Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Қарттарым – асыл қазынам»: Тәуелсіздік күніне орай зейнеткерлер арасында шахматтан турнир өтті 02.12.2024
ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында елордадағы Байқоңыр ауданы зейнеткерлерінің арасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Жарысқа 60 жастан асқан 30-ға жуық зейнеткер қатысты. Айналма жүйесімен өткен турнир 3 күнге созылды. Нәтижесінде, белсенді қариялардың арасынан шахмат үздіктері анықталды.Ерлер арасында:1-орын – Ілияс Калин;1-орын – Асқар Отарғалиев;2-орын – Шакирбек Тыштыбаев;3-орын – Бахытбек Байтеміров.Әйелдер арасында:1-орын – Райхан Калелова;2-орын – Қорлан Атушова;3-орын – Батима Түсіпова.Жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубок және бағалы сыйлықтар табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/894281
Алматыда 955 орындық жаңа жатақхананың құрылысы басталды 02.12.2024
Алматыда Satpaev University студенттері үшін салынатын тоғыз қабатты жаңа жатақхананың іргетасына капсула салу рәсімі өтті.Жаңа жатақхана 319 тұрғын бөлмеден тұрады және 955 студентке арналған. Тоғыз қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 11 мың шаршы метрден асады, ал құрылыс алаңы – шамамен 1 гектар. Сондай-ақ, 15 көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Аталмыш жатақхана жоспар бойынша 2026 жылы студенттерге пайдалануға берілмек.Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше 2024 жылы 4500 төсектік 16 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, оның ішінде 1600 орындық 6 нысан оқу жылының басына дейін пайдалануға берілді. Салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылы Алматыда 4000 жаңа төсек-орын ашылған еді.Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінген.Анықтама үшін: +77015282837 – студенттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/894277
Алматыда екі жаңа емхана Бостандық ауданында пайда болады 02.12.2024
Алматының Бостандық ауданында 500 келушіге арналған екі жаңа емхана салынады. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді.«Халықпен кездесулердің бірінде сіздер Левитан және Серкебаев көшелерінің ауданында емхана салу жоспарланып отырғанын айттыңыздар. Айтыңызшы, құрылыс салына ма?»,- деп сұрады қала тұрғыны.«Бостандық ауданында біз екі үлкен емхана салып жатырмыз: Левитан - Серкебаев және Сырғабеков көшелерінің қиылысында. Екі емхана да 500 келушіге арналған, Олардың жанында томографтар мен МРТ бар клиникалық-диагностикалық орталық болады», - деп атап өтті әкім.Емханалардың құрылысы 2025 жылға арналған бюджет жобасына енгізіліп, құрылыс келесі жылдың көктемінде басталады деп күтілуде.Бүгінгі таңда Бостандық ауданының тұрғындарына төрт мемлекеттік емхана қызмет көрсетеді: №4, 7, 12, 17, сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жеке медициналық орталықтар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/894282
JOLTAP: тігін шеберлігінен дәріс алған елордалық бағдарлама жайлы ойымен бөлісті 02.12.2024
JOLTAP әлеуметтік бағдарламасы елорда азаматтарына жаңа кәсіптерді тегін меңгеруге жол ашады. Жоба қатысушылары әртүрлі деңгейдегі тәжірибесіне қарамастан, аз уақыттың ішінде білікті маман атануға мүмкіндік алды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.JOLTAP жобасы аясында тігін шеберлігінен дәріс алған Эльвира Тоқтамыс 3 апталық курс жайлы пікірін бөлісті. Астана тұрғыны өз сөзінде аз уақыт аралығында тек белгілі бір киім үлгісін тігуді ғана емес, пішуді және тігуді бастан-аяқ үйрететіні білікті маман атануға үлкен қадам екенін атап өтті.«Тігін тігуді үйреніп, оны кәсібіме айналдыруды мақсат еткеніме көп болды. Бұл JOLTAP бағдарламасына дейін екі түрлі ақылы курсқа қатыстым, дегенмен біліктілігімді арттырып, жақсы тігінші болуға көмектескен осы курс қана. Алғашында қарапайым тігу әдістерін үйреткенде, «не қажеті бар» деп ойлап едім, бірақ осы сабақтардың арқасында кез келген киімнің пішінін қайталай алатын болдым», - дейді Эльвира Тоқтамыс.Эльвира – жеке кәсіпкер және HR маманы. Өзі де дәріс оқып, жаңа бухгалтер мамандарына Exсel және 1C бағдарламаларында жұмыс істеуді үйретеді. Сол себепті аталмыш жоба оқытушыларының еңбегін жоғары бағалады.«Маған күніне екі аудиторияға дәріс оқудың өзі ауыр. Ал оқытушымыз күніне он сағат дәріс оқыса да, әрдайым ашық-жарқын, көмектесуге дайын болды. Маман ретінде де оның жұмыс дағдыларының орасан зор екенін байқайсыз», - деді жоба қатысушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/894261
Астанада «Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті 02.12.2024
Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.Іс-шара «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестік аясында ұйымдастырылды.Қатысушылар түрлі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары арасындағы тиімді серіктестік, диалог пен сенім арқылы азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың негізгі аспектілеріді талқылады.Дөңгелек үстелге орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің барлыө өңірлерінен ҮЕҰ басшылары қатысты.Айта кетейік, бүгінде азаматтық сектор қызметінде қарқын алды. Мысалы, ҮЕҰ саны 2008 жылдан бастап 2,5 есе өсті. Республика бойынша 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Соның ішінде 17 мың ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894243
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫНА 130 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ 02.12.2024
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Көрсеткіш қандай? Нендей мәселелер бар? Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе күн тәртібіне қойылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды.– Ауыл шаруашылығында өнім көлемін ұлғайту индикаторы толық орындалуы тиіс. Салаға инвестиция тарту, өсімдік, мал шаруашылығында өнімді молайту, техникалық паркті жаңарту бағытында да міндеттер жүктелген. Жыл сайын су тапшылығы сезіліп жатыр. Аудан, қалаларда су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Тапсырманы орындай алмаған сала басшыларына тиісті шара көріледі. Әрбір индикатордың артында елдің әлеуметтік жағдайы тұр. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтты.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, 10 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемінің өсімі 105,8 пайызды құрап, 957,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.Аудан, қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы бойынша дәнді дақылдар 1,3 есе (1061,1 мың тн.), картоп дақылы 115 пайызға (330,1 мың тн.), көкөніс 103 пайызға (1231 мың тн.), бақша 114 пайызға (1967 мың тн.), малазықтық дақылдар 111 пайызға (5,5 млн. тн.) артығымен жиналған. 11 ай және жыл қорытындысымын мәліметтерді толық статистикалық есепке енгізуді қамтамасыз ету қажет.Ауыл шаруашылығы техникалар паркін 6,5 пайызға жаңалау жоспарланған. Бүгінгі күнге, 1 655 дана техника сатып алынып, жаңалау үлесі 6,5 пайызды құрап, жылдық жоспар орындалған.Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына 130 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе (145,7 %), тамақ өндірісінің негізгі капиталына 22,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе (186,9 %) артқан.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында, жыл басында 16 даму көрсеткіштері бекітіліп, ай сайын тұрақты рейтингтік бағалау жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894241
БҚО-да «ТАЗА АУЛА» акциясы жалғасуда 02.12.2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Орал қаласында «Таза аула» экологиялық науқаны бастау алды. Бүгінде «Таза Аула» акциясы еріктілердің басын қосып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы берілген өтініштерін жерге қалдырған жоқ. Соған сай белгіленген мекенжайға «Таза Қазақстан » автобусына тиелген құрал жабдықтарымен бірге берілген аумақты тазалауға келді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялықлық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азайған жоқ. Ұйымдастырылған игі бастамаға үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар белсене қатысты. Осы сәтті пайдалана отырып, қала тұрғындарын, жастарды акцияға қатысуға шақырамыз, өйткені қаланың гүлденуі мен абаттандырылуы біздің қолымызда,- деді БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Бектұрсынов Аманат.Акция соңында, жергілікті тұрғындар өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.Бүгінгі таңда санитарлық жұмыстарға 175 мыңнан астам тұрғын және 4 мың мекеме мен кәсіпорын қатысты. Акция аясында 80 мыңнан астам аула, оның ішінде 2610 көпқабатты үйдің аумағы және 77 мыңнан астам жеке тұрғын үйдің аумағы жиналды. Сондай-ақ, 247 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 60 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, 7 мыңнан астам тротуар плиталары жөнделді. 1273 әлеуметтік нысанның аумағы мен 1280 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 1810 бірлік техника жұмылдырылып, 72160 тонна қоқыс шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/894205
Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды 02.12.2024
2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оның еңбегінің ұлт тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді:«Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз».Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.Кегендегі балалар өнер мектебі2015 жылы құрылған Кеген ауылындағы балалар өнер мектебі балаларға домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша білім береді. Бүгінгі таңда мектепте 44 педагогтың басшылығымен 890 оқушы білім алуда.Мектептің бөлімшелері аудандағы 12 елді мекенде орналасқан, бұл балаларға қосымша білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың жетістіктері айтарлықтай: халықаралық байқауларда – 38, республикалық деңгейде – 176, облыстық сайыстарда – 158, аудандық жарыстарда – 82 жүлделі орындарға ие болды.Мектептің дамуы мен жетістіктері арқылы Кеген өңірінде мәдениет пен өнерді насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/894187
Астанада Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі жетекшілерінің кеңесі өтті 02.12.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі жетекшілерінің басын қосқан «Диалог және болашаққа арналған жоспарлар» тақырыбындағы кездесуінде сөз сөйледі. Кездесу барысында тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуының негізгі мәселелері, халықаралық ынтымақтастық перспективалары және Қазақстанның тау-кен саласына шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Франция Төтенше және Өкілетті Елшілері, сондай-ақ Канада және Түркия дипломатиялық миссияларының жоғары лауазымды өкілдері және Қазақстан тау-кен палатасының 30-дан астам жетекші мүше-компаниялары іс-шараға қатысты.Министр соңғы 5 жылда еліміздің геологиялық ұмтылысы миллиард долларды құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ, оның пікірінше, Министрлік бұл салаға 200 млн долларға жуық инвестиция салған және бұл көрсеткіш өсім көрсетіп келе жатқанын айтты.«Біз Орталық Азиядағы емес, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ең тартымды тау-кен секторларының бірін құрайтын боламыз», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.Елге геологиялық барлаудың жаңа әлемдік көшбасшылары келеді, қызметтерде мультипликаторлық әсер байқалады деді өз алғы сөзінде Қазақстанның тау-кен палатасының президенті Руслан Баймишев. Геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін жаңа отандық мамандандырылған кәсіпорындар құрылуда. Бұрғылау, геофизика және геохимия қызметтері нарығы жаңа құзіреттіліктермен толықтырылуда.Одан бөлек, «Тау-кен өнеркәсібінің даму перспективалары» тақырыбында ашық сессия өткізіліп, Палата мүшелерінің өзекті мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Алмас Кушумов кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Министрліктің цифрландыру, заңнамаға өзгерістер енгізу және электронды аукциондарды өткізу бойынша жұмысына тоқталды. Сондай-ақ, ол Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.Іс-шара инвесторлардың тәуекелдерін азайту, заманауи әлеуметтік-жауапты инвестордың объективті бет-бейнесі бойынша имидждік жұмыс жасау мақсатында проблемалар мен болашаққа арналған жоспарларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Палата сондай-ақ өнеркәсіптік саясаттағы бастамалар, Жер қойнауы туралы кодексті түзету бастамалары бойынша жұмыс істеуде Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/894240
Ақтауда жас матростар жауынгерлік кемелерде қызметке дайындықтың бастапқы кезеңінен өтті 02.12.2024
Әскери-теңіз күштерінің оқу орталығында кіші кеме мамандарының жиыны өтті.Матростар он күн ішінде жалпы кеме және арнайы дайындық негіздерін игерді. Жиын бағдарламасы кеменің құрылымын зерделеуді, кеме қызметін ұйымдастыруды және кеменің өміршеңдігі үшін күресте іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеуді қамтыды. Кемеде жұмыс істеудің қауіпсіздігі мен тиімділігіне ерекше назар аударылды. – Жиында матростар кемелердің штурмандық, зымырандық-артиллериялық және электромеханикалық жауынгерлік бөлімдері техниктерінің мамандықтарын игерді. Оқудан кейін олар әртекті кемелер дивизионының жауынгерлік кемелерінде қызмет ететін болады, – деп түсіндірді «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі капитан-лейтенант Ермек Оспанов.Жиын аяқталғаннан кейін салтанатты жағдайда Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары 1-дәрежелі капитан Данияр Хайрушев матростарға тиісті сертификаттарды табыс етті.Өткізілген жиын еліміздің Әскери-теңіз күштері құрамында қызмет атқаратын жас мамандарды даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894210
Алматы облысында Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті 02.12.2024
Алматы облысында Өтеген Батыр ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан «Sagadat Batyr» халықаралық ашық турнирі өтті.4 жастан 13 жасқа дейінгі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 400-ден астам спортшы қатысты. Жас спортшылардың жекпе-жегін Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, Олимпиада чемпионы Василий Жиров және Сағадат Нұрмағамбетовтің қызы Айсұлу Нұрмағамбетова сияқты құрметті қонақтар тамашалады.Турнирдің басты мақсаты – қаһарман батырларымыздың ерлігін ұлықтау, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894238
ШУ ӨЗЕНІ СУЫН МОЛАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛЫП, МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ 02.12.2024
Соңғы жылдары Шу өзені суының Созақ ауданы аумағына келіп жайылуы, «Тасөткел» су қоймасынан Шу өзенінің төменгі арнасына экологиялық су тастау жүйесінің бұзылуы аудан тұрғындарын алаңдатқан басты мәселеге айналды.Бұған дейін су үрдісінің кешігіп, аз мөлшерде келуі экологиялық жағдайға теріс әсер ететіні жөнінде тиісті орындарға бірнеше рет хат жолданып келді.Бүгін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Су шаруашылығы комитеті және «Шу-Талас» бассейндік инспекциясы аталған мәселені шешу жолдарын қарастыру үшін арнайы жиын өткізді.Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында өткен жиынға министр Нұржан Нұржігітов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және аудан депутаттары мен ардагерлер, БАҚ өкілдері, сондай-ақ су шаруашылығы саласының мамандары қатысты.Алғашқы жиын Мойынқұм ауданындағы Гуляев шабындық алқабының маңында орналасқан «Радай» аумағында өтті. Мұнда Шу өзені арнасының ауданға келіп жайылуының экологиялық маңыздылығы талқыланып, аудан ардагерлері мен мамандар өз пікірлерін білдірді. «Фурманов» су торабынан Созақ ауданына арнайы қазылған 120 шақырымдық айналма каналының жай-күйі сөз болды. Жағдайын тексеру мақсатында жиын «Фурманов» су торабының басында жалғасты.Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 120 шақырымдық айналма канал бойымен жүріп, оның құрылымын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуді тапсырды. Нұрбол Тұрашбеков бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстардың заң аясында ұйымдастырылып, мерзімінен кешікпей жүзеге асуын қадағалайтынын жеткізді.Шу өзенінен Созақ ауданына бағытталатын судың мөлшерін арттыру мәселесі де кеңінен талқыланды. Шу өзенінің суын аудан аумағына ақпан айының соңына дейін жеткізу келісілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893992
САРЫАҒАШТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 02.12.2024
Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округі мен Атамекен елді мекенінің тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Аталған шараға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.Бұл елді мекендегі тұрғын үйлерге газ құбыры мен орамішілік газ тарту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп,«ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесіне атқарушы техникалық құжаттары толық жинақталған. Бүгінде мердігер мекеме «Аша-А» ЖШС-і тарапынан 2 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылды. Алдағы уақытта, елді мекеннің қалған тұрғын үйлерін табиғи газға қосу жұмыстары жалғасатын болады.Айта кетсек, ауданға қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Ауданға қарасты 63 елді мекеннің ішінде 49 елді мекен көгілдір отынмен қамтылған. Қазіргі таңда 4 елді мекенді: Жылға, Шеңгелді, 51 разъезд, Ердәуітті газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылып, тағы 5 елді мекенді табиғи газбен қамту мақсатында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.Сондай-ақ биылғы жылы ауданға қарасты 4 елді мекен атап айтқанда: Шайхана, Дербісек, Береке, Құрамада ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бүгінде Жылға,Жонарық, Құркелес елді мекендерінің ауыз су құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қаралып, құрылысы 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар облыстық және республикалық бюджеттерден 8 елді мекенге олар: Ж Достық е/м, Құркелес а/о Алғабас, Ақниет елді мекендері және Жібек жолы а/о Жібек жолы, Қарабау, Сарқырама, Зортөбе, Жаңақұрылысты таза ауыз сумен қамту жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893995
ТҮРКІСТАНДА «ARAL – 2024» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ I САММИТІ ӨТТІ 02.12.2024
Түркістанда «ARAL – 2024» жасылдар партияларының халықаралық І саммиті өтті. Самитке Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріндегі жасыл партиялардың жетекшілері мен табиғат жанашырлары жиналды. Олар апатқа ұшыраған Арал аумағын оңалту, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, климаттық өзгерістерге төтеп беру тақырыптарын талқылап, экологиялық мәселелерді бірлесе шешудің жолдарын саралады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арал теңізін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдері мен экологиялық мәдениетті қалыптыруда серпін беретін «Таза Қазақстан» бастамасының маңызын ерекше атап өтті.Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев су қауіпсіздігі Орталық Азиядағы ең өзекті мәселе екенін айтты. Сонымен қатар саммитте Қырғызстан Жасылдар партиясының төрағасы Еркін Бөлекбаев, Ресейдің экологиялық «Жасылдар» партиясының тең төрайымы Александра Кудзагова, Моңғолияның «Азаматтық ерік» Жасыл партиясы төрағасының орынбасары Тогоочийн Бат-Эрдэнэ, Өзбекстан экологиялық партиясының өкілі Комилжон Жураев тұшымды ой-тұжырымдарын жеткізді.Саммит барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Моңғолия жасыл партиялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар табиғатты қорғау шараларын өткізу, халық арасында экологиялық білім мен үгіт-насихатты бірлесіп кеңейту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы тәжірибе мен білім алмасу жөнінде келісімге келді. Сонымен бірге жасыл партиялардың жетекшілері айтулы саммитті тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.Халықаралық саммиттің соңы «Байтақ» партиясының құрылғанына 2 жыл толуына орайластырылған салтанатты жиынға жалғасты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, облыс басшысының жылы лебізін жеткізді. Сонымен қоса құндылығы жоғары халықаралық саммиттің іске асуына ұйытқы болған «Байтақ» жасылдар партиясына алғысын білдірді.– Түркістан облысында Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Биылғы жылы облыс аумағында жалпы 1 миллион түп ағаш отырғызылды. Түркістан қаласының айналасынан жасыл белдеу құруға 30 мың гектар жер қаралып, қазіргі таңда аумаққа ағаштар отырғызылып жатыр. Осы жұмыстардың бәрі ауқымды. Біздің басты мақсатымыздың бірі – еліміздің, оның ішінде аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсарту. Су ресурстарын тиімді пайдалануға, су тапшылығының алдын алу үшін үнемдеу технологияларын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі халықаралық саммит Орта Азияның, Арал теңізінің ғана емес, Түркістан облысының экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз. Осы бағытта жұмыстарымызды бірлесіп атқаруға дайынбыз, – деген облыс әкімінің орынбасары шет елден келген қонақтарға тұтас Түркі жұртының құты, береке мен бірлігінің символы «Тайқазан» кәдесыйын табыс етті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893997
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАСТАР АРАСЫНДА РОБОТОТЕХНИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ 02.12.2024
Қазығұртта «Жастар лигасы-2024» атты робототехникадан облыстық турнир өтті. Сайысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан келген 15 команда қатысты. Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов сайысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.– Робототехника – бұл болашаққа апарар маңызды бағыттардың бірі. Қазығұрт ауданы жас буынның технологиялық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Біз мектептерде осы салаға назар аударып, жастардың шығармашылығын дамытуға барлық жағдай жасаймыз, – деді.Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды «Қазығұрт» командасы (Қазығұрт ауданы), 2-орынды «Болашақ»командасы (Қазығұрт ауданы), ал 3-орынды «Төлеби Дарын» командасы (Төлеби ауданы) иеленді.Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен турнир мақсаты – жастардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыру, білім сапасын жақсартуға үлес қосу, робот құрастыру, бағдарламалау және техникалық мәселелерді шешу дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, өңірдегі инновациялық бастамаларды қолдау.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894041
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 41 оқушы қатысып, оның ішінде 23 оқушы жеңімпаз атанды. Түркістан облысының қоржыныны 7 алтын, 4 күміс, 12 қола медальмен толықты. Бұл балалар – өңіріміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар. Жалпы есепте республикалық олимпиадада Түркістан облысының оқушыларына “Ең үздік олимпиадалық команда - 2024” атағы берілді.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тікелей тапсырмасымен ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Олимпиаданың бірінші облыстық кезеңіне 900-ге жуық оқушы қатысып, олардың 71-і олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған. Оның ішінде 41 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт, 30 оқушы гуманитарлық бағыт бойынша республикалық кезеңге өтті. Бұл ауыл оқушыларының интеллектуалдық жарыстарға деген қызығушылығының артқанын, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894045
ТҮРКІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯНЫҢ БРЕНД КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 02.12.2024
Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының Тэджон қаласына ресми сапармен барды. Сапар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Woosong университетінің төрағасы Ким Джон Хёнмен кездесіп, SolBridge кампусын аралады.Делегация өкілдері Woosong және SolBridge университетеріне экскурсия жасап, сондай-ақ Тэджон қаласындағы жетекші инновациялық және жоғары технологиялық компаниялардың басшылығымен кездесті.Олардың қатарында электр көліктерін әзірлеу және өндірумен айналысатын «Korea Mobility», косметикалық өнімдер өндіретін «CELLHAPPYCO», жасанды интеллект негізіндегі деректерді талдау жүйесін шығаратын «Euclidsoft», білім беру және ғарыш дизайны жүйелерін шығаратын «Nuguna Co.,Ltd» және теміржол көлігі басқару жүйесімен айналысатын «InterCon Systems» сияқты компаниялар болды.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, облыс экономикасын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Компания өкілдерімен кездесулер барысында ол шетелдік инвесторлар ұсынатын барлық бастамалар мен жобаларды қолдауға дайын екенін білдіріп, бизнесмендер мен компания жетекшілерін Түркістан облысына өңірдің инвестициялық әлеуетін бағалауға және ықтимал серіктестік бағыттарын талқылауға шақырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894050
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ 02.12.2024
Түркістан облысының делегациясының Корея Республикасына ресми сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Корей теміржол корпорациясының (KORAIL) вице-президентімен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар көлік-коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша ынтымақтастықтың келешегі мен мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі мәселелердің бірі — Түркістан облысында теміржол және көлік саласы үшін кадрлар даярлауға бағытталған арнайы оқу орталығын ашу.Нұралхан Көшеров мұндай орталықты ашудың көлік инфрақұрылымы мен технологиялары саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары білікті кадрларды даярлау аймақтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын тиімді дамытуға, Түркістан облысының басқа өңірлермен және шет елдермен байланысынты нығайту үшін маңызды екеніне тоқталды.«Korea Railroad Corporation» вице-президенті ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, Түркістан облысында оқу және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру үшін Қазақстанның «Қазақстан темір жолы» операторымен бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынды. Ол Корей теміржол корпорациясының тәжірибесінің Қазақстанның теміржол және көлік саласын дамытуда құнды үлес қосуы мүмкін екендігін атап өтті.Бұл жоба Түркістан облысында көлік саласы үшін білікті кадрлар даярлауда маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар екі ел арасындағы жоғары технологиялар мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығая түспек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894057
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУДЕ 02.12.2024
Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен, «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, Ордабасы және Сайрам аудандарынан бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы Түркия мемлекетіне іссапармен барды.Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.Іссапар Ыстамбул қаласындағы кәсіпорындарды аралаудан басталды.Онда ғимараттар мен жолдарға арналған бояуларды өндіретін кәсіпорынмен жұмыс жүргізу мақсатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы меморандумға қол қойды.Алғашқы күндері Түркия мемлекетіндегі Ыстамбул, Коджаели қаласының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарда іскерлік кездесулер өтті.Делегация Коджаели қаласында ораласқан кондитер, желатин өнімдерін шығаратын кәсіпорнын және трансформатор құрылғыларын өндіретін фабрикалаларды аралап көрді. Аталған компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу мақсатында Ордабасы ауданының әкімімен меморандумға қол қойылды.Мекеме басшылары алдағы уақытта Түркістан қаласына іссапармен келуге ниетті екенін айтты.Одан бөлек, «Түркі мемлекеттер Одағы» бас хатшысының орынбасары Мерей Мукажанның қабылдауында болды.Бүгінде әлемдік деңгейдегі өндіріс орындарын аралап, 2 үлкен тұрмыстық-санитарлық өнімдерді шығаратын зауытпен және кілем фабрикасымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар келесі жылдың наурыз айына Қазақ-Түрік инвестициялық бизнес форумын ұйымдастыру жоспары талқыланды.Делегация Гебзе қаласында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруда алдыңғы орындағы зауыттардың жұмысымен танысып, қоймаларында болды. Олардың қатарында жұмысын толық жасанды интеллект арқылы жүйелендірген зауыт жүйесін көрді. Түркияның ең көп қолданыстағы танымал платформасымен танысты.Кездесулердің нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізілген жобалар келер жылдан бастап іске асырыла бастайды. Ал бұл сапар Түркістан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің дамуына серпін беретін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894064
Жаңа баспана кілттері табысталды 02.12.2024
Үржар ауданы Егінсу ауылында «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» жобасы аясында көп балалы екі отбасы пәтерге ие болды.«Бүгін отбасымыз үшін ерекше күн. Жаңа баспана өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Бізді қолдағандардың барлығына алғысым шексіз. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – дейді Назерке Байдүйсенова көпбалалы ана.Жаңа пәтердің берілуі ауданның әлеуметтік жағдайын және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/894074