Қоғам
Қарағандыда Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті 04.03.2025
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» атты Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті.Іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, этностарды азаматтық бірегейлік қағидаттарына сүйеніп ұйыстыру, ҚХА-ның «Адал азамат» жобасының іске асырылу барысын және ҚХА-ның 30 жылдығына арналған іс-шараларды талқылауға бағытталған.Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ғылыми зиялы қауым өкілдері, өңірлердегі Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, жастар және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.Сонымен қатар аталған іс-шара барысында Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті, онда әртүрлі қызмет салаларынан спикерлер сөз сөйледі, ҚХА жұмысын жетілдірудің тиімді жолдарын талқылады.Сондай-ақ профессорлар мен академиктер ұлт құрылысы тетігінің құралдарын, қазақстандық қоғам мен ұлт бірлігін нығайтудың тарихи негіздерін түсіндірді.Отырыс аясында қатысушылар өңірлік этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944197
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады 04.03.2025
5 наурызда отандық киноиндустрия өкілдері үшін конкурс басталады. Байқау шеңберінде ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларға қаржылық қолдау көрсетілетін болады.Байқаудың мақсаты – халықтың дәстүрлі құндылықтарын көрсететін, ұлттық мүддеге, идеологияға сай келетін және өзекті мәселелерді көтеретін фильмдер түсіру.Бұған дейін Орталық 5 қаңтарда басым тақырыпты жариялаған болатын. Атап айтсақ, «Біздің Отан», «Қоршаған орта», «Заң мен тәртіп», «Тарихи пен тағылым», «Дос қадірі», «Әйел құқығы, бала қауіпсіздігі», «Адал азамат», «Қазіргі заманның қаһармандары», «Бірлік пен бейбітшілік» және т.б. тақырыптарды негізге алуға болады.Биыл байқау үш жанр бойынша өтеді:Ойын фильмдері – отан, отбасы, еңбекқорлық және патриотизм тақырыптарынан бастап, балаларға арналған фильмдер, қазақ ертегілерінің анимациясы және ғарыш туралы киноға дейінгі жобалар.Анимация – ұлттық құндылықтарды, достықты, намыс пен жігерді, ата-анаға құрметті насихаттайтын жобалар.Деректі фильмдер – мемлекет мерейі, ғылымдағы жетістіктер, экология, IT-технологиялар, мәдениет және көрнекті тұлғалар туралы фильмдер.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап, Қазақстанда киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері қолданысқа енді. Осы ережелерге сәйкес конкурстық процесс екі кезең бойынша өтеді.Бірінші кезеңде сценарийлер (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарлары (деректі және хроникалық фильмдер үшін) қарастырылады.Бірінші кезеңнен сәтті өткен соң, екінші кезеңде сценарий авторлары киножобалардың құжаттарын толық жинап, ұсыну керек.Үміткер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қателерді түзетіп, толықтыру үшін 3 жұмыс күні беріледі.13 наурызда өтінімдерді қабылдау аяқталады және жобалар сараптамалық кеңеске беріледі. Конкурстық өтінімдер сараптамалық кеңеске жіберілген соң, Орталық барлық іріктеу ережелеріне сәйкес келетін үміткерлерді хабардар етеді. Кейін питчинг өтеді.Питчинг ашық форматта өтеді және Сараптама кеңесі әр категория бойынша әділ шешім шығаруға ықпал етеді. Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.Конкурстың барлық кезеңдеріне қатысты ақпараттар орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында қолжетімді болады. Бұл шаралар мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеу ашықтық өтуі үшін жасалған.Айта кетейік, жыл басында кино орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылды.Министрлік сапалы, идеясы бар, мағыналы фильмдер шығаруға жағдай жасай отырып, ұлттық кинематографияны дамыту жұмыстарын жалғастырады.Толығырақ ақпаратты +7 (7172) 72 56 69 телефон нөмірі арқылы алуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944737
Астанада «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтеді 04.03.2025
1 наурызда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтеді.Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, белгілі әртістермен бірлескен дуэт және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылады.Іс-шараға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Astana musical» мемлекеттік театры, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» тобы және «Гүлдер» ансамблі қатысады.Айта кетейік, «Гүлдер» ансамблі 1970 жылы құрылып, 2023 жылдың 1 наурызында топтың жаңа құрамы тұсаукесер концерт берді. Ансамбль құрылғаннан бастап Қытай, Үндістан, Германия, Жапония, Куба, Болгария, Моңғолия, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азия секілді елдерге гастрольдік сапармен барып, эстрадалық-музыкалық ревю бағытында концерттік бағдарламаларды көпшілікке ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944783
Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді 04.03.2025
Биылғы жылдың ақпан айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәлімгерлерін оқытуды міндеттейтін заңға қол қойылды. Оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар жеке қаражаты есебінен жүргізеді. 2024 жылы Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты енгізілген болатын. Аталған механизм білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 10 жастан бастап өз бетінше өмір сүруге дайындауға мүмкіндік береді.«Тәлімгерлерді даярлау ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы қолдау мен көмек көрсетуде маңызды қадам болып табылады. Біз бұл шара балаларды әлеуметтендіруге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал ететін тәлімгерліктің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Тәлімгер болуға еліміздің кәмелет жасына толған және қорғаншыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін азаматтары үміткер бола алады. Міндетті оқытудан өткеннен кейін тәлімгерлерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі. Одан кейін тәлімгер, қорғаншылық және қамқоршылық органы, сондай-ақ білім беру ұйымы арасында ресми келісім жасалады. Алдағы уақытта тәлімгерлік жүйесі қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Бұл олардың қоғамға қиындықсыз бейімделуіне және бАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/944309
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Татарстан Республикасының Раисымен кездесті 04.03.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазан қаласында Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Атырау облысынан барған делегацияның жұмыс сапары аясындағы жүздесу аймақаралық әріптестікті нығайту, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуды көздейді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Кездесуде сөз алған Серік Шәпкенов жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, мұнай-химия саласындағы ықпалдастықтың маңызына баса назар аударды:“Атырау — Қазақстанның мұнайлы астанасы, ал Татарстанның бұл салада тәжірибесі мол. Сіздерде жолға қойылған технологиялар мен тәжірибелерді жоғары бағалаймыз. Бізге мұнай-химия кешенін дамытуды жеделдету қажет, бұл процесте тиімділігі дәлелденген сәтті әдіс-тәсілдерді негізге алу маңызды стратегиялық қадам болмақ. Біз озат тәжірибелерді зерделеп, оны өз өңірімізде енгізуге мүдделіміз”,- деді облыс әкімі.Тараптар экономикалық және өнеркәсіптік серіктестіктің перспективалары жайында әңгімелесіп, заманауи технологияларды енгізудегі тәжірибемен алмасты, сондай-ақ энергетика, мұнай-химия, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, IT, басқа да стратегиялық бағыттар бойынша әріпстестіктің мүмкіндіктері жайында да сөйлесті.Татарстан Раисы Рустам Минниханов біріге жұмыс жасаудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті:“Мемлекет басшылары Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық деңгейдегі серіктестікті белсенді қолдап келеді. Біз арадағы туыстық қарым-қатынасты бағалаймыз. Қазақстан — Татарстанның шетелдік жетекші серіктестерінің бірі”.Кездесуде индустриялық аймақты дамыту, инвестициялық тартымдылық, сондай-ақ қалалар мен ауылдарда жайлы орта құруға қатысты сұрақтарға да баса мән берілді.Атырау облысының делегациясы Татарстан Раисының бастамасымен жасалған екі күндік сапарда бірқатар өнеркәсіптік нысанда болып, мұнай-химия, IT-индустрия және білім беру мекемелерінің тынысымен танысты.Келіссөздер нәтижесінде Атырау облысының экономикалық дамуына бағытталған біріккен жобаларды іске асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/945559
ӘМАТ тауарлары бағасының өсу динамикасы баяулап келеді 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тиісті мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын талқылады. Жиын барысында ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова ӘМАТ бағасының өсу динамикасы баяулай бастағанын атап өтті.Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың 18 ақпанына дейін ӘМАТ бағаларының индексі 2,6%-ға, соңғы аптада 0,4%-ға өсті, ал 2 апта бұрын бұл көрсеткіш 0,6% болған.Апта ішінде рожки (-0,2%), тауық еті (-0,1%), күріш (-0,4%), картоп (-0,4%), жұмыртқа (-0,5%) және сәбіз (-0,7%) бағаларының төмендеуі байқалды. Нан мен сүт бағасы тұрақты. Баға өсімінің төмен қарқыны Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл шаралар бағаны төмендетуге және халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Министрдің бірінші орынбасары осы шараларды жаңа егін жинау басталғанға дейін күшейту қажеттілігін атап өтті.Жиын барысында делдалдарсыз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді тарта отырып, халық үшін ыңғайлы орындарда тұрақты жәрмеңкелер өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» акционерлік қоғамының қорынан күнбағыс майын қолжетімді бағамен сатып алуды ұйымдастыру жөнінде бірлескен шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, аймақтар бойынша ет өндірушілер мен ірі қара малды сойатын цехтармен тиімді өзара іс-қимыл жасау және өнім көлемдерін сауда объектілерінде әрі қарай сату алгоритмдері талқыланды. Түркістан облысы ерте пісетін қырыққабаттың келісімшарт арқылы сатып алуын ұйымдастыру үшін қырыққабат өндірушілерінің тізімін қалыптастыруға дайын екенін білдірді.Сондай-ақ сауда субъектілері арасында салық заңнамаларын сақтау мәселелері талқыланды.Айта кету керек, наурыз айының ортасынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін ескерту орнына айыппұл салынады. Бұл сауда субъектілерінің жауапкершілігін арттырып, әкімшілік тәртіпті нығайтады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция министрлігі бағаны бақылай отырып, қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/944360
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА БИЫЛ 14 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛАДЫ 04.03.2025
Оның 10-ына қиыршық тас мастикалық жабыны бар асфальт-бетон материалы қолданылады. Көшелердің жалпы ұзындығы 18 шақырым. Сонымен қатар, Бөгенбай батыр, Бекболатсай, Қостангелді ықшам аудандарындағы бірқатар көшеде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Асфальттау жұмыстары жүргізілетін көшелер төмендегідей:- Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін),- Бейбітшілік даңғылы (Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін),- Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін),- Сәтбаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін),- Сарыарқа көшесі (Ұлытау көшесінен А-16-ға дейін),- Ұлытау көшесі (Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін),- Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін),- Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін),- Жанасов көшесі (Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін),- Қарағанды көшесі (Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін),- Желтоқсан көшесі (Абай көшесінен ЖЖЭО бағдаршамына дейін),- Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін),- Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі,- Строителей тұйық көшесі (ҰТ АБ).Бөгенбай батыр ы.а. (Шинтуринов, Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов көшелері), Қаражар және Есенберлин көшелерінде, Бекболатсай және Қостангелді ы.а. (5 көше) орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр.Қазіргі күні конкурстар жарияланды, жұмыстар сәуірдің ортасында басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/944780
2025 жылғы наурыз айына арналған Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры қойылымдарының репертуары 03.03.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/949295
Қазақстан Климаттық өлшеуді ескере отырып, мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалауды бастайды 03.03.2025
Қазақстан Республикасында мемлекеттік шығыстарды бағалауды, қаржылық есептілікті және оның климаттық өлшемін (Мемлекеттік шығындар және қаржылық есептілікті бағалау - PEFA) жүргізу бойынша жұмыс басталды.Бағалау жүргізудің мақсаты-мемлекеттік қаржыны басқарудың қаржылық ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.PEFA бағалауы Үкіметке мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын ұлттық деңгейде объективті бағалауға мүмкіндік береді және одан әрі реформалар үшін негіз жасайды.Бұл бағалау Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.Өз кезегінде Адриан Фоззард, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағындағы институттар бойынша тәжірибе жетекшісі және Чекдем Аким, Азия Даму Банкінің мемлекеттік сектор басқармасының директоры елдің мемлекеттік қаржыны қаншалықты тиімді басқаратынын, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктер мен инвесторлар үшін маңызды ақпаратты ұсынатын PEFA бағалауын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Қазіргі PEFA әдістемесі мемлекеттік қаржының "жасыл" экономиканы қаншалықты қолдайтынын және елдің климаттың өзгеруіне бейімделуіне көмектесетінін талдайтын Климаттық бағалауды (PEFA Climate) қамтиды. Сондай-ақ, серіктестер кейіннен бағалау ұсынымдарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.PEFA мемлекеттік қаржыны басқарудың бүкіл жүйесін, соның ішінде бюджеттеуді, шығындарды және аудитті бағалайды. Атап айтқанда, бағалау қаржылық есептіліктің ашықтығы, шығындар мен кірістерді болжау және жоспарлау, фискалдық стратегия, сыртқы бақылау және аудит, шығыстарды климаттық бағалау аспектілерін қамтиды.Елдегі мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудағы негізгі рөлді ескере отырып, PEFA бағалау процесін Қаржы министрлігі үйлестіреді.Семинар барысында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өткендей: "Қазіргі әлемде инвестициялар сенім бар жерге келеді. Экономикалық саясатқа, мемлекеттік институттарға, қаржыны басқаруға деген сенім. Сондықтан PEFA бағалауы шешуші рөл атқарады".Сондай-ақ, бағалауға Жоғары аудиторлық палата, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, Ұлттық статистика бюросы, Ұлттық экономика, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрліктері қатысады.Ағымдағы жылы PEFA бағалауы 2022-2024 жылдар кезеңінде жүзеге асырылады. Қазақстан үшін соңғы PEFA бағалауы 2018 жылы жарияланған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/949901
Ақтөбе өңірінде спортпен шұғылданатын адамдар санын арттыру үшін бұқаралық спортты дамыту орталығын ашу ұсынылды 03.03.2025
Облыстағы бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған аппарат мәжілісінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов өңірдің әр ауданында «Бұқаралық спортты дамыту орталығын» ашуды ұсынды.Ұсыныс тұрғындардың спорттық іс-шаралар мен нысандардың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ адамдарды, әсіресе жастарды көбірек тұрақты дене шынықтыру сабақтарына тартуға бағытталған.«Орталықтың жұмысы спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, спорттық жобаларды ілгерілетуге, салалық спартакиадаларды жаңғыртуға, мектеп және студенттер лигаларын өткізуге, сондай-ақ спорттық урбанистиканы дамытуға бағытталады. Әр ауданда осындай орталықтар құру спорт инфрақұрылымын жақсартып, спортпен шұғылданатындардың санын көбейтуге және мүмкіндігі шектеулі жандарды қоса алғанда, сапалы спорттық қызметтерге қол жеткізуге көмектеседі. Зейнеткерлік жастағы жандарға бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлінбек, бұл дене саулығын сақтап қана қоймай, аға буынның өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Мейрамбек Махамбетов.Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде өңір халқының 43%-ін құрайтын 407 мың адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Былтыр 2 971 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 394 мыңнан астам адам қатысқан.2025 жылы Ақтөбеде кем дегенде 22 спорт түрін дамытатын мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт кешенін ашу жоспарлануда, бұл халықтың осы санаты үшін спорттық іс-шаралардың қолжетімділігін едәуір арттырады.Айта кетейік, биыл облыста 20 наурызға жоспарланған ұлттық спорт күніне орай қазақ күресі, садақ ату, арқан тарту, асық ату және ләңгі тебуден жарыстар өтеді. Сондай-ақ, 1 маусымда «Жүгіру марафонын» және еркін күресті насихаттау бойынша «Wrestling Stars» жобасын өткізу жоспарланған. 16 тамызда Спорт күні – «Қажымұқан жолы» жобасы ұйымдастырылмақ. Қыркүйек айында Мөңке бидің 350 жылдығына орай аударыспақтан халықаралық турнир өтеді.Облыс әкімі «Бұқаралық спортты дамыту орталықтарын» ашу идеясын пысықтауды тапсырды. Ол спорт жөніндегі кеңестің жұмысын күшейту және балалардан бастап дене шынықтырумен тұрақты айналысуға көбірек жастарды тарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, әкім паралимпиадалық спортты дамытудың және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаудың, соның ішінде олар үшін спорт кешенін ашудың маңызын сөз етті.«Бұқаралық спортты дамыту – бұл спорт нысандарын құру ғана емес, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Біз инфрақұрылымды жақсарту, мамандарды оқыту және барлық деңгейдегі спорттық бастамаларды қолдау бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл бізге ұлт денсаулығын нығайтып қана қоймай, халықаралық аренадағы спорттық жетістіктер деңгейін арттыруға көмектеседі», - деді әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/949795
Серік Жұманғарин мұнай-газ саласының әлеуетіне арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді 03.03.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді.2024 жылы ЖІӨ-нің 4,8%-ға нақты өсуі кезінде 2025 жылға таргет – 7% мөлшерінде деп белгіленіп отыр. Бұл экономиканың нақты секторының инвестициялық жобаларын уақтылы іске асыру кезіндегі өте жоғары, бірақ қол жеткізуге болатын көрсеткіш.Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтқандай, қаңтар айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 1,53 млн тоннаны құрады немесе өткен жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда – 104%. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы бірінші айдағы жоспардан 0,6%-ға алда.Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы жалпы мұнай өңдеу үлесі 1%-дан аз (2023 жылы – 0,8%, 2024 жылы 9 айда – 0,6%). Сонымен қатар мұнай өңдеу саласы – бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісі. 2025 жылғы мамырдың соңында «CaspiBitum» БК ЖШС кеңейту жобасын іске асыру аяқталғаннан кейін оның қайта өңдеу қуаты 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғаюы тиіс. 2026 жылы Қазақстанда қайта өңдеу қуатының жиынтық көлемі 18 млн тоннадан 18,5 млн тоннаға дейін өседі.Вице-премьер ірі қайта өңдеу зауыттары мен шағын МӨЗ жүктемесіне қатысты өзекті мәселелерді тыңдады.«Қандай да бір елеулі сыртқы фактор болмаса, мұнай өңдеу саласында биыл Қазақстанның ЖІӨ-ге үлесін ұлғайтуға жақсы мүмкіндік бар», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Маңғыстау облысының таргеттелетін физикалық өсу индексінің құрамдас бөлігі жекелей қарастырылды. Осы жылға арналған 7%-дық өсу міндеті кезінде қаңтардың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында (жоспардағы 101%-дан 87,5%-ға) және саудада (нысаналы 105,4%-дың орнына 102%) көрсеткіштердің төмен орындалуы байқалды. Вице-премьер алдағы айларда қойылған жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Еліміздің ЖІӨ-дегі сауданың айтарлықтай үлесін ескере отырып (2024 жылы 19%) штабтың жақын арадағы отырыстарының бірі қоймасы бар сауда мен көлік саласына арналады. Сондай-ақ штаб отырысында өңірдің бюджеттік-инвестициялық жобаларына қаражаттың төмен игерілу себептері қаралып, талдау жасалды. Вице-премьер шұғыл қаржыландыруды қажет ететін барлық жобаны олардың экономиканың нақты секторына салымды ұлғайтуға әсер ету призмасы тұрғысынан зерделеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/949358
Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті 03.03.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгеге жетті. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өсті.Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 ақпанына 21,69 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 23,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,21 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,5%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (45,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – шамамен 8 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 270,08 млрд теңгеге жуықтады.Кіріс2025 жылдың қаңтар айында салымшылардың шоттарына шамамен 234,24 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 24,8% немесе 46,56 млрд теңгеге артық).МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.02.2025 жылға дейін 200,33 млрд аса теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% артық) түсті, МКЗЖ - 12,17 млрд астам теңге (өсім 17,9%), ЕЗЖ – 295,0 млн теңге (өсім 1,1%). 2025 жылдың қаңтар айындағы ЖМЗЖ көлемі – 21,44 млрд теңге. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 128,86 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 65,40 млрд теңгеге немесе 103,1% көп.78,09 млрд аса теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 16,78 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,2% жоғары.Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 6,32 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 3,29 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 272,60 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 989,23 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,1 млрд теңге аударылды.Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 35 523 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 993 040 теңге. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,24 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 ақпанына 12,51 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,15 млн - МЗЖ бойынша, 718,56 мыңнан аса - МКЗЖ бойынша, 441,96 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,73 млн бірліктен асты. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/963545?lang=kk
Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды 03.03.2025
Алматыда өткен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мен орындаудың басымдықтарын айқындады.Конференцияға қатысушылар қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлердің пікірінше, келісімшарттың бір жылдық мерзімі күрделі жұмыстарды, жоғары технологиялық тапсырыстарды орындау үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде олар көптеген компоненттерді жеткізуді талап етеді, ал қазіргі кезде логистикаға қатысты мәселелер келісімшарт талаптарының бұзылуына әкеледі. Қорғаныс министрі жасалатын келісімшарттардың мерзімін үш жылға дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды, сонымен қатар ол мемлекеттік орган мен қорғаныс-өнәркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының отандық өндірісті дамыту және жалған кәсіпкерлік, жасырын импорт пен бағаны негізсіз көтеру фактілерін анықтауға күш-жігерді біріктіруге шақырды.– Бүгінде қорғаныс-өнеркәсіп саласында 120-дан аса компания бар, дегенмен олардың барлығы нақты өндірушілер емес. Олардың біразы өнім шығармай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қаржы алуды көздейтіндер, – деді ол. Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл мәселені құрамында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі және «Атамекен» ҰКП өкілдері бар комиссия құру арқылы шешуге болады. Бұл комиссия өзін әскери мақсаттағы өнім өндірушілер ретінде көрсететін кәсіпорындарды тексереді. Одан өзге министр, шетелден технологияларды сатып алу кезінде де өндірісті одан әрі оқшаулау Қазақстанда болуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының басшысы Семей танк жөндеу зауытының базасында кластер құру қажеттігін мәлімдеді. – Өндіріс орны бронды танк техникасын ғана емес, қару-жарақты, артиллериялық жүйелерін, трансмиссиялардың күштік қондырғыларын жөндеуге де мамандануы тиіс. Мұның бәрі орындалуы керек, – деді министр.Конференция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының қауымдастығы отандық қорғаныс саласын дамытудың бірыңғай стратегиялық тұғырнамасын әзірлеу үшін бірлескен комиссия құруға шешім қабылдады.Қорғаныс министрі қауымдастық мүшелері көтерген барлық мәселелер өзекті болып табылатынын атап өтіп, бағаны реттеу мен келісімшарттардың мерзімдерін ұзарту жөнінде бірқатар тапсырмалар беретінін алға тартты. Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері кіретін жұмыс тобы шеңберінде барлық проблемаларды шешуге болатынына сенім білдірді.Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығының қабылдануымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру міндеттері Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/949339
Маңғыстаулық дәрігерлер мен студенттер Түркияда тегін тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады 03.03.2025
28 ақпан күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Стамбұл қаласына барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бірқатар келісімге қол жеткізді.Атап айтсақ, 100 маңғыстаулық студент Түркияның Анталия және Мармарис қалаларында туризм саласы бойынша тегін тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 50-ге жуық дәрігер Medicana Health Group клиникасында кәсіби біліктілігін жетілдіреді.Маңғыстау облыстық Білім басқармасы мен Түркияның «Курорттық Аймақ» туристік қызмет саудасы АҚ арасында жасалған меморандум аймақтағы туризм және сервис саласына білікті мамандар даярлауды көздейді. Осы келісім аясында маусым айынан бастап Мармарис қаласындағы Woxx Hotels Group 50 студентті оқытып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Тағы 50 студент Анталияда кәсіби білімін жетілдіреді. Барлық тағылымдамашылар тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, оларға айлық төленеді.Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Medicana Health Group басқарма мүшесі Берк Бозкуртпен келіссөздер жүргізіп, әріптестік орнату туралы келісімге келді. Бұл келісім аясында 20 онколог және облыстың әр медициналық ұйымынан 30-ға жуық дәрігер түрлі медициналық бағыттар бойынша тәжірибе жинақтайды.Medicana Health Group – Түркияның жетекші медициналық ұйымдарының бірі. Құрамына 14 аурухана, 11 медициналық орталық және 500-ден астам емхана кіреді. Жыл сайын 10 миллионнан астам науқасқа қызмет көрсететін бұл топ жоғары технологиялық емдеу әдістерін ұсынатын медициналық туризм саласының көшбасшысы ретінде танымал.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949270
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы облысының әкімімен кездесіп, жаңа ғимаратты аралайды 02.03.2025
Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына барып, жаңа ғимараттың құрылысымен танысады. Бұл туралы Алматы облысының білім басқармасы хабарлады.2 наурызда балалар үйіне Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева барып, мекеме ұжымы және тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлер қоныс аудару және жұмыс орындарын сақтау мәселелерін көтерді.3 наурызда балалар жаңа мекемені қарап, ондағы тұрмыс жағдайымен танысып облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездеседі. Жаңа ғимаратты көретін тәрбиеленушілер қатарында Кирилл Капранов, Алексей Некрасов және Денис Узлов бар.“Балалар үйі мен оның тәрбиеленушілеріне қатысты барлық мәселелер біздің бақылауымызда. Жаңа ғимаратты қажетті жабдықтармен, көлікпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету ғана емес, балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, қолайлы жағдай жасау да маңызды”, — деп атап өтті Салтанат Беспаева.Сондай-ақ, басқарма әлеуметтік желілерде тараған жер учаскесінің аффилиирленген тұлғаларға сатылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды.Жаңа кешен 240 орынға есептелген және аумағы 4000 шаршы метрды құрайды. Құрылыс 1963 жылы салынған ескі ғимараттың апатты жағдайына байланысты жүргізілуде. Жаңа мекеме құрамында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы да жұмыс істейді. Ғимарат 900 орындық мектептің жанында орналасады. Балалардың қатынауы үшін 14 орындық автобус бөлінді. Алматыға дейінгі қашықтық – 65 км.Бұдан бөлек, тәрбиеленушілер 21 наурызда Қонаев қаласында өтетін Наурыз мейрамына шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/948954
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар! Қымбатты отандастар! 01.03.2025
Сіздерді Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Өткен жыл еліміз үшін жауапты шешімдер мен жүйелі жаңғыру кезеңі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында орнықты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, ауқымды цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізуге, азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ұлттық дамудың негізгі басымдықтары айқындалды. Бұл ретте барлық реформалардың өзегінде адам және ұлттық тұрақтылықты нығайту тұрғаны ерекше атап өтілді. Аталған бағдарлар мемлекеттік органдар қызметінің басты бағыттарын белгілеп, ортақ жұмысымыздың берік негізіне айналды.Қазақстан экономикалық әлеуетін нығайта отырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, қауіпсіздік пен азаматтардың әл-ауқаты басты басымдық саналатын заманауи, жауапты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде сенімді даму жолын жалғастырды.Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін өткен жыл қарқынды қызметке, жоғары талаптар мен маңызды нәтижелерге толы болды. Жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіруге, заманауи ақпараттық және басқару технологияларын енгізуге басымдық берілді. Патриоттық тәрбие мен идеологиялық жұмыс, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер жоспарлы түрде жүзеге асырылды.Бүгінде Қарулы күштердің әскери қызметшілері жауынгерлік кезекшілікті абыроймен атқарып, оқу-жаттығулар мен дайындықтарға қатысып, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиялары аясында, соның ішінде Голан жоталарында, жүктелген міндеттерді лайықты орындап, мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға өз үлесін қосып келеді.Бүгінгі мерекеде Қарулы күштердің жеке құрамына, сондай-ақ басқа да күштік құрылымдардың әскери қызметшілеріне кәсібилігі мен бірлескен үйлесімді қызметі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Әрине, ерекше ризашылық – сіздердің отбасыларыңызға. Олардың төзімі, сабыры мен қолдауы әскери қызметтегі ең сенімді тірек екені сөзсіз.Келген 2026 жыл жасампаздықтың, жаңа мүмкіндіктер мен нық қадамдардың жылы болсын. Бірлік, жауапкершілік және Отанға адалдық алдағы уақытта да басты құндылықтарымыз болып қала берсін.Қарулы күштердің бүкіл жеке құрамына және барша отандастарға зор денсаулық, бақ-береке, қызметте табыс, ашық аспан тілеймін!Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріавиация генерал-лейтенанты Д. ҚосановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1136092?lang=kk
Қарулы күштер мекемелерінің тауарларына, жұмыстарына және қызметтеріне тарифтер бекітіледі 01.03.2025
Қорғаныс министрлігі «Қарулы Күштердің кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген мемлекеттік мекемелерінің билігінде калатын тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден түскен ақшасына тарифтер (бағалар) бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 63-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленді. Құжатта жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына және қызметтеріне) тарифтер айқындалады. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биыл 18 наурызға дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15470168 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/948870
Ардагер десантшы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады 01.03.2025
Алматыда әскери қызметшілер дәстүр бойынша 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюмниковты мерекемен құттықтады.Виктор Карпович Қазақстанда туып-өскенін мақтан етеді. Майданға ол осы жерден аттанды. Соғыстан кейін үйіне оралып, ел игілігі үшін жұмыс істеді.– Қазақ халқы – мейірімді және қонақжай халық. Қандай қиын жағдайда өмір сүрсе де, бір кездері қарапайым қазақтар қоныс аударушыларды паналатып, оларды жылы қарсы алды. Соғыстан кейін біз бірге бейбіт өмір сүрдік. Біздің жүрегімізде қазақ халқына деген алғыс мәңгілік, – деп атап өтті ардагер.Виктор Изюмников әрқашан елге де, халыққа да пайдам тисе деп ұмтылды. Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, Жоғарғы Кеңестің депутаты және Министрлер Кеңесі істерінің басқарушысы бола отырып, ол елдің ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосты.– Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы құрылғанына 30 жыл толған мерейтойын атап өтіп, барлық ізгі тілектерге қосылып, қонақжай қазақ халқына жомарттық үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді, – деді Виктор Карпович.Өз кезегінде әскери қызметшілер жеңіске қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін майдангерге алғысын білдірді. Ардагермен кездесу олардың бойында ғасыр жолынан өткен адамның рухының биіктігіне деген ризашылық сезімін туындатты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/948871
Әскери қызметшілер соғыс ардагерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады 01.03.2025
Алғыс айту күні Қарулы күштердің әскерилері мен ардагерлер бірлестіктері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап барды.Астанада әскери қызметшілер Рзағұл Байкешевке, Владимир Дровосековке және Василий Сердюковке, ал Таразда – соғысқа қатысушы Геннадий Ивановтың үйінде болды.Алматыда олар Дарбал Жабатаевпен, Екатерина Барановамен, Әбдірахман Ишмұхамедовпен, Василий Шипиловпен, Виктор Изюмниковпен және Зұлхарнай Сейітовпен кездесті.Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің өкілдері майдангерлер Федор Ковалев пен Әлім Кебіров, Ақмола облысында Анатолий Комяков пен Иосиф Коминге барды. Шымкентте департаменттің әскери қызметшілері ардагерлер Мұраталы Төлепбергенұлы және Нина Мосуновамен әңгімелесті.Қорғаныс ведомствосы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері майдангерлерді мерекемен құттықтап, хал-жайын сұрап, күнделікті, тұрмыстық мәселелерін шешуге дайын екендіктерін білдіріп, оларға зор денсаулық, берекелі ұзақ өмір тіледі.Мерекелік іс-шаралар аясында Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі сауда орталығында Ұлы Отан соғысының ардагері Ділдәбек Нұрышевке арналған концерт ұйымдастырды. Майдангер жергілікті аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен, "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілерімен және қала тұрғындарымен бірге үрмелі аспаптар оркестрінің өнерін тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/948903
Қазақстан СІМ басшысы Мароккоға алғашқы ресми сапармен барды 01.03.2025
Рабат, 2025 жылғы 28 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, Африка ынтымақтастығы және шетелде тұратын марокколықтар істері министрі Насер Буританың шақыруымен Рабатқа екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен келді.Сұхбат барысында саяси диалогты жандандыруды, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейтуді қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары талқыланды.Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, инновациялар, білім беру және туризм сияқты салаларда серіктестікті тереңдету үшін елеулі әлеует аталып өтті. Осыған байланысты тараптар шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге және әртүрлі деңгейдегі сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыруға дайындықтарын білдірді.«Қазақстан Марокконы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңірінде маңызды және жақын серіктес ретінде таниды. 30 жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынастар барысында біз ортақ құндылықтарға негізделген мазмұнды саяси диалог құра алдық, сондай-ақ сындарлы парламентаралық өзара іс-қимылды жолға қоя алдық», – деп мәлімдеді ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы.Өз кезегінде Н.Бурита Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылық рөлін ерекше атап өтіп, елінің кең ауқымды мәселелер бойынша көпжоспарлы өзара іс-қимылды сапалы нығайтуға деген берік ниеті туралы сендірді. Атап айтқанда, ол Марокко мен Қазақстанды Солтүстік Африка мен Орталық Азияға қақпа ретінде қарастыратынын атап өтті.Сұхбаттастар өткен жылы 70%-ға өсіп, 274 млн АҚШ долларына жеткен екі ел арасындағы тауар айналымының айтарлықтай өскенін атап өтті. Бұл ретте ҚР СІМ басшысы Қазақстанның Мароккоға қосылған құны жоғары өнімдерді жеткізуді ұлғайту үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Атап айтқанда, еліміз дайын мұнай-химия өнімдерін, металлургия өнімдерін және азық-түлік тауарларын қоса алғанда, 130 млн АҚШ доллары сомасына 25 негізгі тауар позициясы бойынша экспортты кеңейтуге дайын.М.Нұртілеу сондай-ақ жақын арада визасыз режим туралы келісім күшіне енетінін және Марокко екіжақты визасыз режим орнатылған Африкадағы алғашқы ел болатынын атап өтті, бұл іскерлік байланыстарды дамыту және азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ делегациясының басшысы Мароккоға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) қызметіне қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, оның Жарғысын жаңын арада ратификациялаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ биыл Астанада өтетін АҚИҰ-ның 7-ші Бас ассамблеясына жоғары деңгейде қатысуға шақырды.Сондай-ақ тараптар мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумын талқылады, ол әлемдік қоғамдастықтың өзекті сын-қатерлерді шешудегі күш-жігерін біріктіреді. Сонымен қатар ағымдағы жылы өтуі жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8-ші съезіне дайындық талқыланды, онда Қазақстан Марокконың жоғары деңгейде қатысуын күтеді.Цифрландыру тақырыбы да талқылауда маңызды орынға ие болды. Қазақстан СІМ басшысы цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған «Digital Morocco 2030» бағдарламасы шеңберінде Мароккомен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді және қазақстандық IT-компаниялардың электрондық үкімет, инновациялық IT-шешімдер және киберқауіпсіздік саласындағы пилоттық жобаларды ұсынуға дайындығы туралы хабардар етті.Министрлер Марокко жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырған Астана академиялық филармониясы мен Рабаттың бас оркестрі концертінің сәтті өтуіне назар аударып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Туризм саласында айтарлықтай әлеует аталып өтті және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптар 2025 жылы әуе қатынасы туралы келісім бойынша жұмысты аяқтауға және тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігін қарастыруға келісті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Марокко қатынастарын одан әрі нығайтуға деген өзара ұмтылысын растады. Министрлер сонымен қатар негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту үшін жұмыс топтарын құру туралы шешімді көрсететін Бірлескен коммюнике қабылдады.Сапар аясында М.Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы сұлтан мен тұңғыш король Мұхаммед V (1909-1961) кесенесіне барды. Рабаттың орталығында монарх пен оның екі ұлының қабірі бар керемет ғимарат әйгілі Хасан мұнарасының жанында орналасқан. ҚР СІМ басшысы гүл шоқтарын қойып, құрметті қонақтардың жазбалар кітабына жазба қалдырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/948872