Қоғам
Астанада Қаныш Сәтбаевтың балалық шағына арналған қойылымның премьерасы өтті 29.11.2024
Астана қаласындағы Қуыршақ театрында Қаныш Сәтбаевтың балалық шағына арналған «Бала Қаныш» қойылымының премьерасы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Балаларға базарлық ретінде ұсынылған туынды ғұлама ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Қойылым авторы – Қуат Ежембек, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құралай Ешмұратова.«Бала Қаныш» қойылымының мақсаты – Қаныш Имантайұлының есімін ұлықтау, ғалымның еңбегін насихаттау, бала Қаныштың балалық шағын дәріптеу, өскелең ұрпақты ғылым, білім, өнерге баулу.Қойылым мультимедиялық дәріс түрінде ұсынылды. Яғни танымдық сипатта өрбіді. Онда Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбегі туралы әртүрлі мәліметтерді академиктің шәкірті, мұғалім-профессор әңгімеледі. Сондай-ақ сахнадағы экраннан деректер берілді. Мәселен, Семей мұғалімдер семинариясында оқығаны, онда Жүсіпбек Аймауытұлы, басқа да Алаш арыстарының тәрбиесін көргені, Ұлытаудан Әмір Темір тасқа қашап жаздыртқан жазуды тапқаны, музыка зерттеушісі Александр Затаевичке қазақтың 25 әнін бергені, геолог Михаил Усовтың әсерімен Томск технологиялық институтына оқуға түскені, «Едіге» жырын зерттегені, т.б. мәліметтер қамтылды.«Ұлы тұлғаларымызды дәріптеуміз керек. Баланың санасы аппақ қағаз сияқты. Бала күнінде естіген ақпарат санаға тез сіңіп, өмір бойы ұмытылмай, мәңгілік сақталады. Қазіргі балалардың көбісі үйлерінде отырып, ұялы телефоннан, планшеттен көз алмайды. Қойылым арқылы табиғатқа шығудың пайдасын, оның қыр-сырын зерттеудің мәнін ұқтыруға тырыстық. Оның арғы жағында ұлы Абай «Болмасаң да, ұқсап бақ» демекші, осы қойылымды тамашалаған балалар Қаныштай болуға талпынса екен деген ойымыз жатыр. Әрине, шығарманы жазарда біраз ізденіп, академик туралы еңбектерді оқыдым. Тарихты жазып отырмағандықтан, қызықты болу үшін қиялымды да қостым», - деді туынды авторы, жас драматург Қуат Ежембек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893267
Cross Ice Hockey 4X4: елордада балалар арасында өткен хоккей жарысы мәресіне жетті 29.11.2024
Астанада 2016 жылы дүниеге келген жас хоккейшілердің арасында 4x4 форматы бойынша ұйымдастырылған бәсекенің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада шайбалы хоккейден «Hockey Planet» мұз сарайында өткен Cross Ice Hockey 4x4 турнирі ресми түрде аяқталды. 3 күнге жалғасқан додада «Барыс», «Бригантина», «Астана» хоккей клубтарының 9 командасы сынға түсті.«4x4 форматының жас балалар үшін бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, көлемі кішкентай алаңда хоккейшілер мұзда сырғанауды тез үйреніп, әр шайбаға жылдам таласа алады. Екіншіден, әр хоккейші көп уақыт шайбаға иелік етеді. Бұл сенімділікті арттырып, техникалық шеберлікті күшейтеді. Үшіншіден, жас ойыншы жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауды үйренеді. Осылайша, ол алаңды көре алып, әр қадамын есептей алатын болады. Жалпы 3 күндік жарыста командалар біршама ойын тәжірибесін жинақтап, командалық рухты арттыра алды деп ойлаймын», - деді турнирдің ұйымдастырушысы Абай Мукушкин.Қысқы спорт түрлерінің арасында танымалдылыққа ие шайбалы хоккейден тұрғындардың тарапынан да үлкен сұранысқа ие. Мысалы. Астана қаласы әкімдігінің №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандырылған спорт мектебінде 5-17 жас аралығындағы 533 бала жаттығады.Жарыстың қорытындысы бойынша, «Барыс-4» чемпион атанса, «Барыс-3» командасы күміс жүлде алды. Үштікті «Барыс-2» ұжымы түйіндеп, үздік хоккейшілер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.Айта кетейік, қазіргі сәтте дәстүрлі 5х5 хоккейі әлемде өзгеріске ұшырап, 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 3х3 форматы енгізілуі мүмкін болса, елордалық «Барыс» клубы желтоқсан айының соңында Құрлық хоккей лигасының бастамасымен 3х3 жүйесінде ұйымдастырылатын алғашқы бәсекеде өнер көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893305
Астанада 16 жасар қыз есірткі үшін түрмеге 6 жылға қалай тоғытылды 29.11.2024
Астанада 2024 жылдың басынан бері есірткі қылмысы үшін 100-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Есірткі таратқаны үшін сотталғандардың бірі 16 жасында түрме жазасын қалай алғанын айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жеңіл табыс іздеген жасөспірімдер де есірткі тасымалдау жұмысына келіседі. Олар өздерінің іс-әрекеттері арқылы жүздеген өмірді, соның ішінде өз өмірін де қалай құрдымға жіберуі мүмкін екенін түсінбейді.Өз басындағы жағдайды мысалға келтірген астаналық әйел мұндай істің болашақ тағдырға қалай әсер ететінін айтты.«16 жасымда мен жігітпен кездесе бастадым. Біраз уақыттан кейін оның есірткі сататынын түсіндім. Уақыт өте келе, мені де өз жұмысқа тарта бастады. Мен де есірткі сата бастадым. Бұл қауіпті жұмыс екенін білдім, бірақ кәмелетке толмағандықтан, маған ештеңе істемейді деп ойладым. Содан маған қызық болып, дәмін татып көрдім. Есірткіні жеткізетін орынға жасырған кезде мені полиция қызметкерлері ұстады. Мені 6 жылға қамады. Мен бұл туралы не айтқым келеді: тіпті кәмелетке толмағандарға да қылмыстық іс қозғалады, сондықтан ешқашан есірткімен байланысты нәрселерге жоламаңыз», - деді ол.Айта кету керек, Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Кепілгерлер немесе есірткі курьерлері 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алады. 2023 жылы елордада есірткі қылмысы үшін 70-ке жуық адам жауапқа тартылды, биыл – 100 адам. Бүгінгі таңда есірткіге байланысты 1 148 факт (982, 16,9% өсім) тіркелді.2024 жылы есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды 7 кәмелетке толмаған адам жасаған. Тергеу аясында 671 кг есірткі тәркіленді.Есірткі орталығына тартуды азайту үшін құқық қорғау органдары интернет-кеңістікке мониторинг жүргізеді. Бір жылға жуық уақыт ішінде 200-ге жуық сайт бұғаттауға бағытталған.Вандализмнің алдын алу бойынша жұмыс қалалық прокуратура мен Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893364
Астанада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7 пайызға артты 29.11.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек инстаграм парақшасында өз өнімдерін шығаруға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға, қаланың дамуына жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін елорданың басты өндірістік алаңы туралы жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Индустриялық парк – өз өнімдерін шығаруға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға, қаланың дамуына жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін елорданың басты өндірістік алаңы. №1 Индустриялық парктің өнеркәсіптік нысандарының инвестициялық портфелі шамамен 317 млрд теңге инвестиция сомасына 121 жобаны қамтиды. Оның ішінде 70 жоба толыққанды жұмыс істеп, 5700-ден астам жұмыс орны ашылды.ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновпен бірге индустриялық парктің өндірістік қуатымен таныстық. Мысалы, телекоммуникациялық жабдықтарды шығарумен айналысатын «Digital System Service» ЖШС зауытын араладық. Ауданы 7,5 мың шаршы метр зауыт бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, дайын өнімді құрастыру мен орауды есептегенде, өндірістің толық циклін қамтамасыз етеді.Сол сияқты магистральдық тепловоздар құрастыратын «Локомотив құрастыру зауыты» кәсіпорнын араладық. Өндіріс іске қосылған сәттен бастап 611 локомотив құрастырылған, ал локализация деңгейі 75%-ға жетеді. Жобаға 30 млрд теңге инвестицияланып, 750-ге жуық жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, «Ashina KZ» ЖШС тігін фабрикасын, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытын араладық.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті қолдау, елдің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жағдай жасау бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Астананың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 5,5 трлн теңгеге жетті. Шағын және орта бизнестің үлесі ЖӨӨ құрылымында 72%-ды құрайтынына назар аударған жөн. Осы жылдың 10 айында Астанаға шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды, ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі де 7%-ға артты», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893614
Ақтөбеде алғаш рет «Сыбаға» фестивалі өтеді 29.11.2024
Ақтөбеде 2-6 желтоқсан аралығында ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған «Сыбаға» фестивалі өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешовтің айтуынша, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру және қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шара облыста алғаш рет ұйымдастырғалы отыр.«Фестиваль бес күнге созылады. Іс-шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ұлттық киімдер көрмесі, спорттық жарыстар, гастрономиялық фестивальдер және қайырымдылық акциялары өткізіледі.Фестивальдің ашылу салтанаты — 2 желтоқсан күні Құдайбергенов Жұбанов атындағы өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» конференц-залында өтеді. Университет қабырғасында өтетін «Тағылым»: «Ұлттық рух тұғыры» ғылыми-тәжірибелік конференциясында фестивальдің тарихи аспектілері талқыланады. 3 желтоқсанда «Дәуір дефилесі» ұлттық киімдер сән көрсетілімі және қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, 4 желтоқсанда «Салбурын-2024» дәстүрлі аңшылық және ұлттық спорт түрлері турнирі, 5 желтоқсанда «Береке» ұлттық тағамдарға арналған гастрономиялық фестиваль, 6 желтоқсанда «Сыбаға» кайырымдылық акциясы ұйымдастырылады», — деді басқарма басшысы.Жиын барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы П.Бимұратов, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы А.Салықбаев фестиваль аясында өтетін іс-шаралар жоспарын таныстырды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған іс-шараға жұмыла қатысуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/893628
Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде 29.11.2024
Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті және кез келген заң бұзушылық үшін міндетті жазалауды қамтамасыз ету шараларын күшейтті.– Басты қағидат – заң мен тәртіп.ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел басқару орталықтары мен патрульдік қызметтің жұмысын белсенді қадағалауда.Жедел басқару орталықтары патрульдік полицейлердің жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Қызметкерлер өздігімен сөндіре алмайтын «смартжетондармен» жабдықталған. Бұл құрылғылар белгіленген талаптардан ауытқуға мүмкіндік бермейді, барлық әрекеттер үнемі жазылып отырады.Бұдан басқа, жасанды интеллект қосылған бейнебақылау камераларынан алынған деректерді талдайтын жүйе қолданылады. Бұл кез келген құқық бұзушылықты анықтауға және оны жедел әшкерелеуге мүмкіндік береді.Полицияның жұмысы әрбір заң бұзушыны оның мәртебесі мен лауазымына қарамастан тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған. Ешкімге ешқандай артықшылық берілмейді.Патрульдік полицейлер заң талаптарын қатаң түрде сақтайтынын атап өткім келеді. Олардың тарапынан кез келген заңсыз әрекеттер үшін сәйкесінше жауапкершілік көзделген.Біз азаматтарды заңды сақтауға, полицейлердің заңды талаптарын орындауға, лауазымды тұлғаларға пара ұсыну әрекеттеріне бармауға шақырамыз.ІІМ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын еске саламын. Оның аясында жемқорлықпен күрес одан әрі нығая түспек.Егер сiз қызметкерлердің әдепсіз іс-әрекеттерінің куәсі болсаңыз, дереу ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарласыңыз.Тек бірлесе жұмыс істей отырып, біз қоғамда қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және әділеттікті қамтамасыз ете аламыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/892947
2 желтоқсанда Demo Day өтеді 29.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 2 желтоқсанУақыты: 15:00Өтетін жері: Мәңгілік ел даңғылы, 55/8, Блок С 4.6, Astana Hub, Event hallDemo Day шеңберіндегі кезекті таныстырылымды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткізеді.Шарада Ахуалдық орталық, сондай-ақ министрлік тарапынан әзірленген МҚҚК ААЖ, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы және «Қаз Реестр» АЖ жобаларының көрсетілімі болады. БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 29 қараша сағат 16:00-ге дейін қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/893053
Цифрлық даму министрлігі Қостанай облысының әкімдігінде кибергигиена бойынша оқыту өткізді 29.11.2024
ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру басқармасы және "Astel" АҚ бірлесіп киберқауіпсіздік және кибергигиена мәселелеріне арналған семинар өткізді.Киберқауіпсіздік бойынша біліктілікті арттыруға арналған бұл оқыту мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасы аясында өткізілді.Семинар барысында қатысушылар сыртқы және ішкі тәуекелдерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті қатерлерді талқылады. Сарапшылар деректерді қорғау жүйесіндегі негізгі элемент ретінде кибергигиена принциптерін сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, ақпаратты қорғаудың практикалық нұсқаулары мен стратегияларымен бөлісті. Іс-шараға облыстық басқармаларды, қалалар мен аудандардың әкімдіктерін, АКИАМО-ларды қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердің 70-ке жуық өкілі жиналды. «Кибергигиена – бұл ережелер жиынтығы ғана емес, бұл әр ұйымға енгізілуі керек тұтас мәдениет. Тәуекелдерді түсіну және олардың алдын алу әдістерін білу қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың негізі болып табылады», - деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.Сонымен қатар, қатысушылар кибергигиена мен қызметкерлердің хабардарлығын арттырудың маңыздылығын талқылады. Семинар киберқауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға және мемлекеттік мекемелерде ақпаратты қорғауды жақсартуға мүмкіндік беретін қатысушылар арасында тәжірибе мен үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды платформаға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/893285
ТЖМ қызметкері халықаралық көрме мен семинарға қатысты 29.11.2024
20-23 қараша аралығында Пәкістан Республикасының Карачи қаласында IDEAS-2024 12-ші халықаралық қорғаныс көрмесі мен семинары өтті.Қазақстандық делегация құрамында іс-шараға Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Әскери бөлімдер басқармасының аға офицері майор Нұрлан Тутешев қатысты.Көрмеде 55 елден келген өндірушілер мен жеткізушілердің 550-ден астам қару-жарақ, әскери техника және қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің экспонаты ұсынылды. Олардың ішінде жеке бронды қорғау құралдары, киім-кешек, өрт және құтқару техникасы мен жабдықтары, автомобильдер мен бронды техниканы жүргізу симуляторлары, броньды танк техникасы,атыс саңылауы және броньды қорғанысы бар жеке құрамға арналған бөлікті брондалған автомобильдер, атыс саңылауы бар 2-3 адамға арналған мобильді броньды модульдер, басқарылатын жауынгерлік модуль, өртті басқарудың автоматтандырылған жүйесі, цифрлық автоматтандырылған миномет жүйесі, оптикалық аспаптар.Көрме ТЖМ қажеттіліктері үшін өзекті Пәкістан өнімдерінің әлеуетін зерттеу үшін маңызды алаңға айналды. Қызметті одан әрі дамыту және жаңғырту үшін пайдалы болуы мүмкін құтқару техникасына, жабдықтарға және киім-кешектерге ерекше назар аударылды. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөдімдер комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/892911
Жас құтқарушылар жылдамдық пен ептілікте жарысты 29.11.2024
Павлодардағы «Динамо» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінің оқушылары арасында өрт-құтқару спорты бойынша чемпионат өткізілді.10-16 жас аралығындағы барлығы 19 команда, 120 қатысушы үздік «Жас құтқарушы» атағына ие болу үшін шапшаңдылық пен ептілікте жарысты. Іс-шараға ТЖД басшылығы, Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шакенева қатысты.Чемпионат оқушыларға төтенше жағдайлар туындаған жағдайда бастапқы іс-қимыл дағдыларын үйрету, өрт-құтқару спортын дамыту, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтуі керек еді. Балалар аспалы шабуыл баспалдағымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтеріліп, аз уақыт ішінде еңсеру керек болды, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтіп, 75 см биіктіктегі тосқауылдан тез арада сүрінбей нәтиже көрсету қажет еді, сонымен қатар екі өрт жеңімен тақтадан өтіп, аталмыш жеңдермен тапсырмаларды орындады.Барлық қатысушылар тамаша дене дайындығын және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша № 18 ЖОББМ командасы бірінші орынды және кубокты жеңіп алды, екінші орынды Қ.Бекхожин атындағы ЖОББМ командасы иеленді, үшінші орынды № 30 ЖОББМ командасы жеңіп алды.«Жарыстың арқасында балалар құтқару жұмыстарына қажетті дағдыларды қалыптастырады, олар командада жұмыс істеуді үйренеді. Бұл болашақ кәсіби құтқарушыларды дайындаудың алғашқы қадамы. Жарыс қорытындысы бойынша республикалық жарыстарда Павлодар өңірінің атынан қатысатын облыс құрама командасына іріктеу жүргізіледі», - деп марапаттау рәсімінде Павлодар облысы ТЖД бастығы атап өтті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893095
ТЖД қызметкері «Жыл таңдауы – 2024» сыйлығының лауреаты атанды 29.11.2024
Абай облысы ТЖД қызметкері Ерасыл Қадырбеков «Жыл таңдауы – 2024» сыйлығының «Жылдың жас батыры» номинациясында лауреат атанды.Салтанатты марапаттау рәсімінде Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктерінің қала үшін маңыздылығын атап өтті.«Жыл таңдауы – 2024» сыйлығы жыл сайын мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысқаны және қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін табысталады. Үміткерлер түрлі бағыттар бойынша ұсынылып, жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтады.Ерасыл Қадырбеков өзінің кәсібилігімен, жанқиярлығымен және өз ісіне адалдығымен бұл құрметке лайық болды.«Мен үшін бұл марапат үлкен құрмет қана емес, сонымен қатар біздің жұмысымыздың маңыздылығын еске салады. Мен әрқашан өмірді құтқару – ерлік емес, әркімнің міндеті деп ойладым. Бұл сыйлық – бүкіл команданың еңбегі, өйткені табыс әріптестердің үйлесімділігі мен қолдауына байланысты»,-деп Ерасыл Қадырбеков атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893120
ТЖМ қызметкері Азия рекордын орнатты 29.11.2024
23-28 қараша аралығында Шымкент қаласында спорттың күштік түрлерінен Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті.Чемпионатта республиканың түкпір-түкпірінен келген 937 адам жарысты.Осы спорттық жарысқа ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өрт-құтқару және дене дайындығы кафедрасының оқытушысы азаматтық қорғау майоры Виталий Вадимович Ромащенко қатысты.Жоғары оқу орнының қызметкері 100 кг салмақ дәрежесінде күштік спорттың 6 түрі бойынша 6 алтын медаль жеңіп алды.Бұл жарыста Виталий Вадимович Ромащенко халықаралық спорт шебері нормативін орындады, сонымен қатар 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде арқанға тартылу бойынша Қазақстан және Азия рекордын орнатты.«Бұл спорттық жетістік марапаты мен үшін маңызды. Ол еңбек, тәртіп жылдарын бейнелейді. Мен осындай нәтижеге қол жеткізгенімді мақтан тұтамын. ТЖМ басшылығына және осы жолда мені қолдағандардың барлығына ризамын. Бұл әрі қарай жүруге және одан да жоғары мақсаттар қоюға шабыттандырады»,-деді Виталий Ромащенко.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893121
ТЖМ жаңа қайықпен толықты 29.11.2024
Жаңа техника маңғыстаулық құтқарушыларға міндеттерін мінсіз орындауға көмектеседі.Мarlin 830WA қуатты қайығы кез келген жағдайда құтқару жұмыстарын тиімді орындау үшін заманауи жабдықтармен жарақталған. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, төтенше жағдайларға тез арада ден қоя алады. Бұл өңірдің ТЖ-ға дайындық деңгейін арттыру және су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды қадам болып табылады. Жаңа қайық балықшыларды құтқару, сондай-ақ сүңгуір маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету сияқты маңызды миссияларда пайдаланылатын болады.Бұл сатып алу құтқару қызметтерінің жұмысын жақсартуға бағытталған Қазақстан ТЖМ материалдық-техникалық базасын жаңартудың бір бөлігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893135
Алматыда ҚР Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысы аясында Салық кодексінің жобасы талқыланды 29.11.2024
Алматыда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексі жобасындағы жаңалықтарды айтты.Азамат Әмрин өз сөзінде жаңа Салық кодексінде әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетінін атап өтті. Салық төлеушіні тіркеу жеңілдетіледі. Салық есептілігі қысқартылады. Бақылау цифрландырылады.Оның айтуынша, өндіріске пайданы қайта инвестициялау үшін кешенді тәсілдер әзірленген. Арнайы салық режимдері оңтайландырылып, бизнесті бөлшектеу тәуекелдерін азайту шаралары қабылданды.Корпоративтік табыс салығының сараланған мөлшерлемесін енгізу ұсынылуда. Бұл ретте 20%-дық базалық мөлшерлеме сақталады. Банк секторы мен ойын бизнесінде мөлшерлемені 25% деңгейінде, өңдеу өнеркәсібі, қаржы лизингі және әлеуметтік салада 10%-ға дейін төмендету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% деңгейінде сақтау ұсынылады.Инвестицияларды ынталандыру үшін ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді оның функционалдық мақсатына байланыстырмай сатып алуға/салуға арналған шығындарды біржолғы 100% шегеру түрінде салықтық жеңілдіктер көзделеді.Сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы азаматтардың зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жоспарлануда.«Сән-салтанат» заттарына салық салуға келсек, қымбат мүлікке жоғары салық ставкалары, қымбат жеңіл автомобильдерге, алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына қосымша акциздер ұсынылады.«Барлық жеке тұлғалар үшін көлік салығының ставкаларын төмендету ұсынылады: егер машинаның қызмет ету мерзімі 10 жылдан асса, онда ставка 30%-ға, ал 20 жылдан асса 50%-ға төмендетіледі», - деп атап өтті вице-министр.Бұдан бөлек, құжатта тиімсіз пайдаланылған жерлерге жер салығын базалық мөлшерлемеден 40 есе мөлшерде қосымша енгізу көзделеді.Жаңа Салық кодексінің жобасы қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің жұмыс топтарында қаралуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/893627
40 ақмолалық оқушы республикадағы алғашқы «Жас ұрпақ» балалар бірлестігінің қатарына қабылданды 29.11.2024
Бүгін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Болашақ сарайы»-нда Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен және Ақмола облысының білім басқармасы бірлесіп құрылған бірінші «Жас Ұрпақ» балалар бірлестігіне көшбасшыларды қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.Іс-шараға шақырылғандардың қатарында облыстық ведомстволардың өкілдері бар. Атап айтсақ, әкімдік, прокуратура, полиция, әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу департаменті.«Бірлестікке» Көкшетау қаласы бойынша пилоттық мектептер: №11 мектеп-гимназия, №14 жалпы орта білім беретін мектеп, №17 мектеп-гимназия, №21 мектеп-лицейлерінің 6-10 сынып оқушылары қатысады.«Бүгінгі таңда облыс мектептерінде бірнеше балалар ұйымдары жұмыс істейді: «Жас қыран», «Жас ұлан», «Жас сарбаз», «Жас сақшы», «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ». Осы қозғалыстың әр бірінің өз міндеті бар. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әскери-патриоттық, азаматтық-әлеуметтік бағыттары бойынша.«Жас ұрпақ» – балаларды әлеуметтік бастамаларға біріктіретін қозғалыс, оның мақсаты – құқық бұзушылықтарды, мектептерде буллингті азайту және балаларды қосымша сабақтарға белсенді қатыстыру», - деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.Бірлестік оқушылардың азаматтығын, патриотизмін дамытуға, кәсіби маңызды қасиеттерді, жоғары жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту, мектеп ортасында қорқыту мақсатында балаларды білім беру, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік бастамаларға тартуға бағытталған. Сондай-ақ, өмір қауіпсіздігі негіздерін үйрету, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша әдебиеттерді және басқа да ғылыми тәсілдерді зерделеу, өз дәстүрлерін және басқа халықтарды құрметтеу, аға буынға деген көзқарас, киберкеңістікте оқыту және бейіндеу, қаржылық сауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік. Балалар қозғалысының мүшелері конкурстар, жобалар, түрлі деңгейдегі жарыстарға, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық бағыттағы және басқа да көптеген іс-шараларға қатысатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893558
Алматы облысында жастарға арналған жаңа орталық ашылды 29.11.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысының Балқаш ауданында жастарға арналған заманауи коворкинг орталығы ашылды.Бұл орталық аудан жастары үшін көптен күткен маңызды оқиға болды. Балқаш ауданындағы халықтың үштен бірін құрайтын жастардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және қажетті ақпарат алуына мүмкіндік жасайтын орталық енді қызмет көрсетеді.Орталықта жастарға білікті мамандар психологиялық және заңгерлік көмек береді, қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер ұсынады, сондай-ақ жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді.Жастар орталықтарының дамуыЖастар орталықтары Алматы облысында жыл басынан бері қарқынды дамып келеді. Бұған дейін Қонаев қаласы мен Кеген ауданында осындай орталықтар іске қосылса, желтоқсан айында Райымбек ауданында тағы бір орталық ашылмақ. Ал келесі жылы Қаскелең қаласында жаңа орталықтың құрылысы жоспарлануда.Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті:«Қазіргі таңда Алматы облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 420 мыңнан астам жас бар. Бұрын жастарға арналған, қиын кезде көмек көрсетіп, бас қосатын орталықтар болмаған еді. Біз бұл мәселені кезең-кезеңімен шешіп жатырмыз. Алдағы уақытта облыстың барлық ауданында жастар үшін заманауи инфрақұрылым құруды жоспарлап отырмыз. Бұл жастармен жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді», – деді ол.Жастарға арналған жаңа мүмкіндіктерКоворкинг орталықтары өңір жастарын әлеуметтендірудің маңызды алаңына айналуда. Мұнда бизнес-тренингтер, шеберлік сабақтары, көрмелер, кездесулер мен түрлі үйірмелер тегін өткізіледі.Қонаев қаласы мен Кеген ауданында ашылған орталықтарда жыл басынан бері 9 мыңнан астам жасты қамтыған 700-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Шаралар негізінен интеллектуалды, IT және креативті салаларға бағытталған. Сондай-ақ, бұл орталықтарда бизнес желі құру бойынша кездесулер, танымал тұлғалармен сұхбаттар және шеберлік сабақтары өткізілді.Балқаш ауданында ашылған жаңа орталық осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып, жастардың әлеуетін арттыруға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/892772
Алматы қаласының Түрксіб ауданының 300-ден астам тұрғыны орталық коммуникацияларға қосылады 29.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданын аралау барысында Закарпатская көшесі бойындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысымен танысты.2014 жылы Алматы облысынан Алматыға қосылған учаскеде орталықтандырылған коммуникациялар болған жоқ. Тұрғындар өз күшімен ұжымдық су құбырын тартып, су бұру үшін септиктерді пайдаланды. Уақыт өте келе, пайдалану кезінде тозған су құбыры жүктемелерді көтере алма себебінен, сумен жабдықтауда үзілістер жиілеп кетті.Бұл мәселені шешу үшін Түрксіб ауданының әкімдігі 4,8 км су құбыры, 1,6 км кәріз және екі кәріз сорғы станциясы (КСС) құрылысының жобасын әзірледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы басталып, сол жылдың маусым айында аяқталды.Бүгінгі таңда инженерлік желілерді төсеу жұмыстары аяқталды, бірақ жобада екеуі қарастырылғанымен, тек бір КСС орнатылды. Осыған байланысты ағымдағы жылдың тамыз айында Түрксіб ауданының әкімдігі мердігер ұйымды жұмыстарды толық орындамағаны жне уақыты жағынан үлгермегені үшін сотқа талап-арыз берді. Сот істі қарауда.Жұмыс барысымен танысу барысында Ерболат Досаев құрылысты соңына дейін жеткізуді және объектілерді пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды. Аудан әкімі екінші КСС осы жылдың желтоқсан айында орнатылатынына сендірді. Нәтижесінде орталық коммуникациялармен 300-ден астам тұрғын тұратын 70 үй қамтылады.Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасы бойынша қабылданған инженерлік коммуникацияларды ұстаудың жаңа ережелерін ескере отырып, асфальтбетон жабынын қалпына келтіру жүргізілгенін атап өткен жөн. Егер бұрын жол төсемі тек траншея арқылы қалпына келтірілсе, қазір жолдың бүкіл ені бойынша қалпына келтіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/892992
Жандосов көшесіндегі қозғалыстың уақытша шектелуі туралы 29.11.2024
29 қарашадан 30 қарашаға қараған түні сағат 00:00-ден 1 желтоқсан сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесінде Пролетар көшесімен қиылыста көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Шектеу кәріз желілерін жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.Жөндеу жұмыстары аумағын Яссауи көшесі мен Орталық көшесі арқылы Солтүстік-Батыс бағытында, Оңтүстік-Батыс бағытында Шаймерденов көшесі, Ықылас көшесі, Дауленов көшесі арқылы айналып өтуге болады.Аталған учаскеде «Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарағайлы шағын ауданындағы оңтүстік-шығыс бөлігінде магистралды кәріз желілерін салу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша Наурызбай ауданының 40 мың тұрғынына қызмет көрсету үшін 6,5 км магистралды кәріз желісін салу жоспарланған.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз маршрутыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893001
Алматы әкімі Ерболат Досаев ауыз су өндіретін зауытты қайта жаңарту барысымен танысты 29.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданындағы Samal Water зауытында болып, қайта құру нәтижелерімен және өндірісті одан әрі кеңейту жоспарларымен танысты.«Бизнес Парк Навигатор» ЖШС зауыты ауыз суды өндіруге, жеткізуге және сатуға маманданған. Кәсіпорынды қайта құру 2024 жылы аяқталды және инженерлік коммуникацияларды ауыстыруды, ауыз су өндіруге арналған заманауи жабдықтарды орнатуды, іргелес аумақты абаттандыруды (асфальттау, жарықтандыру, көгалдандыру) қамтиды.Инвестициялардың жалпы көлемі 12,4 млрд теңгені, қосымша инвестициялар 5,7 млрд теңгені құрайды. Зауытта 336 тұрақты жұмыс орны құрылды, жыл сайынғы салық аударымдары 215 млн теңгені құрайды, жаңғырту аяқталғаннан кейін 282 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. Зауыт жоспарында өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар Ресейге, Қытайға, Қырғызстанға және Өзбекстанға экспортты қоса алғанда, халықаралық нарықтардағы позицияларды нығайту бар.Зауыт аумағында судың жоғары сапасын қамтамасыз ететін тереңдігі 250 метр болатын екі артезиан ұңғымасы және өнімді жеткізуге арналған 15 ұзын өлшемді жүк көлігі мен 125 жүк көлігін қамтитын жеке автопарк бар. Кәсіпорында екі өндірістік желі орнатылған: көлемі 0,25-тен 2 литрге дейін және көлемі 6 литрге дейінгі ПЭТ-бөтелкелерге су құю.Жаңғыртудың келесі кезеңі шеңберінде 2024-2025 жылдары шыны бөтелкелерге су құюдың жаңа желісін орнату, дәмдік сусындар желісін іске қосу, өндірістік қуаттылықты айына 15 млн литрге дейін ұлғайту жоспарлануда.Ерболат Досаев зауыт жобасы Алматының өндірістік секторына экономикалық өсуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал ететін табысты инвестициялардың маңызды үлгісі болып табылатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893184
Алматыда білім беру саласына қосымша 4 млрд теңге бөлінеді 29.11.2024
Алматыда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету аясында 8,3 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру бөлінетін болады. Осы соманың 4 млрд теңгесі білім беру саласын дамытуға арналған. Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.Қаражаттың бір бөлігі білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды аяқтауға бағытталатын болады. Атап айтқанда, Си Синхай көшесіндегі балабақшаны сейсмикалық күшейту және Бостандық ауданының Орбита-3 шағын ауданындағы балабақшаны жаңарту жұмыстары да қарқынды жүруде. Осы нысандардың құрылысын аяқтау үшін 2025 жылдың шілдесіне қосымша 1 млрд теңге бөлінеді.Сондай-ақ құрылыс және реконструкциялау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге қаражат бөлу жоспарлануда 9 білім беру нысаны: Алатау және Наурызбай аудандарындағы 3 балабақша; Алатау, Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 5 мектеп; ш/а 1 даму және шығармашылық орталығы. Алатау ауданының Саялы.Сондай-ақ, 26 мектепті пәндік стендтермен және парталармен жарақтандыру жоспарлануда.Осылайша, қосымша қаражат оқу жағдайларын жақсартуға және қаладағы білім беру сапасын арттыруға бағытталатын болады.Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қосымша 460 млн теңге бөлінді. Соманың негізгі бөлігін резидентура студенттері үшін 120 оқу гранты мен стипендияларды қаржыландыруға, сондай-ақ 7 медициналық колледжде жаңа қабылдаудың 1 206 студентінің оқу ақысы мен стипендияларын төлеуге бағыттау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893572