Қоғам
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды 14.01.2025
Бүгін, 14 қаңтар күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасары Тілек Жеткізгенұлын таныстырды.Тілек Жеткізгенұлы 1979 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі - жоғары. 2002 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы «Нефтебанк» акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарды.2006 -2007 жылдары «ТМ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.2007-2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын атқарды.2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2015 -2019 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды. 2019-2022 жылдары Маңғыстау ауданының әкімі лауазымын атқарды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/917502
Елордада XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды 14.01.2025
Астанада IZhO-2025 математика, физика және информатика пәндерінен XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.Олимпиаданың салтанатты ашылуы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті, іс-шараға 850 қонақ пен қатысушы жиналды.Олимпиада алғаш рет елордада өткізіліп отыр. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысушылар мен олардың тәлімгерлерін ашылу салтанатымен құттықтады.Биыл олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия сияқты 15 елден 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысуда. Қатысушылар ұлттық олимпиадалардың қорытындысы бойынша іріктелді.«Олимпиада бес күнге созылады және екі турдан тұрады. Тапсырмалар мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының төрағасы ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев болып табылады»,- деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Ұйымдастырушылар - ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» РҒПО және республикалық физика-математика мектебі.«Мен үшінші жыл қатарынан Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысып келемін. Елордалық ретінде барлық қатысушылар мен қонақтарды қарсы алғанымызға қуаныштымын. Бүгін Олимпиаданың салтанатты ашылуы керемет шабыттандырды. Барлығымызға ұлттық әуенді таңдағынымызға қатты қуаныштымыз»,-деді Олимпиада қатысушысы және республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Альтаир Ақанов.Олимпиаданың салтанатты ашылу жиынында би ұжымдары мен вокалистер өнер көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917186
Астанада атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәсілдері 14.01.2025
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері күшіне енеді. Бұл процесті мұқтаж азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді етеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.АӘК есептеу кезінде өтініш берген айдың алдындағы тоқсандағы отбасы табысының барлық түрлері ескеріледі. Бұл жалақы, әлеуметтік төлемдер, алимент және басқа да кірістер болуы мүмкін.АӘК сомасы ағымдағы тоқсанға тағайындалады және Астана қаласының аудандық әкімдіктері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындылары негізінде ай сайын төленеді.2025 жылдан бастап бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға АӘК тағайындалған сомасына қосылатын 5 898 теңге (1,5 АЕК) мөлшерінде қосымша төлем енгізіледі.Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық аумағын қамтитын пилоттық жоба іске қосылуда. Жоба аясында азаматтар өздерінің банктік шоттары туралы деректерді ашық бағдарламалық интерфейстерді (Open API) пайдалана отырып, банкаралық ақпарат алмасу жүйесі арқылы жібере алады. Бұл көмек тағайындау процесін жылдамдатады.АӘК алдын ала есептеу үшін Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығына мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Бейбітшілік көшесі, 9, 137-кабинет.Жұмыс кестесі 09:00 - ден 18: 00-ге дейін (түскі үзіліс: 13:30-дан 14:30-ға дейін).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917304
Астанада мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек 14.01.2025
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және дамыту Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басым міндеті. Қалада 36 000-нан астам мүгедек адам тұрады, оның 26 000-нан астамы ересектер, 10 000-нан астамы балалар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етуге 37 мыңнан астам түрлі құралдар ұсынылды: протездік-ортопедиялық көмек,сурдологиялық көмек, кресло-арбалар, санаторий-курорттық емдеу және т. б.2024 жылы 7 761 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алды. Бұл қызметтер 11 ведомстволық бағынысты мекемелерде көрсетіледі. Негізгі мекемелердің арасында:1. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;2. «Нұрлы жүрек» орталығы;3. «Қамқор» орталығы;4. «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы;5. «Үміт» дағдарыс орталығы;6. «Жансая» орталығы және т.б.;2024 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың саны артты.Олар:* «Балам-ай» ҚҚ-жартылай стационарда 414 адам.* «Erekshe analar» ҚҚ — жартылай стационарда 413 адам.* «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы»ҚБ-үйде 398 адам.* «Орда»ҚБ (аутизмі бар балалар) — үйде 719 адам (18 жасқа дейін), 18 жастан асқан 11 адам.* «Береке Астана мүгедектер бірлестігі» ҚБ-593 адам үйде, 413 адам жартылай стационарда.* «Солнечный мир» ҚҚ- 136 адам.* «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» ҚБ-жартылай стационарда 357 адам.* «Қорғау -Дағдарыс орталығы»- 410 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917316
Студенттерді әлеуметтік қолдау бағытында түрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылып жатыр - Ұлан Наукен 14.01.2025
«Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының төрағасы Ұлан Наукен студенттердің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғайтын институттық құрылым туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары үнемі студенттердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталып келеді. Сөзсіз, білім алушылар үшін қолайлы орта қалыптастыруда әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы айрықша. Себебі, бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман.Студенттерді әлеуметтік қолдау бағытында республика көлемінде қоғамдық ұйымдардың тарапынан түрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының бірігіп жасаған жобасы – Студенттік омбудсмендер институтын ерекше атап өтуге болады. Бұл қозғалыс шетелдерде жақсы дамып, іргелі жобалардың қатарында аталады. Ал ТМД елдері арасында ең алғашқы студенттер арасындағы омбудсмендер институты 2022 жылы Қазақстанда құрылды. Келесі жылы бастама жалғасын тауып, еліміздің барлық өңірінде студенттік омбудсмендер бекітілді. Ал былтырдан бастап әр университеттің өзінде студенттік омбудсмендер жұмысын бастады»,- деді Ұлан Наукен.Республикалық студенттер қозғалысының төрағасы студенттік омбудсмен студенттердің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғайтын институттық құрылым екенің атап өтті.«Жоғары білім алған әрбір студент өзінің әлеуетін іске асыра алуы тиіс, осы орайда білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсетуде институттың орны ерекше. Мәселен, оқу жылы басталар алдында жатақханаларға арнайы мониторинг жүргізіледі. Тексеріс барысында орындарды бөлу критерийлері мен тұру жағдайлары бағаланады. Сондай-ақ жеке жатақханалардың жаңа оқу жылында жастарды қабылдауға дайындығы мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған университеттермен жасалған шарттар тексеріледі. Мұндай мониторинг жұмыстары жылына төрт-бес мәрте өткізіледі.Атап өтерлігі, 2024 жылы Астана қаласы бойынша 4200 орындық 7 жатақхана тапсырылды. Олар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Тұран-Астана» университеті, Астана Медицина Университеті, Аstana IT University, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ашылды»,- деді ол.Ұлан Наукен студенттік омбудсмендер «Таза сессия» жобасын да қолға алғаннын атап өтті.«Онда білім алушыларды емтихан кезінде құқық бұзушылыққа бармауға шақырады. Студенттердің тамақтануы мен логистика, яғни жол жүруі мәселесін де реттеуге әсер етеді. Ваканттық грант пен арнайы шәкіртақының әділ бөлінуі үшін мониторинг тобында жұмыс істейді.Білім алушылар тарапынан келіп түскен өтініштерді барынша жедел шешуге мән беріледі. Бакалавриат студенттеріне ғана емес, магистрант және докторанттардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріледі. Яғни, омбудсмендер студент пен билік арасында сындарлы диалог құруға жәрдемдеседі.Биыл «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының құрылғанына 20 жыл толады. Осы уақыт аралығында студенттерді әлеуметтік тұрғыда қолдап қана қоймай, шығармашылық бастамаларын жетілдіру бағытында да бірқатар жобалар өз нәтижесін көрсетті. Студенттер қозғалысы – әр өңірден келген жастарды бір шаңырақ астында біріктірген ұйым. Білім алушылар арасында бұл ұйым ретінде ғана емес, үлкен отбасы тұрғысынан ерекше аталады. Себебі, студенттер қозғалысының көздегені – жастардың мүдделері мен қажеттіліктері»,- деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917328
Аула клубтары елордалық балаларға таланттарын ашуға қалай көмектеседі 14.01.2025
Астанада 10 жылдан бері тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы табысты жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жоба Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының аула клубтарын дамыту бөлімінің жетекшілігімен жүзеге асырылуда.Бүгінгі таңда қалада 2500-ге жуық тәрбиеленушіні қамтитын 10 аула клубы жұмыс істейді. Бұл негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мен жастар.* «Алматы» ауданында 4 клуб жұмыс істейді: «Қыран», «Жасқанат», «Tahtay», «Армандастар».* «Байқоңыр» ауданында «Бәйтерек» клубы жұмыс істейді.* «Есіл» ауданында «Ақжол» клубы жұмыс істейді,* «Сарыарқа» ауданында 3 клуб жұмыс істейді: «Динамо» Profit, SABAT FIGHT CLUB.* «Нұра» ауданында «Үркер» клубы жұмыс істейді.Аула клубтары 130 түрлі үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Олардың 74-і спорттық, 56-сысы шығармашылық. Клубтардағы Барлық сабақтар тегін өткізіледі.Тәрбиеленушілерді қабылдау процесі ikomek109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы клубтар туралы ақпарат алуға және сабаққа жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917374
Астанада әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту: жетістіктер мен 2025 жылға арналған жоспарлар 14.01.2025
Астанада әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуды дамыту қаланың әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2024 жылы 193 мыңнан астам адам әлеуметтік төлемдермен және тегін қызметтермен қамтылды. Қолдау алушылар арасында 138 мыңнан астам зейнеткер, 36 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам, 34 248 көпбалалы отбасы, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 7 088 көпбалалы ана бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23,3 мың адам қамтылды, оның 13,7 мыңы жастар. Жұмыс орындарын құрудың Өңірлік картасын іске асыру шеңберінде 67 634 жұмыс орны құрылды, оның 57 920-сы тұрақты, ал 9 714 -і уақытша.2024 жылы 1 979 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс іздеу бойынша жүгінді. Жұмыспен қамту шараларымен 1 085 мүгедек адам қамтылды, оның 293-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сондай-ақ 21-і жастар практикасынан өтті, ал 7-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Сонымен қатар, 381 адам қоғамдық жұмыстарға, 49 адам «Күміс жас» бағдарламасы аясында, ал 18 адам кәсіпкерлік қызметті дамытуға грант алды.2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Биыл жұмыссыз азаматтар үшін жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту ұйымдастырылады. Үш қалалық бос орындар жәрмеңкесі мен 30 шағын жәрмеңке өткізу жоспарлануда.Сондай-ақ, 3000 адамды қамтытын 9-11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өткізілетін болады. «Еңбек жолы» және «Парыз» сияқты еңбек форумы мен конкурстарын, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917352
Smart Astana қосымшасы: қала тұрғындары үшін ыңғайлы медициналық қызметтер 14.01.2025
Smart Astana қосымшасының ең пайдалы бөлімдерінің бірі «Медицина» болып табылады. Ол Астанада медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған 7 негізгі қызметті қамтиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қосымша қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру және т.б. сияқты қалалық қызметтердің кең ауқымын қамтиды. Алайда, елорда тұрғындарына қолжетімді медициналық қызметтерге арналған бөлімге ерекше назар аударылады.«Медициналық ұйымдар» және «Медициналық-әлеуметтік мекемелер»бөлімдерінде емханалар, ауруханалар және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары туралы толық мәліметтер жазылған. Пайдаланушылар мекеменің атын, мекенжайын, байланыс деректерін, мекеме басшысының атын және орналасқан жерін картадан көре алады.Сондай-ақ, әр мекемені 1 ден 5-ке дейін шкала бойынша бағалау мүмкіндігі қарастырылған. «Жақын» функциясы медициналық мекемелерді пайдаланушының қазіргі орналасқан жерінен қашықтығы бойынша сұрыптауға мүмкіндік береді. Ал «Таңдаулылар» функциясы болашақта жылдам қол жеткізу үшін таңдалған мекемелерді жеке тізімге қосуға мүмкіндік береді.Астаналықтарға одан да ыңғайлы болу үшін қосымшада «Менің емханам» бөлімі бар. ЖСН енгізілгеннен кейін экранда байланыс деректерін, мекенжайды және картаны қоса, тіркелген медициналық мекеме туралы ақпарат пайда болады.Енді дәрігерге онлайн жазылуға болады. Ол үшін «Дәрігерге жазылу»бөліміне кіріп, ЖСН енгізу жеткілікті. Ал жүйе учаскелік дәрігерді қабылдаудың қол жетімді күндері мен уақытын ұсынады.Төтенше жағдайлар кезінде қосымшада «Дәрігерді үйге шақыру» бөлімі қарастырылған. ЖСН енгізілгеннен кейін пациент, ұйымның атауы және мекен-жайы туралы ақпарат автоматты түрде пайда болады. Пайдаланушылар шақыртудың себебін көрсетіп, қажет болған жағдайда мекенжайды нақтылау мақсатында қосымша ақпарат жаза алады.Бұдан басқа, қосымша «Медициналық сақтандыру (МӘМС)» бөлімінде медициналық сақтандыру мәртебесі туралы ақпаратты ұсынады. Мұнда қала тұрғындары сақтандыру туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады.Дәрігерге барғаннан кейін «i-teka дәрі-дәрмектері» бөлімінің арқасында жақын маңдағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің құны мен бар-жоғын оңай білуге болады. Бұл қызмет қажетті дәрі-дәрмектерді тез табуға және орналасқан жері бойынша ыңғайлы дәріхананы таңдауға көмектеседі.Қолданба сонымен қатар қаладағы ауаның ластану деңгейі туралы маңызды ақпаратты ұсынады. «Ауаның ластануы» бөлімінде AQI ауа сапасының индексін көрсетеді, бұл тұрғындарға қаладағы экологиялық жағдайды бақылауға көмектеседі.2024 жылғы дерек бойынша Smart Astana қосымшасының белсенді пайдаланушыларының саны 30 000 адамнан асты. Бұл қала тұрғындары арасында цифрлық сервистерге деген қызығушылықтың бар екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917383
Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты 14.01.2025
Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.«Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым»,- дейді оқушы Бақтығали Ерланұлы.Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917392
Облыстық комиссия көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты талқылады 14.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда азаматтық қорғаудың аумақтық күштері мен құралдарының көктемгі су тасқынына, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты эвакуациялауға дайындығы мәселелері қаралды. Отырыста гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, су басудың алдын алу шаралары және қираған нысандарды қайта жаңарту жұмысы талқыланды.Өткен жылы жалпы ұзындығы 2 шақырым болатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 24 учаскесі тасқын су астында қалды. Облысымыздағы 3 көпір бүлінді. Соның ішінде Кіндікті ауылына апаратын жолдағы көпір қайта қалпына келтірілді. Тассай ауылындағы көпірге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бозай ауылындағы көпірге ЖСҚ әзірлеу биылға жоспарланған.Автомобиль жолдарындағы су тасқынының салдарын жою үшін «Семей Жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы «Ақсуат – Шыбынды – облыс шекарасы» жол учаскесінде 6 су өткізу құрылысын орнатты.Ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу үшін 70 арнайы техникасы бар 7 авариялық бригаданың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Қажетті материалдар қоры жасақталып, 1000 текше метр құм, 1047 текше метр ПГС, 260 текше метр тасты топырақ жиналды. Мотопомпалар, күрек, етік және басқа да жабдықтар сатып алынды.2024 жылғы су тасқынын талдау негізінде «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолдарының учаскелерінде су өткізу құбырларын жөндеу жоспарланған. Жұмысты аяқтау 2025 жылдың тамызына жоспарланған. Сонымен қатар, Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін қайта жаңарту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Integra Construction KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы 9 тіректің 5-ін тұрғызды, су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде.Барлық іс-шараларды іске асыру су басу қаупін азайтуға, су тасқыны кезеңінде жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін және көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.Отырыста көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі басқарма басшылары мен әкімдерге тиісті тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/917784
Тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету: 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады 14.01.2025
Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасауда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталатын болады. «Негізгі басымдық – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді, кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сондай-ақ, кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту жоспарлануда», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов. Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді және өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/917388
ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РУХАНИ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА 14.01.2025
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) құрылғанына 35 жыл толуына орай елімізде бірнеше маңызды рухани шаралар ұйымдастырылды. Шымкент қаласында өткен «Бабалар рухына 350 Құран хатым» шарасы осы мерейтой аясында өткізілген жиындардың бірі. Шараға 200-ге жуық адам қатысып, елімізде діни қызмет атқарған имамдар мен ұстаздар, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне құран бағыштады. Сондай-ақ, жиын барысында дін пен ділдің қоғамдағы орны мен маңызы талқыланды. Діни рәсімдер мен жоралғылардың бүгінде әртүрлі өзгерістерге ұшарағаны, бұрмаланып жатқандығы да сөз болды.- Бүгінде той мен ас беру жоралғыларында даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беріледі. Оны жасайтын той иелерінің өздері. Бұл тұрғыда діни қызметкерлер тұрғындарға дұрыс бағыт-бағдар беру және жастарды салихалы өмірге насихаттау мақсатынды түрлі шаралар ұйымдастырады. Мәселен, былтырғы жылы той тамадаларының қатысуымен үлкен мәжіліс өткен еді. Нәтижесі көрінуде,-дейді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдурахманов.ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай өткізілген шаралар ертең де жалғаспақ. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Руханият марафон - 2025» іс-шарасы ұйымдастырылады. Жарыс жолында жүзден жүйрік шыққандар арнайы алғыс хат, дипломдармен марапатталады. Айта кету керек, бұл марафонға жергілікті кәсіпкерлер мен жамағаттар демеушілік жасаған.ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар қоғамдағы рухани білімді арттыруға, жастарға діни тәрбие беру мен дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Бұл шаралар Қазақстандағы рухани дамуды нығайтуға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/917775
ХАБАРЛАНДЫРУ! 14.01.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бірыңғай қабылдау күні өтеді. Қабылдау әкімдіктің фронт-офисіне келіп, арнайы жазылған тұрғындардың тізімі бойынша жүргізіледі.Сондай-ақ азаматтар әкімдік ғимаратының 1-қабатында басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне ұсыныстары мен өтініштерін білдіре алады.Мекен жайы: Назарбаев даңғылы, № 10Күні: 15.01.2025жУақыты: 09:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/917778
Ақтөбеліктер Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алды 14.01.2025
Бүгін 14 қаңтарда аты аңызға айналған жерлесіміз Әлия Молдағұлованың қаза тапқанына – 81 жыл. Мерген қыз Ұлы Отан соғысы жылдарында 2-ші Балтық майданының 22-ші армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасында қызмет етті. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Новосокольники қаласының маңында көз жұмды. Осы жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күнінде еске алу шарасы өтіп, оның мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.Іс-шараға Әлияның інісі Сапар Молдағұлов және басқа да туыстары, облыстық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, «AMANAT» партиясы мен облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыстық қорғаныс департаменті, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының, әскери бөлімдер және жергілікті жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.Мемориалдық кешенге жиналғандардың алдында сөз сөйлеген өңір басшысы батырдың ерлігі халық жадында мәңгі қалатынын алға тартты.«Бүгін – ерлігімен елдің рухын асқақтатқан қазақтың даңқты қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Биыл батыр апамыздың туғанына 100 жыл толады. Осыған орай өңірде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында биылғы жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге ерекше назар аударылатынын, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың өшпес ерліктерін жадымызда жаңғыртатынымызды және жауынгерлеріміздің есімдерін халық жадында сақтауға қатысты зерттеу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.Отан үшін от кешкен жерлесіміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Әлия Молдағұлованың есімі ғасырлар бойы даңққа бөленеді, ал оның батылдығы мен Отанға деген адалдығы туралы естеліктер болашақ ұрпаққа тәлім, нағыз құнды қазына», - деп атап өтті облыс әкімі.Өңір басшысы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығын мерекелеу аясында облыста қандай іс-шаралар өтетінін де айтты. Аты аңызға айналған жерлесіміздің мерейтойы республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілген. Облыстық деңгейде мерейтойға арналған 100-ден астам іс-шараны қамтитын жоспар бекітілді. Оған бұқаралық, мәдени-ойын-сауық, патриоттық, әскери-спорттық және халықаралық шаралар енді. Батырды еске алуға арналған байқаулар, гала-концерттер, спектакльдер, танымдық кештер және өзге де ұлықтау шаралары жоспарланған.Олардың ішінде: «Ғасырларға жалғасқан ерлік» халықаралық форумы, «Әлия гүлінің достары» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының X Халықаралық фестивалі, «Ұмытылмас бейне» республикалық суретшілер мен мүсіншілер байқауының көрмесі, қыздар арасында пневматикалық қарудан ату бойынша «Мерген ару – 2025» республикалық байқауы, «Әлия-ән. Әлия-жыр. Әлия-дастан» республикалық ақындар айтысы, сондай-ақ «Әлия» мюзиклінің премьерасы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының «Әлия» музыкалық-драмалық перфомансы өтеді.100 жылдыққа дайындық аясында Қобда ауданы Әлия ауылының ауылдық клубында, «Әлия» патриоттық орталығында және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайында жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында «Әлия» заманауи мәдени-патриоттық орталығын салу, сондай-ақ мемориалдық мұражай ашу жұмыстары басталды.Салтанатты шара барысында Әлия Молдағұлованың туыстары да сөз сөйледі. Осыдан кейін іс-шара қонақтары Әлия Молдағұлова кешеніне гүл шоқтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917545
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қойды 14.01.2025
Бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті.Жастар, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер, тұрғындар Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Шернияз көшесінде орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды, Әлияның ерлігін еске алып, тағзым етті.Бұл күн – ел тарихында батырлықтың, отансүйгіштіктің, қайсар рухтың мәңгілік белгісі ретінде сақталып келеді.Жиынға қатысушылар Әлия Молдағұлованың Отан қорғау жолындағы ерлігі – бүгінгі және келер ұрпаққа ұлы өнеге екенін атап өтті. Батыр қыздың есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.Бұл шара ел жастарына батырдың рухани мұрасын ұлықтау және ұрпақ бойында патриотизм сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917767
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады 14.01.2025
Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді.Атап айтқанда, ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынады. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда.Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15046 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917487
Электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту үшін Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады 14.01.2025
Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электронды сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін республикада заманауи қойма кешендерінің желісі дамып жатқанын атап өтті.Ол халықаралық серіктестермен бірлесіп жалпы ауданы 85 мың шаршы метрден асатын Алматы, Ақтөбе және Алматы және Түркістан облыстарында мультимодальды қоймалар салу жоспарланып отырғанын хабарлады.«Инвестиция көлемі шамамен $100 млн-ды құрайды. Бұл инфрақұрылым ішкі нарыққа да, трансшекаралық сауданы дамытуға да негіз болады», — деп атап өтті Әсел Жанасова.Источник: https://t.me/KZgovernment/15050 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917521
Электрондық сауданы дамыту салықтық түсімдерді 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді — «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы 14.01.2025
«Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев Үкімет отырысында Қазақстанда электрондық сауданы дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.Атап айтқанда, ол келесі шараларды ұсынды:ШОБ үшін тауарларды әкелуді оңайлату:Жалпы мөлшерлемені 15-22%-ға дейін төмендету.Кедендік рәсімдерді оңайлату:Сертификаттау процесін толық цифрландыру және кедендік құжат айналымын жеңілдету.Тауарларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту.Жергілікті маркетплейстерді кедендік жүйелермен біріктіру:Сауданы жеделдету және арзандату үшін процестерді автоматтандыру.Шетелдік алаңдардан сатып алынатын тауарларды міндетті сертификаттауды енгізу:Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.Шетелдік платформаларда сатып алынатын тауарларға баж салығын енгізу:Бұл қадам отандық бизнес пен шетелдік бәсекелестер үшін тең жағдай жасайды.Спикер бұл шаралар салық түсімдерін 2 есеге – 2025 жылға қарай 626 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, төрт жыл ішінде 500 мың жұмыс орнын ашуға, нарықтың ашықтығын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15051 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917529
Электрондық сауданы дамыту 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді 14.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды.Электрондық сауда – әлемдік экономиканың маңызды сегменті. Тек 2024 жылы 2,7 млрд-тан астам адам тауарларды онлайн сатып алған. Сатылымдардың жалпы сомасы шамамен $6,3 трлн-ға жетті.Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша елімізде өткен жыл қорытындысы бойынша электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15052 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917542
Олжас Бектенов онлайн сауда туралы: өнім сапасының басымдығы, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғау 14.01.2025
Электрондық сауда нарығының дамуын ескере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды.«Біздегі нарықтың ауқымды бөлігін шетелдік интернет-алаңдар алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын арттыру үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан, тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға байланысты мәселе туындайды.Шетелдік алаңдар түгілі, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбінесе көрсетілмейді.Бұл – сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болатын өндірушілер үшін де қауіпті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне бірқатар тапсырма берілді:Базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеу;Әділет және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу:«Бұл жұмысты өнімнің сапасына, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов;Биыл наурыз айының соңына дейін отандық бизнес-қоғамдастық ұсыныстарын және мүдделі мемлекеттік органдармен және «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен бірлесіп маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу;мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тауарларды жеткізудің тиімді тізбегін қалыптастыру;цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сауда министрліктерінің алдына ұлттық пошта операторы – «Қазпоштаның» даму жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15053 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917551