Қоғам
Дала философиясы: AlmaU-де «Ұлы Дала Академиясы» ашылды 24.04.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Almaty Management University-де (AlmaU) «Ұлы Дала Академиясы» ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында дала өркениетінің мұрасын қайта пайымдауға бағытталған жаңа зияткерлік алаң ғалымдарды, оқытушыларды, мәдениет қайраткерлерін және қоғамдық көшбасшыларды біріктіретін пәнаралық диалог кеңістігі ретінде құрылды. Іс-шараға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақстанның академиялық қауымдастығының өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты. Қатысушылар қатарында тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, антропологтар, оқытушылар, жазушылар және халықаралық зерттеушілер болды. Қонақтарға құттықтау сөз сөйлеген AlmaU негізін қалаушы әрі президенті Асылбек Кожахметов орталықтың дәстүр мен болашақты тоғыстыратын маңызды диалог алаңы екенін атап өтті. “AlmaU - Қазақстанның ең көне жеке университеті және еліміздің алғашқы бизнес мектебі. 2028 жылға дейінгі даму стратегиясында біз Орталық Азияның зияткерлік хабына айналу мақсатын қойдық және осы стратегияның өзегінде трансформациялық гуманитарлық ғылымдардың бағыты тұр. Біз мәдени мұраны заманауи білім беру және қоғамдық тәжірибеге айналдырғалы тұрмыз: оқу бағдарламаларына, жастар көшбасшылығына, қоғамдық пікірталасқа, шығармашылық индустрияларға”, – деді Асылбек Кожахметов. Іс-шара барысында бүгінгі таңда ғылыми қоғамдастықтың алдында Ұлы даланың бай мұрасы туралы айтып қана қоймай, оны болашақтың білім беру және зияткерлік ресурсына айналдыра отырып, осы мұраны заманауи ғылыми тілге аудару міндеті тұрғаны атап өтілді. Дәл осы мақсатта "Ұлы Дала Академиясы" орталығының қызметі үш негізгі зерттеу бағытының айналасында құрылатын болады. Бірінші бағыт - “далалық философия” тұжырымдамасын әлем мен ондағы адамның орнын түсінудің тұтас жүйесі ретінде дамытумен байланысты. Екіншісі - ”далалық ойлау” уақытты, қозғалыс пен тепе-теңдікті қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырылатын далалық ойлау. Үшінші бағыт - “далалық басқару” көшбасшылық қоғам мен қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан үлгісі ретінде. Сондай-ақ, қазіргі заманның экологиялық сын-қатерлері жағдайында жерге және табиғи тепе-теңдікке деген дәстүрлі көзқарас ерекше өзектілікке ие болатыны, ал жаһандық тұрақсыздық дәуірінде тұрақты қозғалыста тұрақтылықты сақтай білген қоғамдардың тарихи тәжірибесіне қызығушылық арта түсетіні атап өтілді. Бағдарламаның айрықша сәттерінің бірі – көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың немересі Чинара Айтматованың сөзі болды. Ол Орталық Азия халықтарының гуманитарлық ынтымақтастығының маңызын, түркі әлемінің рухани мұрасын және өңір елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы білімнің рөлін атап өтті. Білім, ғылым және халықаралық гуманитарлық диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін Чинара Айтматова Оразақ Смағұлұына, Асылбек Кожахметовке, Дидар Амантай мен Жұмажан Байжуминге Шыңғыс Айтматов атындағы медальдарды табыстады. «"Ұлы Дала Академиясының" ашылуы - бұл ғылыми орталықтың құрылуы ғана емес, сонымен бірге біздің ортақ тарихи жадымыздың жаңғыруының символы. Ұлы Дала мұрасы қазіргі ұрпақтың мәдениетінде, құндылықтарында және санасында өмір сүруді жалғастыруда. Бүгінгі таңда ата-бабаларымызды құрметтеу және болашақ алдындағы жауапкершілікті білу өте маңызды. Тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында Түркі халықтарының бірлігі мен интеграциясы ерекше маңызға ие. Ортақ рухани негізге, өзара қолдауға және бір-біріміздің алдындағы жауапкершілік сезіміне сүйене отырып, біз уақыттың қиындықтарына лайықты жауап бере аламыз », – деді Чинара Айтматова. Салтанатты рәсім аясында отандық ғылымның, білім беру саласының дамуына және тарихи-мәдени мұраны сақтауға зор үлес қосқан аға буын ғылыми қауымдастық өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Көпжылдық адал еңбегі, жоғары академиялық жетістіктері және өз ісіне берілгендігі үшін көрнекті ғалым Оразақ Смағұлұлына естелік сыйлықтар мен алғыс белгілері табысталды. “Көптеген жылдар бойы зерттеулермен айналысып, тіпті генетикалық деректер негізінде де қазақ халқының шығу тегінің ерекшеліктерін байқауға болатының растадым. Бұрынғы кездерде жазбаша дереккөздер мен фактілердің жеткіліксіздігіне байланысты біздің тарихымыздың тереңдігін жоққа шығарғандар болды. Алайда бүгін әлемдік ғылыми қауымдастық біздің тамырымыздың ежелгі дәуірін және тарихи сабақтастықты мойындайды. "Ұлы Дала Академиясы" да уақыт өте келе әлемге ұлы даланың бай мұрасын ұсынатын танымал халықаралық орталыққа айналатынына сенімдімін", – деп атап өтті антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигі Оразақ Смағұлұлы. Бағдарламаның жеке бөлімі ретінде тарихшы, профессор Жұмажан Байжуминнің тарихи жады мен ұлттық мұра мәселелеріне арналған «Түркілер: шығу тегі және тарихи миссиясы» атты жаңа жинағының таныстырылымы өтті. Ғалым өзінің бес томдық еңбегін AlmaU-ға сыйға тартып, студенттер мен зерттеушілердің іргелі ғылыми материалдарға ашық қолжетімділігінің маңызын атап өтті. Орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі – көшпелі өркениеттің тарихи тәжірибесін көшбасшылық, басқару және қоғамдық даму мәселелерімен ұштастыратын жаңа гуманитарлық парадигма – «Дала ойлау философиясын» дамыту болмақ. Нұржан Құлымжанов «Дала ойлауы» тұжырымдамасын таныстырып, онда көшпелі өркениеттің дүниетанымдық дәстүрлері мен олардың қазіргі дәуірдегі өзектілігі қарастырылғанын атап өтті. “Далалық ойлау концепциясының методологиясын шығару үшін далалық ойланудың өзінің категориялық тезаурасын белгілеу керек. Далалық ойлаудың категориялық тезаурасы түркі-қазақ дүниетанымындағы ауқыт, кеңістік, жол, дер, қоныс, құт, кие, аманат сияқты негізгі үғымдардың өзара баланысын ашатын мәдени-философиялық жүйе”, – деді «Ұлы Дала Академиясы» орталығының директоры, философия докторы (PhD) Нұржан Құлымжанов. Панельдік пікірталас барысында бірегейлік, тарихи жады, мәдени мұра және гуманитарлық ғылымды дамыту перспективалары мәселелері талқыланды. Панельдік сессияға Қалнұр Ормушев, "Қырғыз-өзбек гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің директоры; Айгүл Сәдуақасова, Қақазстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Ғылым комитетінің “Философия, саясаттану және дінтану институтының” бас директоры; Жұмажан Байжумин, тарихшы, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры; Дидар Қосылбеков, жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері; Шолпан Ибжарова, философия ғылымдарының кандидаты, Social Sciences and transformative humanities school, AlmaU қауымдастырылған профессоры қатысты. “Далалық ойлау - дайын жабық теория емес, үлкен ғылыми болашағы бар ашық концепт. Менің ойымша, "Ұлы Дала Академиясы" және біздің университетте жүзеге асырылып жатқан "Толық адам" бағдарламасы ауқымды зияткерлік идеяға бірігіп, заманауи білім беру моделіне айналуы мүмкін ”, - Шолпан Ибжарова. Ашық пікірталас барысында қатысушылар жаңа орталықтың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге, ғылыми зерттеулерге, бірлескен жобаларға жәрдемдесуге және гуманитарлық білімді ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді. Мұндай алаңды құру әртүрлі бағыттар мен ұрпақтардың зерттеушілерін біріктіру үшін кең мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді. Талқылауда семиотика, көне түркі жазуы және руникалық мұра мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар руникалық мәтіндерде ата-бабалардың дүниетанымы, тілі, тарихы мен құндылықтары туралы білімнің едәуір қабаты бар екенін және оларды зерттеу білім беру мен ғылыми мазмұнның маңызды көзі бола алатындығын атап өтті. Бұл ескерткіштерде қазіргі білім беру бағдарламасының іргелі элементтерімен салыстырылатын негізгі білім көрсетілгені атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Ұлы Даланың өркениеттік мұрасын жүйелі зерделеудің маңызын, сондай-ақ гуманитарлық зерттеулерді заманауи білім беру және халықаралық үдерістермен ықпалдастыру қажеттігін атап өтті. «Ұлы Дала Академиясы» орталығының ашылуы академиялық қауымдастық үшін маңызды оқиғаға айналып, XXI ғасырдың жаһандық сын-қатерлері жағдайында Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын зерттеуді дамытудағы маңызды қадам болды.
Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы дене дайындығы бойынша сынақтан сүрінбей өтті 24.04.2026
Елорданың «Алатау» спорт сарайында Қорғаныс министрінің орынбасарларымен, Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері басшыларымен дене дайындығы бойынша бақылау сабақтары өтті. Жоғары офицерлік құрамның өкілдері – 12 генерал бақылау нормативтерін тапсырды.Бақылау сынағы жеке жауапкершіліктің айқын үлгісі болып, бүкіл жеке құрамға талапты күшейтті. Олар дене дайындығы бойынша сынақтар тапсырып, № 3 жаттығуды (белтемірге тартылу) және № 37 жаттығуды (1 шақырым жүгіру) орындады.– Дене дайындығы – әскери қызметтің ажырамас бөлігі. Командирлер әрдайым жеке құрамға үлгі болуы тиіс. Сондықтан талап қоюмен қатар, өздері де сол талаптарға сай болуы қажет. Әскер – бұл тек техника ғана емес, ең алдымен рухы мықты, физикалық тұрғыдан дайын, білімді әрі тәртіпті жауынгер, – деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау сынағын Спорт комитетінің офицерлері қабылдады. Нормативтерді орындаумен қатар, жаттығуларды орындау техникасы, төзімділігі және жалпы дене дайындығының деңгейі ерекше назарға алынды. Спорттық іс-шараның басында медициналық қажетті құрал-жабдықтармен және санитарлық көлікпен қамтамасыз етілген дәрігерлік-фельдшерлік бригада тұрды.Жалпы министрліктің басшылық құрамы жақсы физикалық дайындық деңгейін және белгіленген нормативтерді толық көлемде орындауға дайын екенін көрсетті. Үздік нәтиже көрсеткен офицерлер келесі жиында марапатталатын болады. Ал алынған көрсеткіштер алдағы дене дайындығын жоспарлау кезінде ескерілетін болады.Бақылау сабақтарына ведомство басшылығының қатысуы Қарулы күштерде дене дайындығына қойылатын талаптардың баршаға бірдей екенін және ол жауынгерлік даярлықтың ажырамас бөлігі болып қала беретінін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1208143?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Палестина Елшісін қабылдады 24.04.2026
Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Палестина Мемлекетінің Елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені Монтасер Абу Зейдті қабылдады.Жылы әрі сындарлы жағдайда өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастардың тұрақты даму серпінін және оларды одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделілікті атап өтті. Саяси, гуманитарлық және өзге де өзара қызығушылық тудыратын салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасып, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті тереңдетуге және бірлескен бастамаларды тиімді ілгерілетуге бағытталған тұрақты әрі сенімді диалогты қолдауға бейілділігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208099?lang=kk
Чернобыль апатының 40 жылдығы: Самар ауданында ерлікпен қаза тапқан батырлар еске алынды 24.04.2026
26 сәуір күні Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толады. Осы айтулы дата қарсаңында Самар ауданында Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер мен қаза тапқандарды еске алуға арналған салтанатты іс-шара өтті.ЧАЭС ескерткіш белгісі орналасқан ардагерлер саябағында гүл қою рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға Самар ауданының басшылығы, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер, ақсақалдар, оқушылар, сондай-ақ өмірден өткен ардагер-ликвидаторлардың жақын туыстары қатысты.Іс-шара апат кезінде қаза тапқандар мен кейінгі жылдары өмірден өткен апатының салдарын жоюға қатысушыларды еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен басталды.Бүгінде Самар ауданында Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысып, ерлік көрсеткен 8 ардагер өмір сүруде. Олардың әрқайсысы қоғамның ерекше құрметі мен алғысына лайық азаматтар.- Сіздер тек кәсіби міндетті атқарған жоқсыздар — бұл өмірді құтқаруға, болашақ ұрпақты қорғауға бағытталған миссия болды. Соның арқасында одан да ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды. Сіздердің ерліктеріңіз адамзатқа адал қызмет етудің жоғары үлгісі ретінде тарихта мәңгі сақталады, - деді аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев. Сонымен қатар ол ардагерлерге мерейтойлық медальдарды табыстап, оларға зор денсаулық, бақыт, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1208053?lang=kk
Жекеменшік балабақшалардың педагогтері облыстық семинар-практикумда бас қосты 24.04.2026
ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруде инновациялық STEAM технологиясын қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.Іс-шараның мақсаты – педагогтерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде инновациялық STEAM технологияларын тиімді қолдану жолдарын таныстыра отыра, кәсіби құзыреттілігін арттыру және балалардың зерттеушілік, шығармашылық, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелерді тарату.Семинар-практикум барысында Өскемен қаласы ЖШС «Шығыс Балдырған» балабақшасының тәжірибелі педагогтері өздерінің озат тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелер мен заманауи тәсілдерді талқылады. Сонымен қатар, облыстың жекеменшік балабақшаларының педагогтері бір-бірімен пікір алмасып, балабақша жұмысын жетілдіру бағытында тиімді идеялар ұсынып, ата-аналармен бірлескен үздік тәжірибелерін насихаттады.Сондай-ақ, ЖШС «Шығыс Балдырған» балабақшасының 10 жылдық мерейтойына арналған «Тамыры терең, тарихы мәнді балабақшам» атты музыкалық қойылым көрсетіліп, «Ата өнері – балаға мұра» тақырыбында қазақ халқының ұлттық ежелгі мамандықтар көрмесі тамашаланды.Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар педагогикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, кәсіби тәжірибе мен білім алмасу арқылы байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алды. Семинар-практикумға 70 педагог қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1208056?lang=kk
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады 24.04.2026
Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған алғашқы халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) кинофестивалі өтеді. Елордада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы мен өтінім қабылдау тәртібі таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің негізгі оқиғасы жасанды интеллектпен әзірленген қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы болмақ. Оған әлем елдерінің креаторлары тәжірибесіне де, кәсіби студиясының бар-жоғына да қарамастан қатыса алады. «Astana AI Film Festival креативті индустриядағы жыл сайынғы маңызды оқиғаға әрі жаңа форматтар мен жаңа есімдерге арналған тұрақты халықаралық алаңға айналады деп күтілуде. Бұл ретте қатысу барлық ниет білдірушілер үшін ашық: өтінімдер командалардан да, жеке креаторлардан да қабылданады», - деді фестиваль ұйымдастырушыларының бірі, Ozen компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн. Өтінім қабылдау 2026 жылдың мамыр айында басталады. Туындыны фестивальдің ресми сайты арқылы жолдауға болады. «Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм әзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге фестивальдің лендинг-платформасына жүктеуі тиіс. Өтінімдер мамыр айынан тамыз айының соңына дейін қабылданады», - деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушысы, Brave Talents компаниясының жетекшісі Алмас Жали. Еске сала кетейік, Astana AI Film Festival 2026 жылдың күзінде өтеді. Фестиваль киноиндустрия мен AI-технологиялардың тоғысындағы жобаларға арналған алаңға айналып, авторлардың, digital-креаторлардың, технологиялық компания өкілдерінің, сарапшылар мен инвесторлардың басын қосады. Өз сегментіндегі ең ірі фестивальдердің біріне айналуды көздейтін жобаның жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба демеушілік және серіктестік қаражат есебінен жүзеге асырылмақ. Фестиваль аясында көрсетілімдер, AI-контентке арналған конференция, сондай-ақ авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар өткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1226227?lang=ru
«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі 24.04.2026
2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара.Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңында ұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардың бағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%-ы Жетісу өңірінде шоғырланған.Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оның тарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірді халықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ.Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығын айқындайды.Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер – Bayansulu және Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдеген таулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.Фестиваль бағдарламасы:Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері;Plein air форматындағы суретшілер байқауы;Мәдени іс-шаралар;Ұлттық спорт ойындары;Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.«Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі – Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясында өткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1210356?lang=kk
Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту 24.04.2026
Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.Осы мақсатта, Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы бірінші сатылы сотта мемлекеттік айыпты қолдау аясында есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаумен айналысқаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған тұлғаға қатысты қаралған қылмыстық іске көрме процесін өткізді.Бұл іс-шараға арнайы колледж студенттері қатыстырылып, оларға есірткімен айналысу салдары және оның жауапкершілігі түсіндірілді.Осылайша, жастардың арасында құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды теріс жолдан сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар Тұран ауданы прокуратурасымен үнемі жүргізілуде.Шымкент қаласының прокуратурасы
Халық қолөнерінің шеберлері: СҚО мекемелерінде ұлттық дәстүрлер жаңғыруда 24.04.2026
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды еңбекпен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында ұлттық қолөнерді дамытуға ерекше назар аударылуда.Осы бағыттағы жарқын мысалдардың бірі – №48 мекемеде жүзеге асырылып жатқан қызмет. Мұнда сотталғандар ат әбзелдерін жасаумен айналысады. Оларды бұл кәсіпке кәсіпкер Владимир Осипов үйреткен. Ол бұл салада 12 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді және 2021 жылдан бастап сотталғандарды жұмысқа тартуда.Бүгінде оның өндірісінде 11 адам жұмыспен қамтылған. Барлық өндірістік процестерді толық меңгеру үшін кәсіпкер арнайы мамандарды шақырып, олар сотталғандарды тігін және материалдармен жұмыс істеу қырларына үйреткен. Орта есеппен алғанда, бұл кәсіпті толық игеру үшін шамамен үш ай уақыт қажет.Сотталғандар ат әбзелдерінің кең түрін дайындайды: ер-тоқым, жүген, ноқта, тізгін, үзеңгі, қамшы, шпорлар және басқа да жабдықтар. Сонымен қатар белдік, қарғыбау секілді қосымша бұйымдар да өндіріледі. Бұл жұмыс үлкен ұқыптылықты, мұқияттылықты және төзімділікті талап етеді. Мәселен, бір белдікті дайындауға жарты күнге жуық уақыт кетсе, бір күнде күрделілігіне қарай алтыға дейін жүген жасауға болады.Сондай-ақ бұл өндірісте еңбек етіп жүрген сотталғандардың бірінің жеке тарихы ерекше назар аударады. Ол бала кезінен халық шығармашылығына қызығып, ағаш пен сүйекке ою ойып, сурет салумен айналысқан. Өзінің айтуынша, бала кезінде қамшы өретін атасын жиі бақылағанымен, ол кезде бұл өнерді меңгере алмаған. Сотталғанға дейін әртүрлі салада — тас қалаушы, ағаш шебері және дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Владимир Осиповтың өндірісіне жұмысқа орналасқаннан кейін тері мен киізден бұйым тігуді үйреніп, ал 2025 жылы тәлімгердің көмегімен қамшы өруді толық меңгерген.Сотталғанның айтуынша, бұл жұмыс ол үшін тек табыс көзі немесе уақыт өткізу емес, сонымен қатар сапалы бұйымдар жасап, халыққа пайда келтіру және ұлттық дәстүрлерді сақтау мүмкіндігі болып табылады.Дайын өнімдер тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде және шетелде де сұранысқа ие.Сонымен қатар өңір мекемелерінде ағаш өңдеу бағыты да белсенді дамуда. Сотталғандар ұлттық нақыштағы бұйымдар — оюланған сандықтар, астау, үстелдер және басқа да тұрмыстық заттарды жасап, оларды қазақы ою-өрнектермен безендіруде. Мұндай жұмыстар тек техникалық дағдыларды ғана емес, шыдамдылық пен ұқыптылықты талап етеді.Ұлттық қолөнерді дамыту сотталғандардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Ал алған білім мен тәжірибе бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуға немесе жеке кәсіп ашуға негіз бола алады.Жалпы №48 мекемеде шамамен 650 сотталған жазасын өтеуде, оның 415-і жұмыспен қамтылған. Мекеме аумағында алты жеке кәсіпкер қызмет атқарып, сотталғандарды еңбекке тартып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1208019?lang=kk
Баспасөз релизі «Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма» 24.04.2026
Баспасөз релизі«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлердіболжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталғанинтернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша(https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails,https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomikaglavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm)алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толыпкеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар жәнехабарландыруларды жаппай таратуда.Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер,бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымалсервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардыңшынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауғаитермелейді.Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылыөтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесеқолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистердікөшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздержәне банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ruбұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескереотырып, мыналар ұсынылады:- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл»хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттарарқылы тексеру;- бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректеріненгізбеу;- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлыаутентификацияны қосу;- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып,барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттыңбұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистерарқылы тексеріңіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1208035?lang=kk
Төрт аяқтылар – заң күзетінде: кинологиялық қызметтің бір күні 24.04.2026
Кинологиялық қызмет қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сенімді, төзімді және өз ісіне адал төрт аяқтылар күн сайын қызметкерлермен қатар заң күзетінде тұр.№50 мекемесінде қазіргі таңда 4 кинолог және 7 қызметтік ит қызмет атқарады. Әрқайсысы — өзара түсіністік пен сенімге негізделген үйлесімді команда.Қызметтік иттердің негізгі міндеттеріне мекеме аумағының периметрін күзету, тыйым салынған заттарды анықтау, автокөліктер мен келіп түсетін сәлемдемелерді тексеру, сондай-ақ із кесу жұмыстары жатады. Өздерінің сезімтал иіс сезу қабілеті мен арнайы дайындықтарының арқасында төрт аяқтылар адам байқамайтын дүниелерді анықтай алады.Күн сайын кинологтар өз иттерімен жаттығулар мен сабақтар өткізеді. Бұл тек командалар мен қызметтік тапсырмаларды орындау ғана емес, сонымен қатар физикалық дайындық және ойын элементтері арқылы адам мен ит арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту. Себебі қызметтік иттер — тек сенімді серіктер ғана емес, сонымен қатар адал достар.Осындай тандемдердің бірі — әділет сержанты Жанай Қанат және Гретта атты шығыс еуропалық овчарка. Жас болса да — жақында екі жасқа толды — Гретта өзіне жүктелген міндеттерді сенімді атқарып, қызметте жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.Қызметтік иттер тұқымына және денсаулық жағдайына байланысты орта есеппен 7 жылға дейін қызмет атқарады. Қызмет мерзімі аяқталған соң олар лайықты демалысқа жіберіліп, қамқорлық пен назарда өмір сүруін жалғастырады.Кинологиялық қызмет — бұл адам мен жануар арасындағы шынайы өзара іс-қимылдың жарқын үлгісі. Мұнда адалдық, тәртіп пен сенім қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің негізіне айналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1208039?lang=kk
"Таза Қазақстан" Республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өткізілді. 24.04.2026
"Таза Қазақстан" Республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1207958?lang=kk
«Таза Қазақстан» аясындағы қалалық аумақтарды санитарлық тазарту 24.04.2026
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалада тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында көшелер, аулалар және қоғамдық орындар тазартылып, қоқыс шығарылды, саябақтар мен скверлер ретке келтірілді. Қаланың тазалығы — баршаға ортақ нәтиже әрі жайлы, қолайлы орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1207921?lang=kk
СІМ-де төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту саласындағы БҰҰ-мен өзара іс-қимыл талқыланды 24.04.2026
Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астанаға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысының апаттар тәуекелін азайту мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі – БҰҰ-ның Апаттар тәуекелін азайту басқармасының (UNDRR) басшысы Камал Кишормен кездесті.Кездесу барысында Министр Қазақстанның 2015–2030 жж. арналған Апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыруға бейілділігін растады. Атап айтқанда, халықаралық міндеттемелер аясында превентивтік шараларды енгізу, тәуекелдерді талдау және қалалық инфрақұрылымды климаттың өзгеруіне бейімдеу бағытындағы жұмысқа назар аударылды.Е.Көшербаев Орталық Азия елдерінің 2022 - 2030 жж. арналған апаттар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастығының Өңірлік стратегиясын әзірлеуге UNDRR-дың қатысуын ерекше атап өтті. Бұл құжат өңір мемлекеттерінің үйлестірілген іс-қимылына негіз қалады.К.Кишор қазақстандық тарапқа жылы қабылдау көрсеткені және Өңірлік экологиялық саммиттің мазмұнды бағдарламасы үшін алғыс білдірді. Саммит аясында UNDRR делегациясы табиғи және техногендік апаттардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша бірлескен шараларды, атап айтқанда, су және энергетикалық қауіпсіздікті арттыру, климат өзгеруіне төзімділікті және экономикалық дамуды күшейту, сондай-ақ Орталық Азияның төтенше жағдайлар органдары мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.Тараптар сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі инклюзивтілік мәселесіне және осал топтарды қорғау, климаттық сын-қатерлер мен су күн тәртібіне, сондай-ақ Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығының (CESDRR) қызметіне ерекше тоқталды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу саласында озық тәжірибелерді енгізу бойынша диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1207877?lang=kk
Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре 24.04.2026
Аким Алматы Дархан Сатыбалды и аким Алматинской области Марат Султангазиев провели заседание Местного совета Алматинской агломерации. В ходе совещания были рассмотрены вопросы строительства социальных объектов в пригородной зоне, улучшения экологии и повышения транспортной связанности. Стороны отметили, что одной из ключевых задач остается улучшение экологической обстановки. В настоящее время из 188 населенных пунктов агломерации газифицировано 74%, что охватывает более 1,1 млн человек. В текущем году планируется увеличить этот показатель до 89,4%.В рамках развития транспортной инфраструктуры обсуждены вопросы определения земельных участков для строительства транспортно-пересадочных узлов. Также ведется разработка проектно-сметной документации по возведению автодороги от аэропорта до БАКАД протяженностью 6,4 км. Для реализации проекта предусмотрен выкуп 52 земельных участков, из которых 23 расположены на территории области.Особое внимание уделено реализации проектов по пробивке шести радиальных дорог, обеспечивающих выход на БАКАД, что позволит значительно повысить транспортную доступность и снизить нагрузку на дорожную сеть.В связи с ростом численности населения и увеличением количества детей в ряде населенных пунктов агломерации в 2026–2028 годах запланировано строительство новых образовательных учреждений. В частности, акиматом Алматинской области предусмотрено возведение 21 школы в наиболее густонаселенных районах — Илийском, Карасайском и Талгарском — с целью ликвидации трехсменного обучения и сокращения дефицита ученических мест.Подводя итоги заседания, аким города Алматы отметил, что принятые решения направлены на устойчивое развитие агломерации. «Мы видим рост нагрузки на инфраструктуру и понимаем важность системного планирования как на уровне города, так и всей агломерации с акцентом на комплексное развитие территорий и повышение качества жизни людей», - сказал Дархан Сатыбалды.В свою очередь аким Алматинской области Марат Султангазиев подчеркнул, что вопросы, рассмотренные на совещании, позволили более чётко определить общие направления развития Алматинской агломерации. «Газификация, развитие транспортной инфраструктуры и снижение нагрузки на социальные объекты — всё это взаимосвязанные задачи, требующие комплексного решения», - отметил он.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1207880?lang=kk
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді 24.04.2026
2026 жылғы 23 сәуірМемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйымдар басшыларымен кездесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады.Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысып, қолдау көрсеткені үшін делегаттарға алғыс айтып, олардың мол тәжірибесі ортақ мәселелердің шешімін табуда нақты тәсілдерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Президент еліміз орнықты дамуды қамтамасыз ету және биоалуантүрлілікті қорғау бойынша халықаралық институттардың қызметіне баса мән беретінін атап өтті.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруды жақтайды. Еліміздің жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған.Халықаралық конвенция өкілдері Өңірлік экологиялық саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын жеткізді. Олар халық арасында экологиялық сана қалыптастыруды көздейтін «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды құптайтындарын мәлімдеді. Сонымен қатар мәртебелі меймандар еліміздің климат және су проблемаларын шешуге қатысты жаһандық бастамаларына қолдау көрсетті.https://akorda.kz/kz/prezident-halykaralyk-konvenciya-zhetekshilerimen-kezdesu-otkizdi-233546 Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ қоршаған орта бағдарламасының (UNEP) атқарушы директоры Ингер Андерсен, Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (CITES) Бас хатшысы Ивонн Игеро, БҰҰ-ның биоалуантүрлілік жөніндегі конвенциясының атқарушы хатшысы Астрид Шомакер, Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының атқарушы хатшысы Рольф Пайе қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1207859?lang=kk
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрмен келіссөздер жүргізді 24.04.2026
2026 жылғы 23 сәуірде - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Аскар Пусан қаласының болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрі доктор Сон Хи Ёппен (Ian Seong) кездесу өткізді.Кездесу барысында көлік-логистика және IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды. Әсіресе, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту мақсатында Қазақстанның Ляньюньган мен Сиань қалаларындағы логистикалық мүмкіндіктерін Пусан порттық инфрақұрылымымен ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар технологиялық әріптестік мәселелерін, соның ішінде жасанды интеллект саласында бірлескен зертханалар құруды және «Astana Hub» пен «Centum 2» инновациялық кластерлері арасындағы байланыстарды нығайтуды талқылады.Сондай-ақ әуе қатынасын кеңейту, медициналық туризм және білім беру салаларындағы байланыстарды күшейту мәселелері жеке қарастырылды. Вице-мэр қазақстандық студенттер мен мамандарды қолдауға бағытталған «City Visa Busan» жаңа визалық жүйесінің енгізіліп жатқанын хабарлады.2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарланған Мемлекеттік сапарына дайындық аясында тараптар Пусанның іскер топтарының белсенді қатысуымен ауқымды Қазақстан–Корея бизнес-форумын өткізуге дайын екендерін растады. Анықтама үшін: Пусан - Корея Республикасының екінші ірі қаласы әрі ең ірі порты, жаһандық логистикалық және технологиялық хаб болып табылады. Қала «Global Hub City» стратегиясын белсенді түрде жүзеге асырып, болашақ инновацияларына, цифрлық экономикаға және жоғары технологиялық өндірістерге басымдық беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1207870?lang=kk
Қазақстан және ЕКПА: конституциялық реформаға назар 24.04.2026
Страсбург, 2026 жылғы 22-23 сәуір – Сенатор Евгений Больгерт Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) көктемгі сессиясына қатысты.Сапар аясында Е.Больгерт ЕКПА Президенті Петра Байрмен (Аустрия) келіссөздер жүргізді.Сонымен қатар, қазақстандық депутат ЕКПА-ның барлық саяси топтарының жетекшілерімен екіжақты кездесулер өткізді – Жольт Немет «Еуропалық консерваторлар, патриоттар және одақтастар», Пабло Испан «Еуропалық халық партиясы», Юлиан Булай «Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы», Франк Швабе «Социалистер, демократтар және жасылдар», Лаура Кастель «Біріккен еуропалық солшылдар».Е.Больгерт әріптестерін Қазақстан Республикасындағы демократиялық үдерістердің барысы және саяси жүйені жаңғырту туралы хабардар етті.Конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Еуропалық парламентарийлерге 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның нәтижелері және Қазақстанның жаңа Конституциясының тұжырымдамалық жаңалықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.П.Байрмен кездесу барысында Қазақстан мен ЕКПА арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері талқыланды.Өз кезегінде, ЕКПА саяси топтарының төрағалары елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігін атап өтіп, нақты нәтижелер мен жақсартулардың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, демократияландыру ұзақ мерзімді үдеріс екені айтылды. Еуропалық депутаттар бүкіл халықтың мүддесін білдіретін күшті Парламентті дамыту қажеттігін атап өтті.Ассамблея Президенті мен саяси топтардың жетекшілері Қазақстанда өтетін алдағы парламенттік сайлауға ерекше қызығушылық танытты.Пленарлық сессия аясында Е.Больгерт ЕКПА депутаты Констатинос Эфстафиумен (Кипр) кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ассамблея арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі адам құқықтары күн тәртібін талқылады. Еуропалық депутатқа елдегі құқықтық ортаны жаңғырту және ішкі саяси жүйедегі құқық қорғау бағытын күшейту жөнінде объективті ақпарат ұсынылды. Өз кезегінде К.Эфстафиу Қазақстандағы «толеранттылықтың жоғары мәдениетін» атап өтті.Сонымен қатар, Е.Больгерт ЕКПА депутаттары, Еуропа Кеңесінің институттары, халықаралық сарапшылар және дипломатиялық корпус өкілдері қатысқан «Конституциялық және парламенттік реформалар – Қазақстандағы саяси трансформацияның жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстелде сөз сөйледі.Спикерлер қатарында ЕКПА-ның Жольт Немет, «Социалистер, демократтар және жасылдар» фракциясы төрағасының орынбасары Бируте Весайте, Еуропа Кеңесінің саяси мәселелер және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Натали Сабанадзе, сондай-ақ франциялық Еуропадағы перспективалар және қауіпсіздік институтының президенті Эммануэль Дюпюи қатысты.Қазақстанда өткен республикалық референдумға қатысқан халықаралық байқаушылар - бельгиялық «Diplomatic World» басылымының директоры Альберто Тюркстра және чехиялық «Free Eurasia Foundation» медиаплатформасының өкілі Ислам Текушев дауыс беру барысы мен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы өз пікірлерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1207846?lang=kk
«Іскер аймақ» бағдарламасы: 2029 жылға дейін шағын бизнесті қолдауға 1,2 трлн теңге бөлінеді 24.04.2026
Мемлекет басшысының кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) микро және шағын бизнесті қолдауға бағытталған жаңа «Іскер аймақ» бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.Бағдарлама кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай жүйелі тәсілді енгізуді көздейді.Негізгі басымдық ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларды дамытуға беріледі. Ал басым салалар қатарында өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, азық-түлік өндірісі, жиһаз және құрылыс материалдарын шығару, сондай-ақ қолөнер бар.«Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сарсекеевтің айтуынша, бағдарламада өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, басым бағыттарды айқындауға жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар әр аудан нысаналы қолдау көрсету үшін алты салаға дейін таңдай алады.2029 жылға дейін бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жуық 15 мыңға дейін бизнес-жобаны қолдау жоспарланып отыр.Бағдарламада «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» бастамаларына қатысушыларға ерекше назар аударылады. Қаржыландыру екі деңгейлі тәсілмен бөлінеді: қаражаттың 30%-ы басым өңірлерге (Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары), ал 70%-ы Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда, өзге өңірлерге бағытталады.Қазіргі уақытта бағдарлама шеңберінде алғашқы жобалар мақұлданып, кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме 22%-дан 13,2%-ға дейін төмендетілді.Олардың қатарында аяқ киім өндірісін кеңейту, күнбағыс майын өндіруді дамыту, сондай-ақ болат конструкциялар мен құрылыс торларын шығару жобалары бар.Бір жобаға берілетін қаржыландырудың ең жоғары көлемі 200 млн теңгеге дейін. Қаражатты инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағыттауға болады.Сыйақы мөлшерлемесі мына қағидат бойынша қалыптасады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне плюс 4%, ал субсидия номиналды мөлшерлеменің 40%-ын өтейді.Бұл ретте қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме кемінде 12,6%. Субсидиялау мерзімі – 3 жылға дейін.Қазіргі таңда бағдарламаға екінші деңгейлі алты банк пен төрт лизингтік компания қатысуда. Алдағы уақытта қаржы ұйымдарының тізімі кеңейтіледі.Қаржылық қолдаудан бөлек, кәсіпкерлерге жеңілдетілген жалға беру және оқыту сияқты қаржылық емес қолдау шаралары да ұсынылады. Онлайн курстар «Даму» қорының ресми сайтында жарияланған. Алыс елді мекендер тұрғындары үшін жылжымалы фронт-офистерді іске қосу жоспарлануда.Қосымша ақпаратты «Даму» қорының ресми сайтынан немесе 1408 байланыс орталығы арқылы (қоңырау тегін) алуға болады.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1207825?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1208239?lang=kk
Көктемгі шақыру: Астанада жастарды әскерге шығарып салу рәсіміне 1500 адам қатысты 24.04.2026
Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында елордадан әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ҚР Парламенті депутаттары, Қарулы күштердің және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен жас сарбаздар - барлығы шамамен 1500 адам қатысты.Әскерге шақырылушыларға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков сәт-сапар тіледі.– Сіздер үшін өмірдің маңызды кезеңі басталып отыр. Бұл жай ғана бір жылдық қызмет емес - бұл ерік-жігерді шыңдайтын, мінезді қалыптастыратын уақыт. Әскер Отанға деген сүйіспеншілікті, борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Бүгін сіздерге «аманат» жүктеліп отыр - бұл тек ата-аналарыңыздың емес, бүкіл Қазақстан халқының сенімі, - деді ол.Содан кейін генерал-майор Асқар Мұстабеков запасқа шыққан әскери қызметшілерге жоғары оқу орнында тегін білім алуға арналған сертификаттар табыстады. Бұл Қорғаныс министрлігінің «Sarbaz 2.0» әлеуметтік жобасының жүзеге асып жатқанының нақты көрінісі.ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өз сөзінде Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі әскердің маңызын атап өтті. Ол қазіргі әскер тек күштік құрылым ғана емес, сонымен қатар ел тұрақтылығының негізі, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды тірек екенін айтты.Салтанатты жиынның ерекше сәті - «Аманат» рәсімі болды. Запасқа шыққан сарбаздар әскерге шақырылған жастарға әскери абырой мен ұрпақ сабақтастығын білдіретін қалқан мен қылышты табыстады.– 1414 сервисінен хабарлама келген кезде, ойланбастан әскерге бару туралы шешім қабылдадым. Елді, отбасымды және жақындарымды қорғауды үйрену - менің парызым деп санаймын. Бүгін сарбаздарға жоғары оқу орнына түсуге сертификаттар берілгенін көрдім. Мен де өз күшімді сынап, осы мүмкіндікті пайдаланғым келеді, - деді әскерге шақырылушы Мағжан Сайлау.Жастармен әскери-патриоттық тәрбие жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлері атынан елорда мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.Биыл елордадан барлығы 1400 жас әскерге шақырылады. Айта кетейік, Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау жұмыстары аяқталып, қазірде Қарулы күштер қатарына қабылдау жалғасып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1207780?lang=kk