Қоғам
СУ АЖЫРАТУ 14.11.2025
Қала су құбыры схемасында жобада қарастырылмаған жаңа нысанды (Лермонтов көшесі, 28 мекенжайы) табиғи монополия субъектісінің балансына қарасты су желісіне қосу жұмыстарына байланысты 17.11.2025 ж. сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша ауыз су беру уақытша тоқтатылады:Әлеуметтік нысандар:Лермонтов көшесі – 28, 28«Б», 28«В», 28/2, 28/3, 28/4, 28/5, 28/7, 28/8, 28/9.ГКП «Қостанай-Су» келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1105885?lang=kk
Будапештте парламенттік дипломатияға басымдық берілуде 14.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 13 қараша - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысы Сыртқы істер комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясындағы мажар делегациясының басшысы Жолт Неметпен кездесу өткізіп, екі жақты байланыстардың, оның ішінде қазақ-мажар парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.А.Сапарбекұлы мажар депутатына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістер мен азаматтық саладағы демократиялық реформалар туралы айтып беріп, еліміздің тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды, алдағы парламенттік реформалар туралы ақпарат берді.Сұхбат барысында, ү.ж. 24 қыркүйекте Мажарстан Парламентінің спикері Ласло Ковердің Қазақстан жасаған ресми сапарының нәтижелері, екі ел парламенттерінің салалық комитеттері арасындағы өзара ынтымақтастық, оның ішінде тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.Өз кезегінде, Ж.Немет екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ ЕКПА шеңберінде Қазақстан арадағы жұмысты одан әрі тереңдете түсуге дайындығын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1105888?lang=kk
SDU University студенттері АИТВ жайлы ашық талқылап, мифтерді бұзды 14.11.2025
2025 жылдың 13 қарашасында Қаскелең қаласындағы SDU университетінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ерекше акция өтті.Іс-шара дәстүрлі семинар форматында емес, «ВИЧеринка» түрінде, яғни жастарға арналған интерактивті, ашық атмосферада ұйымдастырылды. Кездесуге 50 шақты студент қатысып, ерекше қызығушылықпен мамандарға тікелей сұрақтарын қойды.Науқан Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, «Доверия плюс» қоғамдық қоры және «Teenergizer» қозғалысы мамандары мен бірлесіп ұйымдастырылды. Басты мақсат - жастардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін көтеру және қоғамдағы жаңсақ пікірлерді жою.Алматы облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері С. Махмутова студенттердің сұрақтарына жауап беріп, АИТВ туралы ең көп тараған қате түсініктерді жоққа шығарды.«Доверия плюс» ҚҚ-ның кеңесшісі С. Кабжалелов, АИТВ-мен ашық өмір сүріп жүрген адам ретінде, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол диагноздан кейінгі өмірі туралы қолдаудың, хабардарлықтың және әлеуметтік қабылдаудың маңыздылығы жайлы айтты.«Teenergizer» ұйымының резиденті Т. Молдағали АИТВ туралы ең маңызды деректермен бөлісіп, кең тараған мифтерді жоққа шығарды.Іс-шараның интерактивті бөлігінде студенттер АИТВ туралы сұрақтардан құралған 15 сұрақтық Kahoot онлайн-викторинасына қатысты. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.Студенттер мамандарға ашық әңгіме мен пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер қорқынышты сейілтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрететінін атап өтті.Осындай науқандар Алматы облысының барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізіліп, жастар арасында АИТВ тақырыбына деген толерантты және саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1105889?lang=kk
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Қан орталығына жұмыс сапарымен барды 14.11.2025
Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Қарасай ауданына жұмыс сапары барысында облыстық Қан орталығына барды.Сапар аясында орталықтың қызметімен және өңір тұрғындарын сапалы әрі қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Кездесу барысында ерікті және қайырымды донорлықты дамыту, қан тапсыру мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.Қ.Б. Есболатов орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша атқарылып жатқан шараларға назар аударды.Сапар соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары ұжыммен кездесіп, қан қызметін жетілдіру және донорлықты дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1105890?lang=kk
INTEQ Zrt Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады: цифрлық ауыл шаруашылығы және бірлескен IT-шешімдер фокусында 14.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 14 қараша - Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінде өнеркәсіптік автоматтандыру, логистика және агротехнологиялар саласындағы цифрлық шешімдерге маманданған INTEQ Zrt компаниясымен кезекті кездесу өтті.Алдыңғы талқылаулардың жалғасуы ретінде тараптар нақты ынтымақтастық бағыттарын пысықтауға назар аударды. Әсіресе, INTEQ Zrt шешімдерін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде пилоттық енгізу мәселелері қаралды. Олардың қатарында астық сақтау мониторингі, мал шаруашылығына арналған AI-решения, смарт-суландыру технологиялары бар. Мұндай тәсілдер өндіріс тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және аграрлық сектордың тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Қазақстанның IT-компанияларымен бірлескен серіктестік құрып, елімізде технологиялық және цифрлық қызметтер көрсету мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар жоғары технологиялық жетілдіру деңгейіне ие шешімдерді жергілікті жағдайға бейімдеу және ауқымдандыру үшін күш біріктіруге дайын екендігін білдірді.INTEQ Zrt компаниясының Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан аграрлық көрмелер мен салалық іс-шараларға қатысу мүмкіндігі де қарастырылды. Мұндай алаңдар инновациялық шешімдерді көрсету және іскер байланыстар орнату үшін маңызды платформа болып табылады.Тараптар техникалық консультацияларды жандандыруға және мүмкіндігінше Қазақстанда отандық агро және IT-компаниялармен бірлесе отырып INTEQ Zrt шешімдерінің демонстрациясын ұйымдастыруға келісім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1105897?lang=kk
ҰРПАҚҚА МҰРА ҚАЛДЫРҒАН БИ АҒА! 14.11.2025
14 қараша күні қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің туған күніне орай орталық аудандық кітапхананың оқу залында жыл сайын өтетін аудандық «Майлин оқулары» атты көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқау аудан мектептерінің 7–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Ереженің талабы бойынша қатысушылар Б. Майлиннің прозалық шығармаларынан қазақ немесе орыс тілінде үзінді оқу болды.Байқаудың мақсаты – Б. Майлиннің әдеби мұрасына деген қызығушылықты арттыру, аудан оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау. Байқауға Әйет ауылы, Тобыл кенті, Асенкритовка ауылы, Май ауылы, Новоильиновка ауылы, Байшуақ ауылы, Валерьяновка ауылы және Красносельское ауылынан 17 оқушы қатысты.Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келген, дегенмен байқау болған соң жеңімпаздар анықталды.Қазылар алқасының шешімімен:1-орын – Галстян Каринэ (Май а.)2-орын – Мақсұтхан Бекзада (Тобыл к.)3-орын – Шилкина Арина (Тобыл к.)Мешіт имамы Хамзин И.Ш. қазылар алқасының мүшесі ретінде іс-шараға қатысып, жеке ынталандыру ретінде бірқатар қатысушыларды ақшалай сыйлықтармен марапаттады:Курушбекова Үкілімай (Әйет а.)Болат Еркебұлан (Байшуақ а.)Мақсұтхан Бекзада (Тобыл к.)Байқауға қатысқан барлық оқушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Осындай іс-шаралар арқылы мектеп оқушылары қазақ әдебиетінің әлемін танып, кітапқа деген сүйіспеншілікті және Бейімбет Майлин шығармашылығына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1105835?lang=kk
Алматы облысы білімге инвестицияны ұлғайтып, түлектерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр 14.11.2025
Алматы облысында жастардың жоғары білімге қолжетімділігі артып келеді. Биыл мектеп бітірген 17 940 түлектің жартысына жуығы – 7 681 жас мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарына қабылданған. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары өңірдің білімге басымдық беріп отырғанын айғақтайды.Грант иегерлерінің ең көп саны Талғар ауданында тіркелді. Сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласы да жоғары нәтижелер көрсеткен.Сала мамандарының айтуынша, биыл педагогикалық бағыт ең танымал мамандықтардың бірі болған – 1 440 түлек осы саланы таңдаған. Одан кейін 770 жас медициналық мамандықтарға, 543-і аграрлық бағытқа құжат тапсырған. Қалған 4 928 түлек инженерия, IT және әлеуметтік-экономикалық мамандықтарды таңдаған.Өңір үшін биылғы маңызды жаңалықтардың бірі – 27 түлектің Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетінен тегін білім алуға грант иеленуі. Шетелге аттанған жастар Талғар, Іле, Қонаев, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл аудандары мен Алматы қаласынан. Бұл – Алматы облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асып жатқан халықаралық білім беру бағдарламасының бір бөлігі.Шетелде білім алып жүрген студенттердің өзі бұл мүмкіндікті үлкен қолдау деп бағалайды.«Алматы облысы әкімдігі берген гранттың арқасында Қытайда оқуға мүмкіндік алдым. Бұл – сапалы білім алып, елге келіп өзім таңдаған мамандық бойынша қызмет етуге ашылған жол», – дейді Синьцзян университетінің студенті Нұрәли Қыдырхан.Синьцзян медициналық университетінде оқып жүрген Қарақат Тұрғынбай да жағдайдың жақсы екенін айтады.«Бөлмеде екі студент тұрамыз, оқу базасы өте мықты. Түрлі елден келген жастармен танысып, тәжірибе алмасып жүрміз. Бұл болашақта білікті маман болуға үлкен ықпал етеді», – дейді ол.Синьцзян қаржы және экономика университетінің студенті Аяулым Арыстанбекова халықаралық білім берудің жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.«Әлемдік деңгейдегі университетте оқу – үлкен мәртебе. Алматы облысы мен Қытай арасындағы келісімдердің нәтижесінде көптеген студент тегін оқып жатыр. Бұл біліммен елге оралып, Отанға қызмет етуге ниеттіміз», – дейді ол.Сонымен қатар, облыс әкімінің жергілікті бюджет есебінен бөлінген 30 гранты да биыл талапкерлерге қолжетімді болды. Оның 17-сі медицина саласына (оның ішінде 12 – интернатура), 7 грант аграрлық бағытқа, 6 грант педагогикалық мамандықтарға берілген.Өңір билігінің айтуынша, бұл гранттар Алматы облысының кадрлық әлеуетін арттыруға, ауылдық өңірлерге білікті ұстаздар мен дәрігерлерді тартуға және жастардың жоғары білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1105833?lang=kk
Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты күре жол толық іске қосылды: «Ұзынағаш – Отар» тасжолы пайдалануға берілді 14.11.2025
Бүгін Алматы облысында 42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» жолының ашылуы өтті. Аталған жолдың іске қосылуымен магистралді жаңарту толығымен аяқталды. Енді Алматыдан Шымкентке дейінгі жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы болмақ.Ашылу салтанатына ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев және өңір ақсақалдары қатысты. Рәсімде қозғалысты бастау батырмасы басылып, жаңа жол арқылы алғашқы болып 15 көліктен тұратын автоколонна жүріп өтті.Биыл біз ел бойынша 13 мың шақырым жолда жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу арқылы рекордтық нәтижеге қол жеткіздік. Бұл – Мемлекет басшысының қолдауы мен жол саласының қызметкерлерінің күнделікті атқарып жүрген ерен еңбегінің арқасы. Олар азаматтар үшін қауіпсіз, әрі ыңғайлы жолдар салып, өңірлердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда», – деді іс-шара барысында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.Сонымен қатар жолды ашу салтанатының аясында жобаны іске асыруға ерекше үлес қосқан жұмысшылар марапатталды. Оларға ведомстволық медальдар, Алғыс хаттар және Көлік министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды.Айта кетейік, бүгін ашылған «Ұзынағаш – Отар» күре жолында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталып, небәрі екі жылда толық аяқталды. Жобаға 163 бірлік техника, 290 маман жұмылдырылып, екі асфальт-бетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмыс істеді.42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» тасжолының ашылуымен Алматы мен Шымкент арасындағы жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы, әрі қауіпсіз болмақ. Бұл магистральдің өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады және өңірлер арасындағы көлік байланыстарын нығайтып, Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастарды одан әрі күшейтері сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1105785?lang=kk
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған «Ашық есік күні» акциясы өтті 14.11.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұлттық валюта күні қарсаңында Ш. Уәлиханов атындағы университет «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика факультетінің 4 курс студенттеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.Студенттер Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдерінің жұмысымен танысып, қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.Шара барысында қонақтар Мемлекеттік кірістер департаментінің мұражайымен танысты.Балалар экскурсия ұымдастырған үшін алғыстарын білдіріп, олардың кейбіреулері жоғары оқу бітіргеннен сон мемлекеттік кірістер органдарға жұмысқа кіруге ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1105777?lang=kk
Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті 14.11.2025
Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті. Шараға өңірдің білім беру ұйымдары мен тіл оқыту орталықтарынан 150-ге жуық маман қатысты. Форум барысында педагогтер кәсіби біліктілікті арттыру, оқыту әдістемесін жетілдіру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.Форум екі бөлімнен тұрды: TEDx форматына негізделген пленарлық жиын және тәжірибе алмасуға арналған секциялық сабақтар. Жиынның негізгі мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, оқушылардың оқу және тілдік сауаттылығын дамыту, педагогтердің шығармашылық әлеуетін күшейту.Қатысушылар форумның мұғалімдерге жаңа әдістемелерді меңгеруге, озық тәжірибелермен бөлісуге және инновациялық тәсілдерді сабақ үдерісіне енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарья Ерболатқызы функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллектті қолдану мәселелерінің өзектілігін айтты:«Мен функционалдық сауаттылық секциясында спикер ретінде қатыстым. Әр мектептің тәжірибесін талдау, ЖИ-пен жұмыс жүргізу — қазіргі таңда өте маңызды тақырыптар», – деді ол.Бұл Тіл форумының Алматы облысында екінші мәрте ұйымдастырылуы. Биыл форумға 150-ден аса педагог қатысты.Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мұғалімдерге әдістемелік қолдаудың маңызын атап өтті:«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері заман талабына сай білім беруі қажет. Біз өз тарапымыздан жан-жақты әдістемелік көмек көрсетуге дайынбыз. Форумның басты мақсаты — қазақ тілінің тазалығын сақтап, оқыту сапасын арттыру», – деді ол.Халықаралық «Qazaq Tili» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы білім саласындағы тіл оқытудың сапасы жалпы тіл саясатына әсер ететінін атап өтті:«Егер білім беру жүйесінде тіл оқыту ісі дұрыс жолға қойылса, түлектер қазақша сауатты сөйлеп, әдемі жаза алады. Бұл өз кезегінде тілдің басқа салаларда да кеңінен қолданылуына жол ашады», – деді ол.Шара барысында қазақ тілін дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен тіл жанашырлары марапатталды. Ұйымдастырушылар Тіл форумын жыл сайын өткізіп, мемлекеттік тілді оқыту сапасын одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1105705?lang=kk
"Құқық бұзушылықтың алдын алу құралы ретінде психологиялық көмек және кеңес беру" тақырыбындағы Семинар 14.11.2025
«Заң және тәртіп» желілік жоспарына сәйкес, * 2025 жылдың 14 қарашасы күні* Осакаров ауданының білім бөлімі мен мектептері «Құқық бұзушылықтың алдын алудың құралы ретінде психологиялық көмек пен кеңес беру» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға 400-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты.Іс-шара барысында білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, қауіп факторларын ерте анықтау әдістері, педагогтар, психологтар мен ата-аналардың өзара әрекет ету алгоритмдері қарастырылды. Қатысушыларға тәртіп бұзуға және қақтығысқа бейім жасөспірімдермен жұмыс істеуге арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1105667?lang=kk
Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды 14.11.2025
Бейжің, 2025 жылғы 13-14 қараша – Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі Мұрат Нұртілеу Қытайдың бірқатар негізгі мемлекеттік органдарының басшылығымен, соның ішінде Сыртқы істер министрлігі, Сауда министрлігі және Ұлттық даму және реформалар комитеті (ҰДРК) басшыларымен кездесулер өткізді.ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК Сыртқы істер жөніндегі комиссиясы Хатшылығының басшысы, Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Имен болған кездесуде М.Нұртілеу екі ел көшбасшыларының жетекшілігімен екіжақты қатынастар сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Қазақстан бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетуге, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және екі елдің мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайтуға ниетті.Өз кезегінде Ван И Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты үйлестірудің негізгі бағыттары, оның ішінде энергетика, көлік байланыстылығы, сондай-ақ ядролық энергетика мен жасанды интеллектті қамтитын жаңа салалар бойынша өзара әрекеттестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.ҚХР Сауда министрі Ван Вэньтаомен кездесуде өзара сауда көлемін арттыру, қазақстандық өнімнің жеткізілімдерін ұлғайту, экспортталатын тауарлар ассортиментін кеңейту, электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастықты дамыту, өзара саудадағы кедергілер мен «тар жерлерді» жою мәселелері талқыланды.Сонымен қатар ҚХР ҰДРК төрағасының орынбасары Чжоу Хайбинмен кездесу өтіп, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіптік кооперация және цифрлық технологиялар, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы өзара іс-қимыл және көлік байланыстылығын нығайту мәселелері қарастырылды.Сапар барысында ҚР Президентінің көмекшісі сондай-ақ Қытайдың іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізіп, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу, АӨК, металлургия, көлік және логистика, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1105678?lang=kk
Қазақстан Өзбекстанмен ынтымақтастықты тереңдету үшін АӨК өнімдерінің экспортын 14,5 млн тоннаға дейін ұлғайтады 14.11.2025
2025 жылдың 13 қарашасында Ташкент қаласында Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжанның Сауда және инвестициялар министрлері кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының атынан ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қатысты. Министр өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші екенін алға тартты. Бүгінде екі елдің үлесіне өңірішілік өзара сауданың шамамен 80 пайызы тиесілі. Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 3,4 млрд АҚШ долларына жетіп, 18 пайыздан астам өсім көрсетті. Арман Шаққалиев бұл нәтижелер Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері, сондай-ақ іскер топтар арасында қалыптасқан тұрақты ынтымақтастықтың тиімділігін дәлелдейтінін атап өтті. Министр тараптар алдына қойылған стратегиялық міндет – өзара сауданы 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту екенін жеткізді. Бұл мақсатқа жету үшін дәстүрлі шикізат саудасынан бірлескен өндірістерді дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге және жоғары қосылған құнды экспорттық тізбектер қалыптастыруға көшу қажеттігін алға тартты. Бүгінде Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 2400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде 500-ге жуық кәсіпорын бірлескен компаниялар. Екіжақты ынтымақтастықтың инвестициялық портфелі жалпы құны 1,7 млрд АҚШ долларынан асатын 78 жобаны қамтиды. Соның ішінде 13 жоба 220,9 млн АҚШ доллары көлемінде сәтті іске асырылған. Арман Шаққалиев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытына ерекше тоқталды. Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп толық өндірістік тізбектер құруды – бордақылау алаңдарын ұйымдастыруды, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеуді, май-тоң май саласын дамытуды, сондай-ақ шекара маңында агрокластерлер қалыптастыруды ұсынды. Қазақстан тарапы көлемі шамамен 14,5 млн тоннаны құрайтын агроөнеркәсіптік өнімдердің экспорттық қоржынын кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Бұл қоржынға дәнді және бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, ұн және өсімдік майы кіреді. Осындай бастамаларды іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, бірлескен өнімді Қытай, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия нарықтарына шығару мүмкіндігін кеңейтеді.Сондай-ақ тараптар үшін басым бағыттардың бірі - көлік-логистикалық ынтымақтастық. Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік дәліздерді дамытуды өңірлік сауданы нығайтудағы стратегиялық фактор ретінде қарастырады. Өткен жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы Қазақстан аумағымен тасымалданған жүк көлемі шамамен 2,8 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты. Қазақстандық тарап тарифтік саясатты үйлестіруді, логистикалық процестерді цифрландыруды жеделдетуді, инфрақұрылымды жаңғыртуды және «қағазсыз сауда» тетіктерін енгізуді ұсынды. Бұл шаралар бизнес шығындарын азайтып, көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған. Министр цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты да ерекше атап өтті. Қазақстан IT саласының даму қарқыны бойынша өңірде жетекші орынға ие. IT-қызметтердің экспорты 2020 жылғы 50 млн АҚШ долларынан 2024 жылы 600 млн АҚШ долларына дейін өсті. Цифрлық экожүйенің дамуына 30 елден 1300-ден астам IT-компанияны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркі айтарлықтай үлес қосып отыр. Ел жасанды интеллект технологияларын белсенді дамытуда: ұлттық Alem.AI кластері құрылды, биометриялық цифрлық идентификатор жүйелері енгізілді. Қазақстандық Biometric.Vision және Alaqan Technologies компаниялары биометрия және цифрлық сәйкестендіру саласындағы инновациялық шешімдерімен халықаралық нарыққа шығуда. Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы цифрлық интеграция сауда операцияларын жеделдетіп, тауарлар мен адамдардың қозғалысын жеңілдетуге, сондай-ақ мемлекеттік және бизнес-сервистер үшін бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Министрлер кеңесінің отырысынан кейін делегациялар Бостандық ауданындағы Chimgan Resort кешенінде «Шекарасыз ынтымақтастық» ұранымен өткен «Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025» халықаралық форумына қатысты. Форумға өңірдің алты елінен министрліктердің, сауда палаталарының және ірі компаниялардың өкілдері қатысып, кооперация, логистика және инвестициялар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстаннан форумға ұлттық оператор QazTrade басшылығымен ұйымдастырылған бизнес-миссия құрамында шамамен 50 компания қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1105615?lang=kk
Ливан спортшыларының Қазақстанға сапары 14.11.2025
Ливандағы танымал “Sagesse” баскетбол клубы 19-20 қарашада Астанаға жол тартуы жоспарланған. Мақсаты - осы спорт түрінен өтетін Батыс Азия Супер лигасының жарыстарына қатысу. Сапар барысында Таяу Шығыс елдерінде баскетболдан жетекші спорттық клуб саналушы “Sagesse” отандық “Астана” тобымен күш сынасады. Аталған шара Қазақстан мен Ливан арасында түрлі салаларда кеңейіп келе жатқан қарым-қатынастардың кезекті көрінісі болып табылады. Сапар алдында Қазақстанның Бейруттағы Елшісі Расул Жұмалы ливандық клубтың Бас менеджері Халил Аунмен және топ мүшелерімен кездесіп оларға Ақ жол тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1105588?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Осакаров және Нұра аудандарында семинар өткізді. 14.11.2025
2025 жылғы 13 қарашада Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Осакаров және Нұра аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының қатысуымен салық төлеушілер үшін көшпелі семинар өткізді, олардың мақсаты салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді ақпараттандыру және түсіндіру болып табылады. Іс-шара аясында салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін салық кодексіндегі инновациялар бойынша егжей-тегжейлі кеңес берілді.Кездесулер барысында қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы өзгерістермен танысуға, бұл инновациялардың олардың бизнесіне немесе жеке міндеттемелеріне қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ өз сұрақтарын қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды.Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін салық төлеушілермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1105594?lang=kk
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У.Умирзактың Ұлттық валюта күнімен құттықтауы. 14.11.2025
Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының қаржы саласы үшін маңызды мереке – 15 қараша, Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуы – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Осы күні біз ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуін еске ала отырып, мемлекетіміздің экономикалық дербестігін, тұрақтылығын және дамуға ұмтылысын ерекше бағалаймыз. Осы мерекеге орай барлық әріптестеріме зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілеймін! Еліміздің экономикалық дамуына қосып жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын. Құрметпен,Жетісу облысы бойынша МКД басшысыУмирзаков У.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1105596?lang=kk
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібі. 14.11.2025
Тауарларға ілеспе жүкқұжат (келесіде-ТІЖ) – бұл тауарға ілеспе құжат болып табылады, оның ішінде салық төлеушіге тауардың жөнелтілгенін растайтын құжат, бастапқы бухгалтерлік құжат.ТІЖ электрондық нысанда Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (келесіде - ЭШФ АЖ) ресімделеді, техникалық қателіктер расталған жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында жарияланған. Сол кезде ТІЖ қағаз нысанда ресімделеді және техникалық қателік жойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-не енгізілуі тиіс.Ресімдеуді жеткізуші (импорт кезінде — алушы) «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүргізеді (ЭШФ АЖ-гі арнайы электрондық модуль тауарларды автоматтандырылған түрде бақылау және қадағалау үшін арналған).ТІЖ салық заңнамасының, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның және 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 қаулымен бекітілген «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оларды ресімдеу және құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.ТІЖ ресімдеу мерзімдері:Қазақстан Республикасында тауарларды тасымалдау, өткізу немесе жөнелту кезінде: тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) жөнелтудің басталуына дейін;ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден импорт кезінде: кедендік тазартудан кейін тауарларды тасымалдау немесе өткізудің басталуына дейін;ЕАЭО елдерінен импорт кезінде: мемлекеттік шекарадан өтуге дейін;ЕАЭО-ға кірмейтін елдерге экспорт кезінде: тауарларды тасымалдау, өткізу немесе жөнелтудің басталуына дейін;ЕАЭО елдеріне экспорт кезінде: тауарларды тасымалдау, өткізу немесе жөнелтудің басталуына дейін;Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар (ЕАЭО елдері үшін): автомобиль өткізу пунктінде.ТІЖ-да көрсетілген деректер басқа құжаттардағы, соның ішінде электрондық шот-фактуралардағы ақпаратпен сәйкес болуы тиіс. ЭШФ шығарған кезде сәйкес ТІЖ-ның тіркеу нөмірін көрсету қажет.ТІЖ алушы тіркелген күннен бастап 10 календарлық күн ішінде оны растайды немесе терістейді (егер ТІЖ-да деректер дұрыс көрсетілмеген немесе қате ресімделген болса). Кез келген көлік түрімен жеткізулер үшін – 20 жұмыс күні ішінде. Растау экспорт, авиаотын сату немесе «Кіші сауда нүктесі» белгісімен белгіленген шағын бизнес субъектілеріне сату кезінде қажет емес.Автомобиль немесе әуе көлігі арқылы тауарларды импорт және экспорт кезінде Мемлекеттік кірістер органы қызметкері шекарадан өту фактісін ТІЖ-ге тиісті белгі қою арқылы растайды.ТІЖ ресімдеу талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 283-1-бабымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1105598?lang=kk
Аманғос Төлеуовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді 14.11.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында мемлекеттік наградаларды табыстады.Алқалы жиында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айырықша құрмет көрсетілді.Президент Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1105557?lang=kk
Салық құпиясы мен акцизделетін тауарларды салық салу мәселелері бойынша семинар 14.11.2025
2025 жылғы 14 қарашада Күршім ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.Іс-шара барысында «Салық құпиясы» және «Акцизделетін тауарларды салық салу және салық кезеңі» тақырыптары қарастырылды.УГД мамандары салық заңнамасының негізгі қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Семинар соңында қатысушыларға жадынамалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1105560?lang=kk
Бельгиядағы қазақстандықтар: жаңа бастамалар және Отанмен байланысты нығайту 14.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 13 қараша — Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Елшісі Роман Василенко Бельгия мен Люксембургтің әртүрлі өңірлерінде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.Кездесуге диаспораның белсенді өкілдері, кәсіпкерлер, халықаралық ұйымдардың мамандары және мәдениет қайраткерлері қатысты. Жиында отандастарды қолдау, қазақ тілін және дәстүрлерін сақтау, сондай-ақ Елшілік пен қазақстандық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.Елші диаспораның мәдени әрі қоғамдық өмірге тартылуының маңыздылығын атап өтіп, шетелде тұратын қазақстандықтар Қазақстан мен Еуропа арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды буын екенін ерекше айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы, соның ішінде Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімнің 10 жылдығы контекстіндегі жұмыстар жөнінде ақпарат берді.Кездесу барысында қатысушылар Елшілік жанынан қазақ тілі курстарын, шығармашылық және білім беру іс-шараларын өткізуге арналған алаң бола алатын мәдени орталық құруды ұсынды. Сондай-ақ бірлескен жобаларды үйлестіру және отандастар арасындағы өзара байланыстарды нығайту мақсатында Бельгиядағы қазақстандықтар қауымдастығын құру идеясы талқыланды.Кездесу соңында диаспора өкілдері қазақстандық композиторлардың музыкалық шығармаларын орындап, бұл жылы да жайлы атмосфера қалыптастырып, мәдени тамырларды еске салды.Жиналғандар Елшілікпен тұрақты диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен шетелдегі отандастар арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1105458?lang=kk