Enbekshi QazaQ

Қоғам

18 наурыз – Ұлттық киім күні 27.03.2025
Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.Ұлттық киімнің ең кең тараған түрі – шапан. Оның ерекше дизайны, барынша ыңғайлылығы халықтың қонақжайлылығы мен мейірімділігін  бейнелейді. Қонаққа шапан сыйлау – оған деген ыстық ықыластың белгісі ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрыпқа деген құрмет.Бұл күн – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Ұлттық киімде қолданылған маталардан біз өткен заманның сұлулығы мен болашақтағы бірегейлігімізді сақтаудың кілтін көреміз.Бұл күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-sarkant/press/news/details/960039?lang=kk
«Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Аягөз ауданы әкімдігінің «Су» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Уалиханова 25 27.03.2025
Кәсіпорын халықты және шаруашылық жүргізетін субъектілерді сумен жабдықтау және су бұру елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласында, мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау саласында, коммуналдық қалдықтарды кому, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану саласында қызметті жүзеге асырады.         Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтеріне жалпылай басшылық жасау; барлық құрылымдық бөлімшелердің, қызметтердің, бөлімдердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; кәсіпорынның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасын, стратегиясы мен басымдықтарын анықтайды; жаңа техника мен технологияны, басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу үшін жағдайлар жасау; кәсіпорынның перспективасын, стратегиясын және техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму басымдылықтарын анықтайды; кәсіпорынмен қызметті тұтынушылар, мембюджет, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банкті қоса алғанда кредиторлар алдында міндеттемелердің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімдердің), индикативті жоспарлар мен бизнес-жоспарлардың көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді; кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; барлық қызметтердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау; барлық қызметтердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау; сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін қорғау; есеп жүйесін және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды құру және қамтамасыз ету.         Біліктілік талаптары: Білімі жоғары кәсіптік техникалық, заң немесе инженерлік-экономикалық, кәсіпорын саласына сәйкес басқарушы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болу.         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және негізгі бөлімдері), Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.          Үміткерлер «Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің кадрлар бөліміне келесі құжаттарды: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік тілде түйіндемені; еркін нысанда жазылған өмірбаянды; білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелерін; белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынулары қажет.         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурсты өткізу орны – «Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.         Мекен-жайы бойынша анықтама: Абай облысы, Аягөз қаласы, Момышұлы көшесі, 62, телефоны: 3-22-10, 3-29-70Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/959743?lang=kk
Инклюзия бойынша воркшоп 27.03.2025
18 наурыз күні, Алматы қаласы әкімінің мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі кеңсесінің ұйымдастыруымен инклюзия бойынша воркшоп өтті.Іс-шара барысында қатысушылар қолжетімді орта құру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсарту, сондай-ақ жұмыс процесіне инклюзивті тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылады. Ерекше назар қызметкерлердің инклюзия туралы хабардарлығын арттыруға және неғұрлым ашық әрі қолдаушы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/959741?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының 5-6 сынып оқушылары арасындағы асық ату және бес асық бойынша Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы 27.03.2025
Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі аясында Өскемен қаласында З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің базасында 5-6 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық бойынша жарыстар өтті.Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:Асық ату ұлдар арасында:І орын – «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ, Ұлан ауданы;ІІ орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;ІІІ орын – «Жаңа Ертіс орта мектеп» КММ, Глубокое ауданы.Бес асық қыздар арасында:І орын – «А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ, Зайсан ауданы;ІІ орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;ІІІ орын – «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/959719?lang=kk
Алматы облысының оқушылары мектеп аулаларына 1000-нан аса құс ұясын орнатты 18.03.2025
Аталған шара “Халықаралық құстар күніне” орай, Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің базасында ұйымдастырылды.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман шаруашылықтарының қолдауымен колледж студенттері өз қолдарымен 1000 торғай ұясын жасап, оларды мектеп оқушыларына табыстап, ал мектеп оқушылары болса өздерінің білім беру мекемелерінің аумағына орналастырды.Бұл құстарға жаңа әрі қауіпсіз ұя салатын орындар қалыптастыруға мүмкіндік берумен ғана қоймай, өңірдің экожүйесін сақтауға да жастардың зор үлесін қосуы деп танысақ қателеспейміз.Ұйымдастырушылардың пікірінше, табиғатты қорғау балалық шақтан қалыптасады, ал табиғатқа қамқорлық – болашаққа жасалған инвестиция.Бұл эко-акция облыстың барлық аудандарында да өз жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/959903?lang=kk
«Қазақстан-Қытай» ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы аясында Қазақстанның Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Қытай Халық банкінің, Қытай Эксимбанкінің және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді 18.03.2025
Қытайдың Халық Банкі Төрағасының орынбасары Лу Лэй мырзамен кездесу барысында халықаралық қаржы нарықтарындағы ағымдағы ахуал, екіжақты қаржылық ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасты және Қытай нарығында панда-бондтарды шығару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.Қытай Эксимбанкінің вице-президенті Ван Кан мырзамен Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруды, оның ішінде Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін № 4 сорғы-сүзгі станциясымен су құбырын, Алматы қаласындағы метроның жаңа желілерін салуды, сондай-ақ өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жаңғыртуды талқылады.Бұдан басқа, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою және бюджеттік қолдау бойынша жаңа бағдарламаны дайындау мәселелері АИИББас инвестициялық директоры Константин Лимитовскиймен кездесуде қаралды.Кездесулер қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға, әріптестікті одан әрі дамытуға және өзара тиімді мақсаттарға қол жеткізуге сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/959674
Астанада ШЫҰ Инвесторлар қауымдастығының жұмысы басталды 18.03.2025
Астана, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстан елордасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті.Құрылтай жиналысында мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 20-дан астам инвестициялық ведомстволары мен қорларының өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушылар ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттары туралы пікір алмасты, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларында әлеуетті инвестициялық жобаларды қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылады. Инвестициялық ахуалды жақсарту және осы саладағы бар кедергілерді еңсеру мәселелеріне ерекше назар аударды.Отырыстың қорытындысы бойынша Қауымдастықтың жұмыс жоспары қабылданды және Хаттамаға қол қойылды.Инвесторлар қауымдастығы ШЫҰ-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 4 шілдеде Ұйымның Астана саммитінде құрылды және ШЫҰ форматындағы тікелей және портфельдік инвестициялар нарығын дамыту, оларды елдер экономикаларының басым секторларына тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуге арналған көпжақты, консультациялық-сараптамалық алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/962245?lang=kk
Әскери инженерлер Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің өткелін қалпына келтіреді 18.03.2025
Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің бойындағы ауылдар арасына уақытша өткел салу үшін Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері батыс өңірге темір жол көлігімен аттанды.Понтондық көпір паркінің элементтері теміржол платформасына тиелді, оның ішінде екі үлкен тонналық автомобиль-понтондық көпір сегменттері бар көлік (КрАЗ-255Б), суда жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасында екі сүйреткіш-моторлы қайық бар. Техниканы майор Наурыз Төлеуовтың басшылығымен 58012 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісінен құралған топ алып жүреді. Мамандар байланыс құралдарымен және қосымша заттармен жабдықталған.Әскери инженерлер бұл жерге келгеннен кейін тұрғындарды, техниканы, материалдық құралдарды және жануарларды тасымалдау үшін өткел жасайды. Айта кетейік, өткен жылы әскери инженерлер 4 паром өткелін жабдықтаған (Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында). Оның көмегімен 362 рейс жасалды, 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 1 380 астам техника мен 423 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/958971
"Камикадзе-катерлері" мен дрондардың шабуылына тойтарыс: Каспийде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті 18.03.2025
Каспий теңізінің акваториясында генерал-майор Серік Борамбаевтың басшылығымен Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті. Оның белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қадағалады.Оқу-жаттығу командирлер мен тактикалық буын бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы мен кәсібилігін арттыруға, олардың ассиметриялық қауіп-қатерлер жағдайында жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу дайындығын тексеруге бағытталған.Үш кезеңдік командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмылдыру ресурстарын қабылдау пунктерін орналастыруды, ұсынылған жолдарды практикалық тралдау, Ақтау теңіз порты кемелерінің кіруі мен шығуын, орналасу пунктерін және теңіз экономикалық қызметінің басқа да стратегиялық маңызды объектілерін күзету мен қорғауды қамтыды. Сонымен қатар, "күдікті" кемеге тексеру жүргізіліп, "апатты" кемеге көмек көрсетілді.Оқу-жаттығу аясында теңіз миналары, жер үсті және әуе нысандары бойынша практикалық атыстар өтті. "Камикадзе-катерлерінің", ұшқышсыз ұшу аппараттарының және әуе шабуылы құралдарының түрлі шабуылдарына тойтарыс берілді.Командалық-штабтық оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/959011
Қазақстанда ТМД армияларының әскери қызметшілері арасында қазақ күресі мен самбодан чемпионат өтпек 18.03.2025
Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов бастаған Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің кезекті отырысына қатысты.Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының дене шынықтыру және спорт саласындағы әскери басқару органдарының басшылары, сонымен қоса ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын, одан бөлек әскери-спорттық ойындар мен түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындықты талқылады.– Біз достас армиялардың әріптестері ынтымақтастықтың мүмкіндіктері бағалаймыз және бірлесе әскери қызметшілерді даярлау мен дене шынықтыруды дамытуда жаңа биіктерге жете алатынымызға сенімдіміз, – деп атап өтті полковник Арман Әбеуов.Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанда 2026 жылы екі маңызды іс-шара өткізу туралы шешім қабылданды. Сәуірде бізде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысы өтеді. Бұдан басқа ТМД-ға мүше елдер достық армияларының XVII Спартакиадасы аясында қазақ күресі мен самбодан чемпионат жоспарланған. Сол сияқты жарыстың аталған түрі ТМД-ға мүше елдердің достық армиялары арасында тұрақты түрде өтетін Спартакиаданың бағдарламасына енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/959451
Шымкентте әскерилер ұлттық киімді ұлықтады 18.03.2025
Әскери қызметшілердің бешпент, шапан, қамзол секілді ұлттық киімдерді киюге әрдайым мүмкіндігі бола бермейді. Әйтсе де бүгін әскери қызметшілер дәстүрге құрмет көрсетіп, қызметке ұлттық киіммен келді.Қарулы күштердің алтыншы механикаландырылған бригадасында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет Жамал Оразбектің басшылығымен мерекелік іс-шара ұйымдастырды.Бақылау-өткізу пунктінде жауынгерлерді кезекшімен бірге ұлттық киім киген әйелдер қарсы алды. Бригада жеке құрамы сап түзеп, ақ жаулықты әжелер мен әскери қызметшілердің әйелдері «шашу» шашып, мерзімді қызмет сарбаздары тәттіден ауыз тиді.Бригаданың әскери оркестрі саптық шерумен жүріп өтіп, көпшілікке танымал «Қош келдің, Наурыз!», «Көктем шақырады» және «Наурыз-думан» композицияларын орындады.Әскери қызметшілерге ұлттық киімнің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтылды.– Бұл мереке бізді ғасырлар қойнауына жетелеп, өзінің сұлулығымен және ыңғайлылығымен ерекшеленетін ұлттық киімнің тарихымен таныстырады. Бүгінгі іс-шара арқылы біз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабаларымыз бен салт-дәстүрімізге құрмет көрсетеміз, – деп атап өтті бригада командирі подполковник Сергей Биболатов.Мерекелік іс-шаралар барлық гарнизондарда өтіп, ұлттық киім көрсетілімдері, челлендждер мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Іс-шараларға қатысушылар қазақ халқының бай мәдениетімен және өзіндік ерекшелігімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/959593
Жапон бизнесі Қазақстанға инвестиция салуға шақырылды 18.03.2025
Токио, 2025 жылғы 18 наурыз – Жапонияға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жапон іскер топтарының өкілдерімен кездесулер өткізді.Министр Қазақстанда жапон компанияларының өнеркәсіп, цифрландыру, декарбонизация, көлік және логистика саласындағы жобаларын іске асыру барысымен танысты. Қазақстан экономикасына 8 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салған Жапония еліміздегі ең ірі инвесторлардың ондығына кіреді.Ол сондай-ақ жапон компанияларын Қазақстандағы экономиканың жаңа секторларына инвестиция салуға шақыра отырып, қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталған еліміздегі реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.«Marubeni» вице-президенті Акира Теракавамен кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметі талқыланды, сондай-ақ компанияның ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвестициялар жөніндегі кеңестің мүшесі және Қазақстан-Жапония экономикалық ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы ретіндегі рөлін ескере отырып, экономиканың инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жөнінде пікір алмасу өтті.«Toyota Tsusho» компаниясының басқарма төрағасы Нобухико Муракамимен талқылау цифрлық инфрақұрылымды дамыту және энергия үнемдеу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жапон капиталы мен инновациялық технологияларды тартуға бағытталды. Атап айтқанда, электр желілерін тұрақтандыру саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды енгізу үшін әлеуетті тауашалар сияқты перспективалық бағыттар қаралды.«Komaihaltec Inc.» атқарушы директоры Эми Комаи «JCM» (Joint Crediting Mechanism) бірлескен кредиттік тетігі шеңберінде Қазақстанда жасыл энергетика саласындағы компания әзірлеп жатқан жобалар туралы хабардар етті. Компания өкілдері жақын арада жел генераторлары негізінде автономды электрмен жабдықтау жүйесін пысықтау және құру үшін Түркістан облысына барады.«Nissin» компаниясының президенті Масахиро Цуцуимен Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКМ, Орта дәліз) арқылы Жапониядан Еуропаға жүктерді тасымалдау мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. М.Цуцуи Орта дәліз шеңберінде көлік-логистикалық қызметті жүзеге асыруға жоғары қызығушылық білдіріп, осы бағыт арқылы жүктерді тасымалдау кезеңін қысқартуды қамтамасыз ету үшін мүмкін болатын шешімдер туралы пікірімен бөлісті.Іскер топтармен кездесулер барысында Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыруда жапон бизнесіне қажетті көмек көрсетуге дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/959435
Қазақстан мен Румыния: стратегиялық серіктестік жолындағы жаңа серпін 18.03.2025
Бухарест, 2025 жылғы 17 наурыз – Қазақстан мен Румыния арасындағы стратегиялық серіктестікті орнату перспективалары бүгін Бухарестте өткен саяси консультациялардың 8-ші раундының күн тәртібінің негізгі тақырыбына айналды. Қазақ тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, румын тарапын Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ана Тинка басқарды.Дипломаттар саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Қазақ дипломаты Румыния еліміздің Оңтүстік Шығыс Еуропадағы және жалпы Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. «Бүгін біз Қазақстан-Румыния қатынастарының жан-жақты әлеуетін оларды стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару перспективасымен ашу жөніндегі бірлескен қадамдарды талқыладық», – деп атап өтті Р.Василенко.Атап айтқанда, Қазақстан мен Румыния президенттерінің БҰҰ Бас Ассамблеясы (2023 ж. қыркүйек) алаңындағы келіссөздерінің қорытындысы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Бухарестке алғашқы ресми сапардың (2023 ж. желтоқсан) нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыруға ерекше назар аударылды.Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық келіссөздердің маңызды тақырыбына айналды, оған себеп Румынияның Қазақстанның тауар айналымының көлемі бойынша әлемде 10-шы орында ие болғаны. «Елдеріміздің ынтымақтастығы тек энергетикадағы әріптестікпен ғана шектелмеуі тиіс, Global Gateway бастамасы шеңберіндегі көлік-логистика саласында да айтарлықтай даму әлеуеті бар», – деді Р.Василенко.Өз кезегінде А.Тинка Румыния Қазақстанмен әріптестікті жоғары бағалайтынын және елімізді Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық одақтас ретінде қарастыратынын атап өтті. «Бухарест биік және жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды, өңірлік қауіпсіздікті, сауда дәліздерін дамытуды, сондай-ақ энергетика, қорғаныс және ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуді қоса алғанда, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі», – деп мәлімдеді румын дипломаты.Румыния Премьер-министрі кеңсесінің Экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі Флорин Спатарумен кездесу барысында атом саласындағы жобаларды, сондай-ақ көлік-логистикалық және энергетикалық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі нақты қадамдарды іске асыруды жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.Румыния Энергетика министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Павел Ницулескумен өткен кездесуде Р.Василенко Қазақстан әлемдегі мұнай мен газды жетекші экспорттаушылардың бірі бола отырып, Бухарестті энергия тасымалдаушыларды жеткізу және «жасыл» экономика қағидаттарын іске асыруға бағытталған бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Еуропадағы стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. П.Ницулеску Румынияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.Румыния Қаржы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Радуем Калманмен келіссөздер барысында банк және қаржы секторындағы ынтымақтастық перспективалары мәселелері талқыланды, сондай-ақ «KazMunayGas International» компаниясының салық салу мәселелеріндегі мүдделерді қорғау жеке тақырыпқа айналды.Румыния Парламенті Сенатының Сыртқы саясат комитетінің төрағасы Титус Корлецянмен келіссөздер барысында тараптар халықаралық істер комитеттері мен достық топтары деңгейінде парламентаралық диалогты жандандыруға келісті. Екі елдің заң шығарушы органдары саяси диалогты ғана емес, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқаратыны аталып өтті.Тұтастай алғанда, Бухаресттегі келіссөздер екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растап, екі елдің тұрақты экономикалық өсуі мен халықаралық ұстанымдарын нығайту үшін жаңа тауашалар ашатын стратегиялық серіктестік орнату жолында бірлескен бастамалардың негізін қалады.Анықтама: Румыния – Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа өңіріндегі Қазақстанның №1 сауда және инвестициялық серіктесі, Еуропада 5-ші және барлық сауда серіктестері арасында әлемде 10-шы орынға ие. Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 2,92 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 2,78 млрд долл., импорт – 138 млн долл.), бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артық (2,87 млрд долл.). Румыниядан ҚР экономикасына инвестициялардың жалпы ағыны – 1,57 млрд доллар (2005 жылдан бастап 2023 жылғы 3 тоқсанға дейін). Қазақстанда Румынияның қатысуымен 40-қа жуық компания, ал Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 35 заңды тұлға бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/959193
Қазақстан СІМ басшысы Жапонияға ресми сапармен барды 17.03.2025
Токио, 2025 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияға ресми сапармен барды.Сапар аясында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибамен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық құрылымдар желісі бойынша бірлескен жұмысты талқылады.М.Нұртілеу Премьер-министрге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді. Ол Астананың екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады.«Жапония – Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі. Біз Токиомен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға бел будық», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Өз кезегінде Ш.Ишиба Жапония Үкіметінің Қазақстанмен көпжоспарлы өзара іс-қимылды нығайтуға деген берік ниеті туралы сендірді.«Орталық Азия + Жапония» Диалогы шеңберінде кооперацияны дамытуға және алғашқы саммитті өткізу бойынша мәселелерге, сондай-ақ биік деңгейде тұрақты байланыстарды сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге өзара ұмтылыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/958829
Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті 17.03.2025
Токио, 2025 жылғы 17 наурыз – Жапонияға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесу өткізді.Тараптар биік және жоғары деңгейдегі саяси диалогты жандандырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени байланыстарды тереңдетудің негізгі мәселелерін талқылады.Министрлер қысқа тарихи кезеңде Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті.«Осы ширек ғасыр ішінде біз сапалы саяси диалог пен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты орнатып, сондай-ақ берік мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастыра алдық», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Экономикалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Жапония Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіреді, 1993 жылдан бері инвестициялардың жалпы көлемі 8 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы шамамен 2 млрд АҚШ долларына жетті, ал Қазақстанда «Sumitomo», «Marubeni», «Toshiba», «Mitsui» және басқаларын қоса алғанда 60-қа жуық жапондық компания табысты жұмыс істеуде.Осыған байланысты қазақ тарапы жапондық компанияларды өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.Кездесу барысында бейбіт атомды пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері жеке қарастырылды. Тараптар ядролық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ядролық энергетикада білікті кадрлар даярлау саласында өзара іс-қимыл жасау уағдаластығына қол жеткізді.Сыртқы істер министрлері өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыру ниеттерін растады.М.Нұртілеу ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау үшін маңызды алаң ретінде «Орталық Азия + Жапония» диалогын одан әрі ілгерілетудің өзектілігін атап өтті.Сондай-ақ Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы Қазақстан қарарын қолдағаны және тең авторы болғаны үшін жапон тарапына алғысын білдірді.Сонымен қатар сұхбаттастар мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға серпін беруге деген өзара ниетін растады.Министр Жапония тарапына Осакада ЭКСПО-2025 көрмесін сәтті өткізуді тілеп, Қазақстан ауқымды іс-шараға жоғары деңгейде белсенді қатысуды жоспарлап отырғанын атап өтті.Министр Т.Ивая жапон тарапының Токионың маңызды стратегиялық серіктесі – Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын айқындайтын Қазақстан мен Жапонияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/958933
Қазақстан Сыртқы істер министрі Жапонияға ресми сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді 17.03.2025
Токио, 2025 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияға ресми сапары барысында Жапония Министрлер кабинетінің Бас хатшысы Ёшимаса Хаяши, Экономика, сауда және индустрия министрі Йоджи Муто, сондай-ақ Қазақстанмен достық жөніндегі Жапония парламенттік лигасының төрағасы Тошиаки Эндомен кездесулер өткізді.Ё.Хаяшимен өткен келіссөздер барысында екіжақты саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Көлік және логистика, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.«Жапония – уақыт сынынан өткен сенімді досымыз әрі стратегиялық серіктесіміз. Қазақстан Жапониямен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейілді, бұл екі елдің ұлттық мүдделеріне толық сай келеді», – деп атап өтті Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы.Й.Мутомен өткен келіссөздер Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларына арналды. М.Нұртілеу инвестициялық және ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ декарбонизация саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.Тараптар сирек кездесетін металдар, көлік және логистика, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту салаларындағы өзара ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытты. Осы тұрғыда Қазақстан мен Жапонияның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық және жеке секторлар арасындағы бірлескен комиссиясының үйлестіруші рөлінің маңыздылығы аталып өтіп, оның кезекті отырысын биыл Астанада өткізу ұсынылды.Т.Эндомен және Қазақстанмен достық жөніндегі Жапония парламенттік лигасының мүшелерімен кездесу барысында екіжақты парламентаралық өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері талқыланды. Атап айтқанда, заң шығару органдарының сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық жобаларды дамытуға жәрдемдесуі мәселелері қарастырылды.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі ел арасындағы сенімді диалог деңгейінің жоғары деңгейін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті нығайтуға белсенді қолдау көрсеткені үшін жапон тарапына алғысын білдірді.Тараптар цифрландыру, жасанды интеллект, жасыл экономика және басқа да инновациялық бағыттардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге деген ортақ ұмтылыстарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/958950
Әскер спортшысы Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында алтын олжалады 17.03.2025
Сербияның Нише қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Сайыстың нәтижесінде Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының қызы Ху Мэйді 5-0 есебімен ұтты.Бұған дейін Алуа Солтүстік Кореялық Ан Кум, кениялық Вероника Нзива, морокколық Ясмин Мутаки мен түркиялық Айсен Ташкинді жеңген болатын. Айта кету керек, Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күмісжәне қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы атанған. Бұл Алуаның әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/958262
Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның офицерлері Алматыда болған қайғылы оқиғаның алдын алды 17.03.2025
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі капитан Әділет Әбілмәжінов пен Ұлттық ұлан капитаны Аманғали Ерменовтің батыл әрі епті әрекеті қиын жағдайда қалған әйелді құтқарып қалды.Оқиға орнына Мамыр-2 шағынауданында отбасымен серуендеп жүрген Әділет Әбілмәжінов кездейсоқ барған. Офицер көпқабатты үйдің жанында біраз адам жиналғанын байқайды. Әйел 4-қабаттың балконынан секірмек болғанын көреді.Уақыт ұттырмай Әділет Әбілмәжінов, Аманғали Еменов және ІІМ қызметкерлері 5 қабаттағы пәтерге көтерілді. Тұрғын үй иесінің рұқсатымен әскери қызметшілер көрші пәтердің терезесі арқылы төртінші қабатқа түседі. Сол жерде Аманғали Ерменов әйелді қауіпсіз жерге әкетіп, өмірін арашалап қалады.Өте қауіпті жағдай ойдағыдай шешілді. Психологтар әйелмен жұмыс істеуге жұмылды. Адам өміріне қауіпті жағдай әскери қызметшілердің арқасында тойтарылды.Капитан Әділет Әбілмәжінов – Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы жедел ден қою бөлімі мобильді бөлімшесінің офицері. Ол өзінің батыл әрекетімен керемет ептілік көрсетіп қана қоймай, сондай қиын сәтте қалай әрекет ету керектігін білетін нағыз кәсіпқой ретінде көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/958588
Шаңырақ күні: әскери қызметшілер отбасыны ынтымақ күнімен құттықтады 16.03.2025
"Наурызнама" онкүндігінің үшінші мерекесі – Шаңырақ күні Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері оқу-жаттығу орталығының әскери қызметшілері Алтынбек пен Айжан Рақышевтардың үйіне барды.Биыл ерлі-зайыптылардың отау құрғандарына 15 жыл. Олар алты бала – үш ұл және үш қыз өсіріп отыр. Отағасы Алтынбек Рақышев Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында мотоатқыштар мектебі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Жұбайы Айжан үйде бала тәрбиесімен айналысады.– Отбасы – басты тірегіміз. Жұбайым екеуміз балаларды үлкендерді сыйлауға, дәстүрлерді құрметтеуге, ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге үйретеміз. Балалардың қамқорлықты сезініп, ынтымақта және еңбекқор болып өсуі біз үшін маңызды. Отбасы – ол болашақтың негізі, – деді А. Рақышев.Әскери қызметшілер үй иелерін мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Мерекелік дастархан басында, тамаша көңіл-күйде әріптестер өздерінің ата-аналарының өсиеттері мен отбасыларында болған қызықты оқиғаларды еске алды.Кездесу соңында бөлім командирінің орынбасары подполковник Әлішер Табылдиев Рақышевтар отбасына өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға қосқан үлестерін атап өтіп, алғыс хат табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/957701
Аягөз гарнизонының сержанттары Абай облысында 32 адамды эвакуациялады 16.03.2025
Абай облысындағы Шұбарбайтал ауылының маңындағы Үржар – Семей автожолынан 695 шақырым жерде қатты боранның салдарынан автокөлік легі тоқтап қалды.Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқару операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 97616 әскери бөлімінен сержант Бауыржан Ақасов пен 3-сыныпты сержант Айдын Мәдімов тартылды.Әскери қызметшілер 32 адамды, оның ішінде 15 баланы қар құрсауынан құтқарып, Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне жеткізді. Жолаушылар әскери қызметшілерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, қиын жағдайда қол ұшын созған жандарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/957704