Қоғам
Жылы лебіз, игі іс: Байқоңыр ауданында Алғыс айту күні қалай аталып өтті 04.03.2025
Алғыс айту күнінде Байқоңыр ауданының қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, коммуналдық сала қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырды. Оларға ыстық ас беріліп, күнделікті еңбектеріне алғыс айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кез келген ауа райы жағдайына қарамастан күн сайын қала тазалығы үшін еңбек етеді. Оларсыз елорданың жайлы өмірін елестету мүмкін емес. Жауапты жұмыстары үшін алғысымыз шексіз», - деп атап өтті Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Азамат Малыбаев.Мұндай іс-шаралар қаланың тазалығы мен жайлылығына жауапты адамдардың еңбегіне алғыс пен құрмет көрсету мәдениетін нығайтуға септігін тигізеді.Еске салайық, 1 наурыз – Қазақстанда Алғыс күні. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиға – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен ерекшеленді. Осы есте қаларлық датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948909
Байқоңыр ауданында Алғыс айту күніне орай жұмысшы мамандар марапатталды 04.03.2025
Алғыс айту күніне орай Байқоңыр ауданында жұмысшы мамандарға1 құрмет көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мерекелік шара К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды студенттерінің қатысуымен өтті.Іс-шара барысында түрлі сала өкілдері құрметті сыйлықтармен марапатталды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында көрермендерге мерекелік ерекше қойылымдар ұсынылды.Сонымен қатар, шара қонақтарына заманауи әндер мен билер, сондай-ақ аспаптық ансамбльдің музыкалары ұсынылды.Еске салайық, 1 наурыз – Қазақстанда Алғыс айту күні. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиға – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен ерекшеленді. Осы есте қаларлық датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948910
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы аталып өтті 04.03.2025
Көкшетауда Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» форумы өтті.Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ескерткіш тақтаның ашылуымен басталды. Ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ассамблея ардагерлері және аға буын өкілдері қатысты.Облыс әкімі қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Марат Ахметжанов Қазақстанның бейбітшілік пен келісімнің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігін, достық пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін бірегей институт екенін айтып, Ассамблея мүшелеріне және көпұлтты қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.«Ақмола облысындағы этномәдени бірлестіктер де ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып, ел бірлігін бекемдеуге зор үлес қосты»– деп атап өтті М. Ахметжанов.Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелері марапатталды. Олардың қатарында Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері Амангелді Сыздықов пен Жамұл Мұсханов бар. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін ерекше алаң. Бірлік пен келісім – еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Біз бұл құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа жеткізуіміз керек»,– деп атап өтті ол.Форум өңірдің шығармашылық ұжымдары қатысқан концерттік бағдарламамен аяқталды.Айта кетейік, Ақмола облыстық Ассамблеясы құрамында 40-тан астам этномәдени бірлестік, 104 аналар кеңесі, 21 ақсақалдар кеңесі бар. Сонымен қатар, өңірде ғылыми-сараптамалық топ, медиация кабинеті, журналистер клубы, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілдігі, мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы, кәсіпкерлер қауымдастығы жүйелі түрде жұмыс істейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/948901
ҚХА-ның 30 жылдығы: Қонаев қаласында Алғыс айту күні игі істермен атап өтілді 04.03.2025
Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтау сөзін оқыды.Президент еліміздегі бірлікті нығайту, барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамыту, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін арттыру ісіндегі ҚХА-ның маңызды үлесін атап өтті. Ол Ассамблеяның ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда, патриотизм, ынтымақ және жауапкершілік сияқты негізгі құндылықтарды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын айтты.Маңызды шара аясында облыстық әкімдікте этносаралық келісім туралы маңызды пікірталастар өтіп, мерекенің шарықтау шегі қалалық Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарлама болды.Дөңгелек үстелде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ҚХА-ның 30 жыл бойы елдегі тұрақтылық пен толеранттылықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.– “Қазақстан халқы Ассамблеясы әртүрлі этнос пен діни топтардың үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Оның қызметінің арқасында Қазақстан мәдениетаралық диалог саласындағы жүйелі саясаттың үлгісіне айналды”, – деді әкім.Халықтар достығының маңыздылығы туралы ҚХА депутаты, әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Осман Аслы мен Қапшағай қаласының алғашқы құрылысшыларының бірі Чжен Александр өз пікірлерін білдірді.Салтанатты бөлім барысында түрлі кәсіп иелері өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.– “2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Елдің өркендеуінің негізін қалаған әрбір еңбек адамына құрмет пен алғыс білдіру өте маңызды”, – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.Мереке өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Көрермендер ұлттық билер мен халық әндерін тамашалап, дәстүрлі аспаптарда орындалған әуендерден ләззат алды.Елеулі сәттердің бірі – көпбалалы анаға “Қарекет” қайырымдылық қорының қолдауымен пәтер кілтін табыстау болды.Кештің соңында қазақстандықтардың бірлігі мен өзара құрметі – елдің басты күші екені тағы бір мәрте еске салынды.*Алматы облысындағы қайырымдылық: 2025 жылдың басым бағыттары*ҚХА-ның мерейтойлық жылында Алматы облысында әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жалғасады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің қайырымдылық бағдарламаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Негізгі жобалар:•“Жүректен жүрекке” акциясы – табиғи апаттардан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету;•“Мектепке жол” бастамасы – өткен жылы 2100 бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілсе, 2025 жылы қамтылатын оқушылар саны артпақ;•“Вайнах” шешен-ингуш орталығы – мұқтаж жандарға медициналық көмек көрсету бағдарламасы;•“Ахыска” түрік орталығы – қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау;•“Барбанг” күрд орталығы – зейнеткерлер мен жетім балаларға арналған әлеуметтік экскурсиялар мен көмек көрсету;•Беларусь этномәдени бірлестігі – жаңажылдық қайырымдылық акциясын кеңейтіп, аз қамтылған отбасылардың балаларын қамту аясын ұлғайту.2025 жылы өңір мейірімділік пен өзара көмектің берік дәстүрлерін нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады. Қайырымдылық жобалары қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықтың нақты көрінісі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/948900
Аудандағы аға буын аймақ басшысына бос уақыттарының қаншалықты тиімді жоспарланғанын көрсетті 04.03.2025
Облыс әкімі жұмыс сапары аясындаҚобдадағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды.Орталық 2021 жылы іске қосылды. Содан бері ауылдағы аға буынның тиімді демалысы үшін таптырмас алаңға айналды. Бүгіндемұнда 70 зейнеткер тұрақты келеді. Олардың ең үлкені – 82 жаста.Орталықта келушілердің қызығушылықтары бойынша алуан үйірме құрылған. Физикалық белсенділікті сақтап, денсаулықты жақсартуға бағытталған бағдарламалар бар. Олар йогамен айналысып, шахмат ойнайды, шығармашылық шеберханасына барады, сурет салып, әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Скандинав жүрісімен серуендеп, би кештерін өткізеді. Өздері әзірлеген түрлі дәммен дастархан жайып, әңгіме дүкен құрады.Асхат Шахаров орталықтың тұрақты келушілерімен тілдесіп, жағдай сұрасты.«Біздің балалар бұл жерді «әжелер балабақшасы» деп атайды. Орталық өзімізге қатты ұнайды. Біз мұнда демаламыз, сөйлесеміз. Спортпен шұғылдана отырып, денсаулығымыздың кейбір сыр бергентұстарын ұмытып кетеміз. Күнделікті қалмай келуге тырысамыз. Мұндағылар бір-бірімен өте жақсы қарым-қатынаста. Топ болып бірге саяхаттайды. Алдымен аудандағы және облыс бойынша қасиетті орындарды аралады. Кейін Түркістанға, Алматыға барды. Тек осы жерде ғана сіз қартайған шақта өмірден қалай ләззат алуға болатынын түсініп келеміз», - деді орталыққа келушілердің бірі Роза Қайырқызы.Қарттар кездесуді пайдаланып, аймақ басшысына қазіргі нысанның шағын екенін айтып, орталыққа қосымша ғимарат салып беруді сұрады.«Қобда мен басқа аудандарда сіздер үшіносындай орталықтардың жұмыс істейтініне өте қуаныштымын. Бұл тиімді демалыс пенқарым-қатынас орнатуға кең мүмкіндік беретін орын. Қазір тіпті телефонға телмірген ересектер көп, бірақ адамдармен араласу, жүздесіп сөйлесу маңызды екенін ұмытпау керек. Сіз таңертең немесе демалыс күндерін немерелеріңізбен өткізсеңіз, қалған уақытыңызды өзіңізге арнаған жөн. Бюджеттен қаражат бөліп, алдағы уақытта орталыққа жапсарлас тағы бір ғимарат саламыз», - деп уәде берді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948920
Жамбыл облысында Алғыс айту күні кең көлемде атап өтілді 04.03.2025
Жамбыл облысында Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында тағылымды іс-шаралар өткізілді.«Достық үйінде» бастау алған шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ардагерлер кеңесінің, мәслихат пен партия төрағалары, ЖОО ректорлары, ҚХА ардагерлері мен мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.Этнос өкілдері қонақтарды құшақ жая қарсы алып, тайқазаннан дәм ұсынды.Бұдан кейін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы, архивтік құжаттар алаңшасының таныстырылымы өтті.Іс-шарада облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.– Тәуелсіз еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикасының өркендеуіне атсалысқан аға буын өкілдерінен бастап, қазіргі таңда әр салада жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін!Әрқайсымыздың жүрегімізде туған Отанымызға деген мақтаныш пен ризашылық сезім ортаймасын! Әр отбасыға бақ-береке, табыс тілеймін! Егемен еліміздің іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы тең болсын! — деді Ербол Қарашөкеев.Облыс әкімі мерейлі мерекеге орай ҚХА-ның мүшелеріне марапаттар табыстады.Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ахыска» түрік этномәдени орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры Махмутжон Давришев «Құрмет» орденімен, Қордай ауданы «Қордай Су» кәсіпорнының бригадирі Қазақбай Көкішев пен Қордай ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғы кәсіпорнының механигі Серік Жекебеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының әртісі Әбиірбек Тінәлі мен «Трансфер» шаруа қожалығының басшысы Владимир Бондаренко «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атанды.Сонымен бірге бірқатар азаматқа ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісі, Облысқа сіңірген еңбегі үшін белгісі, өңір басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді.Бұдан соң «Днепро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Феодор Клименко мен «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.Салтанатты шара ҚХА мүшелері және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасына ұласты. Өнерпаздар ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық ән мен биінен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Бұл күні «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында аз қамтылған 800 отбасыға 16 млн. теңгенің азық-түлік қоржыны үлестірілді.Бұдан бөлек, этнос өкілдері «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» экспозиция салтанатты түрде ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948897
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ 04.03.2025
Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты салтанатты шара өтті.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ассамблея мүшелері, депутаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қойып, «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» мемориалдық тақтасының ашылуына қатысты. Қатысушылар этнос өкілдерінен құралған «Алғыс керуенін» қарсы алып, этномәдени бірлестіктер көрмесін тамашалады.Қала басшысы Қазақстан Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне жолдаған құттықтауын оқып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде атаулы күннің мейірімділік пен бірліктің өзара құрметтің символы екенін атап өтіп, бір-бірімізді қолдаудың маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің ортақ Отанына айналып, қиындықтарды еңсеріп, тәуелсіз мемлекет құрғанын айтып, елдің достық пен бірліктің үлгісіне айналғанын атап өтті.«Біздің халқымыз қашан да кеңпейілділік пен қонақжайлық танытып, көшіп келген жұртшылықты құшақ жая қарсы алды. Бұл күн – ел дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматқа алғыс білдіретін ерекше күн», – деді Ғ. Сыздықбеков.Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына орай бекітілген Алғыс айту күні 2016 жылдан бері аталып өтуде. Мереке келісім мен өзара сыйластықтың символына айналды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948887
Ашық әкімдік: БҚО-ның 300-ден астам тұрғыны өз сұрақтарына жауап алды 04.03.2025
2025 жылдың 28 ақпанында Батыс Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында билік пен халық арасындағы диалогты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Азаматтарды қабылдауды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы, оның орынбасарлары, Орал қаласының әкімі, сондай-ақ облыстық басқармалар, департаменттер, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік құрылымдардың басшылары жүргізді.Өзекті мәселелер және тиімді шешімдерТаңертеңнен бастап жүздеген азамат өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алып, түсініктемелер алды. Негізгі өтініштер келесі мәселелерге қатысты болды:тұрғын үймен қамтамасыз ету,әлеуметтік қолдау,жер қатынастары,білім беру,медициналық қызмет көрсету,жұмыспен қамту және бизнесті қолдау. Әрбір өтініш салалық басшылардың бақылауына алынып, кейбір мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.Халықты қолдау және өңірді дамытуІс-шара аясында 320 облыс тұрғыны мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамту мүмкіндіктері және шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы түсініктеме алды.Бірыңғай қабылдау күні тек Орал қаласында ғана емес, барлық аудан орталықтарында да өтті. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары азаматтармен жеке кездесті.Айта кету керек, облыс басшылығы жүйелі түрде жеке қабылдаулар өткізіп, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге ықпал етуде. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/948892
Қобда көпсалалы колледжінде жұмысшы мамандықтары мен ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылды 04.03.2025
Іс-шара облыс әкімінің ауданға жасаған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келді. Асхат Шахаров оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, ауданда кәсіптік білім беруді дамыту мүмкіндіктерін бағалады.Колледж директоры Болат Алтаев көрменің «Жұмысшы мамандықтар жылы»аясында ұйымдастырылғанын айтса, оқытушылар құрамы мен білім алушылар өз жетістіктерін көрсетіп, білім ордасында оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат берді.Шара аясында шеберлік сағаттары өткізілді. Аспаздарға арналған кулинарлық шеберлік демонстрациясы мен виртуалды дәнекерлеу қондырғысының қызметі көрсетілді. Жиһаз өндірісі мен тігін ісі кәсіптері бойынша білім алып жүрген жастардың жұмыстары назарға ұсынылды.Көрмеде жергілікті шаруалар қолданатын ауылшаруашылық техникаларының соңғы үлгілерін де көруге болады. Іс-шара колледж білім алушылары мен оқытушыларының ғана емес, білікті кадрларға сұранысы бар жергілікті кәсіпорындардың өкілдерінің де қызығушылығын туғызды.Бұл ауылдық жерлерде кәсіптік білім беруді дамыту және оның жастар үшін қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқыға салған маңызды алаңға айналды.«Мен Қобдадағы жергілікті мейрамханада аспаз болып жұмыс істеймін. Қазір бізде осы колледждің екі білім алушысы тәжірибеден өтуде. Екеуі де болашақ аспаз. Менің бақылауыммен түрлі күрделі тағамдарды әзірлеуді үйреніп жүр. Шеберлік сағаттарын өткіземіз. Бірге мәзір құрамыз. Мен олармен осы кәсіпке қатысты барлық қажетті ақпараттарды бөлісемін, түсіндіремін. Аспаз мамандығы бүгінде сұранысқа ие, ал егер жоғары біліктіліктеріңіз болса, онда жұмыс табу тіпті қиын емес», - деді колледждің әлеуметтік серіктесі Абат Қалабаев.Облыс әкімі бүгінгі көрменің оқу орындары мен ауыл шаруашылығы серіктестіктері арасында әріптестік байланыс орнату арқылы келешекте колледж түлектеріне жұмыс табуға және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс нығайтуға ықпалы мол шара екенін айтты.Айта кеткен жөн, колледж күрделі жөндеуден өтіп жатыр. «ТенгриСтройИнвест» ЖШС мердігер ұйымы ғимараттың шатырын ауыстырып, спортзалды жөндеуден өткізіп, нысанның екінші және үшінші қабаттарында ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде.«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында біз әртүрлі салада табысты еңбек ету үшін оған қажет дағдылар мен білімді дамытуға ерекше назар аударамыз. Жастардың сапалы білім алуы, сұранысқа ие мамандықтарды игеруі және өз өңірінен жұмыс табуы аса маңызды. Бұл көрме – түлектеріміздің одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау үшін оқу орындары мен жергілікті кәсіпорындарды қалай біріктіруге болатынының айырықша көрінісі. Біз жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, жастар арасында танымал, тартымды болуы үшін осындай бастамаларды қолдауды әлі де жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948838
Ақтөбеліктер татулықтың нышанына айналған Алғыс айту күнін атап өтті 04.03.2025
Ақтөбеде Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. ҚХА ғимаратында өткен «Алғыс бәріңе» атты мәдени шараға облыс әкімі, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты.30 жыл бұрын 1 наурызда еліміздеҚазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы жылдар ішінде ҚХА елдегі этносаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарды және қоғам мен мемлекет арасындағы диалог үшін бірегей алаңға айналды.Шарада өңір басшысы Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, онда Ассамблеяның ұлттық бірлікті нығайтуға, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан зор үлесі жайлы атап өтілді.Облыс әкімі ақтөбеліктерді атаулы күн менжәне Алғыс айту күнімен құттықтап, оның мейірімділіктің, бейбітшілік пен келісімнің символы екенін тілге тиек етті. Ол өңірдің барша тұрғындарына облыстың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, денсаулық, амандық және табыс тіледі.«Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келген көктемнің шуақты мерекесі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесімі тапқан күні. Алғыс айту күні деген қиын сәттерде бізді қолдағандарға жылы сөздер айтуға ғана емес, сонымен бірге бейбітшілік пен келісімге деген адалдығымызды қайта дәлелдеуге мүмкіндік беретін ерекше сәт. Баршаңызды ынтымағы мен бірлігі жарасқан өңіріміздің нығаюына және өсіп-өркендеуіне, көркейюіне, тұрақты дамуына қосқан үлестеріңіз, сіңірген қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Әр отбасыға амандық, бақ-береке және татулық тілеймін», - деп Асхат Шахаров тілегін жеткізді.Осыдан кейін облыс әкімі Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан өңірдегі ҚХА ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Хабиба Саркулова, Константин Цхай, Хасан Сагаев, Роза Болдагарина және Еркін Құрманбеков бар.Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтаржылы» аясында облыс әкімінің алғыс хаттарымен әртүрлі сала өкілдері марапатталды, олар күнделікті өмірдеқажырлы еңбектерімен аймақтың өркендеуіне үлес қосып келеді.Алғысхат «Neo plus» ЖШС қызметкері Айкенже Намазбаеваға табысталды. Айкенже кәсіпорында 21 жылдан бері жұмыс істейді, өз міндеттерін адал атқарып жүр. Оның күш-жігерінің арқасында қалада тазалық пен тәртіп қамтамасыз етілуде.Сондай-ақ, «Qala Trans» ЖШС автобус жүргізушісі Сергей Храмов өмірінің 37 жылынқоғамдық көлік саласына арнады, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күнделікті жұмысы үшін олалғыс хатқа ие болды.Облыс әкімінің Алғыс хатымен Ақтөбе хром қосындылары зауытының жөндеу-механикалық цехының кран машинисі Гүлуся Рабежа марапатталды. Еңбек өтілі – 46 жыл, ол өзін әркез бастамашыл және жауапты маманретінде көрсетіп келеді.Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертпен жалғасты. Бағдарламада «Шатлық», «Достық» ансамбльдері, «Zhana.kz» және басқа да хореографиялық және вокалдық нөмірлеркөрермен назарына ұсынылды.Мереке Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің маңызын тағы бір айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948873
Еңбек адамы: Бозгулов Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласының тәжірибелі маманы 04.03.2025
Марат Ержігітұлы 46 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман, оның 23 жылын су шаруашылығына арнаған.Еңбек жолын 1974 жылы «Союзгипрорис» институтының Қызылорда бөлімшесінде техник болып бастаған.1982 жылы Жамбыл гидромелиортивтік-құрылыс институтын аяқтап, «Кызылордаводстрой» трестінде шебер, прораб, аға шебер болып 10 жылға жуық жұмыс істеді.1987–1990 жылдары ПМК-29 ұйымында, Жаңақорған – Шиелі күріш массивіндегі мекемелерде, Сырдария ауданындағы «Амангелді» совхозында егістік жерлерді инженерлік жүйеге келтіру жұмыстарына басшылық етті.1990 жылдан бері Арал теңізін құтқару Қорының бастамасымен Сарышығанақ каналын қазуға, және Қамбаш пен Райым ауылдарына баратын Арал – Сарыбұлақ су құбырларының насос станциалын салуға өз үлесін қосқан қызметкер.Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан су ресурстарын тиімді басқару мен инженерлік жүйелерді жетілдіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізген тұлға. Еңбегі елеулі, білімі терең, саланың қыр-сырын жетік меңгерген беделді маман.2020 жылы Қазақстан су шаруашылығы қауымдастының «Су шаруашылығының үздігі белгісімен», 2022 жылы «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен, Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы Дирекциясының «Арал теңізін құтқаруға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948867
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алғыс айту күнімен қатар келген қасиетті Рамазан айымен құттықтады! 04.03.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алғыс айту күнімен қатар келген қасиетті Рамазан айымен құттықтады!Толығырақ: https://t.me/Nurzhan_Nurzhigitov/1556Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948884
Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл: мерекелік іс-шаралардың басталуы 04.03.2025
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті.Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.Форум барысында спикерлер ҚХА-ның құрылуы және оны құру идеясы туралы айта келе, Ассамблеяның 30 жылдағындағы маңызды жетістіктерге, Қазақстандағы бірлік пен келісімді қолдаудағы тарихи рөліне тоқталды. Сондай-ақ Алғыс айту күнінің маңызы мен мазмұны талқыланды.Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Еліміздің барлық өңірінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948893
Бейжің қаласында кездесулер ұйымдастырылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Бейжің қаласында жалғасты.Облыс әкімі мен жауапты сала басшылары, Сыр елінің кәсіпкерлері қытайлық «Geo-Jade Petroleum Corporation», «KALE Group», «East Hope Group» компанияларының басшыларымен кездесіп, мұнай-газ, тау-кен металлургия салаларына инвестиция тарту және «Шалқия» жобасы бойынша келіссөздер жүргізді.«Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу мақсатында арнайы іссапармен келдік.Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл мен уранның мол қоры бар. Ерекше назар аударатын жобалардың бірі — «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру. Сіздердің компанияларыңыздың заманауи технологиясы мен тәжірибесін пайдаланып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз», – деді Н. Нәлібаев.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/948833
«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасы ашылды 04.03.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінде Қызылордадағы "Достық үйінде" «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Республика бойынша біріңғай үлгіде жасалған ескерткіш, барлық өңірлерде бір мезетте ашылды.Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.Ескерткіш тақта - Қазақстан халқының ынтымаққа негізделген өмір салтын насихаттау, қоғамдағы бейбітшілікті бекітудегі тарихи маңызға ие белгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/948865
Мемсараптама мамандары халықаралық спартакиадаға қатысады 04.03.2025
«Мемсараптама» РМК мамандары құрылыс саласының сарапшылары арасында өтетін халықаралық спартакиадаға қатысып, Қазақстан намысын қорғайды.Астанада «Мемсараптама» РМК қызметкерлері арасында іріктеу турнирі өтті. Оған 6 филиал мен орталық аппараттың 36 қызметкерінен жасақталған 4 команда қатысты. Олардың құрамында сарапшылар, филиал, басқарма директорлары, әкімшілік және өндірістік қызмет мамандары бар.Екі күн бойы спортшылар шахмат, үстел теннисі, волейбол және футзал бойынша үздіктерді анықтады.Турнирдің ашылуында бас директор Тимур Қарағойшин қатысушыларға сәттілік тілеп, әр спорт түрінде бар күш-жігерлерін салуға шақырды. Себебі, тек ең мықты спортшылар ғана Қазақстан атынан баратын команда құрамына еніп, халықаралық спартакиадада ел намысын қорғайтынын атап өтті.Іріктеу турнирінде Nomad, Sunkar, Barys және DreamTeam командалары бақ сынасты. Шахматтан DreamTeam, ал үстел теннисінен Nomad командасының мүшелері жеңіске жетсе, волейболда Sunkar командасы үздік атанды. Футзалда алдына қарсылас салмаған Nomad командасы жалпыкомандалық есепте I орын алды. II орынды Barys иеленсе, III орынды DreamTeam және Sunkar командалары бөлісті. Айтса кетсек, Қазақстан құрамасының қатарына командаға қарамай, әр спорт түрі бойынша ең мықты спортшылар ғана іріктеліп, таңдалады.Құрылыс саласы сарапшыларының II халықаралық спартакиадасы Ресей Федерацияссында өте деп жоспарланған. Оған ЕАЭО мүше елдерінің командалары қатысады.«Әріптестеріміз дәстүрлі жалғастырып, ауыспалы эстафетаны Ресей Федерациясы қабылдады. Спартакиаданың негізігі бастамашысы – Қазақстан, яғни «Мемсараптама» мекемесі. Мемлекетаралық алғашқы турнир 2023 жылы Түркістан облысында ұйымдастырылған болатын. Жалпы, бұл іс-шара сарапшылар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі», – деді «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Саламат Серікқалиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/948814
ӨЗАРА ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ 04.03.2025
Жетісу облысының әкіміБейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың1 Наурыз – Алғыс айтукүнімен құттықтауы Құрметті жетісулықтар!Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайта отырып, халқымыздың мейірімділік пен жанашырлық, бір-біріне жәрдем етіп, қамқор болу сияқты ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртып, санамызға берік орнықтыра түседі.Жер жаннаты Жетісу тарих толқынында тағдыр тоғыстырған жетпістен астам ұлт пен ұлысқа құтты мекен болып отыр. Бүгінде Жетісу халқыөзара сыйластығының арқасында өңірімізде татулықты нығайту мен тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.Осы ретте облыс тұрғындарына адал еңбегі менел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғаусыз алғысымды білдіремін.Көктемнің алғашқы күнінде сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948821
РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 04.03.2025
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы Құрметті қауым! Қасиетті Рамазан айының басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!Барша мұсылмандар үшін маңызы ерекше бұл айда сабырлық, қанағатшылдық, мейірім мен қамқорлық сияқты сауабы мол құндылықтар кеңінен паш етіледі. Көпшілік ауыз бекітіп, салауат айтылып, жастарға имандылық қағидаттары дәріптеледі. Осы орайда Рамазан айының ел бірлігін нығайтудағы, халықтың бір-біріне деген өзара көмек пен жанашырлық қасиеттерін арттырудағы рөлі зор. Әрдайым еліміздің бақ-берекесі арта берсін!Ұстаған оразаларыңыз, жасаған ниет-тілектеріңіз, сауапты істеріңізқабыл болсын.Баршаларыңызға денсаулық, отбасыларыңызға игілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948844
Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды 04.03.2025
Бүгін Талдықорған қаласындағы Достық үйінде республикалық форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық топ мүшелері мен жастар қатысты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы алдымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтауын оқыды.Өз құттықтау хатында Президент ҚХА-ның жылдар бойы халқымыздың ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосқанын айта келе, осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылғанын атап өтті.«Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.Мұнан соң облыс әкімі Жетісуда тарихы ортақ, тағдыры бір 70-тен астам ұлт пен ұлыс бар екенін, өңірде 21этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін жеткізді. Ассамблеяның құрылу тарихына тоқталып:- Осы ретте біздің өңіріміз үшін маңызды естелікті келтіре кетсем. Талдықорған қаласында 1991 жылы алғаш рет Жетісу халқының жиналысы өтіп, онда «ұлттық мәдени орталықтар қауымдастығы» құрылды. Еліміздегі алғашқы Достық үйі де Талдықорғанда ашылды, - дей келе Бейбіт Исабаев облыстық Ассамблея ардагерлеріне бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды.ҚХА ардагерлеріне, Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері менэтномәдени бірлестіктердіңөкілдеріне – жалпы саны 20-ға жуық адамғаоблыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.Бұдан соң «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шарада мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.Ассамблея мүшелері мерекеге орай өз тілектерін білдірді. Облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің жетекшісі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі Светлана Гаитова:- Алғыс айту мерекесінде барша жетісулық жерлестеріме өзім секілді аналардың атынан ризашылығымды білдіремін. Ассамблеяның құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жыл ішінде біз достықта, берекелі ғұмыр кештік. Бұдан былай да бірлігімізді нығайтуға әрқайсымыз атсалысамыз деп сенеміз, - деді.Ассамблея ардагерлерінің бірі Раиса Чофучина да өз құттықтауын айтты:- Ассамблея – көп этносты халықты біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырып отырған аса маңызды құрылым. Біз мұнда бір-бірімізді танып біліп, бір-біріміздің салт-дәстүрімізге құрмет көрсетеміз. Мен қазақ тілін үйреніп, қазақ халқының әдет-ғұрпы жайы кеңірек біле бастадым. Бүгінгідей мереке бәрімізді біріктіре түседі. Барша жетісулықтарға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. Еліміз өсіп-өркендей берсін, - деді ол.Атап өтсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Жетісу облысында көп этностыөңірдің мәдениеті мен облыстық Ассамблеяның жұмысын паш ететін 70-тен астам кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланған.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948857
Қостанайда Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аталып өтті 04.03.2025
1 наурыз күні Қостанайда Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер, жастар және шақырылған қонақтар бас қосты.Алғыс айту күні – бейбітшілік, келісім және өзара құрметтің жарқын символы. Бұл күн – әртүрлі этнос өкілдерінің бір-біріне қолдау көрсеткені, қонақжайлылығы мен ел дамуына қосқан ортақ үлесі үшін алғыс білдіретін ерекше мейрам. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – еліміздің тарихындағы маңызды белес. Бұл институт үш онжылдық бойы халықтың бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп келеді.Қазақстан халқы Ассамблеясы: 30 жылдық бірлік пен тұрақтылық1995 жылы Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған Ассамблея этномәдени бірлестіктердің өзара әрекеттесуіне, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыруға арналған бірегей алаңға айналды. Оның жұмысының нәтижесінде елімізде барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасалып, қазақ тілі этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде нығайды.Осы 30 жыл ішінде Ассамблея қуатты қоғамдық институтқа айналып, ел бірлігін нығайтып қана қоймай, өз өкілдері арқылы Парламенттің заң шығару қызметіне де белсенді қатысып келеді. Оның қызметі білім беру, мәдениет, қоғамдық дипломатия және қайырымдылық салаларын қамтиды, осылайша елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасын қалыптастырады.Салтанатты жиын: құттықтаулар, марапаттар, ерен еңбекті бағалауЖиналған қауымға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзін арнап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Ол Ассамблеяның этносаралық диалог пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.– Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл бойы еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Барлық этнос өкілдерінің еңбегінің арқасында Қазақстан өзара түсіністік пен келісім орнаған елге айналды. Алғыс айту күні – бізге бір-бірімізді қолдаудың, жанашырлық пен сыйластықтың маңыздылығын еске салатын мереке. Дәл осы құндылықтар – қазақстандық бірегейліктің негізі, – деді өңір басшысы.Іс-шара барысында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтар достастығы мен ынтымағын нығайтуға үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталды.Жұмысшы кәсіптері жылы: еңбек адамдарына құрметБиылғы жылы басты назар қарапайым еңбек адамдарына аударылып отыр. Олардың еңбегі үнемі көпшіліктің назарына түсе бермегенімен, ел дамуының негізгі тірегі болып табылады. 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы кәсіптері жылы деп жарияланды. Бұл – еліміздің дамуына орасан үлес қосып жүрген механизаторлар, құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқа да еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі.Салтанатты жиында мемлекеттік тілді еркін меңгерген жұмысшы мамандық иелері сөз сөйлеп, өз оқиғаларымен бөлісті. Олар үшін қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ел бірлігін нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.Бірлік – Қазақстанның басты байлығыКездесу соңында қатысушылар Алғыс айту күні мен Ассамблеяның 30 жылдығы – тек мерекелік дата ғана емес, қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылықтарды еске салатын ерекше күн екенін атап өтті. Өзара түсіністік пен келісім арқылы ғана тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізуге болады.Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! Елде бейбітшілік, татулық пен достық мәңгі жасай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/948860