Enbekshi QazaQ

Қоғам

МКК «АСТАНА-1» жүйесінде жаңартылған «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуді жүргізуде 12.11.2025
    ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (ИС «Keden») ақпараттық жүйесіндегі жаңартылған «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуді жүргізуде.     Тестілеу онлайн және офлайн форматтарында өтуде. Ол декларацияның құрылымы мен форматының өзгеруіне, сондай-ақ автоматтандырудың жаңа құралдарын енгізуге байланысты.     3 пен 11 қараша аралығында атқарылған жұмыстар:• 300-ден астам кеден өкілдері оқытылып, тестілеуден өтті;• жүйеде 224 тауар декларациясы тіркелді;• пайдаланушылар тарапынан 35 ұсыныс пен ескерту келіп түсті, оларды Мемлекеттік кірістер комитеті қарастыруда.      Жүйеде не өзгерді:• кеден мен декларант арасындағы сұраулар мен жауаптар алмасу процесі автоматтандырылды;• декларацияларды түзету, өсімпұл мен қамтамасыз етуді есептеу функциялары қосылды;• хабарламалар мен тексеру актілерін рәсімдеу мүмкіндігі енгізілді;• уақытша әкелу, қайта өңдеу, еркін кедендік аймақтар мен қоймалармен жұмыс істеу сияқты күрделі рәсімдерді орындау мүмкіндігі пайда болды.     Пайдаланушылар үшін не ыңғайлы болды:• тіркеу процесі енді бірнеше минут қана уақыт алады – сайтқа кіріп, жұмысты бастау жеткілікті;• енгізілген тексеру функциялары декларацияны толтыру кезінде қателердің алдын алуға көмектеседі;• тауар топтарын бірден жүктеу мүмкіндігі бар – бұл рәсімдеуді едәуір жеделдетеді.      Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдерін жүйені әрі қарай тестілеуге және өз пікірлерімен бөлісуге шақырады. Тестілеу «Астана-1» (ИС «Keden») ақпараттық жүйесінің сынақ порталында жүргізіледі: https://test-keden.kgd.gov.kz.     Барлық ұсыныстар «Астана-1» (ИС «Keden») жүйесін пайдалануға барынша қолайлы әрі сенімді етуге көмектеседі.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1104080?lang=kk
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында аумақтық әділет органдары қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті 12.11.2025
Халықпен өзара байланыс сапасын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін күшейту мақсатында 2025 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Талғат Уәлидің төрағалығымен семинар-кеңес өткізілді.Семинар барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері, азаматтармен өзара іс-қимылды «Е-өтініш» жүйесі арқылы тиімді жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ әділет органдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларымен жұмыс істеу тетіктері талқыланды.Сонымен қатар, журналистер мен блогерлермен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдеріне, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы сақтау мәселелеріне және әділет органдары қызметкерлерінің жария коммуникация дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1103646?lang=kk
Измир қаласында Қазақстанның Бас консулы мен Түркия Сыртқы істер министрлігінің Измирдегі өкілі арасындағы алғашқы кездесу өтті 12.11.2025
2025 жылғы 14 сәуірде Измир қаласында Қазақстанның Бас консулы Бауыржан Ақатаев пен Түркия Сыртқы істер министрлігінің Измирдегі өкілі, Ешим Кебабджиоглу ханым арасындағы алғашқы кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстанның Бас консулдығының толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті алдағы қадамдар талқыланып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағы жөнінде пікір алмасылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1103647?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Ақтөбе облысында цемент зауытын салу жобасын іске асыру мәселесін талқыланды 12.11.2025
Астана, 2025 жылғы 11 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанкұлов «QazCement Industries» компаниясының және «China National Building Material» Group (CNBM) құрамына кіретін қытайлық «Sinoma Cement Co., Ltd.» корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді.Тараптар жалпы құны шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайтын Ақтөбе облысының Байғанин ауданында цемент зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысын талқылады. Жоба жылына 1,3 млн тонна цемент өндіретін кәсіпорын салуды (кейіннен 2,5 млн тоннаға дейін кеңейту мүмкіндігімен) көздейді. Бұл бастама Батыс Қазақстан өңірлерінің Ресей мен Ираннан цемент импорттауға тәуелділігін азайтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Кездесуде сондай-ақ жобаны инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құрылыс мерзімдері, өндірісті локализациялау, соның ішінде жергілікті шикізатты (бор, саз, мергель) пайдалану және құрылыста 900-ге жуық, ал іске қосылғаннан кейін 250 тұрақты жұмыс орнын құру мәселелері қаралды.Ғ.Оспанкұлов жобаның Қазақстанның батыс өңірлерін индустрияландыру мен құрылыс саласын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие екенін және Қытайдың өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті: «Бұл жоба қазақстандық және шетелдік бизнестің тиімді серіктестігін көрсетеді. Біз әкімдікпен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан өңірлерінің өз өндірістік қуаттарына деген сұранысын – жыл сайын Ресей мен Иран импорты есебінен жабылатын «цементтік шұңқырды» анықтадық. Кейін біз қазақстандық компанияға стратегиялық серіктес іздеуде көмек көрсеттік, нәтижесінде серіктес ретінде қытайлық «Sinoma Cement Co., Ltd.» корпорациясы таңдалды. Жобаның іске асырылуы импортты алмастырумен қатар, өнімді Ресейдің шекаралас өңірлеріне және Орталық Азия елдеріне экспорттауға жаңа мүмкіндік ашады», – деді ол.«QazCement Industries» жобасы Қазақстан Үкіметінің қолдауымен инвестициялық келісім тетігі арқылы іске асырылуда. Келісім шеңберінде инвесторлар өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа жеткізу, сондай-ақ қазақстандық мамандарды үздіксіз оқыту міндеттемелерін өз мойнына алды. Бұдан бөлек, компания Байғанин ауданында 80 орындық қоғамдық орталық пен орталық саябақты жаңғыртуды қоса алғанда, әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1103877?lang=kk
Астанада Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған әскери-патриоттық ән байқауы аяқталды 12.11.2025
«Жас сарбаз – Жеңіс рухының жалғасы» жобасы аясында өткен қалалық біріншіліктің финалына жеті өнерлі жас жолдама алды.Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған бұл іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Білім және жастар саясаты мәселелері басқармаларының қолдауымен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалы ұйымдастырып отыр.Әскери-патриоттық ән байқауының қорытынды кезеңі Мұқағали Мақатаев атындағы № 74 мектеп-гимназиясында өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Өркен» балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі орталығының басшысы Ғинаят Хамитұлы, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев, әскери қызметшілер және № 71 мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері қатысты.– Бұл байқау арқылы біз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрлеріне тағзым етеміз. Жас сарбаздар – сол мұраның жалғастырушылары. Ал Отан – әннен, арманнан, істерден басталады. Осы іс-шара арқылы жас ұрпақтың жүрегінде патриотизм отын жағуға тырыстық, – деді республикалық «Жас сарбаз» қозғалысының жетекшісі.Финалға шыққан қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олардың қатарында № 30 мектеп-гимназиясынан Саян Үшкемпір, № 87 мектеп-гимназиясынан Шұғыла Ермекова, № 85 мектеп-лицейінен Камила Ислам, № 69 мектеп-гимназиясынан Әбілмансұр Манас, Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінен Камила Рүстембек пен Әдия Әлімбаева, № 70 мектеп-лицейінен Тұңғышбай Ыдырыс пен Нұрайша Жүкен, сондай-ақ № 28 мектеп-лицейінің көркем орындауымен көрермендерді тәнті еткен ансамблі болды.Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде мен республикалық кезеңге жолдаманы № 69 мектеп-гимназиясының жас сарбазы Әбілмансұр Манас иеленді. Бірінші орын № 87 мектеп-гимназиясының оқушысы Шұғыла Ермековаға бұйырды. Екінші орынды № 70 мектеп-лицейінің дуэті – Тұңғышбай Ыдырыс пен Нұрайша Жүкен алды, ал үшінші орын № 28 мектеп-лицейінің ансамбліне берілді.Іс-шара аясында SMART SARBAZ робототехника жобаларының көрмесі де өтті. Онда қонақтар мен қатысушылар жас бағдарламашылар мен инженерлердің инновациялық әзірлемелерімен танысуға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1103613?lang=kk
Ү.ж. 11 қарашада Аджман әмірлігінің порттары мен кеденінің Бас директоры, шейх Сұлтан бин Мохаммед Әл Нуаимимен кездесу өтті. 12.11.2025
Ү.ж. 11 қарашада Аджман әмірлігінің порттары мен кеденінің Бас директоры, шейх Сұлтан бин Мохаммед Әл Нуаимимен кездесу өтті.Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда, логистика және көлік салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1103580?lang=kk
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы 12.11.2025
       Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу мен төлеу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.      Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар КТС төлеушілер болып танылады.     Мемлекеттік мекемелер КТС төлеушілер қатарына кірмейді.      КТС төлемейтіндер тізімінен мемлекеттік орта білім беру ұйымдары алынып тасталды.      КТС бойынша сараланған ставкалар белгіленді:      Қызметтің жекелеген түрлерін қоспағанда, КТС-ның жалпы ставкасы салық салынатын табыстың 20% мөлшерінде белгіленді:      25% - банктік қызмет (бизнесті несиелеуді қоспағанда) және ойын бизнесі бойынша;      3% - ауыл шаруашылығы және аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің осындай өнімін қайта өңдеу және оны өткізуден алынатын табыс бойынша;      6% - жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерінен басқа ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі бойынша;      5% -  2026 жылы, және 10% - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын (коммерциялық емес ұйымдардан басқа) ұйымдар үшін.     Әр түрлі ставкалар бойынша салық салынатын қызмет түрлері болған жағдайда, олар бойынша бөлек салық есебін жүргізу міндеттемесі енгізілді.     Алдыңғы салық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып, аванстық төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттеме туындамайтын жылдық жиынтық табыс шегі 350 000 АЕК-тен 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.      Декларация тапсырылғанға дейін аванстық төлемдерді есептеу алынып тасталды, 1-тоқсан үшін аванстық төлемдерді есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын болады (алдыңғы салық кезеңіндегі аванстық төлемдердің 1/12 бөлігі мөлшерінде).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1103583?lang=kk
«Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы 12.11.2025
«Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы2025 жылғы 12–13 қарашада Шымкент қаласында «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.Оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған бірқатар практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған.12 қараша күні сағат 11:00-де қала аумағында халықты құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дабыл іске қосылады.Құрметті қала тұрғындары! Сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
«Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 12.11.2025
«Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 2025 жылдың 12-13 қарашасы аралығында Шымкент қаласында «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғаныс қызметтері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар практикалық іс-шараларды қамтиды. 12 қараша күні сағат 11:00-де тестілеу мақсатында қалалық халықты ескерту жүйесі іске қосылады. Құрметті қала тұрғындары! Сабырлы болып, үрейленбеуіңізді сұраймыз.
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ: УАҚЫТ СЫНАҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК 12.11.2025
Отыз жыл бойы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тату көршілік, одақтастық және өзара қолдау рухында дамып келеді. Бүгінде бұл байланыстар жаңа деңгейге — саясатты, экономиканы, энергетиканы, көлікті және гуманитарлық саланы қамтитын жан-жақты стратегиялық серіктестікке көтерілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында екі ел халықтары арасындағы «мәңгілік достық» заманауи ынтымақтастықтың философиялық және саяси негізі болып табылатынын атап өтті. Ол Астана мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастар сенімділік, құрмет пен теңдіктің берік іргетасына құрылғанын және оны жаһандық турбуленттілік жағдайында да тұрақты ететінін атап өтті. Экономикалық тұрғыда Ресей Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып қала береді. 20 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларында ірі жобаларды жүзеге асыруда. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – «Росатом» компаниясының қатысуымен атом электр станциясының құрылысы, «Сибур», «ЕвроХим», «Лукойл» компанияларымен химия өнеркәсібін дамыту, «КАМАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірге автомобиль бөлшектері мен шиналарын өндіру. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық те маңызды. Қазақстан арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын 13 халықаралық дәліз өтеді. Ресеймен бірлесе отырып, негізгі шекаралық өткелдер жаңғыртылуда, 2030 жылға қарай жүк өткізуді жылына 20 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін «Солтүстік-Оңтүстік» стратегиялық бағыты әзірленуде. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық одақтың берік негізі болып қала береді. 2025 жылы Астанада «Қазақстан мен Ресей арасындағы Мәңгілік достық аллеясы» ашылса, Мәскеуде «Қазақстан-Ресей достығы алаңы» ашылуға дайындалып жатыр. Білім беру және жастар жобалары белсенді дамып, мұражайлар, театрлар, университеттер арасындағы байланыс нығая түсуде. Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілінің ұлтаралық келісім мен мәдени мұраның негізгі элементі ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Қазақстан оны халықтар арасындағы сенімді нығайтатын гуманитарлық диалогтың бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, оның дамуына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынастардың одан әрі өсу және уақыт сын-қатерлеріне бейімделу үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Ол екі ел арасындағы мәңгілік достық еуразиялық тұрақтылықтың, өркендеу мен жасампаздықтың сенімді іргетасы болып қала беретініне сенім білдірді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОмарт ТОҚАЕВ: «МӘҢГІЛІК ДОСТЫҚ – ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН ЖОЛДАСТЫРУШЫ ЖҰЛДЫЗ» 12.11.2025
Ондаған жылдар бойы Қазақстан мен Ресей өзара құрметке, сенімге және теңдікке негізделген үлгілі одақтастық пен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасты көрсетіп келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына берген мақаласында екі халық арасындағы мәңгілік достық жай ғана тарихи дәстүр емес, заманауи өзара іс-қимылдың тұрақтылығы мен динамизмін айқындайтын саналы таңдау екенін атап өтті. Президент Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Ресеймен қарым-қатынасқа ерекше мән беріп, мұны сыртқы саяси тұжырымдамаларында бекіткенін атап өтті. Сонау 1992 жылы екіжақты қарым-қатынастың берік іргетасын құрайтын Мәңгілік достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық сын-қатерлер мен санкциялық қысымға қарамастан, екі ел де өзара даму қарқынын сақтай алды. Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған келісімдер пакеті стратегиялық әріптестіктің жаңа көкжиектерін ашты, Мәскеуде алдағы келіссөздер қарым-қатынастарды жан-жақты одақтық деңгейге көтеру туралы Декларацияға қол қоюға бағытталған. Ресей Қазақстанның сыртқы сауда әріптестерінің үштігіне, ал Қазақстан Ресейдің бестігіне кіреді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 30 миллиард долларға жақындады. Республикада 20 мыңнан астам ресейлік инвестицияланған кәсіпорын табысты жұмыс істеуде, жалпы құны 50 миллиард доллардан асатын 170-тен астам бірлескен өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылуда. Энергетика, көлік, логистика және жоғары технологиялар саласындағы бірлескен бастамалар ерекше маңызды. Президент сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының, соның ішінде МГИМО мен Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалдары белсенді жұмыс істеуде, Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды — Ресейдегі қазақстандық университеттің алғашқы шетелдік кеңсесі. Қазақстанның қоғамдық-мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын орыс тілін сақтау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мақаласының қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынастар еуразиялық кеңістікте болып жатқан үдерістерге шешуші ықпал етіп отырғанын атап өтті. Ол жаһандық өзгерістер жағдайында екі мемлекет арасындағы берік достық бүкіл континент үшін тұрақтылық, қауіпсіздік және жасампаздықтың тірегі болып қала беретінін атап өтті.
Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін меңгеруде! Сақ болыңыздар! 12.11.2025
Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін меңгеруде! Сақ болыңыздар! Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейе түсуде. Алайда, мұнымен қатар интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың түрлі әдіс-тәсілдері де қарқынды даму үстінде. Сіздерді аса сақ болуға шақырамыз – алаяқтар жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, бейнелер, аудиожазбалар және адамдардың бет-әлпеті мен дауысын дәл беретін кескіндер жасайды. Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарын әр түрлі облигацияларға, акцияларға және қаржылық операцияларға салу туралы шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалары мен ұсыныстары бар роликтер жиі таралуда. Азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін пайдалана отырып, алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп, жеке және қаржылық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өздерін көбінесе мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының, байланыс операторларының және басқа ұйымдардың, соның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырады. Осыған байланысты, "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы активтерін инвестициялаумен Ұлттық банк (ҚРҰБ) айналысатынын еске салады. Ол Үкімет бекіткен инвестициялық декларацияға сәйкес зейнетақы жинақтарын әр түрлі қаржы құралдарына салатын сенімді басқарушы ретінде әрекет етеді. Зейнетақы активтерін басқаруға ҚРҰБ-тан басқа инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қатыса алады, оларға жинақтардың бір бөлігін аударуға мүмкіндік бар. ИПБ-ның басқаруына аударуды тек "БЖЗҚ" АҚ порталы арқылы жасауға болады, бұл үшін ешқандай делдал қажет емес.Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін «БЖЗҚ» АҚ  төмендегілерді ескертеді:Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, комиссиялық төлем алынбайды; БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін өтемақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады; Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану тек уәкілетті оператор (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады; Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ-ның қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты ешқашан талап етпейді;Егер қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, ол оның ресми тұлға екендігін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын түрлі тәсілдермен алуға болады."БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері өз жинақтарын аудару, қаржы құралдарына салу, сондай-ақ қандай да бір акциялар сатып алу туралы ұсыныстар жасалатын түрлі роликтерге қатыспайды.БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер.   Барлық сауалдарыңызға жауап алып, зейнетақы жинақтарыңыздан төлем алу және аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,байланыс орталығының 1418 көп арналы тегін байланыс нөміріне қоңырау шалу жолымен немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы, БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз. Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1106863?lang=kk
Боровское ауылының тұрғындарымен кездесуі 12.11.2025
Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Боровское ауылының  тұрғындарымен  кездесуі 2025 жылғы 26 қарашада  сағат 15:00- де  өткізіледі.Өткізілетін орны: Боровское  ауылы, балалар өнер мектебінің  ғимараты.Халықпен  кездесу аясында тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстар қабылдау жүргізіледі.  Өз өтініштеріңізді  8-705-162-80-87 нөмірі бойынша  WhatsApp  арқылы жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1103415?lang=kk
eGov.kz порталында үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі 12.11.2025
eGov.kz  порталында үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу үшін: eGov.kz  порталында авторизациядан өтіңіз. Басты бетте «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Коммуникациялар» бөлімін таңдаңыз. Келесіде «Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.  ЖСН-ді енгізіңіз және тізімнен сұрағыңыз келетін ақпаратты таңдаңыз, содан кейін қызметке қол қойып, анықтама алу батырмасын басыңыз. Қызмет көрсету нәтижесі eGov.kz  порталының жеке кабинетінде пайда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-ulgilimalshy/press/news/details/1103397?lang=kk
"Өнеріміз саған, Қазақстан!"Первомай ауылдық клубының көркемөнерпаздары 12.11.2025
10 қараша күні аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардыі халық шығармашылығы байқау-фестивалі бастау алды.Алғаш болып өз өнерлерін Первомай ауылдық клубының көркемөнерпаздары ұсынды. Ауыл көркемөнерпаздарын сәтті бастамаларымен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1103349?lang=kk
Пешков ауылдық клубында шығармашылық есептің I кезеңі өтті 12.11.2025
11 қараша күні Пешков ауылдық клубында аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1103354?lang=kk
Успенов ауылдық клубында шығармашылық есептің I кезеңі өтті 12.11.2025
11 қараша күні Успенов ауылдық клубында аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1103356?lang=kk
Дүр Оңғар ауылын газдандыру жұмысы аяқталуға жақын 12.11.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Дүр Оңғар ауылына газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу жобасының жүзеге асырылу барысын талқылау мақсатында мәжіліс өткізілді.Жобаның құрылыс жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталып, биыл қараша айының соңында аяқтау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме – «МБК Құрылыс» ЖШС.Жоба іске қосылған жағдайда аудан халқының табиғи газбен қамтылу деңгейі 82 пайызға жетеді.Сонымен қатар Дүр Оңғар ауылы арқылы басқа елді мекендерді газдандыру бағытында да жұмыс жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, Иіркөл және Төребай би ауылдарына дейінгі және ауылішілік газ желісінің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмысының қажетті қаржы бөлу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.Жиын соңында Жандос Еркінбек мердігер мекемеге, техникалық және авторлық қадағалау мамандарына жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң тапсырды.Сонымен бірге алдағы уақытта басқа елді мекендерді газдандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін қоса атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1103357?lang=kk
Еңбек нарығын дамыту және мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды 12.11.2025
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы мен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жөнінде жиналыс өткізілді.Жиынға ауыл әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жауапты сала мамандары қатысты.Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі жастар практикасын кеңейту, әлеуметтік жұмыс орындарының тиімділігін арттыру, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқытылған азаматтарды жұмыспен қамту, бос және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар әскери қызметке шақыру науқаны мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы да назарға алынды.Әрбір қызметтің маңыздылығына тоқталған Диас Молдабаев халықты сапалы жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс тұрақты жүргізілуі қажеттігін атап өтті.Жиын соңында ауыл әкімдері мен жауапты мамандарға көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және жұмыспен қамту шараларын күшейту бойынша тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1103358?lang=kk
Ауданда сала озаттары марапатталды 12.11.2025
Бүгін Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде облыс және аудан деңгейінде сала озаттарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.Алдымен шараға қатысушылар облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен «Тарихы терең, бірлігі бекем Сыр елі!» атты облыстық марапаттау рәсіміне ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылып, облыс көлемінде еңбек озаттары марапатталды.Облыстық іс-шарадан кейін аудан бойынша марапаттау рәсімі жалғасын тапты. Аудан әкімі Жандос Еркінбек сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектері мен үлестері үшін алғысын білдірді.-Баршаңызға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының зор ризашылығын, алғысын жеткіземін. Алдағы уақытта да Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатын артуына аянбай еңбек ете бергейсіздер! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге биік абырой, Өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!,- деді өз құттықтауында.Шара барысында облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, сондай-ақ мерейлі мереке иелеріне аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.Салтанатты жиын аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1103366?lang=kk