Қоғам
ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан делегациясының басшысы ИКАО Кеңесінің Президентімен кездесті 15.10.2025
Монреаль, 2025 жылғы 30 қыркүйек. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының делегациясы басшысы, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырзамен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ еліміздің азаматтық авиация саласын дамытудың басым бағыттарын талқылады.Салтанат Томпиева азаматтық авиация саласындағы Қазақстанның негізгі басымдықтары туралы хабардар етті, оның ішінде ұлттық заңнаманы ИКАО-ның стандарттары мен ұсынылатын практикасымен (SARPs) әрі қарай үйлестіру, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, халықаралық байланысты және елдің транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері атап өтілді. Ол сондай-ақ биыл Қазақстан Ассамблеяның қарауына халықаралық азаматтық авиация мәселелерінің кең ауқымын қамтитын 30-дан астам жұмыс және ақпараттық құжаттар ұсынғанын атап өтті.Сальваторе Шаккитано еліміздің авиация саласын дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстан Республикасының Президентімен өткен кездесуін жылы сезіммен еске алды. ИКАО Кеңесінің басшысы ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдіріп, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ИКАО халықаралық бастамаларына Қазақстанның қатысуын қоса алғанда, ағымдағы және перспективалық жобалар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1086086?lang=kk
Қырғызстан мен Өзбекстан авиациялық билігінің басшыларымен кездесу өтті 15.10.2025
2025 жылғы 30 қыркүйек, Монреаль. ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының штаб-пәтерінде орналасқан Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінде Қазақстан делегациясының басшысы, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров мырзамен және Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің директоры Данияр Бостонов мырзамен кездесті.Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар халықаралық азаматтық авиацияның негізгі бағыттары бойынша ұстанымдарын үйлестірді.Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның бауырластық пен тату көршілік қарым-қатынастары, сондай-ақ авиация саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ортақ түсіністік пен келісілген ұстанымдар атап өтілді.Келіссөздердің жеке тақырыбы ретінде 2024 жылғы қараша айында құрылған Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы (EACAC) аясындағы ынтымақтастықты жолға қою мәселесі қаралды. Аталған құрылымның мүшелері – Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан. Моңғолия бақылаушы мәртебесіне ие.EACAC Бас хатшысы – Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мырза, ал EACAC Президенті – Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров мырза болып табылады. Генеральным секретарём EACAC является Вице-министр транспорта Республики Казахстан г-н Талгат Ластаев, а Президентом EACAC – Директор Агентства гражданской авиации при Министерстве транспорта Республики Узбекистан г-н Тахир Назаров. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1086091?lang=kk
ИКАО Аэронавигация бюросының директоры Мишель Меркель ханыммен кездесу 15.10.2025
2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері. ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО Әуе навигация бюросының директоры Мишель Меркель ханыммен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды.Қазақстан тарапы Мишель Меркель ханымды 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған «Azerbaijan Airlines» әуе кемесінің апатын тергеу барысымен таныстырды, сондай-ақ ИКАО-ның тәуелсіз сарапшысы Тормодур Тормодссон мырзаны жібергені үшін алғысын білдірді.Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты.Келіссөздер достық және сенім атмосферасында өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1086097?lang=kk
Артур Ластаев: Қазақстан қоғамында зорлық-зомбылыққа орын жоқ 15.10.2025
Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Варшавада өткен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (БДИПЧ) Адам өлшемі жөніндегі конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Шара төзімділік, кемсітушілікке жол бермеу және гендерлік теңдік тақырыптарына арналды.Омбудсмен өз баяндамасында Қазақстанның әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.Артур Ластаевтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%, ал басшылық лауазымдардағы әйелдердің саны 39% құрайды. Сондай-ақ әйелдерге тыйым салынған мамандықтар тізімінің жойылуы мен партиялық сайлау тізімдеріне 30%-дық квота енгізілуі олардың кәсіби және саяси белсенділігін арттырды.Уәкіл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы нақты нәтижелерге де тоқталды. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу әрекеттері қайтадан қылмыстық жауапкершілікке жатқызылды, елде «Цифрлық отбасы картасы» жобасы іске қосылып, дағдарыс және отбасылық қолдау орталықтары зардап шеккендерге көмек көрсетіп келеді.Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың тоғыз айында отбасылық кісі өлтірулер 32%, ал ауыр дене жарақаты жағдайлары 17% азайған.«Қазақстан отбасындағы және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеу қағидатын ұстанады», — деді Артур Ластаев.Сөз соңында Омбудсмен зорлық-зомбылық пен кемсітушілікпен күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасу мен нақты іс-қимыл шараларын күшейтудің қажеттігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1088538?lang=kk
Демеушілік көмек 15.10.2025
Мариногорка ауылының тұрғыны, қазіргі таңда Алматы қаласында тұрып жатқан Карашанов Бахытбек және Ракишев Асет ауылымыздың мәдени өміріне қолдау көрсетіп, Мариногорка мәдениет үйіне проектор сыйға тартты.Аталған сыйлықты олардың аттарынан мәдениет үйінің меңгерушісі З.Н. Джунусоваға тапсырылды.Ауылдың рухани дамуына үлес қосып, демеушілік көрсеткен азаматтарға шынайы алғысымызды білдіремізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1086179?lang=kk
Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-экономикалық әріптестікті нығайтуда: Лорд Алдердайстың сапары ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашуда 15.10.2025
2025 жылғы 10-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің қолдауымен Ұлыбританияның Әзербайжан және Орталық Азия бойынша Сауда өкілі, Лордтар палатасының мүшесі Лорд Джон Алдердайс Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл сапар екі ел арасындағы әріптестіктің экономика, білім, инновация және орнықты даму сияқты бағыттарды қамти отырып, жаңа стратегиялық деңгейге шыққанының жарқын дәлелі болды.Сапар бағдарламасы Алматы мен Астананы қамтыды. Алматыда Лорд Алдердайс қала әкімі Д.Сатыбалдымен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә. Қуантыровпен, сондай-ақ қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесті. Астанада Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярмен, Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбекпен, «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Н. Жақұповпен, АХҚО Басқарушысы Р. Бектұровпен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен келіссөздер жүргізді.Тараптар Ұлыбритания компанияларының Қазақстандағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ стратегиялық маңызды минералдар, энергетика, көлік, денсаулық сақтау, қаржы, цифрландыру және білім беру салаларында жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады.Сапардың ең маңызды тақырыптарының бірі – ұзақ мерзімді әріптестіктің негізі саналатын білім беру саласы болды. Лорд Алдердайс Қазақстандағы De Montfort University Kazakhstan, Cardiff University Kazakhstan және Coventry University Kazakhstan сияқты британдық жоғары оқу орындарының кампустарына барып, олардың өңірге әлемдік деңгейдегі стандарттарды әкеліп жатқанын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университеті ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты. Өткен айда De Montfort университеті алғашқы түлектерін шығарды – бұл елдегі британдық академиялық қатысудың маңызды кезеңі. Лорд Алдердайс Министр Саясат Нурбекпен бірге білім беру саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару жолдарын талқылады.Лорд Алдердайсқа ерекше әсер қалдырған Нархоз университетіне барып, Queen’s University Belfast (Лорд Алдердайстың альма-матері) университетімен қос дипломды бағдарлама табысты жүзеге асырылып жатқанын білді. Бұл мысалдар екі ел арасындағы білім беру байланыстарының қаншалықты берік әрі серпінді дамып келе жатқанын көрсетеді. «Бұл университеттер тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің әртүрлі елдерінен келген студенттерге мүмкіндік беріп, нағыз халықаралық қауымдастық қалыптастырып жатыр», – деп атап өтті Лорд Алдердайс.Астана халықаралық қаржы орталығындағы кездесу Қазақстанда ағылшын құқығын қолданудың бірегейлігін инвестиция тарту және ашық бизнес ортасын қалыптастыру құралы ретінде ерекше көрсетті. «Қазақстан – Ұлыбританияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі, және біздің сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды түрлі стратегиялық секторларда кеңейтуге зор мүмкіндік бар. Біз осы серпінді сақтап, екі елдің бизнесі мен қоғамдарына пайда әкелетін мүмкіндіктерді толық ашуымыз қажет», – деді ол.Бұл сапар Ұлыбританияның Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты нығайту және орнықты өсімді қолдау жөніндегі кең ауқымды саясатының айқын көрінісі болды. 2025 жылдың алғашқы 8 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 51,1%-ға өсіп, 874 млн АҚШ долларына жетті – бұл әріптестіктің артып келе жатқан маңызын дәлелдейді.Соңғы жылдары Қазақстан мен Ұлыбритания елеулі нәтижелерге қол жеткізді: британдық университеттердің кампустары мен мектептерінің ашылуы, стратегиялық маңызды минералдар саласындағы әріптестіктің дамуы, әлемдегі алғашқы пойыздағы спутниктік интернет қызметінің іске қосылуы (OneWeb және «Қазақстан Темір Жолы»), креативті және инфрақұрылымдық салаларда британдық тәжірибені ілгерілету, ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты тереңдету. Экологиялық әріптестіктің жарқын символына Корольдік құстарды қорғау қоғамы (RSPB) жүзеге асырып жатқан «Алтын Дала» бастамасы айналды. Бұл жоба биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін беделді Earthshot сыйлығын алды.Лорд Алдердайстың сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қатынастар тек нығайып қана қоймай, сенімге, инновацияға және ортақ болашаққа негізделген халықаралық ынтымақтастықтың үлгісіне айналуда екенін дәлелдеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1086205?lang=kk
Қаулы жобасын орналастыру туралы 15.10.2025
2025 жылдың 27 маусымында бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері мен екінші жағынан Біріккен Араб Әмірліктері арасында экономикалық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Келісім тауар позицияларының едәуір саны бойынша импорттық кедендік баждарды өзара төмендетуді немесе нөлге жеткізуді көздейді. Шын мәнінде бұл салалық ынтымақтастықты дамыту, шағын және орта бизнестің, электрондық сауданың өзара іс-қимылын жандандыру және т. б. бойынша қосымша ережелермен еркін сауда туралы классикалық толыққанды келісім болып табылады. Қазіргі уақытта Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ратификациялау рәсімінен өтіп жатыр.Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі "бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері мен екінші жағынан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы " қаулысының жобасын ресми интернет-ресурста және "Ашық НҚА" интернет-порталында жариялайды"Ашық НҚА" интернет-порталында осы жоба бойынша 2025 жылдың 13 қазанынан 29 қазанына дейін жария талқылау өтеді. (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15625102 )Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1086223?lang=kk
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингке қатысты 15.10.2025
Аталған шара Әмбебап мерзімдік шолу (ӘМШ) және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (АСҚХП) шеңберінде Қазақстанның ұлттық баяндамаларын қорғау қорытындыларына арналды.Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ҚР БҰҰ алаңында екі ұлттық баяндаманы қорғау рәсімдерінен сәтті өтуі туралы ақпарат ұсынды. Алынған ұсынымдарды орындау мақсатында азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестердің қатысуымен қабылданған міндеттемелерді кезең-кезеңімен және жүйелі түрде іске асыру бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.Вице-министр Президенттің реформаларына БҰҰ-ның мүше мемлекеттері мен сарапшылары тарапынан көрсетілген қолдауды атап өтті. Бұл реформалар заң үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған.Іс-шараны қорытындылай келе, Ботагөз Жақселекова дипломатиялық корпус өкілдеріне адам құқықтарын қорғау мәселелеріне ұдайы көңіл бөлгендері үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыру саласында одан әрі сындарлы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1086237?lang=kk
Қызметтің жекелеген түрлері бойынша міндетті тіркеу 15.10.2025
Қызметтің жекелеген түрлері бойынша міндетті тіркеу Құрметті салық төлеушілер! ҚазақстанРеспубликасыныңСалықкодексінесәйкесжекелегенқызметтүрлерінжүзеге асыратын тұлғалар салық төлеушіретіндеміндеттітіркелугежататынынескесаламыз. Қандай жекелеген қызмет түрлері міндетті тіркеуге жатады? - бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіру;- бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;- этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiру;- алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;- темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізу;- ойын бизнесi;- Салық кодексінің 462-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау);- тауарлармен электрондық сауда. Егер сіз осы қызмет түрлерінің бірін жүргізсеңіз, https://www.elicense.kz сайт арқылы хабарландыруды тіркеу және беру міндетті болып табылады. Тіркеу мерзімі – 3 жұмыс күні ішінде:- хабарлама берілген күннен бастап;-немесе(лицензияланатынқызмет түрлері үшін)рұқсаттарменхабарламалартізіліміненмәліметтералғаннанкейін. Хабарламаны қалай беруге болады? ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес хабарламаны келесі тәсілдермен беруге болады:- elicense.kz арқылы электронды түрде;- қағаз нысанда – объектінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына. Жүйелердің жаңа интеграциясы Қазіргіуақытта"ИСНА"ақпараттықжүйелерімен elicense.kz арасында автоматтандырылғандеректералмасужұмысістейді.Бұлтіркеудіжылдамдатадыжәнепроцестіжеңілдетеді.Жүйеніңдұрысжұмыс істеуі үшінмекен-жайдыңтіркеукоды(МТК)болуықажет.Егер жылжымайтын мүлік объектісінде МТК болмаса, онда мекен-жайды тағайындау үшін сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгіну немесе https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/passP2203_mpsсілтемебойынша"Электрондықүкімет"порталынаөтінім беру қажет. Сонымен бірге, өтініш берушіге "Электрондық үкімет" порталында https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir сілтемесі бойынша жылжымайтын мүліктің мекен-жайын нақтылау (тағайындау/жою) туралы анықтама қол жетімді. Павлодар облысы бойынша МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1086252?lang=kk
Елордалық журналистер Ақтау мен Бейнеудегі әскери бөлімдерде болды 15.10.2025
Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлер үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырды.Бейнеу гарнизонында журналистерді Қорғаныс министрінің орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев пен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов қарсы алды. БАҚ өкілдері сарбаздардың оқу процесі, жауынгерлік және дене дайындығы, сондай-ақ ұжым ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды қолдау шараларымен танысты.Журналистер казармалар мен асхананы, оқу сыныптарын, психологиялық жеңілдеу бөлмелерін аралап көрді. Сондай-ақ монша-кір жуу кешені, азық-түлік және заттай мүлік қоймалары көрсетілді. Әскери қызметшілердің тұрмыстық және материалдық қамтамасыз етілу тәртібі таныстырылды.Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техника үлгілері ұсынылып, әскери бөлім аумағында экскурсия ұйымдастырылды. Онда олар жеке құрамның жауынгерлік дайындық бойынша өткізетін сабақтарына қатысып, оның ұйымдастырылу барысымен танысты.Бөлімде журналистер сарбаздармен, олардың ата-аналарымен және бөлімше командирлерімен сұхбаттасты. Ашық пікір алмасу барысында БАҚ өкілдері қоғамды толғандырып жүрген бірқатар маңызды сауалдарға нақты жауап алды. Кездесу соңында қонақтар әскери қызметшілермен бірге ағаш көшеттерін отырғызды.Баспасөз туры Ақтау гарнизонында жалғасын тапты. Мұнда елордалық делегацияны Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бірінші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков қарсы алды.Журналистер кемелердің техникалық жарақтандырылуымен, теңізшілердің кәсіби даярлық жүйесімен, сүңгуірлердің жабдықтарымен және экипаждың күнделікті қызметімен танысты. Қонақтар кеме құрамын аралап, матростармен және олардың командирлерімен пікір алмасты.Әскери-теңіз күштері қызметінің ашықтығы, командалық құрамның сұхбаттасуға дайындығы, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби біліктілігі мен қазіргі заманға сай жабдықталуы БАҚ өкілдерінің оң бағасын алды.Баспасөз туры Қарулы күштердің қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен таныстыруға және қоғаммен байланысын нығайтуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1086258?lang=kk
Шымкенттен әскерге шақырылғандардың кезекті командасы аттанды 15.10.2025
Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинау пунктінде 56 азаматты әскер қатарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсімі өтті. Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 240 әскерге шақырылушы жас жауынгер курсынан өтуге әскери бөлімдерге барды. Бұл жолы 21 азамат Мемлекеттік күзет қызметіне, ал 35 жігіт Талдықорғандағы Десанттық-шабуылдау бригадасына жіберілді.Іс-шараға қалалық әкімдіктің, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, ардагерлер мен әскерге шақырылушылардың ата-аналары қатысты. Салтанатты рәсімге қатысушылар болашақ Отан қорғаушыларға зор денсаулық, әскери істі меңгеруде табандылық және қызметте жетістік тіледі.Оларға арнап Шымкент қаласындағы соғыс ардагерлері мен Ауған соғысы мүгедектері кеңесінің төрағасы Серғали Рысбеков, Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері капитан Көпбай Темірбеков, 18404 әскери бөлімінің өкілдері майор Нұрлан Толдыбаев, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың ата-аналары сөз сөйледі.Іс-шараның ресми бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығару рәсімімен аяқталған соң қатысушылар мен қонақтарға арналған концерттік бағдарлама қойылды.Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттен мерзімді әскери қызметке 1500-ге жуық азамат әскерге жіберілетінін айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1085755?lang=kk
«Ұстазға алғыс» 15.10.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған «Ұстазға алғыс» апталығы аясында Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков ауданымыздың ардагер ұстаздарын кәсіби мерекелері – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтады. Ардагер ұстаздарымыз – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ауданымыздың білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан құрметті жандар. «Ұстаз – ұлы тұлға, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын есім» дегендей, Сіздердің ерен еңбектеріңіз әрқашан ел жадында.Барша ұстаздарға мықты денсаулық, отбасы амандығы, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1085769?lang=kk
Әріптестері Шаймерден Есенкелдиевті басқа қызметке ауысуына орай құрметпен шығарып салды 15.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтіп, оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты.Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болған Шаймерден Есенкелдиевті басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды. Ол ротация тәртібімен Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.«Бүгін Өздеріңізбен бірге әріптесіміз Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиевті басқа қызметке ауысуына байланысты шығарып салу үшін арнайы жиналдық. Әріптесіміз еңбек жолын қарапайым полиция қызметкерінен бастап, жоғары басшылық лауазымға дейін сатылап өскен азаматтардың бірі. Өңірімізде алты жыл нәтижелі жұмыс жасап, департамент жоғары жетістіктерге қол жеткізді.Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қылмыстық атқару жүйесін барынша жетілдіру қажет. Негізгі мақсат – сотталған адамды қоғамнан алшақтату емес. Тиісті тәрбие жұмысын жүргізу өте маңызды. Олардың бойына заң мен тәртіп құндылығын сіңіретін және қалыпты өмірге оралуына ықпал ететін озық тәсілдерді енгізу керек», – деген болатын.Аймағымызда атқарылған жүйелі жұмыстардың арқасында соңғы жылдары жазасын өтеушілерді еңбекке тарту үлесі 68 пайызға өсті. №60 мекемеде 18 өндірістік цех іске қосылып, 400-ден астам бас бостандығынан айырылған азамат жұмыспен қамтылып, қайта әлеуметтендірілді.Қылмыстық-атқару жүйесі инфрақұрылымын жақсарту бағытында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарылды. № 60 мекемеге 91 млн. теңгеге 97 электрондық есік орнатылып, № 68 мекеменің емхана ғимаратына 171 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Пробация қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 39 млн. теңгеге серверлік жүйе орнатылып, 34 млн.теңгеге 176 смарт-білезік алынды. Бұл шаралар қайта қылмысқа бару деректерін 28 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік берді», –деді облыс әкімі.Басқосуда Шаймерден Тәжіқұлұлына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Облыс прокуроры Ризабек Ожаров құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1085778?lang=kk
Әзірбайжан Республикасына Қазақстан Республикасы арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының көлік және логистикалық компанияларының назарына!! 15.10.2025
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті форс-мажорлық жағдайларды болдырмау мақсатында төмендегіні ақпаратты хабарлайды.Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Әзірбайжан Республикасында (бұдан әрі-АЖ) «Жасыл карта» берілмейтін басқа елдерде тіркелген көлік құралдарының иелері үшін шекаралық сақтандыру шарттарын ресімдеуді жеңілдету мақсатында онлайн-платформа іске қосылды www.tpl.az.Платформа көлік құралдарының иелеріне елге кіргенге дейін қосымша уақыт пен кезекте күтусіз онлайн режимінде сақтандыру шартын ресімдеуге, сондай-ақ төлемді электрондық түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, Елшілік қазіргі уақытта АР-да шекаралық сақтандыру шарттарын сақтандыру компанияларының қызметкерлері мемлекеттік шекараның бақылау-өткізу пункттерінде (бұдан әрі-БӨП) ресімдейтінін атап өтті.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап БӨП-да ресімдеу тоқтатылады және шекаралық сақтандыру шарттарын жасасу алдын ала – онлайн-платформа арқылы ғана мүмкін болады www.tpl.az немесе АР аумағында жұмыс істейтін сақтандыру компанияларына жүгіну арқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1086012?lang=kk
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттарды беру қағидасы. 15.10.2025
Сарыарқа арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі-АЭА) ҚР Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы "Сарыарқа арнайы экономикалық аймағын ұйымдастыру туралы" Жарлығымен құрылды және 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. АЭА аумағына тауарларды әкелу және әкету тәртібі 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығымен бекітілген. АЭА аумағына тауарларды әкелу мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру жолымен жүзеге асырылады. Хабарлауды уәкілетті тұлғалар: тасымалдаушы, АЭА қатысушысы, басқарушы компания, АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлға жүргізеді. Хабарламаға көліктік, коммерциялық, және (немесе) өзге де кедендік құжаттар қоса беріледі. Әкетуге рұқсат; тасымалдаушыға, АЭА қатысушысыға, басқарушы компанияға, АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлға беріледі. Әкетуге рұқсат алу үшін уәкілетті тұлғалармен МКО әкетілетін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік рәсіммен орналастырылғанын растайтын құжаттар ұсынады. АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы шешімді және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат беруді МКО лауазымды тұлғасымен құжаттарға және мәліметтерге қатысты кедендік бақылауды жүргізгеннен кейін дереу жүзеге асырады. Барлық хабарламалар мен рұқсаттамлар арнайы тіркеу журналдарына жазылады. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары уәкілетті тұлғаға қайтарылады, берілген құжаттардың көшірмелері МКО-да қалады және сақталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1086018?lang=kk
Депутаттар экологиялық акцияға қатысты 15.10.2025
Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында біздің облыста көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталған ауқымды экологиялық акция өткізілді. Іс-шара Мағжан Жұмабаев атындағы сквердің аумағында өтті, онда 100-ден астам қарағай отырғызылды.Ағаш отырғызу рәсіміне көптеген қатысушылар жиналды, олардың арасында облыстық мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, аға буын өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдардың белсенділері болды.Іс-шара барысында өңір басшысы әркімнің қоршаған ортаны қорғауға қатысуының маңыздылығын және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1086027?lang=kk
Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша МКБ жаңа Салық кодексі тақырыбында баспасөз конференциясы 15.10.2025
📃2025 жылғы 7 қазан күні Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында @bokeyhanmkb_3019 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгерістерге арналған баспасөз конференциясы өтті.🎬Іс-шараға «5 арна» @5news.kz телеарнасының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен салық төлеушілер қатысты.Сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын басқарма басшысының орынбасары А.К. Калиев және салалық бөлімдердің басшылары жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1086038?lang=kk
Ағаш отырғызу акциясы 15.10.2025
2025 жылғы 11 қазанда "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында Парыгино ауылының мекемелерімен сенбілік өткізілді. 55 қайың көшеті отырғызылды. ,,Михаил Бикетов атындағы орта мектеп,, КММ, Парыгино ауылының Мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты сенбілікке және ағаш отырғызуға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1086047?lang=kk
Ү.ж. 14 қазанда Фуджейра Әмірлігінің Сауда және өнеркәсіп палатасының Бас директоры Сұлтан Аль Хиндассимен кездесу өтті. 15.10.2025
Ү.ж. 14 қазанда Фуджейра Әмірлігінің Сауда және өнеркәсіп палатасының Бас директоры Сұлтан Аль Хиндассимен кездесу өтті.Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту, инвестициялар және бірлескен бизнес жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1086048?lang=kk
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде лорд Джон Алдердайс бастаған Ұлыбритания делегациясымен кездесу өтті 15.10.2025
Астана, 2025 жылғы 13 қазан.Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Ұлыбритания Парламентінің Лордтар палатасының мүшесі және Әзірбайжан мен Орталық Азия бойынша сауда өкілі лорд Джон Алдердайс бастаған Ұлыбритания делегациясымен кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбританияның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын, оның ішінде инновациялық ядролық технологияларды қауіпсіз енгізу мәселелерін, сондай-ақ ғылыми серіктестік пен кадрлар даярлаудың ықтимал бағыттарын талқылады.Агенттік Төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов ядролық кластерді қалыптастыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі мемлекетіміздің мақсаттарын атап өтіп, Қазақстанның атом саласын дамытудың ағымдағы жай-күйі мен перспективалары туралы қысқаша ақпарат берді.Лорд Джон Алдердайс Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы жоғары әлеуетін атап өтіп, Ұлыбританияның әріптестіктің өзара тиімді бағыттарын одан әрі нығайтуға дайындығын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы диалогты тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдар мен ғылыми-техникалық ұйымдардың деңгейінде сараптамалық консультацияларды жалғастыру жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1085779?lang=kk