Қоғам
Ел азаматының елеулі еңбегі ұлықталды 14.10.2025
Киелі Қармақшы мекені – елдің бірлігі мен еңбек адамын әрдайым биікке көтеретін, құрметін аямайтын қасиетті өлке. Осы игі үрдіс аясында, туған жерінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан ел азаматының мерейлі шағын ұлықтау мақсатында ауданымызда салтанатты шара ұйымдастырылды.Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы», «Жаңажол» ЖШС-нің директоры Орынбасар Өтепұлы Төлеповтің 63 жасқа толуына орай ресми қабылдау өтті.Салтанатты қабылдауды Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек жүргізіп, ел ағасына құрмет көрсетілді.Шараға Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары Бауыржан Тұрсынбайұлы, Жанкелді Ойшыұлы, Ерлан Піртазаұлы, сондай-ақ облыстық мәслихат аппаратының басшысы Жандос Сермағанбетұлы арнайы келіп қатысты.Аудан әкімі Жандос Еркінбек өзінің құттықтау сөзінде Орынбасар Өтепұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп: «Сіз – өмір жолында абыройлы еңбек етіп, туған өлкенің өркендеуіне ерекше үлес қосып келе жатқан азаматсыз. Ауыл шаруашылығы саласындағы іскерлігіңіз бен елге жасап жатқан қамқорлығыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі. Бұл мерейлі белес – Сіздің ел алдындағы еңбегіңіздің жарқын көрінісі», – деді.Орынбасар Төлепов ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. 1979 жылдан бастап «Энгельс» колхозында механизатор, инженер-электрик, бас инженер қызметтерін абыроймен атқарса, соңғы 9 жылда «Жаңажол» ЖШС-ін табысты басқарып келеді. Бүгінде аталған серіктестік арқылы 360 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.Шара барысында Орынбасар Төлеповке шапан жабылып, Қызылорда облысы әкімінің Құттықтауы, Қармақшы ауданы әкімінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамоталары» табысталды.Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, құрылыс саласының ардагері Қаршыға Есдәулетов және ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.Еңбегімен еленген ел ағаларына көрсетілетін ілтипат – кейінгі ұрпаққа тағылым мен елдік дәстүрдің жалғасы бола бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1075627?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты.Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.М.Нұртілеу әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің бірқатар аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті, өңірлік құрылымның одан әрі дамуына байланысты өз көзқарасын білдірді. Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның БҰҰ жүйесін және оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі бастамаларын қолдауға шақырды.Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ құрылғанына 80 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады.Министрлік кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті, тараптар ҰҚШҰ-ның бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1075332?lang=kk
Президент Жолдауы аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін Афинада таныстыру өтті 14.10.2025
Афина, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінде Қазақстан мен Грекия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған конференция өтті. Қазақстан-грек іскерлік кеңесі және «NOTICE Content & Services» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шара грек іскерлік қауымдастығына Қазақстанның инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстыруға, сондай-ақ екіжақты әріптестіктің жаңа бағыттарын талқылауға алаң болды.Талқылауға Грекия мемлекеттік органдарының, іскерлік бірлестіктері мен екі елдің компанияларының өкілдері қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Султанғожин, Enterprise Greece өкілі және Қазақстан-грек іскерлік кеңесінің тең-төрағасы Томас Ламнидис сөз сөйледі. «Kazakh Invest» компаниясының Еуропадағы өңірлік өкілі Улбосын Сарыбаева шетелдік инвесторларды қолдау тетіктері мен Қазақстандағы өзекті инвестициялық мүмкіндіктер туралы шолуын ұсынды.Қатысушылардың ерекше назарында Президент Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауының негізгі қағидаттары болды – цифрландыру мен инновациялық дамуды, экономиканы әртараптандыруды, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруды, көлік-логистикалық және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ саяси реформаларды тереңдетуді көздейтін мәселелер.Елші Қазақстанның жоғары технологиялық жобаларға, білім трансферіне және грек серіктестерімен бірлескен бастамаларға бағытталған ынталандырулар мен кешенді қолдау көрсетуге әзірлігін атап өтті, әсіресе ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика, АКТ, фармацевтика және туризм салаларында. Іс-шара аясында қатысушыларға халықаралық «Born Bold» кампаниясы таныстырылды.Конференцияға қатысушылар бизнес пен мемлекет арасындағы тікелей диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өткен талқылау Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мен әртараптандырудың берік негізі боларына сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1075333?lang=kk
Қазақ авторларының кітаптары Бразилия Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды 14.10.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Рио-де-Жанейроға жұмыс сапары аясында Бразилия Ұлттық кітапханасының Қорына барып, оның Президенті Марко Америко Луккези мырзамен кездесті.Елші әңгіме барысында Бразилиядағы қазақ авторларының шығармашылығын кеңінен насихаттауға және бразилиялық оқырмандарды Қазақстанның тарихы, мәдениеті, өнері мен қазіргі дамуымен таныстыруға бағытталған «Бразилиядағы Қазақ кітапханасы» жобасымен таныстырды. Тараптар, таныстырылым мен әдеби кештер түрінде бірлескен іс-шаралар өткізу, сондай-ақ екі елдің басты кітапханалары арасында әріптестік қатынастар орнату мүмкіндіктерін талқылады.Марко Луккези өз кезегінде, елдің басты кітапханасы, Латын Америкадағы ең ірісі және көлемі бойынша әлемдегі жетінші болып саналатын Бразилия Ұлттық кітапханасының тарихы және қазіргі қызметімен таныстырып өтті. Сұхбаттасушы, екі халықты рухани жақындастыратын «Бразилиядағы Қазақ кітапханасы» жобасының жүзеге асырылуын қошеметтеп, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастық құруға әзірлігін жеткізді.Елші Болат Нүсіпов кездесу соңында Қор Президентіне «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында шығарылған еңбектерді, соның ішінде португал тіліндегі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірнеше данасы мен Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінің» жинағын сыйға тартты. Бұл ретте, аталмыш еңбектердің қазақ халқы үшін тарихи құндылығы мен тәжірибелік маңызы ерекше атап өтілді. Кездесуге Флуминенсе университетінің профессоры, «Қазақстан-Бразилия» достық форумының атқарушы директоры әрі «Бразилиядағы Қазақ кітапханасы» жобасы аясында шығарылатын кітаптардың аудармашысы - Эдельсио Америко мырза да қатысты.Кітапхана 1810 жылы Португалия королі Жуан VI-ның бастамасымен құрылған. Қазіргі уақытта Рио-де-Жанейродғы Бразилия Ұлттық кітапханасының Қорында сирек кітаптар, карталар мен фотосуреттердің кең жинағы, сондай-ақ 1907 жылдан бері елде басылып шыққан әрбір басылымның түп көшірмелерін қоса алғанда, 9 миллионнан астам құнды еңбек сақталып тұр. Бразилия Ұлттық кітапханасы маңызды мәдени және сәулеттік нысан болып табылып, ал оның ауқымды қоры, ел мен бүкіл әлем үшін баға жетпес мұра ретінде саналады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1075345?lang=kk
5 күнде 600 шақырым: Қарулы күштердің әскери қызметшісі бірегей марафонға бастамашы болды 14.10.2025
Астанада бірегей ультрамарафон басталды. Астана аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов небәрі бес күн ішінде 600 шақырым жүгіріп өтуді мақсат етіп отыр. «Көктал» саябағынан басталатын жүгіру Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанында аяқталады. Марафон Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша өтеді. Күн сайынғы қашықтық — 120 шақырым. Әр 40 шақырым сайын демалыс қарастырылған.– Оған дайындық үшін екі ай бердік. Рауан күн сайын 40 шақырымнан артық жүгірді, – деді елорда аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Омар Орынбаев.Әбілханов бұл рекордын Республика күніне арнамақ. Сонымен қатар, ол алдағы уақытта Қарағанды тас жолы арқылы Балқашқа дейінгі 1000 шақырымды 10 күнде еңсеруді жоспарлап отыр.World Book of Records (әлемдік рекордтар кітабы) ұйымының дивизион генералы Қуаныш Құдайбергеновтің айтуынша, бұл жүгірісті бірегей деп атауға болады. – Әбілханов — шетелдерге де танымал ең дайын ультрамарафоншылардың бірі, – дейді ол.Марафоншының әр қадамын танымал Strava қосымшасы тіркейтін болады. Ал нәтижесі Қазақстан рекордтар кітабына енеді.Сержант Әбілханов Қарулы күштер қатарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Спортпен 15 жылдан астам уақыт айналысу үстінде. Ол 2022 жылы Алматы облысында 48 сағат ішінде 350 шақырым жүгіріп, рекорд орнатқан болатын.42 жастағы әскери қызметші тек рекорд иесі ғана емес, сонымен қатар нағыз үлгі тұтар отбасы. Спортшы жұбайымен екеуі сегіз қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1075352?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясына қатысу аясында шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.АҚШ Президентінің Арнайы тапсырмалар жөніндегі өкілі Ричард Гренеллмен өткізілген келіссөздер барысында тараптар қазақ-американ ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, соның ішінде сауда және инвестиция салаларындағы перспективаларды талқылады. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға және жаһандық әрі өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға ерекше көңіл бөлінді.Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде алдағы ресми сапарлар, атап айтқанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарына дайындық мәселелері қаралды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен кездесуде саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі қарастырылып, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы аталып өтті.Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестікті дамыту және барлық негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін растады.Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен өткен келіссөздерде тарихи тамырлар мен дәстүрлі достыққа негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірілді. Саяси, экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен өткен кездесуде екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар талқыланды. Министрлер қазақ-өзбек қарым-қатынастарының орнықты дамуына жоғары баға беріп, екі бауырлас ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өзара бейілділікті қуаттады.Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдде туғызатын барлық бағыттар бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1075368?lang=kk
25.09.2025ж.Алакөл ауданындағы салық төлеушілерге арналған семинар: Салық кодексіндегі жаңалықтар 14.10.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Алакөл ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындарына арнап көшпелі семинар ұйымдастырды. Іс-шарада 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер түсіндірілді.Жиынға қатысқан жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен бухгалтерлер алдағы салықтық өзгерістер жөнінде толық мәлімет алып, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.Семинар барысында салық есептілігін оңайлату, арнаулы салық режимдерін жетілдіру, ҚҚС реформасы, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қаралды.Ашық пікір алмасу арқылы қатысушылар алдағы өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алып, өзекті мәселелерді талқылады.Ақпараттық жұмыс шеңберінде келесі көшпелі семинар 29 қыркүйекте Кербұлақ ауданында өткізілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1075372?lang=kk
25.09.2025 ж. Қаратал ауданында Ашық есіктер күні өткізілді, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды. 14.10.2025
Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар қатысты. Қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы жан-жақты ақпарат алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында салық есептілігін оңайлату, арнаулы салық режимдерін жетілдіру, ҚҚС реформасы, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсынымдар беріліп, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Ашық пікір алмасу форматында өткен шара кәсіпкерлерге мен тұрғындарға жаңа ережелерге алдын ала бейімделуге және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1075385?lang=kk
Әбу Насыр әл-Фараби әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог,матиматик,фищик, астроном, ботаник,лингвист, логика, музыка зертеушісінің 1155 жылдығына орай «Ғасырлар даналығы» тарихи сағаты. 14.10.2025
Қыркүйектің 24-і күні жыл сайын өтетін IV республикалық «Kitap Time - 2025» кітап фестивалі аясында Бастаушы ауылдық кітапханасында Әбу Насыр әл-Фараби әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог,матиматик,фищик, астроном, ботаник,лингвист, логика, музыка зертеушісінің 1155 жылдығына орай «Ғасырлар даналығы» тарихи сағаты өтті. Кітапханашы Абай атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылар және оқырмандарды ғалымның өмірбаянымен және ғылыми қызметімен таныстырды. Әсіресе әл-Фараби туралы аңыздар ерекше қызығушылық тудырды,әл-Фараби Аристотельдің барлық дерлік еңбектеріне түсініктеме жазғаны және ағартушының музыкатану саласына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Оқушылар әл-Фарабидің еңбектері туралы қысқаша айтты және кітапханашы шолу жасады. Осы бағытта ол «Музыка туралы үлкен кітап» еңбек жазып, онда шығыс пен ежелгі грек музыкасы туралы мәліметтерді жүйеледі. «Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі» туралы бейнеролик ғалым және ойшылдың өмірбаян деректерін толықтырып, әл-Фараби өмір сүрген дәуірдің тарихи және тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1075399?lang=kk
«Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында «Білім берудегі цифрлық құзыреттіліктерді дамыту» облыстық семинар – практикумы 14.10.2025
2025 жылғы 25 Қыркүйек Шығыс Қазақстан өңірлік ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Білім берудегі цифрлық құзыреттіліктерді дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.Семинардың мақсаты – цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы ауыл мектептері педагогтерінің кәсіби өсуіне қолдау көрсету, озық тәжірибені тарату және әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.Іс-шара Катонқарағай ауданының «Өрел орта мектебі» КММ базасында өтті және ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасының практикалық жүзеге асырылуының бөлігіне айналды.Семинар барысында «Örken» орталығының әдіскері Г.М. Бошаева қатысушыларды «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасының мақсаттары, міндеттері мен жүзеге асыру кезеңдерімен таныстырды.«Өрел орта мектебі» КММ директоры А.К. Джумагулова қатысушыларға «Ауылдық жерлердегі тірек мектептің әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асырудағы мекеменің практикалық тәжірибесін ұсынды және білім мазмұнын жаңарту, цифрлық шешімдерді енгізу және шағын жинақты мектептердің оқушылары мен педагогтері үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша кешенді тәсілдің маңыздығын атап өтті.Шағын жинақты мектептермен өзара әрекеттесу аясында тірек мектебі келесі пәндер бойынша онлайн-сабақтар ұйымдастырды: математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі.Оқушылардың биология бойынша ғылыми жобалары ұсынылды. Химия, физика, ағылшын тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қашықтықтан сабақ өткізді.Семинар соңында қатысушылар ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бағыттарын талқылады. Ұйымдастырушылар мен мектеп ұжымына алғыс айтылып, ұсынымдар мен ұсыныстар берілді.Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының ауылдық және шағын жинақты мектептерінен 50-ден астам педагогтер мен басшылар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1075405?lang=kk
Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады 14.10.2025
Құрметті салық төлеуші!«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының 13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылатынын Сіздің назарыңызға жеткіземіз:- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша.Осыған байланысты, жоғарыда аталған адамдарға сот органдарына талап қою кезінде бюджетке мемлекеттік баж төлеуді жүзеге асыру талап етілмейді.Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік баждың артық төленген сомасынқайтару мерзімі бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленгенкүннен бастап үш жылды құрайды (Салық кодексінің 108-бабының 6 -тармағы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1075416?lang=kk
Ү.ж. 16 қыркүйекте «Emirates Islamic Bank» Бас атқарушы директорының орынбасары Мохаммад Камран Важидпен кездесу өтті. 14.10.2025
Ү.ж. 16 қыркүйекте «Emirates Islamic Bank» Бас атқарушы директорының орынбасары Мохаммад Камран Важидпен кездесу өтті Кездесу барысында исламдық қаржыландыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Анықтама: «Emirates Islamic Bank» – БАӘ-дегі жетекші исламдық қаржы институттарының бірі, ол «Emirates NBD Group» құрамына кіреді. Актив көлемі бойынша БАӘ-нің жетекші банктерінің қатарында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1075434?lang=kk
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР 14.10.2025
Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен қоғам сенімінің деңгейіне тікелей әсер ететін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибені зерделеу мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және ашықтықты арттыруға бағытталған озық тәжірибелерді енгізу ерекше маңызға ие. Осы мақсатта, 2025 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Астана қаласында ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Мемлекеттік кірістерді басқару саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында тренинг-семинар өткізіліп отыр. Іс-шараға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық аппараты мен өңірлік департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты. Семинардың ашылуында: – Дощанова Салтанат Маратовна, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Персоналды басқару және ішкі әкімшілік департаментінің директоры; – Ерлен Бадыхан, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экономика және экология мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі сөз сөйледі. Семинардың дәріскері – халықаралық сарапшы, құқық докторы, ISO 37001 және ISO 37301 стандарттары бойынша сертификатталған аудитор Раймундас Калесникас. Ол 22 жылдан астам уақыт бойы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарды әзірлеу және енгізу саласында жұмыс істеп келеді. Семинар бағдарламасы қатысушыларға кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін практикалық білім мен құралдарды ұсынуға бағытталған. Бұл семинар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, жаңа шешімдерді іздеу және ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді платформа болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1075155?lang=kk
Аққайын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. 14.10.2025
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Аққайын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты. Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды. Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:- 2026 жылы құн өсімінен түсетін табысты айқындау кезінде тұрғын үй объектілерінің меншік құқығында болу мерзімі ұлғайтыла ма;- тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілері бойынша қандай мерзім;- мүлікті бағалау қандай жағдайларда ескеріледі;- такси жүргізушілері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимінде жұмыс істей ала ма;- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салық есепті нысанын тапсыру бойынша міндеттеме бар ма, егер болса, қандай мерзімдер, сондай-ақ салықтар мен төлемдерді төлеу;- АСР қолданатын салық төлеушілермен өзара есеп айырысу бойынша шегерілімдерді КТС қолдануға бола ма; Спикерлер: Аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы Белоусов А.О. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1075163?lang=kk
2025 жылдың 24 қыркүйегінде құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті 14.10.2025
2025 жылдың 24 қыркүйегінде депутат Б. Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста депутаттар Меңдіқара ауданының ТҮКШ ЖК ж АЖ бөлімінің басшысы А.З. Хасеновтың «Меңдіқара ауданы бойынша 2025 - 2026 жылдардың жылу маусымына әлеуметтік тұрғын үй қорының объектілері, коммуналдық қызметтерінің (жылу - су жабдықтары, ҚТҚ дайындығының қорытындылары туралы (көшпелі отырысы). (Боровское ТКШ - 2016, Меңдіқара - 2011 ЖШС, МА ТҮКШ ЖК ж АЖ бөлімі) есебін және екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы ауылдық округтердің әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы (көшпелі отырыс: Введен, Буденный және Михайлов ауылдық округтері) ауылдық округтердің әкімдерінің есептерін тыңдады.Депутаттар белгіледі, Меңдіқара ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін 2025 - 2026 жылдарына жылыту маусымына дайындау Қостанай облысы әкімдігінің 2025 ж. 1.04. № 86 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.Осы қаулыға сәйкес жылу көздерін, электр, жылу және су құбыры желілерін, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау бойынша жөндеу жұмыстарының жоспарлары әзірленіп, бекітілді.Боровское ауылында жылу энергиясын өндірумен және берумен айналысатын ұйым «Боровское ТКШ - 2016» МКК болып табылады, оның балансында 10 қазандық бар: №1 қазандық (орталық қазандық). 2025 - 2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мақсатында ағымдағы жылда орталық қазандықтың БМК (блоктық - модульдік қазандық) орнату бойынша ҚМЖ (құрылыс - монтаждау жұмыстары) жүргізілуде. Мердігер «Qostanaistroy» ЖШС болып табылады.Жұмыстар 90 % аяқталды.Ауданның қалған қазандықтар бойынша дайындық 100% құрайды.Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.Екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы ауылдық округтердің әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы (көшпелі отырыс: Введен, Буденный және Михайлов ауылдық округтері) депутаттар округтерге барып шықты. Бірқатар әлеуметтік объектілерді көріп шықты, білім процессіне және жылу маусымына дайындығын тексерді. Кемшіліктерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар берді.Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1075171?lang=kk
2025 жылдың 24 қыркүйегінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті 14.10.2025
2025 жылдың 24 қыркүйегінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» аудандық мәслихат төрағасының ақпаратын тыңдады, яғни мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылдың 28 шілдедегі бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау сұрақтарының бөлігінде өзгерістер енгізілді.Екінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпандағы № 204 «Арнайы комиссияның құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы В.Н. Гребенюктың ақпаратын тыңдады.Өзінің есебінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы кадрлық өзгерістермен байланысты комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1075179?lang=kk
2025 жылдың 24 қырқүйегінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті 14.10.2025
2025 жылдың 24 қырқүйегінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша «Мәслихаттар алдында әкімдердің есеп берулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы» Меңдіқара ауданының әкімі Ғ.М. Бекбаевтың есебін тыңдады. Депутаттар Меңдіқара ауданы әкімінің есебін бекітуді шешімін қабылдады. Аудан әкімі қойылған тапсырмаларды аяқтауда мемлекеттік мекемелердің басшыларына мен ауылдық округтердің әкімдеріне бірқатар ұсыныстар берді.Екінші сұрақ бойынша «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданының тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету және дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралары мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» аудандық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Е.В. Абрамованың ақпаратын тыңдады.Өзінің есебінде бас дәрігердің м.а. медициналық қызметтердің сапасын көтеру мен қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқандығын түсіндірді. Денсаулық сақтау жүйесі біздің ауданымыздың барлық тұрғындарына алғашқы медикалық - санитарлық көмекті беруге бағдарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1075185?lang=kk
Қонай шағынауданындағы құрылыс пен инфрақұрылым жұмыстары туралы 14.10.2025
Қала әкімі Қонай шағынауданына барып, құрылыс және абаттандыру барысымен танысты. Қазір 10 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, 124 жеке үй пайдалануға берілді. Жауапсыз мердігерлермен келісімшарттар бұзылып, жұмыстарды жергілікті компаниялар жалғастыруда.№103 автобус бағытына қосымша көліктер шығарылып, алғашқы рейс уақыты 6:15-ке ауыстырылды. Өрт сөндіру депосының құрылысына жобалық құжаттама 15 қазанға дейін дайындалады.Скверді абаттандыру басталды. Демалыс аймағы, балалар ойын алаңы, тренажерлар мен веложол салу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1075197?lang=kk
Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирге шықты 14.10.2025
25 қыркүйекте жаңа Qonaev Media телеарнасы өз жұмысын бастады. Арна еліміздің барлық өңіріндегі көрермендерге Alma TV және Otau TV платформалары арқылы қолжетімді. Телеарна күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін хабар таратады.Qonaev Media өзін Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның өміріне бағытталған заманауи медиаресурс ретінде таныстырады. Эфирде жаңалықтар, талдамалық бағдарламалар, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі және ойын-сауық жобалар көрсетіледі. Әсіресе әлеуметтік бастамаларға, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуына, бизнеске, мәдениетке, спорт пен экологияға ерекше назар аударылады.Телеарна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, Qonaev Media-ның іске қосылуы отандық телевизия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: «Біздің мақсатымыз – халыққа жақын болып, өңір мен елдің келбетін қалыптастыратын шынайы оқиғаларды көрсету. Көрермен эфирден тек ақпарат қана емес, шабыт алып, айналасында болып жатқан оқиғаларға өзін тікелей қатысушы ретінде сезінуін қалаймыз», – деді ол.Qonaev Media өкілдерінің айтуынша, арна кең аудиторияға арналған контент әзірлеп, ақпараттылықты, қарқынды ырғақты және жеңіл жеткізу стилін үйлестіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075213?lang=kk
ҮЗДІК СҰРАҚТАР Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша 14.10.2025
1. Жаңа Салық кодексінде қандай ҚҚС мөлшерлемелері қарастырылған?Жауап:ҚҚС базалық мөлшерлемесі-16%.Бұл ретте сараланған мөлшерлемелер енгізілді.Шаруа қожалықтары үшін ҚҚС-тан босату сақталды.Заңды тұлғалар-ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке жатқызылатын ҚҚС қосымша сомасын 70% - дан 80% - ға дейін ұлғайту ұсынылады. Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуіне негіз алынып тасталады.Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық қызметтерді сату үшін ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесі белгіленеді: 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% деңгейінде.Бұл ретте ҚҚС-тан босату ұсынылады:тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық көрсетілетін қызметтер; отандық басылымның кітаптары, баспа түрінде кітаптар шығару бойынша қызметтер;археологиялық жұмыстар.2. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттар бойынша ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты смета қайта есептеле ме?Жауап:ҚҚС ставкасы айналым жасалған күні қолданылатын Ставка қолданылады. Жаңа Салық кодексінде айқындалған айналым жасалған күнді айқындау тәртібі сақталды.Осылайша, егер 2026 жылға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша айналымның жасалған күні 2026 жылға келсе, онда мұндай айналымдарға 2025 жылдан кейін қолданылып жүрген мөлшерлеме бойынша, яғни 16% салық салынуға тиіс.Мемлекеттік сатып алу шеңберіндегі сметаны қайта есептеу мәселесі МКК құзыретіне кірмейді.3. 2026 жылдан бастап медициналық салаға ҚҚС қалай салынады?Жауап:Жаңа Салық кодексінде медицина саласына ҚҚС салу бөлігінде мыналар көзделген.1) ҚҚС-тан босатылады:- Медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді өткізуі:тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС)шеңберінде;жетім және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін.Импорт кезінде ҚҚС-тан босату тізбесі мен тәртібін ҚР ДСМ әзірлейді.2) ҚҚС ставкасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 10% қолданылады%:- ҚҚС-тан босатылатын медициналық бұйымдардан, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарынан, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардан басқа дәрілік заттарды өткізу кезінде.Тізбені ҚР ДСМ әзірлейді;- ҚҚС-тан босатылатындардан басқа, медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық қызметтер көрсету кезінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1075217?lang=kk