Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан және Ауғанстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 10.11.2025
Ауған тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ауғанстан Сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттакимен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында Е.Көшербаев таяуда орын алған жойқын жер сілкіністеріне байланысты ауған халқына көңіл айтып, алдағы уақытта Қазақстан тарапынан Қабылға гуманитарлық миссия жіберілетінін хабарлады. Миссия құрамына медициналық мамандармен қатар дәрі-дәрмектер мен алғашқы қажеттілік заттары кіретін болады. Ә.Муттаки ауған халқының мұқтаждықтарына әрдайым көңіл бөліп, тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан қазақ тарапына ризашылығын білдірді және биыл жалпы көлемі 3,7 мың тоннаны құраған екі партия гуманитарлық көмектің жіберілгенін атап өтті. Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, достық және өзара тиімді қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Сұхбат барысында сауда, банк, тау-кен металлургиясы мен цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер қазақ-ауған ынтымақтастығын дәйекті дамыту ниетін растап, белсенді саяси диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/1105052?lang=kk
Қазақстан Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының Монреаль хаттамасының Көпжақты қорының Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды 10.11.2025
2025 жылғы 7 қараша, Найроби – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Б.Садықов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары А.Сармантай және Maqsut Narikbayev University Халықаралық құқық бағдарламасының басшысы А.Смағұловадан тұратын Қазақстан делегациясы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының Монреаль хаттамасы тараптарының 37-ші кездесуіне (MOP37) қатысты.Іс-шараға қатысушылар Монреаль хаттамасының мақсаттарына қол жеткізуге қатысты мәселелерді, соның ішінде 2027-2029 жылдарға арналған Көпжақты қорды толықтыру, гидрофторкөміртегі-23 (HFC-23) шығарындылары, заттардың аймақтық атмосфералық мониторингін күшейту, Кигали түзетуін іске асыруды қолдау бойынша ұлттық және аймақтық бастамалар, Монреаль хаттамасының институттарын одан әрі нығайту және басқа да мәселелерді талқылады.Қазақстан делегациясы өз сөзінде елдің озон қабатын және жаһандық климатты қорғауға қатысты халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелерін орындауға деген міндеттемесін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның ортақ мақсаттарға жету үшін күш салып жатқаны және Монреаль хаттамасын басшылыққа алатын серіктестік, инклюзивтілік және өзара құрмет құндылықтарын сақтауға ұмтылатыны атап өтілді.Кеңеске қатысушылардың кездесуі барысында Қазақстан алғаш рет консенсуспен Монреаль хаттамасының көпжақты қорының Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.Ақпарат: Монреаль хаттамасы ең табысты халықаралық экологиялық келісімдердің бірі болып табылады. Ол әмбебап ратификацияға қол жеткізді, озон қабатын бұзатын заттардың 98%-дан астам өндірісін сәтті түрде азайтты және парниктік газдар шығарындыларының айтарлықтай көлемінің алдын алды.Атқару комитеті Монреаль хаттамасының 14 мүше мемлекетінен тұрады. Атқарушы комитет Монреаль хаттамасы бойынша жүзеге асырылатын жобаларды ұсыну, зерттеу, келісу және есеп беру үшін жылына екі рет кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1102367?lang=kk
Central Asia Pipes зауыты 10.11.2025
Central Asia Pipes зауытында жылу және су желілеріне арналған қалың әрі сапалы құбырларың өндіріледі. Бұл кәсіпорында диаметрі 32 миллиметрден 1020 миллиметрге дейінгі құбырлар шығарылады. Осындай құбырлар жылу шығынын азайтып, жүйенің қызмет ету мерзімін бірнеше есеге ұзартады. Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DQWkmjejG4k/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1102370?lang=kk
Поэзия, философия және бірлік: Гаага қаласында ұлы Абайға арналған кеш өтті 10.11.2025
Гаага, 2025 жылғы 7 қараша – Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде осы елдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің белсенді қолдауымен ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени кеш өтті. Іс-шараның символдық мәні зор – ол Республика күнімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Бұл мерекелік күндер еліміздің тәуелсіздік жолының бастауын айқындайды. Өйткені ұлттың дамуы мен өркендеуі идеялары қазақ халқының ұлы перзенті Абайдың шығармашылығының өзегін құрайды. Ал Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында айтылған нақты бастамалар ұлы ойшылдың рухани мұрасымен үндес келеді.Бұл заманауи Халыққа арнауда қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтуға, адами капиталды дамытуға және ағартушылықты ілгерілетуге айрықша назар аударылған. Бұл – өз өмірін осы ұлы мұраттарға арнаған ақынның идеалдары. Абай әділеттілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа және білімге ұмтылуға шақырып, оларды ұлттың рухани өсуі мен игілігінің негізі деп білді. Ұлы ойшылдың осы өсиеттері бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпай, қазақстандық қоғам үшін моральдық бағдар болып отыр.Кештің құрметті қонағы, тарих ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы, көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезова ұлы ойшыл Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс оқыды. Өз сөзінде ол ұлы тұлғаның философиялық әлемін, оның тұлға, қоғам және адамгершілік құндылықтар туралы көзқарастарын тереңінен ашып көрсетіп, тыңдаушылардың зор қызығушылығы мен рухани әсерін тудырды. Кештің шығармашылық бөлімінде Ұлы Даланың әуендері домбыра үнімен орындалып, Абайдың әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Қатысушылар Абай мұрасының қазіргі замандағы маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.Іс-шараның ұйымдастырушылары Зифа-Алуа Әуезоваға оның шабыттандыратын дәрісі үшін, сондай-ақ осы жарқын кештің дайындалуына белсенді атсалысқан біртұтас қазақ қауымдастығына шынайы алғыс білдірді.       Кеш достық ахуалындағы кофе-брейкпен, дәстүрлі қазақ дастарханымен жалғасын тапты. Қонақтар әсерлерімен бөлісіп, қазақ халқының ұлы перзенті Абайдың шығармаларының нидерланд тіліндегі басылымдарын сыйлық ретінде алып, естелік суретке түсіп, Абай мұрасын насихаттауға және Қазақстан мен Нидерланд арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған болашақ мәдени бастамаларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1102387?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Эстония Елшісін қабылдады 10.11.2025
Астана, 2025 жылғы 10 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Эстония Республикасының Қазақстандағы Елшісі Яап Ораны қабылдады.Тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени және білім саласындағы байланыстарды дамыту бойынша екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады.Эстония Президенті Алар Каристің Астанаға алдағы мемлекеттік сапарына дайындыққа айрықша көңіл бөлінді. Эстон мемлекетінің басшысымен бірге бизнес, білім және мәдениет өкілдерінен құралған кең құрамды делегация келеді, бұл екі елдің түрлі бағыттардағы қарым-қатынастарды тереңдетуге деген ұмтылысын растайды.Министр бұл сапар казақ-эстон қатынастарының одан әрі дамуындағы маңызды белес екенін және цифрландыру, көлік пен логистика, білім мен инновация сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.Өз кезегінде Елші эстон көшбасшысының сапары Таллиннің Астанамен көп қырлы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге деген ниетін растайтынын атап өтті.Кездесу соңында тараптар сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1102366?lang=kk
Алматы облысында цифрлық даму қарқыны артып келеді 10.11.2025
Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтты. Шара барысында сала үздіктері мен байланыс операторларының озық мамандары марапатталды.Облыс басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстан алдағы үш жылда толыққанды цифрлық мемлекет болуы тиіс» деген тапсырмасына тоқталып, өңірдің бұл бағыттағы жетістіктерін атап өтті.«Цифрлық трансформация – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің даму деңгейін айқындайды. Сондықтан сапа мен тұрақты өсім – басты назарда», – деді Марат Сұлтанғазиев.Әкімнің айтуынша, биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ақпарат және байланыс секторы 12 пайызға өсіп, өндіріс көлемі 13,7 млрд теңгеге жетті. Smart City индексі 70 баллды құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.Қазір облыстағы 368 елді мекеннің 349-ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. 261 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 311 елді мекенде 4G желісі тұрақты жұмыс істеп тұр.Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында 5G форматындағы байланыс іске қосылды.«Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасын алу – еңбегімізге берілген жоғары баға. Бұл марапат бізге салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға зор ынталандыру береді», – деді Алатау қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Жәнібек Қаратаев.Сонымен қатар, «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы аясында 33 елді мекеннің цифрлық картасы жасалып, 2000 шақырымнан астам инженерлік желі тартылған. Өңір аумағында 9 мыңнан астам интеллектуалды бейнебақылау жүйесі орнатылды. Ал облыс орталығы Қонаев қаласында жасанды интеллект технологиясына негізделген алғашқы Qonaev AI жүйесі іске қосылды.Цифрландыру саласындағы осындай бастамалар аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1102359?lang=kk
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риомен кездесті 10.11.2025
Министр Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Сондай-ақ тараптар өзара жемісті іс-қимылды нығайту жолында өзара серіктестікті жалғасатыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1102317?lang=kk
Жаңа Салық кодексі: Сарқан ауданындағы Ашық есік күні 10.11.2025
Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы азаматтар мен кәсіпкерлерді хабардар ету мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.Іс-шара 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіруге арналды.Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1102302?lang=kk
Су беруді уақытша тоқтату 10.11.2025
Апаттық жағдайда ысырма арматурасын ауыстыру жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 12 қараша күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Қостанай қаласы, Гашек көшесі 4 мекенжайындағы су құбыры желілерінде жүргізілетін жұмыстарға орай ауыз судың берілуі төмендегі мекенжайлар бойынша уақытша тоқтатылады:Тұрғын үйлер:Гашек көшесі — 2/1, 2/3, 4/1, 6/1, 6/2.Әлеуметтік нысандар:Гашек көшесі, 2 — Қостанай арнайы кешені (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернат).Гашек көшесі, 4 — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті.Гашек көшесі, 4/1 — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өткізу пункті.Гашек көшесі, 6 — Қалалық офтальмологиялық көпсалалы аурухана.«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1102300?lang=kk
Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады 10.11.2025
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті.Тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты.ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жапы өсімдегі мөлшері – 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады.Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды. Бұл жекелеген бағыттар бойынша өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қалыптасып отыр. Олардың ішінде:машина жасау – 11,5%-ға, соның ішінде автомобиль құрастыру - 13,3%-ға,химия өнеркәсібі – 10,9%-ға,азық-түлік – 9,1%-ға,мұнай өнімдері – 6,3%-ға,металл бұйымдары – 14,1%-ға,құрылыс материалдары – 5,3%-ға өсті.Құрылыс саласында өсім ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты болып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемінің артуы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 14,9%-бен салыстырғанда 15,1%-ды құрады.Ауыл шаруашылығы саласы маусымдық өсу фазасына енді. Жалпы өнім көлемі қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,0 п. т.-ға жеделдеп, 5,4%-ға артты. Өсімдік шаруашылығында өсім 6,7%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға жетті. Жалпы өнімнің өсуі мемлекеттік қолдау шараларымен, агротехнологияларды сақтаумен және егін жинау кезіндегі қолайлы ауа-райымен байланысты болып отыр. Бірқатар өңірде дәнді дақылдардың өнімділігі артты, олардың ішінде Ақмола (+13,6%), Қостанай (+14,9%) және Павлодар (+7,4%) облыстары бар. Сүт өндірісі 5,2%-ға, ет өндірісі 2,8%-ға, жұмыртқа өндірісі 1,4%-ға өсті.Саудада өсім деңгейі 9%-ды құрады. Өсу қарқыны саладағы үлесі 66,5% болатын көтерме сауда кәсіпорындарында байқалып отыр. Айналым қаражатының ұлғаюы Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында тіркелген.Көлік саласында да өсімнің жоғарғы қарқыны сақталып отыр. Барлық көлік түрі бойынша тасымалдың өсуіне байланысты көлік қызметінің көлемі 20,7%-ға артты.Үкімет басым салаларды қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және инвестициялар тартуға баса назар аудара отырып, сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін жұмыс істеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1102258?lang=kk
Есепшілер күні құтты болсын! 10.11.2025
10 қарашада Қазақстанның барлық есепшілері өздерінің кәсіби мерекесі – Есепшілер күнін атап өтеді!Есепші – кәсіпорынның қаржылық үміті және тірегі.Барлық есептеулер сізді қуатпен толтырып, денсаулықтарыңыз жақсы, еңбектеріңіз жемісті болуына тілектеспіз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1102261?lang=kk
Қорғаныс министрлігі мен психотерапевттер ассоциациясы әскери қызметшілердің психологиялық денсаулығын нығайту жолында күш біріктірмек 10.11.2025
Қорғаныс министрлігінде «Халықаралық әлеуметтік психотерапевтер, консультанттар және психотехнологтар ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Бірлескен жұмыс әскери ұжымдардағы суицид пен лудоманияның алдын алу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ әскери психологтардың біліктілігін арттыруға бағытталмақ.Іс-шараға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев, Халықаралық әлеуметтік психотерапевтер, консультанттар және психотехнологтар ассоциациясының президенті Владимир Савкин, Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Авершин, Қорғаныс министрлігі профильді департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев және ведомствоның басқа да өкілдері қатысты.Кездесу барысында вице-адмирал Серік Борамбаев әскери қызметшілердің психологиялық жағдайына қамқорлық көрсету армияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.– Әскери қызметшілердің психологиялық әл-ауқаты олардың жауынгерлік әзірлігіне, моральдық тұрақтылығына және жалпы қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Суицидтік көріністер мен лудоманияның алдын алу жүйелі және тұрақты түрде жүргізілуі керек, – деді ол.Константин Авершин де алдын алу жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп, нақты нәтижелерге бағытталуы керек екенін айтты.Психотерапия мен суицидология саласындағы тәжірибесін бөліскен ассоциация президенті Владимир Савкин мамандар күш біріктіріп жұмыс істеген жағдайда әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету және алдын алу шараларының тиімді әдістері әзірленетініне сенім білдірді.Ынтымақтастық туралы меморандум Қарулы күштерде психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру мен моральдық-психологиялық ахуалды нығайту жолында маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1102217?lang=kk
Ұландық Арман Тұрымбетов әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды 10.11.2025
7–10 қараша күндері Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан 50-жылдық мерейтойлық әлем чемпионаты өтуде.Жарысқа әлемнің 70 елінен 650-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс бағдарламасына спорттық самбо, жауынгерлік самбо және көру қабілеті шектеулі спортшыларға арналған самбо бойынша 31 медаль жұбы сарапқа салынған.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Арман Тұрымбетов жеке біріншілікте жоғары дайындық деңгейі мен ерік-жігерін танытып, 58 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Арман Тұрымбетов жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді.Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтеріліп, самбо спортындағы жетекші державалардың қатарында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1102190?lang=kk
ҚҰРСАЙДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ОРНАТЫЛУДА 10.11.2025
ҚҰРСАЙДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ОРНАТЫЛУДАҚҰРСАЙДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ОРНАТЫЛУДА Шымкент қаласының Құрсай елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы қарқынды атқарылуда. Жоба аясында аумаққа электр энергиясының желісі тартылып жатыр. Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша мердігер мекеме «Электромонтаж» АҚ тарапынан бүгінге дейін 22 шақырым жерге жоғары кернеулі (10 кВ) кабель желісі мен 38 шақырымдық төменгі кернеулі (0,4 кВ) әуе желісі тартылды. Сонымен қатар 1 электр тарату бекеті және 5 трансформатор станциясы салынған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады. Нәтижесінде Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 400-ге жуық үйге электр энергиясы жеткізіліп, тұрғындар сапалы әрі тұрақты жарықпен қамтамасыз етіледі. Қала тұрғындарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – Шымкент қаласының әкімдігі мен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жұмысының басты бағыттарының бірі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1102179?lang=kk
Бүгін Мохаммед бен Рашид атындағы Ғарыш орталығының Бас директоры Салем Хумайд Әл-Марримен кездесу өтті. 10.11.2025
Бүгін Мохаммед бен Рашид атындағы Ғарыш орталығының Бас директоры Салем Хумайд Әл-Марримен кездесу өтті.Кездесу барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыландыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1102154?lang=kk
Үлкен Нарын ауданының әкімі Е. Байрахметовтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың жолдауының мазмұнын талқылауға арналған жиындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы 10.11.2025
Қайырлы күн, құрметті Мәлік Нұржанұлы, Ербол Жолдаспекұлыжәне жиынға қатысушылар!           Бүгінде еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған басым бағыттар аясында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.           Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, бүгінгі күннің басты міндеті – цифрлық технологияларды тиімді пайдалана отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыра отырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.                Жолдауда көтерілген жасанды интеллект, цифрландыру, білім мен денсаулық сақтау саласындағы реформалар – аудандар үшін де жаңа мүмкіндіктер көзі. Аудан деңгейінде Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру мақсатында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда.Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы – бұл кешенді жұмыс. 2025 жылдың есепті кезеңінің қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштерге қысқаша тоқталып өтейін:    ИНВЕСТИЦИЯЛАР2025 жылдың есепті кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,3 млрд теңгені құрады. Өсу қарқыны — 119%.Бөлшек тауар айналымының көлемі 4,6 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 102% болды.Ауданда 1177 шағын және орта бизнес субъектісі қызмет атқаруда.Өнеркәсіп өнімінің көлемі 621 млн теңге, өсім қарқыны — 114%.Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 379% құрады.Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңа даму деңгейіне көтерудің маңыздылығын атап өтті. Осы маңызды міндетті орындау мақсатында ауданда аграрлық секторды жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 14,6 млрд теңгені құрап, өсім қарқыны 107% болды.Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі биыл 50 мың гектарға жетті.Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 1 млрд 750 млн теңгеге 39 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.Көктемгі егіс жұмыстарын қолдау мақсатында 148 шаруашылыққа 223 млн теңге субсидия төленді.Астық және бұршақ дақылдарын жинау 17 мың гектардың барлығында аяқталып, 44 мың тоннадан астам өнім жиналды.Орташа өнімділік — гектарынан 25 центнер, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары (24,4 ц/га).Майлы дақылдар 24 мың гектардан, яғни жалпы егіс көлемінің 87%-ынан жиналды.Орташа өнімділік 28 ц/га болып, 68 мың тонна өнім алынды (2024 жылы — 25,0 ц/га).«Кең дала–2» бағдарламасы аясында Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалы арқылы 21 ауыл шаруашылығы субъектісі жалпы сомасы 528 млн теңге несие алды.Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 226 ауыл шаруашылығы өндірушісі жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл қаражат шаруашылықтарға көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы өткізуге және ағымдағы жылдың өнімін табысты жинауға мүмкіндік берді.Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жол бойындағы туризмді дамытуға бағытталған 12 жоба жүзеге асырылуда.       Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында туризм әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі екенін атап өтті. Біздің аудан да бұл бағытта жоғары әлеуетке ие.       2025 жылы ауданға шамамен 15 050 турист келді, бұл 2024 жылмен (9040 турист) салыстырғанда 165% - ға көп. Бұл өсім ауданға деген қызығушылықтың тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді.      Осы бағытта жол бойы сервисін дамыту шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, аудан әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлескен жобасы аясында заманауи жол бойы сервис нысаны ашылды. Бұл аудан инфрақұрылымын жақсартуда маңызды қадам болып, туризм мен қызмет көрсету саласындағы шағын бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндік берді.    ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ      Президент өз Жолдауында тұрақты дамудың негізгі факторы – тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғырту екенін атап өтті. Осыған орай, ауданда халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, су құбырлары желілерін жаңарту және сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.      Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры құрылыстарын және оларға қатысты желілерді реконструкциялау» жобасы жүзеге асырылуда (анықтама үшін: 5 098,550 млн теңге, 77,4 км су желісін қайта жаңарту).        Сонымен қатар, биылғы жылы облыстық бюджет есебінен Алтынбел, Үштөбе және Солдатово ауылдарындағы су құбыры желілерін жөндеуге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мердігерлер анықталып, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес басталды.        Сондай-ақ, Жұлдыз ауылында «Су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда. Жобаны іске асыруға бастапқыда 50 млн теңге бөлінді. ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ      Аудандық жол желісінің жалпы ұзындығы 496 км, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 80 км, тоблыстық маңызы бар – 111 км, аудандық маңызы бар – 305 км.      2025 жылдың басында аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық күйдегі үлесі 62,3% құрады.      Биылғы жылы Үлкен Нарын ауылындағы Панфилов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.      «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Малонарым ауылындағы Абай, Қонаев, Болашақ және Қазақстан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Солдатово ауылына кіреберістегі су өткізу құбыры жөнделді.      Үлкен Нарын ауылында Назыров, Өскембаев, О.Бөкей, Жұмағұлов, Маяковский, Рысқұлбеков, Рыков, Нарым, Тайбағаров, Әуезов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.      Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудандық маңызы бар асфальт жабындысы бар автожолдардың үлесі 76,3 %-ға жетті.         Сондай-ақ, биыл аудандық бюджет есебінен келесі жұмыстар атқарылуда:      - Үлкен Нарын, Алтынбел және Солоновка (Әл-Фараби және Мұзтау) ауылдарындағы көшелерге шұңқырларды жөндеу жұмыстары – 37 млн теңге;      -Алтынбел ауылындағы Зубков көшесіндегі көпірге ағымдағы жөндеу – 15,7 млн теңге;      -ауылдық округтерде көшелерді тегістеу және қиыршық тасты төсеу жұмыстары – 29 млн теңге. АБАТТАНДЫРУ      Биыл ауданда бірқатар маңызды абаттандыру жобалары іске асырылды. Атап айтқанда, аудан орталығында:      -спорттық және балалар алаңы орнатылды (30 млн теңге);      -Орталық саябақтағы Жеңіс скверіне ағымдағы жөндеу жүргізілді (14 млн теңге);      -аулалардағы кәріз және септик жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды (15 млн теңге).      Сонымен қатар, Тумашинов көшесіндегі скверге және Алтайэнерго шағын ауданындағы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.      Үлкен Нарын ауылында тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жөнделіп, бұл ауданның экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды нысан болып табылады. Сондай-ақ 15 контейнерлік алаң орнатылды.       «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылғы 7 сәуір мен 10 қазан аралығында аудан аумағынан шамамен 112 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, 139 гектар жер тазартылды. Акцияға 3132-ден астам адам, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ұйым қызметкерлері және волонтёрлер қатысты.      Акция барысында 5348 түп ағаш көшеті отырғызылды, бұл аудандық жоспардан 598 түпке артық (жоспар — 4750 түп). Негізінен шырша мен қарағаш көшеттері егілді. Көшет отырғызу білім беру, мемлекеттік және медициналық мекемелер аумақтарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар трасса бойында жүргізілді.      Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, ауылдың сәулеттік келбеті жақсарып келеді.      Жергілікті бюджет есебінен келесі нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде:      -Үлкен Нарын ауылында ат жарыс алаңының құрылысы;      -Үлкен Нарын және Жұлдыз ауылдарында байланыс жабдықтарын орнатуға арналған антенна-мачта құрылысы;      -Үлкен Нарын ауылындағы Абылайхан көшесін күрделі жөндеу.      Сонымен бірге, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Үлкен Нарын ауылында жалпы ауданы 140 м²,                         құны 39,9 млн теңге болатын екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ      Жолдауда атап өтілгендей, жасанды интеллект – білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды құралы.      Аудандағы барлық 16 мектеп интернетке толық қосылған, оның ішінде 8 мектеп Starlink жүйесі арқылы.      Ауылдық елді мекендердегі оқушылардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Цифрлық мұғалім» және «Мобильді мұғалім» жобалары іске асырылуда. Жобаға К. Дамитов атындағы орта мектеп пен Үлкен Нарын ауылдық лицейі енгізілді.      Елдің болашағы – білімде, ал білім – мемлекеттің берік іргетасы. Осы іргетасты нығайту мақсатында оқыту сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Мысал ретінде, бұрын спорт залы жоқ жалғыз мектеп болып келген Көкбастау мектебінде биыл спорт залының құрылысы басталды. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ      Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – басты басымдықтардың бірі.      Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ауданға елеулі қаражат бағытталды. Атап айтқанда, құны 450 млн теңге болатын заманауи компьютерлік томограф және 17 млн теңгеге қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды. Жақын уақытта аудандық ауруханаға мобильді рентген-маммографиялық кешен сатып алу жоспарлануда. Құрметті жиынға қатысушылар!       Президент Жолдауында атап өтілгендей, жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – уақыт талабы. Ауданымыз жаңа технологияларды енгізу арқылы басқару тиімділігін арттыруды, экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын жақсартуды басты мақсат етіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1102159?lang=kk
10 қараша - Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні 10.11.2025
Қазақстанда алғаш рет бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби мерекесі аталып өтуде!Сіздердің ерен еңбектеріңіз – экономиканың ашықтығы мен тұрақтылықтың кепілі. Сала мамандарының кәсіби қарым-қабілеті мен дағдылары қаржы жүйесінде тәртіп орнықтырып, ресурстардың тиімді басқарылуы мен еліміздің сенімді дамуына жол ашады.ҚР Қаржы министрлігі мәртебелі мамандық иелерінің жұмысын одан әрі жайлы және ашық етуге баса мән беруде. Біз бухгалтерлік есеп пен аудиттің заманауи стандарттарын белсенді түрде енгізіп, сертификаттау мен мамандардың біліктілігін арттыруға ден қойып келеміз, сондай-ақ есеп беру мен бақылаудың нақты ережелерін әзірлеуді қолға алдық.Сіздердің қызметтеріңіз сенімге, тұрақтылыққа және кемел келешекке үмітпен қарауға негізделген. Бұл Қазақстан экономикасына әсер ететін маңызды фактор.Төл мерекеге орай сіздерге толағай табыс мен амандық тілейміз! Жауапкершілігі мол қызметте абыройларыңыз биіктеп, мәртебелеріңіз өсе берсін.Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1102057?lang=kk
Қазақстанның цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні құтты болсын! 10.11.2025
ҚР Қаржы министрлігі азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара байланысын озық әрі жайлы ету үшін цифрлы сервистерді белсенді дамытып келеді. Ауқымды жобалардың арасында: Smart Data Finance, кеден қызметін цифрландыру, Электронды мемлекеттік сатыпалым жүйесі, Онлайн бюджеттік мониторинг, Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы және «е-Қаржымині» жүйесінің орны бөлек.Кез келген цифрлы шешім мен енгізілген технология – ұлттық экономиканың тамырына қан жүгіртіп, азаматтардың өмірін жақсартуға қосқан қомақты үлес.Осы ретте мәртебелі мамандық иелеріне сарқылмас шабыт, тың жобалар мен жаңа кәсіби белестерді бағындыруды тілейміз!Абыройларыңыз биіктей берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1102044?lang=kk
БКМ-ді шұғыл жаңарту! 2.0.3 Протоколына көшу 10.11.2025
📣 КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!БКМ-ді шұғыл жаңарту! 2.0.3 Протоколына көшу: Маңызды мерзімдер және жаңа мүмкіндіктер!ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР ҚМ МКК) БКМ қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы және БКМ деректерін берудің жаңа 2.0.3 нұсқасы Протоколына көшу қажеттігін хабарлайды!Бұл маңызды! 2025 жылғы 17 қарашадан бастап Деректерді фискалдық операторға (ДФО) берудің ескі 2.0.2 нұсқасы Протоколын өшіру жоспарланған. Егер сіздің кассаңыз жаңартылмаса, ол деректерді жібере алмайды!🗓️ Қайта бағдарламалаудың негізгі мерзімдері:БКМ түріЖаңарту мерзіміАппараттық-бағдарламалық кешендер2025 жылғы 15 қазанға дейінЭлектрондық құрылғылар ("темір кассалар")2025 жылғы 15 қарашаға дейін ✨ 2.0.3 Протоколында не жаңа?Протоколдың жаңа нұсқасы одан әрі цифрландыру және ыңғайлылық үшін әзірленген:БКМ-ді Тауарлардың ұлттық каталогына (ТҰК) автоматты түрде қосу: Номенклатурамен жұмысты жеңілдету және тауарлар туралы шынайы ақпаратты қамтамасыз ету.ДФО тарапынан БКМ геолокациясын анықтау: Ақшалай есеп айырысулар жүргізілетін жерді дәл тіркеу.🛠️ Не істеу керек?Сіздің БКМ-іңізді 2.0.3 нұсқасы Протоколына сәйкес қайта бағдарламалау үшін шұғыл түрде келесі мекемелерге жүгіну қажет:Сіздің БКМ әзірлеушілеріне.БКМ-ге техникалық қызмет көрсету орталықтарына (ТҚКО).Жаңартуды кейінге қалдырмаңыз! Мерзімдерді сақтау – сіздің кассаңыздың үздіксіз жұмыс істеуінің және салық органдарымен туындауы мүмкін проблемаларды болдырмаудың кепілі!🔗 Ресми ақпарат:2.0.3 нұсқасы Протоколы ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында жарияланған: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/KGD/UGU/protokol_peredachi_dannyh_2_0_3_operator.docx #БКМ #Протокол203 #ҚазақстанСалықтары #ҚРҚММКК #ДФО #БизнестіЦифрландыру Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1102009?lang=kk
Поэзия, философия және бірлік: Гаагада ұлы Абайға арналған кеш өтті 10.11.2025
Гаага, 2025 жылғы 7 қараша – Нидерланды Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігінде ұлы қазақ ақыны, ойшылы және гуманисі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Мәдени кеш өтті.                                                                Іс-шараның өткізілуі ұлттық тарихтағы маңызды белестермен символикалық түрде сәйкес келді – ел жақында Республика күнін және Қазақстанның тәуелсіздік жолының бастауы болып табылатын Мемлекеттік тәуелсіздік Декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтті.                                                                                                                    Кеш қатысушылары 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына жолдаған Жолдауында айтылған идеялар Абай Құнанбайұлының рухани мұрасына үйлесімді екенін атап өтті. Жолдауда қоғамның моральдық негіздерін нығайтуға, адам капиталын дамытуға және ағартушылықты алға жылжытуға ерекше мән берілген – бұл ұлы ойшыл өмірін арнаған идеялар еді. Абай әділдікке, еңбекке, адалдыққа және білімге ұмтылуға шақырып, оларды халықтың рухани дамуы мен әл-ауқатының негізі деп санаған. Бұл өсиеттер бүгін де өзекті болып, қазіргі Қазақстан үшін моральдық бағдар болып қызмет етуде.                                                                  Абайдың шығармашылығы мен өмір жолына арналған лекцияны кештің құрметті қонағы – тарих ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезова оқыды. Өз сөзінде ол ұлы ойшылдың философиялық әлемін, тұлғаға, қоғамға және моральдық құндылықтарға деген көзқарасын ашып көрсетті, бұл тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, терең резонансқа ие болды.                                                                                                                                                        Кештің шығармашылық бөлігінде Нидерландыдағы қазақ диаспорасының өкілдері мен Қазақстанның достары Абайдың шығармаларын орындап, домбырада музыкалық нөмірлер ұсынды және оның шығармашылығының бүгінгі замандағы мәні туралы ойларын бөлісті.             Ұйымдастырушылар Зифа-Алуа Әуезоваға шабыттандырарлық лекция үшін алғысын білдіріп, сондай-ақ диаспора қатысушыларына белсенді қатысқан және іс-шараны дайындауға қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді. Іс-шара дәстүрлі қазақ тағамдарының элементтерімен достық атмосферада кофе-брейкпен аяқталды. Қонақтар әсерлерімен бөлісіп, естелік фотосуреттер жасады және Абай мұрасын насихаттау мен Қазақстан мен Нидерланды арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған болашақ мәдени бастамаларды талқылады.                                                                                                                                                  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1102012?lang=kk