Қоғам
Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін оқу ақысына көмек 13.08.2025
Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін оқу ақысына көмекҰБТ-дан 105 және одан жоғары балл жинадыңыз, бірақ грантқа түсе алмай қаламын деп уайымдайсыз ба?Шешімі бар! Егер сіз әлеуметтік жағынан осал топқа жатсаңыз — жетім балалар, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардың студенттері — Астана қаласының әкімдігі сіздің күндізгі оқуыңыздың ақысын төлейді.1 шілдеден 23 тамызға дейін әлеуметтік жағынан осал топтағы студенттердің күндізгі оқу ақысын төлеуге арналған құжаттар қабылданады:Қажетті құжаттар қысқаша:• Жеке куәлік• Отбасының табысы туралы анықтама• Жеңілдікті растайтын құжат (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, көпбалалылық туралы анықтама және т.б.)• Астана қаласындағы мектепті аяқтағаны туралы аттестат• ҰБТ сертификаты• Екінші деңгейлі банктегі немесе «Қазпошта» АҚ-дағы шот реквизиттері2024 жылы әлеуметтік қолдау тізіміне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Аймақтану» мамандығы енгізілді.Өтінішті «Дүниежүзі тарихы» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша ҰБТ-дан 105 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер бере алады.Құжат қабылдау: 2025 жылғы 1 шілде – 23 тамызБайланыс: +7 775 444 44 00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1050526?lang=kk
«Мектепке жол» акциясы 13.08.2025
«АМАNАТ» партиясының аудандық филиалы «Баланы мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.Акция аясында 10-ға жуық отбасына мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары табысталды.Іс-шараға «АМАNАТ» партиясы филиалының төрағасы А.Т.Қаспақов, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Қ.Саққұлақов, партия хатшылары, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1050532?lang=kk
Алматы облысында жалпы су пайдалану ережелері жаңартылады 13.08.2025
Алматы облыстық мәслихатының «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының отырысында облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы жаңа су пайдалану тәртібі туралы баяндама жасады.Спикердің айтуынша, 2025 жылғы сәуірде күшіне енген жаңа Су кодексіне, сондай-ақ 2025 жылғы 2 маусымдағы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа жалпы су пайдалану ережелері бекітілуі тиіс.Алматы облысы үшін әзірленген ережелерде негізгі басымдық халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың су айдындарына еркін қол жеткізуіне және су пайдалану шектеулерінің ашықтығына берілген.Жалпы су пайдалануда тыйым салынатын қызмет түрлері нақтыланды, соның ішінде: қауіпті орындарда шомылу, көлікті жуу, су айдындарын ластау және экология мен қауіпсіздікке қауіп төндіретін өзге де әрекеттер.Тұрғындарды ақпараттандыру үшін ресми белгілер орнатылады, шектеулер туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың сайттарында және БАҚ-та жарияланады. Сондай-ақ жалпы су пайдаланудың әкімшісі тағайындалады — ол халықты хабардар ету мен тыйым салу белгілерін орнатуды үйлестіреді.Шомылуға рұқсат берілетін орындар тізімін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті дайындап, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.Жаңа ережелерге енгізілген қосымша тармақтар:Су ресурстары және ирригация басқармасы мен аудан әкімдері аппараттары су айдындарының жағдайы туралы халықты жүйелі түрде хабардар етеді.Қауіпсіз және тиімді су пайдалану іс-шараларын үйлестіру үшін, сондай-ақ тыйым салу белгілерін орнатуды және шомылуға тыйым салынған орындар туралы ақпаратты ұйымдастыруды қадағалау үшін облыс әкімдігі жалпы су пайдалану бағдарламасының әкімшісін тағайындайды.Су айдыны жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, жалпы су пайдалануға қолжетімділік жергілікті атқарушы орган белгілеген аумақта, қауіпсіздік, санитарлық нормалар, экологиялық тұрақтылық және өндірістік процестер талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.Инвестор өз қаражаты есебінен су айдынының инфрақұрылымын дамытқан жағдайда (жағалауды абаттандыру, балықтандыру, пирс, жолдар салу және т.б.) ол: құрылған инфрақұрылымды пайдаланғаны үшін ақы белгілеуге;әуесқойлық және спорттық балық аулау үшін ақы белгілеуге құқылы.2025 жылғы 9 сәуірдегі №178-VIII ҚРЗ Су кодексінің 133-бабы 8-тармағына сәйкес, осы Кодекс күшіне енгенге дейін берілген рұқсаттар мен келісімдер, сондай-ақ соларға негізделген инфрақұрылым элементтері (қоршаулар және басқа да нысандар) мерзімі аяқталғанға дейін өз күшінде қалады.Баяндамашы жаңа ережелер Алматы облысында су ресурстарын тиімді, қауіпсіз және заңды пайдалану ісін жүйелеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1050487?lang=kk
Салық төлеушілер арасында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу 13.08.2025
Салық төлеушілер арасында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызужәне қайтару бойынша қызмет көрсету болып табылады. Осыкызметті алудың бірнеше тәсілі бар:- "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасы арқылы;- "e-Salyq-Business" мобильді қосымшасы арқылы:- "Электрондық укімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz;- "салық төлеуші кабинеті"веб-қосымшасы арқылы;- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыарқылы;- мемлекеттік кірістердің, аумақтық органдары арқылы.Қызметті алу үшін Nº15 белгіленген нысан бойынша салықтық өтініш беру қажет (ҚР Қаржы министрінің, 2018 ж. 20.02. Nº160 буйрығы).Ақша қаражаты қайтарылған жағдайда, салықтық өтініштен басқа, оларды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті уәкілетті органның құжаты (сот шешімі немесе соманың талап етілмейтіндігі туралы анықтама) қоса берілетініне назар аударамыз. Сынақ жүргізу кезінде растайтын құжаттар талап етілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1050492?lang=kk
«Әрбір азаматқа - құқықтық көмек» атты республикалық акция 13.08.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 2025 жылдың 13 тамызында Қостанай облысының барлық нотариаттық палаталарында «Әрбір азаматқа - құқықтық көмек» атты республикалық акция өтті.Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.Азаматтар мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу, сату-сатып алу және сыйға тарту шарттарын куәландыру, сенімхаттар мен өсиеттерді рәсімдеу, некеге отыру шарттарын жасау, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер кезінде құқықтарды қорғау, сондай-ақ шетелге шығу үшін құжаттар дайындау мәселелері бойынша жүгінді.Акция қорытындысы бойынша мамандар тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалап, азаматтардың құқықтарын қорғауда мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1050495?lang=kk
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған "Абай мұрасы халық қазынасы" атты мерекелік іс-шара 13.08.2025
Бастаушы ауылдық клуб үйінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған "Абай мұрасы халық қазынасы" атты мерекелік іс-шара өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1050497?lang=kk
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау: Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өсті 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикаға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстар туралы хабарлады.Вице-премьер қабылданған шаралар нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өскенін атап өтті.«Инвестицияның ең көп өсімі білім беру саласында 2,3 есе, қаржы қызметінде 90,1%, өңдеу өнеркәсібінде 38,7%, ауыл шаруашылығында 27%, денсаулық сақтауда 17,5%, көлікте 17% мөлшерінде байқалады», — деп нақтылады Серік Жұманғарин. https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050498?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1051400?lang=kk
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылып, 2 мыңнан астам бизнес-жоба субсидияланды 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин республикада шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Вице-премьер 1 тамызда 288,3 млрд теңгеге 2 048 жоба субсидияланғанын, 61 млрд теңгеге 737 жоба кепілдік алғанын хабарлады. 9 мыңға жуық кәсіпкер оқудан өткен. 2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 271,1 млрд теңге бағытталады.«12,6% мөлшерлемемен "Өрлеу" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жалпы қолдау көлемі – 750 млрд теңге. 200 млрд теңгеге 394 жоба қаржыландырылды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050508?lang=kk
Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасын орындау: жеті айда ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жетті 13.08.2025
Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.Вице-премьер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын екі есеге арттыру жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндағы нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді.«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның ішінде инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3% құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.Негізгі драйверлер - көлік (+22,5%), құрылыс (+18,5%) және сауда (+8,6%) саласы. Тау-кен өнеркәсібінде өсу жалғасып (+8,5%), өңдеу секторы (+6,1%) жандана түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1050477?lang=kk
«Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды 13.08.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен спорт күніне орай арбат алаңында қала тұрғындарына «Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты – оқырмандардың спортқа қызығушылығын арттыру, денсаулықты нығайтуға, белсенді өмір сүруге ынталандыру, спорт арқылы табандылық пен жігерлілікті қалыптастыру.Көрмеге әртүрлі спорт түрлері, олимпиада және әлем чемпиондары, ұлттық спорт ойындары мен олардың тарихы туралы кітаптар қойылды. Сонымен бірге атақты спортшылардың өмірбаяндары, жетістіктері, жаттығу мен жарысқа дайындалу жөніндегі еңбектер қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1050406?lang=kk
Алматы облысында мобильдік медициналық топ шалғай ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде 13.08.2025
Алматы облысында білікті мамандардан құралған мобильдік медициналық топтар шалғай орналасқан ауылдық елді мекендерге барып, жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетуді бастады. Тамыздың 11-інен бастап басталған бұл шара барысында Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандары қамтылады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, құрамында 25 тәжірибелі дәрігер бар топ тоғыз түрлі бағытта медициналық қызмет көрсетеді. Мамандар тек кеңес берумен шектелмей, қажет болған жағдайда шағын оталар жасап, күрделі жағдайларда кешенді ем-дом жүргізуге дайын.“Бұл бастама – шалғай ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған. Мобильдік топтар бір ай көлемінде жұмыс істейді және бұл шара тоқтамайды. Әр үш ай сайын осындай іс-шаралар жалғасын тауып, барлық аудандарды қамтитын болады,” – деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Медициналық топ құрамындағы дәрігерлер жуырда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы жетекші клиникалық орталықтарда біліктіліктерін арттырып қайтты. 25 маман акушерлік-гинекология, неонатология, травматология, онкология, эндоскопиялық хирургия, анестезиология және реаниматология салаларында заманауи емдеу мен диагностикалау тәсілдерін меңгерді.Иле аудандық орталық ауруханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директордың орынбасары Рауан Азимқұлованың айтуынша, Минск қаласында өткен оқыту барысында пневмопошта жүйесі мен медициналық қызметкерлердің науқастарға деген ерекше көзқарасы жоғары бағаға ие болған.Мамандар енді шетелде жинақтаған тәжірибесін ел ішінде, соның ішінде ауылдық аймақтарда тиімді пайдаланып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға күш салмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1050341?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар Өскемен қаласының бюджетіне енгізілген өзгерістерді қарады. 13.08.2025
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар Өскемен қаласының бюджетіне енгізілген өзгерістерді қарады. Автобус жолаушылар тасымалын субсидиялауға, қысқы және жазғы кезеңдерде жолдарды күтіп-ұстауға, 16 және 28 тұрғын аудандарды электрмен жабдықтауға, сондай-ақ жолдарды орташа жөндеуге қосымша қаражат көзделді.Сондай-ақ, жер комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.Барлық мәселелер бойынша түпкілікті шешімдер мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1050306?lang=kk
Камерадан қашып құтыла алмады: сәтсіз курьер Шығыс Қазақстан облысындағы түрме маңында қолға түсті 13.08.2025
Камерадан қашып құтыла алмады: Сәтсіз курьер Шығыс Қазақстан облысындағы түрме маңында қолға түстіШығыс Қазақстан облысындағы түрме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері түрмеге есірткі өткізуді көздеген қауіпті әрекеттің алдын алды.Бұл оқиғаға 44 жастағы ер адам қатысты. Ол досының көлігімен келген, ал қайтарда оны түрме қызметкерлері алып кетті.Бұрын ұрлық үшін сотталған Өскемен тұрғыны - курьер Шемонаиха ауданына нақты бір мақсатпен келген: дуалдан асырып, марихуана салынған түйіншектерді лақтыру. Кейін ол түрме маңындағы өзінің жүргенін «дәрет сындырғым келді» деп ақталмақ болған, бірақ бейнебақылау камераларындағы жазба оның сөзінің жалған екенін көрсетті.Оқиғаның ең қызықты сәті - оның қалай ұсталғаны. Әлгі ер адам түйіншектерді лақтырған соң, өзінің көлігі емес, басқа көлікті қателесіп, соған жүгірген. Сол сәтте оған түрме қызметкерлері жақындады. Соңынан өзі келген көлік те келіп, оның өтірігін әшкереледі.«Біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Ешкімге заңды бұзуға жол бермейміз. Мұндай жағдайлардың жолын қатаң кесеміз», – деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №18 мекемесінің бастығы Қуаныш Қонжанов.‼Ұстау кезінде скотчпен оралған, ерекше иісі бар үш түйіншек табылды.Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат 430 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты. Бұл 86 рет қолдануға жететін мөлшер.Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.Сотталғандарға көмектеспек болған ер адамның өзі түрмеге қамалып кетуі мүмкін. Қазір қызметкерлер тәркіленген заттың кімге арналғанын анықтап жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1050264?lang=kk
Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты 13.08.2025
12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны 1 млн теңгеге дейінгі гранттармен жаңа жобаларды іске қосты.Негізгі оқиға – қалалық еріктілер бастамалары байқауының қорытындысы болды. Екі ай ішінде байқауға 36 автордан өтінім келіп түсті. Жобалар тақырыбы – экологияны қорғау, медициналық еріктілікті дамыту, толық емес отбасылардағы жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған панажайларды абаттандыру.Жеңімпаздарды бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Ең үздік бес жобаның авторлары өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден грант алды. Ал белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қаланың еріктілері бүгінде өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысып, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» құру ісіне елеулі үлес қосып келеді.Фестиваль «Жас драйв» жаңа грант маусымының да басталу нүктесі болды. 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін шымкенттік жастар өз жобаларын төмендегі бес бағыттың бірі бойынша ұсына алады: • ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі) • CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала) • NOx – «Есірткісіз қоғам» • Innovation + Pulse – «Жас ғалым» • My family – «Отбасы – басты құндылық»Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын күндері «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтінімдер қабылдау басталады. Ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және еріктілік салаларындағы ең үздік алты жоба да 1 млн теңгеден грант иеленеді.«Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер қажет екенін түсінеміз — білім алу, бизнеске көмек, заманауи қала ортасы және ашық диалог. Осы мүмкіндіктерді шынайы ету үшін барымызды салып жатырмыз», — деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков.Мерекенің атмосферасын «Жайдарман» жұлдыздары Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness топтарының, Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Romano-ның DJ-сеті және жарқын фейерверк толықтырды.Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас тұрады, олардың 134 мыңы — студент. Биыл олардың 41 мыңнан астамы дипломды маман атанады.
Шымкенттегі Jastar Fest: Жастар күні белсенді шымкенттіктер үшін жаңа гранттар мен байқауларды бастады. 13.08.2025
Шымкентте 12 тамыз Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. «Jastar Fest» фестивалі жүздеген жастың басын қосып, тойлау үшін ғана емес, сонымен қатар 1 миллион теңгеге дейінгі гранттармен жобаларды іске қосты. Басты оқиға қалалық волонтерлік бастамалар байқауының қорытындысын шығару болды. Екі айдың ішінде 36 автордан қатысуға өтінімдер түсті. Тақырыптар қоршаған ортаны қорғау және медициналық еріктілікті дамытудан толық емес отбасылардан шыққан жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған баспаналарды ұйымдастыруға дейін созылды. Жеңімпаздарды құрамына бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері кірген тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Үздік бес жобаның авторлары идеяларын жүзеге асыру үшін әрқайсысына 1 миллион теңгеден, белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қала еріктілері қазірдің өзінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді түрде атсалысуда, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» – есірткісіз қоғамды құруға зор үлес қосуда. Фестиваль сонымен қатар «Zhas Drive» жаңа гранттық маусымының бастау нүктесі болды. 12 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында жас шымкенттіктер бес бағыттың бірі бойынша өз жобаларын ұсына алады: • ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі) • CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала) • NOx – «Есірткісіз қоғам» (Есірткісіз қоғам) • Инновация + Импульс – «Жас Ғалым» (Жас ғалым) • Менің отбасым – «Отбасы – басты күнділік» (Отбасы – басты құндылық) Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын арада «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтініштер қабылданады. Сондай-ақ ғылым, мәдениет, IT, бизнес, БАҚ және волонтерлік салалардағы үздік алты жобаның әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріледі. "Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер - білім, бизнестегі көмек, заманауи қалалық орта және ашық диалог қажет екенін түсінеміз. Біз бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін барлығын жасап жатырмыз", - деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков. Мерекелік атмосфераны «Жайдарман» жұлдыздары – Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness, әнші Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Романоның диджейлері мен жарқын отшашуы толықтырды. Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас болса, оның 134 мыңы студенттер. Биыл 41 мыңнан астамы сертификатталған маман атанады.
Ауыл жастары экологиялық акцияға белсене атсалысуда 13.08.2025
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл жастары табиғатты қорғау ісінде өз белсенділігін нақты іспен дәлелдеуде. Олар шөп шауып, қоқыс жинап, ауыл ішін және маңайын тазарту жұмыстарына белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне шынайы үлес қосуда.Бүгінгі жастар — экологиялық жауапкершілікті мойнына алып, айналаны тазартып қана қоймай, қоғамға үлгі көрсетіп отыр. Бұл — жастардың табиғатқа деген жанашырлығының, ел болашағына деген алаңдаушылығының айқын көрінісі.▪Таза орта — жас ұрпақтың қолымен қалыптасады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050228?lang=kk
Ауыл әкімі тұрғындарды жеке қабылдады 13.08.2025
11 шілде күні Баянды ауылының әкімі Бектұрлы Аманкелдіұлы тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер мәселесі және өзге де маңызды сұрақтар бойынша өтініштерін жеткізді.Әкім әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, кейбір сұрақтар бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Жекелеген өтініштер бойынша жауаптар сол сәтте беріліп, қалғандары бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050199?lang=kk
Қонаев гарнизонында 150 десантшы сарбаз парашютпен секірді 13.08.2025
Боевое крещение приняли солдаты срочной службы войсковой части 32363, совершив первый в жизни прыжок с парашютом с борта вертолета Ми-17 на высоте 800 метров.150 молодых военнослужащих успешно выполнили десантирование с применением парашютных систем Д-6 четвертой серии, предназначенных для учебно-тренировочных прыжков. Этот момент стал не просто частью боевой подготовки, но и символом вступления в братство Десантно-штурмовых войск.Перед выполнением прыжков солдаты прошли серьезную теоретическую и практическую подготовку. Как отметил старший офицер отдела воздушно-десантной подготовки части гвардии капитан Амантай Жалтырбай, особое внимание уделялось укладке парашюта, действиям в воздухе и отработке возможных нештатных ситуаций на специализированных тренажерах. – Каждый десантник должен уметь не только правильно уложить парашют, но и быть готовым к любому развитию событий в воздухе. Это требует максимальной концентрации, дисциплины и физической выносливости, – подчеркнул А. Жалтырбай.Непосредственно перед посадкой в вертолет с личным составом провели инструктаж. После успешного приземления десантники продолжили выполнение тактических задач на земле.Прыжки с парашютом являются важнейшим элементом воздушно-десантной подготовки. Они требуют от солдата мужества, собранности и готовности к действию в любой ситуации. Это проверка духа, характера и боевой выучки. С этим испытанием молодые десантники справились достойно.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1050207?lang=kk
Автомобиль жолдарын күтіп ұстау 13.08.2025
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстаушы мердігер мекеме тарапынан жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1050186?lang=kk
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ 13.08.2025
Әлемнің кез келген елінің тарихына үңілсек, бірлік пен татулықтың маңызын айқын көреміз. Ішкі тұрақтылықты сақтаған мемлекеттер дамудың жаңа белестерін бағындырса, алауыздыққа жол берген елдер әлсіреп, саяси-экономикалық дағдарысқа тап болған. Сол себепті қоғамдағы келісім мен татулық – жай ұран емес, ел болашағын айқындайтын басты құндылықтардың бірі.Қазақстан – тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап осы қағиданы өзінің даму стратегиясының өзегіне айналдырған мемлекет. Елбасынан бастап бүгінгі басшылыққа дейінгі саяси бағыттың басты мақсаты – этностық, діни және мәдени әртүрлілікті елді біріктіретін факторға айналдыру. Бұл жолда Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері және БАҚ үлкен рөл атқарып келеді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз күрделі экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ сол кезеңнің өзінде ел ішінде қақтығыс болмады, себебі қоғам ортақ мақсат – мемлекет тұтастығын сақтауды басты орынға қойды. Бұл – біздің ұлт ретіндегі кемеңгер шешіміміз және тарихи сабақтан дұрыс қорытынды шығарғанымыздың дәлелі.Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос, 18 конфессия өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының мәдениеті, дәстүрі, тілі – ұлттық байлығымыздың ажырамас бөлігі. Осы алуандықты бір арнаға тоғыстыра білген ел ғана болашақта бәсекеге қабілетті бола алады.Қоғамдық келісім ұғымы тек этносаралық татулықпен шектелмейді. Бұл – әр азаматтың ел дамуына жауапкершілікпен қарауы, заңға құрметпен қарауы, әділеттілік пен өзара сыйластықты басты ұстаным етуі. Қазақстанның дамуы үшін әрбір тұрғынның бейбіт өмір мен тұрақтылықтың құнын түсінуі маңызды.Бүгінде білім беру, ғылым, мәдениет, экономика, спорт салаларындағы жетістіктеріміздің артында да осы бірлік тұр. Себебі тек татулық орнаған елде ғана шығармашылық ой мен жаңа бастамаларға жол ашылады.XXI ғасыр – жаһандық өзгерістер, жаңа технологиялар, ақпараттық ағын дәуірі. Бұл заман мемлекеттерге жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптер де әкелуде. Экономикалық дағдарыстар, экологиялық мәселелер, ақпараттық манипуляциялар мен әлеуметтік желідегі араздық тудыру әрекеттері – осының бәріне төтеп беру үшін мықты бірлік қажет.Қазақстан үшін ең бастысы – кез келген жағдайда ішкі тұрақтылықты сақтап, халықтың сенімін нығайту. Бұл – мемлекеттік саясаттың ғана емес, әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті.Бірлік пен татулық – мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің алтын діңгегі. Біз бүгін осы құндылықтарды сақтау арқылы келер ұрпаққа бейбіт әрі гүлденген Қазақстанды аманаттай аламыз. Әр азамат өз бойында толеранттылықты, сыйластықты, әділеттілікті қалыптастыра білсе, еліміз кез келген сын-қатерге төтеп береді.Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда. Ал біздің ең басты міндетіміз – бірлігімізді бекемдеп, татулығымызды сақтау.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK