Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ғалымдар жаңа сын-қатерлер мен қауіптер аясында Қарулы күштерді жетілдіру мәселелерін талқылады 03.12.2024
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде «Қазіргі заманғы соғыстар: әскери қатерлерді трансформациялау контекстіндегі теория мен практика мәселелері» тақырыбында IV ғылыми-теориялық конференция өтті.Оның жұмысына Бас штаб пен Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери басқару органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің офицерлері, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, R&D Centr Kazakhstan Engineering, «Әскери ғылымдар академиясы» РҚБ, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері, ғалымдар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты. Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков өз сөзінде «Тәжірибесіз теория өлі, ал теориясыз практика соқыр», – деген тәмсілді алға тартты.Форумға бастамашы болған философия докторы, қауымдастырылған профессор генерал-майор Асқар Мұстабеков жиналғандар қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың әртүрлі аспектілерін қарастырғанын атап өтті. Қатысушылар әскер түрлері мен тектерін қолданудың практикалық және теориялық мәселелерін, оларды қарулы күштер құрылысын жетілдірудің жаңа тәсілдерін іздеу контекстінде жан-жақты қамтамасыз етуді талқылады. Қауіптердің жаңа түрлері, технологияларды дамыту және қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін әскери кадрларды даярлау туралы әңгімелесті.Конференция екі пленарлық отырыс форматында және факультеттер мен кафедралардағы секцияларда жұмыс істеді. Қарар әзірленіп, басқару органдары мен әскерлерге жіберілетін материалдар жинағы дайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894868
Қарулы күштердегі таудағы даярлық жөніндегі нұсқаулық дайындалды 03.12.2024
Қорғаныс ведомствосы «Қарулы күштердегі таудағы даярлық жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.Аталған нормативтік құқықтық акт Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 278-тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр.Құжатта еліміздің Қарулы күштері бөлімшелерінің таудағы даярлығын ұйымдастыру мен өткізу егжей-тегжейлі көрсетілген. Оны қабылдау әскери қызметшілерге таудағы даярлықты ұйымдастыруды ретке келтіруге мүмкіндік береді.Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 17 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322593Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894869
Әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітіледі 03.12.2024
ҚР Қарулы күштері Тылы бастығының басқармасы Қорғаныс министрінің «Қарулы күштердің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (киім-кешек қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 281) тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр. Онда киім-кешек қызметінің материалдық құралдарын сақтауды ұйымдастыру тәртібі анықталған.Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 17 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322686Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894878
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтық қысқара бастады – оқу-ағарту министрі PISA халықаралық зерттеулері туралы 03.12.2024
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың қорытындысы туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады.Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 8 мыңға жуық мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 67%-ы ауыл мектебі. Айта кету керек, ауыл мектебінің әрбір екіншісі шағын жинақты болып табылады.Оқушылардың 40% ауыл мектебінде білім алады. Сондықтан үкімет ауыл мектептерін дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға аса мән беруде.«Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың азайғанын PISA халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен PISA-2018 нәтижелерімен салыстырғанда, 2022 жылғы математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша айырмашылық көрсеткіші 4-5 балға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Естеріңізге сала кетейік, математикалық сауаттылық бойынша PISA-2018-де қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы білімдегі алшақтық – 22 балды құраса, PISA-2022-де алшақтық 18 балға төмендетілді. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2018 жылы алшақтық 31 балды құрады, ал 2022 жылы ол 26 балға дейін азайтылды. Осылайша, халықаралық зерттеулер ауыл мектептерінде білім беру сапасының артып келе жатқанын айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/894881
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек адамы» айдарын іске қосады 03.12.2024
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек адамы» жаңа айдарының іске қосылғаны туралы хабарлайды, онда біз еңбегінің арқасында аграрлық салада жоғары нәтижелерге қол жеткізетін кейіпкерлеріміз туралы айтатын боламыз.Бірінші басылымда Қармақшы ауданынан «Тұрмағамбет» ЖШС күріш өсірушісі Оразбек Бисембаевты таныстырамыз.Ол өзінің мансабын механизатор ретінде бастады және 27 жыл ішінде өзін озық тракторшы, орақ машинисі және күріш өсіруші ретінде көрсетті. Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша Оразбек Бисембаев «Үздік күріш өсіруші» атағына ие болды. Ол жетістіктері үшін осындай марапатқа ие болды: ағымдағы жылы ол 43 га күріш алқабында агротехнологияны қолданды және гектарына 96,5 центнер алды.Оразбек Бисембаев үш бала тәрбиеледі, алты немересі бар. Ол өз ауылының өміріне белсенді қатысады, жас фермерлермен тәжірибе бөліседі және оларға заманауи ауылшаруашылық тәжірибелерін үйретеді.Біз ол сияқты адамдарды мақтан тұтамыз және «Еңбек адамы» айдары көптеген адамдарды еңбек жетістіктеріне шабыттандырады деп үміттенеміз. Әр шығарылымда біз сіздерді еңбегімен және адалдығымен Қазақстанның аграрлық секторының дамуына елеулі үлес қосатын жаңа кейіпкерлермен таныстыратын боламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/894778
Атырауда «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты республикалық семинар өтті 03.12.2024
Атырау қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Атырау облысының әкімдігімен және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар өтті.Семинар өңірдің өзекті мәселелерін (мұнай-газ секторы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым және т.б.) жариялау кезінде журналистердің біліктілігін жақсартуға, БАҚ пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған.БАҚ өкілдері мұнай-газ саласының негіздері және қалыптасу тарихы, энергостатистикамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысып, мұнай-газ өнеркәсібіндегі оқиғаларды талдау дағдыларын меңгерді.Іс-шараның ашылуында Министрліктің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов сөз сөйледі.Қайнар Ахетов журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидалары, БАҚ-тың жазбаша сұрауларына жауап беру мерзімдері, гранттық қаржыландыру бойынша «Масс-медиа туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндірді.Семинар Салалық журналистиканы дамытудың 2024 жылға арналған жол картасы аясында өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894801
Отбасының цифрлық картасы арқылы жыл басынан бастап 210 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 03.12.2024
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 482,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 210 мың адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі күнде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/894796
Азық-түлік қызметінің мүлкін сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық әзірленді 03.12.2024
Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (азық-түлік қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.Бұл нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 281) тармақшасына сәйкес әзірленді. Құжатта азық-түлік қызметінің материалдық құралдарын сақтауды ұйымдастыру тәртібі айқындалады.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 17 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322230 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894752
Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді 03.12.2024
Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты – екі жаңа қоршауда енді бразза маймылдар тұрады. Бұл Хлебы қаласы (Чехия) зоологиялық саябағының сыйы. Сондай-ақ, Чехия хайуанаттар бағынан валлаби жұбы сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдастары, бірақ олардан сәл кішірек. Жануарлар табиғатта сирек кездесетін альбиностар.Бразза маймылдар біздің хайуанаттар бағына қазан айының соңында келді. Онда бір аталық және екі ұрғашы, сондай-ақ сәби маймыл бар. Осы тұқымдас маймылдар патриархат жүйесін ұстанады.– Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Түрлі сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық, енді гамак жасағымыз келеді, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова. – Бұл қорек талғамайтын маймылдар. Олар тұқымдар, жаңғақтар, маусымдық жемістер, банан, апельсин жейді. Оларға біздің хайуанаттар бағында өсірілген асқабақ пен цуккини ұнайды. Сондай-ақ қайнатылған ет пен балық береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады.Бразза маймылдары 1876 жылы сипаттаған француз зерттеушісі Пьер Саворнян де Браззаның құрметіне аталған. Маймылдар басқа жануарлардың дыбыстарына еліктей алады. Ұрғашылары екі-үш жылда бір күшіктейді.Бразза маймылдары ойнақы және алаңсыз өмір сүреді, олардың осы мінезі зообаққа келушілерді қызықтырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894587
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында 03.12.2024
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319192 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894747
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында 03.12.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15321949Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894748
Қазақстан СІМ басшысы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысымен кездесті 03.12.2024
Мешхед, 2024 жылғы 2 желтоқсан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысы қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесті.Тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты күшейту сияқты мәселелерді талқылады.Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚР-дың 2025 жылы ЭЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде төрағалық етуінің негізгі басымдықтарын егжей-тегжейлі талқылап, өңір үшін үлкен әлеуеті бар ұйыммен стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде Бас хатшы А. Хан күн тәртібін нақты мазмұнмен толықтыратын ұйымдағы Қазақстанның белсенді рөлі мен бастамаларын атап өтті.Кездесу барысында мәдени және білім беру байланыстарын нығайту, экологиялық тұрақтылықты дамыту, климаттың өзгеруі және энергетикалық қауіпсіздік сияқты жаһандық сын-қатерлерді еңсеру бойынша бірлескен күш-жігер мәселелері де талқыланды.Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. Мүше мемлекеттер – Орталық Азияның, Таяу Шығыстың және Оңтүстік Кавказдың 10 елі. Ұйымның мақсаты – экономика, сауда, көлік, экология және гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы күш-жігерді үйлестіру арқылы аймақтағы экономикалық дамуға ықпал ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/894743
Ұлыбританиялық энергетик Neo Nomad визасының алғашқы иегері атанды 02.12.2024
Энергетика және қаржы саласында тәжірибесі бар Ұлыбритания азаматы Сертач Йенер Neo Nomad визасын алғашқылардың бірі болып алды. Ол Қазақстанның мәдениеті, табиғаты және тағамдарымен жақынырақ танысуды жоспарлап отыр.Сертач Йенердің қызы Чикаго университетінде «Қазақ тілі және Орталық Азия зерттеулері» мамандығы бойынша білім алған. Сондықтан ол қазақ тілін бұрыннан жақсы біледі.Neo Nomad Visa визасы алғаш рет Қазақстанның БАӘ елшілігінде берілді. Визаны алған Сертач Йенер жуырда Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Ол бұрыннан Қазақстанның табиғаты, дәстүрі, музыкасы және асханасымен танысуды армандаған.«Қазақстан – керемет ел! Neo Nomad визасы бізге Қазақстанда бір жылға дейін болуға мүмкіндік береді. Бұл виза менің шетелдегі жұмысымды қашықтан жалғастырып, Қазақстанды тереңірек танып-білуге жол ашады», – деді ол.Сертач Йенер – энергетика саласының маманы. Қазіргі таңда ол АҚШ-та таза энергия жобасын әзірлеумен айналысады.Айта кетейік, Neo Nomad виза бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт, Сыртқы істер, Цифрлық даму, Ішкі істер министрліктерінің және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қатысуымен енгізілді.Бұл виза шетелдік туристерге мобильді болуға, өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуге және Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін шетелдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/894730
Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды 02.12.2024
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия – Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті. Спорттық жарысқа әлемнің 24 елінен 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысып жатыр. Олар спорттың 10 түрінен, атап айтқанда, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарыста 80 спортшы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз 8 спорт түрінен сынға түсуде: жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисі.«Қазақстан құрамасы Азия – Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.Алғашқы күннің жеңімпаздарыҚазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңіс тұғырынан көрінді. Шахматтың блиц түрінен:• Әйелдер арасында Балжан Жұмағазиева 8 ұпай жинап, Азия – Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды.• Ерлер арасында Самажан Кеттебеков 8,5 ұпай жинап, күміс медаль алды.Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/894731
Президент Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады 02.12.2024
Биыл Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатының ашылғанына 60 жыл толды. Мерейтойға орай ерекше концерт ұйымдастырылды.Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.«Халқымыздың біртуар перзенті Ахмет Жұбановтың бастамасымен ашылған білім ордасы бүгінде дарынды балаларды тәрбиелеудің өзіндік дәстүрін қалыптастырған іргелі оқу орнына айналды. Сіздерге қазақтың музыка өнерін дамыту жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да дарынды әрі саналы ұрпақ өсіріп, ел игілігіне аянбай қызмет ете бересіздер деп сенемін», – делінген Мемлекет басшысының хатында.Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі байқауларда топ жарып, халқымыздың мерейін асырған мектеп шәкірттерін бүкіл еліміз мақтан тұтатынын атап өтті.Мерейтойға орай мектептің бірқатар ұстаздарына мемлекеттік марапаттар табысталды.Мектеп-интернаттан 60 жыл ішінде мыңға жуық музыкант түлеп ұшқан.Оқу орнында білім алған 800-ден астам өнерпаз халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты атанған. Қазіргі таңда мектепте 500-ге жуық дарынды бала білім алуда.Оқу орны «Теория және композиция», «Скрипка және альт», «Виолончель және контрабас», «Арнайы фортепиано», «Үрмелі және ұрмалы аспаптар», «Халық аспаптары», «Міндетті фортепиано», «Хор дирижерлығы» және «Концертмейстерлік шеберлік» секілді 10 бағыт бойынша кәсіби музыканттарды дайындайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894722
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті 02.12.2024
Кездесу барысында америкалық компаниялармен ынтымақтастықтың болашағы мен өңірге инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды. Ерекше назар облыстың өнеркәсіп, агробизнес және білім беру сияқты негізгі даму бағыттарына аударылды.Қостанай облысы сенімді түрде дамуын жалғастырып, Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің біріне айналды. Өңір халықаралық саудаға белсенді қатысып, әлемнің 109 елімен сыртқы экономикалық байланыстарды қолдап келеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы 5,2 млрд АҚШ долларын құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 18,2%-ға артты.Кездесуде облыстың экономикалық және өндірістік әлеуеті басты тақырыптардың бірі болды. Құмар Ақсақалов Қостанай облысының көлік жасау, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және тау-кен өнеркәсібі сияқты салаларды белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, өңір автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі, сондай-ақ темір кені окатыштары мен хризотил-асбест сияқты тау-кен өнімдерін шығару бойынша көшбасшы болып табылады.Сонымен қатар, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа жобаларды іске қосуға инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Биыл өңірде жалпы сомасы 255,8 млн АҚШ долларын құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл 1,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Құмар Ақсақалов инвесторларды қолдаудың және өңірде қолайлы бизнес ахуалын құрудың маңыздылығын атап өтті. Өңірлік деңгейде мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, инвесторларға қолдау көрсететін Инвестициялық штаб жұмыс істейді. Қолдау шараларының қатарында салықтық жеңілдіктер, инфрақұрылымдық жобаларға субсидиялар және шетелдік мамандарды тарту үшін визалық режимді жеңілдету қарастырылған.Негізгі жобалардың бірі KIA автомобильдерін шығаратын зауыт құрылысы болып табылады. Бұл жобаны іске асыру аясында инженерлік және көлік инфрақұрылымының толық кешенін құру жоспарланған.Қостанай облысы аграрлық секторды да белсенді дамытып келеді. 2024 жылы астықтың жалпы жиынтығы шамамен 6 млн тоннаны құрады, ал өнімді өңдеу үлесін 60%-дан 70%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Өңірде 200-ден астам қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, ал алдағы жылдары аграрлық салада 96 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.Кездесу барысында Қостанай облысында John Deere ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауытты іске қосу мүмкіндігі ерекше назар аударды. Облыс әкімі АҚШ елшісінен компаниясының басшылығы арасындағы келіссөздерге қолдау көрсетуді және өңірге компанияны тартуды сұрады.Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов Қостанай облысында Миннесота университетінің жеке кампусын салу жоспарларымен бөлісті. Қазірдің өзінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері білім алуды Қостанайда бастап, кейін оны Миннесота университетінде жалғастыруға мүмкіндік беретін бағдарлама жұмыс істейді. Кампус құрылысы жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуде және америкалық университеттермен байланыстарды нығайтуда келесі қадам болмақ.Құмар Ақсақалов америкалық инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен қызығушылық білдіріп, Қостанай облысының экономика салаларының, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әрдайым ашық екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/894721
ҚР ӨҚМ-да Demo Day: жетекшілік ететін салаларды цифрландыру жобаларын көрсету 02.12.2024
2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Demo Day іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларында цифрлық трансформациян нығайту мен елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.Demo Day мақсаты - мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова алғы сөз сөйлеп, Министрліктің цифрландыру және жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларымен таныстырды. Вице-министр Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйе (ҰМЖ), Министрліктің байланыс орталығының виртуалды көмекшісі, Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны, «Кәсіби стандарт» құжатын құру, Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді салыстыру және Экспорттық бақылау сияқты жобаларды таныстырды.Сондай-ақ, Жәннат Дүбірова Геологиялық есептерді өңдеу және жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім базасын құру, Жасанды интеллект көмегімен экспорттық бақылау процестерін жаңғырту, BIM қолданбасының пилоттық жобасы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша бірыңғай платформа және т.б. жобалар бойынша жұмыс туралы айтты.Келесі кезекте ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының және оның құралдарының көрсетілімі өтті. Олардың ішінде қалпына келтіру дэшборды, бейнебақылау және жобаларды бақылаудың ұлттық платформасы бар.Одан кейін «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ААЖ көрсетілімі өткізілді. Баяндамашылар жобаның әдістемелік және техникалық бөліктерімен таныстырды. МҚҚК жүйесі аумақтың дамуын есепке алу және бақылау құралы болып табылады. ААЖ арқылы қалалық ережелерге сәйкес APP шығаруға, техникалық шарттарды алуға, алдын ала жобаны келісуге және пайдалануға қабылдау актілерін жазуға болады. Бұл қалалық кадастрдың бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді.Бұдан кейін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталының көрсетілімі өтті. Оны жақсарту үшін функциялар кеңейтілді, мемлекеттік қызметтерге реинжиниринг жасалды, Техникалық шарттар қалыптастырылды, нормативтік құқықтық актілерге түзетулер, жүйеге өзгерістер енгізілді, деректерді көшіру және тестілеу жүргізілді.Сондай-ақ «Қаз Реестр» АЖ көрсетілімі өтті. Бұл үлестік қатысу туралы келісімдерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ұсынатын тұрғын үй құрылысына ортақ қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі. Жобаның мақсаты – жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту, үлескерлердің қаражатын тарту үшін жергілікті атқарушы органдардан берілген барлық рұқсаттарды есепке алуды орталықтандыру, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру.Нәтижесінде қатысушыларға сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған ақпаратты алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/894728
Жаңасемей ауданының тұрғындары қайтарымсыз грант алды 02.12.2024
Шүлбі кентінің қос тұрғыны жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз гранттың арқасында өз кәсіптерін бастады. Снежана Оспанбаева «Отбасы» атты шағын наубайхана ашса, Гүлнұр Жанболатова отбасымен бірге салмақты "бронза 708" күркетауығын өсіруді қолға алды.Көп балалы отбасылар 2024 жылдың тамыз айында халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.Жоба аясында наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар, 40 аналық және 10 аталық күркетауық сатып алынып, арнайы жабдықталған инкубатор мен брудер орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/894720
Demo Day: ҚР ӨҚМ жетекшілік ететін салаларды цифрландыру жобаларының көрсетілімі 02.12.2024
2 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Demo Day іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларында цифрлық трансформацияны нығайту мен елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.Demo Day мақсаты – мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова алғы сөз сөйлеп, Министрліктің цифрландыру және жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларымен таныстырды. Вице-министр Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйе (ҰМЖ), Министрліктің байланыс орталығының виртуалды көмекшісі, Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны, «Кәсіби стандарт» құжатын құру, Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді салыстыру және Экспорттық бақылау сияқты жобаларды таныстырды.Сондай-ақ, Жәннат Дүбірова Геологиялық есептерді өңдеу және жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім базасын құру, Жасанды интеллект көмегімен экспорттық бақылау процестерін жаңғырту, BIM қолданбасының пилоттық жобасы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша бірыңғай платформа және т.б. жобалар бойынша жұмыс туралы айтты.Келесі кезекте ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының және оның құралдарының көрсетілімі өтті. Олардың ішінде қалпына келтіру дэшборды, бейнебақылау және жобаларды бақылаудың ұлттық платформасы бар.Одан кейін «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ААЖ көрсетілімі өткізілді. Баяндамашылар жобаның әдістемелік және техникалық бөліктерімен таныстырды. МҚҚК жүйесі аумақтың дамуын есепке алу және бақылау құралы болып табылады. ААЖ арқылы қалалық ережелерге сәйкес APP шығаруға, техникалық шарттарды алуға, алдын ала жобаны келісуге және пайдалануға қабылдау актілерін жазуға болады. Бұл қалалық кадастрдың бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді.Бұдан кейін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталының көрсетілімі өтті. Оны жақсарту үшін функциялар кеңейтілді, мемлекеттік қызметтерге реинжиниринг жасалды, Техникалық шарттар қалыптастырылды, нормативтік құқықтық актілерге түзетулер, жүйеге өзгерістер енгізілді, деректерді көшіру және тестілеу жүргізілді.Сондай-ақ «Қаз Реестр» АЖ көрсетілімі өтті. Бұл үлестік қатысу туралы келісімдерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ұсынатын тұрғын үй құрылысына ортақ қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі. Жобаның мақсаты – жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту, үлескерлердің қаражатын тарту үшін жергілікті атқарушы органдардан берілген барлық рұқсаттарды есепке алуды орталықтандыру, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру.Нәтижесінде қатысушыларға сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған ақпаратты алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/894714
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ 02.12.2024
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Сауран ауданында күзгі көшет егу жұмыстары аяқталды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл желектерді көбейту және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды нығайту.Сауран ауданына күзгі көшет егу жоспарына сәйкес, 26300 көшет берілді. Оның ішінде 24300 қараағаш және 2000 өрік көшеті дайындалып, ауданның барлық ауыл округтері мен мемлекеттік мекемелеріне бөлініп үлестірілді. Көшеттерді дұрыс егу, оларды күтіп-баптау арқылы ауданның экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында жергілікті тұрғындар мен мекемелер белсенді түрде атсалысты.Берілген көшеттердің басым бөлігі – қараағаш тұқымдары. Бұл ағаш түрі ауа тазартуға, топырақтың құнарлылығын арттыруға және климаттық жағдайларды жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар қараағаштың көлеңкесі жаз айларында тұрғындарға қолайлы жайлылықты қамтамасыз етеді.Өрік көшеттері де ауданның ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқармақ. Өрік ағашы – ауданның климатына жақсы бейімделіп, жеміс беретін ағаш түрі. Осылайша, күзгі көшет егу жоспары тек экологиялық ахуалды жақсартуды ғана емес, ауыл шаруашылығын дамытуға да оң ықпал етеді.Қоршаған ортаны қорғау және жасыл желек аймақтарын көбейту мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шаралардың болашақта аудан экологиясына үлкен пайда әкелетіні сөзсіз. Жасыл желектерді көбейту, ауаның тазалығын сақтау және табиғатқа деген қамқорлықты арттыру маңызды қадамдар болып саналады. Сонымен қатар бұл бағдарлама халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, қоғамда табиғат қорғау мәселесіне деген жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894699