Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының қатысушыларына үй берілді 24.12.2024
Бүгін Тәуелсіздік күні аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының қатысушыларына 40 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады.Салтанатты рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін білдіріп, өңірдегі ауқымды жобаларды атап өтті.«Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін мерейлі мереке аясында аймақ жастарына бес қабатты тұрғын үй пәтерлерінің кілтін салтанатты түрде табыстаудамыз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еңбек жолын енді ғана бастаған жастар бірден пәтер сатып ала алмайтыны түсінікті. Жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасау керек. Бұл – мемлекеттің басты міндетінің бірі» деп атап өтті.Жастардың тұрғын үйге мұқтаждығы мәселесін шешу үшін 2022 жылдың желтоқсан айында өткен облыстық жастар форумында алғаш рет «Сыр жастары» бағдарламасын несиелендіру жолымен жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Оған облыстық бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1,2 млрд теңге бөлінді.«Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамту бағытында қолға алынған өңірлік тың жоба.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар халқымызда. Өз кезегінде бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыру үшін «Отбасы банк» 500 млн теңге қаржы бөлді. Мамыр айында 60 жас отбасы баспаналы болды. Бүгін міне 40 пәтердің кілтін табыстаймыз. Бұл қоныстой – басталған жұмыстың жалғасы. Бағдарламаға келесі жылға да облыстық бюджеттен қаржы қаралды.Шаңырақтарыңыз балалармен базарлы, құтты қонақтарымен ажарлы болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Биғали Каюпов батасын беріп, жаңа пәтер иесі, көпбейінді қалалық аурухананың жас маманы Салтанат Сейіткамал көрсетілген қолдауға алғысын жеткізді.Бүгін пәтер кілтін алған отбасылар қатарында ұстаздар, медицина мамандары мен бюджеттік мекемелер қызметкерлері бар.Айта кетейік, биыл облыс бюджеті 750 млрд теңгеге жетіп, тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд 100 млн теңге бөлінді. Өткен жылдан бері қалада жеті, тоғыз, он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық жобалар аясында соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Жыл басынан бері 2000-ға жуық отбасы қоныстой тойлады, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/904446
А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттері халықаралық балет әртістері байқауының жеңімпазы атанды 24.12.2024
2024 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында А. Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында көрнекті қырғыз бишісі әрі балетмейстері Уран Сарбагышевтың 90 жылдығына арналған «Улуу-Элес» І Халықаралық балет әртістері байқауы өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония және Қырғызстаннан келген балет әртістері, хореографиялық оқу орындарының студенттері мен балетмейстерлері қатысты.Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті:1 орын – Амина Батаева2 орын – Ақбота Абылқасенова3 орын – Томирис Ақын мен Алихан Нақысхожаев.Дипломанттар:Ирина Беккер, Анастасия Петина, Алишер Қасымхан, Арсен Ермеков.Ерекше марапат – Роберт Уразғильдеев пен Инга Левченко атындағы жүлде, оны Бубусара Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті тағайындаған. Бұл жүлдені Ирина Беккер мен оқытушы – Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Людмила Мунсекқызы Ли иеленді.Байқау балет өнерін дамыту мен насихаттауға, дарынды орындаушыларды анықтап, қолдауға, балет әртістерінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға, сондай-ақ балет саласындағы халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/904160
250 астам пәтер Талғар ауданы бойынша пайдалануға берілуі жоспарлануда 24.12.2024
Республикалық бюджеттен қаржыландыру арқасында бүгін Талғарда 50 отбасы жаңа пәтерлеріне қоныс аударды. Бұл мүмкіндікті Талғар ауданы құрылыс бөлімінің және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асыруға қол жеткізілді.Жаңа қоныс иелері арасында 10 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оларға ыңғайлы жағдайда тәуелсіз өмір бастау мүмкіндігі берілді. Тағы 10 пәтер көпбалалы отбасыларға, соның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған немесе «Батыр Ана» атағына ие болған аналарға табыс етілді. Қалған 30 пәтер басқа да тұрғын үйге мұқтаж азаматтар арасында таратылды.«Бүгін біз үшін ерекше күн. Біз тек пәтер кілттерін алмаймыз, біз жаңа өмір бастау мүмкіндігін аламыз. Бұл көмек — қиын жағдайда жүрген адамдар үшін нақты қолдау. Біз өзіміздің бұрышымызды тауып, бақытты боламыз және болашаққа сенімді боламыз. Бұл бағдарлама тек бізге ғана емес, көмекке мұқтаж көптеген отбасыларға да көмектеседі деп сенеміз. Бұл бәріміз үшін жақсы өмірге қарай жасалған нақты қадам!» — деп атап өтті көпбалалы ана, жаңа пәтердің бақытты иесі Майра Баймурзаева.Бұл бастама тек тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, ауданның әлеуметтік тұрақтылығын және әділдігін нығайтуға да ықпал етеді. Әрбір пәтер — бұл тек баспана ғана емес, әрбір отбасы үшін жарқын болашаққа деген үміт. 2024 жылдың соңына дейін әлеуметтік осал топтардағы кезекте тұрған азаматтарға арналған тағы 47 пәтер сатып алу жоспарлануда.«Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу — біздің басымдығымыз. Бүгін 50 отбасы жаңа пәтерлерінің кілттерін алып, ертеңгі күнге деген сенімін нығайтты. Бұл Талғар ауданының барлық тұрғындары үшін қолайлы және әділ өмір сүру жолында жасалған қадамдардың бірі ғана. Сонымен қатар, Талғар ауданы бойынша алдағы алты ай ішінде 250-ден астам пәтер пайдалануға берілуі жоспарлануда»,- деді Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/904345
ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-МИНИСТР ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 24.12.2024
Бүгін ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай қаласында агроқұрылым басшыларымен кездесті.Мәжілісте «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев облыста атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша баяндама жасады. Биыл өңірде егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес босатылып, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде жүргізілді. Облыста 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл — республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. 12 349 шақырымды құрайтын 3 147 канал, 42 су қоймасы, 1 256 қашыртқы, 1 794 дана ұңғыма бар.2024 жылы облыстық бюджеттен 9 су нысанын күрделі жөндеуге, 6 су нысанын механикалық тазалауға қаржы бөлінді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 42,4 мың гектар суармалы жердің мелиоративтік жағдайы және ағын сумен қамтамасыз етілуі жақсарады деп күтілуде.Су нысандарын салуды, қалпына келтіруді жеделдету үшін облыстық «Тұран су» мекемесінің де әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық берілуде. Мекеме тарапынан облыстық меншіктегі қашыртқыларды механикалық тазалау нәтижесінде тозу көрсеткіші 80 пайыздан 10 пайызға төмендеді.Вице-министр ағын су арналары кезегімен жөндеуден өтетінін айтып, дихандарды су үнемдеу технологиясын меңгеруге шақырды. Су үнемдеу технологиясына көшкен шаруашылықтарға субсидия төленетінін, сонымен қатар бөлек тариф бекітілетінін жеткізді. Шаруалар көкейдегі сұрақтарын ортаға салып, ағын су мәселесіне қатысты өзгерістер туралы ақпарат алды.Кездесуден кейін ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жауапты мамандарға көтерілген мәселелерді заң аясында шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904402
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Түлкібас ауданына қарасты Абайыл елді мекенінде заманауи медициналық пункт ел игілігіне берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек, аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбай және аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.Нысанда қазіргі заманауи үлгідегі құрылғылар, егу бөлмелері, емшара және қабылдау бөлмесі бар. Сонымен қатар, аудандағы Шақпақ-баба, Мақталы және Тастыбұлақ елді мекендерінде заманауи медициналық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Шақпақ-баба және Тастыбұлақ ауылындағы нысандардың құрылысы биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға берілмек. Ал Мақталы елді мекеніндегі нысан келесі жылға өтпелі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904403
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРІЛК БЕКЕТ АШЫЛДЫ 24.12.2024
Тәуелсіздік күні Ордабасы ауданы, Қарабастау елді мекенінде фельдшерлік акушерлік бекеті ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысты.Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіне қарасты Қарабастау ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары ем іздеп аудан орталығына бармай дертіне шипаны «Қарабастау-2» фельдшерлік-акушерлік бекетінен табатын болды. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған.Мыңнан аса тұрғыны бар ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904407
Комиссиялардың бірлескен отырысы өтті 24.12.2024
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық және төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.Бірлескен отырысқа қала әкімі Азамат Бекет, құзырлы және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, 12 ауданның әкімдері бейнеконференц байланыс арқылы қосылды.Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаулар және мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынымдардың орындалуы, Ақтөбе қаласын абаттандыру, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері.Отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастығының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев, Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет және Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалин баяндама оқыды.Облыс әкімі басқосу қорытындысына сәйкес лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/904438
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы 24.12.2024
Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқының егемендігі мен береке-бірлігін бейнелейтін бұл мереке әрқайсымыз үшін ерекше маңызды және ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Бұл күні біз ғасырлар бойы осы күнді аңсап өткен жəне сол үшін күрескен ата-бабаларымыздың рухының алдында басымызды иеміз.Тәуелсіздік жылдарында біз үлкен және қиын жолдан өттік және көптеген биік белестерді өткердік. Еліміз егемендігін алған сәттен бастап ел әлеуеті артып, экономикамыз нығайды, халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. « Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету», – деп атап көрсетті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында.Осы ретте, егемен еліміздің көркеюіне ақмолалықтар да өзіндік үлестерін қосып келе жатқандығын атап өткім келеді. Биыл біздің облыс ауыл шаруашылығы саласында, инвестиция тартуда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Өндірісте, агроөнеркәсіп секторында, оның ішінде машина жасау, өңіріміздегі шағын және орта бизнес салалары мен әлеуметтік салада көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Мұның барлығы әр облыс тұрғынының қажырлы еңбегінің нәтижесінде мүмкін болғандығы анық.Құрметті жерлестер!Аймақ пен елдің игілігі жолында атқарып жатқан адал және еселі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Еңбекқорлық пен табандылық, елге деген зор сүйіспеншілік – бұл еліміздің экономикалық қуатын нығайтудың және саяси беделінің өсуінің кепілі, барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың негізі.Осы мереке күні әр шаңыраққа бақ-береке, ізгілік пен мейірім, дәулет пен молшылық, амандық тілеймін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/903400
Көкшетауда John Deere өндірісінің келешегі талқыланды 24.12.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ТМД және Орталық Азия елдерінде John Deere компаниясының президенті Чаба Лейкомен кездесті. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайту және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту шеңберінде өтті.Тараптар облыстың ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізу перспективаларын талқылады. Жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, өнімділікті арттыру және аграрлық секторды тұрақты дамыту үшін цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Марат Ахметжанов Ақмола облысының аграрлық салада әлеуеті жоғары екенін, ал инновациялық технологияларды пайдалану өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.«John Deere сияқты ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшымен ынтымақтастық біздің өңір үшін жаңа көкжиектер ашады. Біз нәтижелі диалог пен бірлескен жұмысқа дайынбыз», - деді өңір басшысы.Чаба Лейко өз кезегінде John Deere компаниясының Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, басқа елдердегі табысты жобалардың тәжірибесімен бөлісті.«Біз Ақмола облысы сияқты перспективалы өңірмен жұмыс істеу мүмкіндігін бағалаймыз. Біздің мақсатымыз - фермерлерге жаңа биіктерге жетуге көмектесетін сенімді құралдар мен технологияларды ұсыну», - деді Ч.Лейко.Кездесу аясында тараптар ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңғырту саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысқа дайындығынбілдірді.Ақмола облысы мен John Deere компаниясы арасындағы ынтымақтастық өңірді орнықты дамыту және оның әлемдік аграрлық нарықтағы позициясын нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/903688
Құрметті Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары! 24.12.2024
2024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 10.00-ге жоспарланған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы 2024 жылғы 20 желтоқсанға сағат 10.00-ге ауыстырылды.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады. Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/904071
Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 24.12.2024
ҚР Тәуелсіздік күні Семейде ел тәуелсіздігі жолында үлес қосқан батырларды еске алды.Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Осыдан кейін еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.Қайрат Рысқұлбеков — желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903419
Құрметті жерлестер! 24.12.2024
Құрметті жерлестер! Сіздерді  9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!Биыл адамзат тарихына өшпес сыз қалдырған Ұлы Отан соғысы дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 80 жыл толды. Бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері мен әр шаңыраққа әкелген қайғы-қасіреті жадымыздан  өшкен жоқ. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс қасірет пен қайғыны еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы!Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерді еске аламыз. Бүгінгі бейбіт күн үшін күресіп, бізге ашық аспан  сыйлаған аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктерін мәңгі есте сақтап,  тағзым етіп, бас иеміз!Қадірлі қорғалжындықтар!Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ерен үлгісі болған Ұлы Жеңіс күні  тағы да құтты болсын!Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға ырыс-береке, молшылық пен бақыт тілеймін! Аспанымыз ашық, бейбітшілік заман мәңгі болсын! Еліміздің даңқы асып, абыройы асқақтай берсін!  Қорғалжын аудандықмәслихатының төрағасы Б. РыспаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/992720?lang=kk
Бесқарағай ауданында хоккей алаңы ашылды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан орталығында жаңа хоккей алаңы ашылды.Ашық хоккей корты көпсалалы нысан. Мысалы қыста сіз шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанаумен, ал жазда шағын футболмен айналыса аласыз. Алдағы уақытта мұнда түрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланған.Нысанның пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарына дене шынықтырумен айналысуға, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903424
Абай облысының пікірсайыс клубы республикада үздіктер қатарынан көрінді 24.12.2024
Астанада «Ozgerteam» ҚҚ ұйымдастыруымен «Sanaly Orta» ұлттық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты пікірсайыс технологияларын насихаттау және Қазақстандағы мектептегі дебат клубтарының дамуына қолдау көрсету.Абай облысының атынан қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының «Кел, балалар, оқылық!» дебат клубы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық пен еліміздің ең үздік пікірсайыс клубы атағына ие болды. Үйірме жетекшісі – Бинұр Ахатқызы, төрағасы – Еркежан Тұрлыбек.Клубтың пікірсайыс қозғалысын жандандыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған «Sapa» жобасы ұсынылды. Жобаның өзектілігі мен инновациялық идеялары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903453
Мақаншы ауданында күрес мектебі ашылды 24.12.2024
Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында күрес мектебі ашылды. Шараға аудан әкімі Даурен Қойгелдин қатысып, құттықтады.Ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, әжелер, тұрғындар да қатысты.2023 жылдан бастап ауыл азаматтарының көмегімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектеп енді ауыл балаларының күреспен алаңсыз шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. 50 балаға арналған күрес мектебінің бір ерекшелігі күрестен бөлек бокс үйірмесі де жұмыс жасамақ.Күрестің небір майталман шеберлері шыққан Мақаншы өңірінде болашақта жаңа буын чемпиондарын баулуға осы мектептің қосар үлесі зор болмақ. Аудан әкімі шара барысында мектептің пайдалануға берілуіне атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіре отырып, Алғыс хаттармен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903768
2024 жылғы қаңтар-қарашадағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары 24.12.2024
2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 779,7 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейге қатысты алғанда 100,2%-ға бағаланды.Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,2%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,6%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.2024 жылғы қаңтар-қарашада тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1 231,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 0,9%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 0,6%-ға өсті.Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қарашада 494,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,2%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 16,7%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,0%-ға байқалды.Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 46,2 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 114,8%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 23,2%-ге өсу байқалды.Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 7,0 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 15,2%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 35,3%-ға, ағынды суларды жинау және тазарту – 2,4%-ға байқалды.Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 49,8%-ы), Жарма ауданында – 20,2%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,9%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді. Әдіснамалық түсіндірмелерӨнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы Орындаушы: өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің басшысыШ.А. ИсахановаТел. +7 7222 52-49-18Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903839
Алматы облысында «баррамунди» экзотикалық балық түрін индустриялық өсіру жобасының бірінші кезеңі іске асырылды 24.12.2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин Алматы облысына жұмыс сапарының шеңберінде Қонаев қаласының маңында орналасқан «Ospanova Development» ЖШС-не барды. Аталған кәсіпорын баррамунди және бахтақ балықтарын өсірумен айналысатын балық өнеркәсібі кешені.Кәсіпорын директоры М. Бектемисовтың айтуынша, кешен ТМД-да теңдесі жоқ бірегей жоба болып табылады.Кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна балық өндіретін кәсіпорынды екі кезеңде іске асыру жоспарлануда.Жылына 1000 тонна балық өсіруге арналған жобаның I кезеңінің құрылысы 2023 жылдың соңында аяқталды және 2024 жылдың соңына дейін 100 тоннадан астам балық өсіру жоспарлануда.Инвестордың айтуынша, жобаның құны 67 млрд. теңгеден асады. 2021 жылдан бастап жобаның бірінші кезеңін іске асыруға 8,5 млрд. теңгеден астам қаржы салынды.Жалпы, бұл жобаны іске асыру импортты алмастыруға және сонымен бірге ішкі тұтыну мен экспорттың көлемін арттыруға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903374
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен 24.12.2024
Құрметті отандастар!Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн бізді еркіндік, бірлік және өркендеуге ұмтылу сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан демократиялық, құқықтық және қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар мемлекет ретінде үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде еліміз халықаралық аренада лайықты орынға ие болды.Қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткім келеді. Тек бірлесе отырып, бір-бірімізді қолдап, біз кез келген қиындықтарды жеңіп, жаңа биіктерге жете аламыз.Осы айтулы күні елімізге бейбітшілік, молшылық пен табыс тілеймін. Қазақстанның Тәуелсіздігі әрдайым Отанымыздың жарқын болашағының берік негізі болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903426
Жамбыл облысында 2024 жылдың соңына дейін 16 ауқымды жоба іске қосылады 24.12.2024
Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдануда. 2024 жылы 14,6 млрд теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылады. Оның ішінде 10,8 млрд теңгеге 12 жоба пайдалануға берілді.Олардың қатарында «Алель-Агро» АҚ инкубаторы, су үнемдеу технологияларын енгізу, мақсары майын өндіруді кеңейту, «ҚазАква Альянс» ЖШС балық шаруашылығын құру, «Эльнур Адильгрупп» ЖШС астық қоймасын салу жобалары бар. «BNK Leasing» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету үшін сервистік орталық, алма шырынын өндіретін «Рич голд» ЖШС іске қосылды, «Каусар» шаруа қожалығы көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылады деп күтілуде.Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін ауыл тұрғындарына кредит беру бағыттары едәуір кеңейтілді, соның арқасында ет және сүт мал шаруашылығында, құс шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында, бау-бақша шаруашылығында бірқатар жаңа жобалар іске қосылды.Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін көбейту бағдарламасы аясында 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.Жақын арада картоп өндірісі және ауыл шаруашылығы малдарының терісін қайта өңдеу арқылы азық қоспаларын өндіру бойынша жобалар басталады.2024-2027 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша Жол картасы аясында Жамбыл облысы бойынша 245,4 млрд теңгенің 36 жобасы жүзеге асырылуда. 5 тауарлы-сүт фермасы, 3 ет бағытындағы құс фабрикасы, 8 көкөніс қоймасы, 10 қайта өңдеу жобасы, су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 7 жоба, сондай-ақ бордақылау алаңы салынатын болады.Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903933
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 16.12.2024 24.12.2024
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.Дәнді дақылдарЖелтоқсанның ортасына қарай «үштіктің» бағасы 2-ден 17 теңгеге/кг дейін төмендеді, 4-класс бидай 7 теңгеге/кг арзандады. Арпа орта есеппен 2 теңгеге/кг қымбаттады.Трейдерлердің айтуынша, 3-сыныпқа сұраныс шектеулі. Экспорттық баға өсті, әсіресе Сарыағашта: 4-класс бидай 5 долларға/тонна, 5-класс бидай 10 долларға/тонна, арпа 35 долларға/тонна қымбаттады.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы баға(элеватор)ӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +88-17САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін64-2САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін52-11САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін50-7ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін48-САТУ6535арпа 2 сыныпты52+2САТУ6035Дурум (прот 14+)85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ12070Дурум (прот 15+)102-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ15090қызыл – бір апта ішінде төмендеу, жасыл-жоғарылау Майлы/Бұршақ ДақылдарыМайлы дақылдар тобында күнбағыс айтарлықтай арзандады, сонымен қатар сояның да бағасы төмендеді.Трейдерлердің айтуынша, «қазір өзбектер белгісіз себептермен соя мен жүгеріні жаппай сатып ала бастады». Сауалнамаға қатысқандардың бірі Сарыағашта сояның тоннасы 400 доллардан кетіп жатқанын хабарлады.Өңдеушілердің мәліметінше, экспорттық баға бойынша тазартылмаған күнбағыс майы 980–1000 доллар/тоннаға дейін төмендеді.Өткен аптада зығыр бағасы 1 теңгеге/кг, қыша 4 теңгеге/кг қымбаттады.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр203+1САТУ200170Рапс209-САТУ250180Күнбағыс164-10САТУ190160Мақсары94+4ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ11085Соя186-7САТУ285200Қыша қара/ақ215-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*92-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ17080Жасымық қызыл**182-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **400-САТУ450350* - сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп берді Түсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904027