Қоғам
«Заң мен тәртіп» - қоғам тұрақтылығының басты кепілі 25.02.2026
Бүгін «Руханият» орталығында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегеновтің аудан тұрғындарымен кездесуі өтті.Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп, Мемлекет басшысы көтерген «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент құқық нормаларын құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтау – Әділетті Қазақстан құрудың басты негізі екенін атап өткен болатын. Осы ретте заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы тәртіпті нығайту – ортақ міндет екені айтылды.Жиын барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов аймақтағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне тоқталып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.Жиынды қорытындылаған Диас Молдабаев облыс прокурорының бірінші орынбасарына құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1169197?lang=kk
Ұрпақтар сабақтастығы – 90 жылдық тарих 25.02.2026
25 ақпан күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің залында ауданымыздың 90 жылдығына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы – 90 жылдық тарих» атты кездесу өтті.Бұл күні ауылдық округтердің еңбек ардагерлері мен аудан орталығы мектептерінің оқушылары бас қосып, ашық диалог алаңында жүздесті. Оқушылар қонақтардың еңбек жолы, ауданның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігі, туған өлкенің дамуына үлес қосқан құндылықтар туралы қызығушылықпен сұрақтар қойды.Ардагерлер өз естеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен және жүрекжарды әңгімелерімен бөлісті. Залда сыйластық пен ризашылыққа толы жылы атмосфера орнады.Осындай кездесулер тарихи жадымызды сақтауға және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.Ауданның 90 жылдық тарихы – бұл, ең алдымен, адамдардың тағдыры, еңбегі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1169020?lang=kk
Болгарияның академиялық қауымдастығы Қазақстандағы конституциялық реформаларға жоғары баға берді 25.02.2026
София, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінде Елші Виктор Темірбаев Жоғары телекоммуникация және пошта мектебінің (ЖТПМ) ректоры Миглена Темелковамен кездесті.Сұхбат барысында тараптар ЖТПМ мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы инновациялар мен телекоммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Елші В.Темірбаев болгар тарапын Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және конституциялық реформалармен таныстырып, 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетінін, онда елдің жаңа Конституциясы бойынша түпкілікті шешім қабылданатындығы туралы хабардар етті. Қазақ дипломаты елде орын алып жатқан өзгерістер заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыруға бағытталғандығын атап өтті.Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстанның орнықты даму мен халықаралық өзара іс-қимылдың негізгі факторлары болып табылатын ғылым, технология және адами капиталды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатының басымдықтарына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде, М.Темелкова академиялық әріптестікті дамытуға қызығушылық танытып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға өзінің жоғары бағасы берді. Оның пікірінше, бұл өзгерістер қазақстандық университеттермен ынтымақтастықты кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосу және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын арттыру бойынша бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыруға уағдаласты. Жоғары телекоммуникация және пошта мектебі (ЖТПМ) 1881 жылы құрылған және Болгариядағы ең көне мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады. Оқу орны информатика, телекоммуникация, жоғары технологиялар, компьютер ғылымдары және киберқауіпсіздік салаларындағы мамандарды даярлайды.ЖТПМ халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда және AI, Huawei және Siemens секілді әлемдегі жетекші жоғары технологиялық компаниялармен өзара іс-қимыл жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1169022?lang=kk
Жол белгілері жаңартылды 25.02.2026
Атамекен ауылдық округінде жолдарды күтіп ұстау қызметі есебінен, жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1169027?lang=kk
«Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлі тәртіп нормалары» көрмесі 25.02.2026
2026 жылдың 24 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлі тәртіп нормалары» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.Көрмеде қазақ даласындағы заң және жеті ата шежіресін сақтау жүйесі, салт-дәстүр және ырым-тыйымдардағы тәртіп нормалары көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1169043?lang=kk
Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда 25.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында оның сыртқы істер Вице-министрі Анис Матта және Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Три Тарьятпен кездесулері өтті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады.Ерекше назар БҰҰ және Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселесіне, әсіресе Бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріне бірге қатысуды тұрғысынан, су проблематикасына, халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелеріне аударылды.Тараптар халықаралық күн тәртібінің аталған сұрақтары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1171413?lang=kk
Көктемгі егін жұмыстарына дайындық барысы талқыланды 25.02.2026
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жиын өтті. Күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелер барысы қаралды.Мәжілісте бірінші кезекте көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі талқыланды. Аудан әкімі егіс науқанын сапалы әрі мерзімінде өткізу үшін агротехникалық талаптардың сақталуын қатаң бақылау қажеттігін атап өтті.-Су мәселесі ерекше назарда болуы тиіс. Сондықтан биыл суару жүйелерінің толық дайын болуын қамтамасыз ету, каналдар мен арықтарды тазалау, су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану – ең басты міндеттердің бірі. Осыған сәйкес жоғарыдан келетін судың көлемін тұрақты бақылауда ұстауымыз керек,- деді Жандос Еркінбек.Аталған мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне, кент және ауылдық округ әкімдеріне бекітілген тапсырмалардың уақытылы орындалуы жүктелді.Сонымен қатар мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген азаматтардың мәселелері де қозғалды. Осыған сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары мен ауылдық округ әкімдеріне сақтандырылмаған азаматтар санын азайту бойынша нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.Жиынды қорытындылаған аудан әкімі берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты сала басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1169114?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды 25.02.2026
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес генерал-майор Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды.Бұл лауазымға дейін генерал-майор С. Шекарбеков ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1169127?lang=kk
2026 жылдың 25 ақпанында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті. 25.02.2026
Күн тәртібінің келесі сұрақтары тыңдалған болатын: 1. «2025 жылда мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмысы туралы Меңдіқара аудандық мәслихаты төрағасының есебі».2. Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.Қ.Р. Рахметқалиев аудандық мәслихаттың төрағасы, ол депутаттарды мәслихат шешімдерінің жобаларымен, сессия күн тәртібімен таныстырды.Депутаттар есеп берулерді тыңдады: Қ.Р. Рахметқалиевты, аудандық мәслихаттың төрағасын, 2025 жылда мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмысы туралы.Аудандық мәслихаттың төрағасы Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібімен таныстырды.Аудан депутаттарымен сұрақтар қойылған болатын, оларға жауаптар алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1168970?lang=kk
2026 жылдың 25 ақпанда Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. 25.02.2026
Депутаттар бірінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімінің басшысы В.Н. Гребенюкты мәслихаттың 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 114 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық - құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай - ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық - кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ақпаратын тыңдады. Аудан депутаттарымен қарастырылған сұрақ бойынша сұрақтар қойылды және шешімдер қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1168972?lang=kk
Қазақстанның басымдықтары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жоғары деңгейлі сегментінде және Қарусыздану конференциясында ұсынылды 25.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 61-сессиясының және Қарусыздану конференциясының жоғары деңгейлі сегменттерінде сөз сөйледі.АҚК-нің негізгі іс-шарасына мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 100-ден астам жоғары өкілдері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк қатысты.БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мерейтойлық жиырмасыншы циклін ашу барысында Е.Ашықбаев Қазақстанның адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетуге адалдығын бостандықтың, әділеттіліктің және орнықты бейбітшіліктің іргелі негізі ретінде растады. Ол «Әділетті Қазақстан» бағыты аясында ұлттық құқық қорғау архитектурасын нығайту жөніндегі жүйелі реформалардың нәтижелері туралы халықаралық қоғамдастықты мәлім етті.Сөз барысында конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Жалпыұлттық референдумға шығаруға ұсынылған жаңа Конституция жобасы адамға бағдарланған мемлекет моделін қалыптастыруға, құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктерін, оның ішінде цифрлық кеңістікте кеңейтуге, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» қағидатын бекітуге бағытталғаны аталып өтті.Қазақстан БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына негізделген көпжақты жүйені тұрақты қолдайтынын растады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық бастамалары ұсынылды, олардың қатарында халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси адалдықты нығайту жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Алматыда БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын іске қосу, Өңірлік экологиялық саммит өткізу, сондай-ақ БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ілгерілету бар.Қарусыздану конференциясының жоғары деңгейлі сегментінде қазақстандық тарап бұл форумның қарусыздану, қару-жарақты бақылау және таратпау саласындағы негізгі әрі баламасыз көпжақты келіссөздер тетігі ретіндегі рөлін растады.Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы ұжымдық күш-жігерге үлесін қосқан 2026 жылғы мерейтойлық даталарға ерекше назар аударылды:- Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 35 жыл;- Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қоюға ашылғанына – 30 жыл;- Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ ретінде бекіткен Семей шартына – 20 жыл.2026 жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың Шолу конференциясы мен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттыңШолу конференциясы қарсаңында Қазақстан негізгі акторлар арасында сындарлы диалогқа жәрдемдесуге дайын екенін растады, сондай-ақ қарусыздану мен таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайтуға адалдығын қайта мәлімдеді.Сөз сөйлеу барысында 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев ұсынған бастамаға сәйкес, жаңа қарулану жарысының алдын алу және ядролық текетірес қаупін азайту мақсатында ядролық қаруы бар мемлекеттер арасындағы стратегиялық диалогты қайта жандандырудың маңыздылығына назар аударылды.Сондай-ақ, Қазақстан Биологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны одан әрі нығайтуға, оның ішінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру арқылы верификация тетіктері мен институционалдық қамтамасыз етуді дамытуға шақырды.Қорытындылай келе, қазақстандық тарап Конференцияға мүше мемлекеттерді халықаралық қауіпсіздікті нығайту және көпжақты дипломатияның тиімділігін арттыру мақсатында келіссөз жұмысын бастау үшін икемділік пен ымыраға дайындық танытуға шақырды.БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі (БҰҰ АҚК) 2006 жылғы15 наурыздағы Бас Ассамблеяның 60/251 қарарына сәйкес құрылды және адам құқықтарын бүкіл әлемде жалпыға бірдей құрметтеу мен қорғауға жәрдемдесуге, адам құқықтарының бұзылуына қатысты жағдайларды қарауға және тиісті ұсынымдар әзірлеуге жауапты үкіметаралық орган болып табылады.Қарусыздану конференциясы (ҚК) 1979 жылы қарусыздану мәселелері бойынша халықаралық қоғамдастықтың бірыңғай көпжақты келіссөз форумы ретінде құрылды. ҚК – Женевада жұмыс істейтін үкіметаралық орган және қару-жарақты бақылау мен қарусыздану саласындағы шарттар бойынша келіссөздер жүргізуге арналған (оның ішінде ядролық қарусыздану мен таратпау, ғарышта қарулану жарысының алдын алу және т.б.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1169178?lang=kk
Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының ұжымымен кездесті 25.02.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының еңбек ұжымымен «Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздің тұрақты дамуының негізгі бағыты екенін атап өтті.Әкім әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарып, қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаятынын жеткізді.«ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығы – Орталық Азия өңіріндегі бірегей жоба, еліміздегі алғашқы жеке индустриялық-логистикалық аймақтардың бірі.Бүгінде орталықта 300-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарына жауап берілді.Сонымен қатар, биыл 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы атап өтілді. Облыс басшысы әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.Кездесу ашық диалог форматында өтіп, заң үстемдігін нығайту және демократиялық құндылықтарды дамыту мәселелері бойынша ортақ пікір алмасумен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1168998?lang=kk
Жітіқара ауданында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыс жалғасуда 25.02.2026
Қостанай облысы Жітіқара ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ауданның бірқатар кәсіпорындары мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізілді.Іс-шараларға «МехЛитКом» ЖШС, «BRENDT», «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС және «Костанайские минералы» АҚ қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында мекемелердің қызметкерлеріне діни сауаттылық мәселелері, оның ішінде мемлекет құрылымының зайырлы қағидаттары, сондай-ақ радикалды ағымдар белгілері мен қауіп-қатерлері түсіндірілді.Әлеуметтік желілерде таратылатын экстремистік идеялардың ықпалына жол бермеу мақсатында дін туралы шынайы ақпаратты тек ресми және тексерілген көздерден алу маңыздылығына ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен құндылықтарының негізі ретінде түрлі этностар мен діни конфессиялар өкілдері арасындағы бейбітшілік пен өзара сыйластық қажеттілігіне баса назар аударылды.Осындай іс-шаралар өткізу халықтың құқықтық және діни сауаттылығының деңгейін арттыруға, этносаралық және конфессияаралық келісім мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ аудандағы қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға себептеседі. Материал Қостанай облысы бойынша ТҚКаппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1168957?lang=kk
Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесу өтті 25.02.2026
2026 жылғы 24 ақпанда Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Құдайберген Базарбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Бүгінде біздің қарым-қатынастарымыз тұрақты оң серпінді көрсетуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 35%-ға өсіп, 534 млн АҚШ долларынан асты. Сонымен қатар өңіріміздің экспорт көлемі де айтарлықтай ұлғайды. Бұл – жүйелі бірлескен жұмыстың нәтижесі және өзара сенімнің жоғары деңгейінің айқын дәлелі. Біз өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, сауда және басқа да бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін көріп отырмыз. Келешегі зор бірлескен жобаларды іске асыру бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Әріптестікті одан әрі нығайту өңірлеріміздің экономикасын дамытуға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1168959?lang=kk
Әділет басқармасының қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесті. 25.02.2026
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Әділет басқармасының қызметкерлері Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында тегін құқықтық кеңес береді.Жиналыс барысында тиісті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері тұрғындарға заң саласындағы түрлі мәселелер жөнінде тегін кеңес берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1168949?lang=kk
Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 25.02.2026
Қазіргі уақытта Android операциялық жүйесімен жұмыс істейтін мобильді құрылғыларға орнатылатын зиянды бағдарламалардың таралу фактілері тіркелуде.Қаскүнемдер жұқтырудың түрлі тәсілдерді қолданады:мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишингтік сілтемелерді таратады;мемлекеттік органдар, банктер және жеткізу қызметтері атынан хабарламаларды жолдайды;түрлі ұйымдар атынан қоңырау шалып, акцияға немесе ұтыс ойынға қатысу сылтауымен қосымша орнатуды ұсынады.жалған мобильді қосымшалар мен фото, бейне және құжат түрінде жасырылған зиянды қосымшаларды орнатады;Мұндай бағдарламаны орнатқаннан кейін қаскүнемдер құрылғыға қашықтан қол жеткізіп, келесі салдарға әкелуі мүмкін:банктік шоттардан ақшаны жымқыру;иесінің хабарынсыз онлайн-несие рәсімдеу;жеке деректерге, фотосуреттер мен хат-хабарларға қол жеткізу;аккаунттарды алаяқтық хабарламаларды әрі қарай тарату үшін пайдалану;құрылғыны бұғаттап, кейіннен ақша талап ету.Қорғану мақсатында келесіні ұсынамыз:үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау;SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға хабарламау;күмәнді сілтемелерге өтпеу;орнатылған қосымшалардың рұқсаттарын тексеру;антивирустық бағдарламаларды пайдалану;банктік операциялар туралы хабарламаларды қосу.Зиянды бағдарламаның орнатылғаны туралы белгілер:қуаттағыштың тез таусылуы;мобильді құрылғының әдеттегіден артық қызуы;экранда өзіңіз орнатпаған қосымшалар белгішелерінің пайда болуы.Жұқтыру белгілері анықталған жағдайда, құрылғыны интернет желісінен дереу ажыратып, операцияларды бұғаттау үшін банкіге хабарласып және құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.Сақ болыңыздар және күмәнді қосымшаларға сенбеңіздер. Цифрлық қауіпсіздік – әрбір пайдаланушының жауапкершілігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1168940?lang=kk
Трансформатор құрылғылары жаңартылды. 25.02.2026
Басқұдық ауылдық округінде орналасқан Трансформаторлық құрылғылар қуаттылығы 630кВа құрылғысына жаңартылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1168943?lang=kk
Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған ақпарат 25.02.2026
Қолдаудың жаңа бағыты: мемлекет өтейтін шығындар тізімі кеңейтілдіҰлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңартылған тетіктері енгізілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған.«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, отандық кәсіпорындар ел ішінде теміржол арқылы басым тауарларды тасымалдауға жұмсалған шығындардың 50%-на дейін өтей алады. Өтемақының ең жоғары сомасы 10 мың АЕК, яғни 43,25 млн теңгені құрайды.Бұл шара өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық қамтудың үлесін арттыруды ынталандыруға бағытталған.Сондай-ақ, трансұлттық корпорациялармен жұмыс істеуді жоспарлаған компаниялар үшін халықаралық сертификаттауға жұмсалған шығындарын өтеу көлемі бес есеге артты. Мұндай сертификаттар ірі халықаралық ұйымдардың тендерлеріне қатысуға және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өтемақы мөлшері 3000 АЕК-тен 15 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Бұдан бөлек, «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына» өзгерістер енгізілді. Енді жыл сайынғы салық түсімінің өсім көсретіп отыру шарты жеті жылдан аз уақыт бұрын тіркелген кәсіпорындарға қолданылмайды (бұрын – үш жыл болған). Бұл өзгеріс өндірістік кәсіпорындардың толық қуатқа шығу мерзімін ескеруге және жаңадан құрылған компаниялардың көбірек мемлекеттік қолдау алуына мүмкіндік береді.«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ. өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру жөніндегі ұлттық оператор болып табылады. Орталық өңеу өнеркәсібі кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бағыттары бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді. Атап айтқанда, кәсіпорындар технологиялық жабдықтарды сатып алу мен цифрлық шешімдерді енгізу, қызметкерлердің құзіретін және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға, өнімді сертификаттауға, бағалауға және сынақтан өткізуге, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын, оның ішінде аяқ киімге таңбалау қондырғыларын сатып алуға кеткен шығындарының 40%-ына дейін өтей алады.Өтінімдер https://qazindustry.gov.kz/kk порталында онлайн режимде қабылданады.Бизнесті ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат https://qazindustry.gov.kz/kk ресми сайтында («Бизнесті ынталандыру» бөлімі) орналастырылған. Әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry кеңсесінде (Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы). Ашық есік күндері өткізіледі. Кеңес алу үшін +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444) нөміріне хабарласуға болады. Qazindustry әлеуметтік желілерде:🔘Telegram: https://t.me/qaz_industry🔘Facebook: https://www.facebook.com/QazIndustry 🔘Instagram: https://www.instagram.com/qazindustry/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1168922?lang=kk
Қолданыстағы МЖӘ: ең белсенді аймақтар аталды 25.02.2026
ҚР ҰЭМ Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басқарма төрағасы Аслан Қалиғазиннің айтуынша, рейтинг енгізілгеннен бері өңірлер өз жобаларына мониторинг жүргізуге белсендірек кірісіп, құжаттаманы жүйелеп, инвестиция тартуға басымдық бере бастады.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы, Астана қаласы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Жетісу облысы әкімдіктерінің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары көшбасшылар қатарына енді. Бұл өңірлер өзге өңірлермен салыстырғанда инвестицияларды көбірек тартып, жобалардың іске асырылуына мұқият мониторинг жүргізіп, жобалық құжаттаманы жүйелі түрде қалыптастырды. Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары рейтингтің төменгі сатысынан көрінді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1168924?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1169639?lang=kk
Astana Finance Days 2026 форумының өтетін күндері белгілі болды 25.02.2026
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Astana Finance Days (AFD) 2026: Delivering Impact. Capital in Action форумының өтетін күндерін жариялады – іс-шара 2026 жылдың 9-10 қыркүйегінде Астанада өтеді. Форум банкирлерді, брокерлерді, инвесторларды, қаржы және технологиялық секторлардың, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдерін қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктіреді.2018 жылы алғаш өткізілген сәттен бастап Astana Finance Days өзін инвестициялар тарту, капитал нарықтарын нығайту және Қазақстанда жаңа бизнес-мүмкіндіктерді қалыптастыру үшін қаржы индустриясы көшбасшыларын бір алаңға жинайтын Еуразия аймағының негізгі қаржы форумы ретінде танытты.Форумға қатысушылар әрдайым оның практикалық құндылығын атап көрсетіп келеді: алаң жаңа жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктерге айналатын өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді. Мұнда бизнес өзіне серіктестер таба алады, қаржылық күн тәртібіндегі мәселелер шешіледі, ал қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.2025 жылы форум әлемнің 82 елінен 5 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде жиынтық көлемі $1,5 трлн құрайтын активтерді басқарушыларды жинады. Бағдарлама 160 спикерді, 40-тан астам іскерлік іс-шараны, Astana International Exchange биржасындағы төрт жаңа листингті және жеті келісімге қол қоюды қамтыды. AFD 2025 спикерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлері, активтерді басқарушылар, реттеушілер, финтех-кәсіпкерлер және жаһандық қаржы нарығының пікір көшбасшылары, соның ішінде танымал футуролог, кәсіпкер және әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болды.AFD 2026 бұл динамиканы практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған терең талқылау форматында жалғастырады. Форум қатысушыларына жаһандық үрдістерді талдау, жаңа бизнес пен инвестициялық бағыттарды іздеу, қаржылық қызметтердің кәсіби көрмесін тамашалау, сондай-ақ инвесторлармен, топ-менеджерлермен және сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстар орнату үшін мүмкіндіктер ашылады.AFD 2026 басты тақырыптарының қатарында – капитал нарықтары және инвестициялық өнімдер; сенім инфрақұрылымы: реттеу, құқықтық орта және нарықтардың тұрақтылығы; институционалдық ауқымдағы инновациялар; экономиканың нақты секторын қаржыландыру; капитал нарықтарындағы өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық.АХҚО экожүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарына жеке назар аударылмақ. Форум аясында компаниялардың өсу тарихынан бастап капиталды табысты тартуға және халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі Орталықтың юрисдикциясында бизнесті дамыту кейстері ұсынылатын болады.Форумның тағы бір маңызды тұсы AFD Exhibition болады – бұл қатысушылар өз шешімдері мен жұмыс нәтижелерін көрсететін көрме платформасы. Компаниялар үшін бұл нарықтағы позицияны нығайту және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі.Форум дәстүрлі түрде серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында өткізіледі. 2025 жылы Freedom Broker, Solidcore Resources, ITS, MYD Production, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, Allur, Binance, Mastercard және т.б. серіктестердің рөлін атқарған еді. AFD 2026-ға демеушілер ретінде қатысуға нарықтағы позицияларды нығайтуды және қаржы саласының көшбасшыларымен стратегиялық серіктестіктер құруын көздейтін компаниялар шақырылады. Сондай-ақ компанияларды AFD Exhibition-ге қатысуға шақырамыз.Қатысушыларды тіркеу және іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы форумның astanafindays.org ресми сайтында қолжетімді болады. Форумға қатысты жалпы сұрақтар бойынша afd@aifc.kz, серіктестік мәселелері бойынша partnership@aifc.kz электронды мекенжайға хабарласыңыздар. Анықтамалық ақпарат: «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kzАХҚО баспасөз қызметіАйнұр Исабаева, баспасөз хатшысыE-mail: pr@aifc.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1168931?lang=kk