Қоғам
Заң және тәртіп 25.11.2025
"Заң және Тәртіп" акциясы аясында бүгін округте "Алаяқтық" тақырыбында полиция бөлімі бастығының орынбасары, подполковник Қалиәкперов Дұлат Ертайұлымен түсіндірме жиналысы өтті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1160386?lang=kk
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақыты тәртібін сақтау 25.11.2025
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақыты тәртібін сақтау Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің негізгі аспектілерінің бірі — жұмыс уақыты тәртібінің қатаң сақталуын бақылау . Еңбекті ұтымды ұйымдастыру және белгіленген күн тәртібін сақтау мемлекеттік қызметшілердің өндірістілігін , тәртібін және жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік функциялардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді .Жұмыс уақытының тәртібі ҚР Еңбек кодексімен , «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен және өзге де нормативтік актілермен реттеледі. Осы құжаттарға сәйкес, жұмыс уақыты — бұл мемлекеттік қызметші өз лауазымдық міндеттерін орындауға тиіс белгіленген жұмыс күні немесе аптасы шеңберіндегі уақыт .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1112296?lang=kk
Қармақшы ауданындағы дүр оңғар ауылы газға қосылды 25.11.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылына газ қосу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен ігіліктің іске асуымен, яғни ауылға көгілдір отынның келуімен құттықтады.«Мемлекет басшымыз «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.Аймағымызда 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі67 пайыз болатын, 2022-2025 жылдар аралығында 63 млрд. 600 млн. теңгеге 77 жоба жүзеге асырылды.Өткен аптада Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ берілсе, Жаңақорған ауданында автоматты газ тарату станциясы іске қосылды. Бүгін Өздеріңізбен бірге Дүр Оңғар ауылы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін іс-шараға, табиғи газға қосу сәтіне куә болудамыз. Осындай жұмыстардың нәтижесінде биыл облысымыздың газдандыру көрсеткішін 83 пайызға жеткіземіз.Жерлестерімізді көптен күткен газдың қосылуымен құттықтаймын! Бұл – бәріміздің ортақ қуанышымыз! Көгілдір отын әрбір отбасының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін!Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегінің жемісті болуы – Сіздерге, еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбірліктеріңізге байланысты. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі.Айта кетейік, бүгінде Қармақшы ауданын газдандыру деңгейі 78 пайыз. Екі мыңнан астам тұрғыны бар Дүр Оңғар ауылының газ желісіне қосылуы бұл көрсеткішті 83 пайызға жеткізеді. Аталған жобаға облыстық бюджеттен 7 млрд 200 млн теңге бөлінді.Ауылға тартылған 62,5 шақырымдық жоғары қысымды газ құбыры Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясынан Сырдария өзені арқылы жүргізілді. Бұл жоба алдағы уақытта 10 мыңнан астам халқы бар 9 елді мекенді кезең-кезеңімен магистральдық газ желісіне қосуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1112254?lang=kk
Қармақшыда 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді 25.11.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңадан салынған тұрғын үйлерді табыстау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларды, құрылыс қарқынын, әсіресе, тұрғын үй құрылысындағы жетістіктерді атап өтті.«Мемлекет басшымыз Қасым-ЖомартКемелұлы халықты баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. Өңірімізде құрылыс қарқынды, 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, бүгінде тұрғындар игілігіне қызмет етуде.2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Облысымызда алғаш рет соңғы екі жылда барлық ауданда біржарым мыңға жуық пәтер салынып, жерлестерімізге берілді.Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 322 пәтерлік 161 тұрғын үй аудандарда бой көтеруде.Қармақшы ауданында да 2023-2024 жылдары 2 млрд. 848 млн. теңгеге 207 пәтерлік 103 тұрғын үй сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға берілді.Осы жолы тағы 50 пәтерлік 25 жаңа үйдіөздеріңізге табыстаймыз.Бүгін – мемлекеттің қолдауын сезінген барлығыңыз үшін ерекше қуанышты күн!Баспаналы болу әрбір отбасын жақсылыққа жетелейді. Жаңа қоныстарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр шаңырақ татулық пен берекеге толы болғай! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!– деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, 2023 жылы Қармақшы ауданының Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Өткен жылы Қуаңдария,Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.Өңірімізде жарияланған «Руханият жылы»аясында аудандарда салынған «Руханияторталықтарының» бірі Қармақшы ауданында бой көтерді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақай ауылдарындажаңа спорт кешендері салынып, пайдалануға берілді.Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйледі.Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп, пікір алмасты. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты, алдағы бағдар туралы сауалдарға жауап беріп, жиналған жұртшылықтың ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1112259?lang=kk
Қармақшы ауданы тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды 25.11.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданындағы «Руханият орталығында» ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.«Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.Кейінгі жылдары дәстүрге айналған жеке қабылдауларда азаматтарды мазалаған сұрақтар бойынша қажетті іс-шаралар қабылданады, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өткізу орны мен уақыты күн ілгері хабарланғандықтан, тұрғындар өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын мұндай кездесулерге алдын ала жазылады.Бүгін қармақшылықтар облыс әкіміне, Сенат пен Мәжіліс депутаттарына және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына сауалдарын, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік және құрылыс саласына қатысты мәселелерді қозғады.Мысалы, аудан тұрғыны Тұрмағамбет ауылына жаңадан мектеп салу мәселесін көтерді. Ал, Төретам кентінен келген зейнеткер теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салып беруді сұрады.Тұрғындарға көтерілген мәселелердің шешімі заң аясында қарастырылатыны, жауапты құзырлы орган басшыларына тапсырмалар беріліп, оның орындалуы қатаң бақылауға алынатыны түсіндірілді.«Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда жеке қабылдаулардың, халықпен кездесулердің маңызы зор.Қабылдауда жалпы саны 50-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Ал, облыс әкіміне 15-тен астам тұрғын өз сұрақтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1112264?lang=kk
Қазақстан мен Түркіменстан көкөністер мен жемістерге арналған «жасыл дәлізді» кеңейтуде 25.11.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гелдимырадовпен кездесті. Вице-премьер Түркіменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы төрт есе өскен, ал соңғы екі жылдағы өзара сауда тұрақты түрде $500 млн-нан асып тұр. Мемлекет басшылары алға қойған тауар айналымын $1 млрд-қа дейін жеткізу мақсатын ортамерзімді перспективада еркін орындауға болады.Келіссөздердің жеке бір блогы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасына арналды. 2025 жылғы 9 айда Түркіменстанға қазақстандық экспорт негізінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнімдерді жеткізу есебінен $221,7 млн құраған. 2025 жылы экспорт ұн, өсімдік майы және басқа да өңделген тауарлардың көбеюіне байланысты өсті.Экспорттағы агроөнеркәсіп тауарларының үлесі тұрақты түрде 30%-дан асады. Қазақстан бидай ұны, күнбағыс майы, бидай, макарон өнімдері, маргарин, шай концентраттарын жеткізеді.Серік Жұманғарин тауарларды жеткізу көлемін ұлғайтуды және бидай, жүгері, жасымық, бұршақ, соя, күнбағыс майы, ұн, қант және басқа да өнімдерден тұратын агроөнеркәсіп өнімінің түрлерін көбейтуді ұсынды.Түркіменстаннан импорт та өсуде: 2025 жылғы 9 айда ол $141,9 млн-ға жетті. Табиғи газдан басқа жемістер мен көкөністер де жеткізіледі. 2025 жылы қызанақ көлемі 30 мың тоннадан асты, ол – Түркіменстаннан келетін импорт құрылымындағы екінші маңызды тауар.«Біз жеміс-көкөніс өнімдерінің біздің нарықта болғанына мүдделіміз. Сіздер жеткізетін барлық нәрсе — қызанақ, жеміс, көкөністі біз «жасыл дәліз» аясында қабылдауға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Кездесуде көлік-логистикалық жобаларды дамытуға ерекше назар аударылды. Ходжамырат Гелдимырадов Гератпен шекарада құрғақ порт құрылысының басталғаны туралы хабарлады және Қазақстанды осы жобаға қосылуға шақырды.Тараптар сондай-ақ «Герат – Тургунди» теміржол желісінің құрылысын қоса алғанда, Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан-Пәкістан транзиттік дәлізін қалыптастыру перспективаларын талқылады. Серік Жұманғарин мен Ходжамырат Гелдимырадов бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға, елдер арасындағы интеграцияны кеңейте отырып, көлік, сауда және логистикалық байланыстарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін растады.Анықтама:2025 жылғы қаңтар–қыркүйекте Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы $363,6 млн құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4%-ға артық ($345 млн). Экспорт $221,7 млн (+6,8%), импорт $141,9 млн (+3,2%).2024 жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы $555,7 млн құраған болатын, оның ішінде экспорт – $335 млн, импорт – $220,7 млн.https://primeminister.kz/news/kazakstan-men-turkimenstan-kokonister-men-zemisterge-arnalgan-zasyl-dalizdi-keneitude-30759 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1112267?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі Кувейт Мемлекетінің Әміріне сенім грамоталарын тапсырды 25.11.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль Әл-Ахмад Әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын табыс етті.Рәсім барысында Қазақстан-Кувейт қатынастарының достық сипаты және тараптардың саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысы расталды.Ержан Елекеев Кувейт пен Қазақстан тұрақтылықты нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық экономиканы әртараптандыру сияқты ортақ басымдықтарға ие екенін атап өтті. Елші сондай-ақ Қазақстан институттардың тиімділігін арттыруға және шешімдерді орындаудың ашықтығына бағытталған мемлекеттік басқаруды цифрландырудың ауқымды бағдарламасын іске асыратынын хабарлады.Кувейт Әмірі шейх Мишааль Әл-Ахмад Әл-Джабер Ас-Сабах жаңа Елшіге табысты жұмыс тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қолдау білдірді. Ол Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің ерекше маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның агроөнеркәсіптік сектордағы сенімді әріптес ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.Әмір Кувейттің осы саладағы перспективалық бастамаларды, соның ішінде тұрақты азық-түлік жеткізілімдерін дамытуға және екі елдің мемлекеттік және жеке институттары арасындағы өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді тетіктерін құруға бағытталған жобаларды қарастыруға дайын екендігін атап өтті.Қазақ елшісі Кувейттің өңірдегі стратегиялық әріптес ретіндегі маңыздылығына назар аудара отырып, Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділегін атап өтіп, екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1112203?lang=kk
2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша 25.11.2025
Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!2026 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қантардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары олардың жасалу барысын және оларды ұсыну қағидаларын түсіндіре отырып бекітілгенін хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны бойынша салық есептілігі бекітілді.Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1112222?lang=kk
Грузиялық спортшылар Қазақ Күресінен Әлем кубогына қатысты 25.11.2025
Түркістан қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Қазақ Күресінен өткен Әлем кубогына түрлі салмақ дәрежесінде жеті грузин спортшылары қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша грузиялық құрама жоғары дайындық деңгейі мен тұтастығын растап, жалпы командалық 3-орынды иеленді.Гиги Отиашвили 66 кг категориясында, Зураб Чагелишвили 100 кг категориясында және Фридон Шарикадзе 100 кг астам категориясында қола медальдері жеңіп алды.Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақ Күресі Грузин Федерациясын жарыстарда табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтайды. Сондай-ақ, Гиги Отиашвилиге, Зураб Чагелишвилиге және Фридон Шарикадзеше медальдары мен үздік нәтижелері үшін ерекше құттықтау сөздері жеткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1112139?lang=kk
Жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлердің аттестациядан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары 25.11.2025
2025 жылдың 21 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер тұлғалар үшін аттестаттаудан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының көмекшілеріне заңнама талаптары, аттестаттаудан өту кезеңдері және құжаттарды тапсыру тәртібі кеңінен түсіндірілді. Жүргізілген жұмыс аттестацияға дайындық сапасын арттыруға және жеке сот орындаушыларының санын арттыруға бағытталған. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1112151?lang=kk
Медицинаға арналған салықтық шегерім 25.11.2025
Медицинаға арналған салықтық шегерім:- медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа);- ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.🔶Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.🔶Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) жұмыс берушінің ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жылда айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1112109?lang=kk
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері келіссөз жүргізді 25.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сердар Бердімұхамедовке ықылас танытып, ризашылық білдірді.Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақордада Түрікменстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Екі елдің әнұрандары шырқалған соң президенттер келіссөз өтетін залға барды.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес және бауырлас мемлекет санайтынын жеткізді.– Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.– Сізге түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіз. Бүгінде Түрікменстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттары негізінде дамып келеді. Өзара ықпалдастығымыз саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды, – деді Түрікменстан Президенті.Бұдан кейін келіссөздер екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Энергетика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, IT, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аударылды.Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға мемлекеттік сапармен келгені үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.– Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік және өзара қолдау рухында барынша нығайтуға айрықша мән береміз. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін стратегиялық серіктестікті нығайта түсеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі табысты байланыс орнағанын атап өтті. Үкіметтеріміз жүйелі жұмыс жүргізіп, ведомствоаралық байланыс нығайып келеді. Елдеріміз көпжақты құрылымдар аясында нәтижелі қарым-қатынас жасайды.Мемлекет басшысының айтуынша, Астана мен Ашхабадтың өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша көзқарастары мен ұстанымдары ұқсас.Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында сауда-экономикалық ықпалдастыққа айрықша назар аударды. Соңғы 5 жылда өзара сауда көлемі 4 еседен асып, жарты миллиард долларға дейін ұлғайды.Қазақстанда түрікмен капиталы бар 140-қа жуық компания табысты жұмыс істейді. Осы арқылы аталған кәсіпорындар экономикалық байланысты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қазақстанның Түрікменстанға құйған инвестициясы 120 миллион доллардан асты.Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстың даму қарқынына тоқталды. Президент екі елдің мәдениет күндерін алма-кезек өткізу, көрнекті қайраткерлердің ескерткіштерін ашу шаралары қос халықтың мәдени-рухани мұрасына айтарлықтай үлес қосады деп санайды.Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес мемлекеттер деп атады.– Мемлекеттерімізді ұрпақтан ұрпаққа аманат болып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан ортақ тарихи тамырластық, мәдени-рухани ұқсастық, салт-дәстүріміздің жақындығы секілді құндылықтар біріктіреді. Саяси-дипломатиялық салада Түрікменстан мен Қазақстан жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ықпалдастық орнатқан. Атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, энергетикалық тұрақтылықты нығайту, көлік байланысын ілгерілету, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелері бойынша ұстанымдарымыз ортақ, – деді Түрікменстан Президенті.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің елімізге сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, достық пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға тың серпін беретініне тоқталды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасты:1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрікменстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша ақпараттық ықпалдастық туралы келісім;4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Түрікменстанның Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Астық дақылдары ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;7. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары;9. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Түрікменстанның Ғылым академиясы арасында ғылым саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;11. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ashgabat/press/news/details/1112063?lang=kk
«Рентген-телевизиялық қондырғылар операторларын даярлау жөніндегі арнайы курстарды өзектендіру және өткізу» 25.11.2025
2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ОӘО) «Рентген-телевизиялық қондырғылар операторларын даярлау жөніндегі арнайы курстарды өзектендіру және өткізу» тақырыбында арнайы курс өткізді. Оқыту ОӘО базасында мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлері үшін ұйымдастырылды. Курстың негізгі мақсаты — мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде бақылау сапасын арттыру, оның ішінде техниканың және операторлардың кешенді жұмысының тиімділігін күшейту. Ерекше назар рентген-телевизиялық қондырғылар (РТҚ) сканерленген бейнелерін кәсіби талдау дағдыларына және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге аударылды.Курс бағдарламасы келесі негізгі бөлімдерді қамтыды:Rapiscan, Rapiscan DV, Smith-Heimann және Heimann-container рентген-телевизиялық қондырғыларының жұмыс істеу принциптері;қауіпті заттарды (гранаталар, синтетикалық есірткілер, пышақтар, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар) әртүрлі ракурстардан тану және көру қабілетін дамытуға арналған тәжірибелік жаттығулар;профайлинг әдістері және қауіп тудыруы мүмкін жолаушыларды вербалды емес белгілер арқылы анықтау;қаруды, жарылғыш заттарды, оқ-дәрілерді жасырын алып өту белгілерін анықтау және тыйым салынған заттар мен контрабандалық өнімдерді өткізудің алдын алу. РТҚ операторларын оқыту және тестілеу үшін бағдарламаға Simfox симуляторы енгізілді. Ол қатысушыларға келесі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді:қаруды анықтау;жарылғыш және детонациялық құрылғыларды табу;есірткі мен басқа да тыйым салынған заттардың контрабандасын болдырмау;рентген-телевизиялық қондырғыларды дұрыс сипаттау және қолдану. Практикалық сабақ шеңберінде қатысушылар «Әуежай-Астана» кеден бекетінде оқу-жаттығудан өтті. Сабақ барысында оқу үлгілері — есірткі, тыйым салынған заттар, жарылғыш материалдар, шетел валютасы, зергерлік бұйымдар және бриллиант макеттері қолданылды. Тыңдаушылар әсіресе жарылғыш заттарды анықтау бағытында жоғары нәтижелер көрсетті. Практикалық бөлім Rapiscan құрылғыларындағы рентгендік суреттерді егжей-тегжейлі талқылау және талдау форматында өтті. Курс құрылымына алғаш рет арнайы ағылшын тілі сабағы енгізілді. Ол қатысушылардың кәсіби терминологияны меңгеруіне және халықаралық ортада жұмыс істеуге қажетті тілдік дағдыларын дамытуға бағытталды. Тыңдаушылар тексеру рәсімдерін жүргізу, құжат толтыру және кәсіби қарым-қатынасқа арналған практикалық тіркестерді үйренді. Оқу бағдарламасы теориялық сабақтар мен заманауи жабдықтардағы практикалық дайындықты үйлестірді. Тыңдаушылар рентген-телевизиялық кешендердің жұмыс істеу қағидаттарын терең меңгеріп, бейнелерді талдау әдістерін игерді және қауіпті әрі тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдірді. Ерекше назар кәсіби құзыреттілікті арттыруға, стандарттан тыс жағдайларда шешім қабылдау қабілетін дамытуға және халықаралық кедендік бақылау нормаларын сақтауға аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1112068?lang=kk
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АРС ақпарат 25.11.2025
Жаңа Салық кодексімен кірісі көп емес тұлғаларды, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тартпай-ақ қызметін кезең-кезеңімен жүзеге асыратын тұлғаларды қолдау мақсатында (оның ішінде қызметті платформалық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асыратын адамдар үшін) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АРС көзделген.Осы АСР қызметін платформалық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асыратын арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, бүгінгі күні патент негізінде АСР қолданатын адамдарды (Қазақстан Республикасының азаматтары, қндастар), оның ішінде мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде басқа да адамдарды қолдануға құқылы:- жеке кәсіпкерлер емес;- қызметте жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды;- Үкімет қаулысымен осы режимді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырады.- күнтізбелік айда табысы АЕК-тің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын (2026 жылы 1,3 млн. теңге).Осы режимді қолданатын тұлғалардың міндеттемелерді орындауы мыналармен барынша жеңілдетілді:жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатылды;табыс салығын төлеуден толық босатылған (жеке табыс ставкасы 0%);мұндай адамдар үшін жалғыз міндеттеме табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу болып табылады (міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салық және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 1% - дан), бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға сақтандыру жағдайы басталған жағдайда зейнетақымен қамсыздандыруды, медициналық және әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді;салық есептілігін ұсынудан босатылды;міндеттемелерді орындаудың ыңғайлылығы мен оңайлатуы үшін арнайы мобильді қосымшаны қолдану көзделген, онда: көрсетілген қызметтер үшін чектерді алу (БКМ қолданудың қажеті жоқ), бір айда алынған табыс тізілімін қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді автоматты түрде есептеу мүмкіндігі берілетін болады.платформалық жұмыспен қамту арқылы жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды интернет-платформа операторы платформа арқылы алынған кірістер бойынша жүргізетін болады.жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз міндеттемелерін бір ай ішінде алынған табыстан тиесілі соманы төлеу жолымен орындайды.Осы режимді қолданудың көрсетілген артықшылықтары өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыруға, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге (зейнетақы, медициналық және әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге) бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1112044?lang=kk
Қарағандыда ұландықтарға жаңа қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды 25.11.2025
ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөліміне отандық өндірістен шыққан 17 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Кілттерді салтанатты табыстау рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков қатысты.Облыс әкімі ұландықтардың қоғамдық қауіпсіздіктің берік қалқаны болып, «Заң және Тәртіп» қағидаты негізінде қызмет атқаратынын айтты. Ол әскери қызметшілерге арнайы техниканың кілттерін жеке өзі табыстап, Ұлттық ұланға көрсетіліп келе жатқан жоғары сенімді атап өтті.Өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков облыс басшылығына және ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығына автопаркті жаңартқаны үшін алғыс білдіріп, жаңа техниканың қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау тиімділігін айтарлықтай арттыратынын жеткізді. Жеке құрамға Hyundai ELANTRA, Hyundai TUCSON, Toyota HILUX автокөліктері, төрт автобус пен ауыр техника берілді.Айта кетейік, бұған дейін Астана және Алматы қалаларында да автопарк жаңартылған болатын.Автопаркті жаңарту – құқықтық тәртіп әскерлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және жауынгерлік даярлығын арттыру бағытындағы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жүйелі жұмысының бір бөлігі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1112047?lang=kk
Ұлттық ұлан солисі Астана жұртшылығына ерекше форматта концерт берді 25.11.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің солисі Ғайни Жұмашеваның шығармашылық кеші өтті.Әншінің ән қоржынындағы барлық туынды жанды дауыста орындалып, концерт бастан-аяқ Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің және Үлгілі-көрсетімді оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Кеш иесіне Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың атынан алғыс хат және ықылас гүлі табысталды.- Әскери әнші —жауынгердің рухын көтеретін, жүрегіне жігер құятын, елдік пен ерліктің үнін жеткізетін тұлға. Ол сарбаздың ішкі күшін бекітіп, жеке құрамға моральдық қолдау береді. Ғайни қарындасымызды сол күш пен рух сыйлаушының бірі деп білеміз, - деді Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов.“Құрмет” орденінің иегері, ансамбль жетекшісі капитан Алпамыс Асылбекұлы оркестрге дирижерлық етті. Концертте сондай-ақ ұландық әншінің өнердегі әріптестері — “DI ART” триосы, Дана Жарас, Мұратбек Хайролла, Алтынай Тастанова, құқықтық тәртіп әскерінің Ерлер хоры, солистері мен хореографиялық тобы, Құрмет қарауыл ротасы да өнер көрсетті.Кіші сержант Ғайни Жұмашева — ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Ұлттық ұланның өнер ұжымында 20 жылға жуық уақыт абыройлы қызмет етіп келеді. Ақпараттық-насихаттық топ құрамында еліміздің түрлі өңірлерінде өтетін іс-шараларға, қайырымдылық кештеріне, елорданың мәдени өміріне белсенді қатысады. Бүгінде өнер иесінің репертуарында түрлі жанрдағы 30-дан астам туынды бар.Көпшіліктің сүйіктісіне айналған өнерпаздың “Елім-ай” әні концерттің нүктесін қойды. Бұл кеш Ғайни Жұмашеваның Ұлттық ұландағы көп жылдық қызметінің нәтижесін және елге, өнерге деген адалдығын айқын көрсеткен мәдени шара болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1112056?lang=kk
Бухарестте «Kazakhstan: Born Bold» халықаралық имидждік науқан аясында "Қазақ даласынан тікелей Facebook-ке" кітабының тұсаукесері өтті 25.11.2025
А.ж. 24 қарашасында Бухарестте Қазақстанның "Kazakhstan: Born Bold" халықаралық имидждік науқаны аясында румын TVR телеарнасының журналисті Марина Алмашанның "Қазақ даласынан тікелей Facebook-ке" атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара румындық БАҚ, өнер және мәдени саласының өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық корпустың өкілдерін жинады.Басылымда М. Алмашан Қазақстан, оның тарихы, мәдениеті, адамдары мен дәстүрлері туралы жеке әсерлерімен бөліседі, сондай-ақ саяхат және әлеуметтік желілер арқылы елмен танысудың өзіндік тәжірибесін сипаттайды. Автор қазақ мәдениетінің терең өзіндік ерекшелігін және оның қазіргі Қазақстанның серпінді дамуымен үйлесімді үйлесімін атап өтеді. Бұл сапардың материалдары кітаптың негізін қалады.2025 ж. тамыз айында "Ромпетрол" компаниясы мен Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің көмегімен кітап авторының Румыниядан келген туристік топ құрамында Қазақстанға туристік сапары ұйымдастырылған болатын. Сапарды Қазақстанның Румыниядағы құрметті консулы Корина Мартин "Mistral Tour" туристік агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.Елші Е.Әли өз сөзінде авторға елдер арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, оның кітабы Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге және мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.Тұсаукесер румындық БАҚ, мәдени орта және дипломатиялық қоғамдастық өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара қонақтары Қазақстанға, оның бай мәдени мұрасына, туристік әлеуетіне және қазіргі заманғы дамуына қызығушылық танытты.Іс-шара Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени және туристік байланыстарды кеңейту бойынша жаңа мүмкіндіктерді талқылаумен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1112024?lang=kk
Салықты төлемесең – көлігіңмен қоштас: Алматыда «Борышкер» рейдтік іс-шаралары өтуде 25.11.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы қаласының Полиция департаменті және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп автокөлік құралдары бойынша салық берешегін өндіру мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.Жеке сот орындаушыларының қаулысы шыққан борышкерлердің автомобильдері «Сергек» камераларының көмегімен анықталады және берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қамалады.Бүгінгі таңда көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 4,5 млрд. теңгені құрайды. Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыштың үлкен көлемі 4000 текше см-ден асатын көліктерге тиесілі.Алматы қ. бойынша МКД автокөлік иелерін айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды болдырмау үшін жақын арада салық берешегін өтеуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1112027?lang=kk
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында екі жарым мыңға жас сарбаз әскери ант берді 25.11.2025
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонындағы әскери бөлімдерінде 400-ден астам мерзімді қызмет жауынгері әскери ант берді.Салтанатты рәсімге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Жас сарбаздардың алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жауынгерлерді әскери істі жауапкершілікпен меңгеруге және оларды шыңдай түсетін армияның қиындықтарынан қорықпауға шақырды.– Бір жыл бойы Жамбыл облысы сіздердің үйлеріңіз болады және бұл уақыт естеріңізде мәңгі сақталады, – деді Е. Карашөкеев. – Біз сіздердің әскери қызметті абыроймен атқарғандарыңызға, Отан алдындағы борыштарыңызды құрметпен орындайтындарыңызға сенеміз.Әскери ант қабылдау салтанаты дәстүрге айналған Жеңіс саябағында, қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының ескерткіші жанында өтті. Атақты батальон командирінің атын иеленген 5-механдандырылған бригаданың жас сарбаздарымен бірге байланыс полкінің, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының, сондай-ақ жөндеу базасының жауынгерлері де ант берді.Бір ай бойы жас жауынгер курсында болған сарбаздар атыс және тактикалық дайындықтан өтті. Жауынгерлікк техниканы меңгеріп, полигонда атыс тапсырмаларын орындады. Сонымен бірге сарбаздар уақыттың едәуір бөлігін әскери жарғыларды оқуға арнады.Қонақтар арасында жас жауынгерлердің туыстары да болды. Ақтөбеден Таразға егіз ұлдары Ақниет пен Әділетті көруге келген Ерболат Төремұрат әскери қызметтің өмір мектебі екендігін жақсы біледі. Себебі өзі де екі жыл әскерде болған. Ол армия ұлдарының шынығып, Отанның нағыз қорғаушылары болып шығуына көмектесетініне сенімді.Сондай-ақ Шу ауданынан Надыр мен Исмаил Ибрагимовтерді көруге олардың әжесі Гильшат Бадырова да келді. Немерелерінің қызмет арқылы күшті, ақылды, батыл болып шығатынына сенімді қария оларды қолдау үшін арнайы келгенін айтты.Салтанатты рәсімнен кейін жауынгерлерге дәстүр бойынша туыстарымен уақыт өткізу үшін қалаға сейілге шығуға рұқсат берілді. Осы күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде екі жарым мыңға жуық жаңадан шақырылған сарбаз ант берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1111930?lang=kk
22 қараша күні Боровской ауылында Мендіқара ауданының 95 жылдығына арналған жылдам шахматтан турнир өтті! 25.11.2025
Турнирге түрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі 95 шахматшы қатысты. Олардың қатарында — мектеп оқушылары, студенттер және ересек әуесқойлар болды. Бұл жарысқа ойын стилінің әртүрлілігі мен ерекше тартымдылық қосты.Турнир регламенті бойынша 9 тур швейцарлық жүйемен, 10 минут + әр жасалған жүріс үшін 5 секунд уақыт бақылауымен өткізілді.Қызу әрі тартысты бәсекеде үздік шахматшылар анықталды:1 орын — Набиев Иман2 орын — Салимов Руслан3 орын — Шудегов КириллБарлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!Іс-шара ұйымдастырушысы — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында MOO «DamU.KST».Тапсырыс беруші: Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1111890?lang=kk