Enbekshi QazaQ

Қоғам

Серік Жұманғарин АҚШ сауда палатасымен және ірі америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті 05.09.2025
Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин АҚШ сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия бойынша аға вице-президенті Хуш Чоксинмен, сондай-ақ Chevron, Meta, Apple, Coca Cola, Mastercard, Amway компанияларының өкілдерімен кездесті.Келіссөздер барысында вице-премьер Америка Құрама Штаттарының Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту елдің сыртқы экономикалық саясатының басым бағыты екенін жеткізді.«Өткен жылы екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $4,2 млрдқа жетті. Біз алдағы уақытта тауар айналымын ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін көріп отырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Қазіргі таңда америкалық бизнес Қазақстанда кеңінен жұмыс істеуде. Елде АҚШ капиталының қатысуымен 700-ден астам кәсіпорын қызмет атқарып жатыр, ал 2005 жылдан бері тікелей инвестициялар көлемі $51 млрдтан асты. Ірі инвесторлардың қатарында Chevron, ExxonMobil, Pfizer, General Electric, Wabtec және басқа да компаниялар бар. Олар мұнай-газ, фармацевтика, энергетика және машина жасау салаларының дамуына зор үлес қосуда. Бұл деректер америкалық әріптестердің Қазақстандағы инвестициялық саясатқа сенімін және стратегиялық әріптестіктің тұрақтылығын көрсетеді.Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды. Америкалық тарап жаңа салық кодексінің нормалары, заңнаманы жетілдіру, туризмді дамыту, саудадағы кедергілерді азайту және өзге де тақырыптарды көтерді. Барлық сұрақтарға мазмұнды түсініктемелер берілді.Жиынды қорытындылай келе Серік Жұманғарин жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде инвесторлармен тікелей диалогтың ерекше маңызын атап өтті. Ол америкалық әріптестерді Қазақстанның мүмкіндіктерін бизнесті дамытуда кеңінен пайдалануға шақырып, серпінді бастамаларды бірлесіп іске асыруға дайын екенін білдірді.https://primeminister.kz/news/serik-zumangarin-aks-sauda-palatasymen-zane-iri-amerikalyk-kompaniialardyn-okilderimen-kezdesti-30481 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1062653?lang=kk
Кәсіпкерлермен жұмыс 05.09.2025
2025 жылдың 20 тамыз күні ҚР ІІМ ҚАЖК №27 мекемесінің өндірістік аумағында сотталғандардың мекемелерде жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, одан әрі шараларды әзірлеу және тиімділігін арттыру үшін түзеу мекемесіне жеке кәсіпкер шақырылды кәсіпкерге жұмыс істеп тұрған нысандар мен бос үй-жайларды көрсетті.2025 жылдың 20 тамыз күні ҚР ІІМ ҚАЖК №27 мекемесінің өндірістік аумағында сотталғандардың мекемелерде жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, одан әрі шараларды әзірлеу және тиімділігін арттыру үшін түзеу мекемесіне жеке кәсіпкер шақырылды кәсіпкерге жұмыс істеп тұрған нысандар мен бос үй-жайларды көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1062658?lang=kk
Агенттік пен Оман Сұлтандығының Қаржылық қызметтер басқармасы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы 05.09.2025
Astana Finance Days шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Оман Сұлтандығының Қаржылық қызметтер басқармасы (FSA) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.FSA капитал нарықтарын, сақтандыру секторын, сондай-ақ бухгалтерлік және аудиторлық қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады.Қол қою рәсімі екі елдің қаржы реттеушілері басшыларының – Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың және FSA Атқарушы президенті Абдулла Салим Аль-Салми мырзаның қатысуымен өтті.Құжат Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жұмыстың нәтижесі болды.  Меморандум қаржы технологиялары, инновациялық жобалар, қаржылық білім беру және қаржылық қолжетімділікті арттыру саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен бастамаларды әзірлеуді көздейді.Өңірлік биржалар арасындағы байланыстарды нығайтуға және трансшекаралық сауданы жеңілдетуге ықпал ететін Tabadul платформасын қолдауға және дамытуға ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1062662?lang=kk
БҚО бойынша ҚАЖД 28-мекемесінде нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шара өтті 05.09.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 28-мекемесінде сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Департамент полициясының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында полиция өкілдері нашақорлықтың зияны мен есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ сотталғандардың нашақорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру және бостандыққа шыққаннан кейін қайталама қылмыс жасаудың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты. Мұндай профилактикалық кездесулер жүйелі түрде өткізіліп, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1062641?lang=kk
"ҚАЖ Аруы – 2025": погондардағы Сұлулық, интеллект және күш 05.09.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде облыстың қылмыстық – атқару жүйесінің әйелдер ұжымының ең лайықты өкілдерін жинаған "ҚАЖ Аруы-2025" байқауы өтті. Байқау облыстық филармония сахнасында салтанатты түрде өтті. Іс-шараға ҚАЖД барлық бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Байқау погон киген әйелдердің тек тәртіп пен қызметтік борыш қана емес, сонымен қатар интеллект, харизма, шығармашылық және адалдық екендігінің нақты көрінісі болды. Байқау кезеңдері: атудан сахнаға дейін Іс-шара бағдарламасы бес кезеңнен тұрды: 🔹 Визит карточкасы-қатысушылармен танысу. Қыздар қызметтік миссия мен жеке жетістіктерге баса назар аудара отырып, өздері туралы, өз кәсібі, хоббиі мен өмірлік принциптері туралы айтты. 🔹 Үздік атқыш-қатысушылар өздерінің ер әріптестерінен кем емес дайындалғанын дәлелдей отырып, мылтықтың дәлдігі мен сенімді шеберлігін көрсетті. 🔹 Зияткерлік конкурс-заңнама бойынша білімдерін тексеру: "құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңы, "Ішкі істер органдары туралы" ҚР Заңы және басқа да нормативтік актілер. Қыздар логикалық міндеттер мен құқықтық мәселелерді тамаша орындады. 🔹 Шығармашылық кезең-вокалдық және би нөмірлері, өлең оқу, көріністер, музыкалық аспаптарда ойнау. Зал қатысушылардың жарқын және эмоционалды көріністеріне қатты қуанды. 🔹 Жалпы хор-байқаудың шарықтау шегі. Барлық қатысушылар сахнада ұйымшылдық, күш пен шабыт атмосферасын құра отырып, бір соңғы нөмірге жиналды. Сондай-ақ, вице — мисс және бас титулдың иегері – "ҚАЖ Аруы-2025"анықталды. Қорытынды Байқау тек мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен қатар жазаны орындау жүйесіндегі әйелдер еңбегіне деген құрмет үлгісі болды. Ол қатаң форманың артында өз кәсібіне және Отанына берілген күшті, ақылды, талантты және жарқын тұлғалар жатқанын көрсетті.   "ҚАЖ Аруы - 2025" атағының иегері - әділет сержанты Қонысбаева Аружан Алтайқызы 21 жаста, мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің технигі 74 тергеу изоляторы. 2023 жылдан бастап құқық қорғау органдарында. Ол әртүрлі спорт түрлерімен айналысады және кітап оқығанды ұнатады.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1062635?lang=kk
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесі кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады 05.09.2025
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасалуда. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесі жеке кәсіпкерлерге өз өндірістерін мекеме аумағында орналастыру мүмкіндігін ұсынады. Кәсіпкерлер үшін келесі артықшылықтар қарастырылған:Экономикалық тиімділік – сотталғандарды жұмыспен қамту арқылы шығындарды азайту;Дайын база – өндірістік орындар мен жұмыс істеп тұрған цехтардың болуы;Жалға алу ақысының болмауы – кәсіпкерлер аренда төлемінен босатылады;Қауіпсіздік – нысандар мекеме тарапынан қорғалады, қосымша күзет немесе дабыл орнатудың қажеті жоқ;Еңбек тәртібі – қызметкерлер мекеме әкімшілігі арқылы қамтамасыз етіледі, жұмысқа кешігу немесе себепсіз қалу жағдайлары болмайды;Ғимарат таңдау мүмкіндігі – кәсіпкер өз қызметінің ерекшелігіне сай бос тұрған орындарды таңдай алады;Инфрақұрылым – өндірісті іске қосуға барлық жағдай жасалған;Кадрларды іріктеу – мекеме әкімшілігі сотталғандар арасындағы мамандардың есебін жүргізеді және кәсіпкерге қажетті ақпарат бере алады. Шарттар кәсіпкерлік қызметтің бағытына және қызығушылығына байланысты жасалады. Коммуналдық қызметтер мемлекеттік мекеме тарифтері бойынша нақты тұтынылған көлеміне қарай төленеді. Осылайша, №28 мекемемен ынтымақтастық орнату кәсіпкерлерге шығындарды азайтып, өз ісін дамытуға мол мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1062616?lang=kk
Алматы облысында орман қорын ұлғайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде 05.09.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу бастамасы қолға алынды. Бұл – Қазақстанның ең ауқымды экологиялық жобаларының бірі. Алматы облысында осы тапсырма аясында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр.Өңірде 2021–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітіліп, 23 800 гектар аумаққа 52,6 миллион ағаш отырғызу көзделген. 2021–2024 жылдар аралығында 552,2 гектар жерге 2 миллион 740 мың дана көшет отырғызылды.Сонымен қатар, 16 600 гектар аумаққа қара сексеуілдің тұқымы себіліп, шығымдылығы 34 миллион 500 мың данаға жетті. Осылайша, жоспарланған жұмыстар толық көлемде, яғни 100 пайызға орындалды.Биыл орман екпелерімен отырғызылатын және тұқым себілетін жер көлемі – 2 430 гектар. Оның ішінде көктемде 80 гектарға 564 700 дана көшет отырғызылды. Ал күзде 2 350 гектар аумаққа 11 750 килограмм қара сексеуіл тұқымын себу жоспарланған. Қазіргі уақытта соның 2 005 гектары дайындалды. Жылдық жоспар толық орындалғаннан кейін Алматы облысының ормандылығы 15 пайыздан 15,2 пайызға дейін артады.Салыстыру үшін айтсақ, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 5 пайыздан 5,2 пайызға дейін көтеріледі.Облыстың орман шаруашылығы мекемелері орманды молықтыруға қажетті стандартты отырғызу материалдарымен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта 129,9 гектар аумақта орналасқан 2 тұрақты және 10 уақытша тұқымбақ жұмыс істейді. Онда 4 миллион 696 мың дана қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты көшет өсірілуде.Әрбір отырғызылған ағаш – табиғатқа тағзым, болашаққа қалдырылған аманат. Алматы облысының орманшылары үшін бұл – күнделікті еңбек қана емес, келешек ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1062604?lang=kk
ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ – КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ КЕПІЛІ 05.09.2025
Теміржол саласы – мемлекеттің экономикалық тірегі, ел дамуының күре тамыры. Осы саланың өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан ардақты теміржолшылардың бірі – Құрманәлі Шәкір Шымкентбайұлы.Құрманәлі Шәкір Шымкентбайұлының теміржол саласындағы еңбек өтілі 29 жылды құрайды. Ол өзінің еңбек жолын Қазығұрт станциясында пойыз құрастырушысы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушісі болып бастаған. Қызмет барысында кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.Бүгінде Текесу станциясында пойыз құрастырушысы қызметін атқаруда. Өз ісіне адалдықпен қарап, ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман – теміржол саласының нағыз жанашыры. Оның кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығы – жас теміржолшыларға үлгі.
Мұнайшы: Ел экономикасының жүрегі 05.09.2025
 Мұнайшы мамандығы — еліміздің энергетикалық саласының негізі, экономикамыздың қозғаушы күштерінің бірі. Бұл кәсіп иелері өз еңбектерімен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болашақта да мемлекеттің өркендеуіне үлес қосады. Мұнайшылар тек қазба байлықтарын жер астынан шығарып қана қоймай, олардың тиімді және қауіпсіз пайдаланылуын да қамтамасыз етеді.Мұнай өнеркәсібі — технологиялық дамудың, үздіксіз білім мен тәжірибе жинақтаудың нәтижесінде ғана жоғары деңгейге жетеді. Мұнайшы болу үшін тек техникалық білім қажет емес, сонымен қатар шешім қабылдау қабілеті, командада жұмыс істеу, және жоғары жауапкершілік керек.Қазіргі таңда мұнайшының кәсібі әртүрлі инновациялармен, жаңа технологиялармен толықтырылып, экологиялық мәселелерге де үлкен көңіл бөлініп жатыр. Мұнай өндіру — тек өндіріс емес, табиғатты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғау деген сөз.Мұнайшы мамандығы — тек жұмыс емес, елімізге қызмет ету, жаңа мүмкіндіктерді ашу, болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін еңбек ету. Бұл мамандықтың абыройы мен маңызды рөлі ешқашан төмендемейді, ол әрдайым қазақстандықтардың мақтанышы болып қала береді.
Ынтымақ пен татулық – елдіктің тұғыры 05.09.2025
Қазақ халқының бай тарихына зер салсақ, елдің іргесін бекітіп, болашағын айқындаған ең қымбат қазына – ынтымақ пен татулық екенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халық даналығы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, қоғамды біріктірген өмірлік ұстанымға айналды.Кең байтақ қазақ жері талай қилы кезеңді бастан кешті. Тағдырдың тәлкегімен сан түрлі этнос өкілдері осы даладан пана тапты. Сол кезде қазақ халқы кең жүрегімен баршаны бауырына басып, мейірім мен қамқорлық танытты. Бұл ізгі дәстүрдің арқасында халықтар арасында сенімге негізделген достық пен өзара құрмет орнады. Ол бүгінгі күнге дейін жалғасып, еліміздегі бірліктің берік іргетасына айналып отыр.Қазіргі Қазақстан – жүзден астам этнос өкілі бейбіт ғұмыр кешіп жатқан ортақ шаңырақ. Әрбір халық өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қана қоймай, ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып келеді. Бұл – халқымыздың кең пейілінің, мемлекетіміздің сарабдал саясатының жемісі.Татулық пен сенім – ел дамуының басты кепілі. Ынтымақ үстем болған жерде қоғамда өзара сыйластық орнығып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жеңілдейді. Ал тұрақтылық бар жерде экономика өсіп, мәдениет пен білім саласы жаңғыра түседі.Қазақстан бүгінде әлемге бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп отыр. Ел ішіндегі береке-бірлік – халықаралық аренадағы беделіміздің негізі. Достық – халықтарды жақындастыратын алтын көпір, ал татулық – мемлекет тұрақтылығының тірегі.Сондықтан ынтымақ пен татулықты сақтау – тек мемлекет деңгейіндегі саясат емес, әрбір азаматтың борышы. Бұл – келешек ұрпаққа аманат етер асыл мұрамыз, елдіктің мәңгілік тұғыры. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Самар ауданында күзгі әскерге шақыруға дайындық мәселелері талқыланды 05.09.2025
Самар ауданында күзгі әскерге шақыруға дайындық мәселелері талқыландыСамар ауданында күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық жөнінде жиын өтті.Оған Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы Рауан Жампеиcов, Күршім, Самар және Марқакөл аудандарының бойынша біріктірілген қорғаныс істері бөлімнің бастығы Данияр Бикадамов, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.Жиында шақыру науқанының дайындық барысы, жастармен жұмыс жүргізу, жергілікті атқарушы органдардың әскер қатарына жасақтау жоспарын орындаудағы жауапкершілігі қаралды. Әсіресе халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мен шақыру үдерісінің ашықтығына баса назар аударылды.Айта кетсек, науқанның табысты өтуі барлық қызметтердің үйлесімді жұмысына және аудан тұрғындарымен тығыз байланысына тікелей байланысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1062565?lang=kk
Ұлттық ұланда бес түркі тілдерін меңгерген сарбаз қызмет етуде 05.09.2025
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл мереке халықтар арасындағы достық пен татулықтың, тіл байлығының маңызын айшықтайды. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген, бес түркі  тілдерін жетік меңгерген қатардағы Владимир Копылов ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі сапында қызмет етіп жүр. Ұлты – орыс болса да, Владимир қазақ тілін жетік біліп қана қоймай, өзбек, қырғыз, ұйғыр және татар тілдерінде еркін сөйлейді. Ұлттық ұлан қатарына Шымкент қаласынан  шақырылған Владимирдің тіл білуге деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Ол түркі әлемінің тілдерін меңгеруді мақсат тұтқан. «Арманым – барша түркі тілдерінде сөйлеп, ұлттар арасындағы достықты нығайту», – дейді өзі.Айта кетсек, Владимир түркі тілдерінің ішіндегі сирек қолданылатын қарашай, қарақалпақ және ноғай тілдерінде сөйлей алады.Тіл білудің пайдасын ұландық күнделікті қызмет барысында сезінеді. Ол үшін патрульдік қызметте Алматы шаһары тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету де, түрлі ұлт өкілдерімен тіл табысу да еш кедергі келтірмейді. Қазаққа – қазақша, өзбекке – өзбекше, ұйғырға – ұйғырша жауап беріп тұрған Владимирді көргенде, қаруластары да таңдай қағады.Тек тіл білімімен ғана емес, өнерімен де ерекшеленетін Владимир ротадағы ең белсенді, әскери қызметтің үздік сарбаздарының бірі. Қаруластары шашын қидырғысы келсе, Владимирге барады, себебі ол нағыз шебер шаштараз. Одан бөлек әскери бөлімнің мобилографы. Күнделікті қызметті, жауынгерлік өмірдің қызықты сәттерін бейнеге түсіріп, әскери бөлімнің әлеуметтік желідегі имиджін қалыптастырып жүр.Ұлттық ұлан бүгінде нағыз таланттар ордасына айналып үлгерді. Құқықтық тәртіп әскерінің әр бөлімінде осындай сегіз қырлы, бір сырлы сарбаздар сақшылармен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1062555?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 10 күн қалды! 05.09.2025
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 10 күн қалды! 15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады!    Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1062536?lang=kk
Бөлім басшысы М.Томас СҚО әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. 05.09.2025
Цифрлық дәуірдегі зияткерлік меншік саласындағы мәселелер талқыланды: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер.Анықталған мәселелерді шешу бойынша нақты мысалдар мен практикалық ұсыныстар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1062504?lang=kk
15 қыркүйекке дейін келесі декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталатынын Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) 05.09.2025
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 15 қыркүйекке дейін келесі декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады.- Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан)- Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан)Декларациялар тұрғылықты жері бойынша тапсырылады.2025 жылдан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі тұлғалар тапсыруға міндетті:1. 2024 жылы 31 желтоқсанда шетелде мүлкі барлар Қазақстан Республикасының азаматтары және резиденттері.2.Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;3. Мыналардың ірі қатысушысы мәртебесіне үміткер тұлғалар: банктер, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ олардың жұбайлары;4.Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);5.Цифрлық активтері бар ҚР азаматтары және резиденттері.2025 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны: 1. ҚР азаматтары, жеке тұлғалар - резиденттер есепті салық кезеңі ішінде мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде:- мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;- басшылар; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10% -нан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);- дербес салық салуға жататын табыс алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен табыс; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; ДК-дан түсетін табыстарды қоспағанда, салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де табыстар);- шетелдік банктердің шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса;- шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФЗ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);- меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;- есепті салық кезеңі ішінде құны 20 000 еселенген АЕК артық мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде ҚР тыс жерлерде (мысалы: 2024 жылы - 73 840 000 теңге, 2025 жылы - 78 640 000 теңге);- салық агентіне басқа да шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.2. Бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай шарттардың бірі болған жағдайда:1) есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерді алған;2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдар болып табылса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады.Тапсыру тәсілдері:Электрондық түрде: Салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz) – Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында; Электронды үкімет порталы egov.kz; Мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile, moldir.qoldau.kz, HALYKBank (HALYK), ЦентрКредитБанк (bcc.kz).Қағаз түрінде: Мемлекеттік кірістер органдарына өзі келу тәртібімен; ХҚКО арқылы; Пошта арқылы (тапсырылған хатпен).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1062506?lang=kk
Алматы облысында жол жөндеу маусымы аяқталуда: 2025 жылы 870 шақырымнан астам автожол жаңартылуда 05.09.2025
Алматы облысында көлік жүйесі мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді. Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында белгіленген міндеттер аясында жүргізілуде. Өңірде автомобиль жолдарын жөндеу мен жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы қарқынды іске асырылып жатыр.Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5 714 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 808 шақырым, жергілікті маңызы бар жолдар – 3 906 шақырым. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 94%-ға жетті.2025 жылы жол жөндеу жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтиды. Жоспарда – 872,9 шақырым автожолды жаңарту, оның ішінде 53,2 шақырымына күрделі жөндеу, 135,5 шақырымына орташа жөндеу жүргізу қарастырылған. Ерекше назар елді мекен ішілік жолдарға аударылып отыр: 142 ауылда жалпы ұзындығы 684,2 шақырым болатын учаскелерде жөндеу жұмыстары атқарылуда.Жыл басынан бері 72 шақырым автожол жөнделіп, қалған учаскелер әртүрлі кезеңдерде іске асырылуда. Жұмыстар жоспарлы түрде жалғасып жатыр.«Біз жол жөндеу маусымының соңғы кезеңіне шықтық. Көптеген учаскелерде жұмыс белсенді түрде аяқталуда, кейбірі пайдалануға берілді. Біздің міндетіміз – тек жолға асфальт төсеу емес, ауылдар, аудандар мен қалалар арасындағы тұрақты көлік байланысын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов.Оның айтуынша, назар тек магистральдік трассаларға ғана емес, сондай-ақ ауылішілік және кіреберіс жолдарға да аударылуда. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді.Жол-көлік желісін дамыту логистиканы жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ экономикалық белсенділік пен ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1062465?lang=kk
4 қыркйек күні Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Ж. Мекеева кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді 05.09.2025
4 қыркйек күні Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Ж. Мекеева кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді. Қабылдау барысында дін саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша, соның ішінде «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/news/details/1062381?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 05.09.2025
Құрметті салық төлеушілер! Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру және салық төлемдерін төлеу мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША 15 қыркүйек:250.00 нысаны – 2024 жылғы 31 желтоқсандағыжағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация;270.00 нысаны – 2024 жылға кірістер мен мүлік туралы декларация;400.00 және 421.00 нысандары – шілде айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп. 22 қыркүйек:саны – тамыз айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША 22 қыркүйек:Тамыз айына ЕАЭО-да ҚҚC;Тамыз айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда. 25 қыркүйек:270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияға сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС);Қыркүйек айына КТС бойынша аванстық төлемдер;Тамыз айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;Тамыз айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;Тамыз айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;Радиожиілік спектрін пайдалану, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;Тамыз айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1062376?lang=kk
KazAID қызметкерлері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс матчын тамашалап, ұлттық құраманы қолдады 05.09.2025
2025 жылғы 4 қыркүйек, Астана қ. – KazAID қызметкерлері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс матчын тамашалап, ұлттық құраманы қолдады. «Астана Аренада» 30 200 орынның 28 219-ы толып, стадионда нағыз ерекше атмосфера орнады. Ұлттық құрамаға жанкүйер болу бізді халықаралық жобалардағы жұмысымыз секілді шабыттандырады — бәрі серіктестік пен бірліктен басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1062334?lang=kk
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні БҰҰ Қазақстанның көшбасшылығын жоғары бағалады 05.09.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күннің он бес жылдығына арналған жоғары деңгейлі пленарлық отырыс өтті. Биылғы күн ерекше мәнге ие болып, алғашқы ядролық жарылыстың және БҰҰ құрылуының 80 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ұйым мінберінен сөйлеген қатысушылар Қазақстанға бұл форумды жыл сайын өткізу бастамасы және қарусыздану мен таратпау режимін нығайтуға қосқан тұрақты үлесі үшін ризашылықтарын білдірді.БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Филемон Янг 1945 пен 1996 жылдар аралығында әлемде екі мыңнан астам ядролық сынақ жүргізілгенін еске салды. Бұл сынақтар адамдардың денсаулығына ауыр зардап тигізіп, қоршаған ортаны ұзақ мерзімге ластағанын атап өтті. Сондай-ақ ол 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстанның Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімі жаһандық деңгейде сынақтар жарысын тоқтатуға бағытталған күш-жігердегі бетбұрыс сәт болғанын айтты.БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу Бас хатшының атынан сөйлеген сөзінде Қазақстанның бастамасымен жарияланған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн тек еске алу күні ғана емес, сонымен бірге ядролық сынақтардан азат әлемге ілгерілеуге арналған пәрменді халықаралық платформа екенін атап өтті. Ол Қазақстанның өз үлгісі арқылы, соның ішінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың негізгі сессияларына төрағалық ету арқылы, ядролық сынақтарға тыйым салу техникалық мәселе ғана емес, моральдық әрі стратегиялық қажеттілік екенін айқын көрсетіп отырғанын жеткізді.Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Роберт Флойд бұл Шарт ядролық сынақтарды тоқтатуға арналған жалғыз әмбебап әрі заңды күші бар құрал болып қала беретінін атап өтті. Оның арқасында ядролық жарылыстарды жүргізу тәжірибесін тоқтатып, 300-ден астам сертификатталған нысаннан тұратын бірегей жаһандық верификация жүйесін құруға мүмкіндік туды, олардың бесеуі Қазақстанда орналасқан. Бұған дейін, 29 тамызда, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен бірлескен мәлімдеме жасап, онда тараптар Шарттың күшіне енуіне қол жеткізу және оның верификация режимін одан әрі нығайтуға бейілділігін растады, сондай-ақ мемлекеттерді сынақтарға мораторийді сақтауға және ратификация процесін жеделдетуге шақырды.БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерін келтіріп, Семей полигонының қасіреті қайталанбауы тиіс екенін және болашақ ұрпақ үшін бейбітшілікті нығайту, халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету және ядролық сынақтарға толық тыйым салуға қол жеткізу қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ бұл саясаттың нақты көрінісі ретінде Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы Семей шартын және Қазақстан мен Кирибатидің бірлескен бастамасы – ядролық сынақтардан зардап шеккендерді қолдау мен қоршаған ортаны қалпына келтіруге арналған Халықаралық сенімгерлік қорын құру жөніндегі бастаманы еске салды.Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге орай БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған дәстүрлі қабылдауға БҰҰ Хатшылығының басшылары, мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері, сондай-ақ сарапшылық қауымдастық пен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Өз сөздерінде мәртебелі қонақтар Изуми Накамицу мен Роберт Флойд бұл күннің ядролық сынақтардан және олардың қайта басталу қаупінен азат бейбітшілік үшін күш-жігерді біріктіретін беделді халықаралық платформа ретінде орныққанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1062338?lang=kk