Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бурабай курорты аумағында «Burabay Fishing Cup 2026» қысқы балық аулау фестивалі өтеді 25.02.2026
28 ақпанда Бурабай курортының аумағында «Burabay Fishing Cup 2026» қысқы балық аулау фестивалі өтеді.Іс-шара экологиялық туризмді дамытуға, белсенді демалысты насихаттауға және өңір тұрғындары мен қонақтары арасында табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.Экология — басты басымдық«Burabay Fishing Cup 2026» фестивалі Бурабай курортының бірегей экожүйесін сақтауға арналған.Фестиваль аясында жауапты балық аулау қағидаттарына ерекше назар аударылады:белгіленген аулау нормаларын сақтау;рұқсат етілген құрал-жабдықтарды пайдалану;мұз жамылғысын артық зақымдамай, ойықтарды ұқыпты бұрғылау;балық аулау аяқталғаннан кейін қоқысты міндетті түрде жинап, алып кету;«Бурабай» МҰТП су айдындарында балық аулау үшін жолдама (рұқсатнама) сатып алудың міндеттілігі;су биоресурстарына ұқыпты қарау.Қысқы туризмді дамыту«Burabay Fishing Cup 2026» фестивалі қысқы балық аулау әуесқойларын, отбасылар мен туристерді біріктіріп, Бурабай курортының жыл бойғы демалыс орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады. Осындай іс-шараларды өткізу өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, экологиялық жауапты туризм мәдениетін қалыптастырады.Номинациялар мен марапаттауФестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады: «Бұрғылау жылдамдығы» (3 ойықты жылдам бұрғылау); «Big Fish» (ең ірі балық);«First Fish» (алғашқы аулау);Ең үлкен жалпы аулау салмағы (3 орын); Ең жас қатысушы;Ең тәжірибелі қатысушы.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар мен фестиваль серіктестерінен дипломдар мен естелік сыйлықтар алады.Фестиваль «Бурабай» МҰТП және Wyndham Garden Burabay қонақүйінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді фестивальге қатысуға және табиғатты құрметтей отырып, спорттық қызықты сергек ауада өткізілетін күнмен ұштастыруға шақырады.Қосымша ақпарат алу үшін: +7 701 092 1405 — Бурабай курортының байланыс орталығы.Қосымша ақпарат — Instagram желісінде: @visitburabay.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1168933?lang=kk
Ескерту: Мобильді құрылғыларға қатысты киберқылмыс оқиғалары көбейіп келеді. 25.02.2026
Қазіргі уақытта мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату арқылы жасалатын киберқылмыс жағдайлары тіркелуде.Осыған байланысты, құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында біз алдын-ала қол сұғушылықтан қорғау тәсілдері туралы алдын-алу жадынамасын орналастырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1168881?lang=kk
Щучинск Қазақстан тарихында алғаш рет Virtus Әлемдік шаңғы жарысы чемпионатын қабылдады 25.02.2026
2026 жылғы 20 ақпанда Шучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлерін даярлау орталығында интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы «VIRTUS WORLD NORDIC SKI CHAMPIONSHIPS 2026» — Әлемдік шаңғы жарысы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Жарыстар 24 ақпанға дейін жалғасады, 43 қатысушының ішінде біздің Ақмола облысының үш спортшысы бар. Олар — Морозов Дмитрий, Носырев Федор және Боревич Оксана.Жарыстарға әртүрлі елдерден келген 43 спортшы қатысып, ii1 (ақыл-ойының кемістігі), ii2 (Даун синдромы) және ii3 (аутизм) санаттары бойынша бақ сынауда.Халықаралық чемпионат тең мүмкіндіктерді ілгерілетуге, инклюзивті спортты дамытуға және халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.Ақмола облысы мен бүкіл Қазақстан үшін бұл тарихи оқиға — ел алғаш рет Шучинск қаласында Virtus Әлемдік чемпионатын өткізді, онда әлемнің әр елінен келген спортшылар жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1168893?lang=kk
МЖӘ шарттарының 88%-дан астамы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, энергетика және ТКШ салаларына қатысты 25.02.2026
Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басқарма төрағасы Аслан Қалиғазиннің айтуынша, өткен жылдар ішінде Қазақстанда жалпы құны 3,6 трлн теңгені құрайтын 1 257 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және концессия шарттары жасалды. Оның ішінде 697 шарт қолданыста, 411 жоба бойынша іске асыру толық аяқталған, 149 шарт бұзылған. Жобалардың тек 17-сі ғана республикалық деңгейге жатады, олардың жалпы құны 1,8 трлн теңгені құрайды. Қалған 1 240 жоба жергілікті маңызға ие және олардың жиынтық құны 1,7 трлн теңгеден асады.«Жасалған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттарының 88%-дан астамы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына тиесілі. Ал шарттардың құнына қарайтын болсақ, оның 27% көлік және инфрақұрылымдық құрылыс саласына тиесілі. Бұл – қаржылық көлемі жағынан ең ірі бағыттар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.Оның айтуынша, қазіргі уақытта портфельдің елеулі бөлігін мектеп асханалары мен балабақшалар емес, кешенді инфрақұрылымдық жобалар құрайды. Олардың қатарында индустриялық парктер, көпбейінді ауруханалар, ядролық медицина орталығы сияқты жоғары технологиялы медициналық мекемелер, көше жарықтандыру жүйелері және өзге де жобалар бар. Сонымен қатар жасанды интеллект негізінде іске асырылатын жобалар да пайда болуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1168899?lang=kk
📣ХАБАРЛАНДЫРУ! 2026 жылғы 25 ақпанда Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығымен «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбы бойынша құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі. Осыған байланысты 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00-ден бастап сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Тексеру жұмыстары жоспарлы түрде өткізілетінін хабарлаймыз! Сабырлық сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. 25.02.2026
📣ХАБАРЛАНДЫРУ!2026 жылғы 25 ақпанда Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығымен «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбы бойынша құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.Осыған байланысты 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00-ден бастап сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады.Тексеру жұмыстары жоспарлы түрде өткізілетінін хабарлаймыз!Сабырлық сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1168851?lang=kk
📢📢 Қызылтөбе ауылдық округі бойынша "Маңғыстау" "МРЭК"АҚ - ына тиесілі электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты. 📅 26.02.2026 ⏰️10:00 ден 15:00-ге дейін Желтоқсан, Уалиханов, Абай, көшелерінде электр энергиясы уақытша ажыратылады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң электр энергиясы алдын ала ескертусіз, белгіленген уақыттан ертерек қосылуы мүмкін екенін қаперіңізге береміз!! 25.02.2026
📢📢 Қызылтөбе ауылдық округі бойынша "Маңғыстау" "МРЭК"АҚ - ына тиесілі электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты.📅 26.02.2026⏰️10:00 ден 15:00-ге дейін Желтоқсан, Уалиханов, Абай, көшелерінде электр энергиясы уақытша ажыратылады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң электр энергиясы алдын ала ескертусіз, белгіленген уақыттан ертерек қосылуы мүмкін екенін қаперіңізге береміз!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1168868?lang=kk
Ақмола облысының туризм басқармасының өкілдері жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен өткен кездесуге қатысты 25.02.2026
Ақмола облысының туризм басқармасының өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен өткен кездесуге қатысты. Кездесуді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов жүргізді.15 наурыз күні туризм саласының қызметкерлері жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысады.Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1168870?lang=kk
Әзербайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдік басшысымен кездесу 25.02.2026
2026 жылғы 24 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары Рашид Еришевтің Әзербайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Вусал Алиевпен кездесуі өтті.Р. Еришев әзербайжандық дипломатты жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.Тараптар алдағы іс-шаралар туралы ақпарат алмасып, өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестікті одан әрі нығайту мен кеңейтуге өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1168794?lang=kk
Батыр ауылдық округі әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. 25.02.2026
Батыр ауылдық округінің әкімі С. Айтбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1168832?lang=kk
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АДАМНЫҢ АР-НАМЫСЫ МЕН ҚАДІР-ҚАСИЕТІ – МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА 25.02.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайтыны және олардың заңмен қорғалатыны нақты белгіленген. Бұл қағида адам құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі ретінде айқындалып, мемлекеттің басты құндылықтарының бірі болып табылады.Ата Заңға сәйкес, адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті қол сұғылмайтын құндылық ретінде танылады. Ешкім де адамның абыройын төмендетуге, оны қорлауға немесе оның қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге құқылы емес. Бұл норма әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құқықтық негіз болып табылады.Аталған конституциялық қағида мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде заңдылық пен әділдікті сақтауға міндеттейді. Сонымен қатар, бұл норма азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге және олардың заңмен қорғалуына кепілдік береді. Адамның қадір-қасиетін қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі.Конституцияда бекітілген бұл талап қоғамдағы өзара құрметті, әділеттілікті және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әрбір азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуы – қоғамдық тұрақтылық пен сенімнің маңызды негізі.Осылайша, Жаңа Конституцияда адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің заңмен қорғалуы – Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының басты қағидаларының бірі болып табылады.
НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ: АНА, ӘКЕ МЕН БАЛА МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА БОЛАДЫ 25.02.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болатыны нақты белгіленген. Бұл норма отбасы институтының қоғамдағы айрықша маңызын айқындап, оны қорғауды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде бекітеді.Ата Заңға сәйкес, отбасы – қоғамның негізі және мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды тірегі болып табылады. Мемлекет ана мен баланы қорғауға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, әкенің отбасыдағы рөлі мен жауапкершілігі де конституциялық деңгейде танылып, отбасы мүшелерінің өзара қамқорлығы мен жауапкершілігіне құқықтық негіз қалайды.Бұл қағида мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға, ана мен баланың денсаулығын қорғауға, балалардың толыққанды дамуына және олардың құқықтарының сақталуына бағытталған. Отбасы институтын қорғау – қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға және болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге негіз болады.Конституцияда белгіленген бұл норма отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайтудың маңызды кепілі болып табылады. Ана, әке және баланың мемлекет қорғауында болуы – қоғамның үйлесімді дамуы мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығын қамтамасыз ететін негізгі қағидалардың бірі.Осылайша, неке мен отбасының конституциялық деңгейде қорғалуы – Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының айқын көрінісі және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды құқықтық негіз.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – БІРЛІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ 25.02.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тәуелсіздігінің берік негізін қалыптастырып, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты құқықтық құжат. Ата Заң мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті айқындап, елдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қызмет етеді.Конституцияда Қазақстан халқының бірлігі, теңдігі және ортақ жауапкершілігі басты қағидалардың бірі ретінде белгіленген. Бұл норма ел азаматтарының ұлтына, тіліне, дініне қарамастан тең құқықтарға ие екенін және ортақ мақсат жолында топтасқанын білдіреді. Аталған қағида қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және мемлекеттің орнықты дамуына негіз болады.Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты міндеттердің бірі ретінде айқындайды. Мемлекет әрбір азаматтың заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беріп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізеді. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, қоғамдағы бірлікті нығайтады.Сонымен қатар, Конституция елдің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының негізгі бағытын белгілейді. Оның қағидаларын сақтау мен құрметтеу – қоғамдық тұрақтылықтың, заң үстемдігінің және ұлттық тұтастықтың маңызды шарты.Жаңа Конституция – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және тұрақты дамудың сенімді тірегі. Бұл – Қазақстанның берік болашағын айқындайтын негізгі құқықтық негіз.
ӘДІЛЕТТІ АТА ЗАҢ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ 25.02.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің құқықтық негізін айқындайтын, мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынастарды реттейтін басты құжат. Ата Заң мемлекеттің стратегиялық бағытын белгілеп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына берік кепілдік береді.Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде белгіленген. Бұл қағида мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын айқындап, билік органдары қызметінің басты мақсаты азаматтардың заңды мүдделерін қорғау екенін көрсетеді. Осы арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы сенім нығайып, құқық үстемдігі қамтамасыз етіледі.Ата Заң мемлекеттік биліктің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды құқықтық негіз болып табылады. Конституциялық нормалар мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, олардың қызметін заң талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндеттейді. Бұл өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Конституция елдің тәуелсіздігін нығайтып, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің басты құралы саналады. Оның қағидаттары мемлекеттің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік бағытта дамуына негіз болады.Әділетті Ата Заң – тұрақты дамудың, заң үстемдігінің және азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілі. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияның қағидаларын сақтау мен құрметтеу – әрбір азаматтың маңызды міндеті. Бұл – Қазақстанның қуатты әрі құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуының берік негізі.
ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген Алқа отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды 25.02.2026
 Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Қатысушылар 2025 жылғы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларын шығарып, әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың 2026 жылға арналған негізгі векторларын айқындады. Басты назарда – сапалы жұмыс орындарын құру, адами капиталды дамыту және мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін орындау болды.Алқа отырысы Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті. Отырысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ҚР ЕХӘҚМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты.Отырысты аша отырып, ведомство басшысы Асқарбек Ертаев Министрлік жұмысының Бас стратегиялық басымдығы халықтың Нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру болып табылатынын атап өтті.Жұмыспен қамту мәселелерімен қатар, мемлекет азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды.Қосымша баяндамашылар: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов және «МӘСҚ» АҚ президенті Алмас Құрманов өздерінің салалық бағыттары бойынша толыққанды баяндама жасады.Күннің екінші жартысында Алқа жұмысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен бейінді панельдік сессиялар форматында жалғастырылды. Ашық және сындарлы диалог барысында қатысушылар басшылық қойған міндеттерді егжей-тегжейлі талқылады, алдағы қызметтің басым бағыттарын айқындап, оларды өңірлерде тиімді іске асыру бойынша практикалық тәжірибемен алмасты. Бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау сапасын арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жеке блок сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қарастырды. Қатысушылар рәсімдердің ашықтығы, заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекциясы жүйесіндегі парасаттылық қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1168767?lang=kk
Ауғаныстан - жүректегі жара 25.02.2026
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күніне орай    "Ауғаныстан - жүректегі жара" атты ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1168706?lang=kk
Қазақстандық курсант халықаралық әскери-ғылыми жұмыстар байқауында жеңіске жетті 25.02.2026
Көп сатылы сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша қазақстандық Әділет Серікбайдың зерттеуі ТМД-ға мүше елдер жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарының VII Халықаралық әскери-ғылыми жұмыстар байқауында үздік деп танылды. Бұл еңбегі үшін Қиыр Шығыс гвардиялық жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты Әділет Серікбай Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің грамотасымен марапатталды.Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген байқауға 700-ден аса әскери-ғылыми жұмыс ұсынылды. Қазақстандық курсанттың «Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі» тақырыбындағы зерттеуі қазақстандықтардың майданда көрсеткен ерлігі мен табандылығы, тылдағы жанқиярлығы туралы тарихи рөлін көрсетті.– Ел тарихын халықаралық деңгейде таныстыру мен үшін абыройлы іс. Ата-бабамыздың ерлігін ұмытпау – біздің міндетіміз, – деді болашақ офицер.Әділет Серікбай 2003 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында дүниеге келген. Ол мектепте оқып жүргенде әскери маман болғысы келді. 2020 жылы Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына түсіп, кейін Қиыр Шығыс гвардиялық жоғары жалпы әскери командалық училищесінде «теңіз жаяу әскерлері бөлімшелерін басқару» мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. Алдағы уақытта Әділет Серікбай ҚР Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері қатарында қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.Қазақстандық курсанттың халықаралық байқаудағы бұл жеңісі болашақ офицерлердің даярлық деңгейі жоғары екендігінің айқын дәлелі болып қана қоймай, ТМД-ға мүше елдердің әскери-ғылыми ынтымақтастық жүйесінде еліміздің беделін нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1168718?lang=kk
Маңызды нәрсе туралы әңгіме: Шымкент полициясының бастығы студенттермен кездесті 25.02.2026
Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев студенттермен кең көлемді кездесу өткізді. Іс-шараға 500-ден астам студент қатысты. Кездесу ашық форматта өтті: презентациямен қатар тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, студенттер сұрақтар қоя алды. Генерал бүгінгі таңда жастардың ең өзекті қауіп-қатерлеріне назар аударды. Ол ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық ретінде жіктелген аутлятинг, күштеп некеге тұруға және қалыңдық ұрлауға жол бермеу және интернеттегі кең таралған алаяқтық схемалары, әсіресе дропперинг мәселелерін талқылады. Есірткі қылмысы тақырыбы да қарастырылды. Студенттерге есірткі саудасына қатысу есірткі саудасымен тең екені және ауыр қылмыстық жазаға әкеп соғатыны туралы айтылды. Сондай-ақ, вейптер мен күлкі газын қоса алғанда, психотроптық заттарды қолданудың қауіптері мен салдары туралы ескертулер жасалды. Полиция қызметкері сонымен қатар жүргізушілерге электр скутерлерін пайдалану ережелерін және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын жазаларды еске салып, жол қауіпсіздігі әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртібіне байланысты екенін атап өтті. «Қоғамдық қауіпсіздік – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның жеке жауапкершілігі. Сіздер – елдің болашағысыздар. Біз сізге сенеміз және әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Мұхтар Қожаев. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстың алдын алу және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған осындай кездесулер Шымкентте де жалғасатынын атап өтті.
Маңызды әңгіме: Шымкент полициясының басшысы студенттермен кездесті 25.02.2026
 Оңтүстік Қазақстан университетінде қалалық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев 500-ге жуық студентпен кездесу өткізіп, ашық әрі мазмұнды диалог құрды. Жиында генерал жастармен тек ресми баяндама жасап қана қоймай, *қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған нақты мәселелерді талқылады* . Атап айтқанда, сталкинг, қыз алып қашу, интернет-алаяқтықтағы «дропперлік» схемалар, есірткі тарату, вейп пен «күлдіргіш газ» қолдану, қоғамдық орындарда бет-жүзді тұмшалау және самокат жүргізу мәдениеті сөз болды.Полицей *сталкингтің* қылмыс ретінде заңмен қарастырылатынын атап өтіп, *қыз алып қашу* дәстүр емес, адам құқығын бұзу екенін қадап жеткізді.Сондай-ақ, интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа тоқталған полиция басшысы жастарды *«оңай табыс»* ұсыныстарына алданбауға шақырды. *Банк картасын бөтен адамға беру* қылмысқа ортақтасумен тең екенін түсіндірді. Бұдан бөлек, *есірткі қоюшы болу* да ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.Кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптары түсіндірілді. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.*– Қоғамның қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сіздер – елдің ертеңісіздер. Біз сіздерге сенеміз және әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз,* – деді Мұхтар Қожаев.Кездесу жастарға ой салған мазмұнды алаңға айналды. Тәртіп сақшылары студенттермен профилактикалық кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырады.
ПОЛЬШАНЫҢ ІРІ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ БІРІ ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ САЛАДЫ 25.02.2026
Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның («Polpharma Santo» сауда белгісі) өндірісін кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан мақұлданды.Жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында жаңа өндірістік қуатты желілер салынып, шығарылатын дәрілік препараттар 38 атауға дейін кеңейтіледі. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар.Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланған. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында шамамен 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.Польша тарапы, сондай-ақ, Шымкентте жаңа дәрілік өнімдерді әзірлеуге арналған ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен заманауи зертханаларды қамтитын Сапа және инновациялар орталығын салуды жоспарлап отыр.Зауыттың ашылуы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және Шымкенттің елдегі жетекші фармацевтикалық орталықтардың бірі ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Польшаның ірі бизнесмендерінің бірі Шымкентте фармацевтикалық зауыт салады. 25.02.2026
Шымкентте «Химфарм» АҚ (сауда белгісі: Polpharma Santo) өндірісін кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті инвестициялық келісімді бекітті. Айта кету керек, жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 миллиард теңгені құрайды. Жобаға жаңа өндіріс орындарын салу және өнім желісін қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары және жұқпалы ауруларды емдеуді қоса алғанда, 38 дәрі-дәрмекке дейін кеңейту кіреді. Өндірістің бірінші кезеңін 2029 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Инвестициялық жоба шамамен 300 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұл қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Польша тарапы сондай-ақ Шымкентте жаңа дәрілік өнімдерді әзірлеуге арналған ғылыми-зерттеу және сынақ орталығы мен заманауи зертханаларды қамтитын Сапа және инновация орталығын салуды көздеп отыр. Зауыттың ашылуы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыратынын, импортқа тәуелділікті азайтатынын және Шымкенттің елдің негізгі фармацевтикалық орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтатынын атап өткен жөн. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі