Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда 04.05.2026
      2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған.Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады.Келісім аясында келесі төлем түрлері тағайындалады:Қазақстанда – республикалық бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері (жинақтаушы зейнетақы);Моңғолияда – сақтандыру зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақылар. Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарға тағайындалатын мерзімінен бұрын төленетін зейнетақылар бұл Келісімге кірмейді (бұл жағдайда төлемдер Моңғолияның әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру зейнетақы қорынан жүзеге асырылады).Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақыны және Моңғолияда жасына байланысты зейнетақыны тағайындауға өтініш, қажетті құжаттарымен бірге, өтініш беруші тұратын елдің құзыретті органына тапсырылады.Бұл ретте Моңғолия азаматтары БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдерін алу үшін өтінішті қажетті құжаттарымен бірге екі елдің бірінің құзыретті органына ұсына алады.Келісімді іске асыруға уәкілетті органдар:– Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;– Моңғолияда – Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.Қазақстан тарапынан Келісімді іске асыратын құзыретті органдар:БЖЗҚ – жинақтаушы зейнетақы мәселелерімен айналысады. Оның функцияларына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар Моңғолия азаматтарынан немесе олардың өкілдерінен өтініштер мен құжаттарды қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды өңдеу, жинақтаушы зейнетақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру кіреді;Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (Комитет) – зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растауды және тиісті сұраулар жіберуді жүзеге асырады. Егер Моңғолия азаматына Қазақстанда зейнетақы тағайындалса, қажет болған жағдайда оның Моңғолия аумағында жинаған еңбек өтілін растау үшін Моңғолияның құзыретті органына сұрау жолданады. Өз кезегінде, Комитет Моңғолия тарапының сұрауы бойынша Қазақстан азаматтарына Моңғолияда зейнетақы тағайындалса, олардың еңбек өтілі туралы ақпарат ұсынады.Моңғолия азаматтарына БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдері:алушы Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа (ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 2026 жылы 61 жас) толып, Қазақстаннан Моңғолияға тұрақты тұруға (ТТЖ) кеткен жағдайда және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында оның ТТЖ-ға кеткені туралы белгі болған кезде (зейнетақы жинақтарын ТТЖ-ға кетуіне байланысты біржолғы төлеу қарастырылмаған);ай сайын алушының шотына Моңғолияның ұлттық валютасы – төгрөгпен аудару арқылы жүзеге асырылады.Қазақстан мен Моңғолия арасындағы осы Келісімнің қабылдануы зейнетақы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол екі елде еңбек еткен азаматтардың зейнетақы құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, зейнетақы тағайындау үдерісін анағұрлым ыңғайлы әрі ашық етеді. Келісімді іске асыру азаматтарға шетелде жинақтаған еңбек өтілін есепке алуға және тұратын елдің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, халықтың еңбек көші-қоны артып отырған жағдайда аса маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1228807?lang=ru
2026 жылдан бастап акциз мөлшерлемелерінің өзгеруі туралы 04.05.2026
2026 жылдан бастап акциз мөлшерлемелерінің өзгеруі туралыҚазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде акциздерді реттеу бөлігінде маңызды өзгерістер көзделген. Аталған шаралар бюджет кірістерін арттыруға, салық жүйесінің әділдігін қамтамасыз етуге және акцизделетін тауарлар айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап акциз мөлшерлемелері 10%-ға арттырылды.Алкоголь өнімдері:80% және одан жоғары этил спирті — 600 ₸/л;80%-дан төмен этил спирті — 2 550 ₸/л (100% спиртке шаққанда);алкоголь өнімдері (шарап, шарап материалдары, сырадан басқа) — 2 805 ₸/л;шарап — 38 ₸/л;шарап материалдары — 187 ₸/л;сыра және сыра сусындары — 99 ₸/л, ≤0,5% — 0 ₸/л.Темекі өнімдері:темекі:• 2026 жыл — 18 051 ₸/1000 дана;• 2027 жыл — 21 163 ₸/1000 дана;• 2028 жыл — 21 880 ₸/1000 дана;• 2029 жыл — 23 279 ₸/1000 дана;• 2030 жылдан бастап — 25 607 ₸/1000 дана;кальян және түтік темекісі:• 2026 жыл — 15 863 ₸/кг, 2030 жылға дейін 22 791 ₸/кг дейін өседі;қыздырылатын темекі өнімдері:• 2026 жыл — 11 230 ₸/1000 дана, 2030 жылдан бастап 12 803 ₸/1000 дана.Мұнай өнімдері және жанармай:Көтерме сауда:бензин — 38 134 ₸/т;дизель — 35 726 ₸/т;газохол, нефрас, экологиялық отын — 38 134 ₸/т.Бөлшек сауда:бензин — 500 ₸/т;дизель — 60 ₸/т;газохол, бензанол, нефрас және басқа — 500 ₸/т.Энергетикалық сусындар (жаңа):2026 жыл — 100 ₸/л;2027 жыл — 140 ₸/л;2028 жыл — 180 ₸/л;2029 жыл — 200 ₸/л;2030 жылдан бастап — 240 ₸/л.Бұл шара жастар арасында тұтынуды азайтуға және бюджет кірісін арттыруға бағытталған.Сән-салтанат салығы:18 000 АЕК-тен жоғары автокөліктер — 10%;24 000 АЕК-тен жоғары кемелер — 10%;24 000 АЕК-тен жоғары әуе кемелері — 10%.Аталған нормалар салық салудың әділдік қағидатын іске асыруға бағытталған.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1213829?lang=kk
Шымкент қаласында «Стоп граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 04.05.2026
Аталған шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ерікті жастармен бірлесіп, қала аумағында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Заңсыз жазбалар анықталған орындарда олар жедел түрде жойылып, түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілуде.Мұндай шаралар қоғамды зиянды ақпараттан қорғауға, жас ұрпақтың санасына теріс әсер ететін факторлардың алдын алуға бағытталған. Полиция азаматтарды қала тазалығын сақтауға және кез келген құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауға шақырады.
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады 04.05.2026
Астана тағы да әлемдік киберспорттың назарын өзіне аударады. Қалада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді. Counter-Strike 2 бойынша өтетін бұл додаға әлемнің үздік 16 командасы жиналып, миллиондаған аудитория көз тігетін ірі аренаға айналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Турнир 15-17 мамыр аралығында Barys Arena алаңында өтеді. Оған әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады.2025 жылы өткен турнир үлкен табысқа жетті: онлайн көру көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетіп, халықаралық аудитория тарапынан жоғары қызығушылық болды. Соның нәтижесінде Астана әлемдік киберспорттың жаңа орталықтарының бірі ретінде өз мәртебесін нығайтты. 2026 жылы турнирдің қайта өткізілуі осы жетістіктің логикалық жалғасы болды.Турнирдің ұйымдастырушысы – PGL Esports SRL, киберспорт жарыстарын өткізетін әлемдегі жетекші операторлардың бірі.2026 жылы турнирдің жүлде қоры 1,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. Бұл оны «Counter-Strike 2» бойынша мейджорлардан (киберспорт турнирлер сериясынан) жоғары жүлде қоры бар жарыстардың біріне айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1226211?lang=ru
Алматы облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 04.05.2026
Алматы облысындағы А. Асанов атындағы мергендер клубының аумағында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысан өңірдің спорт инфрақұрылымын дамытып, балалар мен жасөспірімдердің шынығуына мүмкіндік береді.Айтулы шараға ҚР Бас прокуроры, Қазақстанның Ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.Аймақ басшысы жобаның дені сау, рухы мықты ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама екенін атап өтті.Спорт кешенінде баскетбол, стритбол, гандбол, үстел теннисі, нысана көздеу, жүзу, велоспорт, семсерлесу және садақ ату бойынша үйірмелер жұмыс істейтін болады. Аптасына кемінде 800 баланы қабылдай алады. Спортшылардың жаттығуына барлық қолайлы жағдай жасалған. Ғимаратта көпфункционалды Final Hall ойын залы, бассейн, семсерлесу мен жаттығуға, нысана атуға арналған орындар қарастырылған. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Нысанның жалпы ауданы – 4,8 мың шаршы метр. Жалпы құны – 2,5 млрд теңге. Жобаны іске асыру нәтижесінде 73 жаңа жұмыс орны ашылып, А. Асанов атындағы мергендер клубының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды. Алдағы уақытта кешен өңірлік және республикалық жарыстарды, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, сондай-ақ спортшыларды дайындауда заманауи әдістемелерді енгізуге жол ашады.Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өз сөзінде мұндай заманауи спорт нысандарының құрылысы ұлт денсаулығына және отандық спорттың болашақ жетістіктеріне салынған инвестиция екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осындай алаңдарда бұқаралық спорт резерві де, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын үздік спортшылар да қалыптасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1213744?lang=kk
Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары! 04.05.2026
Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік концертке шақырамыз.📅 Күні: 06.05.2026 ж.🕙 Уақыты: 17:30📍 Өтетін орны: Баянды ауыл клубы⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1213718?lang=kk
Халықпен есептік кездесу 04.05.2026
   2026 жылдың 30 сәуірінде қала әкімі Абдралиев Б.Т. халықпен есептік кездесу өткізіп, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.  Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы перспективаларына ерекше назар аударылды. Болат Тансықбаевич қаланың болашағы зор екенін атап өтті: бірлескен күш-жігердің арқасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қала көркейіп, тартымды бола түсуде, жаңа өндіріс орындары ашылып, қосымша жұмыс орындары құрылуда, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда.   Диалог барысында қаланы көгалдандыру, автомобиль жолдарын жөндеу және өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Кездесу конструктивті жағдайда өтіп, тұрғындардың қала дамуына деген жоғары қызығушылығы атап өтілді.   Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі азаматтарды жеке қабылдап, қажетті түсіндірмелер берді, сондай-ақ тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, көтерілген мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1213690?lang=kk
Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді 04.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты. Бұл ретте Президент Біріккен Араб Әмірліктері қолма-қол төлемсіз экономикаға көшуді жоспарлап отырғанын мысалға келтірді.Қытайдан да үлгі алуға болады. Көршілес ел жыл сайынғы триллион доллар транзакцияларды цифрлық платформада өңдеу ісін жолға қойды.– Қазақстан да бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізді: еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80 пайыздан асты. Осы жиынға қатысып отырған отандық фин-тех компаниялар кәсіби деңгейлері жоғары екенін көрсетті. Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді. Өйткені бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етіп, транзакция үшін алынатын комиссиялық төлемдердің шығынын қысқартады. Бұл Қазақстанның дүние жүзінен көбірек капитал тартып, жетекші инвестициялық және қаржылық орталыққа айналуына көмектесуге тиіс. Былтыр елімізде алғаш рет цифрлық активтер мен криптовалютаны реттейтін құқықтық база қалыптасты. Жылжымайтын мүлікті, алтынды, ірі өндіріс кәсіпорындарының акцияларын және басқа да активтерді токенизация жасауға мүмкіндік пайда болды. Мақсатымыз – аймақтағы жетекші криптохабқа айналу. Үкімет пен Ұлттық банк цифрлық активтерді дамытудың басты бағыттарын бекіткені жөн. Бұл – шұғыл міндет, уақыт күтпейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент «нақты уақыт экономикасына» көшу өте маңызды екеніне назар аударды. Себебі дәстүрлі жүйеде мемлекет үнемі «ізінен қуып» отырады.– Мысалы, бюрократиялық рәсімдер мен бітпейтін келісулер қаржының тиімділігін 30 пайызға дейін азайтады. Тексеріс салық жинау кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізіледі. Ал ол кезде бюджет қаржысы әлдеқашан игеріліп қояды. Жасанды интеллект арқылы күшейтілген платформалық тәсіл бұл ретте едәуір алға озуға жағдай жасайды. Атап айтқанда, үздіксіз предиктивті мониторинг мақсатсыз немесе күмәнді транзакцияларды алдын ала анықтайды. Бұл ретте тек мемлекет ресурсына сенім арту стратегиялық тұрғыдан қате екенін ескерткім келеді. Қабылданған платформалық шешім жеке капиталдың бәсекеге қабілеттілігін сақтайтын басты құрал болуға тиіс. Негізгі міндет – осындай институционалдық орта қалыптастыру. Үкімет бизнесті ынталандыратын нақты ұсыныстар енгізуі керек, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды 04.05.2026
– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін жүйені қолданысқа енгізгені жөн. Бұған салғырт қарауға болмайды, жұмысты кешіктірмеу керек. Цифрландыру мен мемлекеттік жобалардың пайдасын жан-жақты зерделеу қажет. Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясы аясында «ізашар жобаларды» іріктеп шығарды. Оларды мұқият сараптап, экономикаға тікелей әсерін анықтау керек. Жалпы, қай салада болсын, түпкі нәтижеге жету үшін әркім жеке жауапкершіліктен қашпауы қажет. Бізде басқа таңдау жоқ: не тиімді цифрлық экономика құрамыз, не өркениет көшінің соңында қаламыз. Басқаша айтқанда, «не боламыз, не бордай тозамыз», – деді Президент.Мемлекет басшысының айтуынша, зияткерлік капиталды күшейтіп, еңбек өнімділігін арттырмаса, тек демографиялық өсім бәсекеге қабілетті ел болуға кепілдік бермейді.– Кеңестің осыған дейінгі отырысында қабылданған шешімге сай биыл Орталық Азиядағы алғашқы Жасанды интеллект университеті ашылады. Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік құру арқылы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуды қолға алдық. Бірнеше жобаның тізімі жасалды. Олар барынша жедел таратылуға тиіс. Үкімет қысқа мерзім ішінде «ғылымнан нарыққа дейінгі» кезеңдерді түгел қамтитын тізбек жасауы керек. Алдымызда қолданбалы әзірлемелерді тез арада коммерцияландыру, салықтық ынталандыру және келешегінен көп үміт күттіретін жобаларды бірлесе қаржыландыру құралдары қарастырылған толыққанды венчурлық экожүйе қалыптастыру міндеті тұр. Мұндай пәрменді тетік болмаса, ғылыми әлеуетіміз тек академиялық ортамен шектеліп қалады, – деді Мемлекет басшысы.
АЛМАТЫДА ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 04.05.2026
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.Президенттің айтуынша, қазіргі өзгерістер XIX-XX ғасырлардағы индустриялық революциямен салыстыруға келмейді. Өйткені оның жылдамдығы мен ауқымдылығы соншалық, физикалық болмыс пен цифрлық кеңістік арасындағы шекара жойылып барады.– Жасанды интеллект жаһандық экономиканың басты арқауы, ал үлкен деректер қоры аса маңызды ресурс санала бастады. Сондықтан Қазақстан жасанды интеллектіні аса маңызды стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Алдымызға Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде өршіл мақсат қойдық. Тиісті институционалдық алғышарттар мен базалық инфрақұрылым қалыптасты. Енді жасанды интеллект технологиясын экономиканың барлық саласына енгізуіміз қажет. Бұл ретте «технологиялық сақтық шараларын» басшылыққа алып, ұлттық мүддені де ұмытпаған жөн, – деді Президент.Сонымен қатар жиын барысында Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жаңа технологиялық парадигмаға көшу үшін қазіргі жағдайға объективті, шынайы баға беру қажет.– Цифрлық экономика туралы тұжырымдама әлі толық жасақталмаған, қолданыстағы әдістеме бір ізге түспеген. Ішкі жалпы өнімді бес пайызға жеткізу туралы айтқанда, нақты экономика секторындағы өсім мен инновация нәтижесіндегі табыстың ара жігін ажырата білу керек. Жалпылама көрсеткіштер көбіне жұмыстың тиімділігін емес, алдамшы көрініс қалыптастырып жатады. Сондықтан бұл цифрландыру мен жасанды интеллектінің ел экономикасына қосқан нақты үлесін бағалауға мүмкіндік бермейді. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізгені жөн, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ» екендігін атап өтті.Президент әлемдік деңгейдегі жетекші зертханалардың соңғы деректеріне сүйене отырып, дамыған және дамушы экономикалар арасындағы алшақтық тез ұлғайып келе жатқанын атап өтті.– Жасанды интеллектінің бір ерекшелігі – капитал да, технология да көшбасшылардың қолына шоғырланады. Уақтылы әрі батыл шешім қабылдамаса, ертең «технологиялық алшақтықты» қысқарту қиынға соғады. Бұл – Қазақстан үшін алаңдатарлық ахуал. Қазіргі жағдайды егжей-тегжейлі саралап, нақты интеллектуалдық өнімдер жасауға қабілетіміз қаншалықты жететінін анық түсіну керек. Еліміз классикалық «Орта табыс дағдарысына» тап болды деген сарапшылардың пікірімен келіспеске амал жоқ. Мұндай кезде табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күші секілді дәстүрлі ресурстар сарқыла бастайды, ал экономикалық өсімге серпін беретін жаңа салалар тиісті деңгейде дамымайды немесе іске қосылмайды. Экономиканың тұралауына жол бермеу үшін үлкен цифрлық платформалар құру қажет. Сол арқылы цифрлық экономикаға жедел ауысу амалын іздеген дұрыс. Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ. Осы орайда мемлекеттік сервистерді көзге көрінбейтін, бірақ өте тиімді операциялық жүйеге трансформациялау керек. Сонда шамадан тыс бюрократиялық талаптардан құтыламыз. Қазіргі жүйе бойынша сұраныс жіберуден бастап шешім қабылдауға дейінгі аралыққа бірнеше күн немесе бірнеше апта кетеді. Негізі, аталған цикл бірнеше секундқа дейін қысқаруға тиіс. Сол кезде елдегі капитал айналымы жеделдей түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мамыр мерекелері қарсаңында Самар ауданы әкімінің аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру кездесуін өткізді 04.05.2026
Іс-шара барысында мереке кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар жеткізілді. Қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті бұзуға жол бермеу, сондай-ақ қызмет барысында да, қоғамдық орындарда да әдепті әрі лайықты мінез-құлық таныту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мәселелері жеке қарастырылды. Адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қатаң ұстану қажеттігі атап өтілді.Рауан Жампеисов қызметтік әдеп нормаларын сақтау азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды факторы екенін және мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсер ететін әрекеттерге жол бермеу қажет екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1213608?lang=kk
Мерейтой 80! 04.05.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Қалқаман Хасенұлы Жақыпты мерейлі 80 жасымен құттықтады.Қалқаман Хасенұлы саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған тұлға. Қарапайым ауылдан басталған өмір жолы қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында биік белестерге ұласты.  300-ден астам ғылыми еңбегі ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік тіл, тарих, мәдениет және қоғам дамуы мәселелеріне арналды.Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында жас буынға зор өнеге көрсетіп келеді.Ел ағасы спорт саласында да бірқатар жетістіктерге жетті. Түрлі деңгейдегі марафондарға қатысып, мыңдаған шақырымды бағындырып жүр.«Құрметті Қалқаман Хасенұлы, сізге және жан жарыңыз Дәмеш Сақтағанқызына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қуанышты күндерді бірге өткізе берулеріңізге тілектеспін», – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.Мемлекет тарапынан Қалқаман Жақыптың еңбегі жоғары бағаланып, түрлі наградаларға, соның ішінде «Құрмет» орденіне ие болды. Бүгін аймақ басшысы мерейтой иесіне шынайы алғысын білдіре отырып, «Ыбырай Алтынсарин» арнайы төсбелгісімен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1213573?lang=kk
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті ұсыну тәртібі туралы 04.05.2026
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) келісіні хабарлайды.     Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді.     2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілер жаңартылған Қағидаларды және есептілік нысандарын толтыруға қойылатын жаңа талаптарды басшылыққа алуы қажет, атап айтқанда:Есептелік нысаны10.1 – «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты»;Есептелік нысаны10.2 – «Тауарлар экспорты»;Есептелік нысаны 10.3 – «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;Есептелік нысаны10.4 – «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;Есептелік нысаны 20.1 – «Тауарлар импорты»;Есептелік нысаны 20.2 – «Алынған жұмыстардың және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;Есептелік нысаны20.3 – «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар».     Есептілік нысандарын ұсыну тек электрондық түрде жүзеге асырылады.     Қазіргі уақытта Комитет тарапынан ИСНА АЖ-де есептілікті электрондық форматта қабылдау функционалын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тиісті функционалды іске қосу жуық арада жоспарланып отыр.     Осыған байланысты Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, техникалық қателер анықталған жағдайда, Комитет есептілік нысандарын ұсыну мерзімін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге, атап айтқанда 2026 жылғы 15 қарашаға дейін ұзартады.    Осылайша, ИСНА АЖ-нің техникалық дайын болмауына байланысты есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары мен айыппұл санкциялары қолданылмайды.     ИСНА АЖ-де есептілік нысандары іске қосылғаны туралы Комитет мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурстар платформасында, Комитеттің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында (Instagram, Telegram және т.б.) және ескі салық төлеуші кабинетінде қосымша хабарлайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1213574?lang=kk
Коммерциялық емес ұйымдар үшін БКМ қолдану 04.05.2026
Қазақстан Республикасының аумағында Салық кодексінің 110-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, осы бапта өзгеше белгіленбесе, ақша есеп айырысулары деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ) міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл БКМ модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген болуы тиіс.Бақылау-кассалық машинаны (БКМ) қолданудан келесі тұлғалар босатылады:1) жеке тұлға;2) жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;3) билеттер беру арқылы қалалық қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдау қызметін көрсететін тұлға. Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысаны көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті органмен келісімі бойынша бекітіледі;4) Ұлттық Банк;5) екінші деңгейдегі банк;6) діни бірлестік;7) Ұлттық пошта операторы, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақша есеп айырысуларын қоспағанда;8) арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға.Осылайша, заңнамада бақылау-касса машиналары қолданылмайтын адамдардың толық тізбесі мен негіздері көзделген.Коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ), жоғарыда көрсетілген тізімге кірмейді. Тиісінше, МИБ үшін бақылау-кассалық машиналарды қолданудан босату салық заңнамасында көзделмеген.Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 19-бабының 1-тармақшасына сәйкес, ақша есеп айырысулары — тауар сатып алу, жұмыс орындау, қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшамен және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар болып табылады.Осылайша, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшамен және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалану арқылы ақша есеп айырысуларын жүзеге асырған кезде коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде МИБ, БКМ қолданып, БКМ чегін беруі міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1213579?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 12 айда 17,9% ұлғайды 04.05.2026
 Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 12 айда 17,9% ұлғайды  Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 сәуіріне 26,82 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,08 трлн теңгеге немесе 17,9%-ға өсті.2026 жылдың 1 сәуірінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,12 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,25 трлн теңге (14,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 741,14 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,4%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,1% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі – 10,09 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 сәуіріне 950,57 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы үш айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 869,33 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,1%-ға (немесе 107,12 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 сәуірге дейін 673,45 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,7%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 38,77 млрд теңге (өсім – 9,8%), ЕЗЖ – 499,00 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 156,61 млрд теңгені құрады.     Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруы есебінен түскен таза инвестициялық кіріс 296,55 млрд теңгеден асты. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 360,02 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 68,63 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 596 теңге.   2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 135,24 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 33,05 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 9,86 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 933,26 млн теңге, жерлеуге – 2,37 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 109,94 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,53 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,08 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 сәуіріне 12,76 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,32 млн - МЗЖ бойынша, 774,40 мыңы - МКЗЖ бойынша, 473,07 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,32 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,76 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1227126?lang=ru
Қазақстанда аккредиттеу жүйесі қалай өзгереді? 04.05.2026
Қазақстанда аккредиттеу жүйесін реформалау жұмыстары басталды. Бұл шешім салада ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерге байланысты қабылданды. Нарық қатысушылары рәсімдердің ашық еместігіне, сарапшылардың шектеулі болуына, бағалау тәсілдерінің ескіруіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп келген.2025 жылдың басынан бастап Ұлттық аккредиттеу орталығы жүйені кешенді жаңғыртуға кірісті. Алғашқы кезеңде бизнес-қоғамдастықпен ашық диалог ұйымдастырылып, Алматы мен Астанада 500-ден астам адам қатысқан салалық форумдар өтті. Кездесулер барысында негізгі проблемалар талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.Реформалардың басты мақсаты – аккредиттеу рәсімдерінің ашықтығын арттыру және бақылау тетіктерін күшейту. Осы бағытта бірқатар жаңа шаралар енгізілді. Атап айтқанда, зертханаларды бағалау процесіне фото және бейнефиксация қосылды. Бұл тексеру барысын толық тіркеуге және нәтижелердің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сарапшыларды іріктеу жүйесі де жаңартылды. Енді бағалаушылар кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады, ал олардың базасы кеңейтілуде. Жаңа мамандарды тарту үшін халықаралық ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен және салалық қауымдастықтармен 20 меморандум жасалған. Сонымен қатар «20 жаңа бағалаушы» жобасы іске қосылып, түрлі сала мамандарын жүйеге тарту жұмыстары жүргізілуде.Цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бағалау чек-парақтары енгізіліп, құжаттардың бірыңғай тізімі жасалды, ал аккредиттеу құны автоматты түрде есептелетін болды. Бұдан бөлек, зертхана жабдықтарын сәйкестендіру үшін QR-код жүйесі енгізілді. Бұл бір жабдықтың бірнеше зертханада қатар қолданылуын болдырмауға бағытталған.Тағы бір маңызды жаңашылдық – зертханаларды қашықтықтан бағалау мүмкіндігі. Цифрлық құралдар арқылы жүргізілетін бұл тәсіл рәсімдердің ашықтығын арттырып, процесті жеделдетеді.Ұлттық аккредиттеу орталығының мәліметінше, реформалар бизнес қауымдастықпен келісілген және Үкімет тарапынан қолдау тапқан. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты да нығайтып отыр. Елдің аккредиттеу органы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы профильдік ұйымның мүшесі ретінде 2031 жылы Астанада бас ассамблея өткізу құқығына ие болды.Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан өзгерістер аккредиттеу жүйесін ашық, әділ және тиімді етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1213566?lang=kk
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті 04.05.2026
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай салтанатты іс -шара өтті. Мерекелік жиында аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, 12 тұрғынға жаңа пәтердің кілттерін табыстады. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар әсем ән мен күмбірлген күйден шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. https://www.instagram.com/reel/DXydPsCt3Po/?igsh=dHpjbmp0ZG0xODI3Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1213510?lang=kk
Құрметті ауыл тұрғындары, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының ауыл ішінде және жол бойында бақылаусыз жүруі өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай жағдайлар тұрғындарға қауіп төндіріп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына, жеке адамдардың ауласына кіріп мүлкіне зиян келтіруіне және көшелердің ластануына себеп болуда. 04.05.2026
  Құрметті ауыл тұрғындары, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының ауыл ішінде және жол бойында бақылаусыз жүруі өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай жағдайлар тұрғындарға қауіп төндіріп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына, жеке адамдардың ауласына кіріп мүлкіне зиян келтіруіне және көшелердің ластануына себеп болуда.Әсіресе, түнгі мезгілде автокөлік жүргізушілері үшін қауіптің алдын алу мақсатында ірі малдарға жарық шағылыстырғыш ленталар тағу маңызды. Сонымен қатар, малдың тас жолдарға шығып кетпеуін қадағалап, арнайы белгіленген жерлерде ғана жайылуын қамтамасыз ету қажет етіледі. Осыған орай, мал ұстайтын тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу, жаю тәртібін сақтау және оларды қараусыз жібермеу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1213441?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар тұлғаларға арналған салықтық жеңілдіктер 04.05.2026
Азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және әділ салық салу қағидатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар тұлғалар үшін бірқатар салықтық жеңілдіктер көзделген. Қазақстанда 2026 жылы жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты мүгедектігі бар тұлғаларға арналған салықтық жеңілдіктерге елеулі өзгерістер енгізілді. Негізгі қолдау шаралары, негізінен, жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдерге, сондай-ақ жекелеген салықтар мен төлемдерден босатуға байланысты.Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдерҚазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалар салық салынатын табысты азайтатын салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы:• I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін жылына 5000 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықтық шегерім қарастырылған;• III топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына және қамқоршыларына – жылына 882 АЕК.Жекелеген төлемдерден босатуМүгедектігі бар тұлғалар бірқатар мемлекеттік баждарды төлеуден босатылады, оның ішінде соттарға жүгінген кезде және мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жекелеген нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін.Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған негізгі салықтық жеңілдіктер• Мүгедектігі бар тұлғалар (I, II және III топтағы) бір көлік құралы үшін қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ге дейін болған жағдайда көлік салығынан босатылады, жер салығынан толық босатылады, сондай-ақ тұрғын үй құнына байланысты мүлік салығы бойынша жеңілдіктерге ие болады.• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 563-бабы 3-тармағының 4- тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдық бірлестіктері қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша көлік салығын төлеуден босатылады.• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 597-бабы 2-тармағының 4 тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар баланы немесе бала кезінен мүгедектігі бар тұлғаныы тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуі жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуші болып табылмайды.Қосымша қолдау шараларыСалық заңнамасында белгіленген шарттар сақталған жағдайда мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілер үшін есептелген корпоративтік табыс салығын азайту түрінде салықтық жеңілдіктер де көзделген.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге растайтын құжаттарды (мүгедектік туралы анықтама және қажет болған жағдайда басқа да құжаттар) уақтылы ұсыну қажет екенін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1213447?lang=kk
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. 04.05.2026
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарыЖалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.мен кезекті кездесуін өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1213305?lang=kk