Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ 12.09.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына орай, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім» жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ҒО басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы Шолпан Торгаутованың ұйымдастыруымен 12 қыркүйек күні дәстүрге айналған оффлайн және онлайн жүйеде өтетін «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми-әдістемелік жобалар: білім саласына ықпалы» атты ғылыми тағылымдамасы аясында «Ғылым мен білім саласын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар - мемлекеттің идеологиясында ұлттық ой-сананы қалыптастыру» тақырыбында шетел ғалымдармен ғылыми семинар өткізілді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдауында аталған міндеттерін іске асырулының бір көрінісі ұлттық құндылықтарды әлемдік қауымға насихаттау мен дәріптеуде ғалым-педагогтардың ойы мен еңбегіне ерекше тоқталды. Биылғы 2025 жылы семинарда Шоқан Уалихановтың 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Қарамола ережесіне 140 жыл мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы толуына аса назар аударылды. Семинар барысында Өзбекстан Республикасының Джизақ политехникалық университетінің тарих, философия мен дін бағытында «Әлеуметтік ғылымдыр» кафедрасының профессорларын осы бағытта жасалған жұмыстың бірінде М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ҒО басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім» жанында құрылған «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі Шолпан Торгаутова 2025 жылы «Почетный казах - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы: «Положение Қарамола» 1885 год (перевод и научный анализ)» монографиясында ұлттық идеологиясында тарихи сананың қалыптастыру туралы, 74 баптың жекелеген бағытында әлеуметтік-саяси және этносаралық татулықты нығайту жөнінде тарихи деректердің жаңа мәліметтерімен таныстырып, М.Әуезов атындағы ОҚУ «QAZAQTANÝ» журналдың гуманитарлық бағытында «Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени үрдістері», «тарих», «этнология», «тұлғатану», «әлеуметтану» рубрикаторында отандық және шетел ғалымдар, магистранттармен докторанттардың жариялауға шақырды. 
Қазақстан мен Таиланд медицина, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 12.09.2025
Бангкок, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Бүгін Таиландтағы Қазақстан Республикасының Елшісі Марғұлан Баймұхан Samitivej және BNH ауруханалар тобының басқарма төрағасының орынбасары, доктор Сурангкана Течапайтунмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар медициналық білім беру және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Асфендияров атындағы медицина университеті мен тиісті мекемелерге бару үшін тай делегациясының Алматыға жоспарланған сапары, сондай-ақ мамандарды бірлесіп даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу, әсіресе педиатрия саласында, қарастырылды.Елші әңгімелесушілерді Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауындағы негізгі тұстарымен қысқаша таныстырып, денсаулық сақтау мен білім беру саласына цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Академиялық байланыстарды нығайту, инновациялық әріптестік және медициналық туризмді дамыту қажеттілігі айтылды. Бұл бағытқа ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Thai AirAsia әуе компаниясының тұрақты рейстерінің ашылуы да септігін тигізбек.Тараптар медицина, білім және туризм салаларын дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Таиланд арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылықтарын растады.Анықтама үшін: Samitivej және BNH ауруханалар тобы Bangkok Dusit Medical Services (BDMS) медициналық холдингінің құрамына кіреді. Холдинг Азиядағы 50-ден астам клиниканы біріктіріп, медициналық қызмет көрсету, медициналық туризм және кадр даярлау саласында жетекші орынға ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1066938?lang=kk
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК 12.09.2025
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың жағдайын жақсарту, ауылшаруашылығы саласын дамытуда бірқатар оңды ұсыныстар айтты. Бізге қазір өндірілген өнімді терең өңдеу, өнімнің шикізат күйінде қалып қоймауына назар аудару қажет. Ауылшаруашылығында ғылымды дамыту – өте орынды көтерілген мәселе. Агроғылым дамымаса ауылшаруашылығы саласы алға жүрмейді. Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау міндеті жүктеліп отыр. Платформада жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталады. Сондай-ақ, каналдардың, су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйі жөніндегі ақпарат болады. Бұл – өте қажет жоба.Біз ауылшаруашылығы саласының әлеуетін әлі толық пайдалана алмай отырмыз. Саланы дамытудың маңызы өте зор. Өйткені қазақтың жаны, өзегі ауылда. Айтылған мәселелерді кешенді түрде шеше алсақ, агросекторды одан әрі дамытар едік. Қазіргі уақытта нарыққа бейімделу, бәсекеге қабілетті болудың маңызы зор.Жалпы инвестиция тартуда нақты қажет салаларды анықтауымыз керек. Инвестиция тартуда да тәртіп керек екені айқындалып отыр. Мұның бәрі де дер кезінде айтылып отырған мәселелер.Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
ДӘРІГЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ӘРҚАШАН ДА БӨЛЕК БОЛУЫ КЕРЕК 12.09.2025
Қазіргі таңда бүкіл әлем жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізіп жатыр. Бұл үдерістен біздің мемлекетіміз де қалыс қалмай, цифрлық трансформацияны ел дамуындағы негізгі бағыттардың біріне айналдырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жасанды интеллект пен денсаулық сақтау саласына ерекше басымдық берілді.Президент өз Жолдауында Қазақстанның жасанды интеллект дәуіріне аяқ басқанын атап өтті. Бұл озық технологияны барлық салаға енгізу ел әлеуетін еселеп арттыратыны сөзсіз. «Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры – цифрландыру мен жасанды интеллект болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.Денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін мемлекет тарапынан жүйелі іс-шаралар қабылданып жатыр. Қалалық және ауылдық аймақтарда медицина нысандары кезең-кезеңімен жаңартылуда. Мұнымен қоса, ірі қалаларда жаңа медициналық мекемелер ашылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Ал қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды. Мысалы, Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды» деп атап өтті Президент.Сонымен қатар, бұған дейін салынған көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық кедергілерге ұрындырмай, халық игілігіне беру қажеттігі айтылды. Жаңа нысандар салуды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жалғастыру ұсынылды. Мұндай бастамалар өз кезегінде өңірлік медицинаның дамуына жол ашады деп білемін.Фармацевтика саласы да назардан тыс қалмады. Пандемияның бізге дәрі-дәрмектің ішкі нарықтағы қолжетімділігі мен отандық өндірістің маңызын көрсеткені белгілі. Сондықтан, Мемлекет басшысы ендігі міндеттің елімізде шығарылатын дәрі-дәрмектің түрі мен көлемін арттыру екенін тілге тиек етті.Жанна СЕЙТЖАНОВА,Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры
«Отбасы алтын діңгек» тақырыбында семинар 12.09.2025
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Департаменттің әкімшілік бөлімі Отбасы күніне орай «Отбасы алтын діңгек» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар кітапхана қызметкері Абильтаева Шолпан Елегенқызы және ұлағатты ұстаз Дильдабекова Балзада Рахимжанқызының қатысуымен өтті.Семинардың басты мақсаты: отбасылық құндылықтарын дәріптеу, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімінқалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар баланың отбасындағырөлін анықтау. Өскелең жастарға бала ата-анадан көрген өнегені бойына сіңіріп өсетіндігін, бала өміріндегі адамгершілік, мейірімділік, адалдық деген қасиеттерді өз отбасынан, қоршаған ортасынан алатындығын жеткізу.Қонақтарымыз Департамент қызметкерлеріне отбасы – адам өміріндегі ең басты қазына екендігін, отбасында татулық пен сыйластық орын алса, ол отбасында береке мен бірлік салтанат құратындығы туралы, әрбір бала үшін өзінің отбасы – ең алғашқы тәрбие мектебі болып табылатындығын айтып берді. Департамент қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1066919?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ: БОЛАШАҚҚА ЖАҢА ҚАДАММЕН 12.09.2025
Бүгін Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы барша отандастарымызға тың серпіліс беретін, жаңа нәтижелерге жоспарлар айқындалған тарихи сәтке куә болдық. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына, отандық ғылым және жоғары білім саласына қатысты маңызды мәлімделер жасады. Жолдауда Мемлекет басшысы ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстырудың маңызына тоқталды. Еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан, ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру керек. Сондай-ақ жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болатынын атап өтті.Сонымен қатар Президент өз сөзінде: «Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн» деп нақты басым-бағыттарды нақтылады. Дархан Ахмед-Заки,М.Әуезов атындағы ОҚЗУБасқарма Төрағасы-ректоры
ПРЕЗИДЕНТ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ 12.09.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында қазіргі әлемдік геосаяси ахуалдың күрделілігін атап өтті. Алайда соған қарамастан, Президент еліміздің дамудан тоқтамауы керектігін, жаңғыру мен өсудің нақты жолдарын ұсынды.Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда білім мен ғылымға салынатын инвестиция – болашаққа салынған ең сенімді капитал. Бұл ретте Президент бастамасымен күні кеше ғана Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірімен жасалған халықаралық келісім – еліміздің білім беру саласында жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру – арқылы біз отандық жоғары білімнің халықаралық беделін арттырып, жастарымыздың жаһандық бәсекеге қабілетті болуына жол ашпақпыз.Президенттің Жолдауында алдағы үш жылдың ішінде Қазақстан цифрлы мемлекетке айналатыны атап көрсетілді. Бұл – заманауи технологияларды меңгеру мен инновацияларды енгізу арқылы еліміздің әлеуетін арттырудың нақты жоспары. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ осы мақсатты жүзеге асыруда жастарды цифрлық сауаттылыққа баулу, IT-білімді дамыту және ғылыми зерттеулерді қолдау бағытында жұмыс жасап жатыр. Біз білім мен технологияны біріктіре отырып, Қазақстанның цифрлық трансформациясына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.Президент жыл сайынғы жолдауында Ғылым мен жоғары білім саласына айрықша басымдық береді. Биыл да Инновациялық саясатты министрлік құзырына беру, Дарынды зерттеушілерді қолдау, оларды елге қайтару, көші-қон саясатын, білікті мамандарды, оның ішінде техникалық мамандарға жағдай жасау туралы айтып келеді. Бүгінде бұл мақсатта іргелі істер жүзеге асып та келеді.2025 жыл - Zhanibekov University тарихындағы ерекше жыл болмақ. Ұжымдық ізденіс, ғылыми жауапкершілік пен заманауи бағыттарға бет бұрған зерттеушілеріміздің табандылығының нәтижесінде университетіміз 13 ғылыми жобамен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарында жеңіске жетіп, жұмыс істеуде.🔹Жоба тақырыптары білім беру процесін цифрландырудан бастап, жасанды интеллект, ауыл мектептерін дамыту, оқушылардың эмоциялық жағдайын болжау, ұлттық құндылықтарды сіңіру және мұғалімдердің зерттеушілік құзыретін арттыру секілді салаларды қамтиды.📈 Бүгінде барлық жобалар бойынша жалпы қаржыландыру көлемі — 1 000 000 000 астам теңгені құрап отыр.Бұл сома - тек материалдық қолдау ғана емес, ғылымға деген сенім мен ел ертеңіне салынған инвестиция.Zhanibekov University зерттеушілері ел мүддесіне қызмет ететін, шынайы ғылыми құндылығы бар жобаларды жүзеге асыруға кірісті.Нұртаев Әлібек Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректор м.а.
Қосылған құн салығын қайтару бойынша Семинар 12.09.2025
12.09.2025 жылы Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "Қосылған құн салығын қайтару "тақырыбында семинар өткізді, семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер мен жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1066891?lang=kk
Инвестициялық қорлар саласында Агенттік пен IFC арасындағы келісім-хатқа қол қою туралы 12.09.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының Түркия және Орталық Азия бойынша IFC директоры Вибке Шлёмер ханым бастаған Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) делегациясымен кездесуі өтті.Кездесу барысында Агенттік Төрағасы мен Шлёмер ханым Консультациялық қызмет көрсету туралы келісім-хатқа қол қойды. Осы құжат шеңберінде IFC ұсынымдар дайындайды, сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдармен консультацияларға қатысады.Тараптар сондай-ақ Қазақстанның қаржы жүйесіне ESG стандарттарын енгізуді, микроқаржы институттарын банктерге айналдыруды, сондай-ақ норма шығару жұмысына жәрдемдесуді қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелерін талқылады. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1066879?lang=kk
Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі: жыл басынан бері 70 мыңнан астам неке қиылды 12.09.2025
Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде жыл сайын Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған.2025 жылдың сегіз айында Қазақстанда 77 951 неке қиылып, 226 803 бала дүниеге келді.Жас жұбайлар некелерін тіркеу үшін көбіне есте қаларлық күндерді таңдайды. Мәселен, қос тоғыз тоғысқан 9 қыркүйек күні 631 жұп шаңырақ көтерсе, 1 195 сәби тіркелді.Маңыздысы, некеге тұру үшін өтінішті таңдаған күннен кемінде 15 күн бұрын беру қажет. Өтінішті АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Онлайн қызмет тек Қазақстан азаматтарына қолжетімді, ал бөлімшелер арқылы өтінішті кез келген азамат бере алады.Сондай-ақ, әрбір азамат салтанатты неке қию рәсімін ақылы түрде тапсырыс бере алады. Ол үшін АХАТ бөлімдеріне жүгіну немесе «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш қалдыру жеткілікті.«Азаматтарға арналған үкімет» ел тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтай отырып, қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен балалардың құқығын қорғаудың маңызын атап өтеді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1066982?lang=kk
«Данышпан ақын Абай мұрасы және түркі әлеміндегі рухани сабақтастық» атты конференция 12.09.2025
2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, қазақ халқының ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Данышпан ақын Абай мұрасы және түркі әлеміндегі рухани сабақтастық» атты конференцияға қатысты.Іс-шараны Түркі академиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы ұйымдастырды.Конференция аясында Түркі академиясының Абайға қатысты латын, әзербайжан және түрік тілдеріндегі басылымдары таныстырылды.Іс-шараға Алматы қ. аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ көрнекті ғалымдар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1066773?lang=kk
«Жасыл апта 2025: Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының болашағы» 12.09.2025
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова «Жасыл апта 2025: Инновациялар, білім беру және орнықты даму: Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторының болашағы» іс-шарасына қатысты.Іс-шара Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің (ҚазҰАЗУ) жанындағы Жасыл және орнықты даму институты ұйымдастырды.Қатысушылардың сөз сөйлеулерінің негізгі тақырыбы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларын қолданумен агросекторды дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы болды.Ерекше назар Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының  жұмысына аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1066766?lang=kk
«Ayurveda & Organic Expo 2025» көрмесі 12.09.2025
2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев «Ayurveda & Organic Expo 2025» көрмесіне қатысты.Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің ұйымдастыруымен «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» және Алматы қ. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен өтті.Фармацевтика мен органикалық азық-түлікке арналған көрменің негізгі мақсаты – екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері арасында медицина, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру салаларында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1066769?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тың бағыттары талқыланды 12.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Р.Жұмабек Абу Даби Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ахмед Жасим әл-Заабимен кездесіп, сауда, инвестиция және кәсіпкерлік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды мәселелерді талқылады.Бұл ретте, Қазақстан мен Әмірліктер компаниялары үшін екі елдің нарықтарындағы жаңа мүмкіндіктерді зерделеу ұсынылып, экономиканың басым секторларына өзара инвестиция тарту маңыздылығына назар аударылды.Елші ауыл шаруашылық, логистика, жоғары технологиялар мен туризм салаларында бірлескен жобаларды іске асыру өзектілігіне тоқталып, Қазақстан өз тарапынан араб іскер тобына қолайлы жағдай қалыптастыруға әзір екенін жеткізді.Өз кезегінде Ахмед Жасим әл-Зааби Абу Даби Сауда-өнеркәсіп палатасы БАӘ нарығына шығуға ниетті қазақстандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі екендігін білдіріп, еліміздің БАӘ-нің Орталық Азиядағы негізгі серіктесі атануға әлеуеті зор екенін атап өтті.Тараптар іскерлік делегациялармен алмасуды, бизнес-форум, көрме мен конференция сияқты бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бағытында күш-жігерді жұмылдыру жөнінде уағдаласты.Сонымен қатар, тараптар биік деңгейдегі өзара сапарларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыруға бейілділік танытып, оларды іске асыру үшін «жол картасын» әзірлеуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1066746?lang=kk
Вьетнамның Бизнес топтары Мемлекет басшысының Жолдауына тәнті болды 12.09.2025
Ханой, 2025 жылғы 12 қыркүйек – 10-11 қыркүйекте Вьетнамның Халонг порт қаласында (Куанг Нинь провинциясының әкімшілік орталығы) «Цифрлық экономика дәуіріндегі инновациялар мен креативті стартап-экожүйелерді дамыту үшін жаһандық ресурстарды біріктіру» («Converging global resources to develop local innovations and creative startup ecosystems in the digital economy era») тақырыбында Ұлттық инновациялар мен стартаптардың VII Халықаралық форумы өтті.Іс-шара ВСР Ғылым және технологиялар министрлігі, жергілікті билік органдары және Вьетнамның Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығының (Vietnam National Entrepreneurship Association, VINEN) қолдауымен ұйымдастырылды. Оған әрекет етуге Вьетнам, Сингапур және басқа АСЕАН елдерінен, ҚХР, Корея Республикасы, Жапония, Әзербайжан, Түркия, Пәкістан және Иранның түрлі компаниялары мен басқа да құрылымдарынан 500-ге жуық кәсіпкер, мемлекеттік қызметшілер және дипломаттар қатысты.Іс-шараның ашылу салтанатында ұйымдастырушылары мен құрметті қонақтары ретінде ВСР Ғылым және технологиялар Вице-министрі Хоанг Минь (Hoàng Minh), Куанг Нинь провинциясы Халық комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Ву Ван Зиен (Vũ Văn Diện), Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш және Әзірбайжан Елшісі Шовги Мехдизада, сондай-ақ VINEN Президенті Динь Вьет Хоа (Đinh Việt Hòa) өз баяндамаларын ұсынды. Вьетнамдық Ғылым және технологиялар министрлігінің жоғары лауазымды өкілі Хоанг Минь, қазіргі кезде жасанды интеллект, заттар интернеті және блокчейн – әлемдік салаларды өзгертіп, шығармашылық пен өсуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Сонымен қатар, жасыл экономика, айналмалы экономика және тұрақты даму үрдістері жаһандық басымдықтарға айналуда. Бұл байламда, ел басшылығы цифрлық дәуірдегі серпінді инновацияларға ықпал ететін қолайлы саясатты енгізуде. Ол, сондай-ақ, министрліктер мен жергілікті басқарушы органдарын осы саладағы ұлттық міндеттерді жүзеге асыру, Үкімет пен бизнестің байланыстарын нығайту, инновациялық орталықтар құру, Вьетнамдағы және бүкіл Азиядағы стартап-қауымдастықтар үшін берік негіз қалау үшін тәлімгерлер мен инвесторлар желісін құру үшін тиімді үйлестіруге шақырды.Куанг Нинь басшылығының өкілі Ву Ван Зиен, инновациялық кәсіпкерлік – «тек қозғалыс емес, цифрлық трансформацияға, жаһандық құн тізбегіне және тұрақты өсуге байланысты өсудің жаңа драйвері» екенін атап өтті. Бұл Қазақстан лидерінің кәсіпкерлер цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуға тиіс деген сөздерімен үндес.Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш, жиналған жұртшылықты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Вьетнам мен Азия мемлекеттерінің аудиториясы жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу негізінде Қазақстан экономикасын жаңғырту үдерісінің жүзеге асыруына; бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз етіп, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру жөніндегі жоспарларға; сондай-ақ Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек деген стратегиялық міндетке тәнті болды. Бұл ретте, жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін Цифрлық кодексті және цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжатты қабылдау; елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін және Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру (бұл құрылымда жаңа цифрлық қаржы жүйесіндегі болашағы зор активтерден құралған стратегиялық крипторезерв жинақталады); сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауға мүмкіндік беретін цифрлық теңгені кеңінен енгізу сияқты бастамаларға форум қатысушылары жоғары баға берді.Сонымен қатар, елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы және әлемдік деңгейдегі компаниялардың инвестицияларын тарта отырып, үкіметке тікелей бағынуы үшін арнайы мәртебесі берілетін жаңа іскерлік және инновациялық орталығы ретінде Алатау атты даму көшінің басында жүретін қала құру жөніндегі бастама қатысушыларға үлкен әсер етті. Әсіресе, осы қаланың тек Орталық Азия өңірінде ғана емес (Smart City технологияларын қолданудан бастап, криптовалюталармен тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеу мүмкіндігіне дейін), сонымен қатар, Азия құрлығында да алғашқы толықанды цифрлық қалаларының бірі болатыны. Биылғы жылы форумда үш негізгі идея айтылды: Үкімет, бизнес, ғалымдар мен инвесторлардың ресурстарын жұмылдыру, білімді өнімдер мен нарықтарға айналдыру үшін инновацияларды жеделдету және жас кәсіпкерлерді жаһандық ойлауға және жергілікті жерде әрекет етуге шабыттандыру.Делегаттар стартаптардың жаһандық үрдістері, жасанды интеллект, электрондық коммерция және цифрлық трансформацияны қолдану туралы пікір алмасты және халықаралық ресурстарды тарту және пайдалану шешімдерін зерттеді. Форум аясында стартап-қызметті дамыту үшін ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Сонымен бірге, Вьетнам мен Азия елдерінің көрнекті ұйымдары, компаниялары мен жеке тұлғалары түрлі марапаттарға ие болды.Форумға қатысушылар «Инновациялар мен стартаптар – цифрлық дәуірдегі жаңа ойлау» тақырыбындағы тренингке қатысып, технологияларды қолдануға; стартап-өнімдерге; Вьетнамның инвестициялық ілгерілеуі мен фирмалық тауарларына арналған көрмелерге қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1066702?lang=kk
Туу туралы куәліктер табысталды 12.09.2025
Отбасы күні қарсаңында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалымен бірлесіп ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай перинаталдық орталығына барып, жаңа туған нәрестелердің аналарына олардың алғашқы құжаттарын - туу туралы куәліктерді табыс етті. Қостанай облысы Әділет департаментінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1066704?lang=kk
«Контрафакттық тауарларды анықтауда халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар 12.09.2025
2025 жылдың 11 қыркүйегінде Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова және зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова «Контрафакттық тауарларды анықтауда халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты. Семинар ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті мен React халықаралық қауымдастығының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.Шара барысында OSRAM, EPSON, Colgate-Palmolive, SONY, Xiaomi, Burberry, LENOVO, Huawei және тағы басқа халықаралық ұйымдардың мамандары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша табысты тәжірибелерін таныстырып, ынтымақтастық механизмдерімен бөлісті. Қостанай облысы Әділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1066714?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан түркі әлеміндегі жоғары білімнің, ғылымның және инновацияның даму перспективаларын талқылады 12.09.2025
Астана, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мажарстан Премьер-министрі Кеңсесінің Мемлекеттік хатшысының орынбасары – Премьер-министрінің Саяси директоры кеңсесінің басшысы Мартон Угрошдимен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында сұхбаттастар Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясындағы мәдени-гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Жоғары білім, ғылым, жасанды интеллект және инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше назар аударылды.Ә.Бақаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған Жолдауын негізге алып, ҚР Үкіметі ел экономикасына ЖИ енгізуге үлкен көңіл бөлетінін және жоғарыда аталған бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.М.Угрошди ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің университеттері арасындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетіне назар аударып, осы мәселелерде Ұйым Хатшылығының маңызды үйлестіруші рөлін атап өтті.Экономикалық ынтымақтастық аясында тараптар Түркі инвестициялық қорын одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1066726?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады 12.09.2025
Астана, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Финляндия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Янне Хейсканенмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.А.Исетов қазақ тарапының саяси диалогты одан әрі ілгерілетуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға, соның ішінде Қазақстандағы инновациялық жобаларға фин компанияларының цифрлық технологиялар мен жасанды сананы пайдалана отырып қатысуына мүдделі екенін атап өтті.Сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы алдағы іс-шаралар бойынша да пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1066693?lang=kk
Жиі қойылатын сұрақтар 12.09.2025
Какие ставки КПН предусмотрены в новом Налоговом кодексе?Ответ:Базовая ставка КПН сохраняется на уровне 20%.Для банковского сектора ставка составит 25%, за исключением деятельности по кредитованию субъектов предпринимательства (20%). При этом, порядок определения налогооблагаемого дохода по банковской деятельности, осуществляемой банками второго уровня, устанавливается Национальным Банком по согласованию с уполномоченным органом в области налоговой политики и уполномоченным органом.Также предусматривается исчисление и уплата КПН по деятельности зала игровых автоматов, тотализатора и букмекерской конторы по повышенной ставке КПН 25% наряду с сохранением действующего порядка обложения налогом на игорный бизнес.Для социальной сферы (образование, медицина) предлагается поэтапное повышение ставки: 5% с 2026 года, 10% с 2027 года.Для сельхозтоваропроизводителей ставка остается на уровне 3%.Для сельхозкооперативов ставка 6%. Сохранен ли порядок налогообложения для некоммерческих организаций? Могут ли такие организации освобождать свои доходы от налогообложения?Ответ:Для некоммерческих организаций (НКО) предусмотрено 2 варианта налогообложения, предусматривающие освобождение от налогообложения.Первый вариант – если НКО соответствует двум условиям, установленным законом об НКО (не распределяет чистый доход и не имеет цели извлечения доходов), то такое НКО в целях КПН отдельные конкретные доходы исключает из СГД, то есть не облагает (взносы, вклады, доходы по государственным социальным заказам, вознаграждения по депозитам, по курсовой разнице, безвозмездно полученное имущество, взносы ОСИ и КСК).Второй вариант – если НКО соответствует понятию организации, осуществляющей деятельность в социальной сфере, то такое НКО уменьшает исчисленный КПН на 100%. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1066634?lang=kk