Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті 12.11.2025
Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлестіҚазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды.Мемлекет басшысы Президент Трамптың Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатуға нақты алғышарттар жасап, көпшілік күмәнмен қараса да, елеулі нәтижелерге қол жеткізгеніне назар аударды.Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады.Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеген көпжақты дипломатияның заңды жалғасы әрі нақты көрінісі.АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін атап өтті.– Бұл – бүкіл әлемде ынтымақтастық орнатуда айтарлықтай алға ілгерілеу. Бүгінде көптеген ел Ибраһим келісімдері арқылы бейбітшілік пен өркендеу жолын таңдап отыр, – деді Дональд Трамп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1103254?lang=kk
«Қазақстанның жасырын інжу-маржандары» көрмесі Финляндияны тамсандырды 12.11.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 11 қараша – Хельсинки қаласында Қазақстанның табиғатының, мәдениетінің және туристік әлеуетінің сұлулығы мен алуан түрлілігін паш еткен «Қазақстанның жасырын інжу-маржандары» атты көрме үлкен табыспен өтті.Қонақтарға Қазақстанның қайталанбас көріністерін бейнелейтін көркем суреттер мен фотосуреттер ұсынылды. Қар басқан Алтай тауларынан бастап, мөлдір көгілдір көлдер мен шексіз далаларға, көрікті шатқалдарға дейінгі табиғат көріністері көпшіліктің назарын аудартты. Ерекше қызығушылық тудырған экспонаттардың бірі – ұлттық ою-өрнектермен және қолданбалы өнер туындыларымен безендірілген дәстүрлі қазақ киіз үйі болды. Ол келушілерге қазақы қонақжайлылық рухын сезінуге мүмкіндік берді.Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов өз сөзінде мәдени бастамалардың екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызын атап өтті. «Бұл көрме – фин халқы мен жұртшылығына Қазақстанның бір бөлшегін таныстырудың ерекше жолы. Біз еліміздің табиғи сұлулығын ғана емес, оның бай мәдениеті мен дәстүрлерін, заманауи болмысын да көрсеткіміз келеді», – деді Елші.Іс-шараға фин қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері, журналисттер және Қазақстанның достары қатарынан 200-ден астам қонақ қатысты.Қонақтар көрменің көркемдік деңгейін және жылы атмосферасын жоғары бағалап, қонақжайлық пен экспозицияның ерекше безендірілуін, сондай-ақ Қазақстан туралы тереңірек танысу мүмкіндігін атап өтті.«Қазақстанның жасырын інжу-маржандары» көрмесі Финляндия жұртшылығын шынымен баурап, екі ел халқы арасындағы мәдени диалог пен достықты нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1103262?lang=kk
Қазақстан-Германия су стратегиялық әріптестігі: тәжірибелік шешімдердің жаңа кезеңі 12.11.2025
Берлин, 2025 жылғы 11 қараша – Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде «Қазақстан-Германия: су саласындағы стратегиялық әріптестік – жаңа деңгей» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Іс-шара German Water Partnership қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесуге екі елдің мемлекеттік органдарының, ғылыми институттарының және іскер топтарының өкілдері қатысты.Елші Нұрлан Онжанов Қазақстан мен Германияны тұрақты даму, жасыл технологиялар және су ресурстарын басқару салаларындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің серіктестігі жүйелі шешімдерге, бірлескен жобалар мен технологиялық алмасуға негізделген жаңа деңгейге көтерілуде.Елші Германия Федералдық Үкіметіне, Сыртқы істер министрлігіне және GIZ ұйымына Green Central Asia бастамасы және аймақтағы климаттық жобаларды қолдағаны үшін алғысын білдірді. Аталған бастама аясында қабылданған Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік стратегия одан әрі ынтымақтастыққа берік негіз болды.German Water Partnership басқарушы директоры Борис Грейфенедер ашық диалогты жоғары бағалап, су ресурстары, тұрақты даму және климаттық бейімделу саласындағы тәжірибелік шешімдер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын білдірді. Су қауымдастығы тұрақты дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін тәжірибені, технологияларды және инновацияларды біріктіре отырып, елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын.Қазақстанда жүргізіліп жатқан су секторының реформаларына жоғары баға берілді. Олардың қатарында жаңа Су кодексінің қабылдануы, Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің қайта құрылуы, Цифрлық су кадастрының іске қосылуы, Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесінің құрылуы, сондай-ақ су қоймалары мен кәріз және ирригациялық жүйелерді жаңғырту жоспарлары бар.Панельдік пікірталастар барысында су ресурстарын басқару, тұрақты даму және коммуналдық шаруашылық салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы, сондай-ақ ҚР тарапы ұсынған Қазақстан-Германия инновациялық су хабын құру бастамасы талқыланды. Хаб технологиялармен алмасу, сандық шешімдерді енгізу және пилоттық жобаларды дамыту алаңына айналмақ.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы стратегиялық су әріптестігін нығайтуға бейілділіктерін растады және инновациялық су хабын құру, сондай-ақ су менеджменті, тұрақты даму және коммуналдық шаруашылық салаларындағы бірлескен бастамалар мен пилоттық жобаларды ілгерілету жөнінде уағдаласты.Қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасындағы су әріптестігі жай ғана тәжірибе алмасу емес, бұл тұрақты даму, экономикалық өсу және болашақтағы қауіпсіздік үшін судың шешуші маңызын ортақ түсінуге негізделген стратегиялық таңдау.German Water Partnership су ресурстары саласындағы 350-ден астам компанияларды, сауда бірлестіктерін, бизнесті, ғылымды және зерттеулерді ұсынатын мекемелерді біріктіреді. Ұйым күшті халықаралық фокусы бар Германияның су секторындағы жетекші желісі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1103275?lang=kk
ДСҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Global Grain Geneva 2025 халықаралық конференциясының ашылуында негізгі баяндама жасады 12.11.2025
Женева, 2025 жылғы 11 қараша – Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Global Grain Geneva 2025 халықаралық конференциясының ашылуында негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйледі. Бұл конференция – әлемдік астық және агроөнеркәсіптік саланың жетекші форумдарының бірі болып табылады.Биылғы форум Женевада жүздеген халықаралық агробизнес өкілдерін, трейдерлерді, инвесторлар мен сарапшыларды жинап, астық пен майлы дақылдарды өндіру, сауда және логистика салаларындағы жаңа үрдістерді, сондай-ақ жаһандық азық-түлікке сұраныстың арту жағдайындағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылауға мүмкіндік берді.Өз сөзінде Тұрақты өкіл Қ. Төребаев Қазақстанның өнімділікті арттыру, экспортты әртараптандыру және заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы сенімді азық-түлік жеткізуші ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті. 2025 жылы елде астықтың рекордтық көлемі – 27,1 млн тонна жиналып, экспорт географиясы әлемнің 50-ке жуық еліне дейін кеңейгенін, соның ішінде Еуропа, Азия және Солтүстік Африка бағыттарының ашылғанын мәлімдеді.Сонымен қатар Тұрақты өкіл Қ. Төребаев Қазақстанның майлы дақылдарды өндіру мен қайта өңдеу саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын, күнбағыстың рентабельдігі 96%-дан асатынын, ал отандық өнімдердің Қытай мен Таяу Шығыс нарықтарына белсенді шығуда екенін атап өтті.«Қазақстан ынтымақтастыққа, инновация мен бірлескен инвестицияларға әрдайым ашық әлемдік азық-түлік жүйесінің сенімді серіктесі болып қала береді», – деді Қайрат Төребаев.Қазақстанның Global Grain Geneva 2025 форумына қатысуы ұлттық аграрлық мүдделерді ілгерілетуге, елдің жоғары сапалы және экологиялық таза өнім экспорттаушысы ретіндегі беделін нығайтуға және әлемдік агробизнес саласындағы жетекші компаниялармен серіктестікті тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1103297?lang=kk
Мажарстандағы ең ірі құрама жем өндірушісі және дистрибьюторымен ынтымақтастық 11.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 7 қараша – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «UBM Group» компания тобының Бас атқарушы директоры П.Хорватпен кездесу барысында мажар компанияның Қазақстандағы инвестициялық жобалары мен компания басшыларының Астанаға жоспарланған іс-сапар талқыланды.Мажар компаниясы Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін зауыттар салу бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарауда. Жобаның бірінші кезеңінде Алматы облысында премикс зауыты және Қостанай облысында құрама жем зауытының құрылысы қарастырылған.«UBM Group» тобы қазіргі уақытта 16 компаниядан тұрады және Мажарстандағы ең ірі астық саудагерлерінің, құрама жем өндірушілері мен таратушыларының бірі болып табылады. Компания 28 жылдан астам уақыт бойы Мажарстанның жем өндірісі саласында белсенді қызмет атқарып келеді.Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі мажар компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуге ниетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1103237?lang=kk
Түркияда Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығы тойланды 11.11.2025
Анкара, 2025 жылғы 11 қараша – Елшілік пен Халықаралық Түркі мәдениеті ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен Анкарада Тәттімбет Қазанғапұлының 210-жылдығы тойланды.Анкараның Етимесгут ауданында орналасқан ескерткішіне гүл қою рәсімінен кейін Халықаралық Түркі мәдениеті ТҮРКСОЙ ұйымы ғимаратында мәдени кеш өтті.Жиынға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі, бұрынғы ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі әлемі архитекторлер және инженерлері ұйымының Бас хатшысы Ілияс Демирджи, дипломатиялық корпус, Анкарадағы қазақ диаспорасы және қазақ өнерінің жанашырлары қатысты.Өз сөздерінде С.Раев: «Тәттімбеттің музыкасы – Түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасы» екенін айтып, Тәттімбеттің барша түркі әлемінің өнеріне қосқан үлесін назарға салды. Д.Қасейінов «Тәттімбет Қазанғапұлы тек күй шебері ғана емес, халқының жанын, тарихы мен сезімін домбыра арқылы жеткізген ұлы өнер иесі» екенін жеткізсе, Елші Е.Сәпиев «Бүгінгі кеш - тек музыкалық шара емес, бұл - рухани сабақтастықтың, ұлттық өнерге деген құрметтің, бабадан қалған аманатты дәріптеудің мерекесі» деді.Іс-шарада Қазақстанның танымал өнер шеберлерінің бірі, Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай мен «Қазақконцерт» солисі, жас өнерпаз Қайрат Айтбаев өнер көрсетті.Бағдарлама аясында Қазақстандағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық өнер университетінде жас таланттарды тәрбиелеп, дәстүрлі «шертпе күй» өнерін табысты жалғастырып келе жатқан белгілі өнер шебері, профессор Жанғали Жүзбай қазақ халық музыкасына және Түркі дүниесінің мәдениетіне қосқан үлесі үшін ТҮРКСОЙ медалімен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1103238?lang=kk
Талғар ауданында спорттық жабдық өндіретін кәсіп табысты дамып келеді 11.11.2025
Спорттық жабдық өндіру – тек техникалық шеберлікті ғана емес, істі сүйіспеншілікпен атқаруды да талап ететін ерекше кәсіп. Осындай бағытты табысты дамытып отырғандардың бірі – «Согол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Амир Халил Тутунчи. Ол Талғар ауданының Тонкеріс ауылында өндірістік цех ашып, бүгінде өз өнімін еліміздің ірі қалаларына шығарып отыр. Компанияның өнімдеріне деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.Білімі бойынша Амир Халил – энергетик-инженер, ал болмысы бойынша спортты шын сүйетін жан. Ираннан келген кәсіпкер осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстанды өз үйі деп қабылдаған.– "Қазақстан – мүмкіндіктер елі. Мұнда кез келген өндіріс түрін дамытуға жағдай бар. Спорттық индустрия да қарқынды дамып келеді және оған сұраныс жоғары", – дейді ол.Кәсіпкерлік жолын ол шағын істен бастаған: жалға алынған ғимарат, ұсақ тапсырыстар, түрлі бағыттағы жұмыстар. Бір күні спортзалға барған кезде тренажерлар тапшылығын байқап, өз жабдығын шығаруға бел буады. Осылайша отандық спорттық құрал-жабдық өндірісін жолға қою идеясы дүниеге келді.Бастапқыда жеке кәсіпкерлік ретінде жұмыс істеген «City Sport» 2012 жылы құрылып, 2022 жылы «Согол» ЖШС ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда кәсіпорын балалар ойын алаңдарын, сыртқы спорт тренажерларын және воркаут кешендерін шығарады.– "2013 жылдан бері Алматы мен еліміздің өзге қалаларында 1800-ден астам жоба жүзеге асырылды. Басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау", – дейді Амир Тутунчи. Кәсіпорынның өнімдері барлық жастағы адамдарға арналған. Тренажерлар берік болат құбырлардан жасалып, ауа райына төзімді ұнтақ бояумен қапталады. Бұл жабдықтардың ыстыққа да, суыққа да, жауын-шашынға да шыдамды болуын қамтамасыз етеді.Зауыттың айлық өндірістік қуаты – 150 тренажер мен 140 воркаут кешенін құрайды. Қазір мұнда шамамен 30 адам еңбек етеді.Амир Тутунчи үшін бұл кәсіп – табыс көзі ғана емес, сонымен қатар адамдарды қозғалысқа, белсенді өмірге шабыттандырудың жолы. Алдағы уақытта ол өндірісті кеңейтіп, облыстың басқа аудандарында да филиалдар ашуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1103233?lang=kk
«JAS STARS» өнер байқауы – жас таланттардың жарқын сахнасы 11.11.2025
Алматы облысының Қарасай ауданында облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған «JAS STARS» өнер байқауы өтті. Шараның басты мақсаты – өнер саласындағы дарынды жастарды қолдау, олардың қабілеттерін дамыту және командалық бірлікті нығайту.Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және финал. Қатысушылар үш бағыт – вокал, би және музыкалық аспапта ойнау бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Байқау барысында жастар өз таланттарын танытып қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа достар тапты.Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашевтың айтуынша, шара жастардың өнерге деген ынтасын арттыруға және шығармашылыққа шабыт беруге бағытталған.«Алматы облысының әр өңірінен келген 11 команда өзара бақ сынады. Әрқайсысы ерекше дайындықпен келіп, сахнада шынайы талантын көрсетті», – деді ол.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды:І орын – Қарасай ауданы (350 000 теңге);ІІ орын – Қонаев қаласының «Өнер» мектебі (250 000 теңге);ІІІ орын – Балқаш ауданы (150 000 теңге).Кештің көркін эстрада жұлдыздары мен арнайы шақырылған музыкалық топ қыздырып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.«JAS STARS» өнер байқауы жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған дәстүрлі жобаға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1103236?lang=kk
Кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үйді іске асыру туралы 11.11.2025
Кезекте тұрғандардың көбісін барынша  тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ үй салуға жұмсалған бюджет қаражатын қайтару мүмкіндігін жедел іске асыру мақсатында Қостанай қаласы «Қонай» шағын ауданында бюджет есебінен тұрғызылған дайын жеке тұрғын үйлерді іске асыру механизмі іске қосылады.Шағынаудан аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін барлығы 1792 жер учаскесі қарастырылған, оның 1668-і бос, ал 124-і бір қабатты және екі қабатты тұрғын үйлер ретінде салынған. Барлық үйлер инженерлік коммуникациялармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жер учаскелерінің ауданы – 8 сотық. Тұрғын үйді қолма-қол есеп айырысу арқылы да, тұрғын үйді несиелеу механизмі бойынша Екінші деңгейдегі банктер арқылы да сатып алуға болады.2025 жылғы 11 қарашадан бастап 1-ден 43 287-ге дейінгі нөмірмен кезекте тұрған азаматтар жүгіне алады. Өтініштерді қабылдау Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайында орналасқан «Жер қатынастары бөлімі» ММ жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 7142 54 00 97. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және ЭЦҚ болуы қажет.Үйлерді Қонай ш.а., 17 квартал, 1 үй мекенжайы бойынша қарап шығуға болады: жұмыс күндері — сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-ден 14:00-ге дейін) және сенбі күні — сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін. Рәсімнің ашықтығы үшін жұртшылық өкілдері мен депутаттардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Өтініштерді қарағаннан кейін қала әкімдігі осы жоба аясында үй сатып алуға мүмкіндік алған жер учаскелеріне кезекте тұрған азаматтардың тізімін бекітетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1103167?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Ливанның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 11.11.2025
Астана, 2025 жылғы 11 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ливан Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Джордж Абу Зейдпен кездесу өткізді.Кездесу аясында Ливан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз кезегінде Ә.Бақаев Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Ливан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Сұхбат аяғында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1103178?lang=kk
Бүгін Алтай ауданы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері – Василий Григорьевич Рудометовпен қоштасады 11.11.2025
Терең қайғыра хабарлаймыз: бүгін Василий Григорьевичтің жерлеу рәсімі өтеді – ол біздің Отанымызды ауыр сынақ жылдарында қорғаған батыр ұрпақтың өкілі еді. Василий Григорьевич соғыстың ауыр жылдарынан өтіп, туған жеріне аман оралып, өмірін бейбіт еңбекке, балалары мен немерелерін тәрбиелеуге арнады. Ол ұрпағына Отанға деген сүйіспеншілікті, парыз сезімін дарытты. Оның ерлігі, батырлығы мен мейірімділігі Алтай ауданы тұрғындарының жүрегінде мәңгі сақталады.Туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.Батырға мәңгілік тағзым!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1103184?lang=kk
Оңайлатылған ҚҚС қайтару тәртібі 11.11.2025
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде 2026 жылдан бастап қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтаруды оңайлату көзделген.        Қолданыстағы нормаларға сәйкес ҚҚС-ты қайтарудың оңайлатылған тәртібі салық төлеушілердің жекелеген санаттарына-бекітілген тізбелерге енгізілген ірі кәсіпорындарға, өндірушілер мен экспорттаушыларға қатысты ғана қолданылады. Қазіргі уақытта мұндай компаниялардың саны шамамен 40-50.       Жаңа жылдан бастап барлық экспорттаушылар ҚҚС-ты оңайлатылған қайтару құқығын алады, олардың саны 1000-нан асады.ҚҚС-ты оңайлатылған тәртіппен қайтару тексеру жүргізілмей 15 жұмыс күні ішінде, бір мезгілде мынадай:қайтару туралы талап берілген күні орындалмаған хабарламалардың болмауы;талап берілген күннің алдындағы 12 ай үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған ҚҚС асып кету сомасының болуы шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады.      Қайтару сомасын айқындау салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады, бұл ретте негізгі бағдар алдыңғы салықтық тексерулердің нәтижелері болады.      Сондай-ақ ҚҚС қайтару бойынша тексеру тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Сонымен, егер бұрын "Пирамида" есебі ҚҚС қайтарудан бас тартуға әкеп соқтырған барлық жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды анықтау үшін пайдаланылса, онда 2026 жылдан бастап бұл есеп тәуекелді аймақтарды анықтау құралы ретінде қолданылатын болады.       Анықталған тәуекелдер бойынша қарсы тексерулер тағайындалады және тікелей жеткізушілерде бұзушылықтар расталған жағдайда ғана дебеттік сальдо сомалары қайтаруға расталмайды.       Қабылданған өзгерістер салық рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, ҚҚС қайтаруды жеделдетуге және бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.            Анықтама үшін: ҚҚС-тің асып кетуін қайтару қағидалары ҚР ҚМ ағымдағы жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығымен бекітілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1103205?lang=kk
2026 жылдан бастап ҚҚС-ты қайтарудың жеңілдетілген тәртібі 11.11.2025
2026 жылдан бастап ҚҚС-ты қайтарудың жеңілдетілген тәртібі2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес ҚҚС-ты (қосылған құн салығын) жеңілдетілген тәртіппен қайтару құқығы барлық экспорттаушыларға берілетін болады. Бұл қолданыстағы нормалардан ерекшеленеді, себебі қазіргі уақытта ҚҚС-ты жеңілдетілген тәртіппен қайтару құқығы тек ірі кәсіпорындар, өндірушілер және бекітілген тізімге енгізілген экспорттаушылар сияқты жекелеген салық төлеушілер санатына ғана берілген.Жеңілдетілген тәртіппен ҚҚС-ты қайтару 15 жұмыс күні ішінде, тек келесі шарттар сақталған жағдайда, тексеріс жүргізбестен жүзеге асырылады:қайтару туралы талап берілген күнге дейін орындалмаған хабарламалардың болмауы;талап берілген күнге дейінгі 12 ай ішінде жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жататын ҚҚС сомасының расталуы.Қайтарылатын соманы айқындау салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте негізгі бағдар — бұрынғы салықтық тексерулердің нәтижелері болып табылады.Сонымен қатар, ҚҚС қайтару бойынша тексеру тәртібі де өзгереді. Бұрын «Пирамида» есебі жеткізілім тізбегі бойынша барлық бұзушылықтарды анықтау үшін қолданылып, ҚҚС-ты қайтарудан бас тартуға себеп болған болса, жаңа жылдан бастап бұл есеп тәуекел аймақтарын анықтау құралы ретінде пайдаланылатын болады.Анықталған тәуекелдер бойынша қарсы тексерулер тағайындалады, және егер тікелей жеткізушілерде бұзушылықтар расталса ғана, дебеттік сальдо сомалары қайтаруға жатпайды.ҚҚС-тың артық төленген сомасын қайтару қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы №649 бұйрығымен бекітілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1103152?lang=kk
Алматыда Бразилияның Құрметті консулдығының ашылуы 11.11.2025
2025 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Бразилияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1103133?lang=kk
«Өнеріміз саған, Казақстан!» ХХIV аудандық халық шығармашылығының көркемөнерпаздар байқау-фестивалі 11.11.2025
11-қараша күні «Өнеріміз саған, Казақстан!» ХХIV аудандық халық шығармашылығының көркемөнерпаздар байқау-фестивалі аясында Придорожный және Успенов ауылдық кітапханаларының кітапханашылары 2025 жылдың маңызды естелік күндері мен мерейтойларына арналған кең түрдегі «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» кітаптық көрме-экспозициясын рәсімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1103114?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мажарстан Республикасының Бас консулдығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 11.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мажарстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы арасында мәдени және гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өтті.Аталған меморандум кітапхана ісі саласындағы байланыстарды нығайтуға, ғылыми және мәдени жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, сондай-ақ көрмелер, дәрістер, кино көрсетілімдері мен мәдени алмасу бағдарламаларын ұйымдастыруға бағытталған.Бұл бастама екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және халықтар арасындағы достық байланысты нығайтға ықпал етеді.  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1103086?lang=kk
Елімізде келесі жылдан бастап «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске қосылады 11.11.2025
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы шеңберінде экономиканың басым бағыты бойынша жобалар пулын қалыптастыру мәселесі талқылады.«Инвестицияға тапсырыс» – халық арасында сұранысқа ие, көбі импортқа шығарылатын тауарларды өндіру үшін ШОБ және жеке сектордағы ірі бизнестің инвестициялық жобаларын қолдауға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама. Бұл – негізінен АӨК және өңдеу өнеркәсібі саласының тұтыну тауарлары. Мемлекет импортты алмастыру және экспортқа тауар өндіру әлеуеті жоғары перспективалық салаларды, ал өңірлер оларды жүзеге асыруға қабілетті нақты жобалар мен бизнесті айқындайды. Жобалардың тиімділігін талдау және оларды қаржыландыру «Бәйтерек» холдингінің құралдары мен тетіктері арқылы жүргізілмек.«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлердің өндірістік әлеуетіне талдау жүргізілді. АӨК жобалары бойынша инвестициялық портфель қалыптастырылып, оған жалпы құны 4,3 трлн теңгені құрайтын 202 жоба енді», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.АӨК саласының «Инвестицияға тапсырыс» шеңберіндегі жобалар пулына тауарлы сүт фермаларын салуды жалғастыру, етті мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту, сүт, ет, тері және жүн өңдеу, жылыжай салу, көкөніс, жеміс-жидек пен картопты қайта өңдеу, қант өнеркәсібі мен астықты терең өңдеуді дамыту, балық өңдеу кәсіпорындарын құру кіреді. Осылайша, «Инвестицияға тапсырыс» нақты жобаларға және әрбір сала тиімділігіне назар аудара отырып, еліміздің импортқа тәуелділігін төмендету бойынша бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың жалғасына айналады.Атап айтқанда, қант импортына тәуелділікті төмендету үшін «QAZAQARAB SUGAR» ЖШС және «Asyl Farms» ЖШС қант өндіру бойынша 5 жоба жоспарланып отыр. Құс еті бойынша – 24 жоба ( «AITAS KZ» АҚ, «Eco Broiler Ltd» ЖШС және басқалары), шұжық өнімдерін өндіру бойынша – «СТЕРХ» ЖШС және «С-Болашақ» ӘКК-тің 3 жобасы. Астықты терең өңдеу бойынша «Tiryaki Holding» түрік компаниясы Астанада астық және бұршақ дақылын терең өңдеу бойынша интеграцияланған агроөнеркәсіп кешенін салу жобасын жүзеге асыруда. Өңдеу қуаты – 240 мың тонна бидай мен 80 мың тонна бұршақ. Жобаның құны – $320 млн, жүзеге асыру мерзімі – 2028 жылға дейін.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков импортқа тәуелділігі жоғары тұтыну тауарларының 26 түрінің тізбесін ұсынды. Олардың қатарында мақта маталар, мектеп формасы, аяқ киім, сантехника, тұрмыстық техника, косметика және гигиена құралдары бар. Осы бағыттар бойынша 10 мыңға жуық жұмыс орнын аша отырып, 600 млрд теңгеден астам сомаға 67 инвестициялық жобадан тұратын портфель қалыптастырылды. Негізгі бастамалардың қатарында Түркістан облысында мақта маталар өндірісі, Қызылорда облысында сантехника, Қарағанды облысында жылу оқшаулағыш материалдар, Солтүстік Қазақстан облысында ДСП және ЛДСП өндірісі бар.Жеңіл өнеркәсіпті ынталандыру үшін салықтық жеңілдікті қолдану бойынша ұсыныстар талқыланды. Барлық жоба экономикалық орындылығы мен инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін «Бәйтерек» холдингінің желісі бойынша сараптамадан өтеді. Қаржыландыру Холдингтің еншілес ұйымдары және қажет болған жағдайда екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.Инвесторларды іріктеу қаржылық тұрақтылық, салалық тәжірибе және өндірісті локализациялау деңгейін ескере отырып жүргізіледі.Қорытындылай келе, Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға бағдарламаны іске қосу үшін барлық ұйымдастырушылық-құқықтық рәсімдерді жылдам аяқтауды, сондай-ақ өңірлермен және бизнеспен бірлесіп, нақты жобаларды белсенді пысықтауды тапсырды.«Бағдарламаның мәні қарапайым және түсінікті. Біз жаздан бастап оның барлық бағытын пысықтаудамыз. Қазір практикалық іске асыру кезеңі жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының тауарлы сүт фермаларын салу бойынша тәжірибесін тарату жобасы басталған кезде көпшілік күмәнданған болатын. Ал қазір барлығы қаржыландыру сұрайды. Бірақ ресурстар шектеулі – қаражат нақты жұмыс жүргізіліп жатқан және өміршең жобалар бар аймақтарға бөлінеді», — вице-премьер.https://primeminister.kz/news/elimizde-kelesi-zyldan-bastap-investiciiaga-tapsyrys-bagdarlamasy-iske-kosylady-30707 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1103134?lang=kk
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар 11.11.2025
Бейнеу ауылында Бейнеу ауданы әкімдігінің алаңында салық төлеушілерге арналған семинар өтті.Семинарда кәсіпкерлер арнайы салық режімдерінің үш санатқа дейін азаюына байланысты көкейдегі сұрақтар қарастырылады. Осы реформаға сәйкес салық есебін жүргізу мен бизнеске арналған салықты басқару қызметі жеңілдей түседі. Бұған қоса өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеуметтік жарналарды табыстың 4% мөлшерінде белгілей отырып, жеке табыс салығын төлемеу арқылы жылына 4080 АЕК-ке дейінгі кірістерді заңды түрде алуға мүмкіндік беріліп отыр. Шағын бизнес үшін белгілі бір шарттарды орындау кезінде (2% дейін төмендейтін) ең жоғары 4% мөлшерлемесі бар арнайы салық режімі белгіленді. Бұл амал кәсіпкерлерге жүктемені азайтып, салық салу жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.Жаңа заң кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетіп, есеп-қисапты шамамен үштен біріне дейін азайтуға септесіп, декларация жылына бір рет қана өткізілетін болады. Ережелердің сақталуын бақылау тәуекелдерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қарыз сомасы аз болған жағдайда кәсіпорындардың шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Осының барлығы бизнеске қолайлы жағдай жасап, экономикалық дамуға жол ашады.Іс-шара барысында Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері өзекті сұрақтарға толық жауаптар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1103064?lang=kk
Еселі еңбекке-лайықты құрмет 11.11.2025
Өнер орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қатысуымен "Тарихы терең, бірлігі бекем Сыр елі" атты салтанатты іс-шара өтіп, бірқатар Сыр азаматтары Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аталған шараны аудан халқы аудандық мәдениет үйінде онлайн көрсетілім арқылы тамашалады. Мұнан соң іс-шара жалғасын тауып, аудан азаматтары марапат тұғырынан көрінді. - Өздеріңізге белгілі 30 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген болатын. Сапар барысында Президент аймақтағы жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік нысандарда болды. Бірқатар ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездесті. Президентіміз аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Бұл - барша Сыр халқының бекем бірлігі мен егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы адал еңбегінің жемісі. Баршаңызға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының зор ризашылығын, алғысын жеткіземін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы. Салтанатты іс-шарада ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына атсалысып жүрген бірқатар азамат облыстың “Құрмет грамотасымен” және облыс әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1103071?lang=kk
Красная Поляна ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстар 11.11.2025
Бірлік ауылдық округінің Красная Поляна ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстарКрасная Поляна ауылында көктемгі су тасқыны мен су тасқынынан аумақты қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы жұмыстар белсенді жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-birlik/press/news/details/1103037?lang=kk