен 1,5 трлн теңге инвестиция тарту көзделген.Инвесторларға өңірде қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік бағдарламалар мен даму институттарымен қатар, өңірлік «Кәсіпкер» және «Өрлеу» бағдарламалары жұмыс істейді. Дайын инфрақұрылыммен және салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз етілген екі ірі алаң бар – «Сарыарқа» АЭА мен Саран индустриялық аймағы. Сондай-ақ «Сарыарқа» ӘКК базасында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.Қолдау тетіктері жеңілдетілген несиелер, инфрақұрылым тарту, жер телімдерін бөлу және жер қойнауын пайдалану лицензияларын ұсынуды қамтиды.– Облыста іскерлік белсенділік артып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мыңнан асты. Биыл 3,8 мың кәсіпкерге субсидия, кепілдік, грант және жеңілдетілген несие арқылы қаржылай қолдау көрсету жоспарланған, – деді Асқар Ғазалиев.Қазірдің өзінде бірнеше ірі жоба іске қосылды. Атап айтқанда, ыстық мырыштау зауыты, Samsung маркалы теледидарлар мен кір жуғыш машиналар шығаратын өндіріс орындары пайдалануға берілді. Металлургиялық кремний өндірісі қайта қалпына келтірілуде.Осакаров ауданында қуаттылығы 150 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Жақын уақытта өңірде болаттан тік дәнекерлі құбырлар, алюминий радиаторлары мен кремнийлі қорытпалар өндірісі жолға қойылады.Аграрлық салада да ірі жобалар бар. Осакаров ауданында ең ірі тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталды. Жыл соңына дейін сыйымдылығы 1200 басқа арналған алғашқы кезең іске қосылмақ.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы үнемі бақылауда екенін атап өтті.– Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы инвестицияларды қай салаға және қандай көлемде бағыттау қажеттігін нақтылап айтты. Жобаларды дайындау мен іске асыруға әкімдер жеке жауапты. Инвесторларда мәселе туындаған жағдайда, заң аясында жедел шаралар қабылдануы тиіс, – деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1072257?lang=kk
Семейде «Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті 14.10.2025
Семей қаласында Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.Семейдегі Абай атындағы театрда Абай елінің көрермендеріне сұлу Сырдың жыр сәлемі жеткізіліп, аймақ басшысы концертке келушілерге ізгі тілегін білдірді.«Еліміздің ұлттық руханияты мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің ордасы – киелі Семей өлкесінде Өздеріңізбен жүздескенімізге қуаныштымыз! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір. Семей – ұлттық ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің тарихи орталығы» деп лайықты бағасын берді.Абайдың есімін иеленген қасиетті өлкеде ұлы тұлғаның 180 жылдығы биыл аса жоғары деңгейде аталып өтті. Мемлекет басшысы «Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұлттық болмысымыздың айнасы» деген болатын. Ақын өсиеттері – бүгінгі ұрпақтың айнымас қазығы. Баршаңызды қазақтың ұлы ақыны, «адамзаттың Абайы» атанған ағартушы, рухани реформатор Абай Құнанбайұлының жалпыхалықтық тойымен Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!Семей және Қызылорда қалалары ұлтымыздың тағдыршешті мәселелері қаралып, маңызды шешімдер қабылданған саяси орталық ретінде тарихқа таңбаланған.Бүгінде Президентіміздің қолдауымен дербес облыс болып құрылған Абай елінде серпінді жобалар қарқын алғанына қуаныштымыз. Мәдениет пен руханиятты дамыту – еліміздің тұтастығын, ұлттық сана мен қоғамдық келісімді нығайтудың берік негізі.Бүгінгі шара екі өңірдің мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды арттыруға ықпал етеді. Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, болашағы жарқын болғай!», – деді Н.Нәлібаев.Мерекелік басқосуда Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз сөйлеп, өнер күндерін өткізуге қолдау білдірген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, атсалысқан өнерпаздарға алғысын жеткізді.Концертте Қорқыттың күйі, халық әндері, Сыр сүлейлерінің термелері, «Ұлы дала поэмасы» хореографиялық қойылымы, күй тартыс, «Махамбет» поэмасы және басқа да туындылар көрерменге ұсынылды.Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері Елордамыз Астанада, одан кейін Алматы қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылған еді.Өңірдің өнер майталмандары Наурыз мерекесін, еліміздің салт-дәстүрлерін халықаралық деңгейде насихаттап, Испания, Финляндия, Эстонияда маңызды шаралар өткізді. Алдағы қазан айында ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Швейцарияның бірқатар қаласында Қызылорданың мәдениет және өнер күндерін өткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1072268?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрін әкелуге тыйым салуды енгізу туралы 14.10.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министірінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі №342 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 қыркүйек №36809 болып тіркелген Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдердің аумағынан тас өнімдерінң жекелеген түрлері СЭҚ ТН 6802939000- салмағы 10 келі немесе одан көп көлемдегі гранит ескерткіштерге немесе құрлысқа арналған тас өнімдерінен басқа СЭҚ ТН 6801000000 – төселген тастар, жиек тас табиғи тастан төселуге арналған тастар мен плиталар, СЭҚ ТН 6802230000 – ескерткіштерге немесе құрлысқа арналған гранит және олардан жасалған бұйымдар, кесілген немесе кесілмеген, тегіс немесе тегіс беті бар, СЭҚ ТН 6802931000 – жылтыратылған безендірілген немесе өзге де өңдеуден өткен гранит тастардың көліктің кез келген түрімен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге үш (3) ай мерзімге тыйым салынғандығын хабарлайды.Сурет. № 1СЭҚ ТН коды: 68 02 939 00 0Төселген тастар, жиек тас табиғи тастан төселуге арналған тастар мен плиталарСурет. №2СЭҚ ТН коды: 68 02 939 00 0Ескерткіштерге немесе құрлысқа арналған тас өнімдері.Сурет. №3СЭҚ ТН коды: 68 02 931 00 0Жылтыратылған безендірілген немесе өзге де өңдеуден өткен гранит тастарАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1072054?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы: деңгейлес мониторинг жүйесін енгізу 14.10.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің (14-тарауының 2-параграфы) ережелерін іске асыру мақсатында «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірлегенін хабарлайды. Деңгейлес мониторинг дегеніміз не? Деңгейлес мониторинг – салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы ашықтық, сенім мен әріптестік қағидаттарына негізделген өзара іс-қимылдың жаңа нысаны. Негізгі мақсаты – салықтық тәуекелдерді азайту және салықтық бақылау рәсімдерін компанияның кәсіпкерлік қызметіне араласпай оңайлату. Бұйрық жобасының негізгі ережелері: - деректер витринасына, ішкі бақылау жүйесіне және есептілікті ашуға қойылатын талаптар белгіленген;- деңгейлес мониторинг жүргізу туралы өтініштерді беру, келісімдер жасасу және бұзу тәртібі белгіленген;- мониторинг жүргізу рәсімі регламенттелген. Мониторинг қалай жүргізіледі? - Жүйеге қатысу ерікті болып табылады. Өлшемшарттарға сәйкес келетін компаниялар уәкілетті органмен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы келісім жасай алады.- Өзара іс-қимыл электрондық форматта, салықтық есептілікке, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе – «деректер витринасы» арқылы жүзеге асырылады.- Мұндай тәсіл салық төлеушілердің қызметін жедел талдауға, рәсімдерді оңайлатуға және салықтық бақылау мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Бизнес үшін артықшылықтары: - әкімшілік жүктемені азайту;- салықтық әкімшілендірудің болжамдылығы мен ашықтығы;- дәстүрлі тексерулер санының азаюы;- бизнес пен мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту. Деңгейлес мониторинг — бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалог пен әріптестікке жасалған қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1072075?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конкурстық іріктеу 14.10.2025
Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конкурстық іріктеуҚазақстанда судьялық лауазымдарға тағайындау тек қана конкурс арқылы жүзеге асырылады.Жоғары Сот Кеңесі конкурстық рәсімдерді қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады.Жоғары Сот Кеңесі конкурстық іріктеу рәсімін кезең-кезеңімен жаңғыртып, бүгінгі күні ол үміткерлерді бағалаудың көпсатылы және жүйелі тетігіне айналды.Конкурсқа қатыса алады:Кеңес жанындағы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған тұлғалар;Сот төрелігі академиясының түлектері;жүйе ішінде ауысқысы келетін жұмыс істеп жүрген судьялар;бұрын судьялық лауазым атқарған тұлғалар.Конкурстық іріктеу рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:хабарландыруды жариялау және құжаттарды қабылдау;талаптарға сәйкестігін тексеру;цифрландыруға жатпайтын мәліметтер бойынша кешенді бағалау;цифрлық критерийлер бойынша автоматтандырылған бағалау;қоғам пікірін зерделеу;құзыреттілік бойынша сұхбат (жұмыс жасап жүрген судьялардан басқа үміткерлер үшін);Конкурстық іріктеу комиссиясының отырысы;Жоғары Сот Кеңесінің қорытынды отырысы.Конкурстың барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы барлық ақпарат Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.Жоғары Сот Кеңесі Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен ішкі үдерістерді оңтайландыру есебінен өткізілетін конкурстар санын арттырды. Бұл ретте іріктеу сапасы төмендеген жоқ, керісінше үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Мұндай жұмыс бос лауазымдарды уақтылы толтыруға және жұмыс жасап жүрген судьялардың жүктемесін азайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1072100?lang=kk
Сыр өңірінің делегациясы Семейдегі бірқатар нысандарды аралады 14.10.2025
Абай облысында өтетін Қызылорда облысының өнер күндеріне барған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Семейдегі «Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.Сыр елі делегациясының мүшелері Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Абай облысының әкімі Берік Уәли қонақтарға «Semey Smart City» шағын ауданының құрылыс жобасын таныстырды. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтермек.Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің 11 өңірі Семей қаласына бір нысан салып беруге өз ұсыныстарын берді. Маңғыстау облысы Достық үйінің іргетасын қалады. Шымкент қаласы шығармашылық орталығын, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы Келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы Рәміздер алаңын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағажайын абаттандыруды жоспарлаған.Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізді. «Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен үлкен жобаны қолға алған екенсіздер. Біз де бұл игілікті іске өз үлесімізді қосамыз. Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» орталығы бар. Сондай ғимараттың бірін жоспарлаймыз» деді.Делегация Семей қаласында орналасқан еліміздегі автобус құрастыратын жетекші кәсіпорындардың бірі «Daewoo Bus Kazakhstan», жүк көліктерін, арнайы техника құрастырумен айналысатын «СемАЗ» және түрлі баспа өнімдерін шығарумен шұғылданатын «Казполиграф» серіктестіктерін аралады. Кәсіпорындардың өнімдеріне қызығушылық танытып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1072119?lang=kk
АҢДАТПА! «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді 14.10.2025
АҢДАТПА! «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді2025 жылғы 23 қырқүйекте сағат 16:00-де mkd_aqmol Instagram парақшасында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер - Тобыл Демесинов дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысыМодератор – Айнұр Елікбаева түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1072161?lang=kk