Enbekshi QazaQ

Қоғам

Еңбек ардагері Стахан Белғожаев I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды 13.05.2026
Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, «Мойнақ» ГЭС-інің салынуына ұйытқы болған инженер-энергетик Стахан Белғожаев I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Стахан Белғожаев еңбек жолын 1962 жылы Шардара су электр стансасының құрылысында бастап, кейінгі жылдары еліміздегі бірқатар ірі стратегиялық нысандардың жүзеге асуына тікелей атсалысты. Оның қатысуымен және басшылығымен Қапшағай, Мойнақ, Ақтоғай су электр стансалары, Бестөбе, Бартогай су қоймалары, Үлкен Алматы каналы секілді ел үшін маңызы зор жобалар іске асырылды. Бұл нысандар энергия, су ресурстарын тиімді басқаруға, суармалы егіншілікті дамытуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруға үлкен серпін берді.Сонымен қатар ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында да елеулі еңбек етті. Оның басшылығымен ірі өндіріс кешендері, заманауи жылыжайлар, қайта өңдеу кәсіпорындары салынды. Осы еңбегі ескеріліп, Президент жарлығымен мемлекеттік марапат табысталды. Қасым-Жомарт Тоқаев қарт құрылысшыны 90 жас мерейтойымен құттықтап, зор еңбегін ерекше атап өткен.«Жұртшылық өзіңізді еңбек ардагері, ел ағасы ретінде ерекше құрметтейді. Сіз ұзақ жыл бойы түрлі жауапты қызметті абыроймен атқарып, Жетісу өңірін көркейтуге мол үлес қостыңыз. Көптеген нысандардың бой көтеруіне ұйытқы болып, құрылыс саласында жемісті жұмыс істедіңіз. «Мойнақ» су электр стансасын іске қосуға атсалысып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Ғибратты өмір жолыңыз өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз. Әрдайым халықтың сый-құрметіне бөлене беріңіз», – делінген Ақордадан келген хатта. Марат Елеусізұлы өз сөзінде еліміздің энергетика және құрылыс саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, Стахан Белғожаевқа «Барыс» орденін тақты. «Алматы облысы – бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары, инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқан өңірлердің бірі. Алайда бұл жетістіктер бір күнде қалыптасқан жоқ. Оның негізінде ондаған жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыс, өндірістік мәдениет және сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жатыр.Энергетика мен құрылыс – кез келген мемлекеттің дамуын айқындайтын стратегиялық салалар. Осы бағыттарда жүзеге асқан ірі жобалар өңірдің ғана емес, тұтас елдің экономикалық әлеуетін айқындады. Өткен ғасырда қолға алынған Қапшағай және Мойнақ су электр стансаларының құрылысы – соның айқын дәлелі. Осындай игі істерге үлесін қосқан азаматтардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.Осы орайда өмірін Қазақстанның құрылыс және гидроэнергетика салаларын дамытуға арнаған көрнекті инженер, білікті ұйымдастырушы және тәжірибелі басшы Стахан Белғожаевты ерекше атап өткен жөн. Оның еңбек жолы – кәсібіне адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Берілген марапат тек бір азаматтың ғана емес, тұтас буынның еңбегіне берілген құрмет деп білемін. Бұл – көпжылдық қажырлы қызметтің, кәсіби шеберліктің және ел дамуына қосқан зор үлестің жоғары бағасы. Осындай тұлғалардың табанды еңбегі мен өмірлік тәжірибесі бүгінгі болашақтың негізін қалыптастырды», – деді облыс әкімі.Шара барысында Стахан Белғожаевтың замандас достары, шәкірттері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілегін арнады. Ал марапат иесі қуанышымен бөлісіп, құттықтаған жандарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.Ғұмыр жолын ел дамуына арнаған, қажырлы еңбек пен табандылықтың үлгісі болған Стахан Белғожаевтың ерен еңбегі жас ұрпаққа үлгі және қашанда құрметке лайық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1218980?lang=kk
Серік Жұманғарин ТМҰ елдерінің бизнес-форумын ашты 13.05.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ТМҰ елдерінің экономикалық интеграциясы және кооперациясы: өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, логистика мен цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумның ашылуына қатысты.Форум Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдерін біріктірді.Серік Жұманғарин өз сөзінде ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыттың бірі болып қала беретінін атап өтті.Оның айтуынша, ТМҰ елдері 170 млн-нан астам халқы бар нарық қалыптастырып, айтарлықтай өнеркәсіптік, көліктік, аграрлық және адами әлеуетке ие болып отыр.Әлемдік экономиканың жаһандық трансформациясы және инвестиция, технология мен логистикалық маршрут үшін бәсекелестік күшейген кезде, іс жүзіндегі экономикалық кооперация ерекше маңызға ие. Осыған байланысты, вице-премьер атап өткендей, декларациялардан бірлескен жобаға, жаңа өндіріске, технологиялық альянстар мен өзара инвестицияларға көшу негізгі міндет болып саналады.«Қазақстан түркі мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз өнеркәсіптік кооперацияны, бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды, көлік-логистикалық дәліздерді, цифрлық платформаларды және электрондық сауданы дамытуда үлкен әлеуетті көріп отырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Сөз сөйлеу барысында Түркі инвестициялық қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан ТИҚ-ты ТМҰ елдерінің бірлескен жобаларын қолдаудың негізгі қаржылық тетігінің бірі ретінде қарастырады. «Қазақстан үшін Түркі инвестициялық қоры тек қаржы институтына ғана емес, өзара сауданың өсуіне, жаңа өндіріс құруға және елдеріміз арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін толыққанды экономикалық интеграция платформасына айналуы маңызды», — деп атап өтті ол.Бастапқы кезеңде Түркі инвестициялық қоры бірлесіп қаржыландыру жобаларына $20 млн-нан бастап бағыттауға дайын. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруға қордың қатысуы бойынша келіссөз жүргізілуде.Серік Жұманғарин Транскаспий халықаралық көлік бағытын қосқанда, тұрақты көлік маршрутын дамытудың, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен сауданың мүмкіндігін кеңейтетін теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығына назар аударды.Вице-премьер цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Оның айтуынша, ТМҰ елдері IT-секторды, стартап-экожүйелерді, цифрлық сервистерді, жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді бірлесіп дамыту үшін көптеген мүмкіндікке ие. Осыған байланысты ол форумға Astana Hub, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да даму институттары өкілдерінің қатысуын құптады.Серік Жұманғарин атап өткендей, ТМҰ елдерінің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше баса мән беру қажет.«Кәсіпкерлер осы интеграциялық процестердің негізгі қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасап, кедергілерді азайту, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, бірлескен бастамаларды қолдап, іскерлік байланыстарды нығайту маңызды», — деп атап өтті ол.Вице-премьер сөзінің соңында Түркі мемлекеттері ұйымына, Түркі мемлекеттері сауда-өнеркәсіп палаталары одағына, «Атамекен» ҰКП-ға, сондай-ақ форумның барлық әріптестері мен ұйымдастырушыларына бірлескен жұмысы және аймақ елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1218873?lang=kk
Цифрлық әскерге шақыру және студенттер үшін кейінге қалдыру туралы не білу қажет 13.05.2026
Қазақстанда әскери есепке алу және әскерге шақыру жүйесін цифрландыру жалғасуда. Енді шақыру қағаздары қағаз түрінде ғана емес, SMS-хабарлама, eGov.kz порталының жеке кабинеті және eGov Mobile қосымшасы арқылы да жіберіледі. Бұл әскерге шақырылушыларды жедел хабардар етуге және хабарламаны өткізіп алу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.Жүйе мемлекеттік деректер базаларымен біріктірілген. Соның арқасында білім алу, отбасылық жағдай, жұмыс орны және тіркелу туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады. Бұл құжаттар санын азайтып, әскери есепке қою рәсімін жеңілдетеді.Әскерге шақырылушылар өз мәртебесін, кейінге қалдыру құқығының бар-жоғын және жергілікті әскери басқару органына бару қажеттілігін онлайн тексере алады. Болашақта жүйе проактивті форматта жұмыс істеп, мәртебе туралы ақпарат пен хабарламалар автоматты түрде жіберілетін болады.Студенттерге ерекше назар аударылады. Қазақстандық жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттерге оқу мерзімі аяқталғанға дейін әскерден кейінге қалдыру беріледі. Дегенмен мәліметтердің жергілікті әскери басқару органдарына берілгеніне көз жеткізу немесе оқу орнынан анықтама ұсыну ұсынылады.Шетелдік жоғары оқу орындарының студенттеріне де ресми растайтын құжаттар болған жағдайда кейінге қалдыру қарастырылған. Сонымен қатар шетелде оқу әскери есеп міндетінен босатпайды — жергілікті әскери басқару органымен өзара іс-қимыл өз бетінше жүзеге асырылады.Foundation бағдарламалары бойынша шешім бағдарламаның мәртебесіне байланысты жеке қаралады.Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, әсіресе каникул кезеңінде және елге уақытша келген кезде, кейінге қалдыру мәртебесінің өзектілігін алдын ала тексеруді ұсынады. Бұл әскерге шақыру науқаны кезінде қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1218872?lang=kk
"Speaking club" сөйлесу клубы 13.05.2026
2026жылғы8мамырда"Speakingclub" ішкісөйлесуклубышеңберіндекезектісабақөткізілді.Модератор: ҚостанайоблысыәкіміаппаратыныңӘдепжөніндегіуәкіліҚайрат Сүйіндіков.Тренингтіңтақырыбы:"Көпшілік алдында сөйлеумәдениеті".Іс-шаракөпшілік алдында сөйлеумәдениетінарттыру, тілдіккедергілердіеңсеру, бейнекамераларменүлкенаудиторияларалдындажұмыс істеу дағдыларындамытумақсатындаөткізілді.Қорқыныштықалайжеңуге,аудиторияныңназарын аударуға, жағымдыәсерқалдыруғажәне уақытты сақтауға болады?Қандайсөйлеутехникасыменықпал ету құралдарынқолдану керек?Осыжәнебасқа да сұрақтарғаоблыстық"Тілдарын" тілдерді оқытуорталығыныңжаттықтырушысы,мемлекеттіктілоқытушысыБазаркүлАхметжанова тыңдаушылардыңназарын аударды.Көпшілік алдында сөйлеу дайындықты, психологиялық тұрақтылықты және өзін-өзі бақылауды қажет етеді.Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.Мемлекеттік қызметшілер пікірталастарды мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірместен, дұрыс нысанда жүргізуге тиіс.Мемлекеттікқызметшілауазымынақарамастанөзойларынтұжырымдайбілуі, олардысауатты баяндай білуі, азаматтарға(қызмет алушыларға),әріптестеріменсеріктестерінеақпаратжеткізе білуі тиіс.Бұл тек қабылдауларда,жиналыстарда,жиындардакөпшілік алдында сөйлеугеғанаемес,соныменқатаркүнделіктіжұмысқа,соныңішіндетелефонарқылы сөйлесуге де қатысты.Семинардыңбарлыққатысушыларыаудиторияалдында сөз сөйлеуге,көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, мемлекеттіктілдімеңгерудеңгейін көрсетуге мүмкіндікалды.Спикерлер қатарында Наталья Сухачева - облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы, Мәди Төлеген - облыс әкімі аппаратының бас маманы, жас мемлекеттік қызметші.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1218831?lang=kk
Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері 13.05.2026
Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезінде:- тексерілетін тұлғадан коммерциялық, көлiктік (тасымалдау) құжаттарды, бухгалтерлiк есепке алу және есептiлiк құжаттарын, сондай-ақ тексерілетін тауарларға қатысты, оның iшiнде электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты талап етуге және одан алуға;- тексерілетін тұлғамен кедендік тексеру жүргізілетін тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалардан тексерілетін тұлғамен немесе осындай тауарлармен мәмілелерге (операцияларға) қатысы бар үшінші тұлғалармен жүргізілетін операциялар мен есеп айырысулар бойынша құжаттардың көшірмелерін және өзге де ақпаратты ұсынуды талап етуге;- банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, сондай-ақ ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің шоттары бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысына қатысты құжаттарды және мәліметтерді талап етуге және олардан алуға;- Қазақстан Республикасының салық және өзге де мемлекеттік органдарынан кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны (құпияларды) құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;- Еуразиялық экономикалық одақтың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің ұйымдарына, мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) кедендік тексеру жүргізумен байланысты сұрау салулар жіберуге;- кедендік сараптама тағайындауға;- тауарларға және көлік құралдарына сүргі салуға;- мамандар мен сарапшыларды тартуға;- тексерілетін тұлғадан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алып қоюды Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен жүргізуге;- Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында көзделген өзге де әрекеттер жасауға құқығы бар.Кеден органының лауазымды адамдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:- тексерілетін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, тексерілетін тұлғаға құқыққа сыйымсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздікпен) зиян келтіруге жол бермеуге;- өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана кедендік тексеруді жүргізу кезінде алынған ақпаратты пайдалануға;- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік тексеру жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын тексерілетін тұлғаның келісімінсіз жария етпеуге;- тексерілетін тұлғаға оның кедендік тексеруді жүргізу, кедендік сараптама тағайындау, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезіндегі құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беруге;- көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;- көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге;- мемлекеттік, салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ кедендік тексерулерді жүзеге асыру кезінде белгілі болған басқа да құпия ақпаратты жария етпеуге;- осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1218782?lang=kk
Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағдарланған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады 13.05.2026
2025 жылы Агенттік банк секторында тәуекелге бағдарланған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады, оның шеңберінде SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) әдіснамасы бойынша кешенді бағалау жүргізілді.Жыл сайынғы SREP бағалауы банктерді тәуекелге бағдарланған қадағалауды дамытудың маңызды кезеңіне айналды және Қазақстанның банк секторының жай-күйі туралы тереңірек түсінік алуға мүмкіндік берді. SREP шеңберінде корпоративтік басқарудың, ішкі бақылаудың және тәуекелдерді басқару жүйелерінің даму деңгейін қоса алғанда, банктердің қызметіне жан-жақты талдау жүргізілді.Қадағалау циклінің қорытындысы бойынша Агенттік 0-ден 4,5%-ға дейінгі аралықтағы капиталға қадағалау үстемесін қолданды. Оны қолдану туралы шешімді 2025 жылғы желтоқсанда Агенттік пен Ұлттық Банк өкілдерінің қатысуымен Пруденциялық реттеу саясаты комитеті қабылдады. Барлық банк жеткілікті капитал қорын сақтап қалды және қадағалау үстемесін есептегенде ең төмен нормативтік талаптарды сақтауда.SREP нәтижелері туралы осы есеп банк жүйесіндегі ағымдағы үрдістер мен тәуекелдерді жақсы түсінуге көмектеседі. Жинақталған тәжірибе сектордың бизнес-процестерін жетілдіруге және орнықтылығын арттыруға бағытталған негізгі қорытындылар мен ұсынымдар үшін негіз болды. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1218771?lang=kk
Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылуы өтті 13.05.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 12 мамыр – «SCAT Airlines» әуе компаниясы жүзеге асыратын Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов, Моңғолия Үкіметі мен Ұлы Мемлекеттік Хуралының өкілдері, екі елдің авиациялық ведомстволарының қызметкерлері, «SCAT Airlines» және «Hunnu Air» компанияларының басшылығы, туристік және билет агенттіктері, іскер топтар мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Моңғолияға және Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің 2026 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарлары шеңберінде қол жеткізген уағдаластықтардың маңызды практикалық нәтижесі екенін атап өтті.2026 жылғы 2 маусымда іске қосылатын рейс екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік, гуманитарлық және өңіраралық байланыстардың одан әрі дамуына, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1218733?lang=kk
📢 Құрметті салық төлеушілер! 13.05.2026
📅 2026 жылғы 15 мамыр күні сағат 11:00-де Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында «Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» тақырыбы бойынша тікелей эфир форматында онлайн - жәрмеңке өтеді.✅ Эфир барысында спикерлер қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме береді.🔹 Салық төлеушілерді белсенді қатысуға шақырамыз!https://www.instagram.com/p/DYRDt_yI-cj/?igsh=Mmo0NGRrZDBvOWZ3Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1218698?lang=kk
7-мамыр 13.05.2026
Құрметті Отан қорғаушылар!Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan-saryterek/press/news/details/1218705?lang=kk
9-мамыр 13.05.2026
Қымбатты отандастар, ардақты ардагерлер!Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шын жүректен зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, тыныштық орнаған заман болсын!Құрметпен Еркебулан Чакпакулы!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan-saryterek/press/news/details/1218718?lang=kk
Көпшілік алдында талқылау өткізілетіні туралы АҢДАТПА 13.05.2026
📢 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!🔰 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 2026 жылғы 20 мамыр күні сағат 15:00-де Қарағанды қаласы, Н.Абдиров көшесі, 36/3 мекенжайы бойынша Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларындағы бөлімшелердің жекелеген қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің нәтижелерін көпшілік алдында талқылау өткізеді.📍 Өтетін орны:🏢 Қарағанды қаласы, Н.Абдиров көшесі, 36/3🕒 Уақыты: 20 мамыр 2026 жыл, сағат 15:00📌 Өтетін орын: акт залы✅ Қатысуға ниет білдірушілерді алдын ала тіркелуге шақырамыз:📞 Байланыс телефоны: 8 (7212) 513689🏢 Мекенжай: Қарағанды қ., Н.Абдиров к-сі, 36/3🚪 309 кабинет — Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеп-тексеру бөлімі⚖️ Мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және жою — Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңызға тікелей байланысты!🤝 Баршаңызды қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1218685?lang=kk
12.05.2026 жылы Батыр ауылының әкімі мейірбикелер күні қарсаңында ауылымыздың ақ халатты абзал жандары — мейірбикелермен кездесіп, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. 13.05.2026
 12.05.2026 жылы Батыр ауылының әкімі мейірбикелер күні қарсаңында ауылымыздың ақ халатты абзал жандары — мейірбикелермен кездесіп, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.Кездесу барысында адам денсаулығын сақтаудағы ерен еңбектері мен жауапты қызметтері үшін алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, сала мамандарына арнайы Алғыс хаттар табысталып, еңбектеріне құрмет көрсетілді.Ауыл тұрғындарының денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық мейірбикелерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1218662?lang=kk
1-мамыр 13.05.2026
Құрметті Жерлестер!Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Мамырдың бірінші күндері Қазақстанның аса жарқын әрі мейірімді мерекелерінің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлайды.Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Бұл 150 астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Қазақстанның кең шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, корей, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы.Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілеймін. Құрметпен ауылдық округ әкімі   Е.ЧетыковАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan-saryterek/press/news/details/1218676?lang=kk
Самар ауданында «Балауса-2» балалар лагері кеңейтілуде: енді мұнда 40 емес, 160 бала демала алады 13.05.2026
Самар ауданындағы Новостройка ауылында «Балауса-2» спорттық-сауықтыру лагерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін лагерь бір маусымда 160 балаға дейін қабылдай алады.Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовпен бірге нысанға барып, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында олар лагерь аумағын, жаңа корпустарды аралап көріп, мердігер ұйыммен жобаны іске асыру мерзімі мен жұмыс сапасын талқылады.Қазіргі уақытта «Балауса-2» аумағында 120 орынға арналған үш жаңа корпус салынуда, сондай-ақ лагерьдің қолданыстағы екі қабатты ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін лагерь небәрі 40 балаға есептелсе, кейін оның сыйымдылығы 60 орынға дейін ұлғайтылған болатын. Жаңғырту аяқталған соң лагерь мүмкіндігі шамамен төрт есеге артады.Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Бүгінде нысанда күн сайын 25 адам жұмыс істеуде.Сапар барысында Серік Жеңісов лагерь инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, лагерь аумағына септик орнату мәселесін пысықтау, аумақты толық қоршаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ электр қуатын күшейту және трансформатор орнату мәселесін шешу тапсырылды.Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде балаларға қолайлы жағдай жасау үшін лагерь аумағында сегіз көлеңкелі шатыр орнату жоспарлануда.Қауіпсіздік пен санитарлық талаптарды сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Мамандарға лагерьдің кеңеюін ескере отырып, медициналық оқшаулау бөлмесіне қойылатын талаптарды зерделеу және қажетті төсек-орын санын анықтау тапсырылды.Самар ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1218600?lang=kk
500-ден астам теңіз жаяу әскері танк сынағы даярлығынан өтті 13.05.2026
«Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының 542 мерзімді әскери қызметшісі жас жауынгер курсындағы негізгі кезеңдердің бірі – танк сынағы даярлығы мен кедергілер жолағынан өтті.Әскери бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздар жалпыәскери жарғыларды оқып-үйренуге, саптық және дене дайындығына, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын меңгеруге кірісті.Теориялық дайындықтан соң теңіз жаяу әскерлері тактикалық алаңда практикалық тапсырмаларды орындауға көшті. Жауынгерлік жағдайға барынша жақын ортада әскери қызметшілер жертасаға орналасып, бос оқтармен атысып, оқу гранаталарын лақтырып, сауытты техниканың көмегімен шартты қарсыласқа қарсы тактикалық маневрлер орындады.– Негізгі назар әскери қызметшілерді шартты қарсыластың танк бөлімшелеріне қарсы іс-қимыл жасауға практикалық тұрғыда дайындауға және жеке құрамның психологиялық төзімділігін қалыптастыруға аударылды. Қойылған барлық мақсат толық көлемде орындалды, жауынгерлер танк сынағы даярлығынан сәтті өтіп, кедергілер жолағын еңсерді, – деді Жас сарбаздарды даярлау жиынының бастығы  подполковник Жеңіс Ахметқалиев.Оның айтуынша, танкпен сынақ даярлығы – жас сарбаздардың төзімділігін, өз күшіне сенімділігін және күрделі жағдайда әрекет етуге дайындығын қалыптастратын маңызды дайындық кезеңдерінің бірі.– Танк жертасаның дәл үстінен өткен сәтте қатты толқу мен зор жауапкершілікті сезінесің. Бірақ дәл осындай сәттерде сабыр сақтауды үйреніп, жауынгерлік тәжірибе жинайсың. Командирлер мен жолдастарымның қолдауының арқасында қорқынышты жеңіп, өз күшіме деген сенімімді арттырдым, – деді Ақмола облысынан шақырылған  гвардия қатардағы жауынгері Нұрлан Борамбай.  Практикалық сабақтар жас сарбаздарды әскери қызмет жағдайына моральдық-психологиялық тұрғыдан бейімдеуге бағытталды. Жас жауынгер курсынан кейін 23 мамыр күні теңіз жаяу әскерлері Әкери ант қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1218595?lang=kk
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы 13.05.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдыАталған құжат орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде жасанды интеллект технологияларын енгізуді айқындайды. Сонымен қатар ол адами капиталды дамытуда жасанды интеллект негізінде заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған.Оқу-ағарту министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2026–2029 жылдарға арналған Кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Аталған жоспар мектептердің цифрлық инфрақұрылымын дамытуды, оқушылардың нақты қажеттілігіне бейімделген оқыту тетіктерін енгізуді, педагог кадрларды даярлау мен  білім алушылардың дербес деректерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді көздейді.Жарлықта шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мектептерді   заманауи техникалық құралдармен және сапалы цифрлық білім беру ресурсымен қамтамасыз ету қарастырылған. Бастапқы кезеңде пилоттық жоба аясында тиімді шешімдерді кезең-кезеңімен енгізе отырып, еліміздегі 2600-ден астам шағын жинақты мектептің шамамен 500-ін қамту жоспарланды.Сонымен қатар орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын бекіту көзделген. Бұл стандарттар білім беру контентін әзірлеу және бейімдеу, оқу нәтижелерін бағалау, академиялық адалдықты қамтамасыз ету және жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз пайдалану мәселелерін қамтиды.Бұған қоса педагогтердің біліктілігін арттыру мен цифрлық құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл ретте жасанды интеллект технологияларын  қолдану педагогті алмастыруды көздемейді, өз кезегінде педагогтің кәсіби рөлін күшейтуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және оқушылармен жеке жұмысты кеңейтуге бағытталған қосымша құрал ретінде қарастырылады.Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі білім алушылардың дербес деректерін қорғау шараларын күшейту және білім беру мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстарды жүргізетін болады.Жасанды интеллект технологияларын қолдану педагогті алмастыруды көздемейді, өз кезегінде педагогтің кәсіби рөлін күшейтуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және оқушылармен жеке жұмысты кеңейтуге бағытталған қосымша құрал ретінде қарастырылады.Жарлықты іске асыру адами капиталды дамытуға және цифрлық экономика талаптарына сай жаңа буынды даярлауға бағытталған заманауи әрі бәсекеге қабілетті орта білім беру жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1219490?lang=kk
Қостанайда көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары жалғасуда 13.05.2026
Қостанай қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған шаралар қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру және тұрғын үй қорының пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында жүргізілуде.Жөндеу барысында ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, сырлау және қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар шатыр жабындарын жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, олардың техникалық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді.Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар қаланың көркін арттырып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.Дереккөз: https://www.instagram.com/reel/DX4e3pIsN7X/?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1218582?lang=kk
Кения Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайды 13.05.2026
Найроби, 2026 жылғы 12 мамыр – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, Найробидегі БҰҰ кеңсесіндегі Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Су, санитария және ирригация министрі Эрик Мугаа мырзамен кездесті.Кездесу барысында тараптар су ресурстары саласындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Сонымен қатар, Елші Б.Садықов контр-әріптесті ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелерін шешудегі Қазақстанның тәсілдері мен тәжірибесі, «2024-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының су ресурстарын пайдалану және басқару тұжырымдамасы» мен «Су кодексінің» қабылдануы туралы хабардар етті.Сондай-ақ, 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің нәтижелері мен БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын (ХСУ) құру туралы ҚР бастамасы жөніндегі ақпарат берілді. Кениялық тарап Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерді ілгерілету бойынша күш-жігерін жоғары бағалап, ХСУ бастамасын жүзеге асыру мәселесіне оң көзқараспен қарайтынын және оған барынша қолдау көрсетуге дайындығын мәлімдеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шараларды одан әрі жүзеге асыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1218445?lang=kk
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды 13.05.2026
Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1218446?lang=kk
Қазақстан мен Люксембург технологиялар, авиация және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 13.05.2026
Люксембург, 2026 жылғы 11 мамыр – Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бельгия және Люксембургтегі Елшісі Роман Василенко цифрлық технологиялар, авиациялық логистика және инновациялар салаларындағы жетекші люксембургтік және халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.Келіссөздердің негізгі тақырыптары бірлескен жоғары технологиялық жобаларды іске асыру, көлік-логистикалық өзара байланыстылықты дамыту және Қазақстан мен Люксембург арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері болды.«SES» компаниясының штаб-пәтерінде Елші Р.Василенко компанияның бас директоры Адель Аль-Салехпен кездесті. Тараптар Еуропалық одақтың «Team Europe Initiative on Digital Connectivity in Central Asia» жобасын іске асыру, Қазақстандағы спутниктік байланысты дамыту, сондай-ақ ұлттық ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту жобаларына люксембургтік тараптың қатысу перспективаларын талқылады.«Cargolux» компаниясында Елші Р.Василенко компания президенті Ричард Форсонмен және қаржы директоры Максим Штрауспен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында авиакомпанияның Қазақстандағы қызметін қайта бастау перспективалары, сондай-ақ Қазақстанды өңірлік авиациялық жүк хабы ретінде дамыту жөніндегі бастамаларды іске асыруға «Cargolux»-тың қатысуы талқыланды.Жаһандық транзиттік бағыттардың өзгеруі және Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы негізгі көлік дәліздерінің бірі ретіндегі рөлінің артуына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда халықаралық логистикалық тізбектердің трансформациясы жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңыздылығы атап өтілді. Сапар аясында сондай-ақ «Hydrosat» компаниясының президенті және тең құрылтайшысы Ройс Далбимен кездесу өтті.Тараптар су ресурстарын спутниктік мониторингтеу, цифрлық ауыл шаруашылығы және климаттық шешімдер салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-пен бірлескен жобаларды талқылады. Кездесулер барысында 2005 жылдан бері Люксембургтен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жиынтық жалпы ағыны 3,8 млрд АҚШ долларынан асқаны атап өтілді.Бұл люксембургтік қаржы және технологиялық құрылымдардың қазақстандық нарыққа деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Сапар қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы инвестициялық, технологиялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1218452?lang=kk