Қоғам
Әлемнің ең мықты балуандары Астанада бозкілемге шықты: Қазақстанда әскери қызметшілер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты басталды 14.08.2025
Елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты жалауын көтерді. Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) бастамасымен ұйымдастырылып отырған турнирге әлемнің 20-дан астам елінен 250-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарысқа Бразилия, Венесуэла, Гана, Иран, Италия, Камерун, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Молдова, Моңғолия, Нигерия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка және Эфиопия елдерінің әскери құрамалары келген.Қазақстан құрамасы сапында әлем және Азия чемпиондары, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары, сондай-ақ әлем кубогының иегерлерінен тұратын халықаралық ареналарда үлкен тәжірибе жинаған атақты балуандар өнер көрсетуде. Ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында келесі спортшылар бар:Бекжан Төлепов (55 келі) – екі дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының және Көшпенділер ойындарының жеңімпазы; Ашым Сағындық (66 келі) – әлем кубогының иегері; Нұрдәулет Бақтыбайұлы (82 келі) – әлем кубогының иегері; Айбек Ізтілеуов (100 келі) – ұлттық турнир жеңімпазы.Әйелдер командасы да тәжірибелі балуандардан құралған. Олардың қатарында келесі спортышлар бар: Айжан Жылқыбаева (48 келі) – 5-ші Көшпенділер ойындарының жеңімпазы; Рауза Нұрмұхамметова (56 келі) – екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, Жекпе-жек өнері ойындарының жүлдегері; Зарина Сәріпова (65 келі) – әлем және Азия чемпионы, үш дүркін Қазақстан чемпионы; Зәмзагүл Файзолланова (77 келі) – Көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері, Қарулы күштер құрамасының капитаны.Жарыс күнінің алғашқы жартысында ерлер арасында 55, 66, 82, 100 келі, ал әйелдер арасында 48, 56, 65, 77 келі салмақ дәрежелері бойынша іріктеу және жартылай финалдық белдесулер өтті. Финалдық жекпе-жектер мен салтанатты ашылу рәсімі жарыс күнінің екінші жартысына жоспарланған.Чемпионат Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл дода – ұлттық спорт түрін дамытуға, әскери-спорттық қозғалысты нығайтуға, түрлі елдердің армиялары арасында тәжірибе алмасуға және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, өз жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғауға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1050864?lang=kk
14 тамыз – Жауынгерлік дайындық мамандарының күні 14.08.2025
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскерлердің елді қорғау міндеттерін орындау дайындығына жауапты мамандардың кәсіби мерекесін аталып өтеді.Қарулы күштердің жауынгерлік қабілеті сапалы жоспарлау мен жеке құрамды оқытуды ұйымдастырудан басталады. Жауынгерлік дайындық жүйесі бөлімшелер мен взводтардан бастап батальон штабтары, әскери бөлімдер мен құрамаларға дейінгі барлық әскери бөлімшелерді қамтиды.Әскерлерді сапалы даярлау үшін полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарының инфрақұрылымы белсенді түрде дамытылуда. Заманауи мультимедиялық сыныптармен, атыс және техника басқару тренажерларымен, автоматтандырылған бағалау жүйелерімен жабдықталған жаңа оқу-жаттығу кешендері құрылуда.Жыл сайын Қарулы күштерде 300-ден астам ірі оқу-жаттығулар өткізіледі. Олардың қатарында «Айбалта» стратегиялық, «Қаратау», «Батыл тойтарыс» сияқты жедел-тактикалық және кешенді оқу-жаттығулар бар. Бұл жаттығулар Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің өзара іс-қимылын шынайы жауынгерлік жағдайға барынша жақын пысықтауға мүмкіндік береді.Жауынгерлік дайындық жүйесіне қос мақсатты мамандықтар бойынша оқыту да кіреді. Бұл мамандықтар армияда ғана емес, азаматтық салада да жоғары сұранысқа ие. Атап айтқанда, олардың қатарында байланысшылар, инженерлік-саперлік қызмет, әскери медицина, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, бронетехниканы басқару және авиациялық техниканы техникалық қамтамасыз ету бар.Жыл сайын жауынгерлік дайындық аясында 15 мыңнан астам кәсіби маман – офицер, сержант, сарбаз және техникалық сарапшы даярланып шығады. Бұл тәсіл әскери кадрлардың әмбебаптығы мен олардың азаматтық өмірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.Министрлік жүзеге асырып жатқан маңызды жобалардың бірі – «Sarbaz 2.0» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында жауынгерлік дайындықта жоғары нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер ұлттық бірыңғай тестілеусіз және емтихансыз жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады. Бұл сарбаздар үшін жеке тұлғалық және кәсіби дамуға жол ашатын маңызды ынталандыру құралы болып отыр.Қазақстан армиясындағы жауынгерлік дайындық жүйесінің негізін қалағандар қатарында генерал-майорлар Юрий Курматов, Дамир Халиков, Нұрлан Жоламанов, Асқан Тасболатов, Алмаз Асенов, Талғат Қойбақов, Әлімжан Ерниязов, Тимур Әбішев, Алмаз Жұмакеев, Дәулет Оспанов, полковниктер Камил Урманов, Владимир Медведев, Нышанәлі Күзербаев, Хайрулла Ильясов және басқа да есімдері елге белгілі әскери басшылар бар.Бүгінгі күні ҚР Қарулы күштері Бас штабының Жауынгерлік дайындық департаментін генерал-майор Анатолий Довганюк басқарады. Бұл сала мамандарының тәжірибесі мен Отан алдындағы адалдығы – Қазақстан армиясының кез келген жағдайда өз борышын абыроймен атқара алатынына кепіл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1050852?lang=kk
🎓 «BilimQadam‑2025» – жас педагогтер жәрмеңкесі өтті! 14.08.2025
Бүгін Шымкент қаласындағы Көрме орталығында педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.📌 Мақсаты: жас мамандар мен білім беру ұйымдары арасындағы тікелей байланысты нығайту.🔹 Іс-шараны Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Жәрмеңкеде 344 бос жұмыс орны ұсынылды:– 243 — мектеп мұғалімі;– 60 — балабақша тәрбиешісі;– 41 — қосымша білім беру маманы.💡 Сонымен қатар, қатысушылар НОБД HR жүйесі арқылы тіркеліп, құжат тапсыру тәртібімен танысты.🖥 «HR тіркеу бұрышында» мамандар ЭЦҚ арқылы онлайн тіркеуге көмектесті.💬Айта кетейік, грант негізінде оқыған, GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары, сондай-ақ сертификаттаудан өткен түлектер конкурссыз жұмысқа қабылданады.✨ Жас мамандарға — сәтті таңдау, жарқын кәсіби жол тілейміз!#BilimQadam2025 #ЖасМаман #Педагог #Шымкент #БілімБасқармасы
Темір қанатты тіршілік: ұшқыш кәсібінің қадірі 14.08.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 аясында ел экономикасы мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды салалардың бірі – азаматтық және әскери авиацияда еңбек ететін ұшқыш мамандығына ерекше назар аудару қажет.Ұшқыш – жоғары кәсіби дайындықты, техникалық сауаттылықты, жылдам шешім қабылдау қабілетін және үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Бұл маман иелері жолаушылардың, жүктің немесе арнайы тапсырмалардың қауіпсіз әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Олар күрделі метеорологиялық жағдайларда, әртүрлі биіктікте және халықаралық әуе кеңістігінде ұшуға дайын болуы тиіс.Аталмыш мамандықтың маңыздылығы – елдің көлік инфрақұрылымын дамытуда, халықаралық байланыстарды нығайтуда, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз етуде ерекше көрініс табады. Әскери авиацияда қызмет ететін ұшқыштар мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейтуге тікелей үлес қосады.Ұшқыш болу – табандылық пен үздіксіз оқуды талап ететін күрделі жол. Бұл салада жұмыс істеу үшін теориялық біліммен қатар, практикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы шарт. Авиациялық қауіпсіздікке қойылатын халықаралық талаптардың үнемі жаңартылып отыруы мамандардың кәсіби деңгейін тұрақты түрде жетілдіріп отыруын қажет етеді.Ұшқыш мамандығы – бұл тек кәсіби жұмыс емес, сонымен қатар отан алдындағы адалдық пен үлкен жауапкершілік жүктейтін өмірлік миссия.
ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 14.08.2025
Қаладағы бірқатар білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатында күрделі жөндеу жұмыстары биылғы наурыз айында басталған. Бүгінгі таңда жұмыстардың 85 пайызы орындалған. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін толық аяқталып, жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда.Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде де дәл осындай мерзіммен және қарқынмен күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімдік орындалуы тұрақты бақылауда.Сонымен қатар, №97 «Ақмарал» бөбекжай-бақшасында маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарының 60 пайызы орындалды. Бұл нысанда да жұмыстардың сапасы басты назарда.Жалпы, білім беру мекемелерінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып, оқушылар мен тәрбие алушыларға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Шымкент: Тазалық – ортақ міндет! Жалпықалалық сенбілікке шақыру 01.08.2025
2025 жылғы 1 тамыздан бастап Шымкент қаласында әр сенбі сайын тұрақты түрде жалпықалалық сенбілік өткізілмек. Бұл бастама – мегаполистің тазалығын, көркейтілуін және экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Қала әкімдігі барлық тұрғындарды, кәсіп иелерін, жастарды, еріктілерді және белсенді азаматтарды сенбілікке белсене қатысуға шақырып отыр.Сенбіліктің басты мақсаты – қала аумағындағы көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, ағаштар мен гүлзарларға күтім жасау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл тек бір реттік шара емес, жүйелі түрде жүргізілетін экологиялық акция болмақ. Әр апта сайын қаланың әрбір ауданы қамтылып, тазалық жұмыстары барлық аумақта жүргізіледі.Мұндай бастаманың маңыздылығы бірнеше аспектіде көрінеді. Біріншіден, қала экологиясының жақсаруы – тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Таза ауа, абаттандырылған көшелер мен жасыл аймақтар мегаполистің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың денсаулығына да оң ықпалын тигізеді. Екіншіден, сенбілік – азаматтардың бір-бірімен ынтымақтасып, ортақ мүдде үшін еңбек етуіне мүмкіндік беретін әлеуметтік платформа.Өткен жылдардағы тәжірибе мұндай акциялардың тиімділігін айқын дәлелдейді. Мысалы, 2022 жылы Шымкентте көктемгі екі айлық тазалық жұмыстары кезінде 25 мыңнан астам адам қатысып, 1200 тоннадан астам қоқыс шығарылған болатын. 2023 жылы "Таза қала – таза болашақ" акциясы аясында сенбілікке тек қала тұрғындары ғана емес, жергілікті кәсіпкерлер де қосылып, өз нысандарының айналасын абаттандыруға үлес қосты. 2024 жылы болса, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы кезінде мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуы артқанын байқадық, бұл жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.Биылғы 2025 жылғы сенбіліктердің ерекшелігі – олардың тұрақты түрде, апта сайын ұйымдастырылуында. Бұған дейін тазалық жұмыстары көбіне көктем мен күз айларында өткізіліп келсе, енді бұл бастама жыл бойы жалғасады. Бұл тәсіл қаланың тазалығын тек белгілі бір маусымда емес, үнемі жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Сенбілікке қатысушылар үшін негізгі жұмыстардың қатарында:Қоқыс жинау және шығару;Жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау;Ағаштардың қураған бұтақтарын кесу;Гүлзарлар мен көгалдарға күтім жасау;Қоғамдық орындардағы шағын архитектуралық формаларды жөндеу.Сонымен қатар, сенбілік барысында тұрғындарға экологиялық тәрбие беру жұмыстары да жүргізіледі. Полигонға түсетін қалдық көлемін азайту үшін қоқысты сұрыптау, пластик пен қағазды қайта өңдеуге тапсырудың маңызы түсіндіріледі. Бұл болашақта қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық жүктемені азайтуға септігін тигізеді.Экология мамандарының пікірінше, қала тазалығы мен тұрғындардың денсаулығы арасында тікелей байланыс бар. Көшелер мен аулалардағы қоқыстың жиналуы зиянды бактериялар мен жәндіктердің көбеюіне жағдай жасайды. Ал бұл өз кезегінде түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырады. Сондықтан тұрақты түрде тазалық жұмыстарының жүргізілуі – қала тұрғындарының санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.Сенбілік – тек тазалық шарасы ғана емес, қоғамдық ынтымақ пен патриотизмнің көрінісі. Бір аулада тұратын көршілердің, әртүрлі салада еңбек ететін азаматтардың бір мақсат үшін бірігіп жұмыс істеуі – ұжымдық рухты күшейтеді. Осындай бірлескен еңбек барысында адамдар арасындағы байланыс нығайып, ортақ үйіміз – қаламызға деген сүйіспеншілік артады.Алдағы уақытта сенбіліктердің форматы да жаңартылмақ. Мысалы, белгілі бір күндерде "Эко-марафон", "Жасыл аймақ", "Қоқыссыз қала" сияқты тақырыптық акциялар өткізу жоспарлануда. Бұл шаралар балалар мен жастардың қатысуын арттыруға, экологиялық мәселелерге қызығушылығын оятуға бағытталады.Шымкент қаласының әкімдігі мен коммуналдық қызметтері сенбілікке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қатысушыларға қолғап, қоқыс қаптары, сыпырғыштар мен басқа да керек-жарақтар тегін таратылады. Жиналған қоқыс арнайы көліктермен дер кезінде шығарылып, өңдеу полигондарына жеткізіледі.Қорытындылай келе, 1 тамыздан бастап әр сенбіде өтетін жалпықалалық сенбілік – бұл тек тазалық жұмыстары ғана емес, қаламыздың болашағына жасалған инвестиция. Өткен жылдардағы жетістіктер мен тәжірибелер көрсеткендей, мұндай шаралар тек қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында бірлік пен өзара сыйластықты арттырады.Егер әрбір тұрғын осы бастаманы қолдап, сенбілікке қатысатын болса, Шымкент қысқа уақыт ішінде еліміздегі ең таза, жайлы және экологиялық қауіпсіз қалалардың біріне айналары сөзсіз.
eGov Mobile қосымшасының жаңа нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды 14.08.2025
eGov Mobile мобильді қосымшасы соңғы жылдардағы ең ауқымды жаңартудан өтті: интерфейсі қайта жасалды, навигациясы жетілдірілді, интеллектуалды іздеу мен цифрлық құжаттарға жедел қол жеткізу мүмкіндігі қосылды. Жаңарту өсіп келе жатқан сұранысқа жауап ретінде іске асырылды – бес жыл ішінде eGov Mobile қолданушыларының саны алты есеге өсіп, 11 миллионнан асты.Интеллектуалды іздеу және виртуалды көмекшіБасты жаңалықтардың бірі – интеллектуалды іздеу. Енді сұранысты енгізген сәтте барлық сәйкес нәтижелер көрсетіледі: қызметтер мен өмірлік жағдайлар. Іздеу жолағының жанында жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін eGov AI виртуалды көмекшісі пайда болды.eGov AI қосымшаға кіріктірілген және пайдаланушыларға мемлекеттік қызметтер жөнінде қажетті ақпаратты жылдам табуға көмектеседі. Ол чат форматында жұмыс істейді – сұрақ қойсаңыз, көмекші қарапайым тілмен не істеу керегін түсіндіреді, қажет болса бірден тиісті бөлімге немесе қызметке бағыттайды. Мұндай тәсіл уақытты үнемдеп, навигацияны жеңілдетеді. Іздеу жолағы жанындағы eGov AI белгішесін басу жеткілікті – сол сәтте чат ашылып, бірнеше секунд ішінде жауап алуға болады.Қауіпсіздік күшейтілдіЖаңарту барысында ақпараттық қауіпсіздікке ерекше мән берілді. Жеке деректерді қорғау деңгейі арттырылды, жүйенің сыртқы қауіптерге төзімділігін жоғарылатуға бағытталған техникалық жетілдірулер енгізілді.Ыңғайлы навигацияБасты бетте енді ең танымал сервистердің белгішелері көрсетіледі – оның ішінде мемлекеттік қызметтерге жедел қол жеткізу мүмкіндігі де бар. Көзге бірден түсетін жерге орналастырылған eGov логотипі қызметтер каталогына тікелей өтеді. Мұнда барлық қызметтер тақырыптар бойынша реттеліп берілген. Навигация электрондық үкімет және Е-лицензиялау порталы бағыттары бойынша бөлінген. Төменгі бөлікте жаңа мүмкіндіктер жөніндегі қысқаша ақпараттық баннерлер, сондай-ақ ТОП-қызметтер, танымал және ұсынылған қызметтер тізімі орналасқан.Жаңартылған «Сервистер» бөліміҚолданушылар үшін барлық цифрлық сервистер тізімі енді қосымшаның төменгі мәзіріндегі «Сервистер» белгішесі арқылы қолжетімді. Басты беттегі танымал сервистерден бөлек, мұнда барлық қолжетімді құралдар бөлімдер бойынша топтастырылған.Интерфейсі де ыңғайлырақ болды: әр сервис қасында түйреуіш бейнесіндегі белгіше бар – оны басқанда қызмет автоматты түрде танымалдар тізіміне қосылады. Сондай-ақ негізгі функцияларды қысқаша сипаттайтын баннерлер орналастырылған, бұл қосымша мүмкіндіктерді тезірек игеруге көмектеседі.Цифрлық құжаттарға жедел қол жеткізу«Цифрлық құжаттар» бөлімі айтарлықтай жаңартылды. Жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік және өзге де маңызды құжаттар енді басты бетте бірден көрсетіледі – жеке бөлімге кірудің қажеті жоқ. Бұл қажетті құжатты немесе оның түпнұсқалығын тексеруге арналған QR-кодты лезде көрсетуге мүмкіндік береді.Өмірлік жағдайлар каталогыПайдаланушыларға қолайлы болуы үшін өмірлік жағдайлар бойынша жеке каталог енгізілді. Мұнда, мысалы, емханаға тіркелу, құжаттарды қалпына келтіру немесе жүргізуші куәлігін алу тәртібі бойынша кезең-кезеңімен нұсқаулық берілген. Қажетті жағдай таңдалған кезде құрылымдалған ақпарат ашылады: қандай әрекеттерді орындау керек, қайда жүгіну қажет, қай қызметті пайдалану керек және осы жағдайда қандай нормативтік құжаттар қолданылады.Әр өмірлік жағдай интерактивті сауалнама арқылы толықтырылады. Оның нәтижесі бойынша пайдаланушыға жеке сценарий ұсынылады. Егер ұсынылған шешім сәйкес келмесе, сауалнаманы қайта өтіп, балама нұсқаны алуға болады.eGov QR қызметінің жетілдірілуіЕнді экранда қызметтің мақсаты туралы түсініктеме көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда түнгі уақытта қолдануға ыңғайлы болу үшін экран автоматты түрде жарықтанады.«Хабарламалар» бөлімін жаңартуҚызмет мәртебелері, сауалнама нәтижелері және маңызды жаңартулар туралы хабарламалар енді тақырыптар бойынша топтастырылған, бұл қажетті ақпаратты іздеуді жеңілдетеді.Жеке профильдегі кеңейтілген деректерПрофильде енді жеке мәліметтер, отбасы, денсаулық, еңбек қызметі, айыппұлдар, мүлік және басқа да салаларға қатысты ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ берілген келісімдер тарихы қолжетімді, ал қажетті бөлімге өту айқын және логикалық навигация арқылы жүзеге асады.eGov Mobile-дың ауқымды жаңартуы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1050774?lang=kk
«2025 жылғы 1 жартыжылдығына коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу мониторингі» тақырыбына онлайн-семинар өткізілді. 14.08.2025
2025 жылдың 13 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімнің бас маманмен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен «2025 жылғы 1 жартыжылдығына коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу мониторингі» тақырыбына онлайн-семинар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1050730?lang=kk
Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың іргетасы 14.08.2025
Тарих бізге бір ақиқатты айқын дәлелдеді: мемлекет тұрақтылығы мен өркендеуі – ел ішіндегі татулыққа, халықтың бірлігіне тікелей байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бірлігі шайқалған қоғамдар ұзаққа бармайды, ішкі қақтығыстар мен алауыздық олардың дамуын тежейді, тіпті жойылуына әкеледі. Керісінше, ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа жұмылған елдер – биіктен көрініп, өркениет көшінде алдыңғы қатардан орын алады.Қазақстан – дәл осындай бірлікті басты құндылық еткен мемлекет. Тәуелсіздік алған күннен бастап, ел басшылығы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты ұлттық қауіпсіздік пен дамудың негізгі тірегіне айналдырды. Бұл – кездейсоқ шешім емес, ғасырлар бойғы тарихи тәжірибеден туған ұстаным.ХХ ғасырда қазақ халқы талай сындарлы кезеңдерден өтті. Ашаршылық, қуғын-сүргін, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру, жаппай көші-қон – мұның бәрі ел демографиясын түбегейлі өзгертіп, этникалық тұрғыдан алуан түрлі қоғам қалыптастырды. Бірақ осы алуандық алауыздық емес, керісінше, мәдениеттер тоғысы мен ынтымақтастықтың негізіне айналды."Қазақстан – ортақ үйіміз" қағидасы бүгінде жай ұран емес, шынайы өмір салтына айналды. Әртүрлі этнос өкілдері мемлекеттің дамуына тең дәрежеде үлес қосып, ғылым, білім, өнер, бизнес және мемлекеттік басқару саласында иық тірестіріп еңбек етуде. Халық бір-бірінің тіліне, салт-дәстүріне құрметпен қарап, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қағидасын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.Бірлік – тек моральдық құндылық емес, ол – нақты механизмдермен бекітілген жүйе. Әлеуметтік келісім, азаматтық теңдік, заң үстемдігі, қоғамдық диалог – осының бәрі біздің тұрақтылығымызды нығайтады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттар ел ішіндегі келісім мен татулықты нығайтудың тиімді алаңына айналды.Жаһандану дәуірінде сыртқы ықпалдар мен ішкі сын-қатерлер көбейіп келеді. Ақпараттық кеңістіктегі жалған мәліметтер, арандатушылық әрекеттер, экономикалық және геосаяси өзгерістер – осының бәрі кез келген мемлекеттің тұтастығын сынай алады. Осындай кезеңде бізге ең қажет күш – бірлік.Егер біз осы жолдан таймай, өзара сенімді, құрметті және түсіністікті сақтасақ, Қазақстан мызғымас мемлекет болып қала береді. Бірлігіміз – біздің ең басты қорғанымыз, ал татулығымыз – болашаққа сеніммен қарауымыздың кепілі. Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың іргетасыТарих бізге бір ақиқатты айқын дәлелдеді: мемлекет тұрақтылығы мен өркендеуі – ел ішіндегі татулыққа, халықтың бірлігіне тікелей байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бірлігі шайқалған қоғамдар ұзаққа бармайды, ішкі қақтығыстар мен алауыздық олардың дамуын тежейді, тіпті жойылуына әкеледі. Керісінше, ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа жұмылған елдер – биіктен көрініп, өркениет көшінде алдыңғы қатардан орын алады.Қазақстан – дәл осындай бірлікті басты құндылық еткен мемлекет. Тәуелсіздік алған күннен бастап, ел басшылығы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты ұлттық қауіпсіздік пен дамудың негізгі тірегіне айналдырды. Бұл – кездейсоқ шешім емес, ғасырлар бойғы тарихи тәжірибеден туған ұстаным.ХХ ғасырда қазақ халқы талай сындарлы кезеңдерден өтті. Ашаршылық, қуғын-сүргін, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру, жаппай көші-қон – мұның бәрі ел демографиясын түбегейлі өзгертіп, этникалық тұрғыдан алуан түрлі қоғам қалыптастырды. Бірақ осы алуандық алауыздық емес, керісінше, мәдениеттер тоғысы мен ынтымақтастықтың негізіне айналды."Қазақстан – ортақ үйіміз" қағидасы бүгінде жай ұран емес, шынайы өмір салтына айналды. Әртүрлі этнос өкілдері мемлекеттің дамуына тең дәрежеде үлес қосып, ғылым, білім, өнер, бизнес және мемлекеттік басқару саласында иық тірестіріп еңбек етуде. Халық бір-бірінің тіліне, салт-дәстүріне құрметпен қарап, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қағидасын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.Бірлік – тек моральдық құндылық емес, ол – нақты механизмдермен бекітілген жүйе. Әлеуметтік келісім, азаматтық теңдік, заң үстемдігі, қоғамдық диалог – осының бәрі біздің тұрақтылығымызды нығайтады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттар ел ішіндегі келісім мен татулықты нығайтудың тиімді алаңына айналды.Жаһандану дәуірінде сыртқы ықпалдар мен ішкі сын-қатерлер көбейіп келеді. Ақпараттық кеңістіктегі жалған мәліметтер, арандатушылық әрекеттер, экономикалық және геосаяси өзгерістер – осының бәрі кез келген мемлекеттің тұтастығын сынай алады. Осындай кезеңде бізге ең қажет күш – бірлік.Егер біз осы жолдан таймай, өзара сенімді, құрметті және түсіністікті сақтасақ, Қазақстан мызғымас мемлекет болып қала береді. Бірлігіміз – біздің ең басты қорғанымыз, ал татулығымыз – болашаққа сеніммен қарауымыздың кепілі. #МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
WIFI DX: Әйел-кәсіпкерлерге арналған халықаралық бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді 14.08.2025
2025 жылғы 12–13 тамызда Алматыда Women ICT Frontier Initiative – Digital Transformation (WIFI DX)бағдарламасы аясында үшінші аймақтық тренинг өтті. Іс-шараны Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша даму үшін Азия-Тынық мұхиты оқу орталығы (APCICT/ESCAP) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.Бағдарлама тарихында алғаш рет тренинг орыс тілінде өткізілді, бұл Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің әйел-кәсіпкерлері үшін оны қолжетімді етті. Тренингті жергіліктендіру Банк ЦентрКредиттің қолдауымен, сондай-ақ технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы жетекші әйелдер қауымдастықтарының — Women in Tech Kazakhstan, She Business Community, Women in Business серіктестігі арқылы мүмкін болды.Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген тренерлер мен әйел-кәсіпкерлер қатысты. Бұл WIFI DX бағдарламасының Орталық Азиядағы ресми басталуын білдіреді. Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрлігінің өкілдері мен орталықазиялық Women in Tech қауымдастықтарының қатысуы бағдарламаның аймақтық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудағы маңызын көрсетті.WIFI DX бағдарламасы әйел-кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін олардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған. Екі күндік бағдарлама электрондық коммерция және цифрлық маркетинг, деректерді талдау, цифрлық қауіпсіздік, бизнестің үздіксіздігін жоспарлау және маркетинг пен сатуда жасанды интеллектті енгізу бойынша курстарды қамтыды.«Бұл тренинг тек цифрлық дағдылар туралы ғана емес, сонымен қатар сенім, мүмкіндіктер және аймақтық ынтымақтастық туралы», — деді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Ассем Болатжан.«Тренингті қазақ және орыс тілдерінде өткізе отырып, біз тілдік кедергілерді жоямыз және көбірек әйелдер үшін маңызды білімге қол жеткізуді қамтамасыз етеміз», — деп қосты Банк ЦентрКредит Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары дирекциясының басшысы Амина Хасенова.2016 жылы APCICT/ESCAP бастамасымен іске қосылған WIFI DX бағдарламасы цифрлық экономика жағдайында әйел-кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сай дамуды жалғастыруда. Бағдарламаның Орталық Азиядағы нұсқасы аймақтағы одан әрі жергіліктендірілген және бірлескен бастамаларға негіз болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1050672?lang=kk
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ 14.08.2025
Шымкент қаласында 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімінің тікелей бақылауында.Биылғы жылы білім беру ұйымдарының саны 292-ге артты. Білім алушылар саны шамамен 8 мыңға көбейіп, жаңа оқу жылы 1352 мекемеде 397 мыңнан астам оқушымен басталады. Оның ішінде мемлекеттік білім беру мекемелері – 270, оқушы саны – 261 060, жеке меншік мекемелер – 1086, оқушы саны – 170 607.Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға жыл сайын қолдау көрсетіледі. Биыл 56 430 балаға әлеуметтік көмек көрсету үшін 2 миллиард 624 миллион теңге бөлінді. Бір балаға шаққандағы көмек көлемі 46 500 теңгені құрайды.Жаңа оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға 2,1 миллиард теңге қарастырылды. 11 баспамен келісімшарт жасалып, оқулықтарды толық жеткізу 2025 жылғы 20 тамызға дейін аяқталады.Қазіргі таңда 10 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 20 тамызға дейін, бүгінде жұмыстардың 85 пайызы орындалды.Жаңғырту және реновация бағдарламалары аясында 1,6 миллиард теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттерді, кітапханаларды, асханаларды жиһазбен жабдықтау шаралары іске асырылуда.Оқушы орны тапшылығын азайту мақсатында қалада 6 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 мектептің (екі жаңа мектеп, бір қосымша корпус) құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бір мектеп қолданысқа беріледі. Бұл нысандарға оқушы контингенті жинақталған, педагогикалық кадрлармен толық қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәуекелдер жоқ. Бақылау камералары Жедел басқару орталығына қосылған, дабыл батырмалары орнатылған, лицензияланған күзетпен келісімшарттар жасалған және турникеттер орнату 100 пайызға орындалған. Қосымша қауіпсіздік шаралары ретінде 2025 жылы мемлекеттік мектеп ғимараттарында бейнебақылау жүйелерін, дабыл батырмаларын және өткізу жүйелерін орнатуды қамтитын бірыңғай «Айқын» жобасы іске қосылады.Алдағы жылыту маусымына дайындық та жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл мақсатта 259,9 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда қатты отынның 60 пайызы, сұйық отынның 100 пайызы жеткізілген. Қазандықтардың техникалық жағдайы жыл сайын тексеріліп отырады.Барлық жұмыстар жоспарға сай орындалып, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары толық дайындықпен жұмысын бастайды.Толығырақ: https://www.youtube.com/live/QAOnzS0nbRc?si=jfJQaxLV_iQPB3x5 #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Қазақстан Елшісі Хошимин мен АХҚО арасындағы жұмыс кездесуіне қатысты 14.08.2025
А.ж. 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш "Астана" Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Ренат Бектұровпен Хошимин қ. Халық комитетінің басшыларымен жоғары деңгейдегі жұмыс кездесуін өткізді. Отырыс Хошимин Халық комитеті төрағасының орынбасары Во Ван Хоанның төрағалығымен өтті, оған тиісті департаменттер мен агенттіктердің басшылары қатысты. Екі тарап ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады және халықаралық қаржы орталықтарының үлгілерін әзірлеуде тәжірибе алмасты.АХҚО делегациясы Қазақстанның қаржы орталығының табысты моделін ұсынды, оның қолайлы инвестициялық саясаты мен бірегей құқықтық базасын атап өтті. Делегация Хошиминді халықаралық қаржы орталығын құру жөніндегі өзінің жол картасында тәжірибемен бөлісуге және қолдауға дайын екенін білдірді. Елші Қанат Тумыш Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі стратегиялық рөлін атап өтіп, Қазақстанның қаржы және банк салаларында Хошиминмен техникалық қолдау көрсетуге және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін растады. Ол сондай-ақ Вьетнам мен Қазақстан жақында өздерінің байланыстарын стратегиялық әріптестік дәрежесіне көтергенін ескере отырып, қаланың көрегендігін жоғары бағалады.Кездесу қазақстандық және вьетнамдық елді мекендер мен мекемелер арасындағы стратегиялық өзара іс-қимылға жәрдемдесудегі Елшіліктің рөлін растай отырып, екі ел арасындағы экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1050661?lang=kk
Алматы облысында Спорт күні аталып өтті 14.08.2025
Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақ сахнасында Спорт күніне арналған мерекелік кеш өтті. Бір алаңда олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпиондары, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және жас спортшылар бас қосты.Мереке Жақсылық Үшкемпіровтің аңызға айналған жеңісін бейнелеген театрландырылған қойылыммен ашылды. Одан кейін спорт ардагерлері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру мен спорт саласының мамандары марапатталды.Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшылардың жетістіктері жүйелі қолдаудың нәтижесі екенін атап өтті: «Спорт – ұлт рухын көтеретін күш. Өңірде спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар ай сайынғы стипендия алады, ал енді «Алатау» клубының жұмысының арқасында қосымша төлемдер де беріледі. Сонымен қатар, спорт саласының мамандары мен үздік спортшылар «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық несие рәсімдей алады. Бұл – олардың еңбегіне берілген лайықты баға әрі жаңа жеңістерге ынталандыру», – деді ол.Соңғы жылдар өңір үшін жарқын жетістіктерге толы болды: Париж олимпиадасында Демеу Жадраевтың күміс медалі, Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында Асет Дүйсеновтің жүлделері, сондай-ақ боксшылар мен ауыр атлеттердің Азия және әлем чемпионаттарындағы алтын жеңістері.Бұқаралық спорт та қарқынды дамуда. 2024 жылдан бері «Алатау лигасы» аясында ауылдық округтерде 140 клуб ашылып, футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі бойынша 318 команда құрылды. Жоба жаңа жұлдыздарды анықтап, мыңдаған тұрғынды салауатты өмір салтына баулып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1050647?lang=kk
Астанада шетелдік спортшылар үшін қазақ күресінен шеберлік сыныбы өтті 13.08.2025
Елордадағы Qazaqstan спорт кешенінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін I-ші әлем чемпионатына қатысушылар үшін Qazaq kuresi қауымдастығы мастер-класс ұйымдастырды.Әр түрлі елдердің спортшыларын Қазақ ұлттық күресінің ерекшеліктерімен United World Wrestling (UWW) төрешілік жөніндегі халықаралық нұсқаушысы, қазақ күресі, алыш және панкратион бойынша халықаралық жарыстардың бас төрешісі Эдмар Абдуллаев таныстырды.Теориялық семинар аясында ол жекпе-жек кезінде туындайтын даулы жайттар туралы айтып, жарыс секунданттарына қандай іс-әрекеттер жасауға құқылы екенін түсіндірді.Бұдан соң бозкілемде практикалық сабақтар өтті. Атақты қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері капитан Ғұмар Қырғызбаев өз әдістерін ортаға салды.Жаттығуға CISM штаб-пәтерінің ресми өкілі, CISM дзюдо комитетінің президенті ирандық полковник Реза Бакари де қатысып, итальяндық балуандармен боз кілемде достық кездесулер өткізді.Құрмет белгісі ретінде ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов Иран Ислам Республикасынан келген қонаққа қазақ күресіне арналған вегеn күртешесін сыйлады.Әртүрлі елдердің әскери қызметшілері арасында ұлттық күрестің осы түріне деген үлкен қызығушылық Астанаға 20-дан астам елдің командасын жинап отыр.– Қазақ күресінің болашағы зор. Бүгін қазақтың ұлттық күресі CISM-ге әлемдік деңгейдегі спорт түрі ретінде ұсынылатынына көз жеткіздім, – деді полковник Реза Бакари.Естеріңізге сала кетейік, ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде әскери қызметшілер арасында жекпе-жек өтеді. Оған Қазақстан атынан ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі құрамындағы ең мықты балуандар қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1050614?lang=kk
АҢДАТПА! «Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру» тақырыбында семинар өтеді 13.08.2025
Құрметті салық төлеушілер!Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру» тақырыбындағы семинарға қатысуға шақырады.Өтетін күні: 2025 жылғы 14 тамыз.Өткізілетін уақыты: сағат 09: 30-дан 13: 00-ге дейін.Өтетін орны: Көкшетау қаласы, «Болашак сарайы» Көктем шағын ауданы 9/1Қатысушыларды тіркеу уақыты: 08: 30-дан 09: 15-ке дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1050594?lang=kk
Қазақ күресінен CISM I-ші әлем чемпионаты спорт төрешілерінің техникалық кеңесі өтті 13.08.2025
Астанға Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін әлем біріншілігіне қатысу үшін дүниенің төрт бұрышынан балуандар жиналды. Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы әлемнің 24 елінен келген делегация басшыларымен және спорт төрешілерімен ресми кездесу өткізді.Ол ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілген Қазақ күресінен өтетін халықаралық жарысқа қатысуға шақыруға жауап берген әлем армиясының өкілдеріне ризашылығын білдірді.Отырыста CISM жарыстарының бас төрешісі Эдмар Абдулаев қатысушыларды чемпионаттың ережелерімен таныстырды.Ал Qazaq Kuresi қауымдастығы спортшыларды ұлттық жекпе-жек түрінің техникасымен таныстыру мақсатында шеберлік сабағын ұйымдастырды.Жекпе-жек ерлер арасында (55 келі, 60 келі, 66 келі, 74 келі, 82 келі, 90 келі, 100 келіге дейін және одан жоғары) және әйелдер арасында (48 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 77 келіге дейін және одан жоғары) 16 салмақ дәрежесі бойынша өтетінін естеріңізге саламыз.Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I-ші әлем чемпионатының салтанатты ашылуы 2025 жылғы 14 тамызда өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1050578?lang=kk
Қазақстан мен «ValueLBH Fund» инвестициялық қоры басым экономикалық секторлардағы 1,5 млрд доллар құрайтын жобаларды қарастыруда 13.08.2025
Астана, 2025 жылғы 13 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Dan Capital» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «ValueLBH Fund» қорының басқарушы директоры және серіктесі Шимон Бен Хамомен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан үшін басым экономикалық секторларда инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.Келіссөздер барысында көлік-логистикалық инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, шикізатты қайта өңдеу, жаңартылатын энергетика, мұнай өңдеу және жоғары технологиялық өндіріс сияқты салаларға ұзақ мерзімді инвестициялар тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қарастырылған нақты жобалар қатарында халықаралық көлік дәліздеріне шығатын логистикалық хабтарды салу және жаңғырту, агроөнеркәсіп кешеніне озық технологияларды енгізу, «жасыл» энергетика (күн және жел электр станциялары) саласында бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ мұнай өңдеу қуаттарын дамыту бар. Компания бұл бастамаларды жүзеге асыруға 1,5 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция салуға дайын екенін білдірді.Кездесу барысында Ғ.Оспанқұлов Қазақстан инвесторларға мемлекеттік қолдаудың кең ауқымын және халықаралық нарықтарға қолжетімділікті қоса алғанда, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай ұсына алатынын атап өтті: «Алдыңғы қатарлы халықаралық инвестициялық қорлармен ынтымақтастық Қазақстанға экономиканы әртараптандыру және озық технологияларды енгізу бағытында қосымша мүмкіндіктер ашады. Біз еліміз аумағында перспективалы жобаларды іске асыруға толық қолдау көрсетуге дайынбыз».Өз кезегінде Ш.Бен Хамо Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалап, оның негізгі сауда жолдарының тоғысындағы стратегиялық орналасуын және тұрақты макроэкономикалық серпінін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан өндірістік қуаттарды орналастыруға, жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялануға және жоғары экспорттық әлеуеті бар ауқымды бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдайға ие.Тараптар жекелеген бастамалар бойынша мазмұнды консультацияларды жалғастыруға және қол жеткізілген уағдаластықтарды бекіту үшін шеңберлік келісімдерге қол қою мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.ValueLBH Fund – халықаралық тәжірибесі бар инвестициялық қор, ол жылжымайтын мүлік, энергетика, инфрақұрылым және агробизнес салаларындағы жобаларды қаржыландыру және сүйемелдеу бойынша маманданған. Қор өсу әлеуеті жоғары және орнықты экономикалық моделдері бар жобаларға инвестиция салады, сондай-ақ экологиялық стандарттар мен әлеуметтік жауапкершілікке ерекше көңіл бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1050560?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен келіссөзі туралы 13.08.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 12 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен кездесті.Келіссөздер барысында Қорғаныс ведомствосының басшысы А.Сейтақыновты Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болып тағайындалуымен, сондай-ақ полковник Ғ.Жантаевты әскери атташе лауазымында жұмысын бастағанмен құттықтады.Д.Батлут Моңғолияның қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниеттігін айтып, екі жақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару мүмкіндігіне сенім білдірді.Өз кезегінде А.Сейтақынов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстарды дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, қазақстандық тараптың барлық перспективалы бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін растады.Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу мүмкіндігі мен әскери ынтымақтастықты кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1050514?lang=kk
Жаңа Салық кодексі: Бизнеске бағытталған қолдау, аграршыларға арналған жеңілдіктер 13.08.2025
Жаңа Салық кодексін іс жүзінде қолдану кәсіпкерлердің қызметіндегі тиімділікті арттыруда маңызы зор. Салық есептілігі мен тексеру тәртібіндегі, сол секілді қолдау тетіктеріндегі өзгерістер жайлы хабардар болу бизнеске артық кемшіліктер мен санкциялардан сақ болуға, сондай-ақ заңнамада көзделген мүмкіндіктерді барынша пайдалануға көмектеседі. Осы мақсатта ҚР Қаржы министрлігі еліміздің барлық өңірінде ақпарат жұмысын бастап, заңдағы негізгі ережелерді түсіндіріп, кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына жауап беріп келеді. Мұндай жұмыс форматы салық сауаттылығын арттырып, қоғамның сенімін нығайтады және ашық, қолайлы іскер ортаны қалыптастыруға жол ашады.Айталық, кезекті семинар Петропавл қаласында болып өтті. Солтүстік Қазақстан – аграрлық секторы жолға қойылған өңірлердің бірі, мұнда 42 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Семинарға облыстағы ЖШС, ЖК мен агроқұрылымдардың 500-ден астам өкілі, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Жаңа реформаның артықшылықтары туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов айтып берді.Оның айтуынша, аталған кодекс агробизнеске айтарлықтай фискалды артықшылықтар береді. Олардың қатарында: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған 3% мөлшеріндегі жеңілдетілген корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі, шағын және орта шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режімінің сақталуы. Бұған қоса қосылған құн салығы бойынша қосымша шегерім сақталып қана қоймай оның көлемі 70% 80% дейін ұлғаяды. Көлік салығына тоқталсақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режімін қолданушыларға бір пикапқа (жеңіл жүк көлігі) қосымша жеңілдік қарастырылған.Бұл амал аграршылар үшін тұрақты әрі тиімді бизнес-ортаны қалыптастырып, салық жүктемесін азайтуға және салаға инвестиция тартуға септеседі.Бұдан бөлек жеңілдетілген салықтық тетіктері қарастырылып отыр: бірыңғай жер салығы алынып тасталады, арнайы режімдер үшке дейін азайды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған мобильді қосымшаларды қоса алғанда, цифрлы сервистерді енгізу азаматтарға декларацияларды тексеріп, салықтарды онлайн түрде төлеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы бюрократия азайып, әкімшілендіру ісінің ашықтығы артады.«Жаңа заңдағы аграршыларға арналған жеңілдіктер агроөнеркәсіпті дамытуға айтарлықтай серпін беруі мүмкін.Салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, осы саладағы жүктемені азайту мен тиісті рәсімдерді оңтайландыру өндірісті кеңейтуге, шаруашылықтарды жаңғыртуға және аграрлық секторға инвестиция тартуға жайлы жағдай жасайды», деді Ж.Нұржанов.Келесі семинар 14 тамызда Ақмола облысының Көкшетау қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1050524?lang=kk
Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру: кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканы қаржыландыру туралы айтты.Ол 2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша «Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге қолдау көрсеткенін, оның 1,75 трлн теңгесі – ШОБ субъектілеріне, 657,5 млрд теңгесі АӨК-ке тиесілі екенін айтты. Ірі бизнес 1,38 трлн теңгеге, экспорттаушылар – 394 млрд теңгеге қолдау алды. Субсидиялардан кепілдіктерге көшу шеңберінде «Даму» қорының базасында 7 млрд теңгеге дейінгі ШОБ жобалары және 7 млрд теңгеден астам ірі жобалар үшін кепілдік қорлары құрылды.Банк өтімділігін тарту үшін «Бәйтерек» холдингінің, Экономика министрлігінің, Ұлттық банктің, ҚҚҚ және ҚНРДА қатысуымен жобалық кеңсе құрылды. Синдикатталған қаржыландыру арқылы 9,1 трлн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.«Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы жүзеге асырылуда. 100-ден астам қолдау шаралары бар Тізілім бекітілді. “Бәйтерек” холдингіне қолдау көрсету шараларын қамтитын Bgov ақпараттық жүйесін 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланған eGov Business қосымшасымен интеграциялау аяқталды», — деп толықтырды Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050525?lang=kk