Қоғам
Ұлттық валюта күні – Қаржыгерлер күні қарсаңында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметкерлері «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды 14.11.2025
Ұлттық валюта күні – Қаржыгерлер күні қарсаңында Комитет басшылығы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігі ең алдымен білікті мамандарға байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарғаны және жоғары кәсіби біліктілігі үшін бірқатар қызметкерлер «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Барша қызметкерлерді шын жүректен құттықтап, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1105363?lang=kk
Корея Республикасының Конституциялық Соты конституциялық бақылаудың қазақстандық моделінің ерекшеліктерімен танысты 14.11.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Корея Республикасына сапары аясында Конституциялық Сотта корей конституциялық бақылау органы судьяларына, конституциялық құқық зерттеушілеріне және хатшылығының қызметкерлеріне дәріс өткізді.Өз сөзінде Эльвира Азимова Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, қайта құрылған Конституциялық Соттың қызметін ұйымдастыру, оның мандаты, субъектілер өтініштерін қарау тәртібі және конституциялық іс жүргізу практикасы туралы айтылды. Мысал ретінде Конституциялық Соттың жекелеген қорытынды шешімдері келтірілді.Қазақстан Конституциялық Сотының конституциялық іс жүргізу тәжірибесін жинақтау нәтижелері бойынша еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Парламентке жыл сайынғы Жолдауды жіберу тәжірибесі тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1105362?lang=kk
🛑Өңірде ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, халық табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген микрокредиттерге өтінімдер қабылдау қайта басталды. 14.11.2025
🛑Өңірде ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, халық табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген микрокредиттерге өтінімдер қабылдау қайта басталды.⚜Бағдарлама 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа микрокредиттеу және лизинг ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.🔰Бағдарламаның басым бағыттары:Мал шаруашылығы – жалпы қаржыландыру көлемінің 40%-ынан аспайды:ірі қара малды бордақылау жобаларын жүзеге асыру;сүт-тауарлы фермаларды (СТФ) құру;ұсақ мал (қой, ешкі) өсіру.Микрокредиттеу бойынша негізгі шарттар:сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-ға дейін;несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін (ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңдеу салалары үшін);жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін;кооперативтер мен өңдеу жобалары үшін несие сомасы – 8 000 АЕК-ке дейін.🔰Бағдарламаға қатысушылар:фермерлік және шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және жобаны іске асыратын елді мекенде кемінде 12 ай тұрақты тіркеуі бар ауыл тұрғындары қатыса алады.Өтінімдер электрондық форматта «amanatnesie.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Бұл жүйе өтінім беру үдерісінің ашықтығын, жеделдігін және ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.Кеңес пен түсіндіру алу үшін:азаматтар Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша «Атамекен» микроқаржы ұйымына (МҚҰ) жүгінуіне болады.«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға немесе кеңейтуге, өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және туған ауылдың өркендеуіне үлес қосуға нақты мүмкіндік береді.✳Бүгінгі жауапты шешім – ертеңгі табысты болашақтың кепілі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-ulken-naryn/press/news/details/1105330?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Жалған өнімдерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізілді. 14.11.2025
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысы ҚР Қаржы министрлігінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Жалған өнімдерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері де қатысып, онлайн сатып алудағы алаяқтық және қаржылық қауіпсіздік мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шараның мақсаты – тыңдаушылардың алаяқтардан қорғану тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру және жалған өнімдерді тану дағдыларын қалыптастыру болды. Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді. Семинар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1105338?lang=kk
Ақтау гарнизонда алты жүзден астам теңіз жаяу әскері танк астынан өту сынағынан өтті 14.11.2025
Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының 600-ден астам жас сарбазы алғаш рет жауынгерлік дайындық бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты.Бұл іс-шаралар жауынгерлер үшін кәсіби дағдыларын қалыптастырудағы маңызды кезең болды. Әскери қызметшілер кедергілер жолағынан өтіп, АК-74 автоматыннан оқу-жаттығу атыстарын орындады, сондай-ақ ең жауапты сынақтардың бірі – танк астынан өту сынағы болды.Жиын бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары гвардия майоры Ратбек Қуатбеков бұл жаттығудың теңіз жаяу әскерінен барынша төзімділік пен сабырлықты талап ететінін атап өтті.– Қазіргі заманның жауынгері тек дене күші жағынан емес, рухани тұрғыдан да дайын болуы тиіс. Танк астынан өту – ішкі қысымды жеңіп, өз-өзіне деген сенімділікті нығайтуға көмектесетін маңызды кезең. Бүгінгі нәтижелер жас сарбаздардың тапсырманы лайықты деңгейде орындай алатынын көрсетті, – деді тәрбиеші офицер.Көптеген жауынгерлер үшін бұл сабақтар нағыз сынақ қана емес, қызметтегі өз рөлін терең сезінудегі маңызды қадам болды.– Бүгін алғаш рет ұрыс қаруынан оқ аттым. Бұл – ерекше жауапкершілік пен мақтаныш сезімі. Ең қиын сынақ танк астынан өту болды. Бұл сәт есімде мәңгі сақталады, – деді Батыс Қазақстан облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Әділ Алхамов.Алдағы демалыс күндері жас сарбаздар Әскери ант беріп, теңіз жаяу әскерлері бригадасының шабуылдаушы батальондарының қатарына ресми түрде қосылып, Отан қорғау жолындағы қызметін бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1105347?lang=kk
KazAID Тәжікстанның мемлекеттік органдарымен ДРК мәселелері бойынша кездесулер өткізді 14.11.2025
KazAID Тәжікстанның мемлекеттік органдарымен ДРК мәселелері бойынша кездесулер өткізді2025 жылғы 12-14 қараша, Душанбе қаласы, Тәжікстан Республикасы – KazAID делегациясы, департамент директоры Б. Жақуповтың басшылығымен Тәжікстанның негізгі министрліктері мен мемлекеттік органдарымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулердің мақсаты екіжақты ынтымақтастық бағыттарын және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау болды.Кездесулер Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті, Энергетика және су ресурстары министрлігі, сондай-ақ Президент жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі өкілдерімен өткізілді.Кездесулер барысында мемлекеттік қызметтер мен басқарудың цифрландырылуы, медициналық инфрақұрылымды дамыту және денсаулық сақтау саласының цифрландырылуы, сондай-ақ білім беру мен инновациялық технологиялар саласындағы тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелер талқыланды. KazAID IT мамандарын даярлау, мемлекеттік басқаруды цифрландыру сияқты бірқатар бірлескен жобалар мен бастамаларды ұсынды.KazAID өз жобалары туралы айтып берді, соның ішінде Түркияда жер сілкінісінен кейін салынған мектеп және «Авиценна: Денсаулық сақтау», «Достық: цифрландыру» және «Достық: дипломатия» сияқты флагмандық бағдарламалар ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1105300?lang=kk
"Қазақстанның ұлы есімдері мен құндылықтары" көрмесі 14.11.2025
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» көркемөнерпаздар байқауының аудандық кезеңі аясында 12-қараша күні Баннов ауылдық клубында кітапханашы 2025 жылдың маңызды естелік күндері мен мерейтойларына арналған әдебиет ұсынған «Қазақстанның ұлы есімдері мен құндылықтары» кітап көрмесін ұйымдастрыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1105308?lang=kk
ХХIV аудандық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы-фестивалі«Өнеріміз саған, Казақстан!» 14.11.2025
13 қараша күні Вишнёвый ауылдық клубында аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1105310?lang=kk
Көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалі«Өнеріміз саған, Казақстан!» 14.11.2025
13 қараша күні Ленин ауылдық клубында аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1105315?lang=kk
«Теңге – тәуелсіздік нышаны» танымдық экскурс 14.11.2025
«Теңге – тәуелсіздік нышаны» танымдық экскурс 13-қараша күні Ұлттық теңге күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Федоров АӘҚКО» КММда «Теңге – тәуелсіздік нышаны» танымдық экскурсын өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларды ұлттық валютаның жасалу тарихымен таныстырды. Сонымен қатар тыңдармандар тақырыптық викториналарға белсенді қатысты және жүргізушілердің сұрақтарына жауап берді. Танымдық экскурс бейнематериалдар мен музыкамен сүйемелденді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1105319?lang=kk
Астанада өткен бүкілармиялық кеңесте Қарулы күштердің үздік сержанттары анықталды 14.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықовтың басшылығымен сержанттардың бүкілармиялық кеңесі өтті.Жиынға Қарулы күштер түрлерінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың, бас басқармалар мен басқармалардың сержанттары қатысты. Іс-шара барысында 2025 оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.Қарулы күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықовтың айтуынша, кеңестің негізгі мақсаты сержанттар корпусында басым бағыттарды айқындау және оның жеке құрамды тәрбиелеудегі рөлін күшейту болды.– Сержант – командирдің тірегі әрі бағыныстыларына үлгі. Бөлімшенің бірлігі мен жауынгерлік дайындығы солардың жауапкершілігі мен кәсібилігіне байланысты, – деді бас сержант.Жиында тәртіп мәселесі мен қызметтік лауазымдарды толықтыруға ерекше көңіл бөлінді. Сержанттық кадрларды іріктеудің сапасын арттыру, профилактикалық жұмыстар жүргізу, әскери қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында дайындауды кеңейту қажеттігі атап өтілді.Есептік кезеңдегі қызметтік нәтижелер бойынша әскери басқару органдарының рейтингі жасалды. Қарулы күштердің түрлері арасында Құрлық әскерлері (шебер-сержант Мейірбек Рақымбеков), өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (штаб-сержант Толқынжан Ходиметов), бас басқармалар мен басқармалар арасында Әскери полиция бас басқармасы (штаб-сержант Алтынбек Әміржанов) үздік деп танылды.Жеңімпаздарға ауыспалы кубоктар мен құрмет грамоталары табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1105264?lang=kk
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ашық есік күні өтті 14.11.2025
2025 жылғы 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Адал азамат» оқу - ағарту бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай Ашық есік күні өткізілді.Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектептің 8 - 11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.Іс - шараның негізгі мақсаты – жастардың қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызметке қызығушылығын ояту, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін түсіндіру.Кездесу барысында оқушыларға келесі тақырыптар бойынша ақпараттар ұсынылды:Жеке тұлғаларға салық салудың негіздері;Жалпыға бірдей декларациялау;Қаржылық сауаттылық;Жеке тұлғалардың банкроттығы;Кедендік әкімшілендіру.Кездесу соңында оқушылар үшін Департамент мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар ведомствоның тарихымен және қызметімен танысып, мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.Сонымен қатар, қатысушыларға ҚР Ұлттық валютасы күні мен қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған бейнероликтер көрсетілді.Іс-шара соңында оқытушылар мен оқушылар қызықты әрі танымды кездесу ұйымдастырғаны үшін Департамент қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, осындай шараларға болашақта да қатысуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1105274?lang=kk
Қазақстандық жауынгерлердің ұрпақтарына «Батырлық пен борышқа адалдық» медалі тапсырылды 14.11.2025
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарих музейінде соғыс жылдарында қаза тапқан сарбаздарды еске алуға арналған салтанатты шара өтті.Оған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің курсанттары, ардагерлер ұйымдарының өкілдері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.Іздеушілер мен музей қызметкерлері жиналғандарға экспедиция барысында табылған архивтік материалдар, фотосуреттер және хаттарды таныстырды. Олар Қазақстан дивизиялары шайқасқан майдандар және қазақстандық жауынгерлердің қандай жағдайда қаза тапқандары туралы баяндады. Шара қатысушылары оларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.– Біз сарбаздарымыздың рухы алдында үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Әлі аты-жөні белгісіз жауынгерлерді іздеп таппайынша, біздің жұмысымыз жалғасады. Бұл – жеңімпаздар ұрпағы және олардың туыстары алдындағы борышымыз, – дейді «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағының жетекшісі Майдан Құсайынов.Іздестіру жасағының мүшелері «Батырлық пен борышқа адалдық» медалін бірнеше жылдық архивтік іздестіру жұмыстарының нәтижесінде есімдері мен тағдыры анықталған сегіз қазақстандық сарбаздың туыстарына салтанатты түрде тапсырды.– Біздің отбасымыз үшін бұл жай ғана марапат емес – бұл қайта қауышқан естелігіміз. Біз атамыздың тағдыры туралы көп жылдар бойы ештеңе білмедік. Ол біз үшін ерлік пен Отанға адалдықтың үлгісі болды, – деді қызыл әскер сарбазының немересі Омархан Бірімжан.Қаза тапқан жауынгерлердің туыстарымен кездесуге Астана қаласының ардагерлер кеңесінің өкілдері келді. Олар музейге және жауынгерлердің туыстарына «Жеңіс жауынгерлері» атты кітапты сыйға тартты. Кітапта қазақстандықтардың ерліктері суреттелген.Іс-шара Астана қаласы ардагерлер кеңесінің құрамындағы «Әдемі» ансамблінің өнер көрсетуімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1105259?lang=kk
Қазақстанның серпінді жобалары: 17 бастаманың 14-і ҚДБ-мен қаржыландырылады 14.11.2025
Қазақстанның Даму банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанның 17 серпінді жобасының 14-ін қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр.Банктің қатысу үлесі бастамаларға қатысты 2,6 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Бұлар ел ішіндегі жалпы сомасы 6,9 трлн теңгеге жоғары технологиялық қайта өңдеу үлесін арттыратын болашақ металлургиялық және агроөнеркәсіптік кластерлер.Банк Павлодар облысында металлургиялық кластердің бірінші кезегін іске асыруды мақұлдады. Енді Екібастұзда "Mineral Product International" ЖШС қуаттылығы жылына 80 000 тонна ферроқорытпа зауытын салмақ. Оның іске қосылуы Қазақстанның ішкі қайта өңдеу және экспорттық әлеуетін арттырады. 527 тұрақты және 1000-нан астам уақытша жұмыс орны ашылады.Сараптаманың үшінші кезеңі Қарағанды облысында №8-9 (жылына 2,45 млн тонна кокс) жаңа кокс батареялары мен табиғи газ құбырын салатын "Qarmet" АҚ кешенді жаңғырту жобасынан өтуде. Жоба ішкі металлургияны өзіміз өндірген кокспен қамтамасыз етіп, импортты қысқартуға және өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік береді.Құжаттарды жинаудың екінші кезеңінде Қостанай облысында жобалық қуаты жылына 2 млн тонна болатын "QazIron" АҚ (ERG) ыстық брикетті темір (ЫБТ) өндіру зауытының жобасы тұр. Ол әлемдік нарықта сұранысқа ие доменсіз, "жасыл" металлургия үшін премиум шикізат шығарып, 3000-ға жуық маманға жұмыс береді.Қаржыландыру үшін құжат жинаудың бірінші кезеңі қазір Абай облысында қуаты жылына 300 мың тонна мыс болатын "KAZ Minerals Smelting" ЖШС мыс балқыту зауытының жобасы бойынша жүргізілуде. Кәсіпорында мыңдаған тұрақты жұмыс орны ашылып, жоғары экспорттық әлеуеті бар дайын мыс қорытпасы өнеркәсіптік өндірісіне көшуге мүмкіндік береді.Астанада қарыз алушының өз қаражаты есебінен "Kazak Protein" ЖШС бидай мен бұршақты терең өңдеу бойынша интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталды. ҚДБ-да бұл жоба сараптаманың үшінші кезеңінде. Кәсіпорын тірі бидай глютенін және модификацияланған бидай крахмалын шығарады. Болашақта Қостанай облысындағы Qostanai Grain Industry жобасымен бірлесіп, кәсіпорындар астықты тереңдете өңдеудің және ел үшін стратегиялық маңызды импорттық ингредиенттерді алмастырудың негізіне айналмақ. Сонымен қатар қосылған құны жоғары қазақстандық тереңдетілген экспорттық өнім желісін көбейтеді.ҚДБ мен оның еншілес ұйымы ӨДҚ қаржыландыруының арқасында қуаттылығы жылына 120 мың автомобильге дейін жететін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытын салу жобасы рекордтық мерзімде аяқталды. Бұл өз алаңында бірден үш жетекші қытай брендінің өндірісін біріктірген әлемдегі алғашқы кәсіпорын: Chery, Changan және Great Wall Motor (Haval және Tank).Барлық жобалар қатаң іріктеу критерийіне жауап береді. Оның құны кемінде 100 млрд теңге, өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі, стратегиялық маңыздылығы, экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлануы есепке алынады.Анықтама:Үкімет жалпы құны шамамен 16 трлн теңгені құрайтын, 28 мыңнан астам жұмыс орын ашуды көздейтін 17 ірі жобаның тізбесін бекітті. Бұл жобалар қара және түсті металлургия, мұнай-, газ және көмір химиясы, химия өнеркәсібі, автомобиль өндірісі, туризм және азық-түлік өнеркәсібі сияқты бағыттарды қамтиды.Қазіргі таңда екі жоба іске қосылды: KIA автомобильдерін шығаратын зауыт және Chery, Haval және Changan маркалы мультибрендті автозауыт. Қалған 15 жоба әртүрлі кезеңде жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1105195?lang=kk
Қазақстан мен Корея Республикасының конституциялық соттары конституциялық сот төрелігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты 14.11.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова жұмыс сапарымен Корея Республикасына (Сеул қаласына) барды.Сапардың бірінші күні Корея Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Сангван Ким мырзамен кездесу өтті.Эльвира Азимова корей тарапына Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар, 2022 жылғы конституциялық реформа аясында конституциялық бақылау органының қызметі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Конституциялық Сот шешімдерін орындау тәжірибесі туралы хабардар етті. Өз кезегінде Ким мырза Корея Республикасы Конституциялық Сотының екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, екі елдің конституциялық соттары өкілдерінің өзара танысу сапарларының тиімділігін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша конституциялық сот төрелігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту және диалогты нығайту туралы уағдаластықтарды бекітетін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1105204?lang=kk
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында киелі орындарға тағзым 14.11.2025
Ауданымызда дәстүрге айналған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудан ардагерлері қасиетті Қорқыт Ата және Марал Баба кесенелеріне барып, тағзым етті. Сапар барысында 30-ға жуық ардагерлер екі қасиетті орында да құрбандық шалып, ел амандығы мен бірлігі үшін құран бағыштады.Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, ел тарихын дәріптеу жолындағы осындай игі шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ардагерлер музеймен және ондағы тарихи жәдігерлермен танысып, бабалар мұрасына құрмет көрсетті.Марал Баба кесенесінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен білім саласының ардагері Дәмелі Жалғасбаева мұндай шаралар – ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды дәстүрдің жалғасы екенін жеткізді.Айта кету керек, бұл жоба аудан әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен қаржыландырыла отырып, тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін де осы бастама аясында ардагерлер Түркістан және Байқоңыр қалаларына саяхаттап, тарихи және рухани орындарды аралап қайтқан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1105167?lang=kk
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне «Жеке сот орындаушысының лицензиясын алу: кәсіптің талаптары, алу тәртібі және ерекшеліктері туралы хабардар ету» тақырыбында дәріс оқыды. 14.11.2025
2025 жылғы 12 қарашада жастарды жеке сот орындаушыларының қатарына тарту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Е.В. Жумагулова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне «Жеке сот орындаушысының лицензиясын алу: кәсіптің талаптары, алу тәртібі және ерекшеліктері туралы хабардар ету» тақырыбында дәріс оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1105135?lang=kk
2025 жылдың 13 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдауға қатысты. 14.11.2025
Қабылдау барысында заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1105140?lang=kk
Сарбаздардың ата аналары Түркістандағы әскери бөліммен танысты 14.11.2025
Түркістан қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде ұландық сарбаздардың ата-аналары үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.Қонақтар ұландықтардың күнделікті өмірін, олардың тұрмыс-жатын жағдайларын, ас мәзірін, медициналық және психологиялық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін өз көздерімен көрді. Ата-аналар тәртіптің жоғары деңгейін, басшылықтың жас жауынгерлерді тәрбиелеуге деген жауаптылығын атап өтті.Ата-аналардың сұрақтарына тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасының бастығы генерал-майор Аян Есжанов жауап берді.Қатардағы Досбол Дамбековтың әкесі-Жұмаберген Әбдіхалықов бөлім басшылығына алғысын білдірді:— Бүгінгі армия — ер адамдар тәрбиеленетін нағыз мектеп. Біз ұлымыздың Ұлттық ұланда қызмет ететініне шын жүректен қуаныштымыз."Тұлға" мектебінен арнайы шақырылған оқушыларға есік ашық күні ерекше әсер қалдырды. Олар әскери техникамен танысып, үстеріне форма киіп көрді және саптық сабақтарды тамашалады. Көптеген жастар кездесуден кейін өз болашағын әскермен байланыстырғысы келетіндерін айтты.Ашық кездесу халықтың құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілеріне деген жоғары сенімінің дәлелі болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1105126?lang=kk
Сеулде Маңғыстау облыстық филармониясының концерті өтті 14.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 30 қазан – Сеулде «Қазақстан – Ұлы дала сарыны» концерттік бағдарламасы өтті. Іс-шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, Кореяның мәдени және іскер топтарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік қонақтар қатарынан 230-дан астам адам қатысты.Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов құттықтау сөзінде мәдениет Қазақстан мен Корея халықтарын жақындастыратын достық пен өзара түсіністіктің негізгі көпірлерінің бірі екенін атап өтті. Ол «бүгінгі кеш – Қазақстан рухын әуен, қимыл және шығармашылық арқылы жеткізетін музыка, би және сән мерекесі. Мәдениет шекара танымайды. Ол бізді біріктіріп, сенім қалыптастырып, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтады» деп атап өтті.Елші сондай-ақ Қазақстан мен Кореяның гуманитарлық қана емес, саяси, парламенттік, өңірлік және экономикалық бағыттар бойынша да ынтымақтастықты белсенді дамытып келе жатқанын айтты. Туризм саласы да тұрақты өсім көрсетуде. Корея азаматтары Қазақстанның Алматы, Астана және Шымкент қалалары сияқты тікелей әуе қатынасы бар бағыттарды көбірек таңдай бастады. 2025 жылы да оң динамика сақталуда: қаңтар–шілде айларында Кореяға 37 737 Қазақстан азаматы барып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4% өсімді, ал Қазақстанға 17 202 Корея азаматы келіп, бұл көрсеткіш 28% артқанын көрсетті. Бұл екі ел арасындағы өзара қызығушылық пен туристік алмасудың тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды.Сахнада Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Жорға» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар ұлттық дәстүр мен заманауи стильді үйлестірген «Тәрбия» бренді өзінің сән коллекциясын ұсынды.Өнер шеберлері қимыл мен әуен арқылы дала рухын, қазақ халқының мақтанышы мен жан жылуын жеткізе отырып, қазақ хореографиясының байлығын көрермендерге паш етті.Іс-шара аясында тұрмыстық бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылып, былғары өңдеу, зергерлік өнер, киіз бұйымдары және сүйек ою шеберлері өз жұмыстарын ұсынды.Кеш қонақтары концертті жоғары бағалап, Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1105110?lang=kk