Қоғам
Республика күніне арналған салтанатты жиын 25.10.2025
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ардагерлері мен жеке құрамы қатысты. Өз сөзінде облыс прокуроры Тимур Сүлейменов Республика күнінің тарихи маңызын – ұлттық бірліктің, тәуелсіздіктің және қазақстандық халықтың өркендеуге, дамуға деген ұмтылысының нышаны ретінде атап өтті. Ол заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауда прокуратура органдарының маңызды рөлін ерекше атап өтті. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары кәсібилігі және көпжылдық адал еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бірқатар қызметкерлері мен ардагерлері Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрықтарымен ведомстволық наградалармен марапатталды. Салтанатты шара патриотизм, бірлік және қызметтік борышқа құрмет рухында өтті.Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1093321?lang=kk
Diplomacy журналының Қазақстанға арналған арнайы нөмірі 25.10.2025
Специальный выпуск журнала «Diplomacy» о Казахстане Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1093314?lang=kk
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің құттықтауы 25.10.2025
Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар! Қымбатты отандастар!Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!25 қазан – еліміздің жаңа тарихындағы айрықша күн. Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялау арқылы тәуелсіз даму жолына түсіп, заманауи мемлекеттіліктің берік іргетасын қалады.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси бағытына сәйкес, еліміз мемлекеттік институттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, адам капиталы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты жаңғыру стратегиясын табандылықпен жүзеге асырып келеді.Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің – ең жоғары құндылық екенін және оны қорғау – бүкіл қоғам мен әрбір азаматтың ортақ борышы екенін атап өтті. Қазақстан салмақты сыртқы саясат жүргізіп, көршілес елдермен достық қатынасты нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім, әлеуметтік жауапкершілік пен реформаларға ашықтық – қазақстандық мемлекеттіліктің дамуының басты негізі.Егемендік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде ел қауіпсіздігі мен мемлекеттік тұрақтылықтың кепілі ретінде Қарулы күштерге ерекше рөл жүктелген. Қорғаныс әлеуетін арттыру мақсатында жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру, әскерлерді басқарудың тиімділігін көтеру, заманауи стандарттар мен технологияларды енгізу бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан армиясының бөлімшелері халықаралық оқу-жаттығуларға, миссияларға және жарыстарға қатысу арқылы жеке құрамның жоғары жауынгерлік әзірлігі мен тәртібін, жауапкершілігін дәлелдеп келеді.Республика күні – бұл тек ұлттық мереке ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздікті нығайту, тұрақтылықты сақтау және Президент айқындаған бағыт бойынша елімізді алға ілгерілету жолындағы ортақ парызымызды еске салатын күн.Осы маңызы зор күні барша әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне және еліміздің барлық азаматтарына мықты денсаулық, қызмет пен еңбекте табыс, елімізге бейбіт өмір мен тұрақтылық тілеймін!Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріавиация генерал-лейтенанты Д. ҚосановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1093299?lang=kk
25 қазан - Республика күні 25.10.2025
Құрметті отандастар!25 қазан – Республика күні.Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі атынан баршаңызды осы маңызды мерекемен құттықтаймыз! Республика күні еліміздің тарихындағы ерекше күн. Баршаңызға бақыт, бейбітшілік және гүлдену тілейміз! Уважаемые соотечественники!25 октября – День Республики.От имени Посольства Республики Казахстан в Мексике поздравляем всех с этим важным праздником! День Республики — это особенный день в истории нашей страны. Желаем всем счастья, мира и процветания!#Kazakhstan #BornBoldАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1093300?lang=kk
Қазақстан мен Марокко арасында мәдени ынтымақтастық нығаюда 25.10.2025
2025 жылғы 5-10 қазан аралығында Загора қаласында 19-шы Халықаралық Транссахаралық кинофестивалінде Қазақстан бас қонақ ретінде қатысып, фестиваль аясында Қазақстанның Ұлттық мерекесі – Республика күні аталып өтті. Кинофестивальдің ашылу рәсіміне Марокко Парламентінің мүшелері, Марокко-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Абделькадер Тахер, Загора қалалық кеңесінің төрағасы Мадани Шейхи, Загора муниципиалдық кеңесінің төрағасы Абделжадил Эль-Хрейф, Загора провинциясының туристік кеңесінің вице-президенті Юсеф Даххамат, дипломатиялық корпус және БАҚ өкілдері қатысты.Фестиваль президенті Халед Шахид Фестиваль ашылуымен құттықтап, Елшілікпен бірге осындай ірі іс-шара өткізу және Қазақстанның мәдениеті мен киноөнерін паш ету аймақтың дамуы үшін өте маңызды, өйткені ол туристер мен инфлюенсерлерді тартады, елдің киноиндустриясын алға жылжытуға ықпал етеді деп атап айтты.Елші С.Сайлауқызы сөзінде Қазақстанда іске асып жатқан реформалар, маңызды іс-шаралар мен халықаралық бастамалар, екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастың нәтижелеріне көңіл аударды.Кинофестивальге Еуропа, Африка, Азияның 25 астам елдерінің, оның ішінде Орталық Азиядан Қырғызстан және Өзбекстанның да кинолары қатысады. Қазақстаннан «Тюльпан», «Сасық», «Томирис» және «Паралимпиец» 4 фильм көрсетіліп, еліміздің киноиндустрияның өкілдері, оның ішінде белгілі қазақ әртісі Самал Еслямова арнайы қатысты.Марокколық көрермендер «Шымкент концерт» филармониясы әртістерінің концертін ықыласпен қарсы алды. Фестиваль аясында қазақ және марокколық ұлттық киімдерінің бірлескен көрсетілімі өткізіліп, мүмкіндігі шектеулі балалар орталығында және Загора провинциясының Бен Золи тұрғындары үшін «Шымкент концерт» филармониясы әртістерінің концерті ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1093234?lang=kk
Алматы облысы мен Оңтүстік Корея агросаладағы серіктестікті нығайтады 25.10.2025
Алматы облысының әкімдігінде Оңтүстік Кореяның Санджу қаласынан келген делегациямен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде жылыжай шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық құрамын жаңарту мәселелерін талқылады.Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өз сөзінде өңірдің аграрлық әлеуеті зор екенін және ол бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, заманауи технологияларды енгізуге берік негіз бола алатынын атап өтті. Бүгінде облыста көпсалалы ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді: бидай, арпа, күріш, қарабидай және сұлы сияқты астық дақылдарының 10-нан астам түрі, сондай-ақ күнбағыс, соя және сафлор сияқты үш майлы дақыл өсіріледі. Бұдан бөлек, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жеміс-жидек өндірісіне де басымдық берілген. Биылғы жылы егістік алқабы 400 мың гектардан асты. Болжауға сәйкес, көкөніс пен жеміс-жидектің жалпы өнімі 35 мың тоннаға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 75 пайызға артық болады деп күтілуде.Өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта жалпы аумағы шамамен 80 гектарды құрайтын 50-ге жуық кешен жұмыс істейді. Олардың қатарында ірі өнеркәсіптік жылыжайлар да, шағын фермерлік парниктер де бар. Өткен жылы жылыжайлар шамамен 20 мың тонна өнім өндірсе, биыл бұл көрсеткішті 35 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Шаруашылықтар өз өнімдерін облыс пен Алматы қаласының нарықтарына шығарып, шетелдік серіктестердің заманауи технологияларын пайдалану арқылы халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік алуда.Мемлекеттік қолдау да аграрлық саланың дамуына маңызды үлес қосуда. Шаруалар мен ірі қожалықтар тыңайтқыштар құнының 60 пайызына дейін, тұқым шаруашылығында 70 пайызына дейін субсидия алады. Сондай-ақ жабық топырақтағы басым дақылдар — қызанақ пен қиярдың элиталық тұқымдары мен бірінші буынды будандарының құнының 20 пайызына дейін өтеледі. Ал жылыжай салу мен кеңейтуге кеткен шығындардың 25 пайызына дейін өтемақы қарастырылған. 2025 жылы осы мақсаттарға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, жобаларды кеңейту мен жаңа технологияларды енгізуге қолайлы жағдай жасалып отыр.Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды пайдалану және өнімділікті арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Корей тарапы күрделі климаттық жағдайларда тиімділігін дәлелдеген тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өңірдің аграрлық сектор мен жылыжай өндірісін одан әрі дамытуға барлық алғышарттар бар екенін атап өтіп, корейлік серіктестермен ынтымақтастық халықаралық нарыққа шығуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093238?lang=kk
Қазақстанның «орта державa» ретіндегі әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі» тақырыбына Тбилисиде конференция өтті 25.10.2025
Республика күніне орай, 2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі Григол Робакидзе атындағы Университетпен бірлесіп, «Орта державa» ретіндегі Қазақстанның әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.Конференцияға белгілі грузин ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ көрнекті қазақстандық саясаттанушы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев қатысты.Конференцияның алдында Қазақстан Елшісі М.Мырзалин мен Университет ректоры М.Тавхелидзенің қатысуымен Қазақ халықының тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қатысты кітаптар мен құжаттарды Қазақ тарихы мен мәдениеті кабинеті қорығына табыстау рәсімі өткізілді.Қатысушыларға арнаған сөзінде М.Мырзалин егемендік жарияланған 35 жыл ішінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлемдік қоғамдастықта берік жайғасымға ие және жауапты орта держава ретінде лайықты құрмет пен беделге ие қуатты әрі тиімді мемлекет ретінде қалыптасқанын атап өтті. Елші Президент Қ.Тоқаевтың сенімді жаһандық қауіпсіздік архитектурасын қалпына келтіруге және көлік-логистика желісін қалыптастыруға бағытталған бастамаларына ерекше назар аударды.Өз сөздерінде конференцияның қатысушылар жаһандық трансформация мен технологиялық прогрестің әсерімен қарқынды өзгеріп келе жатқан қазіргі әлемде Қазақстан сауда, инвестиция, көліктік өзара байланыс сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастық архитектурасын жетілдіру жөніндегі бастамаларымен халықаралық байланыстарды нығайтуға және өзекті халықаралық проблемаларды шешуге ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1093244?lang=kk
Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 25.10.2025
Республика күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайында «Отаным менің – Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті.Республика күні – ел тәуелсіздігінің, бірліктің және жасампаз еңбектің символы. Бұл мереке ел мен қаланың дамуына өз үлесін қосып жүрген әрбір қостанайлықтың еңбегін айшықтайды.Іс-шара барысында коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлері, бизнес қауымдастығының өкілдері және мемлекеттік қызметшілер ұзақ жылғы адал еңбегі үшін облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.Сондай-ақ осы күні Республика күніне орай ұйымдастырылған «Халық сапасы» байқауының қорытындылары шығарылды. Байқауды қалалық «Наш Костанай» газетінің редакциясы ұйымдастырды. Жеңімпаздар қостанайлықтардың ашық дауыс беруі арқылы анықталды. Қала тұрғындары кәсіпкерлер ұсынған тауарлар мен қызметтердің сапасын бағалап, үздіктерді таңдады. Әрбір жеңімпаз өз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында тұрғындардың құрметі мен сеніміне ие болды.Салтанатты жиын соңында барлық қостанайлықтарға және қала қонақтарына Республика күнімен құттықтау сөздері жолданып, мықты денсаулық, татулық, береке және жаңа жетістіктер тіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1093271?lang=kk
Жасанды интеллектті дамыту – Қазақстан мен Канаданың ортақ басымдығы 25.10.2025
Оттава, 2025 жылғы 24 қазан – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан мен Канада: цифрлық әріптестік және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды іске асыру және Канадамен цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздестіру мақсатында ұйымдастырылды.Қазақстанның Канададағы Елшісі Д.Құсайынов өз сөзінде еліміздің жасанды интеллектті дамыту саласындағы негізгі басымдықтары мен Үкімет жүргізіп жатқан технологиялық жаңғырту жұмыстары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, қатысушыларға Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің, «Alem.AI» халықаралық орталығының құрылуы, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру және «Astana Hub» технопаркінің қызметі жөнінде ақпарат берілді.Канададағы IT-компаниялардың өкілдері Қазақстанның жасанды интеллект пен жоғары технологиялар саласындағы саясатын жоғары бағалап, оны прагматикалық деп атады. Олардың пікірінше, бұл бағытта алдын ала қадам жасаған мемлекеттер технологиялық прогрестің алдыңғы қатарында болады. Осы тұрғыда «DMZ» инкубаторы қазақстандық технопарктермен әріптестік орнатуды ұсынса, «TELUS» корпорациясы ауыл шаруашылығында жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша табысты тәжірибесімен бөлісті, соның ішінде «KazBeef» кәсіпорнындағы пилоттық жоба мысалында.Канадалық тарап Қазақстанға жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға арналған алдағы халықаралық бастамалар мен іс-шараларға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Жалпы, дөңгелек үстелдің қорытындылары Астана мен Оттаваның цифрлық даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін растады. Қазақстан стратегиясының бағыттары Канада саясатының негізгі қағидаттарымен үндес келетіні көрсетілді, бұл екі ел арасында технологиялар мен тәжірибе алмасу үшін кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Анықтама: Канаданың өзінде жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін 20 мемлекеттік зертханасы, 75 инкубаторы мен акселераторы, 60 инвестициялық тобы және 850-ден астам стартапы бар. 2013 жылдан бері Канада Үкіметі жасанды интеллект индустриясына 9 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Жасанды интеллекттің даму көрсеткіштері бойынша Канада әлемдегі үздік 5 елдің қатарына кіреді (АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Сингапурдан кейін). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1093278?lang=kk
Мажарстандағы қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Республика күнін мерекеледі 25.10.2025
Будапешт, 2025 жылғы 24 қазан - Будапешт қаласында Мажарстандағы Қазақстанның Елшілігінің ұйымдастыруымен Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері қатысты.Мерекелік шараның ашылуында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы құттықтауы сөзін сөйлеп, осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Егемендік декларациясының тарихи маңызына тоқталды. Елші осы тарихи құжат жеріміздің тұтастығы, ұлттық мәдениетіміз бен тіліміздің дамуы, халқымыздың тағдырын өзі айқындайтын құқығын бекіткенін және сол шешімнің арқасында бүгін біз өз тағдырымыздың иесі - егемен ел ретінде өмір сүрудеміз,"- деп атап өтті.Елші еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жарқын жетістіктері мен даму жолындағы жаңа мақсат-мұраттары туралы баяндап, оны одан ары жалғастыру еңбекқор, білімді және жасампаз жастардың қолында екеніне сенім білдірді. Елші еліміз соңғы жылдары дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып, интеллектуалды ұлт ретінде, адал еңбек пен парасатқа мән беретін, әділетті Қазақстан құруға ұмтылып жатқанын жеткізді.Іс-шара қатысушылардың орындауында қазақтың әндері мен күйлерімен жалғасын тапты. Мажар орындаушылардың бірі Янурик Тимеа «Әлқисса», «Арыс жағасында» және «Ақ баян» шығармаларын орындап, ал Хусни Золтан домбырада әйгілі «Адай» күйін тартты. Бұған қоса, қазақ студенттер - Алима Ғабжалилова, Рахат Жанаахмет, Наргиз Кеңесова, Ерзат Нарима және Жанабай Айдана домбыра мен би өнерлерін паш етті. Олардың орындауында «Қорқыт», «Әлқисса», «Махамбет - Жұмыр қылыш» күйлері және қазақтың халық билері ұсынылды.Іс-шарада ҚР Президентінің Мажарстанға сапарлары барысында ерікті болып, белсенділік танытқан біртоп жастарға Елші атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл — елімізден тыс жерде жүріп те отанына қызмет етіп жүрген жастарға деген құрметтің белгісі.Сонымен қатар, қонақтар дәстүрлі қазақ ойындары - «Асық ату» және «Арқан тарту» сайыстарына қатысты.Іс-шарада Жанаргүл Феньвеши жетекшілік еткен «Мажар-қазақ этноспорт және мәдениет қауымдастығының» тұсаукесері кесілді.Мереке соңында Елшілік қызметкерлерінің жұбайлары дайындаған ұлттық тағамдар қонақтарға ұсынылып, жылы әңгіме, естеліктер мен таныстыққа толы кешке айналды.Бұл бас қосу - шетелде жүрген жастарымыздың байланысын күшейтіп, қазақ-мажар достығын тереңдеткен маңызды мереке болды. Републикалық рухты Будапешт төрінде сезініп, елден жырақта болса да, Отанның жан жылуын бірге бөліскен кеш көпшіліктің жүрегінде сақталары сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1093282?lang=kk
БҰҰ Жарғысының 80 жылдығы: Қазақстан Ұйымның мақсаттары мен қағидаттарына адалдығын растады 25.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 24 қазан – Халықаралық қауымдастық қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінің негізін қалаған және жаһандық бірліктің символына айналған Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енгеніне 80 жыл толуын атап өтуде.Осы күні БҰҰ штаб-пәтерінде Қауіпсіздік Кеңесінің «БҰҰ: болашаққа көзқарас» тақырыбындағы ашық пікірталастары өтті. Бұл отырыс Ұйымның жаңа сын-қатерлерге тиімді жауап беріп, неғұрлым әділетті әрі орнықты халықаралық тәртіпті қалыптастырудағы орталық рөлін сақтау жолдарын талқылауға маңызды алаң болды. Отырысты ашқан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Жарғы қағидаттарына қайшы келетін әрекеттер БҰҰ жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіріп қана қоймай, қауіпті прецеденттер туғызып, сенім дағдарысын тереңдететінін атап өтті.Қазақстан атынан сөз сөйлеген БҰҰ жанындағы Тұрақты өкіл Қайрат Омаров БҰҰ Жарғысының 80 жылдығы – бұл тарихи мұраны дәріптеу ғана емес, мүше мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігін жаңартуға айқын үндеу екенін атап өтті. Ол сенім дағдарысы мен Жарғы қағидаттарының таңдамалы түрде қолданылып отырған қазіргі жағдайда Жарғының іргелі рөліне балама жоқ екенін және оның ережелері толық әрі адал орындалуға тиіс екенін айтты.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтіре отырып, Тұрақты өкіл былай деді: «XXI ғасырда БҰҰ беделін көтеру үшін Ұйымға мүше мемлекеттер бейбітшілік пен қауіпсіздіктің іргесін бекемдейтін нақты қадамдар жасауға тиіс. Әйтпесе, БҰҰ үнемі мәселенің салдарымен күресуден көз ашпайды. Ал проблеманың түпкі себептері үсті-үстіне көбейе береді».Ол атап өткендей, халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру нақты істермен қамтамасыз етілуі керек. Бұл – Қауіпсіздік Кеңесін неғұрлым өкілетті және тиімді ету үшін реформалау, дамушы елдер мен жауапты орта державалардың рөлін күшейту, сондай-ақ барлық мүше мемлекеттердің тең қатысуын қамтамасыз ететін ең инклюзивті орган ретінде Бас Ассамблеяны жандандыру шараларын қамтиды. Қазақстан БҰҰ Бас хатшысының «UN80» бастамасына айрықша назар аударады. Аталған бастама Ұйымды реформалауға, жаңғыртуға және нығайтуға, сондай-ақ заманауи сын-қатерлерге жедел әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.Қазақстан Республикасының күні қарсаңында сөйлеген Қайрат Омаров еліміздің жауапты орта держава және әртүрлі күш орталықтары арасындағы дәнекер рөлін одан әрі атқаруға, БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуға және көпжақты дипломатияны бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің баламасыз тетігі ретінде дамытуға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1093295?lang=kk
25 қазан – Республика күні! 25.10.2025
25 қазан – Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күні болып табылады!Республика күні – тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңдерін еске алып, халқымыздың бай мәдени мұрасын, бірлігін және өркендеуге деген ұмтылысын дәріптейтін маңызды мереке.Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, амандық және Отанымыздың игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз.Әрбір шаңырақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, қазақстандықтардың жүрегінде елге деген мақтаныш сезімі мәңгі жасай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1093297?lang=kk
Алматы облысы мен Оңтүстік Корея агросалада бірігеді! 24.10.2025
Бүгін облыс әкімдігінде өткен кездесуде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев пен Кореяның Санджу қаласының әкімі Кан Ен Сок ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы серіктестікті талқылады.Алматы облысы – агроөнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда 400 мың гектардан астам жерге түрлі дақыл егіледі, жылыжайлар көлемі 79 гектарға жеткенКорея делегациясы өз еліндегі «ақылды ферма» жобасын таныстырып, заманауи технологияларды біздің өңірде де енгізуге қызығушылық білдірдіКездесу нәтижесінде екі ел ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093233?lang=kk
Шымкентте Республика күні мен Мемлекеттік егемендік декларациясының 35 жылдығы тойланды. 24.10.2025
Шымкенттегі «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік іс-шара патриоттық және ұлттық бірлік жағдайында өтті. Қатысушылар қатарында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мегаполис тұрғындары болды. Ел бірлігінің айтулы мерекесі Республика күні – қазақ халқының тәуелсіздігін, егемендігі мен бірлігін бейнелейтін маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Құттықтау сөзінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл күннің тарихи маңызына тоқталып, ел дамуындағы бірлік пен еңбектің рөліне тоқталды. «Бұл – мемлекетіміздің іргесі қаланып, тәуелсіз Қазақстанның болашақ бағдары айқындалған айтулы күн. Біз Республика күнімен қатар, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтеміз. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси және экономикалық жаңарулар бастан кешуде. Мегаполис экономикасы тұрақты өсуде Әкімнің айтуынша, Шымкент экономикасы соңғы жылдары айтарлықтай даму қарқынын алған. Соңғы үш жылда қалаға 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылып, 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Шымкент бюджеті алғаш рет 895 миллиард теңгеге жетіп, оның жартысы әлеуметтік саланы қолдауға бөлінген. «Шымкент бүгінде инфрақұрылымы дамыған, экономикалық әлеуеті жоғары заманауи, қарқынды дамып келе жатқан мегаполис болып табылады. Біз жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін әрбір қала тұрғыны сезінуі үшін жүйелі жұмыс атқарудамыз», - деп атап өтті Ғабит Сыздықбеков. Қала тұрғындарының еңбегі мемлекеттік наградалармен марапатталды Салтанатты шара барысында өңірдің және еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан 40-тан астам қала тұрғыны мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «Парасат», «Құрмет» ордені, «Еңбек Даңқы» (3-дәрежелі), «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» (Шапағат) медальдары болды. Сонымен қатар, еңбегі сіңген азаматтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Мемлекеттік қызмет ардагері» құрметті атақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасына және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медаліне ие болды. Марапатталғандардың бірі – 40 жылдан астам өмірін мемлекеттік қызметке арнаған Бұхарбай Парманов. "Бүкіл өмірімді мемлекеттік қызметке арнадым. Бүгінде еңбегім "Құрмет" орденімен марапатталды. Бұл үлкен мәртебе. Республика күні - ел тәуелсіздігін бейнелейтін, елді бірлік пен ынтымаққа шақыратын айтулы мерекелердің бірі", - деді ардагер. Марапатталғандардың қатарында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжінің қызметкері Гүлмира Оспанова да «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. "Бұл марапат біздің бүкіл ұжымның еңбегін бағалайды. Шымкентте біз жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Он қоғамдық бірлестіктің бастамасымен және қолдауымен Ардагерлер комиссиясы құрылып, отансүйгіштік рух пен ел тарихына құрмет сезімін арттыруға бағытталған ауқымды шараларды өткізуде", - деді Гүлмира Оспанова. Тәуелсіз Қазақстанның құрметіне арналған мерекелік концерт Кеш соңы Қазақстанның тәуелсіздігі мен гүлденуіне арналған патриоттық әндер мен шығармашылық қойылымдарға толы мерекелік концертке ұласты. Өнерпаздар мен ұжымдар ел егемендігінің асқақтығы мен маңызын айшықтап, көрермендерді мақтаныш пен шабытқа бөледі. Фестиваль жоғары нотада аяқталып, барлығына жарқын және қуанышты әсер қалдырды.
Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті 24.10.2025
Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.Бұл айтулы мереке — ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтап, халықтың жүрегінде отансүйгіштік рухты асқақтататын ерекше күн ретінде аталып өтті.Салтанатты жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік және салалық марапаттар табыстап, барша қала тұрғындарын Ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтады.Өз құттықтау сөзінде қала басшысы Республика күнінің тарихи маңыздылығына тоқталып, еліміздің өркендеу жолындағы еңбектің және бірліктің рөлін ерекше атап өтті.«Баршаңызды Ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекетіміздің іргетасы қаланған, тәуелсіз Қазақстанның болашақ бағыты айқындалған айтулы мереке. Біз бүгін Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын да атап өтудеміз. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси және экономикалық жаңару кезеңі жүріп жатыр», — деді Ғабит Сыздықбеков.Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары Шымкент экономикасы айтарлықтай серпін алып, өндіріс, құрылыс және әлеуметтік салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізілген.«Шаһарымыз заманауи инфрақұрылымы бар, экономикасы өркендеген, жастарға жол ашқан жасампаз қалаға айналды. Мыңдаған жұмысшы, ұстаз, дәрігер, инженер мен кәсіпкер ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде. Соңғы үш жылда қалаға 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылып, 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті алғаш рет 895 миллиард теңгеге жетіп, оның жартысы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды. Себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесін көруге тиіс», — деді қала әкімі.Салтанатты шара барысында ел игілігі үшін тер төгіп жүрген 40-тан астам азаматтың еңбегі лайықты бағаланды. Оларға «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табыс етілді.Сонымен қатар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілерімен, Президенттің Құрмет грамотасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған азаматтарға да құрмет көрсетілді.Марапат иелерінің бірі – мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен Бұхарбай Парманов.«Қызмет жолымыз елге адал қызмет етуге арналды. Бүгін сол еңбектің еленіп, «Құрмет» орденімен марапатталу – зор қуаныш. Республика күні – ел тәуелсіздігін нығайтып, береке-бірлікке үндейтін ең маңызды мереке», — деді ардагер.Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі қызметкері Гүлмира Оспанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.«Бұл марапат – менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегінің бағалануы. Қазір Шымкент қаласында он қоғамдық бірлестіктің бірігуімен Ардагерлер комиссиясы құрылып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда», — деді ол.Кеш соңында қатысушыларға рухты әндер мен отансүйгіштікке толы композициялар ұсынылып, салтанатты мереке ел тәуелсіздігін ұлықтаған көтеріңкі көңіл күймен түйінделді.
Республика күніне орай Консулдық бөлімнің жұмыс күні ауыстырылады 24.10.2025
Құрметті келушілер, қонақтар және Қазақстан азаматтары!2025 жылғы 25 қазанда атап өтілетін «Республика күні» мемлекеттік мерекесі сенбіге сәйкес келіп отыр. Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылды.Осыған байланысты, 27 қазан күні ҚР Португалиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі құжаттарды қабылдамайды.Біз өз жұмысымызды 2025 жылдың 28 қазанынан бастап жалғастырамыз.Төтенше жағдайлар туындаса, жедел желі нөміріне хабарласуға болады: (+351) 911 742 779***Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Елімізге бейбітшілік, өркендеу және тұрақты даму тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1093206?lang=kk
Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің премьерасы өтті 24.10.2025
Республика күні қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Япурай» атты гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті.Кеш барысында «Япурай», «Маусымжан», «Самал тау», «Балапан қаз», «Ақ сиса», «Сәулем-ай», «Қарлығаш», «Аққу», «Ләйлім шырақ» сынды халық сүйіп тыңдайтын шығармалар хорға лайықталған заманауи өңдеумен орындалды. Музыкалық қойылым көркем сценографиямен және мультимедиалық проекциялармен үйлесім тапты. Спектакльде Абай, Шәкәрім, әл-Фараби мен Махмұд Қашғари секілді ойшылдардың нақыл сөздері оқылып, терең тақырыптар қозғалдыҚойылымға театр хоры, симфониялық оркестрі мен балет труппасы, сондай-ақ «Престиж» жекеменшік мектебінің «Қоңырау» балалар хоры және «Мұрагер» фольклорлық ансамблі қатысты.«Япурай» гала-спектаклі ұлттық музыкалық мұра мен заманауи сахналық шешімдерді үйлестіре отырып, халқымыздың бай мәдениетіне деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1093184?lang=kk
Республика күні Женевада мерекелік концертпен аталып өтті 24.10.2025
Женева, 2025 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігі Республика күнін салтанатты концертпен атап өтті. Бұл мәдени шара «Швейцариядағы Қызылорда облысының күндері» аясында Қызылорда облысының дарынды музыканттары мен би ұжымдары өнерінің арқасында Қазақстан халқының бай мұрасы мен көркемдік дәстүрлерін көрсетті.Мерекелі жиынға еліміздің достары мен серіктестері – халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың басшылары, дипломаттар, Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Женева академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты.Концерт аясында Қазақстанның мәдени тереңдігін көрсететін дәстүрлі музыка мен билер ұсынылды. Іс-шараны Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев және Елші Ерлан Әлімбаев құттықтау сөздерімен ашты. Елші Әлімбаев отандастарымызды айтулы мерекемен құттықтап, Женева алаңында еліміздің халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін серіктес елдерге алғысын білдірді.Іс-шара соңында жиналғандарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, еліміздің басқа бай мұрасымен танысуға мүмкіндік берілді.Бұл мереке бұған дейін Атырау мен Ақтөбе өңірлерінің өнерімен таныстырудан басталған Женевадағы мәдени алмасу дәстүрінің жалғасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1093199?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңындағы кеден органдары басшыларының кездесуі қорытындысы бойынша 24.10.2025
2025 жылғы 20–22 қазан аралығында Үрімші қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңындағы кеден органдары басшыларының кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Ғабит Оразов, қытайлық делегацияны Қытай Халық Республикасының Үрімші кеден басқармасының басшысы Хао Вэймин басқарды. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында тараптар бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, шекаралық өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жөнінде уағдаластыққа келді. Соңғы үш жылда бұл бағытта тұрақты өсім байқалады. Қабылданған бірлескен шаралардың нәтижесінде Қазақстан–Қытай шекарасындағы өткізу қабілеті: 2023 жылы 119%-ға, 2024 жылы 81%-ға, ал 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша – 23%-ға артты. Тараптар шекаралық өткізу пункттеріндегі жағдай туралы жедел ақпарат алмасуды жолға қоюға уағдаласты. Бұл шара шекарада көлік құралдарының жиналуына жедел әрекет ету мен реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Келіссөздер қорытындысы бойынша жақын перспективада ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды, оның ішінде: жеңіл автокөліктердің қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Алакөл» өткізу пунктін қайта ашу, «Қалжат» – «Дулаты» өткізу пункттерінің жұмыс уақытын оңтайландыру, өкілетті экономикалық операторларды өзара тану бағдарламасын іске асыру, инспекциялық-тексеру кешендерінің суреттерін өзара тану, автомобиль өткізу пункттеріндегі тар тұстарды бірлесіп зерделеу, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан аумағы арқылы автокөлік транзитін жеңілдету мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді. Бұл бағытта қазақстандық тараптың «тегіс транзит» («жіксіз транзит») тәжірибесін енгізу және автомобиль көлігі туралы халықаралық конвенцияның ережелерін кеңінен қолдану жоспарлануда. Бірқатар уағдаластықтар бойынша тараптар жақын уақытта қосымша консультациялар өткізуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1093204?lang=kk
Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті 24.10.2025
Алматы, 2025 жылғы 24 қазан – «UN Plaza» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов, Қазақстан Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұнғыш тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пирич, сонымен қатар дипломатиялық корпус, БҰҰ агенттіктері, академиялық орта және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Талқылау барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойына арналған халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерін қарастырды. Өз сөзінде Ж.Әбдрашов Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтылған халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларын да атады.Ерекше назар Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына аударылды.Сондай-ақ БҰҰ мерейтойын атап өту шеңберінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Көк-Төбе» телемұнарасына БҰҰ-ның тақырыптық графикасы орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1093152?lang=kk