Қоғам
Алматы облысы сапалы өсім көрсетіп, дамудан көшбасшылар қатарына енді 06.02.2026
Алматы облысы өздігінен өсім көрсеткен өңірлердің алғашқы тобына кірді. Бұл — өңірлердің бюджеттік өсім сапасы бойынша жарияланған жаңа рейтингтің басты қорытындысы деуге болады. 2026 жылғы жағдайда, яғни республикалық бюджеттен берілетін трансферттер айтарлықтай қысқарып, Ұлттық қордан мақсатты қаржыландыру болмаған кезде, өңірдің өз кірістерін өзі қалыптастыру қабілеті тұрақтылықтың негізгі өлшеміне айналып отыр.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері негізінде әзірленген жаңартылған рейтинг өңірлік бюджеттер қандай факторлардың есебінен өсіп жатыр — салық түсімдері арқылы ма, әлде орталықтың көмегімен бе? деген сұраққа жауап береді.Осы тұрғыдан алғанда Алматы облысының ұстанымы айрықша сенімді көрінеді. 2023 жылдан бері салық түсімдерінің өсімі 153,5 пайызды құрап, елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Ал трансферттердің өсімі әлдеқайда төмен — 89,1 пайыз. Дәл осы салықтар мен трансферттер арасындағы айырма өсім сапасының негізгі индикаторы саналады. Өңір бюджетін сыртқы қолдауды арттыру арқылы емес, өз экономикалық базасын күшейту есебінен нығайтып отыр.Аталған үрдісті табыстар құрылымындағы трансферттердің үлесі де толықтыра түседі — 33,5 пайыз. Бұл көрсеткіш тек көшбасшы өңірлер арасында ғана емес, жалпы республика бойынша да ең үздіктердің бірі. Салыстыру үшін айтсақ, Ақтөбе облысында трансферттердің үлесі кірістің 54,4 пайызын, Қарағанды облысында — 48,2 пайызын, Қостанай облысында шамамен 60 пайызын құрайды. Өздігінен өсім көрсеткен өңірлердің өз ішінде де Алматы облысы қаржылық тұрғыдан ең тұрақтылардың бірі болып отыр.Айта кету керек, Алматы облысының салықтық базасы Астана мен Алматы сияқты мегаполистермен салыстыруға келмейді. Алайда қозғалыс траекториясының өзі — трансферттерге тәуелділіктің біртіндеп азаюы мен салық түсімдерінің жоғары қарқынмен өсуі — оны анағұрлым жетілген бюджеттік модельдерге жақындата түсуде.Сыртқы қолдау көлемі қысқарған жағдайда, тек кірістері өскен өңірлер емес, өз салықтық базасын ұлғайта алатын және дамуын тұрақты бюджеттік қайта бөлумен байланыстырмайтын аймақтар ұтады. Бүгінде Алматы облысы салықтардың қарқынды өсімі мен трансферттердің азаюы және олардың кірістердегі салыстырмалы түрде аз үлесі арқылы өз дамуының жаңа сапалы кезеңіне өткенін дәлелдеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156673?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жаяу жүргінші жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 06.02.2026
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жаяу жүргінші жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1156675?lang=kk
Қазақстан делегациясы ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығына қатысты 06.02.2026
Париж қ. 2026 ж. 5 ақпан – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымның (ЭЫДҰ) Париждегі бас пәтерінде Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдерінен, ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттерден, сондай-ақ мүдделі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың өкілдерін қоса алғанда 200-ден астам делегаттың қатысуымен кезекті «Еуразия апталығы» өтті. «ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы» – 2008 жылы бастамашылық еткен Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (ЕБҚБ) аясында өңір елдері мен Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты түрде өтетін кездесуі. Іс-шара Еуразия елдері мен ЭЫДҰ арасындағы өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне және оның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. «ЭЫДҰ Еуразия апталығына» қатысқан Қазақстан делегациясы құрамына ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығының, Экономикалық зерттеулер институтының және Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің қызметкерлері кірді. Іс-шараның ашылу сессиясында Орталық Азия бастамасының ЕБҚБ шеңберіндегі өңірлік тең төрағасы ретінде сөйлеген сөзінде Қазақстан делегациясы ЭЫДҰ-ның сапалы талдамасы мен нақты ұсынымдары елімізде және өңірде экономиканың бірқатар негізгі салалары мен мемлекеттік басқару жүйесінде реформаларды әзірлеу және іске асыруда маңызды рөл атқарып, Ұйымның жоғары стандарттары ұлттық заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан ЭЫДҰ-ның өңіріміздегі елдермен – сауда рәсімдерін жеңілдету және көлік байланыстылығын нығайту салаларын қоса алғанда жүйелі ынтымақтастығын қолдайды. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Еуразия апталығының қатысушыларын 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етіп, ЭЫДҰ-ға оның мазмұнды күн тәртібін әзірлеудегі серіктестігі үшін алғыс білдірді. ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі А. Бижанова Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және Азиядағы стратегиялық инфрақұрылым бағдарламасына (SIPA) арналған сессияларда сөз сөйледі. Өз баяндамаларында ол Транскаспий дәлізіндегі институционалдық кедергілерді жою бойынша Қазақстанның басымдықтарын атап өтті. Цифрландырудың, келісілген инфрақұрылымдық шешімдердің және сауда рәсімдерін үйлестірудің рөлі атап өтілді. Экологиялық тұрақтылық қағидаттарын ескере отырып, «көміртегі күн тәртібіне» және көлік және сауда инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда сауда-саттықты кеңейту және тұрақты жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциялау тетігі ретінде өңір елдерінің SIPA шеңберіндегі ынтымақтастығының құндылығы атап өтілді. Делегация аса маңызды шикізат материалдарына арналған сессияға белсенді қатысты. ҚР Қаржы вице-министрі Е. Біржанов Қазақстанда пайдалы қазбалардың бағасын төмендету, зиянды салықтық жеңілдіктер беру, трансферттік баға белгілеу сияқты тәуекелдерге қарсы іс-қимыл жүйесі қалай жолға қойылғаны туралы айтып, жаңа Салық кодексінің бірқатар нормалары осы саладағы инвесторлар үшін тиімді жағдайлар жасауға бағытталғаны атап өтті. Өз кезегінде, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Еуропалық одақтағы өкілі Сайран Байжаханов жауапты бизнес жүргізу саласындағы ЭЫДҰ стандарттарын, атап айтқанда тау-кен өндіру секторында қолдану жөніндегі талқылау барысында Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті. Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов Еуразия елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігі мәселелеріне арналған сессияда отандық тәжірибені таныстырып, нарықтық бұрмалауларды шектеу және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін қолданылатын реттеушілік және басқарушылық тетіктерге тоқталды. Бұл ретте, ол осы саладағы реформаларды іске асыруда Қазақстанға және өңірдің басқа да елдеріне ЭЫДҰ тарапынан көрсетіліп отырған бағалы қолдауды атап өтті.Сонымен қатар, Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров халықаралық сауда рәсімдерін жетілдіру, экспортты әртараптандыру және инвестиция тарту тұрғысынан Қазақстанның тәжірибесін таныстырды. Іс-шара аясында ҚР делегациясының ЭЫДҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің және іс-шараға қатысқан басқа делегациялармен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1156687?lang=kk
Грекия Парламентінде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды 06.02.2026
Афина, 2026 жылғы 6 ақпан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Парламентінің Ұлттық қорғаныс және сыртқы істер жөніндегі Тұрақты комитетінің Төрайымы, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы Грекия делегациясының басшысы Дора Бакоянниспен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, ЕКПА және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы шеңберіндегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Бұл ретте 2025 жылғы маусымда «Қазақстан-Грекия» парламенттік достық тобы делегациясының Астанаға жасаған сапарының қорытындыларына да назар аударылды.Қазақстан Елшісі елде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Аталған реформалар мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Олардың қатарында бір палаталы Парламентке көшу, Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін дәйекті түрде нығайту және азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту бар екені атап өтілді. Сонымен бірге Қазақстанның өзара сенім мен түсіністікті арттырудың, сондай-ақ шетелдік серіктестермен сындарлы диалогты ілгерілетудің маңызды құралы ретінде парламенттік дипломатияны дамытуға айрықша мән беретіні айтылды.Өз кезегінде Д. Бакояннис Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістермен қызығушылықпен танысты және парламенттік қызмет пен институционалдық реформалар мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік білдірді. Сондай-ақ парламенттік құрылымдардың заң үстемдігі, демократия және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын еуразиялық және еуропалық кеңістіктерде нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Бұдан бөлек, сұхбаттастар сауда мен инвестиция, көлік және логистика, энергетика, «жасыл» технологиялар, туризм және цифрландыруды қоса алғанда, басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы грек диаспорасының екі халық арасындағы «тірі достық көпірі» ретіндегі рөлі жеке талқыланып, оның елдің қоғамдық, мәдени және білім беру өміріне қосып отырған үлесі жоғары бағаланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕКПА мен ЕҚЫҰ ПА алаңдарын қоса алғанда, халықаралық парламенттік платформаларда іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси және гуманитарлық диалогты дамытуға бағытталған өзара сапарлар мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесуге ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1156707?lang=kk
ДСҰ-да Казақстанның төрағалығымен Гамбияның Сауда саясатына шолу өтті 06.02.2026
Женева, 2026 жылғы 6 ақпан – 4 және 6 ақпанда Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Сауда саясатын шолу жөніндегі органның төрағасы Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Гамбияның Сауда саясатына шолу өтті.Гамбия делегациясын Сауда, өнеркәсіп, өңірлік интеграция және жұмыспен қамту министрі, мырза Мод К. Сиссе басқарды. Отырыс барысында Гамбия елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, COVID-19 пандемиясынан кейінгі экономиканы қалпына келтіру, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, сондай-ақ сауда және инвестициялық саясат саласындағы реформалар, цифрлық трансформация және сауда рәсімдерін жаңғырту туралы ақпарат ұсынды.Отырыс барысында қызмет көрсету секторының, әсіресе ЖІӨ мен жұмыспен қамтудың едәуір үлесін құрайтын туризм саласының дамуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және агроөңдеу салаларындағы экспорттық әлеуеттің нығаюы атап өтілді. Гамбия сондай-ақ ДСҰ мүшелерін Ұлттық цифрлық экономика жоспарының, электрондық сауда стратегиясының іске асырылуы, сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шаралар, ASYCUDA World жүйесінің және Ұлттық «бір терезе» тетігінің енгізілуі туралы хабардар етті.ДСҰ мүшелері Гамбияның көпжақты сауда жүйесіне бейілділігін, ДСҰ органдарының жұмысына және реформалар жөніндегі талқылауларға белсенді қатысуын, соның ішінде сауда рәсімдерін жеңілдету, инвестицияларды қолдау, электрондық сауда, ШОБ дамыту және балық ресурстарын тұрақты басқару бағыттарындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Сондай-ақ Гамбияның ДСҰ-дағы Ең аз дамыған елдер (ЕАДЕ) тобының үйлестірушісі ретіндегі маңызды рөлі атап өтілді.Төраға Қайрат Төребаев Гамбия делегациясына және ДСҰ мүшелеріне конструктивті әрі мазмұнды пікір алмасу үшін алғысын білдіріп, Сауда саясатына шолу транспаренттілікті арттырудың, сенімді нығайтудың және орнықты экономикалық өсу мен дамуға бағытталған реформаларды ынталандырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.Қазақстанның төрағалығымен өтетін келесі шолу 2026 жылғы 11 және 13 ақпанда өткізіліп, Папуа – Жаңа Гвинеяның Сауда саясатына шолуына арналатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1156728?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Сүиттің жеке қабылдауы. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының баспасөз қызметі. 06.02.2026
Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Сүиттің жеке қабылдауы.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1156739?lang=kk
Іле ауданында 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды 06.02.2026
Іле ауданы Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Жоба құны – 1,4 млрд теңге. Нәтижесінде 21,5 шақырым су құбыры тартылып, 2 резервуар мен 220 метр тереңдікке жететін 2 артезиандық ұңғыма, лаборатория салынған.Су 2025 жылдың тамыз айынан беріле бастап, құрылыс-монтаждау жұмысы қараша айында толығымен аяқталған. Болашақта тұрғындар саны 30 пайызға дейін өскен жағдайда да сумен қамтамасыз етуге қуаты жетеді. Осы уақытқа дейін әр үйде 35 метрге жететін ұңғыма болған. Бірақ ол су ішуге жарамсыз болғандықтан тұрғындар ауыссуды үйлеріне тасып, әкеліп жүрген.Іле аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғазиз Алтайұлының айтуынша, өткен жылы Іле ауданында ауызсу жүйесінің 55,2 шақырымы жаңадан салынып, 10 шақырымы жаңартылған.Сонымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында да ауызсу жүйелерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаға сәйкес 22 шақырым су құбыры жүргізіліп, 1100-ден астам үй орталықтандырылған сумен қамтылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156749?lang=kk
Бейрезидент-заңды тұлғаның кірістеріне салық салу, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай-ақ, сыйақы түрінде 06.02.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бейрезидент Қазақстан Республикасында Салық кодексінің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден салықтар төлейтінін хабарлайды.Бұл ретте Салық кодексіне сәйкес бейрезиденттің сыйақы түріндегі кірістері де Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер деп танылады.Бұл ретте "сыйақы" термині Салық кодексінің 12-бабында белгіленген ұйғарымға сәйкес қолданылады.Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент - заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістеріне шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.Бұл ретте кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, бейрезиденттің сыйақылар түріндегі кірістеріне 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады. Бейрезиденттің кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кірістері – 10 пайыз.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың Салық Кодекс алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.Бұл ретте салық агентінің халықаралық шарттың ережелерін бейрезиденттің кірістеріне Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған сыйақылар түрінде қолдануы Салық кодексінің 706-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1158520?lang=kk
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің БСК өзгерді 06.02.2026
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдерге жатады.Осыған байланысты оны заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.Салық есептілігі нысаны 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты жаңарту 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс есептелуі үшін төлемді 401101 БСК бойынша жүзеге асыру қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1156528?lang=kk
МКК әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік істердің электрондық форматына өтті 06.02.2026
2025 жылғы 11 қарашадан бастап мемлекеттік кірістер органдары Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 737-1 және 743-баптарына сәйкес «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ) ақпараттық жүйесінде электрондық іс жүргізуге толығымен көшті. Бұл әкімшілік – деликтік процесті цифрландырудың бір бөлігіне айналды.Салық төлеушілерді уақтылы және ыңғайлы түрде хабардар ету мақсатында «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінде» (СӘИЖ) жаңа функционал іске асырылды. Енді мемлекеттік кірістер органына келу туралы хабарламалар электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға электрондық форматта жіберіледі.Хабардар ету:- СӘИЖ АЖ салық төлеушінің жеке кабинетіне;- электрондық үкіметтің веб-косымшасына;- қосымша 1414 нөмірінен салық төлеушінің ұялы телефонына SMS – хабарлама арқылы келіп түседі.1414 нөмірінен келген SMS – хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие екеніне назар аударамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1156539?lang=kk
Қазақстанның туристік әлеуетін Еуропадағы ең ірі баскетбол жарысында ілгерілету 06.02.2026
Белград, 2026 жылғы 5 ақпан – Еуропадағы ең ауқымды спорттық оқиғалардың бірі – Белградтың «Партизан» және Афинаның «Панатинаикос» клубтары арасындағы баскетбол Еуролигасының матчы аясында Қазақстанның туристік әлеуеті, сондай-ақ, Астана–Белград тікелей әуе рейсінің жуырдағы ашылуы таныстырылды.Қазақстан Елшілігінің бастамасымен «Белград Аренада» өткен матчта жиналған 18 мың көрерменнің арасында интерактивті акция ұйымдастырылып, кездейсоқ таңдалған жанкүйерлер «Партизан» клубы ұсынған айып добын лақтыру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.Ойын жеңімпазына арналған жүлде – Қазақстанға екі адамға арналған туристік сапар сертификатын Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов табыс етті. Жеңімпазды құттықтай отырып, қазақстандық дипломат көпмыңдық аудиторияны Қазақстанға саяхаттауға шақырды.Конкурс атмосферасын аренаның экрандарында көрсетілген «Born Bold Kazakhstan» туристік роликтері, қазақстандық SCAT Airlines әуе компаниясы ашқан Астана–Белград тікелей рейсінің промобейнежазбасы, сондай-ақ баскетбол жанкүйерлеріне «Born Bold Kazakhstan» жазуы бар футболкалар мен бейсболкаларды таратқан қазақтың ұлттық киіміндегі қыздар көзге айшықтай түсті.Баскетбол Еуролигасы танымалдылығы мен медиа қамтуы бойынша құрлықтағы спорттық жарыстар арасында екінші орында тұр. Еуролиганың тұрақты маусымы әлемнің 199 елінде көрсетіледі, теледидар аудиториясы 1 миллиардтан астам көрерменді құрайды.Конкурс жеңімпаздарының әуе билеттерін сатып алуға байланысты барлық шығындар сербиялық туристік ұйымдастырушылар мен кәсіпкер Драгиша Мартинович тарапынан толықтай өтеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1156543?lang=kk
«Астана» баскетбол клубы Ливанда жеңіске қол жеткізді 06.02.2026
Қазақстан мен Ливанның сан-алуан қарым-қатынастарының аясында 4 қаңтарда Бейрут қаласында Батыс Азия баскетбол суперлигасы халықаралық турнирі шеңберіндегі қазақстандық BC Astana командасы ливандық Sagesse клубымен кездесті. Тартысты әрі тартымды өткен ойынның нәтижесінде қазақстандық спортшылар 104:102 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде көш бастады. Алдағы уақытта «Астана» командасы Бейрут қаласында ливандық Al Riyadi Beirut және сириялық Al Wahda Damascus ұжымдарымен кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1156559?lang=kk
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖАҢА КАБИНЕТІНДЕ 701.01, 910.00 САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ НЫСАНДАРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ 06.02.2026
📌Құрметті салық төлеушілер! 🔰Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 6-ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем есебінің нысаны (701.01-СЕН);Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның нысаны (910.00-нысан).СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген. ‼️Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.Бұл ретте, 2025 жылғы 2 жартыжылдықтағы салық есептілігін ұсынуы Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де қолжетімді болып қалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1156587?lang=kk
Ата заң – елдік мүдденің айнасы: Шымкентте ардагерлер Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді 06.02.2026
Шымкент қаласында Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған ашық диалог алаңы өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ашып, Жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ел тағдырына тікелей әсер ететін мұндай тарихи кезеңде әрбір азамат байыппен ой түйіп, қоғамдық тұрақтылық пен ауызбіршілікті бәрінен жоғары қоюы қажет.– Конституция жобасын талқылау барысында эмоцияға берілмей, сабырмен пікір білдірген жөн. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық берілгені анық көрінеді. Ең маңыздысы – әрбір азаматқа өз ойын ашық айтуға мүмкіндік жасалып отыр. Бұл Ата Заңды халықпен бірге қалыптастырып жатқанымыздың айғағы, – деді Кенжехан Төлебаев.Кездесуде сөз алған қалалық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев жаңа құжатта еңбек адамдарының мүддесі нақты қамтылғанын атап өтті. Оның пікірінше, әлеуметтік әділеттілік, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар күшейтілген.Мемлекет және қоғам қайраткері Абдулла Ахметов Конституцияның маңызын кеңінен сипаттап, оны тек құқықтық құжат емес, ұлттың идеологиялық негізі ретінде бағалады.– Конституция – заңдардың жиынтығы ғана емес, ол ел дамуының бағытын айқындайтын құндылықтар жүйесі. Сондықтан онда бірлік, әділдік және жауапкершілік секілді ұстанымдар айқын көрініс табуы тиіс, – деді ол.Сонымен қатар, жиында Қанжігіт Сыздықов, Алданазар Құрбанбаев, Досыбай Шерімқұлов сынды ардагерлер кеңесінің мүшелері де сөз сөйлеп, Жаңа Конституция жобасындағы тың өзгерістерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.Жалпы қатысушылардың ортақ көзқарасы – Конституция жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті теңестіруге бағытталған. Сондай-ақ билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтай отырып, халық үніне құлақ асатын басқару жүйесін қалыптастыруға негіз қалайды.Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтылған барлық ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.– Бүгін көтерілген әрбір пікір мен ұсыныс арнайы комиссияға жолданады. Бұл – баршаға ортақ құжат. Сондықтан оны талқылауға әрбір азаматтың қатысуы маңызды, – деді ол.Қатысушылардың пікірінше, мұндай ашық кездесулер қоғамдағы сенімді арттырып, халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайта түседі. Өйткені Конституция – тек заңгерлердің ғана емес, бүкіл ел тағдырына әсер ететін маңызды құжат. Ата Заңды жаңарту – уақыт талабы, ал оның мазмұнды әрі өміршең болуы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Шымкенттегі бұл кездесу соның нақты дәлелі болды.
СӘИЖ СТК салық есептілігінің жаңартылған нысандары қолжетімді 06.02.2026
📌 Құрметті салық төлеушілер!🔰 Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 6 ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары қолжетімді екенін хабарлайды:1️⃣ 701.01-СЕН – Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі;2️⃣ 910.00-нысан – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация.🌐 СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін:👉 https://knp.kgd.gov.kz📧 Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне knpsd@ecc.kzэлектрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.ℹ️ Анықтама үшін:Салық есептілігі нысандары және оларды толтыру бойынша түсініктемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығымен бекітілген.‼️ Назар аударыңыз!2026 жылға арналған СЕН-нің жаңа нұсқалары Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де қолжетімді емес.Бұл ретте, 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған салық есептілігін ұсыну бұрынғы жүйелерде қолжетімді болып қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1156449?lang=kk
Сыра мен сыра сусындарын цифрлық таңбалауды енгізу 06.02.2026
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығына сәйкес сыра қайнату өнімдерін цифрлық таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу басталады.Таңбалау нарықтың барлық қатысушылары алдын ала дайындалып, жаңа жағдайларда жұмысты ұйымдастыра алуы үшін бірізді әрі кезең-кезеңімен енгізіледі:- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегалар мен бөтелкелердегі сыраны таңбалау;- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі сыраны таңбалау;- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – тауар айналымының бүкіл тізбегі бойынша толық қадағалау режиміне көшу.Жеке атап өтеміз: таңбалауға тек 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап өндірілген өнім жатады.Осы күнге дейін өндірілген сыра қайнату өнімдері бір жыл ішінде қосымша таңбалаусыз сатылуы мүмкін.Сыра өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сауда сатушылары таңбалау жүйесіне бірыңғай цифрлық сервис арқылы қосылады. Тіркеу келесі сілтеме бойынша өнеркәсіптік стендте қолжетімді: https://tanba.markirovka.kz/Таңбаланған сыраны немесе сыра сусынын бөлшек саудада өткізу кезінде тауарды айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан түсетін мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін сауда нүктелерінің күнделікті қызметінде пайдаланылатын бақылау-кассалық машина қолданылады.Құйма сыраны (кегаларда) сату кезінде айналымнан шығару фискалдық деректер операторынан алынған алғашқы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады және бүкіл кегаға қатысты жүргізіледі.Цифрлық таңбалау өнім айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге және адал нарық қатысушыларын қорғауға мүмкіндік береді. Жүйе сыра өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу процестері түсінікті әрі үйреншікті болып қала отырып, заманауи цифрлық шешімдермен толықтырылатындай етіп құрылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1156470?lang=kk
Ливандық телеарнада Қазақстан Елшісінің сұхбаты өтті 06.02.2026
5 қаңтарда Ливандағы Қазақстан Елшісі Расул Жұмалы жергілікті ірі бұқаралық ақпарат құралы – OTV телеарнасына сұхбат берді. Тікелей эфирде өткен 30 минуттық бағдарлама барысында Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, конституциялық реформалар, инвестициялық және туристік әлеуеті, сондай-ақ Араб әлемімен байланыстары кеңінен талқыланды. Сұхбат Ливан жұртшылығына Қазақстанның жетістіктері мен сыртқы саяси басымдықтарын таныстыруға мүмкіндік берді.https://youtu.be/cum-CA1DS7s?si=-9gsTpggScvxjxnZ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1156475?lang=kk
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақмерзімді серіктестік орта қалыптастырады 06.02.2026
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.Жиынды ашқан Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бизнес – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес, бұл жұмыста «Атамекен» ҰКП маңызды рөл атқарады.«Біз бүгін сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар болып жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл – еліміздегі демократиялық процестердің айқын дәлелі. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы халыққа ұсынылды, басты мақсат – егемендігімізді, Тәуелсіздікті нығайту. Барлығыңызды Президентімізді және жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын. Сіздердің қарамақтарыңызда мыңдаған азамат жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына реформа міндеттерін дұрыс жеткізу маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының Заң және Тәртіп жаппай үстемдік құрған Әділетті Қазақстанды құру туралы бағдары кәсіпкерлер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, адал еңбек, кәсіпке деген құрмет, елге жанашыр болу сияқты құндылықтардың маңызын арттыра түседі. Әділдік пен заңдылық қағидаттарын конституциялық деңгейде бекіту сенім мен ұзақмерзімді әріптестік орта қалыптастырады.Кеңес барысында Президенттің жаңа салық ережелерін біртіндеп енгізуге қатысты тапсырмасының орындалуына назар аударылды. Қатысушылар салық төлеушілер үшін өтпелі кезең мен салықтық әкімшілендіру мәселелерін талқылады.Қазақстанда кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына қолайлы көшуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, Үкіметтің шешімімен шағын және микробизнес жекелеген жағдайды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тексерулерден, камералдық бақылаудан және әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Биылғы 1 сәуірге дейін берешекті төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі қолданылады, қызметті жою және тоқтату рәсімдері қайта қаралды. 2026 жылдың соңына дейін шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең енгізілді, қателер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар алынбайды.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бір мезгілде 250 мыңға дейін салық төлеушіге қызмет көрсету мүмкіндігі бар Жобалық кеңсенің жұмысы туралы баяндады. Жұмыс өтініштерді жедел қараумен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша құрылған. Соңғы үш аптада сұраныстар ағынының 19,5 мыңнан 7,1 мыңға дейін төмендеуі байқалады, бұл техникалық процестердің тұрақтанғанын көрсетеді. «Халық бухгалтері» акциясына 17 мыңнан астам салық төлеуші қатысты. Сондай-ақ салық жүйесінде азаматтар мен бизнесті тіркеудің өсуі байқалғаны атап өтілді. Жылдың басынан бері 41,2 мыңнан астам адам қайтадан есепке алынды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа режим бұрын есепке алынбаған 187,2 мыңнан астам адамды заңды ортаға шығарды. Бизнесті қаржылық қолдау шаралары күшейтілуде. 2025 жылы қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 365 млрд теңге болатын 3,4 мыңға жуық ШОБ жобасы субсидияланды.«Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов арнайы салық режимін қолдануға және денсаулық сақтау секторына салық салу тәсілдерін қайта қарауға байланысты мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұстанымын айтты.Бизнес-қоғамдастық атынан «Алматы бояулары» ЖШС директоры Римма Салықова, «Қазэлектромаш» ЖШС директоры Виталий Распопин ұсыныстар мен сұрақтар қойды. Атап айтқанда, ШОБ-пен өзара іс-қимылды, мемлекеттік сатып алу практикасын және салалық талаптарды ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің жекелеген аспектілерін реттеу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ кәсіпорындарды өндірістік цикл деңгейі мен ауқымы бойынша санаттарға бөлуді енгізу, мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік тапсырысты локализациялау және инвестициялау деңгейіне байланыстыру, сондай-ақ Тізілімнен өнімдерді пайдалануды нақты әрі әділ цифрлық бақылауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жетілдіруге қатысты одан әрі жұмыс бойынша ұсыныс айтылды.Премьер-министр бизнестің айтылған бастамаларына пікір білдіріп, мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұсыныстарды жан-жақты пысықтауды және нақты нәтижені қамтамасыз етуді тапсырды. Шешімдер тұрақты өсуді қолдау, нақты секторды нығайту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және жұмыс орындарын ашу бойынша оң экономикалық нәтиже беруі керектігі атап өтілді.https://primeminister.kz/news/olzas-bektenov-zana-konstituciia-zobasy-memleket-pen-biznes-arasyndagy-senim-men-uzakmerzimdi-seriktestik-orta-kalyptastyrady-31062Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1156502?lang=kk
«Жүрегім менің жанартау» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш 06.02.2026
5 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Шара кітапханада бір жылдан бері жемісті жұмыс жасап келе жатқан «Жауһар» әдеби-сазды клубының қызметі аясында өтті.Шығармашылық жастардың бастамасымен құрылған «Жауһар» әдеби-сазды клубы көркем шығармашылықты дамытуға, рухани қарым-қатынасқа және ұлттық мәдениетпен таныстыруға арналған алаң болып табылады.Шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың ақындық мұрасын кеңінен насихаттау, шығармашылығының философиялық тереңдігін ашу, ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.Кеш барысында қатысушылар ақынның шығармаларын оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Сахнада автордың танымал шығармаларын оқыды: «Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай», «Арманда», «Поэзия менімен егіз бе едің», «Мен деп ойла», «Фариза», «Есіңе мені алғайсың» және тағы да басқа.Залдың тақырыпқа сай безендірілуі іс-шараның шығармашылық атмосферасын құруға ықпал етті. Қатысушылардың қойылымдары мәнерлі де шынайы болды, бұл көрермендердің ақын шығармашылығын терең түсініп, жаңаша қабылдауына мүмкіндік берді.Кеш соңында ашық микрофон форматы ұйымдастырылып, қонақтар өз әсерлерімен бөлісіп, тілектерін айтты, кеш тақырыбы бойынша еркін түрде де өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1156515?lang=kk
Алматы облысы жастарының шетелде жұмыс істеуге мүмкіндіктері артты 06.02.2026
Қонаев қаласында жастарға бағытталған көші-қон мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынды Мансап орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM / UN Migration) ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат - азаматтардың шетелге шығуына заңды түрде дайындығы мен саладағы маңызды ақпараттармен бөлісу.Кездесу барысында қатысушыларға қолжетімді бағдарламалар, виза талаптары, еңбек көші-қонының кезеңдері, сондай-ақ адам құқықтар мен міндеттер талқыланды. Мамандар заңсыз жұмысқа орналасудың қауіптері мен адам саудасының алдын алу жолдарына да ерекше тоқталды. Шара аясында Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық бағдарлама қызметкері Светлана Бекмамбетова сөз сөйлеп, IOM-ның Қазақстандағы қызметі туралы баяндады.Аталған кездесу екі сессиядан тұрады. Бірінші сессияда шетелге шығу алдындағы дайындықтың негізгі аспектілері қарастырылды. Қатысушылар құжаттарды рәсімдеу, жұмыс берушіні тексеру жәнк еңбек шартын оқу бойынша кеңес алды. Екінші сессия интерактивті ойынға негізделген тренинг түрінде өтті. Онда нақты өмірлік жағдайлар талқыланып, қауіпсіз шешім қабылдау дағдылары пысықталды.Жалпы елімізде шетелде жұмыс істеуге дайындық орталықтары ашылып, көші-қон қызметтері кезең-кезеңімен цифрландырылып жатыр. Бұл азаматтарға құжат рәсімдеу мен кеңес алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттық кездесулер жастардың саналы шешім қабылдауына, заңсыз көші-қонның алдын алуға және шетелге шығу кезінде өз құқықтарын қорғауға ықпал етеді.Аталған кездесу — жастар мен тұрғындардың қауіпсіз еңбек көші-қоны туралы білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ақпараттанған азамат - қорғалған азамат. Сондықтан мұндай бастамалар қоғам үшін аса өзекті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156518?lang=kk