Қоғам
Алматы облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақындады 16.09.2025
Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 103 мың гектардан астам дәнді дақыл орылып, бұл жалпы алқаптың 65 пайызын құрайды. Қамбаға 191,7 мың тоннадан астам астық түсті.Негізгі үлесті бидай мен арпа алады. Атап айтқанда, 34,5 мың гектар алқаптан 55 мың тонна бидай жиналды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады. Ал арпа 62,5 мың гектардан бастырылып, 107,8 мың тонна өнім алынды. Орташа түсім гектарына 17,2 центнер болды.Сонымен қатар жүгері жинау жалғасуда. Қазіргі таңда 3 мың гектар (6 пайыз) алқаптан 22 мың тоннадан астам өнім алынды. Бұл дақылдың орташа өнімділігі гектарына 74 центнерден асты.Картоп пен көкөніс те мол өнім беруде. Бүгінге дейін 116,6 мың тонна картоп, сондай-ақ 347,1 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдары жиналды. Орташа өнімділік тиісінше гектарына 204 және 263 центнерді құрады.Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, ауа райының құбылмалығына қарамастан, науқан жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, Балқаш ауданында мал азығын дайындау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. «Өтес-Ақдала» шаруашылығында 400 гектардан астам жоңышқа алқабы бар. Екінші орым толық аяқталды, алдағы уақытта үшінші орымға кірісу көзделуде.Шаруашылық жетекшісі Марат Дүйсенов өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Ол қажет болған жағдайда өзі трактор немесе комбайн тізгіндейді. Заманауи техника – неміс комбайны, престеу жабдықтары және тракторлар уақытылы жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бөлек, шаруашылықта 386 гектарға күріш егілген. Биылғы ыстық жаз егіннің өсуіне қолайлы болды.Мамандардың айтуынша, алдағы апталарда облыстағы барлық егіс алқаптары толық жиналып, жұмыстар толық аяқталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1068831?lang=kk
Салықтық міндеттеменің тоқтатылуы 16.09.2025
Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі:ол қайтыс болған;соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.Дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.Заңды тұлғаның салықтық міндеттемесі:ол таратылғаннан кейін;қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен ол қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1068752?lang=kk
БКМ деректерін беру жаңа хаттамасының, 2.0.3 нұсқасына көшу 16.09.2025
Комитет БКМ қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Комитет деректерді тіркеу және (немесе) ФДО серверіне беру функциясы бар БКМ деректерді берудің жаңа хаттамасын, 2.0.3 нұсқасын (бұдан әрі-2.0.3 нұсқасының ХАТТАМАСЫ) әзірлегенді. Протокол Комитеттің ресми интернет-ресурсында 2025 жылғы 20 маусымда жарияланғанын хабарлайды.2.0.3 нұсқасының хаттамасында БКМ-ді тауарлардың Ұлттық каталогына автоматты түрде қосуға және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО жағында геолокацияны анықтауға арналған сервис көзделген.Осыған байланысты, 2025 жылғы 15 қазанға дейін аппараттық-бағдарламалық кешендер болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер 2.0.3 нұсқасының хаттамасына сәйкес БКМ функцияларын қайта бағдарламалауы қажет.Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір кассалар) болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау жүргізу қажет.БКМ қайта бағдарламалау үшін БКМ әзірлеушілеріне және БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.Сонымен қатар, 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап ФДО 2.0.2 нұсқасының хаттамасын өшіру жоспарланғанын хабарлаймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1068757?lang=kk
«Әскери медицина ардагерлері» қоғамдық бірлестігіне екі жыл толды 16.09.2025
«Әскери медицина ардагерлері» қоғамдық бірлестігі әскери медицина саласында еңбек еткен ардагерлерге жан-жақты көмек көрсетіп, зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуына қатысты мәселелерді шешеді. Сонымен қатар медициналық, заңдық және өзге де көмектер көрсетілуіне ықпал жасайды.Қоғамдық бірлестікті отставкадағы медицина қызметінің полковнигі Найман Оқапов басқарады. Ардагердің барлық еңбек жолы Қарулы күштермен тығыз байланысты. Ол 10 жыл бойы Алматыдағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери клиникалық госпиталін басқарды, мекеме қызметінің бастауында тұрды және ҚР ҚМ медициналық қамтамасыз ету департаментінің бірінші бастығы болды.– Біздің негізгі мақсатымыз – әскери медицина ардагерлеріне әлеуметтік, медициналық, заңдық және басқа да қорғауға қатысты мәселелерді шешуде көмектесу ғана емес, сондай-ақ олардың тәжірибесін, білімін кәдеге жарату, – деді ол.Бірлестіктің қызметіне түрлі конференциялар, семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастыру және әскери дәрігерлерді насихаттау да кіреді. Қазіргі таңда бірлестіктің Талдықорған, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Астана және Семей қалаларында өкілдері бар. Бұл – сол қалаларда әскери қызметін өтеп, кейін сонда тұрақтап қалған ардагерлер. Ұйымның құрамына тек әскери дәрігерлер ғана емес, сонымен бірге орта буын медицина қызметкерлері, медтехниктер мен әскери-медициналық мекемелердің тылдағы қызметкерлері де кіреді. Ардагерлер жергілікті гарнизондардағы әскери бөлімдермен байланыста болады, тактикалық-арнайы сабақтар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мен өткізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, салтанатты іс-шараларға қатысады, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеумен айналысады.«Әскери медицина ардагерлері» қоғамдық бірлестігі ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасымен меморандумға қол қойды. Бұл құжат денсаулық сақтау саласына қатысты жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған. Мәселен, Қорғаныс министрлігі әскери медицина академиясын ашуды жоспарлап отыр. Ал бұл бастаманың ұйымдастырушылық құрылымын әзірлеуге бірлестік мүшелері тікелей қатысты. Ардагерлер жаңа оқу орнында сабақ беруге дайын.«Әскери медицина ардагерлері» ұйымында тәжірибелі мамандар жеткілікті. Көптеген әскери дәрігерлер Қарулы күштерде 40 жыл қызмет етті. Мысалы, отставкадағы медициналық қызметтің полковнигі Файзолла Жәмеев әскери терапевттер мектебінің негізін қалады, ол көптеген әскери дәрігерлерді лейтенанттардан полковниктерге дейін тәрбиеледі. Ал отставкадағы медицина қызметінің полковнигі Есімғали Таласбаев Беларусь әскери округінде қызмет еткен кезде бас қан тамырлары хирургі болған. Қоғамда Ауған соғысының ардагерлері де бар.– Басты мақсатымыз әскери медицина ардагерлеріне әлеуметтік қорғау мәселелерін шешуде көмектесу және ардагерлерге медициналық, заңдық және өзге де көмек көрсетуге жәрдемдесу ғана емес, олардың әлеуетін пайдалану, – дейді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1068779?lang=kk
Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама 16.09.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар нақты міндеттерді айқындады. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толыққанды жаппай цифрлық ел болуға тиіс. Әйтпесе, әлемдік бәсекеде артта қалу қаупі зор.«Экономиканың барлық саласына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жедел енгізу қажет», – деп нақты тапсырма берген Президент еліміздің Ұлттық цифрлық даму стратегиясын қалыптастыруды көздейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «заман ағысына икемделе алған ел ғана өрге жүзеді». Жасанды интеллектке бет бұру жаһандық талапқа сай әрекет етуге ғана емес, елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған жол.Президент қазіргі заманда әлем бойынша жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге жастардың бейімделгіштік қабілеті жоғары екенін айрықша атап өтті. Жастардың цифрлық сауаттылығы мен технологияны меңгеруі Қазақстанның болашақ дамуының басты кепілі екені сөзсіз.Мемлекет басшысы жасанды интеллект дәуірінде мәдениет пен өнердің маңызын да ұмыт қалдырған жоқ. «Мәдениет қайраткерлері жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев өнер адамдарына қолдау көрсетілетінін, сонымен қатар инфрақұрылым мәселесі де назардан тыс еместігін атап өтті. Президент һәкім Абайдың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген дана сөзін мысалға келтіре отырып, заманауи Қазақстан азаматтарының саналы, белсенді әрі білімді болуы ел дамуының негізі екенін жеткізді.Президент Жолдауында Қазақстанның көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясаты туралы кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген мемлекеттер Қазақстанмен достық қарым-қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.«Цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде мемлекетіміздің ұлттық стратегиялық мүддесіне сай келетін сыртқы саясат – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығымызға ықпал ететін басты фактор», – деді Мемлекет басшысы.Досыбай ШЕРІМҚҰЛОВ,қоғам қайраткері.
Бұхарбай Парманов, Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы 16.09.2025
Бұхарбай Парманов, Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы:Халық мүддесі үшін жасалған қадамҚасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке өту жөніндегі бастамасын толық қолдаймын. Бұл шешім елдегі саяси өзгерістердің уақыты мен даму логикасынан туындағанын атап өткім келеді. Президент тек құрылымдық өзгерістерге ғана емес, тиімділік пен ашықтық басым болатын билік жүйесін мазмұндық тұрғыда жаңартуға ерекше назар аударып отыр.Мемлекет басшысының бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен, асығыссыз әрі қысымсыз, қоғамның пікірін құрметтей отырып қарағаны – нағыз саяси стильдің айқын көрінісі. Көшбасшы мықтап талап қоймай, керісінше ұсыныс жасап, пікірталас ашып, ойлануға уақыт береді.Қазақстан жағдайында екі палаталы жүйе кейде процестерді тежеп, артық шығын талап етіп, қоғам күткен нәтижені бермей жатады. Сондықтан бір палаталы Парламент идеясы – көптен жетілген мәселе. Құрылымды жеңілдету заң шығарушы билікті халыққа жақындатып, артық кедергілерді алып тастап, маңызды шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді.Ең бастысы – соңғы сөз халықта. Президентіміз атап өткендей, мұндай деңгейдегі реформа тек референдум арқылы жүзеге асуы тиіс. Егер қоғам бұл бастаманы қолдаса, Қазақстан ықшам, мобильді әрі есеп беретін заң шығарушы жүйеге ие болады. Ондай Парламент формалдылық үшін емес, халық мүддесі үшін жұмыс істейді.
Астанада қазақ-эстон ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері талқыланды 16.09.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстония Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мартин Рогермен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.А.Исетов Эстония Қазақстан үшін Балтық теңізі өңіріндегі маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті. Мемлекеттер арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделігін растады.Дипломаттар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа іс-қимылдарды қарастырды. Бұл тұрғыда 2025 жылы қаңтарда Таллиннде өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-эстон үкіметаралық комиссиясы 7-ші отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар көлік және логистика саласындағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Орталық Азия мен Еуропаны жалғайтын сауда жолдарын дамыту мәселелері талқыланды.Кездесу соңында тараптар биік және жоғары деңгейдегі өзара іс-сапарларды ұйымдастыру мәселелерін қамтитын іс-шаралар күнтізбесін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1068721?lang=kk
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ 16.09.2025
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу тетіктерін ұсынды. Тиісті мемлекеттік құрылымдарға тапсырма берді.Цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады.«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту — тұрақты дамудың негізі факторы. Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға түсті. Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде тарифтерді ырықтандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру сияқты шаралар бар. Мұндай үлгі бойынша, тарифтер өскен сайын халыққа сенімді әрі сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұл іске «Ақылды қала» құру тұжырымдамасының көмегі тиері сөзсіз, оны еліміздің барлық өңіріне тарату керек. Оған озық халықаралық тәжірибелерді қолданып, білікті басшыларды, соның ішінде шетел мамандарын тарту қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жаңғырту жұмыстарының қажеттілігі iKomek орталығына түсетін тұрғындардың өтінішінен-ақ байқалады. Қоңыраулардың басым бөлігі инфрақұрылым мәселелеріне қатысты. Қала билігі бұл бағытта жұмыс жүргізгенімен, айтулы нәтижеге қол жеткізу үшін жаңғырту жұмыстары қажет-ақ. Жұмыс жүйелі жүргізілген соң, халыққа жайлы орта қалыптастыру мүмкіндігі туатыны анық.Мемлекет басшысы, сонымен қатар, еліміздегі табиғи су ресурсының азайып отырғанын айта келе, ел ішінде, әсіресе өскелең буынға суды тұтыну мәдениетін, үнемдеуді насихаттауды да тапсырды. Бұл – тек бүгініміз үшін емес, ертеңіміз үшін өзекті мәселе.Азат ӘМІРТАЕВ,Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жергілікті заңдылықты қадағалау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК ҮЛГІСІ 16.09.2025
Теміржол саласында 19 жыл 10 ай бойы адал еңбек етіп келе жатқан Исабаева Нұржамал өзінің еңбек жолын Туркестан локомотив пайдалану депосында машинистка-секретарь қызметінен бастаған.Бүгінде ол тасымал құжаттарды өңдеу операторы ретінде жауапты қызмет атқарып отыр. Кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі арқасында Нұржамал теміржол саласында тәжірибелі мамандардың қатарынан көрінеді.Оның еңбек жолы – табандылық пен адалдықтың үлгісі, жас мамандарға кәсіби даму мен өз ісіне берік болудың мысалы.
Тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда сатушыға қалай наразылық хат жолдауға болады? 16.09.2025
Әрбір тұтынушы сапалы тауар мен қызмет алуға құқылы. Егер сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылса, Сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) наразылықпен жүгінуге болады.Мыналарды білуіңіз керек Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабына сәйкес, тұтынушы құқылы: заңбұзушылықтарды жоюды талап етуге,тауардың немесе қызметтің кемшіліктерінен келген залалды өтеуді сұрауға. Наразылық хат қалай жазылады? Наразылық хат еркін түрде жазылады. Онда көрсетілуі тиіс: қандай құқықтары бұзылғаны, тауардың немесе қызметтің кемшіліктері, тұтынушының талаптары (ақшаны қайтару, тауарды ауыстыру, кемшілікті жою және т.б.). Наразылық хат қайда жолданады? • Тікелей сатушыға (қабылданғаны туралы белгі алу қажет); • Пошта арқылы сатушының заңды мекенжайына; • Электронды түрде (e-mail немесе онлайн жүйелер арқылы). Сатушының міндеттері Сатушы (дайындаушы, орындаушы) міндетті: • тұтынушының наразылығын қарауға, • 10 күнтізбелік күн ішінде жазбаша жауап беруге, • өз ұстанымын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса ұсынуға. Егер жауап болмаса Егер сатушы 10 күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе немесе заңбұзушылықтарды жоюдан, шығынды өтеуден бас тартса, тұтынушы құқылы: • уәкілетті органға жүгінуге, • тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдарға шағымдануға, • қажет болған жағдайда сотқа арыздануға. Тұтынушы жағдайында болған мысал Түркістан облысының тұрғыны онлайн арқылы 350 000 тг-ге төсек-орын сатып алған. Бірақ жеткізілген кезде бір жамылғы жетіспеген. Сатушыға жазған наразылық хатына жауап болмаған соң, тұтынушы «Е-Өтініш» жүйесі арқылы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Департаменттің араласуынан кейін сатушы өз қателігін мойындап, жетіспеген тауарды «Қазпошта» арқылы жіберген әрі тұтынушының 6 000 тг шығынын өтеген.Нәтиже: тұтынушының құқығы толық қалпына келтірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1068714?lang=kk
«Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастықтың 6-форумы (BRITACOF) 16.09.2025
Непал, 2025 жылғы 9-11 қыркүйек Катманду қаласында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов бастаған қазақстандық делегация BRITACOM хатшылығы ұйымдастырған «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастықтың 6-форумына (BRITACOF) қатысты. Форум барысында салық саясаты мен әкімшілендірудің өзекті мәселелері, халықаралық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ салық саласында инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды. «Цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбындағы сессия аясында МКК төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов баяндама жасап, Қазақстанның қазіргі заманғы электрондық сервистерді енгізу мен талдамалық құралдарды дамытуды қоса алғанда, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру бойынша қабылдап жатқан қадамдарын бейнелейтін бейнероликті таныстырды. Қазақстан Республикасы BRITACOF шеңберінде өңірде ашық және тұрақты салықтық ортаны қалыптастыруға елеулі үлес қоса отырып, әріптестік байланыстарды нығайтуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1068702?lang=kk
Шымкенттегі іскер қауыммен кездесу 16.09.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдәбеков Шымкент қаласындағы экспортқа бағытталған кәсіпорындарды аралап, қала тұрғындарымен және іскер қауыммен кездесу өткізді.Осы жылдың 12 қыркүйегінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдәбеков жұмыс сапары аясында Шымкенттің жетекші экспортқа бағытталған кәсіпорындарын аралап, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары мен кездесті.«Барыс 2007» ЖШС-де ол макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің өндіріс процесімен және кең ассортиментімен танысты. Сондай-ақ қалаға азық-түлік жеткізетін кәсіпорынның көтерме-бөлу орталығының жұмысын аралап,көрді. Мұнда 400-ден астам жұмысшы бар, өнімі ішкі нарықпен қатар Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады.«Asia Trafo» ЖШС-де – Орталық Азиядағы қуаты25-тен 500 МВА-ға дейінгі күшті ктрансформаторларды шығаратын жалғыз зауыт. Вице- министрге кәсіпорынның өнім желісі мен HighVolt (Германия, Дрезден) сынақ стендтерімен жабдықталған бірегей жоғары вольтты зертханасы таныстырылды. Кәсіпорынның өнімдері сұранысқа ие және ТМД мен Шығыс Еуропа елдеріне экспортталады. Вице-министр кәсіпорынды биыл қазан айында Шымкентте өтетін бизнес-форумға шақырды. Оған Ауғанстаннан келген кәсіпкерлер қатысады.«Wan Sheng Ceramic» ЖШС – жылына 10 млн м² керамикалық өнім шығаратын жаңа кәсіпорын. Кездесу барысында шикізаттың қымбаттығы, қойманың өнімге толып қалуы және Қытай мен Өзбекстаннан келетін сапасыз әрі арзан керамикалық тауардың кесірінен оны өткізу мәселелері орын алғаны талқыланды. Вице-министр бұл мәселелер бойынша ресми хат жолдауды ұсынып, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қарастыруға уәде берді. Сондай-ақ зауыт басшылығына дайынөнімді экспорттау кезінде көлік шығындарын өтеу үшін «QazTrade» АҚ-қа жүгінуді ұсынды.«Pioneer Grain Products» ЖШС – түрлі сорттағы бидай ұнын ірі көлемде өндіретін және экспорттайтын кәсіпорын. Өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейге жеткізіледі. Кәсіпорында«Pioner» кондитерлік фабрикасы жұмыс істейді, ол Қазақстанға, сондай-ақ Моңғолия мен Қытайға өнім жеткізеді. Сонымен қатар кәсіпорында ішкі нарыққа арналған бөлме аралық есіктердің жаппай өндірісі жолға қойылған.Жалпы Шымкент қаласының кәсіпорындары мемлекеттік қолдау шараларын белсенді түрде пайдалануда. Олардың қатарында «Asia Trafo», «Pioneer Grain Products», «Барыс 2007» ЖШС бар. Айдар Әбілдәбеков өңірдің экспорттық әлеуетін қолдаудың маңыздылығын атап өтті. 2020–2025 жылдары «QazTrade» СРТП АҚ ондаған шымкенттік компанияға қолдау көрсетті:* 35 компания экспорттық акселерациядан өтті,* 27 компания сыртқы нарыққа жылжуға кеткен шығындарды өтеді,* 36 компания халықаралық сауда-экономикалық миссияларға қатысты,* 19 компания Alibaba.com платформасында «GoldSupplier» мәртебесін алды.Өндірістік нысандарға бару қаланың өнеркәсіптік дамуының қарқынын және жергіліктік әсіпорындардың ел экономикасына қосып жатқанүлесін айқын көрсетіп берді.Шымкент тұрғындары мен кәсіпкерлерімен кездесу барысында вице-министр сауда саласының негізгі көрсеткіштерін ұсынды. 2025 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 827,9 мың бизнес субъектісі сауда саласында жұмыс істеп тұр (35,1%). Сауда 1,5 млн адамды жұмыспен қамтып, (16,6%) бірінші орында тұр. ЖІӨ құрылымындағы үлесі 16,4% болып, экономика салалары арасында екінші орынға шыққан.2025 жылдың жеті айында саудаға салынған инвестиция көлемі 522,5 млрд теңгені құрап, өткенжылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ғаартты. Ішкі тауар айналымы 13,9%-ға өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті, оның ішінде көтерме сауда – 25,2 трлн теңге, бөлшек сауда – 12,3 трлн теңге. Шымкент қаласы бойынша қаңтар–шілде айларында ішкі тауар айналымы 1 807,7 млрд теңгені құрады.Кәсіпкерлермен кездесуде шекарада жүктердің кешігуі, РФ аумағындағы қойма жалдау шығындарын өтеу (электрондық сауда аясында), ветеринарлық құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сауда нысандарының қолжетімділігі сияқты мәселелер көтерілді.Араласудың басты тақырыптарының бірі – бал экспорты болды. Өндіруші Руслан Дормұхамедов жылына 100 тоннаға дейін өнім өндіру әлеуеті бар екенін айтты. Вице-министр оны қараша айында Шанхайда өтетін халықаралық көрмеге қатысуға және «QazTrade» орталығы әзірлеп жатқан бірыңғай «зонтты бренд» аясында басқаө ндірушілермен бірігуге шақырды.«Шымкенттің экспорттық және сауда әлеуеті артып келеді. Министрлік бизнесті одан әрі дамытуға және қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы позициясын нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1068694?lang=kk
Қазақстан гранит пен тас өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салады 16.09.2025
Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен үш ай мерзімге келесі тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салынады:Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалыққызметінің тауар номенклатурасы коды- ЕАЭО СЭҚТН коды 6801000000 - табиғи тастан жасалған төсем тастар, жиектастар және төсеуге арналған плиталар;- ЕАЭО СЭҚТН коды 6802230000 - ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған гранит және олардан жасалған бұйымдар, тегіс немесе біркелкі беті бар кесілген немесе араланған тастар;- ЕАЭО СЭҚТН коды 6802931000 - салмағы 10 кг немесе одан да көп оюлы емес, жылтыратылған немесе басқадай өңделген гранит;- ЕАЭО СЭҚТН коды 6802939000 - ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған гранит.Шектеулер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығымен бекітіліп, 2025 жылғы 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1068637?lang=kk
Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады? 16.09.2025
Жауап:Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады.Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде (тіпті шамалы болса да) мұндай кірістерді алуға бағытталған шығыстардың барлық сомасы шегерімге жатқызылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1068658?lang=kk
Ғалым, қоғам қайраткері, профессор Жұмахан Балапановтың 105 жылдығына орай танымдық сағат ұйымдастырылды 16.09.2025
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапановтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ел іші – алтын бесік» атты танымдық сағат өткізілді.Шара барысында қатысушыларға Жұмахан Балапановтың балалық шағы, соғыс жылдарындағы ерлігі, бейбіт кезеңде ел дамуына қосқан еңбектері туралы кеңірек мәлімет берілді. Ғалымның ауыл шаруашылығы экономикасын жетілдірудегі ғылыми жаңалықтары, профессорлық қызметі, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі жайында деректер айтылды.Сонымен қатар, танымдық сағатқа қатысушылар тұлғаның ел үшін атқарған қызметіне, жазған еңбектеріне тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Жиын жылы пікірлерге толы болып, ғалымның өнегелі өмір жолы тағы бір мәрте кеңінен насихатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1068611?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі этика – жауапкершілік пен сенімнің негізі, себебі мемлекеттік қызметші – қоғамның айнасы, билік пен халық арасындағы алтын көпір. 16.09.2025
Мемлекеттік қызметтегі этика – жауапкершілік пен сенімнің негізі, себебі мемлекеттік қызметші – қоғамның айнасы, билік пен халық арасындағы алтын көпір.Осы тұрғыда 2025 жылғы 15 қыркүйекте Курчатов қаласының әдеп жөніндегі уәкілі Б. Дюсенбаевтың қатысуымен қала әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын түсіндіруге арналған кездесу өткізілді.Қызметкерлерге Әдеп кодексінің талаптары мен мемлекеттік қызметшінің жүріс-тұрыс стандарттары жан-жақты түсіндірілді. Аталған нормаларды күнделікті қызмет барысында ескеру қажеттілігі ерекше атап өтілді.Сонымен қатар, ұжымда өзара сенім мен құрметті нығайту мақсатында анонимді сауалнама жүргізіліп, оның аясында қызметкерлердің ішкі климатқа қатысты пікірлері жиналып, жан-жақты талдау жүргізілді. Бұл мемлекеттік қызметшілер үшін жайлы және сенімді жұмыс ортасын қалыптастырудағы маңызды қадам болды.Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыру, олардың құқықтық және моральдық жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1068550?lang=kk
Жаңа Салық кодексінде КТС қандай ставкалары қарастырылған? 16.09.2025
Жауап: КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады.Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банк секторы үшін мөлшерлеме 25% -. құрайды (20%). Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқындау тәртібін Ұлттық банк салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.Сондай-ақ, ойын бизнесіне салық салудың қолданыстағы тәртібін сақтаумен қатар, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсенің қызметі бойынша КТС 25% жоғары ставка бойынша есептеу және төлеу көзделеді.Әлеуметтік сала үшін (білім, медицина) ставканы кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады: 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мөлшерлеме 3% деңгейінде қалады.Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ставка 6%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1068572?lang=kk
Altai Invest–2025 16.09.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ 2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8 2025 жылғы 26 қыркүйек 08.00-09.00Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.09.00-09.45Салтанатты ашылу. 3-қабат.09:45 – 11:00Пленарлық отырыс. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары11:00 – 11:15Кофе-брейк. 11:15 – 12:30№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» Пікірталас қатысушылары:-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович-«AITAS» компаниясының өкілі-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі14.00 – 14.102023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.14.10-14.25Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.14:30 – 15:15№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»15:15 – 15:30Кофе – брейк. 15:30 – 16:45 № 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.15:30 – 16:45№ 4 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.15:30 – 16:45B2B кездесулер. 3-қабат.17:00 – 17:15Қорытынды сөз. Форум нәтижелері. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-gask/press/news/details/1068584?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық басқармалардың қызметкерлері үшін "Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың негізгі мәселелері" тақырыбында ZOOM платформасында онлайн-техникалық оқу өткізді. 16.09.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық басқармалардың қызметкерлері үшін "Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың негізгі мәселелері" тақырыбында ZOOM платформасында онлайн-техникалық оқу өткізді.Оқудыңнегізгімақсатықұқықтықсауаттылықдеңгейінарттыру, әкімшілікзаңнаманықолданудыңбірыңғайтәсілдерінқалыптастыру,сондай-ақ кәсібиқызметтіжүзеге асыру кезіндепрактикалықдағдылардыжетілдіру болды.ОқубарысындатыңдаушыларғаҚазақстанРеспубликасыӘкімшілік рәсімдік-процестік кодексініңнегізгіережелері,сондай-ақ онынақтыжұмысжағдайларындақолданудыңнеғұрлымөзектімәселелері егжей-тегжейлітүсіндірілді.Заңбөлімініңбасшысы ӘсемДүйсембекова өзсөзіндезаңнаманыпрактикалықтүсіндіруге,сондай-ақ әкімшілікрәсімдершеңберіндемемлекеттікоргандардыңазаматтарменжәнекәсіпкерліксубъектілеріменөзара іс-қимылына байланыстымәселелергеерекшеназар аударды.Заңбөлімініңқызметкерлерісотпрактикасынзерделеугеерекшеназараударды.Қатысушыларғасоттарқарағаністердіңнақтымысалдарыұсынылды, судьялардыңұстанымдарыталданды, заңнаманықолданудажиікездесетінқателіктеранықталдыжәне оларды оданәріжұмыстаболдырмау бойынша ұсыныстарберілді.Іс-шараға қатысушылар талқыланған тақырыптың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларды жалғастыруға қызығушылық білдірді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1068519?lang=kk
Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті 16.09.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, комиссия мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты.Отырыс барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, соның ішінде құқық бұзушыларға психологиялық көмек көрсету тиімділігі, бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарының алдын алу шаралары, сондай-ақ өсім байқалған қылмыс түрлері бойынша қосымша мәселелер қаралды. Сонымен бірге комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылып, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы баяндама жасады.Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы отбасындағы тәрбие мен қоғамдағы тәртіп мәселесіне тоқталып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қылмыстың кейбір санаттары бойынша өсім бар екенін айтып, нақты профилактикалық шараларды күшейтуді тапсырды.Отырыс қорытындысымен құқық қорғау органдарына және жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1126829?lang=kk