Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҰЭМ мен ЕҚДБ ШОБ-ты қолдау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 25.01.2025
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) ШОБ-ты қаржыландыру және дамыту департаментінің басқарушы директоры Жужанна Харгитай ШОБ кәсіпорындары үшін іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қойды.Қазақстанда ЕҚДБ-ның қатысуымен ел экономикасы өсімінің әртараптандырылған, тұрақты және инклюзивті моделін дамытуға ықпал еткен бірқатар табысты жобалар іске асырылды.Құжатта елімізде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, оның ішінде бірқатар іс-шаралар мен өз тиімділігін көрсеткен қолдау құралдары арқылы дамыту мәселелері қамтылған. ЕҚДБ бағдарламаларының негізгі мақсаттарының бірі бәсекеге қабілетті, әртараптандырылған әрі инклюзивті жеке секторды құру, сондай-ақ қосылған құн мен жұмыс орындарын құру болып табылады.ЕҚДБ өз қызметтері шеңберінде қолданатын жеке тәсіл өндірісті 2-3 есе ұлғайтуға, сыртқы нарықтарға шығуға және отандық нарықты сапалы өнімдермен толтыруда бәсекеге қабілетті компанияларды өсіруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/921326
Серік Жұманғарин ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянкомен кездесті 25.01.2025
ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянко және БҚДА-мен кездесу Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындау бойынша ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы миссиясы аясында өтті. Кездесуде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, бүгінде Бірінші шолу шеңберінде берілген ЭЫДҰ ұсынымдары 80%-ға орындалды. «Мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ жоғары стандарттарына сәйкестендіру мақсатын қойды және біз ұсыныстардың басым бөлігін іске асырдық. Бүгін сіздерді қызықтыратын мәселелерді Екінші шолу аясында талқылауға дайынбыз», — деді вице-премьер жиынға қатысушыларға. Тараптар Қазақстанның бәсекелестікті дамыту және Қазақстан экономикасын ырықтандыру саласындағы жуырдағы бастамаларын талқылады. Атап айтқанда, БҚДА жанынан Ұлттық жекешелендіру кеңсенің құрылуын әрі оның кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жоспарларын оң атап өтті. ЭЫДҰ өкілдері Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындауға материал жинау үшін басқа да мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/922950
Петропавлда еңбек ресурстарын дамыту мәселелері талқыланды 25.01.2025
Петропавлда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұйымдастыруымен «Қазақстан өңірлеріндегі еңбек ресурстарын дамыту: қазіргі жағдайы және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасап, солтүстікте өңдеу өнеркәсібін нығайту, оңтүстікте сервистік сектордың өсуі мен батыс аймақтар үлесінің өзгеруі сынды соңғы он жылдағы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзекті талдау ұсынды.Сонымен қатар ол шағын және орта бизнесті ынталандыру, ауыл шаруашылығы машиналары мен автомобиль жасауды дамыту, инновацияларды енгізу және кадрларды қайта даярлау сияқты өңірлік дамудың жаңа тәсілдерін атап өтті.Б. Омарбековтың айтуынша, соңғы жылдары өңірлердің экономикалық құрылымында айтарлықтай өзгеріс байқалды. Атап айтқанда, солтүстік облыстар өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы өз позицияларын нығайтты. Дегенмен, демографиялық құлдырау, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымның тозуы сияқты сын-қатерлер әлі де бар. Осыған байланысты өңірлердің экономикалық және әлеуметтік дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік саясаттың негізгі бағыттары кеңейтіліп, күшейтілетін болады.Бұдан бөлек, ҰЭМ қазіргі уақытта 2030 жылға дейінгі өңірлік саясат тұжырымдамасын әзірлеуде, оның мақсаты инфрақұрылымды біркелкі дамыту, өмір сүру сапасын жақсарту және еңбек ресурстары үшін жаңа мүмкіндіктер жасау болып табылады.«Өңірлік саясатты іске асыру – бүкіл елдің тұрақты дамуының кепілі. Ұлттық экономика министрлігі еңбек ресурстарын қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/924301
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды 24.01.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев 2025 жылғы 3 қазанынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.​Ғани Айдарұлы 1987 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетін «қаржы» мамандығы, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінде «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.Еңбек жолын 2008 Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастаған.Әр жылдары Алматы қаласы "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалының заңгер-консультанты, Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қаласы Медеу, Наурызбай аудандары әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы туризм басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080977?lang=kk
Ерлікті дәріптейтін экспозиция: Әскери-тарихи музейдің көшпелі көрмесі қала мектептерінде 24.01.2025
Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі «Мемориалдық аймақ» іздестіру тобымен бірлесіп, Астана мектептерінде «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты көшпелі көрмелер өткізуді бастады.Алғашқы көрме Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мектеп-лицейінде өтті. Іс-шараға «Мемориалдық аймақ» іздестіру тобының командирі Майдан Құсайынов, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары және әскери-тарихи музейдің қызметкерлері қатысты.Экспозицияға Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің, Халық қаһармандары Тілеуғали Әбдібеков пен Хиуаз Доспанованың жеке заттары мен архивтік құжаттары, бірегей фотосуреттері мен майдан алаңдарынан табылған басқа да жәдігерлер қойылды.«Мемориалдық аймақ» іздестіру тобының мүшелері қазақстандық жауынгерлер қатысқан ірі шайқастардан театрландырылған қойылым көрсетті. Музей қызметкерлері қазақстандық батырлардың жеке заттарымен және архивтік құжаттармен таныстырды. – Көшпелі көрмелер бұған дейін еліміздің түрлі өңірлерінде өткізілді. Биыл Астана мектептерінде өткізуді бастап кеттік. Біз мұнда болашақ Отан қорғаушыларына қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтамыз. Бұл олардың жоғары патриоттық және азаматтық сезімдерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әрине, мұндай іс-шараларды өткізу мүмкіндігінің арқасында адамдардың мұражай ісіне деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз, – дейді Әскери-тарихи музейдің бастығы капитан Дәулет Қадыров.Әскери-тарихи музей ұжымы мен қонақтарға ризашылығыын білдірген мектеп басшылығы Әскери-тарихи музеймен ынтымақтастық жастардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, патриоттық тәрбиесіне ықпал ететінін атап өтті.Көрме Астана қаласының мектептерінде мамыр айына дейін жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924257
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу туралы 24.01.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.Қағидалардың 7-т. сәйкес мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын электрондық нысанда ұсынады:1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін.Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 20 қаңтардан бастап 31 қаңтар сағат 18.30-ды қоса алған мерзімде).Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына электрондық пошталарға ұсынылады: g.kenzhebay@energo.gov.kz.Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 78-68-58, 78-68-93.Қажетті формаларды толтыру үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/782649?lang=kk ссылкасы арқылы өтуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/920654
Қазақстан АЭС құрылысына арналған технологияларды іріктеу шеңберінде сапарларды аяқтады 24.01.2025
2025 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.Сапардың негізгі мақсаты - атом электр станцияларын пайдалану тәжірибесімен танысу және ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буынды энергетикалық блоктардың технологияларын зерттеу болды. Делегация Ленинград АЭС-іне барып, станция жұмысының негізгі техникалық аспектілерімен танысты, соның ішінде блоктық басқару пунктінің құрылғысы, турбина цехы, зертханалық кешен және энергоблоктардың салқындату жүйесі ұсынылды. ВВЭР-1200 реакторы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы болып табылады.Ресей Федерациясына сапар Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен бәсекелестік диалогтың қорытынды кезеңі болды.Бұған дейін, 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында, осындай жұмыс сапарлары Корея Республикасына, Француз Республикасына және Қытай Халық Республикасына жасалған болатын. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы корейлік KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF компанияларымен бірге «шорт-тізімге» енген.Сапар барысында делегация Ленинград АЭС басшылығымен консультациялар өткізіп, станцияның инфрақұрылымымен танысты. Сондай-ақ, АЭС-тің серіктес қаласы – Сосновый Борға бару жүзеге асырылды, ол заманауи ғылыми қаласы және ғылыми-инженерлік құзыреттер орталығы болып табылады.Анықтама: Ленинград АЭС-і – Ресейдегі орнатылған қуаты бойынша ең ірі және екі түрлі типтегі энергоблоктар жұмыс істейтін жалғыз АЭС: уран-графитті каналды (РБМК) және су-су (ВВЭР). ВВЭР-1200 жобасының басты ерекшелігі – станцияны сыртқы және ішкі әсерлерге барынша төзімді ететін белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің бірегей үйлесімі.«Бүгін біз ядролық энергетика саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған жұмыс сапарларымызды аяқтадық. Ленинград АЭС-іне бару қоршаған ортаны қорғау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін технологиялар мен қауіпсіздік шараларымен терең танысуға мүмкіндік берді», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.АЭС салу жобасы үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау бойынша соңғы шешім ағымдағы жылы қабылданатын болады. Шешім ұлттық мүдделерді, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді, сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (АЭХА) ұсыныстарын ескере отырып қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/922018
Қаржы министрі Мәди Такиев азаматтардың жеке қабылдауын өткізді 24.01.2025
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын іске асыру азаматтармен ой бөлісіп, пікір алысуға қолайлы платформалар арқылы қоғаммен белсенді өзара байланысты дамытуды қарастырады. Қазақстандықтардың кез келген сұрақ бойынша түсініктеме алып, өзекті мәселелерді шешуге септесетін орындардың бірі Азаматтарды қабылдау орталығы болып саналады. Дәл осында ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға жазылған азаматтардың тарапынан әртүрлі салаларға қатысты өтініштер айтылды: салық салу, аудит, жекешелендіру, салықтық тексерулер және әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ қабылдау барысында Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер жайлы да түсіндірілді.Сұрақтарға жедел жауап қайтарып, министрдің тапсырмаларын орындау үшін кездесуге Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Н.Т. Мыңжасаров, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Н.Т. Әділбеков Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. С.А. Ахметов және министрліктің басқа да қызметкерлері қатысты.Ведомство басшысының халықпен кездесуге қатысты жұмыс кестесін министрліктің сайтынан көріп, танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/922922
Қазақстан СІМ басшысы Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады 24.01.2025
Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Бұған қоса, ағымдағы жылы жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына ерекше назар аударылды.Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Қытай Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923393
Қазақстан Сыртқы істер министрі Аустрия Елшісімен кездесті 24.01.2025
Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің басталуына орай Аустрия Республикасының Елшісі Андреа Бахерді қабылдады.Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-аустриялық ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.Тараптар екі елдің іскер топтарының тиімді өзара іс-қимылын кеңейту және байланыстарын арттыру тұрғысында Қазақстан-Аустрия экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының және Іскерлік кеңестің маңызды рөлін атап өтті.Кездесудің соңында Министр М.Нұртілеу Аустрия Елшісіне Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923590
Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесуі туралы 24.01.2025
Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Мысыр тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрі Бадр Әбделатымен телефон арқылы сөйлесті.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/923767
2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі 24.01.2025
Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді.Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады.2025 жылы мемлекет 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыру үшін 65,9 млрд теңге бөлді. Аталған жобаларды іске асыру елді газдандыру деңгейін 62 %-ға дейін арттырады немесе 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді.«Финская-120» автоматтандырылған газ реттеу станциясын және магистральдық газ бұру құбырын салу Атырау облысындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Бұл жобаны іске асыру Атырау қаласының еуропалық бөлігін қажетті газ көлемімен қамтамасыз ету үшін газ құбырының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өңірдегі өнеркәсіпті дамытуға үлкен серпін береді.Табиғи газ экологиялық жағдайды жақсартады Табиғи газды пайдалану көмірқышқыл газы шығарындыларының төмен деңгейіне, зиянды қоспалардың болмауына және көмір мен мазутпен салыстырғанда жоғары энергетикалық тиімділікке байланысты экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету кезіндегі әлеуметтік жауапкершілікМемлекет басшысының «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 2024 жылғы желтоқсанда Үкімет Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына тауарлық газға (24% дейін) жеңілдік түрінде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосты, осылайша 6000-нан астам адамды қамтыды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша аталған тетік бүкіл ел бойынша енгізілетін болады. 2025 жылы «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталадыМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ұзындығы 302 км «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы жалғасуда, бұл 124 мың адамды қамтитын Жетісу облысының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыс графиктен оза отырып жүргізіліп жатыр. Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 МӨЗ салу жұмыстары жалғасып жатырЖоба шикі газды қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда, бұл Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді тәулігіне25 мың баррельге ұлғайтуға және ішкі тұтыну үшін тауарлық газ көлемін жылына 700 млн м3 ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі технологиялық кешеннің құрылысы басталдыМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі мен Қашаған кен орнының акционерлері арасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі кешен салу туралы стратегиялық келісімге қол жеткізілді.2026 жылдан бастап сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі халықты автогазбен қамтамасыз етеді және өңірде мұнай-газ химиясын дамытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/920497
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 24.01.2025
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес).Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.Құжаттар 2025 жылдың 20 – 31 қаңтар айының аралығында қабылданады.Жұмыс тобының сандық құрамы 7 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 5 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:Азаматтың Жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы берілген нысанға сәйкес өтініші (1-қосымша);Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (2-қосымша);Коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураны ілгерлету бойынша жазбаша ұсынысы (бар болса) (3-қосымша);Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам, берілген нысан бойынша өтініш бере алады (4-қосымша).Құжаттар электрондық поштаға жіберіледі - i.zhumagaliyeva@energo.gov.kzАнықтама телефоны: 8 7172 78 69 30Қажетті формаларды толтыру үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/782649?lang=kk ссылкасы арқылы өтуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/920614
Энергетика министрлігінде Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті 24.01.2025
2025 жылғы 21 қаңтарда Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті.Отырыста күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес ҚР Энергетика министрлігі әзірлеген Салалық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қолдау тауып, келісілді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органның сарапшысы қатысушыларды органның ағымдағы қызметімен және осы жылға арналған жоспарлары туралы хабардар етті.Мемлекет басшысы 2025 жылы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Қазақстанда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мұнай-газ саласы үшін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынды.Салалық кеңес отырысында Қазақстанның Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия өнеркәсібіндегі кәсіби біліктілікті дамыту және арттыру үшін талқыланған тақырыптардың маңыздылығы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/922063
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның отырысы 24.01.2025
ҚР Энергетика министрлігінде вице-министр Ә.Жамауовтың төрағалығымен мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиясының отырысы өтті. Кездесу барысында осы салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.ҚР Энергетика министрлігі дайындаған «Мұнай-газ саласының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 2025 жылға арналған Салалық комиссия жұмысының негізгі бағыттарын» бекіту туралы шешім қабылданды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кәсіпорындардағы еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек қауіпсіздігін арттыру мақсатында қабылдайтын шараларға ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы еңбек жанжалдарының алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.Салалық комиссия отырысында «Тиімді әлеуметтік әріптестік біздің саладағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады», — деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі А.Ж. Жамауов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/923682
Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықта жаңа бөлім ашылып, 110 балаға дейін қабылдайтын болады 24.01.2025
Жетісу облысында 1,5 жас пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсететін күндізгі емдеу орталығының мүмкіндігі ұлғайды. Талдықорған қаласында орналасқан орталықта ашылған жаңа бөлімнің арқасында оның сыйымдылығы 110 жатын орынға өсті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аумағы шамамен 470 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат заманауи стандарттар мен талаптарға толық сәйкеседі. Онда ем алатын балалар жасына және денсаулық жағдайына қарай екі топқа бөлінген.– Бөлімді ашудағы басты мақсат – мүгедек балалардың қоғам үшін маңызды екендігін ұғындыру және оларды өмірге бейімдеу. Біз мұнда әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық көмекті қосқанда, 8 түрлі қызмет көрсетеміз. Сонымен қатар, отбасыларға ыңғайлы болу үшін әлеуметтік такси қызметтері ұсынылады. Балаларды орталыққа апаратын және қайтып әкелетін 4 автокөлік таңғы сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері де жұмыс істейді, – дейді орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Назгүл Бүркітбаева.Жаңадан ашылған орталыққа келіп жүрген балалардың ата-аналары осындай мүмкіндікке ризашылық білдіріп, алғыс жаудыруда. Сондай ананың бірі Сәния Теңізбаева:– Біз үшін «Бәйтерек» орталығының тоқтаусыз жұмыс істеуі үлкен қолдау. Міне, орталықтың жанынан жайлы, жарық, жылы жаңа бөлімше ашылды. Қызым орталықтан кәсіби көмек алып қана қоймай, өзін ұжымның бір бөлшегі, үлкен және тату отбасының бір мүшесі ретінде сезініп келеді. Ана ретінде қызым үшін орталық мамандарының әрқашан қасында болып, көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отыруы маңызды деп есептеймін, – деп өз ойын ортаға салды.Қарлығаш Тұтқабаева есімді ана да өз тілегін былай жеткізді:– Жаңа филиалдың ашылуы – біз үшін шын мәнінде үлкен және қуанышты оқиға. Өйткені, мұнда балаларымыз өзіне сеніп, өмірден өз орнын табуына көмектесетін мамандардың кеңесін алады.Жетісу жерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1566 орындық 13 мекеме бар. Былтыр бұл мекемелер 1512 әлеуметтік қызмет көрсетіп, мүгедектердің емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндіктер ұсынды. Сондай-ақ, өткен жылы 168 нысанда мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу жұмыстары жүргізілді.Естеріңізге сала кетейік 2025 жылы Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарлануда.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фототілші: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/923661
Жер қатынастары саласында бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жасау өз тиімділігін көрсетуде 24.01.2025
Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментімен 2024 жылғы қыркүйек пен қараша айларында Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 145-1-бабының 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның «JerInSpectr» платформасы арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 582 мың 793 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы алқаптар анықталып, 220 субъектіге бір жылдық мерзімде бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар жіберілген болатын.Бақылаудың бұл түрі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаудың немесе ұтымсыз пайдаланудың уақтылы жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені азайту мақсатында, Жерді қашықтан зондтау және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректері негізінде жүргізіледі.Бүгінгі күнде 118 жер пайдаланушылар анықталған бұзушылықтар жою және тиісті құжаттарды реттеу арқылы 231 мың 838 гектар жерді пайдалануға кірісті.Ал нұсқаулардың белгіленген мерзімде орындалмауы Кәсіпкерлік кодексте айқындалған тәртіппен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болады.Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923011
ӘШҚҚ бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілмек 24.01.2025
Әуе қорғанысы күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқармасы "Қарулы Күштерде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық актінің жобасы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 272) тармақшасын орындау мақсатында дайындалған.2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 753 Үкімет қаулысымен "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ережесінің 15-тармағы 272) тармақшамен толықтырылды.Аталған тармақшада Қарулы Күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қорғаныс министрлігінің функциясы айқындалған.Қорғаныс министрінің бұйрығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде 2025 жылғы 3 ақпанға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15405994 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/923253
Қарағандылық екі компания сапа саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығының бірінші кезеңінің финалистері атанды 24.01.2025
Қазақстанда өнім сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығын алуға арналған мерейтойлық, оныншы байқаудың бірінші кезеңінің финалистері анықталды. Олардың қатарында екі қарағандылық компания бар.Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, байқаудың бірінші кезеңі сәтті өтті: «Бёмер Арматура» ЖШС – шарлы крандар шығаратын зауыт; Өнеркәсіптің мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия және энергетика секторларында диагностикалаумен айналысатын «Дефектоскопия ҒТБ» ЖШС.ТМД сыйлығы – сапа саласындағы беделді наградалардың бірі. Конкурс екі жылда бір рет өткізіледі. Оның мақсаты – жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің экспортын ынталандыру, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұйымдарында инновациялық технологиялар мен тиімді менеджмент әдістерін енгізу.2025 жылы байқау ТМД Экономикалық кеңесінің қамқорлығымен өтеді.Байқаудың қазылар алқасы мемлекетаралық құрылымдардың, ұлттық тұтынушылар қоғамдарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының және басқа да кәсіби қауымдастықтардың өкілдерінен тұрады.– «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы байқау хатшылығы қызметін атқара отырып, қазақстандық кәсіпорындарға ТМД деңгейінде өздерін танытуға көмектесіп, жан-жақты қолдау көрсетеді. Қарағанды облысының компанияларының ТМД сыйлығына қатысуы жергілікті бизнестің жоғары бәсекеге қабілеттілігін және оның жаңа көкжиекті бағындыруға дайын екенін көрсетеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922985
Қазақстанда жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болады 24.01.2025
2024 жылы жұмысынан айрылуына байланысты 293 мыңнан астам адам МӘСҚ-нан төлем алды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:- eGov.kz порталында авторизациялану;- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923078