Enbekshi QazaQ

Қоғам

Семей, Приозерск қалаларында жас жауынгерлер Отанына адал болуға ант берді 02.12.2024
Абай және Приозерск гарнизондарының әскери бөлімдерінде әскери ант беруге арналған салтанатты рәсімдер өтті. Абай гарнизонында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары мен Қарағанды, Шымкент қалаларынан шақырылған 300-ден астам сарбаз командирлердің, Қарулы күштер ардагерлерінің және туыстарының қатысуымен Отанға адал болуға ант берді.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Азамат Кәкімжанов, 28738, 30217 әскери бөлімдерінің командирлері полковник Ермек Жұмағазин, подполковник Еркін Жоламанов жас сарбаздарды айтулы күнмен құттықтады. – Отанға қызмет етуге, оның мүдделерін қорғауға дайын болу – нағыз патриоттың басты қасиеті. Сіздер – елдің мақтанышы мен тірегісіздер, аға буынның жауынгерлік дәстүрлеріне лайықты болыңыздар. Әскери қызмет нағыз өмір мектебі болсын, – деді полковник Азамат Кәкімжанов. Еліміздің әр аймағынан келген жауынгерлердің туыстары мен жақындары салтанатты рәсімді мақтанышпен әрі толқумен тамашалады.– Бүгін біздің балаларымыз Отанның нағыз қорғаушысы болуға ант берді. Олардың өмір мектебінен лайықты өтіп, аман-сау үйге оралуын тілеймін. Әрдайым аспанымыз ашық болсын, – деді сарбаз анасы Райхан Жұмабекова. «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты Приозерск қаласының 06708 әскери бөлімінде 30 сарбаз әскери ант берді. Оларды әскерлер қолбасшысының орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы полковник Аслан Кітапбаев құттықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894601
Аида Балаева «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады 02.12.2024
Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау биыл үшінші рет өткізілді.Лауреаттарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері үшін жазушыларға ризашылығын білдірді.– «Айбоз» әдеби сыйлығы – сөз өнерінің майталмандарын дәріптейтін, олардың шығармашылығын елге танытатын ерекше сыйлық, – деді министр.Сондай-ақ, ол мемлекет тарапынан руханият саласына ерекше мән беріліп, ұдайы қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.– Жыл сайын Жазушылар одағы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп алматылық 400 қаламгерге, Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп астаналық 80 қаламгерге қала әкімдерінің гранттары табысталуда. Министрлік кітап саласында да жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, биыл қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу бағдарламасына бойынша 52 авторға қаламақы төленді. Жаңа кітаптар алдағы жылы көпшілік оқырманға жол тартады. Ал қайта басып шығару бағдарламасы бойынша 2023 жыл 134 кітап жарық көрсе, биыл жыл соңына дейін 189 жаңа кітап ел кітапханаларына таратылмақ, – деді Аида Балаева.Биыл министрлік Қазақстан Жазушылар одағымен «Стратегиялық әріптeстік» орнату бойынша үш жаңа жобаны жүзге асырды:Жас қаламгерлер «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы негізінде еліміздің өңірлеріне барып, жаңа шығармалар жазды. Жыл соңына дейін қазақ әдебиетіне жиырма жаңа туынды қосылып, әр жас қаламгер 4 млн теңге көлемінде қаламақы алады;Жас қаламгерлерге арналған «Жазушылардың шеберлік мектебі» ұйымдастырылып, отандық және шетелдік беделді қаламгерлердің дәрістері мен шеберлік сыныптары өтті;«ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы ұйымдастырылды.2024 жылы Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Герольд Бельгер секілді бірқатар қаламгерлердің мерейтойлық даталары кең көлемде атап өтілді.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуір Ұлттық кітап күні белгіленді. Осыған орай министрлік «Ұлттық кітап» байқауын жариялады.Министр әдебиет саласын қолдауға арналған бірқатар маңызды бастамаларға назар аударды. «Айбоз» сыйлығынан бөлек, жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға арналған әдебиет саласындағы сыйлық, «Дарын» секілді бірқатар сылықтар мен байқаулар ұйымдастырылып келеді.Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан жас жазушыларға арналған «Алқа» әдеби клубы құрылды. Жас жазушылар Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығы және Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби тур өткізді.– Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, дарынды авторларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын ашу мақсаттында жас қаламгерлерге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы жарияланғанын да айта кеткім келеді. Мұның бәрі ұлт әдебиетін, қаламгерлер қауымын қолдауға бағытталған кешенді жұмыстардың айқын көрінісі деп білеміз, – деп түйіндеді Аида Балаева.2024 жылы «Айбоз» сыйлығына 7 номинация бойынша 176 шығарма авторлары өтінім берді: «Үздік проза» – 57, «Үздік поэзия» – 37, «Үздік драматургия» – 16, «Үздік әдеби сын» – 13, «Үздік әдеби аударма» – 14, «Үздік балалар әдебиеті» – 31 және «Үздік комикс» – 8 өтінім.Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен «Махамбеттің өлім жазасы» романының авторы Бекет Қарашин «Үздік проза» номинациясының жеңімпазы атанды, «Үздік поэзия» номинациясында – «Айкөркем» балладасының авторы Маралтай Райымбекұлы жеңімпаз болды. «Үздік драматургия» номинациясында ең көп дауыс Думан Рамазанның «Әзірет Сұлтан» пьесасына берілді. «Үздік әдеби аударма» номинациясы бойынша Рауза Мұсабаева «Таң жұлдызы» жұмысымен жеңімпаз атанды. «Үздік балалар әдебиеті» номинациясында Төкен Әлжантегінің «Қызықтың бәрі ауылда» шығармасы үздік деп танылды. Ал «Үздік әдеби сын» номинациясында Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» еңбегі марапатқа ие болды. «Үздік комикс» авторы болып Жақсылық Сабитов «Жошы хан» жұмысымен танылды.Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.«Айбоз» – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық, ол отандық жазушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында беріледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894536
Қазақстандық өнерпаз Мәскеуде өткен Халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді 02.12.2024
Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті Нұрсұлтан Әнуарбек Мәскеуде өткен XXVIII Халықаралық «Романсиада-2024» орыс романсы байқауында бірінші орынды иеленді.«Романсиада» – Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қолдауымен өткізілетін маңызды байқау.Биыл бұл байқау 28-рет өтіп, ТМД елдері мен Еуропада аймақтық кезеңдері ұйымдастырылды.Осы кезеңдердің жеңімпаздары Мәскеуде өтетін финалға жолдама алды.Қазақстанда бұл байқау «Қазақ романсиадасы» атауымен Түркістан қаласында өтеді. Онда да Нұрсұлтан Әнуарбек жеңіске жеткен болатын.Нұрсұлтан Әнуарбек Италияда өткен «Caruso - De Curtis» халықаралық байқауында бірінші орын, сондай-ақ «Қазақ романсиадасы» байқауында Гран-при иегері. Басқа да көптеген беделді байқаулардың лауреаты.Сонымен қатар, ол бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894597
ТЖМ қызметкерлері джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды 02.12.2024
27 қараша және 2 желтоқсан аралығында Польша Республикасы Миколув қаласында СOMBAT JU-JITsu бойынша әлем чемпионаты өтті. Бұл халықаралық жарысқа 32 елден 860 спортшы қатысып, өзара шеберлік көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды.Қазақстан атынан сынға түскендердің қатарында Шымкент қаласы ТЖД жүргізушісі Акбар Елубайұлы, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 өрт сөндіру бөлімінің технигі Талант Тоқтыбаев және ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімінің технигі Олжас Батырхан да болды. Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметімен қатар, спортта да табысқа жеткен спортшыларымыз бұл жолы да үздік екендіктерін дәлелдеп, жүлделі орын алды. Акбар Елубайұлы 93 кг салмақта бірінші орынды алып, әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Ал Талант Тоқтыбаев 85 кг салмақта бірінші орын алып, алтын медальді иеленді және әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Олжас Батырхан 63 кг салмақта екінші орынды алып, күміс жүлдеге ие болды. «Әлемдік аренадағы жеңіс біз үшін жеке жетістік қана емес, еліміздің барлық құтқарушыларының жеңісі. Бірінші кезекте біз ТЖМ мен министрге қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Ең бастысы біздің бүгінгі жеңісіміз ғана емес, кез келген төтенше жағдайда біз қай жерде болмасын көмекке келуге дайынбыз», - деп атап өтті чемпиондар.Бұл жеңіс – спортшыларымыздың спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі.Спортшыларымыздың жеңісі – ел мақтанышы, олардың табандылығы мен еңбекқорлығы жас ұрпаққа үлгі. Осы жеңістерімен спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және спорттық мансабында әрі қарай да табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/894611
ЖАМБЫЛ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМІ 460 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Жамбыл жедел медициналық жәрдем станциясына ағымдағы жылдың 10 айында 481 627 өтініш келіп түсті, оның ішінде 459 405 шақыртуға қызмет көрсетілді.Емханалардың жанындағы «жедел жәрдем» бригадалары 4-санат бойынша 167 519 шақыртуға, 1-санат бойынша 27 мыңнан астам шақыртуға, 2 -анат бойынша 156 778 шақыртуға және 3-санат бойынша 103 943 шақыртуға шықты.9 880 жағдайда телефон арқылы консультация берілді. Облыстың стационарларына 89 944 пациент жеткізілді. Есепті кезеңде 21 сәтті реанимациялық іс-шара өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894538
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫ 7 МЛН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті.Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.«103»- ке шақырту түскен сәттен бастап пациентке жеткенге дейінгі ЖМЖ бригадасына жетудің орташа уақыты мынадай нормативке сәйкес келеді: жеделдіктің 1-санаты бойынша – 9 минут, жеделдіктің 2-санаты бойынша – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты бойынша – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.ЖМЖ қызметі ел бойынша 20 дербес станциядан, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 446 бригада жұмыс істейді.Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрайды.Бүгінгі таңда «жедел жәрдем» қызметінің теңгерімінде 2 355 бірлік, оның ішінде 1 482 бірлік қалада және 873 бірлік ауылдық жерде санитариялық автокөлік бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894541
ҚАЗАҚСТАНДА ТРАНСПЛАНТАТТАУ МАҚСАТЫНДА АҒЗАЛАРДЫ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ ӘЗІРЛЕНДІ 02.12.2024
University Medical Center-дегі қазақстандық кардиохирургтар командасы организмнен тыс ағзаларды сақтау үшін бірегей құрылғы жасау үстінде. Бұл трансплантатттау нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады, деп хабарлайды UMC.Жобаның шеңберінде мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ «тыныс алатын» өкпені және жұмыс істейтін бауырды сақтау үшін технологияларды әзірлеуде. Болашақта бүйрекке кеңейту жоспарлануда. Ағзаны өміршең күйінде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады.Организмнен тыс жүрек қызметі 29 сағат бойы сақталуы мүмкін екендігі, кейін сәтті трансплантатталатыны ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда тек бір құрылғы - Transmedics компаниясының американдық OCS жүйесі ағзалардың өміршеңдігін қауіпсіз және тиімді сақтауға мүмкіндік береді.«Біздің құрылғымыздың американдықтан басты айырмашылығы - бұл оқшауланған ағзаға ұзақ қолдауды білдіреді және американдық аналогтан айырмашылығы, біздің жүйеде ағзадан тыс тіршілік ету кезеңінде ағзаны емдеу көзделген және біз бұл ағзаны ультрадыбыстық, тамырішілік артериялық зерттеу арқылы емдей аламыз, бағалай аламыз, бұл жүректі нәрлендіреді және осылайша реципиенттің ағзаға ие болуын және трансплантаттаудан бас тарту немесе дисфункция қаупінің болмауын және ең бастысы қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді», — деді «University Medical Center» корпоративтік қорының «кардиохирургия» клиникалық академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894543
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ұлытау облысына келді 02.12.2024
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ұлытау облысына келді. Жұмыс сапарының аясында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесуге қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар өңірдегі экология мәселесін көтерді. Кездесуден кейін Экология және табиғи ресурстар министрі мен Ұлытау облысының әкімі Жезқазған мыс қорыту зауытында болып, күкірт қышқыл цехын жаңғырту үшін қолға алынған жобамен танысты. Ол ауаға таралатын залалды қышқылдың көлемін азайтуға ықпал етпек. Келесі кезекте министр Ұлытау облысының орталығындағы ботаникалық бақтың жайын бақылады. Бақылау барысында аумағы 70 га-ға жуық орынды тиімді пайдалану, жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жолдары талқыланды. Мақсат – облыс орталығын көгалдандыру жобасын қолға алу. Жұмыс сапарының соңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков аталған салада жұмыс атқаратын мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне жиын өткізді. Кездесу барысында өңір басшысы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының облыста жалғасып жатқанын және келер жылы облыстың абаттандырылу мен көгалдандырылуына арналатын жобаларға басымдық берілетінін жеткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі өз кезегінде полигондардың жұмысын реттеу, өндіріс орындарындағы зиянды қалдықтардың ауаға таралуымен күресу, контейнерлер мен техникалар санын көбейту және Жезқазғанда жасыл белдеу қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлытау облысының әкімдігі арасында өңірдегі экологиялық ахуалды қалыпқа келтіру үшін Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/894500
СҚО әкімі депутаттар алдында есеп берді 02.12.2024
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің дамуы туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Қатты су тасқынының зардабына қарамастан экономикада тұрақты өсім байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тасқында бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіру және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Өңір басшысы аймақтың негізгі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте көптеген жобалар іске асуда. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа үйлер салынып, жолдар жөнделуде, су жүйелері жаңартылуда. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы да басты назарда. Ғауез Нұрмұхамбетов жылыту маусымының өтуі туралы да айтты.Депутаттар өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеріп, сауалдарын қойды. Бұл талқылаулар алдағы жұмыстың басымдықтарын нақтылауға көмектеседі. Сондай-ақ, ҚР мәслихаттарының 30 жылдығына орай облыс дамуына үлес қосқан депутаттар марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/894480
«Көркемсөз шебері»: Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті 02.12.2024
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ерекше сайыс өткізді. Бибігүл Төлегенова атындағы «Creative» мектебінде мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтарына арналған «Көркемсөз шебері» қалалық мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларды көркем әдебиетпен таныстыру, тілін мәнерлі, бейнелі етуге машықтандыру, балалардың байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығын, тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін, сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.Байқауға 68 балабақшадан 68 қатысушы (мемлекеттік балабақша – 39, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан жекеменшік балабақшасы – 29) өз бақтарын сынады. №37 балабақшаның тәрбиеленушісі Айбегім Абітжан, «Алпамыс» балабақшаның тәрбиеленушісі Айсара Ескенова үздік танылып, «Астана дарыны» орталығының кубогын иеленді.І орын – 15 (№16 «Шағала» бб, №78 «Асыл» бб, №8 «Думан» бб, №67 «Шұғыла» бб, №9 «Нұршашу» бб, №18 «Аяжан» бб, №49 «Алтынай» бб, «Алпамыс» бб 5 тәрбиеленуші, «BI-BALA 2» бб 2 тәрбиеленуші, «Ақжол-РА» бб);ІІ орын – 21 (№52 «Еркетай» бб, №14 «Ақбөпе» бб, №86 «Зияткер» бб, №91 «Еңлік» бб, №23 «Алтын бесік» бб, №26 «Үміт» бб, №50 «Жұлдыз» бб, №51 «Алтын сандық» бб, №66 «Толағай» бб, «Бақытты бала IQ» бб, «Алпамыс» бб 5 тәрбиеленуші, ИРСУ «Аруана» бб 3 тәрбиеленуші, «Asyl besik» бб, «Kidz n Totz» бб, «Тәй тәй star» бб);ІІІ орын – 18 (№79 «Шабыт» бб, №31 «Ақ сұңқар» бб, №76 «Әдемі» бб, №54 «Нұр-Ай» бб, №35 «Ертегі» бб, №98 «Мирас» бб, №28 «Жұлдыз» санаториялық бб, №32 «Балдәурен» бб, №65 «Бал бала» бб, №68 «Балбұлақ» бб, «Ерке 2020» бб, «Исмар-К» бб, «Kidz n Totz» бб, «Asyl besik» бб 2 тәрбиеленуші, «Алпамыс» бб 3 тәрбиеленуші).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/894505
Алматы Катардағы халықаралық туристік көрмеде үздік дестинация деп танылды 02.12.2024
Катар астанасы Дохада өткен Qatar Travel Mart (QTM 2024) халықаралық туристік көрмеде Алматының стенді ұсынылды. Үш күндік көрмеге 60-қа жуық ел қатысып, іс-шараны 12 мыңнан астам адам тамашалады.Алматы стендінде өңірдің табиғи сұлулығы мен мәдени мұрасы таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі қазақ киімдерін киіп көруге және т.б. жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Көрме қорытындысы бойынша Алматы «Ең үздік туристік бағыт» номинациясында жеңімпаз атанды.Алматыны Visit Almaty орталығы, 6 қазақстандық туроператор және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты таныстырды. Қазақстандық және шетелдік туроператорлар арасында 100-ден астам B2B кездесу өткізіліп, қалаға 13 мыңнан астам шетелдік туристің келуін көздейтін 44 келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер іскерлік байланыстарды нығайтуға және Алматыдағы туристік лекті арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.«Біздің мақсатымыз – Алматының бай туристік әлеуетін, оның табиғи ландшафттарын, мәдени және тарихи орындарын халықаралық серіктестерге, инвесторларға және туристерге таныстыру. Көрмеде Парсы шығанағы елдерінің тұрғындары үшін негізгі туристік бағыт ретінде қаланың позициясын нығайтуға ерекше назар аударылды, себебі бұл аймақ қалаға тұрақты жоғары қызығушылық танытып отыр», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының бас маманы Алмас Ақпаев.«Бүгінгі таңда Доха мен Алматы арасында тікелей әуе рейстері бар, бұл Қазақстанмен танысқысы келетін туристер үшін сапарды айтарлықтай жеңілдетеді. Кездесулер нәтижесінде Алматыға деген қызығушылықтың арта түсетініне сенімдіміз», – деп туристік компания өкілі Айша Шәкенова мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық серіктестік орнатуға және Алматының әлемдік аренадағы орнын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Көрмеге келген қонақтар Алматыны туристік бағыт ретінде жоғары бағалады.«Алматы – міндетті түрде барғым келетін қала. Ол туралы көптеген жақсы пікір естідім. Шамасы, бұл іскерлік туризмді, демалысты және экотуризмді тамаша үйлестіретін орын», – деді Катар азаматы Тарик әл-Кубайси.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/894509
Марат Қарабаев тұрғындарды онлайн форматта жеке қабылдады 02.12.2024
Көлік министрлігінің басшысымен ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн форматтағы қабылдауға Астана қаласы, Абай, Қарағанды, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының 12 тұрғыны жазылды.Жеке қабылдауда тұрғындар жол жөндеу мен қаржыландыру, жеке тасымалдаушыларға субсидия беру, елорданың айналма темір жолын салу, сондай-ақ Абай өңіріндегі көліктік бақылау инспекциясының жұмысы туралы сауалдар қойды.Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894485
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік: «ҚазҚСҒЗИ» АҚ тұрғын үйді 9 баллға дейінгі жүктемеге сынайды 02.12.2024
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматы қаласында орналасқан 13 қабатты тұрғын үйге вибродинамикалық сынақтар жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл зерттеулер «РАМС Қазақстан» ЖШС құрылыс компаниясының тапсырысы бойынша орындалады.Қазіргі уақытта ғимаратта құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары сынақтарды өткізу үшін дайындық іс-шараларын орындауда.Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаты-сейсмикалық жүктемелерге ұқсас жүктемелер кезінде тұрғын үй ғимаратының қабырғалық құрылымдық жүйелерінің өзгеріс ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ оны жобалау кезінде қабылданған есептік алғышарттардың дұрыстығын тексеру.Жер сілкінісіне төзімділікті сынау барысында тұрғын үйдің конструктивтік схемасы тексеріледі, сынақ процесінде объектінің деформациясының ерекшеліктері мен динамикалық параметрлері анықталады, сондай-ақ әр кезеңнен кейін визуалды тексеру жүргізіледі.Ғимаратты сынау мерзімі-2024 жылдың 26 қарашасынан 6 желтоқсанына дейін. Сынақ нәтижелері бойынша тапсырыс беруші ғимараттың сипаттамаларын талдап және пайдалануға берер алдында анықталған кемшіліктерді жою үшін ғылыми-техникалық есепті қолдана алады.Вибродинамикалық сынақтар (вибро және сейсмикалық платформалардағы шағын ғимараттарды сынауды қоспағанда) қолданыстағы құрылыс жағдайында табиғи ғимараттарды сынауға және нақты жер сілкіністерінен кейін объектілердің жай-күйін теориялық болжау үшін қажетті деректерді алуға мүмкіндік беретін іс жүзінде жалғыз әдіс болып табылады.«ҚазҚСҒЗИ» АҚ ғимараттар мен құрылыстарға осындай табиғи сынақтар жүргізетін ТМД-да жалғыз институт болып табылады. Институттың қызметі құрылыс объектілерінің сенімділігі мен сейсмикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған, бұл сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлер үшін ерекше маңызға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/894421
«Жаңа формация басшысы» жоба қатысушылары ӨҚМ Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты 02.12.2024
2 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Nazarbayev Uiversity бірлесіп ұйымдастырған «Жаңа формация басшысы» жоғары лауазымды жетекшілердің қайта даярлау бағдарламасының қатысушылары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттіліктерін және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық технологияларды енгізу процесімен таныстырды. Өңір аппарат басшылары мен аудан әкімдеріне көктемгі су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру бойынша Ахуалдық орталығының оң тәжірибесі баяндалды. Еске салсақ, су тасқынынан 10 облыс, 47 аудан, 5 облыс орталығы және 224 елді мекен зардап шеккен болатын. 11 987 тұрғын үй мен 5 616 саяжайларға зиян келтірілді. Зардап шеккен аймақтармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2 680 жаңа үй салынды, 5 767 тұрғын үй мен пәтер сатып алынды, 9 156 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді.Одан бөлек, Жәннат Дүбірова «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры», «ТКШ бірыңғай платформасы» және «ТКШ бірыңғай деректер бұлты» жобаларын таныстырды.Вице-министр бақылау, ашықтық, процесстердің оңтайландыруын жақсартудағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудың маңызды рөлін атап өтті. Бұл бюрократиялық рәсімдерді алып тастауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге көмектеседі.Сондай-ақ, қатысушылар министрлік жүзеге асырып жатқан жобалар, соның ішінде үлестік құрылыс мониторингі, Бірыңғай төлем құжатын аудан мен ауыл деңгейінде кеңейту мәселелері туралы ақпарат алды.Іс-шара соңында қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, пікір алмаса отырып, тәжірибелік кейстерімен бөлісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/894532
2024 жылдың қыркүйек-қараша айларында 2,9 млн тонна жаңа астық экспортталды 02.12.2024
«ҚТЖ» ҰК» АҚ деректері бойынша қараша айында ҚТЖ желісі бойынша 1,4 млн тоннадан астам жаңа астық тиелді, бұл алғаш рет осындай айлық астық тасымалдау көлемі болып табылады. Республика ішінде - 350 мың тонна және экспортқа - 1 млн тоннадан астам.2024 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін 3,7 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 45% - ға артық. Оның ішінде 2,9 млн тонна экспортқа бағытталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 51% - ға артық, ішкі қатынастар бойынша-793 мың тонна.Жаңа егіннің астық экспорты оң серпінді көрсетіп отыр: Орталық Азия елдеріне ӨСІМ 35% -. құрады, Ауғанстанға жөнелту 58% - ға ұлғайды. Иран бағытындағы тасымалдар өткен жылы 14 мың тоннаға қарағанда 356 мың тоннаға дейін өсті. Қытайға қабылдаушы Тараптың қуаттылығына сәйкес 445 мың тонна жөнелтілді.ҚТЖ РФ бағытында, сондай-ақ екі айда 104 мың тонна жөнелтілген Әзірбайжан сияқты жаңа нарықтарға дәнді дақылдардың кедергісіз шығуын қамтамасыз етеді.Үкімет қойған ел ішінде астықты көшіру есебінен элеваторларды босату жөніндегі міндеттер толық көлемде орындалады, үш айда +29% өсіммен 793 мың тонна тасымалданды.Негізгі тұтынушылар-елдің оңтүстігіндегі ұн тартатын кәсіпорындар, одан кейін құс фабрикалары мен басқа да астық өңдеушілер келеді.Жылжымалы құрам жеткілікті мөлшерде бар, тарту ресурстары жөнелтушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Астық штабтары мен топтары тәулік бойы жаңа дақылдың астық шығарылуын бақылайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/894452
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН РОСПОТРЕБНАДЗОР БІРҚАТАР БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖАНДАНДЫРУҒА КЕЛІСТІ 02.12.2024
Бүгін Астанада РФ президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың тұтынушылардың құқықтары мен адам әл-ауқатын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі федералды қызметтің басшысы-РФ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Анна Поповамен кездесуі өтті.Кездесу күн тәртібінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және осы маңызды бағыттағы өзара іс-қимылдың одан әрі векторы мәселелері талқыланды.Тараптар көршілес екі мемлекет денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді берік және сенімді әріптестікті байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар, олар біртұтас эпидемиологиялық кеңістікпен байланысты, бұл обаның трансшекаралық ошақтары, қауіпті инфекциялық аурулармен және вакцинамен басқарылатын инфекциялар қаупі.«Пандемиядан кейін жаңа инфекциялар, биоқауіптер сияқты әртүрлі биологиялық қауіптер ерекше қауіп төндіреді, сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелері күш-жігерді біріктіруді талап етеді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді:• биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;• санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою;• полиомиелит, қызылша және қызамық, тұмауды иммундау және зертханалық диагностикалау мәселелері бойынша ынтымақтастық;• бірлескен ғылыми зерттеулер және диагностикалық тест жүйелерін, иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу;• микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу бойынша күзет зертханаларының мамандарын оқыту;• тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерінің алдын алу, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, техникалық реттеу және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.Ұсынылған бастамаларды іске асыру нәтижесінде елдер санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, инфекциялық аурулардың таралуын тиімді болдырмауға және халықтың жалпы денсаулығын жақсартуға сенеді.💬Кездесу соңында тараптар қолданыстағы уағдаластықтар шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ санитариялық қауіпсіздік пен эпидемиология саласындағы негізгі міндеттерді шешу үшін тәжірибе мен ресурстар алмасуды жолға қоюға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894459
ҚР ЖӘНЕ РФ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛЕРІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫН БЕЛГІЛЕДІ 02.12.2024
РФ президентінің Астанаға мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан мен Ресей Денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы медициналық көмектің сапасын жақсартуға және екі ел халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болды.Келіссөздер барысында тараптар бірқатар ауруларды емдеуде инновациялық технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасуды, денсаулық сақтаудың бастапқы буынын жаңғыртуды, медицинада заманауи цифрлық технологияларды енгізуді, медицина кадрларын даярлау саласындағы әріптестікті дамытуды қоса алғанда, бірлескен жұмыстың өзекті мәселелерін талқылады.Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко елдің жетекші республикалық клиникаларының жұмысымен танысты. Ол UMC жүрек орталығының бөлімшелеріне барды, онда жылына 10 мыңға дейін жүрек операциясы жасалады, оның ішінде 2000 ашық жүрек операциясы және 700-ден астам балаға жасалады.Сапар барысында онкологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеуге арналған озық жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған ядролық медицина, сәулелік және протондық терапия орталықтары орналасқан Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы Ресей делегациясының ерекше қызығушылығын тудырды. Жаңа клиника Қазақстан мен ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірыңғай кешенді мультидисциплиналық жүйе қағидаты бойынша құрылған бірегей медициналық кластер болып табылады.Әрі қарай Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Медициналық авиацияның қызметімен, жаңа көпбейінді ауруханамен және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығының қабырғасындағы жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен танысты. Ол сондай-ақ күрделі патологияларды емдеудің инновациялық әдістерін атап өтіп, Ұлттық нейрохирургия орталығына барған кезде медициналық көмек көрсету деңгейін жоғары бағалады.«Біз әрбір азаматтың денсаулығын жақсарту үшін күш біріктіруге дайынбыз. Біздің әріптестігіміз денсаулық сақтау саласындағы озық шешімдерді енгізу және медициналық көмектің тұрақты жүйесін құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова.Кездесудің қорытындысы бойынша екі мемлекеттің министрлері медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға деген сенім мен ортақ мүдделіліктің жоғары деңгейін атап өтіп, тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Сапар соңында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, ол ұзақ мерзімді перспективада өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары мен нысандарын қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894477
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ САЛМАҒЫ АЗ БАЛАЛАРҒА ДОНОРЛЫҚ БАУЫРДЫ АУЫСТЫРЫП ҚОНДЫРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ 02.12.2024
Алғаш рет «University Medical Center» КҚ трансплантолог дәрігерлері 8 және 12 айлық салмағы төмен екі кішкентай пациенттерге туысқан донорлардан бауырды ауыстырып қондыруды жүргізді. Мұндай операциялардың ерекшелігі өте ауыр тұрақсыз жағдайдағы бауырдың декомпенсацияланған жеткіліксіздігі.* Салмағы аз пациенттерге бауырды трансплантаттау Ұлттық балалар денсаулығы және даму орталығынан (Жапония) жетекші трансплантолог-хирург пен реаниматологты шақыра отырып, мастер-класс шеңберінде жүргізілді.Мастер-класс барысында «Қазақстан халқына»Қоғамдық Қорының қолдауымен 25-тен астам медицина маманы мен резидент оқытылды.Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі - донорлық ағзаларды трансплантаттау.Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығының мәліметінше, 2012 жылдан бастап ҚР-да 500-ден астам бауырдың трансплантаттауы, оның ішінде «University Medical Center» КҚ Ана мен бала орталығында балаларға 20 бауырды транспланатттау жүргізілген.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық донорлық пен трансплантаттау обсерваториясының жұмыс деректеріне сәйкес жиілігі бойынша әлемде 2-ші орында бола отырып, дүние жүзінде жыл сайын 100 800 ауыстырып қондыру, оның ішінде 10 600 бауырды ауыстырып қондыру жүзеге асырылады.Бауыр ауруы жыл сайын екі миллион өлімнің себебі және барлық өлімнің 4%-ының себебі болып табылады (әлемдегі әрбір 25 өлімнің 1-і).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894493
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ РЕВМАТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДЕНСИТОМЕТРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ 02.12.2024
Жамбыл облыстық ревматология орталығы енді заманауи денситометрмен жабдықталды. Бұл – сүйек тінінің минералды тығыздығын бағалауға арналған бірегей аппарат.Денситометрия – бұл жылдам, дәл және ауыртпалықсыз диагностика әдісі, ол мүмкіндік береді:🔹 Остеопорозды ерте кезеңде анықтауға;🔹 Сүйек сынуының қаупін бағалауға;🔹 Ревматоидты артрит, жүйелі остеопороз, псориатикалық артрит және басқа да аурулар кезінде сүйек тінінің жағдайын анықтауға;🔹 Гормоналды немесе минералды алмасуға әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдайтын науқастардың сүйек жағдайын бақылауға;🔹 Жарақаттар мен операциялардан кейінгі сүйек тығыздығының бұзылуын анықтауға.Бұл тексеру кімдер үшін маңызды?☑️ 50 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ерлер;☑️ Ревматологиялық аурулары бар науқастар (ревматоидты артрит, остеопороз және т.б.);☑️ Аз жарақаттардың өзінен сүйек сынуын бастан өткерген адамдар;☑️ Ұзақ уақыт бойы гормоналды препараттарды қабылдап жүрген пациенттер;☑️ Остеопорозбен ауыратын жақын туыстары бар жандар.Неліктен бұл маңызды?Остеопороз көбінесе «үнсіз ауру» деп аталады, себебі ол ұзақ уақыт бойы ешқандай симптомсыз жүруі мүмкін, бірақ ауыр салдарға – омыртқа, жамбас сүйегі және басқа сүйектердің сынуына әкелуі мүмкін. Ерте диагностика емдеуді уақтылы бастауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.Енді бұл зерттеуді Жамбыл облыстық ревматология орталығында өтуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894506
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ ИНСУЛЬТ АЛҒАН 66 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ 02.12.2024
Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының нейрохирург дәрігерлері, невропатологтары мен реаниматологтары миішілік қан кетудің ауыр түрімен ауырған әйелдің өмірін сақтап қалды.Ол ми тамырының жарылуы нәтижесінде кома жағдайында медициналық мекемеге түсті.«Пациентке артқы ми артериясының аневризмасының жарылуы диагнозы қойылды. Бұл асқыну кома, парез, аяқ-қолдың сал ауруы түрінде неврологиялық тапшылыққа әкеледі. Компьютерлік томографияның нәтижелері мидың бұзылуы және өлімге әкелуі мүмкін мишыққа, ми діңіне қан кетуді көрсетті"», - дейді пациенттің емдеуші дәрігері Гүлнара Бөпешбаева.Пациентке нейрохирург дәрігер Марат Римұлч Ғизатуллин сәтті операция жасады. Ол сыртқы вентикулярлық дренаж жүргізді. Сондай-ақ, өмірді сақтпп қалуға реаниматолог дәрігерлер Үдербаева Карина Өмірғалиқызы, Мұратбеков Марат Сарсекұлы, Жиренбаев Данияр Қаратайұлы, Телағұсов Қуаныш Ордабайұлы, Рахимов Қанат Исабекұлы қатысты, олар барлық қажетті алғашқы көмек көрсетіп, күрделі операцияға қатысып, операциядан кейінгі кезеңде көмек көрсетті. Мұндай диагнозбен тірі қалу деңгейі өте сирек кездесетінін айта кету керек.Дәрігерлердің айтуынша, аурудың бұл түрінің дамуының негізгі себебі артериялық гипертензия нәтижесінде тамырдың жарылуы болып табылады. Сонымен қатар, қан кетудің себебі қанды сұйылтатын препараттарды, ми артерияларының патологиялық өзгерген қабырғаларын, ісіктерді және басқа да бірқатар патологияларды бақылаусыз қабылдау болуы мүмкін:Өмірін сақтап қалған әйелдің ұлы дәрігерлерге біліктілігі, үйлесімді командалық жұмысы үшін шексіз ризашылығын білдіреді және анасының өмір сеқтап қалған мамандарға зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.Енді операциядан кейін бір ай өткен соң пациент мамандандырылған медициналық орталықтарда оңалтудан өтеді. Жақындары мен дәрігерлер өмірлік маңызды функциялардың қалпына келуін үлкен үмітпен күтеді.Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894518