Қоғам
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛЕТІН ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ АРТТЫ 28.11.2024
Түркістан облысының туристік әлеуеті жыл сайын көтеріліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты.Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны – 210 мың адам. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.Туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» және 99 гектар жерге атшабар салынуда.Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 6 емдік-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892483
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУ, ГАЗ, ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТТЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.– Ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты міндеттің бірі. Осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде, – деді Дархан Сатыбалды.Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын (2 млн. 97 мың адам) немесе халықтың 97,9%-ы ауыз сумен қамтылған (737 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 13 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,6%-ға жетеді. Екі жылда 187 мың тұрғын ( 91 елді мекен) табиғи газға қосылды. Нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн 820 мыңға немесе 84,9%-ға жетеді (557 елді мекен).Биыл 1161 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 560 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94%-ға жеткізіледі.Құрылғанына 90 жыл болған (1934 жылы) Кентаудағы жылу орталығы 85 пайызға тозған. Осыған орай, орталықты қайта жанғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 6 қазандыққа қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінгі таңда 4 қазандыққа қайта құру жұмыстары толық аяқталып, штаттық режимде жұмыс істеуде. 2 қазандықта қайта құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта жылу желілеріндегі температура белгіленген нормативтен де жоғары берілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892498
«Астана – есірткісіз қала»: мамандар елордалық оқушылармен кездесті 28.11.2024
Елордада жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша кезекті басқосу Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында өтті. Оған білім ордасының 10 мен 11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Бүгін мектебімізде «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мұндай бағыттағы бірінші іс-шара емес. Кездесуге 300-ден аса оқушы қатысып отыр. Оның мақсаты – жастарға қателіктерден аулақ болу керектігін түсіндіру», - деді М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Өскінбаева.Іс-шараға «Жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ жетекші маманы, психолог Әсел Пірімбек, Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Тоқтарбай жетекшілік етті.Кездесудің басты мақсаты – есірткі заттарының болашақ өмірге келтірер зиянын түсіндіру, теріс әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.«Есірткі таратуға көбінесе жасөспірімдер тартылады. Себебі өзгелерге қарағанда оларға өз ықпалын жүргізу оңайырақ. Мектеп жасындағы балалар «ертегідей өмір сыйлаймын», «қаржылық жағдайың жақсарады» деген сияқты уәдеге алданады. Шын мәнінде, бұл жалған. Бүгінгі кездесу осындай жағдайдың алдын алу мақсатында өтуде. Ақпаратпен қаруланған адам сақтық шараларын ұстану жолдарын біледі», - деді Әсел Пірімбек.Маманның сөзінше жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың негізгі себептерінің бірі бұл – ешкімге керек еместігін сезіну.«Шын мәнінде, бұл – қалыпты жағдай. Жасөспірім шақта мұндай болып тұрады. «Мені ешкім түсінбейді» деп ойлау – қате. Мәселен, мен қазір сіздерден жеке-жеке «Өзіңізді жалғызбын деп сезінесіз бе?» деп сұрасам, оның жауабы «иә» болады. Ал көбісі бұл «жалғыз қалу» сезімінен қашады. Осы орайда мен өзгеден көмек сұрау ұят еместігін айтқым келеді. «Анашым, әкешім, менің жағдайым нашар. Менімен сөйлесіңізші» деп айту ұят емес. Егер сіздің ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз ішіңіздегі сырыңызды айтатындай жақын болмаса, онда сіз кез келген уақытта мектеп психологына көмекке жүгіне аласыз. «Психологқа бар» десе, шошып кетеді. Есі дұрыс емес адам ғана барады деп ойлайды. Бұл – қате пікір. Маманның ақылын тыңдау түк те ұят емес. Психолог пен коучқа өмірде жетістікке жеткен адамдар да барады», - деді маман.Мамандардың айтуынша, есірткінің қармағына бір іліккен адам одан оңай құтылып кете алмайды. Бұл дертке шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Нәтижесінде өзінің денсаулығын, өмірін құртады. Тіпті жақындарының өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.«Жасөспірімдер есірткіге «жоқ» деп қалай айтады? Оның бойында сенімділік қасиеті болуы қажет. Ата-анасынан, ұстаздарынан, қатарластарынан қолдау іздеу керек. Сондай-ақ бос уақытында спортпен, шығармашылықпен айналысқаны жөн», - деді ол.Жасөспірімдер еліктегіш келеді. Сондықтан бір рет есірткіні қолданғанда ештеңе бола қоймас деп, нәтижесінде нашақор болғанын білмей қалады дейді мамандар.Сөз соңында психолог оқушыларға «есірткінің адам мәселесін шешпейтінін естен шығармаған жөн» екенін жеткізді.«Бірқатар қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Есірткі таратқаны және оларды сақтағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл – адам өмірінің шамамен жартысы темір тордың ар жағында өтеді деген сөз. Одан шыққан соң адам көңілді болмайтыны рас. Сондай-ақ мұндай адамға қоғамның қарым-қатынасы да басқаша болады. Мәселен, биыл Астанада есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін 150-ден астам адам жауапқа тартылды. Олар – 16 мен 45 жас аралығындағы адамдар», - деді Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Тоқтарбай.Сонымен қатар кездесу барысында оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіліп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы, оқушыларға құқықтық мәдениет құндылықтары, заң үстемдігі қағидаттары түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/892252
Елордалық оқушылар робот құрастырып шығарды 28.11.2024
Астана қаласының М.Мақатев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары ақылды робот құрастырып шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оқушылардың айтуынша, оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға өздері құрастырып шығарған робот ерекше мотивация беретін көрінеді. Сондай-ақ, өзара байланыс ретінде пайдаланудағы тиімділігі де байқалды. Бұл роботқа қызығушылық танытатындар да бар.«Қазіргі уақытта Темірбек еліміздің басқа қалаларындағы оқу орындарында балалармен кездесіп жүр», - дейді информатика пәнінің ұстазы Айдана Оңғарбекқызы.Робот сөйлей алады, сұрақтарға жауап бере алады. Оқушылар енді оны жүргізудің жолын ойластырып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891200
Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды 28.11.2024
Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті.Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/892516
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды 28.11.2024
Алматының Медеу ауданындағы Көлсай шағын ауданында орталық сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа су инфрақұрылымы объектілері іске қосылды. Медеу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев құрылыс жұмыстарының нәтижелерімен танысты.2014 жылы қалаға қосылған тұрғын үй массивінде инженерлік желілер болмаған. Олар тек 2021 жылы салынды, алайда, ағымдағы жылы Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған «Балқаш» ауқымды жобасын іске асырудың арқасында су беру мүмкін болды. ТЖ желісі бойынша тәулігіне 6,9 мың текше метрге 5 резервуар және 7,3 мың текше метрге 3 скважина салынды.Осы жоба аясында Көлсай шағын ауданында биыл су көзімен – «Балқаш» су қабылдау станциясымен байланыстыратын, көлемі 400 текше метр сорғы станциясы мен резервуар орнататын магистральдық су құбыры желісі салынды.Нәтижесінде Көлсай шағын ауданының 2 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылды. Сонымен қатар, бұл магистраль 4 мыңға жуық адам тұратын Юбилейный шағын ауданын да үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.«Мемлекет басшысы Алматы қаласын сумен жабдықтауға және су бұруға ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз, әсіресе қаланың жоғарғы бөлігінде қалаға қосылған, бірақ назардан тыс қалған қосылған аумақтарға ерекше көңіл бөлудеміз, Олар Медеу және Бостандық аудандарында орналасқан, бұларды сумен жабдықтауды 100%-ға жеткізуге ниеттіміз. Бұған дәлел – Көлсай шағын ауданы. Мұнда ештеңе болмаған, бұрынғы бау-бақша серіктестіктері, тар дәліздер. Біз жаңа желілерді ғана емес, сонымен қатар осы аймақтарды тұрақты және үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша сорғы станцияларын, су қоймаларын орнаттық. Біз тек желілермен ғана емес, жол инфрақұрылымын да жақсартамыз. Осындай жобаларды іске асыру бойынша жаңа стандарттарға сәйкес, қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін көшелердің бүкіл еніне асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Ерболат Досаев. Қала басшысы 2025-2026 жылдарға бұл жұмыс ауданда жалғасатынын атап өтті. Екі жыл ішінде ауданның 20 мыңнан астам тұрғынын қамти отырып, жалпы ұзындығы 136 км инженерлік желілер салу жоспарлануда.«Медеу ауданына ерекше көңіл бөлініп, барлық шағын аудандар тәртіпке келтірілетін болады. Атап айтқанда, Каменское плато шағын ауданы, онда біз 50 км-ге жуық желі саламыз. Сондай-ақ, біз Таулы қырат шағын ауданын да қамтимыз. Көптеген адамдар гүлденген аймақ ретінде қабылданатын таулы қыраттың жоғарғы бөлігінде инженерлік желілер жоқ, сондықтан 30 км-ге жуық жаңа желілер салынады. Инженерлік коммуникациялармен қаладан 25 км жерде орналасқан Алатау шағын ауданы да қамтылады.Менің ойымша, 2025 жылдың соңына қарай айналма жүйелердің контурлары анықталып, сумен барынша қамтамасыз етілетін болады», - деп түйіндеді сөзін Алматы әкімі.Айта кетейік, Медеу ауданының жоғарғы бөлігін сумен жабдықтау жер үсті көздерінің әсер ету аймағында орналасқан. 2022 жылы скважиналардағы су деңгейінің 2,5 есе – 150-ден 60 м3-ге дейін төмендеуі байқалды. Содан кейін қала әкімі тұрғындарды жерасты сумен жабдықтау көздеріне қосу бойынша алғашқы ауқымды жобаны іске асыру туралы шешім қабылдады. Оның жүзеге асуы арқасында бүгінгі таңда Медеу ауданының 20 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар, екі жыл ішінде ауданда 79,3 км магистральдық және тарату инженерлік желілері салынды. 14 сорғы станциясы, 7 таза су қоймасы, 3 скважина, су мұнарасы орнатылды. Бүгінде ауданның 35 мыңнан астам тұрғыны, оның ішінде ешқашан кәріз болмаған шалғайдағы массивтер орталық коммуникациялармен қамтамасыз етілген.Жалпы, Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылдың басынан бері 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды, бұл 60 мыңға жуық абонентті қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы 240 км құрылыс және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/892508
Ғылым және өнеркәсіп: тау-кен металлургия кешеніндегі ҒЗТКЖ қайта іске қосу 28.11.2024
Ғылым және өнеркәсіп: тау-кен металлургия кешеніндегі ҒЗТКЖ қайта іске қосу2024 жылғы 28 қарашада Астанада «Ғылым және өнеркәсіп: тау-кен металлургиялық кешеніндегі ҒЗТКЖ қайта іске қосу» атты форум өтті.Іс-шара ғылым, өнеркәсіп және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіріп, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) тиімділігін арттыру және ғылыми қоғам мен тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты жақсарту стратегияларын талқылауға мүмкіндік берді.Форум қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым мен өнеркәсіп арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.«Өткізілетін Хакатондардың басты міндеті – өндірісті жаңа технологиялық деңгейге көтеру және қосылған құн тізбегін құру. Хакатондар ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын анықтауға, нақты экономика сұраныстарын және қажеттіліктерін шешуге, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсартуға, сондай-ақ экспортқа бағытталған жаңа өнімдер өндірісіне арналған коммерцияландыру жобаларын алға жылжыту мақсатында өткізіледі», – деді министр.Өз сөзінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнара Бижанова бизнестің ғылыми зерттеулерге белсене қатысу қажеттілігін айтып, ғылым мен кәсіпорындардың ынтымақтастығының сәтті мысалдарын келтіріп, өнеркәсіптің қолданбалы мәселелерін шешуде айтарлықтай нәтиже алғанын атап өтті. «Ғылым мен өндіріс – бір-бірімен ажырамас байланысты екі тізбек. Бүгінгі форум – жаңа деңгейдегі ынтымақтастыққа қадам. Бірлескен күш-жігермен елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз деп сенемін», – деп атап өтті Г.Бижанова.«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов компанияның инновациялық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, ҒЗТКЖ-ға жаңа тәсілдерді енгізудің өндірістің тиімділігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті. «Корпорация соңғы бес жыл ішінде ірі ғылыми-технологиялық жобаларды іске асыруға қосқан қосымша үлесін ескермеген кезде, лицензиялық-келісімшарттық шарттар аясында ҒЗТКЖ-ға 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылғанын да атап өтуге болады. Бұдан бөлек, компания ағымдағы жылы Қазақстанда алғашқы ғылыми-технологиялық хакатонға бастамашылық жасап, табысты өткізді. Форум қорытындысы бойынша тау-кен технологияларымен, экологиямен, байытумен және өнеркәсіптік цифрландырумен ұштасқан өндірістік мәселелерді шешуді көздейтін 4 негізгі жоба іріктелді», – деді Сәкен Шаяхметов.ERG компаниясының Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов инновациялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылған ҒЗИ инженерлік орталығы – ERG R&D орталығының жұмысын баяндап, қазіргі уақытта орталық портфелінде экономикалық әсері 150 миллиард теңгеден астам болатын 48 жоба бар екенін мәлімдеді.Орталықтың көзқарасы тиімділік қағидатын қатаң сақтауды қамтиды: әрбір жоба терең талдаудан, зертханалық сынақтардан және жартылай өнеркәсіптік құрылғыларда тексеріледі. Технологияның тиімділігі дәлелденген жағдайда, өндірістерге енгізіледі. Осылайша, қандай да бір тәуекелдер азайып, инновациялық әлеует артады.Форум аясында стратегиялық сессиялар мен дөңгелек үстелдер өтіп, қатысушылар ғылым мен бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа механизмдерін, Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешеніндегі инновациялар мен өзекті мәселелерді шешуді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/892494
ЮНЕП Атқарушы директорымен кездесу 28.11.2024
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Пусанда (Оңтүстік Корея) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің ЮНЕП Атқарушы директоры И.Андерсенмен кездесуі өтті. Кездесу барысында қазіргі ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ алдағы уақытта бірлескен жұмыс үшін перспективалық бағыттар талқыланды. ЮНЕП басшысы Қазақстанның халықаралық процестердегі белсенді рөлін атап өтті.P.S. Пусанда Халықаралық келісім бойынша келіссөздердің 5-ші раундының жұмысы жалғасуда, онда пластикпен ластануды болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық келісім шарттары талқылануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/892455
“БОЗАРЫҚ-3” ШАҒЫНАУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ 28.11.2024
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығымен бірге “Бозарық-3” шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бұл шара шамамен 700 тұрғын үйдің табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді. Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, шағынауданды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті. “Тұрғын алабын газдандыру – Шымкент қаласы халқын табиғи газбен қамтамасыз ету туралы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болатын. Бұдан бөлек желтоқсан айында мұнда ауызсу мен электр энергиясымен қамту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді Ғ. Сыздықбеков. Айта кетейік, биыл күзде “Қайнарбұлақ-1”, “Қаратөбе” және “Бозарық-2” тұрғын алаптарының тұрғындары да табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін “Қайнарбұлақ-2”, “Қайтпас-1”, “Ынтымақ”, “Тассай” және “Еламан” шағынаудандарына да газ жеткізіледі. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/892283
Алматыда «Экологиядағы инклюзия-жаңа жылдық ғажайып» жобасы басталады 28.11.2024
Алматыда 28 қарашадан бастап «Экологиядағы инклюзия-жаңа жылдық ғажайып» жобасы басталады. Акция аясында кез-келген адам ерекше қажеттіліктері бар балалар жасаған жаңа жылдық ойыншықтар мен кеңселер мен басқа мекемелерге арналған дизайн сатып ала алады. Ойыншықтар қайта өңделген пластиктен жасалады және балалар эко-жаттықтырушылармен шығармашылық шеберлік сабақтары аясында боялады.Жобаға жеке тұлғалар да, қала ұйымдары да қатыса алады. Компаниялар өз қызметкерлерін әрқайсысы бір немесе бірнеше шырша ойыншықтарын сатып алатын челленджге қатысуға шақыра алады. Эко-Хаб ойыншықтар жасауға өтінімді қабылдайды және серіктестік оңалту орталығына шақырады немесе балаларға шығармашылық үшін дайын материалдарды беру үшін келеді. Балалар Эко-жаттықтырушылармен бірге шырша әшекейлерін жасайды, содан кейін оларды компаниялар кеңселерін,і, дүкен сөрелерін, мейрамханаларды немесе қалалық шыршаларды безендіру үшін пайдалана алады. Ойыншықтардың бір бөлігі балалардың оңалту орталықтарын безендіру үшін қалуы мүмкін. Процесс аяқталғаннан кейін әр компания Эко-Хабтан есеп алады, сонымен қатар іс-шаралардан алынған бейнеге сілтеме жасайды.Жобаның бастамашысы Евгений Мұхамеджанов акция идеясы кездейсоқ пайда болмағанын айтады: «Бізге шеберлік сабақтарына өз қолдарымен жаңа ойыншықтар жасайтын ерекше балалар келеді. Біз олардың өздерін қажет сезінетінін және мерекеге қатысы бар екенін байқадық, мұнда олар жетістікке жетеді. Сондықтан біз олардың еңбегін қоғам бағалағанын қаладық. Ал ертең, егер олар ойыншықтарын қалалық шыршада, дүкеннің немесе мейрамхананың терезесінен көрсе, онда олардың жүректері одан да қатты тебіренетін болады», - деді ол.Экологиялық таза және креативті ойыншықтар жаңа жылдық корпоративті бокстарға, кеңселер мен сауда нүктелерін безендіруге өте ыңғайлы. Маңызды нәрсе, егер ойыншықтар мерекеден кейін өзектілігін жоғалтса, оларды қайта өңдеуге және жасыл қайта өңдеу циклін сақтай отырып, жаңа өнімдер жасауға болады.Толық ақпарат алу үшін тұрғындар Марков көшесі, 44 мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы Эко-хабқа жүгіне алады+7 707 358 9992.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/892265
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарлануда 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7,22-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 қарашада «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/892389
Кино – өмір айнасы: «Еуразия» қатысушыларының жүрекке жетер оқиғалары 28.11.2024
Кино – шынайы өміріміздің көрінісі емес пе? XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің үшінші күнінің қатысушыларымен өткен баспасөз конференциясы осыны дәлелдеді. Ең әсерлі фильмдер біздің жадымызда сақталып, адалдық пен үміт туралы сыр шертетінін көрсетті.«Жер ана» фильмінің қоюшы-операторы Исмаэль Бланко Испанияның бос қалып, құрдымға кеткен ауылдары туралы сөз қозғады. Өмір бойы ауылының шаңын жұтып, дала төсінде емін-еркін жүрген тұрғындардың күнкөрісі қиындап кеткен. Бұл жерлерде өмір үшін күресуге тура келеді. Фильмде шөл дала мен мегаполистің тыныс-тіршілігі, артта қалған күндер мен жайлылыққа толы болашақ суреттеліп, қарама-қайшылықтар бейнеленген.«Бұл ауылдардың тұрғындары кәсіби актерлер емес. Олардың бет-әлпеті мен сөйлеу мәнері тарихтан сыр шертеді. Оны ойдан шығару мүмкін емес», – дейді ол.Қырғыз режиссері Дастан Жапар Рыскелди шынайы оқиға негізінде түсірілген «Шекарадағы мәміле» фильмін ұсынды. Оның туындысы Орталық Азия және түркі елдері байқауына қатысуда.«Менің ағам құлдықта болды. Бұл 2000 жылдары болған жағдай, бірақ осыған ұқсас оқиғалар әлі де қайталанып келеді. Біз өздерін қорғай алмайтын адамдар үшін осы туралы үн қатуымыз керек», – дейді режиссер. Осы фильм арқылы Дастан Жапар Рыскелди бүкіл Орталық Азия елдерінде өзектілігін жоғалтпаған құлдық мәселесіне қатысты жанайқайын жеткізбек.Татар режиссері Салават Юзеевтің «Ғашықтар тауы» фильмі адам жанының асыл қасиеті махаббат пен әсемдігін жоғалтпайтын табиғаттың киелі екенін бейнелейді. Фильм кейіпкері махаббат сертімен байланысы бар тауды барынша қорғауға тырысады.«Бұл тау тек табиғаттың көркем сыйы емес. Бұл кейіпкердің адалдығы мен рухани күшінің символы», – деді Салават.Кинофестивальде ерекше әсер қалдырған фильмдердің бірі – Аруан Анартайдың «Жоқтау» картинасы. Аталмыш туынды Орталық Азия және түркі елдері байқауында бақ сынасуда. Отандық режиссердің фильмін тамашалау үшін көрермендер кезекке тұрып, залдың ішінде ине шаншар орын табылмады.«Сценарий жазу барысында мен әлі де қайғыдан қан жұтып отырдым. Жоқтау игі адамдардың дүниеден өткеніне өкініп, оларды еске түсіру үшін айтылатын сөз ғана емес. Бұл біздің мәдениетіміз, мәңгі мекенге кеткендермен сырласудың жолы», – деді режиссер.«Жоқтау» фильмі жеке қайғы мен дала дәстүрінің ұлылығын үйлестіре отырып, көрермендерді терең тебірентті. «Еуразия» кинофестивалі қатысушылар мен көрермендерді шабыттандырып, оларды біріктіре отырып, өз жұмысын жалғастыруда. Көркем туындыларды тамашалау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Көрсетілімдер кестесімен фестивальдің ресми сайтында таныса аласыздар: https://eurasiaiff.info/Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892407
Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ жергілікті қамтуды дамытуын талқылады 28.11.2024
Энергетика министрлігі отандық тауар өндірушілерді қолдау және уран өндіру саласындағы ұлттық компанияның және оның еншілес тәуелді ұйымдарының сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесін ұлғайтуды ынталандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде 2024 жылғы 28 қарашада Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ «Отандық тауар өндірушілерді дамыту және қолдау» атты дөңгелек үстел өткізді. Оның шеңберінде Ұлттық компания импортты алмастыру бағдарламасы бойынша жұмыстағы міндеттер мен перспективалар туралы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған тауар өндірушілердің табысты кейстерін таныстырды.Іс-шараға 20-дан астам отандық тауар өндіруші мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Вице-министр Ә. Жамауов өз сөзінде «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық өндірушілердің елішілік құндылығын арттыру және қолдау, сондай-ақ кәсіпорындарды қажетті материалдар, жабдықтар және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, уран саласының жұмысын қолдауда түйінді үлес қосатын отандық тауар өндірушілердің маңызды рөлі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.Іс-шараның соңында салтанатты түрде уран компаниялары шамамен 2,4 млрд теңге сомаға 8 отандық тауар өндірушімен 20 оффтейк-келісімшарт жасасты. Сонымен қатар сорғыларды, су көтергіш құбырларды, сүзгілерді шығаратын STUWA Konrad Stukerjur gen GmbH (Германия), су, энергетика және минералдық ресурстар секторына арналған бұрғылау қондырғылары сияқты арнайы техника шығаратын BAUER Group (Германия) секілді еуропалық компаниялармен одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892356
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды 28.11.2024
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 14 құтқарушысы Іле Алатауында акклиматизация аясында Пионер (4031 м) шыңына шығу күрделі операциясын жүргізді.Экспедиция қысылтаяң жағдайларда жаттығу және биіктікте құтқару операцияларын орындауға дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылды.Көтерілу толық альпинистік жабдықта өтті, бұл биіктік жағдайларына дайындалу үшін тамаша жаттығу болды. Маршрут физикалық төзімділік пен командалық келісімді қажет етті, ал шыңды бағындыру кәсіби дайындықты арттырудың маңызды кезеңі болды.«Әрбір биіктікті бағындыру - бұл физикалық күшті ғана емес, ақыл-ойдың анықтығын сақтаудағы маңызды сынақ. Біз өз жұмысымызды және ең қиын жағдайларда адамдарға көмектесе алатынымызды мақтан тұтамыз»,-деді Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой.Құтқарушылар биік таулы жерлерде ауа-райынан бастап әр қадам координацияны қажет ететін нақты үйлестіруге дейінгі барлық бөлшектер маңызды екенін атап өтті. Операцияны аяқтағаннан кейін олар бір-бірін дайындаудың, кәсібиліктің және қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Дәл осындай операциялар құтқарушыларға дағдыларды жетілдіруге және кез келген қиындыққа дайын болуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/892271
Пробация есебіндегі көп балалы жетісулық азамат мемлекет қолдауының арқасында жеке бизнесін ашты 28.11.2024
Жетісу облысының Қаратал ауданында пробация есебіндегі азамат 1,5 млн. теңге қайтарымсыз грант алып, жеке ісін ашты. Көп балалы әрі жалғызбасты әкенің жеке бизнесін бастауына аудан әкімдігі мен жергілікті прокуратура мұрындық болған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Үштөбелік азамат, бес баланың әкесі, пробация бақылауындағы Бекзат Өтежанов тағдырдың қиындығымен күресе жүріп, ол отбасының тіршілігі үшін өзінің жекеменшік шиномонтаж орталығын ашуды көптен бері ойлағанын айтады. Оның бұл арманының орындалуына мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз гранттың үлкен көмегі тиген.- Бұған дейін де автокөлік дөңгелектерін жөндеумен 12 жыл айналыстым. Бірақ ол кезде ғимаратты жалға алып жұмыс істедім. Әрине, өзіңнің жеке орталығың болғанға не жетсін. Кейін мемлекеттен грант берілетінін естіп, құжат тапсырдым. Сөйтіп 1,5 млн. теңге көлемінде грант алдым. Ағайын-туыстарымның көмегімен Үштөбе қаласында лайықты ғимарат салдық, гранттың қаражатына дөңгелек жөндеуге керекті арнайы құрал-жабдықтар сатып алдым. Жаңадан ашылғаннан кейін әзірге келушілер көп емес, бірақ өңірде автокөлік көп болғандықтан, бірте-бірте клиенттер қатары да көбейеді деп ойлаймын, сол кезде жаныма бір адамды жұмысқа алсам деген жоспарым бар, - дейді Б. Өтежанов.Қаратал аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, жалпы ауданда жыл басынан бері 58 адам қайтарымсыз грант алуға өтініш беріп, соның 18-іне оң шешім шығарылып, олар мемлекет қолдауына ие болған.- Биыл ауданда қайрамысыз грантқа жалпы сомасы 25,6 млн. теңге бөлініп, әр азаматқа 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 млн. 476 мың теңге көлемінде көлемінде грант берілді. Қолдауға ие болғандар арасында көп балалы, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалпы әртүрлі санаттағы азаматтар бар. Олар негізінен пластик терезе шығару, пескоблок өндіру, шиномонтаж, мал шаруашылығын дамыту сияқты әртүрлі бағытта жұмыстарын бастады, - дейді Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Айбек Оңғаров. Жалпы Жалпы Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 60,7 бірлік болса, осы салада жұмыс істейтін азаматтардың саны 104,7 мың. Салада өткен он айда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемі 491,5 млрд. теңгені құрады. Бюджетке түсетін салық түсімдері 2023 жылғы деңгейімен салыстырғанда 1,3 есе өсті. Қазіргі кезде ШОБ-дағы жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 33 % асады.Осы жылға шағын және орта бизнесті қаржылық қолдауға облыс бойынша жалпы кредиттік сомасы 14,1 млрд. теңгеге 369 жоба мақұлданды, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдендіруге, гранттар беру, жобаларды қаржыландыру, сол сияқты инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қарастырылған.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/892156
СҚО әкімі Литва елшісімен кездесті 28.11.2024
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Литваның Қазақстандағы елшісі Эгидиюс Навикастың кездесуі өтті. Литва — маңызды сауда— экономикалық серіктес. Биылғы 9 айдағы өзара сауда айналымы 19% өсіп, 1,7 млн АҚШ долларды құрады."Кездесу барысында серіктестікті кеңейту, литвалық инвесторларды тарту мәселелері талқыланды. Литваның біздің өңірде құрметті консулдыңының ашылуы елдеріміз арасындағы іскерлік және достық байланыстарды одан әрі нығайтуға зор серпін бермек" — деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/892105
33 тәртіп бұзушы: Алматыда ірі көлемді қоқысты дұрыс емес жерлерде сақтағаны үшін айыппұл салынады 28.11.2024
Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы аясында тиісті емес жерлерде ірі көлемді қоқыстарды дұрыс тастамауға байланысты абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар жанданды.Соңғы аптада Полиция департаментімен бірлескен рейдтер барысында 33 заң бұзушы анықталды, заңнамаға сәйкес оларға 20-дан 30 АЕК-ке дейінгі сомаға айыппұл салынды.Қалдықтарды дұрыс жоймау қоғамдық аумақтарды ластайды, қоқыс шығаратын компаниялардың жұмысын қиындатады және аулалардың санитарлық жағдайын бұзады. Қоқыс таситын көліктер үлкен көлемді қалдықтар мен құрылыс қоқыстарын шығара алмайды, себебі бұл олардың престеу жабдықтарын зақымдауы мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласын абаттандыру ережелеріне сәйкес кәсіпорындар, мекемелер мен жеке тұлғалар ірі көлемді қоқысты өз бетінше әкетуі немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен әкету туралы шарт жасасуы тиіс. Жөндеуді жүзеге асыратын немесе ірі габаритті қалдықтарды жинаған тұрғындар қоқысты ақыға шығару үшін Мамандандырылған ұйымдарға жүгінуге не оны Іле қаласында орналасқан полигондарға өз бетінше жеткізуге тиіс (Алматы - Өскемен тас жолы, 34/1 https://go.2gis.com/5wg4xn) және Қарасай (с. Айтей, 144-ші есеп тоқсаны, 4690 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001051600536) Алматы облысының аудандарында. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзу 20-дан 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.2024-2025 жылдары санитарлық жағдайды жақсарту үшін Алматы қаласында 2000-нан астам жаңа көмілген контейнерлер орнату жоспарлануда. Бұл контейнерлер қоқыс жәшіктері алып жатқан аумақтарды қысқартады, жағымсыз иістердің таралуын болдырмайды және жануарлардың қоқысты шашуын шектейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/892178
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр 28.11.2024
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ескі сынап және натрий шамдары жаңа жарықдиодты (LED) шамдарға ауыстырылуда. Ағымдағы жылдың 10 айында қалада бес мыңнан астам жарықтандыру құрылғылары ауыстырылды.Шамдарды ауыстыру бүкіл көшелер мен шағын аудандарды қамтыды. Мысалы, Наурызбай ауданында Абай мен Алатау даңғылдарының қиылысында ескілерінің орнына 335 жаңа шам орнатылды. Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында Бекмаханов көшесінен Красногорская көшесіне дейін 260 шам ауыстырылды. Жетісу ауданындағы Көкжиек шағын ауданының көшелерінде 120 шам ауыстырылды, ал Алатау ауданының Зерделі шағына ауданында осыншама шам жаңарды.«Біздің Шапағат шағын ауданында №151 мектептің жанында ескі сары шамдар тұрды, олар өте күңгірт жанатын. көшеде жарық қосулы кезде қараңғы болды. Балалар сабақтан жартылай қараңғыда оралды, ата-аналар алаңдап, әкімдікке шағымданды. Міне, бізді ақыры естіді. Алматының Қала Жарық бригадасы келіп, барлық шамдарды жаңасына ауыстырды. Олар өте жарқырайды, енді түнде көшеде күндізгідей жарық болады, біз компания мен әкімдікке жайлылық пен қамқорлық үшін алғыс айтамыз», - дейді шағын аудан белсендісі Сара Жанетова.«Біз өте қуаныштымыз, мен тұратын Байсейітова көшесіндегі барлық аулалар мен жолдарды толығымен жарықтандыратын қуатты жаңа шамдар қойылды. Бұрын мұнда ескі шамдар жанатын, олардың жарығы аз болды, олар өздерінің алдындағы кішкене дақты ғана жарықтандыратын. Сонымен қатар, біз білгеніміздей, жаңа шамдар әлдеқайда үнемді. Бұрын бізде 300, тіпті 500 Ватт шам тұрса, енді 100 ватт шам қойып, олардан әлдеқайда көп жарық түсірді», - деді алматылық Алексей Касьянов.«Алматы Қала Жарық» айтқандай, сапалы LED-шам 50 мың сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады – бұл ескі үлгідегі аспаптарға қарағанда 30 есе ұзағырақ. Бұл жағдайда энергияны үнемдеу 90% дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, жарықдиодты шамдар кәдеге жаратуда қиындықтар туғызбайды, өйткені құрамында сынап пен натрий жоқ.Ескі шамдарды жаңасына ауыстыру жұмыстары 2025 жылы да жалғасады. Олар аудандық әкімдіктермен бірлесіп өткізіледі, олардың балансында қаланың сыртқы жарықтандыру желілері бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/892248
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын бірауыздан мақұлдады 28.11.2024
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын бірауыздан мақұлдады. Су ресурстары және ирригация министрлігі депутаттар және сарапшылармен бірлесіп әзірлеген құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады.«Жаңа Су кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді, бұл құжатта халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне сай экожүйені қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын ұтымды басқару есебінен экономиканы тұрақты дамытуға жол ашатын заңдық тетіктер барынша қамтылды. Мәселен, жаңа Су кодексінде алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Ол халық пен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануы қатерлерінен қорғауды қамтиды», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/892125
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексінің жобасы су тасқыны мен құрғақшылықты басқару саясатын қайта қарауға бағытталған түзетулер жиынтығымен толықтырылды 28.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексінің жобасы су тасқыны мен құрғақшылықты басқару саясатын қайта қарауға бағытталған түзетулер жиынтығымен толықтырылды.Атап айтқанда, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен өкілеттіктері айқындалды. Мысалы, судың зиянды әсерінің алдын алуға, оның ішінде жерүсті су объектілерін қалпына келтіруге және су тасқынынан қорғаудың инженерлік жүйелерін құруға бағытталған нормалар енгізілді.«Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауға айрықша көңіл бөлінді. Жаңа заңнамаға сәйкес бассейндік су инспекциялары мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі – тергеумен қамтамасыз етіледі, бұл тетік су ресурстарын қорғауға, олардың заңсыз пайдаланылуына жол бермеуге, қойылатын талаптарды күшейтеді және судың «қара нарығына» қарсы күрестің негізгі құралдарының біріне айналады», - деді министр Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/892128