Қоғам
Алматыда қыстың алдында Баум тоғайы тазартылды 01.12.2024
Алматыда қыс қарсаңында қаланың аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерінде ауқымды тазарту жұмыстары аяқталып келеді. 25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, қоқыс жәшіктері мен арық жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілді.Бүгінде белсенді алматылықтар мегаполистің көрнекті орындарының бірі – Баум тоғайында жиналды. Экологиялық акцияға 80-нен астам адам қатысты. Олар саябақ аймағын қоқыстан тазартып қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Акция барысында 300 қап қоқыс жиналды.«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатқа тұтынушылық көзқарасқа қарсы азаматтарды біріктіреді. Бұл бастама қоршаған ортаны сақтау мәселесіне назар аударуға, туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», – деді «Медеу» табиғи паркі директорының міндетін атқарушы Ұзақ Жамбылұлы.Бұл іс-шара экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамның біріге алатынын көрсетті. Акцияға қатысушылар арасында белгілі мәдениет қайраткерлері де болды. Олар қала тұрғындарын қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және табиғатқа қамқорлық жасауға шақырды.«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам. Әр тұрғын бұл іске үлес қосуы керек. Бұл өзіміз, табиғатымыз және келешек ұрпақ үшін қажет. Біз өз үлгімізбен табиғатты сақтау мен тазалықты қорғау мәселесіне назар аудартқымыз келеді. Табиғатқа ұқыпты қараңыздар», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актрисасы Алма Аманжолова.Алматылықтар мен қала қонақтары қаланың көшелері мен саябақтарының айтарлықтай таза болғанын атап өтуде. Әрине, тазартуды қажет ететін жеке учаскелер бар, бірақ жалпы алғанда қалалық қызметтің жұмысы көрініп-ақ тұр.«Мен осы маңда тұрамын, сүйікті орнымыздың әрдайым тазартылатынын көремін. Әр жастағы тұрғындардың бей-жай қарамай, пайдалы акцияларға қатысатыны қуантады. Қалаға қамқорлық жасалып жатыр, көшелер мен аулалар таза, жинақы болып қалған. Әрине, бәрі бірден мінсіз болмайды, өйткені бұл ірі қала. Өкінішке қарай, тұрғындардың өздері жиі қоқыс тастайды. Ең бастысы, қала әкімі Алматыны таза және жинақы ету мақсатын қойды, бұл істе бәріміздің қатысуымыз қажет», - деп жергілікті тұрғын Алмагүл ойын айтты.Еске салайық, Тазалық апталығы аясында қаланың коммуналдық қызметі суық пен қар жаууына дайындықты аяқтады. Қысқы уақытта қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылды. “Алматы тазалық” МКК автопаркі жұмысты тиімді жүргізу үшін 32 заманауи машинамен толықты. Жалпы аумағы 25,1 млн шаршы метр, ұзындығы 2 777 км болатын 2 318 көше тазартылды. Көше-жол желісін жинауға 10 мердігер ұйым жауапты.Арық желісінің ұзындығы 1 525 км болатын бөлігі тазартуға ерекше назар аударылды. Күніне шамамен 160 текше метр пластик пен жапырақтар сияқты қоқыс шығарылады.ТОО «Eco Almaty» Алматы қаласы аумағында ұзындығы 19,2 км болатын су арналарының тазарту жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Үлкен Алматы өзенінің әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі, Есентай өзенінің әл-Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігі және Д. Қонаев атындағы ҮАК арналары тазартылды.Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жаңа ережелерге сәйкес 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды. Бұл шаралар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық таза орта құру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893738
Нағыз батырлар Алматының тазалығын қолдайды 01.12.2024
Бүгін «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының алдындағы серуендеу алаңында тазалау жұмыстары кезінде аула сыпырушыларға Халк, Өрмекші адам, Бэтмен және Супермен келіп көмектесті. Олар көшені тазалауға атсалысып, қала тұрғындарын Алматыны таза ұстауға шақырды.Әдетте әлемді құтқарумен айналысатын суперқаһармандар қолдарына сыпырғыш алып, көшені тазалауды ар көрмеді. Мысалы, Өрмекші адам өтіп бара жатқан тұрғындарға атсалысып, тротуарды тазалауды ұсынды.«Мен тұрғындарға жақындап, тазалауға көмектесуді ұсындым. Біреулер сыпырғыш алудан бас тартты, ал басқалары қуана-қуана келісті. Бір қызылордалық азамат Алматыда өте таза екенін және мұнда жиі сенбілік өтетінін айтты. Сонымен қатар, мен балаларды сыпыруға үйреттім, олар бұл істі қуанышпен орындады. Егор есімді бала Алматыда тазалықтың себебі – мұнда көп тазалаушылар бар екенін айтты», – деді Өрмекші адам.Бэтмен мен Супермен қоқыс арбасын машинаға дейін жеткізуге көмектесті. Ал Халк жолда тұрып қалған жүк көлігін «итермелеп» шығарды.«Көшелерді тазалауға достарыммен бірге көмектескенім өте ұнады. Бұл мен үшін әлемді қорғаумен салыстыруға болатын жаңа тәжірибе. Аула сыпырушылардың еңбегін жоғары бағалаймын – олардың жұмысы өте қиын, мен ондайды істей алмайтын едім. Біздің адамдар өте мейірімді және қаланы таза ұстауға әрдайым көмектеседі», – деді Супермен.Тазалаушылар бастапқыда суперқаһармандардың пайда болуын қалжың деп ойлаған.«Бүгін қалада сенбілік өтіп жатты. Біз «Атакент» маңын тазалап жатқанда суперқаһармандар келіп, біздің сыпырғыштарымызды алып көмектесті, ал бізге ыстық шәй берді. Еңбегіміздің бағаланғаны және осындай іс-шаралар ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз. Қаланы таза ұстайық. Қала тұрғындарынан қоқысты қоқыс жәшігіне тастауын сұраймыз, бұл бізге жұмысты жеңілдетер еді. Осындай керемет акцияны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді тазалаушы Татей Қыстаубаева.Бұл акцияны жақын маңдағы кафе мен дүкендердің қызметкерлері де байқады, көпшілігі сыртқа шығып, суперқаһармандармен суретке түсті.«Мен Алматы тұрғынымын. Бүгін көшеде тазалық жүргізіп жатқан суперқаһармандарды көрдім. Қаланың тазалығын қадағалап отырған әкімдікке алғыс айтқым келеді. Алматы жыл сайын таза әрі көркем қалаға айналып келеді. Аула сыпырушылардың еңбегін жеңілдететін тазалау техникасының жаңарып жатқанын байқаймын. Күн сайын қаланы тазалаушылар жасағы тазалайды – бұл керемет жұмыс», – деді сауда орталығының қауіпсіздік қызметінің басшысы Қанат Дүйсенбиев.Экологиялық акцияны ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтарының тазалық сақтау мәселесіне назарын аудартқысы келетінін айтты. Мұндай іс-шаралар қоғамның табиғат алдындағы жауапкершілігін нығайтып, Алматыны баршаға жайлы қала етуге көмектеседі.Еске сала кетейік, Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер Алматыны қысқа және қардың жаууына дайындау жұмыстарын аяқтады. Қысқы маусымда қалаға қызмет көрсету үшін 841 арнайы техника бірлігі және 1 400 жұмысшы жұмылдырылады. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының автопаркі 32 заманауи техникамен толықты. Санитарлық тазалық 2 318 көшені, жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метрді және ұзындығы 2 777 км болатын жолдарды қамтиды. Көше-жол желісін тазарту жұмыстарына 10 мердігер ұйым жауапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893739
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды 01.12.2024
Бүгін Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Орталық Азияның басты кинооқиғасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген киношерлер мен киносүйер қауымды біріктірді. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты. Фестиваль алаңы мәдени пен шығармашылықтың қазанына айналып үлгерді. Фестивальдің қатысушылары мен қонақтарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі жеткізілді. Оның құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли оқыды.XVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:NETPAC әділ қазыларының жүлдесі «Белгісіз елге» фильмі, режиссері Махди Флейфель;Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейланға «Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлығы берілді;Белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатталды.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ:Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Флорентина Хольциенгер, «Ай» (Moon), Австрия; Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Артур Пачесный, «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша; Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Нирвана» (Nirvana) фильмі, режиссері Асиф Ислам, Бангладеш; Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Джун Мин О, «Жыл маусымдары үйі» (House of the Seasons), Оңтүстік Корея; Үздік фильм үшін гран-при – «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша, режиссері Гжегож Дебовски.ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЕЛДЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ:Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Эльза Каримова, «Ғашықтар тауы» (The Lovers’ Mountain), Татарстан; Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Абылай Марат, «Шекарадағы мәміле» (Deal at the Border), Қырғызстан; Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Хемме өлетін күндердің бірінде» (One of the Days When Hemme Dies) фильмі, Түркия; Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, «Жоқтау» (Joqtau), Қазақстан; Үздік фильм үшін гран-при – «Ақ тырналар билейтін жерде» (Where the White Cranes Dance), Саха Республикасы (Ресей).Фестивальдің жабылу салтанатында KhazaR этно-фьюжн тобы, Aljazz эстрадалық-симфониялық оркестрі және VIVAT шоу-балеті өнер көрсетіп, кино апталығын шымылдығын жапты.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», QazaqGazetteri, EgemenQazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893743
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өзара ынтымақтастық рухында өтті 01.12.2024
Чэнду, 2024 жылғы 1 желтоқсан – Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдың сыртқы саяси ведомстволарының басшыларын біріктірген «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өтті.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу басқарды.Іс-шара серіктестікті нығайту, өңірлік және халықаралық маңызы бар негізгі мәселелерді талқылау үшін маңызды алаң болды.Кездесуде тараптар саяси диалогты тереңдетуге, экономикалық байланыстарды дамытуға және мәдени-гуманитарлық алмасуларды нығайтуға өз міндеттемелерін растады. Министрлер «Өңірдің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және орнықты дамуы» тұжырымдамасы шеңберінде бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Талқылаудың негізгі тақырыптары экономикалық ынтымақтастық, аймақтағы қауіпсіздік мәселелер, көлік-логистикалық ынтымақтастық, климат және экология, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту болды.Отырысқа қатысушылар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сауда рәсімдерін оңайлату және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде инвестицияларды ынталандыру қажеттігін атап өтті. Министрлер терроризмге, экстремизмге және трансұлттық қылмысқа қарсы шараларды күшейтуді, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіруді талқылады.Кездесу барысында су ресурстарын, жаңартылатын энергетиканы және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, экологиялық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты арттыру уағдаластығына қол жеткізілді. Сондай-ақ, халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін білім, туризм және мәдениет саласындағы алмасу бағдарламаларын тереңдету туралы шешім қабылданды.ҚР Сыртқы саяси ведомствосының басшысы тараптарға сындарлы диалог және Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін жаңа векторларды талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. «Қазақстан бұл форматты біздің ортақ болашағымызды нығайтудың маңызды платформасы ретінде қарастырады. Біз экономика, қауіпсіздік және экология саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бүкіл өңірде тұрақтылық пен өркендеуге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Орталық Азия Қытайдың тұрақтылық пен өркендеуді ілгерілетудегі басты серіктесі болып қала беретінін атап өтті. «Біздің формат стратегиялық басымдықтарды үйлестіру және өзара тиімді жобаларды ілгерілету үшін маңызды алаң ретінде қызмет етеді», – деді Қытай министрі.Кездесуге қатысушылар 2025 жылы Қазақстанда өтетін «Орталық Азия – Қытай» форматындағы II Саммитке дайындықтың негізгі аспектілерін талқылады. Орталық Азия елдерінің өкілдері кездесуді өткізу бастамасы үшін алғыстарын білдіріп, бірлескен мақсаттарды іске асыру үшін осы форматты жалғастыру қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, «Тяньфу-Сычуань» трансшекаралық магистралі арқылы 5000-шы жүк көлігінің жөнелту мен Орталық Азияға 500-ші пойыз жіберу рәсімі форматтың практикалық өзара іс-қимылының жарқын көрінісі болды.Кездесудің қорытынды құжаты сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдеме болды. Онда қол жеткізілген уағдаластықтар көрсетіліп, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыты белгіленді.Тараптар 2025 жылы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы келесі кездесуді Қазақстанда Саммит қарсаңында өткізуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/893731
Қонаевта жас сарбаздар Отанына адал болуға ант берді 01.12.2024
Облыстық маңызы бар қаланың орталық алаңында әскери ант беруге арналған салтанатты рәсім өтті.58012 әскери бөлімінің жас сарбаздары командирлердің, Қарулы күштер ардагерлерінің және туыстарының қатысуымен әскери борышқа адал болуға, тәуелсіздікті, елдің конституциялық құрылысын, оның халқын және заңды түрде сайланған Президентті батыл қорғауға ант берді.– Анттың терең мағынасы бар. Бұдан былай Сіздердің барлық әрекеттеріңіз бен істеріңіз осы салтанатты анттың талаптарына сәйкес келеді. Армия сіздердің еркіңізді шыңдап, физикалық тұрғыдан нығайтып, патриоттық сенімдеріңізді қалыптастыратынына сенімдімін. Мұнда сіздер азаматтық өмірде пайдалы болатын мамандық ала алсыздар, - деді 58012 әскери бөлімінің командирі полковник Қанат Мажиев.Осы күзде шақырылған Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарының сарбаздары жас жауынгер курсынан өтті. Олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, қарудың тактикалық және техникалық сипаттамаларымен танысты, саптық және атыс дайындығынан өтті.Алаңға жиналғандарға әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Ашық аспан астында заманауи қару-жарақ пен техниканың көрмесі ұйымдастырылды.Әскери бөлім командирі ата-аналарымен әңгімелесті. Ол ұлдарының қайда, қандай жағдайда қызмет ететінін және қандай бөлімшелерге бөлінгенін хабардар етті. Іс-шара соңында жас сарбаздар туыстары мен жақындарының сүйемелдеуімен алғашқы сейілге шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/893712
Қазақстан СІМ басшысы Сычуань өлкесінің Партия комитетінің хатшысымен кездесті 30.11.2024
Чэнду, 2024 жылғы 30 қараша – «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сычуань өлкесінің Партия комитетінің хатшысы Ван Сяохуэймен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ жоғары технологиялар, қаржы, инвестиция және жасыл энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.М.Нұртілеу екі елдің өңірлері арасындағы өзара байланысты, атап айтқанда көліктік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту және адам алмасуы арқылы жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Қазақстандық тараптың өзара тиімді әріптестік байланыстарды орнатуға деген жоғары қызығушылығын білдірді.Өз кезегінде, Партиялық комитеттің хатшысы өңірдің мүмкіндіктері туралы айтып, ашықтық саясаты шеңберінде Сычуань өлкесі мен Қазақстанның облыстары арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуді жалғастыруды ұсынды.Сол күні Қазақстан СІМ басшысы ірі қытайлық компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.Қытай бизнесмендері Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалармен, инвестициялық ахуалмен және елімізде бизнес жүргізудің артықшылықтарымен танысты.Жасыл энергетика, жаңартылатын энергия көздері, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен және құрылысқа маманданған компаниялар қазақ әріптестерімен өзара тиімді серіктестік құруға жоғары қызығушылық танытып, ҚР Үкіметі олардың Қазақстандағы қызметіне барынша жәрдем көрсетеді деп үміт білдірді.Кәсіпкерлер күн модульдерін, ауыл шаруашылығында қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру, астықты және басқа да дақылдарды терең өңдеу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым салу бойынша өз мүмкіндіктерімен таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/893697
Ақпараттық хабарлама 30.11.2024
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 50%-ға дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалптастырылған жинақтарын 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере отырып, оның кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы қаражатын табыс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валюталарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.Бұл үдерістерді барынша түсінікті ету үшін жаңа инвестициялық портал іске қосылды. Портал салымшыларға инвестициялық қызмет туралы білімін арттырып, зейнетақы жинақтарын басқару үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі.Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Қазақ және орыс тілдеріндегі бірыңғай цифрлық кеңістікте пайдаланушыларға инвестициялар тақырыбындағы базалық ұғымдар мен түсіндірмелер, инвестициялық портфельдерді сенімгерлікпен басқарушылар туралы түйінді ақпарат, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), қаржылық көрсеткіштер және салымшыларға сенімгерлік басқарушының және оның инвестициялық қызметінің портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қолжетімді. Портал қолданушылары кірістерді, портфельдердің құрылымын және ИПБ мен ҚРҰБ басқару нәтижелерін қолжетімді форматта дербес салыстырып, көрсеткіштердің динамикасын қадағалап, осылайша зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін тереңірек түсіне алады. Мұндай құрал инвестициялау туралы құнды тәжірибе жинап, неғұрлым тиімді инвестициялық стратегияны таңдауға қатыса алатын және сәйкесінше зейнетақы жинақтарын басқаруға әсер ететін жас салымшылар үшін ерекше маңызды.Іс-шара интерактивті форматта өтеді, қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке консультациялар ала алады. Бұл формат әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға және сарапшылардан тікелей өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.Атап өткен жөн, «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылы Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 800 мыңға тарта адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 400 мыңдай өтініш өңделді.Алдағы "Ашық есік күні" осы жұмыстың жалғасы болып табылады және оның қатысушыларына зейнетақы жинақтарын түсініп, оларды басқару үшін практикалық құралдарды ұсынады. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болады деп үміттенеміз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1506e5d18f4d8146c204edbd763c27b3Еvent-мәжіліс нөмірі: 2518 700 8124Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 10203040 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1206049?lang=kk
Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры 90 жылдық мерейтойын атап өтті 30.11.2024
Биыл Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрына 90 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында театр ұлттық өнердің өркендеуіне зор үлес қосып, көрермендерін тың туындылармен қуантып, талай сахна шеберлерінің шығармашылық жолын ашқан киелі мекенге айналды.Өнер ордасы қазақ театрларының алғашқыларының бірі. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Ойқұдық жайлауында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.Мерейтой аясында бірқатар шаралар өтті.Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев театр ұжымы мен барша өнер сүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтап, жаңа автобустың кілтін табыс етті.«Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ғалиақпар Төребаев сынды көрнекті тұлғалар құрған мәдени орталық өңіріміздің рухани құндылығының символына айналды. Театрдың 90 жылдық тарихында өнер саласындағы толағай табыстардың шежіресі жазылды. Мұхтар Әуезов: «Театр – ең ұлы бейнелеу өнерінің бірі» деген екен. Бұл – облысымыздың ғана емес, бүкіл қазақ халқының рухани мақтанышы, ұлттық мәдениеттің жарқын шамшырағы. Ынтымағы жарасқан театр ұжымына шабытты шығармашылық жол, жаңа жарқын табыстар тілеймін!», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.«Абай театры: тарих толқынында» атты конференцияда театрдың бай тарихи мұрасы, ұлттық мәдениеттегі орны жан-жақты талқыланды. Пленарлық отырыс барысында еліміздің театр мамандары мен абайтанушылар театр, кино өнерінің дамуы, Абай атындағы театрдың қоғамдағы рөлі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ театрдың қалыптасуы мен дамуы, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі жан-жақты қамтылған «Тарихы терең театр» кітабының тұсауы кесілді.Мерейтойға орай театрдың 90 жылдық тарихының маңызды кезеңдерін, белгілі өнер қайраткерлерінің шығармашылығын, театрдың ұлттық мәдениеттегі маңызын баяндайтын «Ойқұдықта маздаған театр» деректі фильмі түсірілді.Салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтаулары оқылды.Театрдың 90 жылдығы аясында марапатталған өнерпаздар:«Еңбек ардагері» медалі: Айдарханова Альмира Муталлапқызы. ҚР» Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі:Ташкенбаев Нұрбек АдамұлыТөлеубаев Талғат АнуарұлыОбухова Елена ВалерьевнаБайгелдин Айдос КүшікпанұлыАхметов Ерен СаменұлыХасенов Нұржан ҚадырғазыұлыНұрланова Асель ТалғатқызыХамитова Алия Әділбекқызы ҚР мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы:Сыдыков Мырзахан ДемесінұлыБаирова Асем БеймырзақызыЧинкебаева НұрбағилаИдрисова ДаметкенТоймбаева Бақыт АхметжанқызыМұханбетова Шолпан АсқарқызыМанекина Айжан БазартайқызыЖидебаева ҮмітТәшімбетов Айтбек ТазабекұлыНұрғамыс Азамат МахмұтұлыОмашев Бекзат Қайыркешұлы «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі:Сыдықов Мырзахан ДемесінұлыБаирова Асем БеймырзақызыОмашев Бекзат ҚайыркешұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893686
Әлеуметтік және білім беру инфрақұрылым мәселелері бақылауды қажет етеді 30.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Көкпекті ауданында болды. Сапар барысында әлеуметтік, білім беру және спорт инфрақұрылымының негізгі нысандарында болып, оларды одан әрі дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Бірінші нысан құрылысы аяқталған бассейн. Бас мердігер «СМУ-Шығыс» ЖШС.«Бассейндегі жұмыс кедергісіз аяқталуы керек. Жауапты тұлғалар барлық қажетті құжаттарды тез арада рәсімдеп, нысанның мүмкіндігінше тезірек пайдалануға берілуін бақылау керек. Мұны кейінге қалдыруға болмайды», - деді Жасұлан Сәрсебаев.Жасұлан Сәрсебаев 2020 жылы пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде де болды. Бұл нысан «Көкпекті ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің қарамағында.«Нысанның жағдайы қанағаттанарлық, бірақ оның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет. Мектеп директорына екі апта ішінде жетіспейтін спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға бюджеттік өтінім беруді тапсырамын. Балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануы үшін сапалы жағдайларға қол жеткізуі керек», – деді әкім орынбасары.«Көкпекті орта мектебі» КММ 600 орынға арналған аудандағы ең ірі білім беретін мекеме. Мұнда бүгінде 500-ден астам бала білім алуда. Бірақ мектеп күрделі жөндеу қажет етеді.«Мектеп ұқыптылықты қажет етеді. Мектеп және аудандық білім бөлімі басшылығына тез арада материалдық-техникалық базаға есептеу жүргізіп, қажетті дүниелер тізімін дайындауды тапсырамын. Біз құрал-жабдықтардың немесе басқа ресурстардың жетіспеушілігінен оқу үдерісінің зардап шегуіне жол бере алмаймыз», - деп атап өтті Жасұлан Сәрсебаев.«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметі ерекше бақылауда. Орталық мүмкіндігі шектеулі балаларға, психоневрологиялық патологиясы бар адамдарға, сондай-ақ қарт адамдарға көмек көрсетеді.Сапар барысында тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Жасұлан Сәрсебаев әлеуметтік және білім беру инфрақұрылымының мәселелері бақылау мен тұрақты мониторингті қажет ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893687
Қанат Шарлапаев Қызылорда облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрылыс нысандарын аралады 30.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік сегменттегі кәсіпорындар мен құрылыс нысандарын аралады.Қанат Шарлапаев «Өндіріс» ИА аумағындағы «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында болды. Зауыт 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Кәсіпорын аумағы 50 га жерді алып жатыр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 197,1 мың тонна табақ шыны шығарады. Іске қосылғаннан бері 28,7 млн м2 өндірілді.«Orda Glass LTD» Қазақстандағы жалғыз табақшыны өндірушісі екенін айта кету керек. Бұл өнім шыны массасын балқыту және илемдеу арқылы жасалған жалпақ шыны. Құрылыс, автомобиль, жиһаз және басқа салаларда кеңінен қолданылады.Келесі кезекте Министр «Өркен-Әлем» ЖШС-де болды. Кәсіпорын жеке броньды қорғаудың жаңа технологияларын әзірлеу, өндіру және енгізумен айналысады. Өндірістік қуаттылығы жылына 120 мың дана өнім құрайды.«Өркен-Әлем» қорғаныш және жарықшаққа қарсы көзілдіріктерді, противогаздарды, шлемдерді, бронды кеудеше, қорғаныс костюмдері, қалқандар, рюкзактар, гидрокостюмдар, экзоскелеттер, арнайы таяқшалар және т.б. шығарады. Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімнің жаңа түрлерін – азаматтық противогаздар (противогаздар) және парашюттер шығаруды бастады.Бұдан кейін Қанат Шарлапаев 7 қабатты 84 пәтерлі алты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Жұмыстарды мердігерлер «Аман Құрылыс» ЖШС, «Орион ЛТД» ЖШС, «Риголит» ЖШС, «Простройсервис Е» ЖШС, «Абу-Сер» ЖШС жүргізуде. Барлығы 504 пәтердің тұсауы кесілмек, жобаның құны 9,9 млрд теңгені құрайды.Одан бөлек, Министр Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Руханият» орталығының құрылыс алаңында болды. Жұмысты мердігер «Аман-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Құрылыс аяқталуға жақын. Орталықта тарихи мұражай орналасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893683
Астанада тағы бір елді мекен газға қосылды 30.11.2024
Елордада тұрғын алаптарды жоспарлы газдандыру жалғасуда. Үркер тұрғын алабында 2024 жылға жоспарланған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. 1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Үркер тұрғын алабындағы газды қосу жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, оларды экологиялық таза және тиімді жылумен қамтамасыз етеді.Алғашқы абоненттердің қатарында табиғи газдың ерекшелігін алғаш болып сезінген Ақтамберді жырау көшесінің тұрғындары бар.«Біз газға қосылуды күтіп жүрдік, міне, бүгін табиғи газға көшкен алғашқы күніміз. Бұған дейін көмір қолданып жүрдік. Әр 6-12 сағат сайын пешті қадағалап, көмір салуға тура келетін. Сол сияқты үйді ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға да болмайтын. Енді бұл мәселе бізді алаңдатпайды. Үйде жылу батареялары өте жылы, ыстық су қалыпты режимде жұмыс істейді. Біз өте қуаныштымыз!» – дейді үй иесі Байғарым Хасенов.Елді мекенді газдандыру процесі кезең-кезеңімен жүреді. Екі жыл ішінде Үркер елді мекенінің 5250 абонентіне табиғи газға қосылу мүмкіндігі жасалды, олардың арасында жеке үйлер мен тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бар.«Үркердегі алғашқы абоненттердің қосылуы, шын мәнінде тарихи сәт. 2025-2026 жылдары газға осы жердегі барлық жеке үй мен тұрғын үй кешені қол жеткізе алады. Газдандыру үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ол экологиялық таза және адамдар үшін қолжетімді», – деп атап өтті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов.«Үркердегі газдандыру Мемлекет басшысының «Инвестиция орнына тариф» бастамасының арқасында қарқын алды. Біз барлық инженерлік желіні өз есебімізден салдық, ал шығындарды тарифтік жүйе бойынша қайтарамыз. Мұнда газ тарифі текше метр үшін 38 теңге екенін атап өткім келеді. Бұл – тұрғындар үшін қолжетімді баға», – деді «Qazaq zhylu» ЖШС директоры Жәнібек Мұхамбеталы.Үркерді газдандыру үшін барлығы 173 шақырым газ желісін салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың шамамен үштен бірі аяқталды.Бұл жоба Астана қаласының инфрақұрылымды жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Тұрғын алапта табиғи газды іске қосу Астана әкімдігінің, Энергетика министрлігінің, «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ мен «Qazaq Zhylu» ЖШС-нің көмегімен мүмкін болды.Осыған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады: Сарыарқа (Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде) тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген екі газдандыру желісінің құрылысын аяқтаған болатын. Алматы ауданы (Теміржолшылар вокзалы, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» шағын аудандары) Есіл (Велла вилдж тұрғын үй кешені, Куршавель тұрғын үй кешені, Family Town, Family Park) және Нұра (Будапешт, Космик-Сити) тұрғын үй кешені.«Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларына және «Үркер», «Пригородный», «Family village», «Өндіріс», «Кирпичный» елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы жүргізіліп, аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893680
Бұқаралық шаңғы тебу: Астанада қысқы спорт түрлерінің маусымы басталды 30.11.2024
Биыл Астанаға қыс ерте түсіп, қала тұрғындары қыстық спорт түрлерінің маусымына кірісіп кетті. Айдың ортасында «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіру маусымы ресми түрде басталса, бүгін Орталық саябақта шаңғы тебуден алғашқы жарым өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Былтыр қыс кеш түсіп, желтоқсан айының аяғында ғана шаңғы тебу маусымын бастап едік. Биыл қар ерте жауып, ауа райы қарашаның өзінде қысқы спортқа қолайлы болып отыр. Бүгінгі іс-шарамыз ресми шаңғы маусымының ашылуы деп айта алмаймын. Маусым 18 желтоқсанда басталады. Әйтсе де, бүгінгі спорттық іс-шарамызға 200-дей қатысушы жиналды. Жаман емес. Жазда жүгіру танымалдылыққа ие болса, қыста шаңғы тебу тұрғындар тарапынан сұранысқа ие. Спортты серік етіп, демалысты жақсы көңіл күймен өткізіңіздер», - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.Іс-шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысып, әр қатысушы өзінің шаңғысын ала келді. Ал бірінші мәрте қызығушылықпен келгендер 2 000 теңгеге жалға алып, осы спорттағы алғашқы қадамдарын жасады.Айта кетейік, Орталық саябақта жұмыс күндері кешкі 19:00 мен 21:00 аралығында шаңғыны жалға алып, өз бетіңізше үйренсеңіз болады. Ал жаттықтырушының көмегі қажет десеңіз, балалар үшін 35 мың теңге, ересектер үшін айына 40 мың теңге болатын секция да қарастырылған.«10 жылдан бері шаңғы тебумен тұрақты айналысамын. Өзім полиция қызметкерімін. Сондықтан осы спорт түрін таңдадым. Аптасына тұрақты түрде 3-4 мәрте тебемін. Шаңғы бүкіл дененің қимылдауына әсер ететіндіктен, қолым да, аяғым да бабында», - деді қала тұрғыны Жомарт Боранбаев.Енді алдағы уақытта әр апта сайын демалыс күндері Орталық саябақта салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар мен таза ауада белсенді демалуды ұнататындар арасында шаңғы спортынан жарыстар ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893682
Жаңа үй – жаңа өмір: Қосшы қаласында 67 отбасы пәтер кілттерін алды 30.11.2024
Бүгін Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Көптен күткен жайлы пәтерлерді қала әкімдігі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін сатып алған.Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстап, оларды маңызды оқиғамен құттықтады.«Бүгін жас, әрі гүлденіп келе жатқан Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Өз баспанасына қол жеткізу – әрбір адам мен отбасы үшін үлкен мереке. Бұл қуаныш тек осы отбасылар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға», – деп атап өтті облыс әкімі.Жаңа пәтер иелерінің арасында алты баланың анасы Жансұлу Әсет те бар.«Мемлекетімізге, еліміздің Президентіне шексіз алғысымызды білдіреміз. Әрбір жан өз армандаған пәтеріне қол жеткізсін деп тілеймін. Бүгін қоныс тойын тойлап жатқан барша жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын», – деді ол қуанышын бөлісіп.Айта кетейік, жақында ғана облыс орталығында 48 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын.Жыл соңына дейін Қосшы қаласында 100-ден астам пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл тұрғын үйлер көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және басқа да мұқтаж азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады.Сонымен қатар соңғы жылдары өңірде тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңгеден астам инвестиция салынып, 2 млн шаршы метрге жуық баспана пайдалануға берілді. Нәтижесінде, шамамен 12 мың ақмолалық отбасының баспана мәселесі шешімін тапты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893677
Қосшы қаласындағы «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінде үлестік құрылыс мәселесі шешілуде 30.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында үлестік құрылыс нысандарының бірі саналатын «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты.Бұған дейін облыс әкімдігі мен «Ғаламат» құрылыс компаниясының арасында ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын. Компанияның атқарушы директоры Алмас Ғалимарданов «Сиреневый сад» және «Diamond Park» кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарын ұсынды.Қазіргі уақытта құрылыс алаңында тоғыз қабатты үйдің тірек құрылымдарын тұрғызу, сыртқы қабырғалар мен арақабырғаларды кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бес қабатты үйдің іргетасын дайындау, сынақтық қада қағу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылыс алаңында шамамен 80 жұмысшы мен 20-дан астам техника жұмылдырылған.Марат Ахметжанов құрылыс қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтіп, инвесторларға туындаған мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, қала басшылығы мен тиісті мемлекеттік органдарға күнделікті жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырды.«Ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау – өңір үшін маңызды міндет. Азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етіп, үлестік құрылысқа деген сенімді қайта қалпына келтіруіміз қажет. Басқа проблемалық тұрғын үй кешендерінің мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893678
Қосшы қаласында көпсалалы аурухананың құрылысы басталды 30.11.2024
Қосшы қаласында Астана мен жақын аудандардың тұрғындары үшін ірі медициналық нысан болып табылатын жаңа көпсалалы аурухананың құрылысы жүргізілуде. Жобаны «Viamedis» ЖШС жүзеге асыруда, ал мердігер ретінде «ӘлемЭнергоСервис» ЖШС қызмет атқаруда.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов көпфункционалды аймақтық аурухананың құрылыс барысымен танысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қосшы қаласының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.Бүгінгі күні емхананың ғимаратын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.Еске сала кетейік, биыл маусым айында Ақмола облысы әкімдігі мен «Viamedis» компаниясы арасында емханасы бар көпсалалы аурухананың құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.Жобаның жалпы көлемі 28 миллиард теңгеден астам жеке инвестицияны құрайды, оның 14,4 миллиарды құрылыс жұмыстарына, ал 9 миллиарды заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз етуге жұмсалады.Аурухана 300 орынға арналған, оның ішінде ауысымына 1000 адам қабылдайтын емхана, сондай-ақ хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және химиотерапия бөлімшелері қарастырылған. Сонымен қатар медициналық орталықта операциялық және перзентхана бөлімдері, сондай-ақ позитронды-эмиссиялық томографы бар заманауи диагностикалық база жұмыс істейді.Жаңа медициналық орталық Қосшы қаласының, сондай-ақ Целиноград, Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары үшін денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буынына айналады.Аурухана кешені емхана, стационар, әкімшілік корпус және басқа аймақтардан келген науқастарға арналған пансионатты қамтиды. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерді тарту үшін Қосшы қаласында аурухана қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер салу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893679
Қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ҚХР компанияларымен 1 млрд АҚШ долларына келісімге отырды 30.11.2024
Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың ірі азық-түлік және ауыл шаруашылығы компаниялары арасында келіссөздер өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға Қазақстанның салалық қауымдастықтарының басшылары, астық, майлы және мал шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ жемшөп өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер, барлығы 30 компания қатысты. Олардың қатарында «Сей-Нар» ЖШС, «Пионер» ПКК ЖШС, «Batu Agro» ЖШС, «Аллель Агро» АҚ, «Aitas» АҚ, «EMS Agro» ЖШС, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы бар.Қытай тарапы АӨК-нің 40 жетекші кәсіпорнымен таныстырды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Қазақстанның басым сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.АӨК өнімдерінің Қытайға қазақстандық экспортының ең үлкен үлесі дәнді және майлы дақылдарға, сондай-ақ өсімдік майларына тиесілі. Қазақстандық астық экспорты үшін Қытай нарығы ерекше қызығушылық тудырады. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі жетекші бидай экспорттаушыларының ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша жетекші орынға ие.«Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері қытайлық тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Өткен жылы ҚХР-ға астық жеткізу көлемі 5,5 есеге өсіп, 1,4 млн тоннаға жетті. Екі мемлекет басшылары жақын арада Қытай нарығына астық жеткізу көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаласты және қазақстандық тараптың жеткізуді жедел режимде жүзеге асыруға дайын екендігіне сендірді.2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар Қытайға 1,1 млн тонна астық жөнелтті», - деді Айдарбек Сапаров.Тараптар екі елдің агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындары арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Келіссөздер барысында қазақстандық тарап ел аумағында жоғары қайта бөлу өндірістерін дамыту мүмкіндіктері туралы айтып, қытайлық бизнесті АӨК секторына және оның инфрақұрылымына инвестициялауға шақырды. Қытайдан келген инвесторлар үшін әлеуетті тартымды бағыттардың бірі жоғары құны бар және әлемдік нарықтарда сұранысқа ие органикалық өнімдерді өндіру болуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанда сиыр еті, қой еті, құс еті, консервіленген ет, сүт өнімдері және бал сияқты жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытудың жақсы мүмкіндіктері бар.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ҚХР-ның 10 компаниясымен 1 млрд АҚШ доллары сомасына меморандумдар мен шарттарға қол қойды.Оның ішінде ҚР озық кәсіпорындарының бірі «Aitas.kz» 100 млн АҚШ доллары сомасына құс өнімдерін жеткізуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893674
ТЖМ 10 қызметкері алғаш рет жаңа әскери-патриоттық «100 SARBAZ» реалити телевизиялық жобаға қатысты 30.11.2024
ҚР Президентінің Телерадиокешені әскери қызметшілердің имиджін көтеру, жастарға патриоттық тәрбие беру және әскери борышын өтеуге ынтасын арттыруға бағытталған «100 SARBAZ» телевизиялық жоба түсірді.Аталған жоба 16 мен 30 қазан аралығында Алматы облысының аумағында өткізілді. Жобаға еліміздің қарулы күштерінен және ТЖМ құралған 10 команда қатысуда.Бүгін сағат 20:00-де «Жібек жолы» телеарнасынан көріңіздер. ТЖМ командасына жанкүйер болыңыздар. Толығырақ сілтеме бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893673
ТЖМ 2.0: Ақмола ТЖ департаментінің материалдық-техникалық базасын жаңарту 30.11.2024
Ақмолалық Төтенше жағдайлар департаменті жаңа жабдықтар алды, бұл құтқарушылар жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыратын болады. Жаңарту аясында өрт сөндірушілерге арналған 292 жауынгерлік киім және құтқарушыларға арналған 80 киім-кешек жинағы келіп түсті.Жабдықтарды сатып алу Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың қолдауымен жүргізілді. Жаңа жиынтықтардың қатарына отандық 1- өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі жиынтықтары және жақсартылған сипаттамалары бар фин шлемдері: шамдардың екі түрі, экшн камералар мен шуды басатын құлаққаптар кіреді.Су операцияларына ерекше назар аударылды: құтқарушылардың қарамағына жаңа Марлин 830 WA қайығы келді. Қазіргі заманғы навигациялық жүйелер мен қуатты қозғалтқыштар аймақтағы су айдындарындағы оқиғаларға, әсіресе су тасқыны кезінде тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.Жыл соңына дейін тағы 17 бірлік арнайы техника, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарына арналған автомобильдер жеткізіледі деп күтілуде."Материалдық-техникалық базаны жаңарту ТЖ-ға ден қою кезінде қауіпсіздік пен жеделдікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді", - деп Ақмола облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Бақытжан Алашов атап өтті.Бұл қадамдар құтқарушылардың жұмысын жақсартуға және Ақмола облысы тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893676
Қанат Шарлапаев «Orda Glass LTD» кәсіпорнына барды 30.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Өндіріс» ИА аумағындағы «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында болды.Кәсіпорынның бас директоры Хан Ли Джун мырзамен кездесу барысында Министр қазіргі таңда отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары туралы жеткізді.Зауыт 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Кәсіпорын аумағы 50 га жерді алып жатыр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығарады. Іске қосылғаннан бері 28,7 млн м2 өндірілді.«Orda Glass LTD» Қазақстандағы жалғыз энергия үнемдейтін табақша шыны өндірушісі екенін айта кету керек. Бұл өнім шыны массасын балқыту және илемдеу арқылы жасалған жалпақ шыны. Құрылыс, автомобиль, жиһаз және басқа салаларда кеңінен қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893672
Семейде балалар темір жолы ашылды 30.11.2024
Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді. Бұл облысымыздағы туризмді дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды.Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді. 2023 жылдың 5 маусымында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің өңірдегі көшпелі баспасөз конференциясында балалар теміржолын жандандыруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.Теміржол аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің ерекше табиғи ландшафы мен әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады. Аралдағы көпірден биологиялық орталыққа дейінгі аралықта жүреді. Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар. Егер маршрут сұранысқа ие болса қосымша вагондарға тапсырыс беріледі.Балалар теміржолы тек ойын-сауық орны ғана емес, жастардың теміржол мамандығына қызығушылығын арттыруға ықпал ететін маңызды білім беру жобасы болмақ. ҚТЖ басшылығы қажетті персоналды оқытуға қолдау көрсетуге дайын. Сонымен қатар, теміржол мамандығына баулитын балалар үйірмесін құру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893661