Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан мен Аустрия ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады 05.05.2026
Астана, 2026 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингерді және Аустрияның Ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнерді қабылдады.Тараптар өзара сенім мен прагматикалық өзара іс-қимылға негізделген қазақ-аустрия қатынастарының жоғары деңгейін растады. «Бүгін біз қазақ-аустрия ынтымақтастағының негізгі бағыттарын талқылап, өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектерін айқындадық. Аустрия Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды серіктесі және біз екіжақты әрі көпжақты деңгейде байланыстарымызды барынша тереңдетуге ниеттіміз», - деп атап өтті Қазақстанның СІМ басшысы.Келіссөздер барысында дипломатиялық паспорт иелері үшін визалық талаптарды алып тастау және реадмиссия туралы келісімдерді іске асырудағы ілгерілеу атап өтілді. Бұл екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашады. Бұдан бөлек, Аустрия тарапы ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл аясында Астана халықаралық әуежайына 25 дана паспорт оқу құрылғысын табыстайды.Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға, оның ішінде іскерлік дөңгелек үстел өткізуге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің, сондай-ақ Қазақстанда қызмет ететін аустриялық компаниялардың рөлі атап өтілді.Тараптар тау-кен өнеркәсібі, көлік және инфрақұрылым, энергетика, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтті. Орта дәлізді дамыту және «Global Gateway» бастамасына қатысу аясында көлік-логистикалық серіктестікті кеңейтуге ерекше мән берілді, бұл Қазақстандағы аустриялық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Экономикалық өзара іс-қимыл аясында энергетикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстанның Аустрияға мұнай жеткізудегі негізгі серіктестердің бірі ретіндегі рөлі, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздік пен жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі атап өтілді.Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты, көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және қазіргі сын-қатерлерді БҰҰ Жарғысына сәйкес тек бейбіт жолмен шешуге бейілділігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен күш-жігер қазақ-аустрия әріптестігіне жаңа серпін беріп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1214449?lang=kk
Қазақстан цифрландыру саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуде 05.05.2026
Рияд, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Цифрлық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Дима Әл-Яхиямен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында тараптар цифрлық трансформация саласындағы қазіргі жаһандық үрдістер туралы пікір алмасып, цифрландыру саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.Қазақстан Елшісі технологиялық прогресс пен инновацияларды жеделдетуге бағытталған халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, Цифрлық ынтымақтастық ұйымымен өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін растады.Өз кезегінде, Цифрлық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, елдің цифрлық күн тәртібін ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтауға уағдаласты.Цифрлық ынтымақтастық ұйымы – 2020 жылғы 26 қарашада Рияд қаласында құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым. Ұйым цифрлық саладағы халықаралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ цифрлық трансформацияны неғұрлым инклюзивті ету және цифрлық салаларды дамыту мақсатында жеке сектор, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және азаматтық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1214400?lang=kk
Орталық Азия мен Шығанақ елдері стратегиялық диалогты дамытуға мүдделі 05.05.2026
Рияд, 2026 жылғы 4 мамыр – Сауд Арабиясының «Gulf Research Center» зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Аймақтық оқиғалар аясында Орталық Азия мен Шығанақ араб мемлекеттері арасындағы қатынастарға талдау жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға Шығанақ араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі Бас хатшылығының өкілдері және Орталық Азия елдері мен Әзірбайжанның Корольдіктегі елшілері қатысты.Зерттеу орталығының негізін қалаушы және президенті Әбделазиз бен Сақр кіріспе сөзінде Шығанақтағы араб мемлекеттері мен Орталық Азиядағы елдердің тарихи байланыстары мен қазіргі жағдайы туралы баяндады.Іс-шара барысында Орталық Азия мен Шығанақ өңірлері арасындағы өзара байланыстар, сондай-ақ Таяу Шығыстағы дағдарыстардың ықпалы мен олардың ықтимал салдарлары талқыланды. Қатысушылар өңірдегі қақтығыстардың жаһандық экономикалық тұрақтылыққа кері әсер ететінін атап өтіп, шиеленістерді реттеу үшін келіссөздер мен дипломатиялық тетіктерді жандандырудың маңыздылығына назар аударды.Өз сөзінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Шығанақ елдері ынтымақтастығы кеңесі мен Орталық Азия елдері арасындағы стратегиялық диалогтың маңыздылығына тоқталып, өңіраралық сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту қажеттігін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азия мен ШАМЫК елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтіп, өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен ұсыныстар әзірлеу үшін осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1214403?lang=kk
Кувейттің ең ірі банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салуға қызығушылық білдірді 05.05.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Ұлттық банкі (National Bank of Kuwait – NBK) тобының Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және Басқарма төрағасы Исам Әл-Сагермен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.Елші кувейттік тарапты Қазақстан экономикасының қазіргі даму үрдістерімен таныстырып, ел экономикасының тұрақты өсімін атап өтті. Қазақстан жыл сайын шамамен 5-6% деңгейінде тұрақты экономикалық өсім көрсетіп отырғаны, сондай-ақ елдің жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларынан асатыны атап өтілді, бұл Қазақстанның өңірдегі ірі экономикалар қатарындағы позициясының нығаюын көрсетеді.Кездесуде «Alatau City» жаңа қаласын салу жобасына ерекше назар аударылды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі урбанистік жобалардың бірі болып табылады және жедел дамып келе жатқан заманауи цифрлық қала – дамыған цифрлық инфрақұрылымы бар жаңа буын қаласы ретінде қалыптастырылуда. Аталған жоба Азия және АҚШ елдерінің инвесторлары тарапынан айтарлықтай қызығушылық тудырып отырғаны атап өтілді. Осыған байланысты қазақстандық тарап Кувейтті қоса алғанда, Шығанақ елдерінің инвесторларын тартуға мүдделі екенін білдірді, бұл ретте кувейттік бизнестің жылжымайтын мүлік, құрылыс және заманауи қалалық инфрақұрылым жобаларына жоғары қызығушылығы ескерілді.Осы тақырыптың жалғасы ретінде ағымдағы жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Кувейт Мемлекетіне жұмыс сапары жоспарланып отырғаны атап өтілді. Сапар барысында инвесторлар «Alatau City» жобасының егжей-тегжейімен және оны іске асыруға қатысу мүмкіндіктерімен кеңінен таныстырылатын болады.Өз кезегінде NBK өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдіріп, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға қолдау көрсетуге дайын екендерін растады. Банк Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктерін қарастыратыны атап өтілді.1952 жылы құрылған Кувейт Ұлттық банкі Кувейттің ең ірі банкі және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңіріндегі жетекші қаржы институттарының бірі болып табылады. Топтың жиынтық активтері 140 млрд АҚШ долларынан асады, ал қызметі Шығанақ елдерін, Мысырды, Түркияны, сондай-ақ бірқатар еуропалық нарықтарды қоса алғанда, 13-тен астам елді қамтиды. Банк энергетика, мұнай-газ саласы, инфрақұрылым және жылжымайтын мүлік сияқты бағыттардағы ірі жобаларды, соның ішінде мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен Кувейтте іске асырылатын ұлттық деңгейдегі жобаларды, сондай-ақ өңірдегі және одан тыс жерлердегі жобаларды қаржыландыруға белсенді қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1214407?lang=kk
«Алтын виза» және жаңа ережелер 05.05.2026
Қазақстанда шетелдік жоғары білікті мамандар мен инвесторлар үшін арнайы «Алтын виза» енгізіледі.  Жаңа бастама елге қажет кадрларды тартуға және көші-қон жүйесін жеңілдетуге бағытталған. Басты өзгерістердің бірі – «бір терезе» қағидатын кеңейтіп, барлық рәсімді цифрландыру.Бағдарлама аясында:– жұмысқа рұқсат пен құжат рәсімдеу бір жүйе арқылы жүргізіледі;– өтініштерді қарау мерзімі қысқарады;– бюрократиялық рәсімдер азаяды;– бақылау цифрлық форматқа көшеді.«Алтын виза» арқылы инвесторлар мен сұранысқа ие мамандар (инженерия, IT, медицина) Қазақстанда тұрақты әрі қолайлы шарттармен жұмыс істей алады.Сонымен қатар, кәсіби біліктілікті тану процесі де жеңілдетіледі. Кей жағдайларда құжаттарды растау мерзімі бірнеше айдан әлдеқайда қысқа уақытқа қысқармақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1214413?lang=kk
Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына 05.05.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 30 сәуірден бастап Қытай Халық Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданында баламалы темекі өнімдеріне толық тыйым салу туралы заң күшіне енгенін хабарлайды.Тыйым электрондық темекілерге (вейптер), темекіні қыздыру жүйелеріне (IQOS, glo және аналогтары), сондай-ақ сұйықтықтарға, стиктерге және шөптен жасалған темекілерге қолданылады. Заңнамаға сәйкес аталған өнімдерді әкелуге (соның ішінде багажда, пошта жөнелтілімдерінде және жүк арқылы), сақтауға, пайдалануға, өзімен бірге алып жүруге, сондай-ақ өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады. Ерекше жағдай ретінде иммиграциялық бақылаудан өтпейтін транзитке рұқсат етіледі.Аталған заңды бұзғаны үшін 2 000 000 гонконг долларына дейін (шамамен 255 000 АҚШ доллары) айыппұл және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал көрсетілген өнімдерді беру, соның ішінде сыйға тарту үшін 50 000 гонконг долларына дейін (шамамен 6 400 АҚШ доллары) айыппұл және 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар, сот тергеу барысында мемлекет тарапынан жұмсалған шығындарды өтеуді міндеттеуі мүмкін.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Гонконг заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды және аталған өнімдерді әкелуден әрі пайдаланудан бас тартуды ұсынады.Аталған шектеулер туралы толық ақпаратпен келесі ресми сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.taco.gov.hk/t/english/legislation/legislation_asp.htmlАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1219493?lang=kk
«Алтын виза» және салықтық жеңілдіктер: Қазақстанның көші-қон саясаты қалай өзгереді 05.05.2026
Қазақстан инвесторларды, білікті мамандар мен таланттарды тартуға бағытталған көші-қон саясатының жаңа моделіне көшуде. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.Құжат ауқымды цифрлық реформаны және ынталандырушы тәсілдің пайдасына бұрынғы рұқсат беру-квота жүйесінен бас тартуды көздейді. Негізгі мақсат-елімізде инвестициялар мен адами капитал үшін өңірлік хаб қалыптастыру. Үкіметке барлық өзгерістерді жүзеге асыруды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.Реформа аясында визалық жүйе қайта қаралатын болады. Санаттар біріктіріліп, жаңа форматтармен толықтырылады. Инвесторлар мен Директорлар кеңесінің мүшелері үшін бизнес-виза, ғалымдар, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері және жетекші жоғары оқу орындарының түлектері үшін білікті қызметкердің визасы, сондай-ақ нақты инвестициялық жобаларға қатысушылар үшін уақытша қызметкердің визасы енгізіледі. Негізгі элемент инвесторлар мен сұранысқа ие мамандарға арналған «Алтын виза» болады. IT-кадрлар үшін оны ресімдеу мерзімі шамамен бір айды құрауы мүмкін. Бұл визаның иелері азаматтардың құқықтарымен салыстыруға болатын мемлекеттік қызметтерге кеңейтілген қол жеткізе алады.«Алтын виза» ұстаушылары мен олардың отбасы мүшелері үшін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеке табыс салығынан, сондай-ақ мүлік пен жер салығынан босату туралы. Есеп беру де жеңілдетілген-мұндай резиденттер кірістерді жалпыға бірдей декларациялаудан босатылады. Бір мезгілде мемлекеттік және қаржылық сервистерге қол жеткізу кезінде жеке куәліктің аналогына айналатын резиденттің цифрлық идентификаторы енгізілуде. Сондай-ақ нострификация рәсімінсіз жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының дипломдарын автоматты түрде тану қарастырылған.Реформаның жеке бағыты – цифрландыру. Шетелдік азаматтар үшін e-residency модулі бар QazETA бірыңғай платформасы құрылады, ол «бір терезе» қағидаты бойынша қашықтықтан өтінім беруге мүмкіндік береді. Электрондық резиденттерге Қазақстандағы және АХҚО алаңында серіктес банктер арқылы жобаларға инвестиция салуға мүмкіндік беретінe-Residency Invest бағдарламасы қосымша іске қосылуда.Сонымен қатар Астана мен Алматыда міндетті ағылшын тілді сервисі бар аймақтар құрылады. Бұл медициналық мекемелерге, мектептерге, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, полицияға және коммуналдық қызметтерге қатысты. Алматыда жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға арналған мамандандырылған алаң - Almaty АІ Hub іске қосу жоспарлануда.Өзгерістер «Астана» халықаралық қаржы орталығына да әсер етеді. Салықтық резиденттік үшін ең төменгі болу мерзімі 90-нан 30 күнге дейін қысқарады, бұл мобильді инвесторлар үшін юрисдикцияның тартымдылығын арттыруы керек. Ұлттық Банкке және бейінді ведомстволарға реттеушілік «құмсалғыш» шеңберінде арнайы төлем карталарын шығаруды қоса алғанда, жаңа резиденттер үшін қолайлы қаржы режимін құру тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1225769?lang=ru
Лондонда Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындығын таныстырды 05.05.2026
– 2026 жылғы 3 мамыр, Лондон. Қазақстан Астанада өтетін 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатының тұжырымдамасын Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF AGM) отырысында таныстырды. Қазақстан делегациясының баяндамасы 220-дан астам ұлттық федерация өкілдерінің алдында өтіп, күн тәртібіндегі негізгі оқиғалардың біріне айналды.Қазақстан тарапы турнирді өткізуге жан-жақты дайын екенін көрсетті – заманауи спорт инфрақұрылымынан бастап тиімді ұйымдастырушылық шешімдерге дейін дайын. Әсіресе, Астананың бүгінгі келбеті мен халықаралық жарыстарды өткізуге әлеуетін таныстырған арнайы бейнеролик көпшіліктің қызығушылығын тудырды.Таныстырылым залдың қызу ықыласы мен қошеметіне ие болып, әлемдік спорт қауымдастығының жоғары қызығушылығын айқындады. Жиынға ITTF басшылығы, ұлттық федерациялар делегаттары және үстел теннисінің халықаралық өкілдері қатысты.«Осындай беделді халықаралық алаңда Қазақстан атынан сөз сөйлеу – біз үшін үлкен мәртебе. Астана бұл әлем чемпионатын жаңа стандарт деңгейінде өткізетініне сенімдіміз», – деді қазақстандық делегация өкілдері.Іс-шара аясында шетелдік қонақтарға чемпионаттың арнайы брендтелген өнімдері де таныстырылды. Бұл қазақ халқының қонақжайлығы мен ұлттық болмысын айшықтайтын ерекше белгі болды.«Қазақстан сенімділік, жүйелі көзқарас және жоғары дайындық деңгейін көрсетіп отыр. Біз Астанада өтетін 2027 жылғы әлем чемпионатын үлкен қызығушылықпен күтеміз», - деп атап өтті Халықаралық үстел теннисі федерациясы өкілдері.Еске сала кетейік, Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын 2025 жылы Катар астанасында өткен ITTF-тің көпсатылы әрі тартысты іріктеу қорытындысы бойынша жеңіп алды. Байқауға Қазақстанмен қатар Франция, АҚШ, Бразилия және Қытай қатысты. Финалдық кезеңде Қазақстан мен Франция бақ сынасып, еліміз 54,68% дауыс жинап, 45,32% көрсеткішке ие болған Францияны басып озды.Бұл шешім өңір үшін тарихи маңызға ие: алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионаты Орталық Азияда өтеді. Астанадағы бұл турнир спортты дамытуға, елдің халықаралық беделін нығайтуға және елорданы әлемдік деңгейдегі ірі іс-шаралар өтетін орталық ретінде танытуға зор серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1214426?lang=kk
Қостанай облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерді әлеуметтік қолдау шаралары туралы 05.05.2026
Қостанай облысында Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.Бүгінгі таңда өңірде 4 Ұлы Отан соғысының қатысушысы, сондай-ақ аталған заңның қолданылу аясына кіретін 3040 ардагер және басқа да санаттағы азаматтар тұрады.Жыл бойы ардагерлер мен тыл еңбеккерлері олардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған әлеуметтік, экономикалық және мәдени іс-шаралар кешенімен қамтылуда.9 мамыр - Жеңіс күніне орай жергілікті өкілді органдардың шешімдері негізінде Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 5 000 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.Қосымша төлемдер азаматтардың өзге де санаттарына қарастырылған, оның ішінде: Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына; қоршаудағы Ленинград қаласында кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған), бірақ жоғарыда аталған марапаттарға ие болмаған азаматтарға; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және мүгедектігі бар деп танылған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайтыс болған жұбайларына. Аталған санаттар үшін төлем мөлшері қала және аудан мәслихаттарының шешімдерімен айқындалады.Біржолғы төлемдерден бөлек, тұрақты негізде ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың отбасы мүшелеріне ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі.Жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес, аталған санаттағы азаматтар сауықтыру бағытындағы әлеуметтік қолдау шараларымен де қамтылған.Облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге тегін жолдамалар беріледі. 2026 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 360 адамды сауықтыру жоспарланған.Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап өңірде баламалы қолдау тетігі енгізілді — санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу. Өтемақы әлеуметтік қызметтер порталында белгіленген жолдаманың кепілдендірілген құнынан аспайтын мөлшерде беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1214428?lang=kk
📢 Салық төлеушілердің назарына: КТС төлеу бойынша маңызды түсіндірмелер! 05.05.2026
Құрметті кәсіпкерлер мен бухгалтерлер! Төлемдердегі қателіктер мен салықтардың дұрыс емес аударылуын болдырмау үшін корпоративтік табыс салығын (КТС) бөлудің өзекті тәртібіне назар аударуларыңызды сұраймыз.ҚР Қаржы министрінің бұйрықтарына сәйкес (04.04.2025 ж. №151 және №152), Бірыңғай бюджеттік жіктеме бойынша нақтылаулар күшіне енді.🔍 Төлемді қайда жіберу керек? БЖК-ны тексеріңіз:БЖК-ны дұрыс таңдау сіздің бизнесіңіздің санатына және экономика секторына байланысты:БЖК 101110 — Ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардан алынатын КТС (мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда). Мұнда заңды тұлғалар — ірі кәсіпкерлік субъектілері төлейді. (Республикалық бюджет).БЖК 101105 — Мұнай секторы ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалардан алынатын КТС. Тек мұнай компанияларына арналған (ҚР Ұлттық қоры).БЖК 101111 — Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын КТС. Ірі кәсіпкерлікке және мұнай секторына жатпайтын барлық басқа заңды тұлғалар үшін. (Жергілікті бюджет).⚠️ Білу маңызды:Мәртебені тексеріңіз: Бизнес санатына жатқызуды ҚР Ұлттық экономика министрлігі жүргізеді. Компанияңыздың Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жаңартылған тізбесіне кіретініне көз жеткізіңіз: https://rsp.gov.kz/ru/rsp.Қателіктерге жол бермеңіз: Ірі бизнес болып табылмайтын компаниялардан 101110 БЖК-на түсетін түсімдерге жол берілмейді.Дербес шоттарды беру: Егер сізде 101110 БЖК бойынша қате дербес шот ашылса, бірақ сіз ірі бизнеске жатпасаңыз, мұндай шоттар 101111 БЖК-на берілуге жатады.💡 Қазір не істеу керек?Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімімен салыстырыңыз: https://rsp.gov.kz/ru/rsp.Төлем тапсырмаларын толтыру кезінде бюджеттік жіктеме кодын (БЖК) мұқият тексеріңіз.Дербес шоттардың дұрыс емес ашылғаны анықталған жағдайда, уақтылы түзету үшін мемлекеттік кірістер органдарына хабарласыңыз.Осы ережелерді сақтау сізге өсімпұлдар мен есептіліктегі мәселелерден аулақ болуға көмектеседі! #ҚРСалықтары #КТС #ҚазақстанБизнесі #БЖК #СалықтықСауаттылық #МКД #КәсіпкерлікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1214371?lang=kk
"Алтын виза" және салықтық жеңілдіктер: Қазақстанның көші-қон саясаты қалай өзгереді 05.05.2026
Қазақстан инвесторларды, білікті мамандар мен таланттарды тартуға бағытталған көші-қон саясатының жаңа моделіне көшуде. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.Құжат ауқымды цифрлық реформаны және ынталандырушы тәсілдің пайдасына бұрынғы рұқсат беру-квота жүйесінен бас тартуды көздейді. Негізгі мақсат-елімізде инвестициялар мен адами капитал үшін өңірлік хаб қалыптастыру. Үкіметке барлық өзгерістерді жүзеге асыруды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.Реформа аясында визалық жүйе қайта қаралатын болады. Санаттар біріктіріліп, жаңа форматтармен толықтырылады. Инвесторлар мен Директорлар кеңесінің мүшелері үшін бизнес-виза, ғалымдар, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері және жетекші жоғары оқу орындарының түлектері үшін білікті қызметкердің визасы, сондай-ақ нақты инвестициялық жобаларға қатысушылар үшін уақытша қызметкердің визасы енгізіледі. Негізгі элемент инвесторлар мен сұранысқа ие мамандарға арналған «Алтын виза» болады. IT-кадрлар үшін оны ресімдеу мерзімі шамамен бір айды құрауы мүмкін. Бұл визаның иелері азаматтардың құқықтарымен салыстыруға болатын мемлекеттік қызметтерге кеңейтілген қол жеткізе алады.«Алтын виза» ұстаушылары мен олардың отбасы мүшелері үшін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеке табыс салығынан, сондай-ақ мүлік пен жер салығынан босату туралы. Есеп беру де жеңілдетілген-мұндай резиденттер кірістерді жалпыға бірдей декларациялаудан босатылады. Бір мезгілде мемлекеттік және қаржылық сервистерге қол жеткізу кезінде жеке куәліктің аналогына айналатын резиденттің цифрлық идентификаторы енгізілуде. Сондай-ақ нострификация рәсімінсіз жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының дипломдарын автоматты түрде тану қарастырылған.Реформаның жеке бағыты — цифрландыру. Шетелдік азаматтар үшін e-residency модулі бар QazETA бірыңғай платформасы құрылады, ол «бір терезе» қағидаты бойынша қашықтықтан өтінім беруге мүмкіндік береді. Электрондық резиденттерге Қазақстандағы және АХҚО алаңында серіктес банктер арқылы жобаларға инвестиция салуға мүмкіндік беретін e-Residency Invest бағдарламасы қосымша іске қосылуда.Сонымен қатар Астана мен Алматыда міндетті ағылшын тілді сервисі бар аймақтар құрылады. Бұл медициналық мекемелерге, мектептерге, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, полицияға және коммуналдық қызметтерге қатысты. Алматыда жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға арналған мамандандырылған алаң - Almaty АІ Hub іске қосу жоспарлануда.Өзгерістер «Астана» халықаралық қаржы орталығына да әсер етеді. Салықтық резиденттік үшін ең төменгі болу мерзімі 90-нан 30 күнге дейін қысқарады, бұл мобильді инвесторлар үшін юрисдикцияның тартымдылығын арттыруы керек. Ұлттық Банкке және бейінді ведомстволарға реттеушілік «құмсалғыш» шеңберінде арнайы төлем карталарын шығаруды қоса алғанда, жаңа резиденттер үшін қолайлы қаржы режимін құру тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1219489?lang=kk
Жібек жолы» 18-салық форумы 05.05.2026
       2026 жылғы 29-30 сәуір аралығында Ташкент қаласында Қазақстан делегациясы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов бастаған  құрамда Халықаралық салық және инвестициялық орталық пен Өзбекстан Республикасы Салық комитеті бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолы» 18-ші жыл сайынғы Салық форумына қатысты.     Аталған форум дәстүрлі түрде салық саясатының заманауи тәсілдерін, салықтық әкімшілендірудің цифрлық трансформациясын талқылауға және өңір елдері арасында үздік тәжірибелермен алмасуға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.     Жанама салықтар саясаты мен оларды әкімшілендіру мәселелеріне арналған үшінші сессия аясында салықтық әкімшілендіру департаменті директорының міндетін атқарушы Бектас Әділғалиев Қазақстанның қосылған құн салығы мен акциздерді әкімшілендіру саласындағы тәжірибесін таныстырды. Баяндама барысында Қазақстанда салықтық бақылаудың ашықтығын арттыру, процестерді автоматтандыру және бизнеспен өзара іс-қимылды жетілдіру үшін қолданылатын цифрлық шешімдер көрсетілді.      Қазақстан Республикасы салықтық ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысуды жалғастырып, «Салықтық Жібек жолы» аясында әріптестік байланыстарды нығайтып, ашық әрі орнықты салықтық ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1214386?lang=kk
Астанада әскери кафедраның 400-ден аса студенті ант берді 05.05.2026
Астанада К. Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университетінің әскери кафедрасында ант беру рәсімі өтті. Отан қорғаушы күні қарсаңында бір мезетте 448 студент әскери ант қабылдап, запастағы әскери қызметшілердің қатарын толықтырды.Салтанатты іс-шараға оқу орнының басшылығы, әскери кафедра жеке құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ курсанттардың ата-аналары мен жақындары қатысты.Әскери кафедра бастығы вице-адмирал Жандарбек Жанұзақов студенттерді құттықтап, анттың мән-маңызына тоқталды.– Әскери ант – бұл жай рәсім емес, ол – Отан алдындағы қасиетті серт. Бүгін сіздер ел қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілікті мойындарыңызға алдыңыздар. Алдағы өмірде қандай салада еңбек етсеңіздер де, осы сертке адал болып қалуларыңыз қажет, – деді ол.  Әскери кафедра еліміздегі 10 жетекші жоғары оқу орнының студенттерін біріктіреді. Бағдарлама 2024 жылы іске қосылған.Курсанттардың ата-аналары да ерекше толқыныста болды. Солардың бірі – Анар Серікқызы:– Біз балаларымызды әрдайым адал, қайсар, елжанды болуға тәрбиеледік. Бүгін соның жемісін көріп отырмыз. Барлық курсанттарға сәттілік тілеймін, анттарына берік болып, елге абыроймен қызмет етсін, – деген тілек білдірді.Іс-шара соңында Қарулы күштердің ардагерлері генерал-лейтенанттар Абай Тасболатов, Бақытжан Ертаев пен генерал-майор Марат Нағұманов бірқатар офицерлер мен үздік студенттердің ата-аналарына естелік белгілер мен алғыс хаттар табыс етті. Әскери ант беру рәсімі Ұлттық әскери-патриоттық орталық өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.Әскери кафедраның оқу бағдарламасы теориялық сабақтарды ғана емес жан-жақты практикалық дайындықты да қамтиды. Екі жыл оқу барысында студенттер екінші мамандықты меңгеріп, запастағы лейтенант және сержант әскери атағын алып шығады. Сонымен бірге көшбасшылық қасиеттерін шыңдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1214309?lang=kk
📂Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 269 бұйрығына сәйкес «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жөніндегі мемлекеттік қызметтің қағидалары мен нысандарын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілді. 05.05.2026
📂Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 269 бұйрығына сәйкес «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жөніндегі мемлекеттік қызметтің қағидалары мен нысандарын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілді.📌 Енді рәсім келесі қарыздарды да қамтиды:🔹банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздар;🔹лицензиясы қайтарылып алынған ұйымдар алдындағы қарыздар;🔹таратылған компаниялар алдындағы қарыздар;🔹қарыз талап ету құқығы бар өзге де кредиторлар алдындағы берешектер.📋 Өтініш беру шарттары:1️⃣қарыз сомасы 1600 АЕК-тен аспайды (2026 жылы — шамамен 6,9 млн теңге);2️⃣өндіріп алуға жататын мүліктің болмауы (бірден-бір тұрғын үйді қоспағанда);3️⃣соңғы 12 ай ішінде 1 АЕК-тен асатын төлемдердің болмауы;4️⃣кредитормен берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу (заңда көзделген жағдайларда).🔄Соңғы 6 айда АӘК (АСП) алған азаматтар үшін жеңілдетілген тәртіп қолданылады.⌛5 жылдан астам өтелмеген берешек болған жағдайда рәсім қосымша шарттарсыз жүргізіліп, мерзімі 1 айға дейін қысқартылады.📍 Өтініш беру тәсілдері:💻 электрондық үкімет порталы — eGov.kz📱 eGov Mobile мобильді қосымшасы📱 e-Salyq Azamat қосымшасы🏢 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы⚙️ Автоматтандырылған тексеру:Барлық деректер «Tazalau» ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде тексеріледі.Тексеру кезінде:🔹 мемлекеттік органдардың деректері;🔹 банктердің деректері;🔹 кредиттік бюролардың мәліметтері пайдаланылады.📄 Қағаз түріндегі анықтамалар талап етілмейді.⏳ Қайта өтініш беру мерзімі:🔁 бас тартудан кейін — 3 айдан соң;⚠️ рәсім жалған мәлімет беру немесе мүлікті жасыру себебінен тоқтатылған жағдайда - 6 айдан соң.📲 Рәсім қорытындысы бойынша азамат банкрот деп танылып, оның міндеттемелері толық тоқтатылады. 📩 Нәтиже eGov жеке кабинетіне немесе мобильді қосымшаларға жолданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1214218?lang=kk
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың музыка мақтанышы» атты дөңгелек үстел. 05.05.2026
29 сәуір күні Бастаушы ауылдық округінің клуб үйінде қазақтың көрнекті композиторы, дирижер, ғалым Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың музыка мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны Бастаушы ауылдық кітапханашы Ж.Т. Маулханова мен клуб меңгеруші Смагулова Э.Н. бірлесе ұйымдастырды.Іс-шара барысында Бастаушы ауылдық округінің бас маманы Құмарова Ж.А. мен Әйелдер кеңесінің төрайымы Конгулова К.А. құттықтау сөз сөйлеп, Ахмет Жұбановтың қазақ мәдениеті мен өнеріндегі ерекше орнына тоқталды.Дөңгелек үстелге Самар ауданының әжелер алқасының төрайымы Туракбаева К.С. және мүшелері, аудандық кітапхана директоры М.М. Муканов пен методист Владимировна Т.С. арнайы қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар ұлт руханиятын дамытудағы тұлғаның еңбегін атап өтіп, жастарға үлгі боларлық тағылымды әңгімелер айтты.Шара барысында Самар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Елужан А. мен Дюсенғазина Т. әсем әндер шырқап, кештің сәнін келтірді. Көрермендер рухани әсер алып, өнерге деген ықыластарын білдірді.Бұл тағылымды кездесу ұлы тұлғаның мұрасын насихаттап, ұлттық өнерге деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды мәдени шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1214123?lang=kk
АУСЫЛ  АУРУЫНЫҢ  алдын  алу  бойынша  халыққа  жаднама 05.05.2026
 АУСЫЛ – үй  және  жабайы  артиодактильді  жануарлардың  вирусты, жіті  ауруы, безгегі  және  ауыз  қуысының  шырышты  қабығының,  емшек  терісінің  және  аяқ-қолдарының  афтозды  зақымдануымен  сипатталады. Көбінесе  ірі  қара  мен  шошқа  ауруға  шалдығады, қой,  ешкі,  жабайы  артиодактилдер  азырақ  сезімтал. Жас  жануарлар  ересектерге  қарағанда  сезімтал  және  қатты  ауырады. Адамдар  да  аусылмен  ауыруы  мүмкін.Аусыл  ауруының  қоздырғышы – жоғары  температураға  төзімсіз, 60 градусқа  дейін  қаздырғанда,  кльтракүлгін  сәулелер  мен  кәдімгі  дезинфекциялық  құралдардың  әсерінен  тез  өлетін  вирус.Сыртқы  ортада  вирустың  сақталуына  әсіресе  қолайлы  жағдайлар  төмен  температура,  жоғары  ылғалдылық  және  объектілердің  бейтарап  ортасы  болып  табалады.  Вирустың  бір  түрімен  ауырған  жануарлар  басқа  вируспен  ауырса,  ауырып  қалуы  мүмкін.АУРУ  КӨЗІ – ауру  жануарлар,  оның  ішінде  аурудың  инкубациялық (жасырын)  кезеңінде  әдетте  1-ден  7 күнге  дейін,  кейде  21  күнге  дейін  созылады. Мұндай  жануарлар  вирусты  афтаның,  сүттің, сілекейдің,  шығарылған  ауаның,  зәрдің  және  нәжістің  мазмұнымен  және  қабырғаларымен  қоршаған  ортаға  таратады,  нәтижесінде  жайылымдарды,  үй-жайларды,  құрал-жабдықтарды,  су  көздерін,  жемді  және  көлік  құралдарын  жұқтырады.  Инфекция  ауыз  қуысының  шырышты  қабаттары  арқылы,  тамақ  пен  суды  жегенде,  әртүрлі  жұқтырған  заттарды  жалағанда  болады.Аусылмен  ауырған,  сондай-ақ  аусылға  қарсы  иммунизацияланған  және  науқастармен  бірге  ұсталған  жеке  жануарлар  ұзақ  уақыт  бойы  вирус  тасымалдаушысы  бола  алады  және  инфекцияның  ықтимал  көзі  бола  алады.Аурудың  сау  жануарларға  жұғуы  аусылмен  ауыратын  жануарлардан  алынған  дезинфецияланбаған  өнімдер  мен  шикізат,  сондай-ақ  жем, су,  төсек-орын  жабдықтары,  күтім  құралдары,  адамдардың  киімдері  мен  аяқ  киімдері, ластанған  көлік  құралдары  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін  аусыл  вирусы  ұзақ  уақыт  бойы  сақталуы  мүмкін  ауру  жануарлардың  секрециясымен.Аусыл  ауруын  емдеудің  арнайы  құралдары  жоқ,  шартты  патогенді  микрофлораны  басу  үшін  иммунитетті  арттыру  үшін  витаминдер,  иммуномодуляторлар  және  кең  спектрлі  антибиотиктерден  тұратын  кешенді  препараттарды  қолдануға  болады. МАҢЫЗДЫ !!!Адамның  инфекциясының  негізгі  жолы  ауру  малдың  шикі  сүті  және  оны  өңдеу  өнімдері  арқылы, азырақ  ет  арқылы  өтеді. Ауру  жануарлармен  тікелей  байланыста  болған  адамдарда  инфекцияның  тікелей  (сауын, күту, емдеу, сою  кезінде)  сондай-ақ  олардың  секрециясымен  ластанған  заттар  арқылы  жұғуы  мүмкін.  Инфекция  адамнан  адамға  берілмейді.  Балалар  аусыл  ауруына  ересектерген  қарағанда  көбірек  бейім.  «ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1214097?lang=kk
Тобыл жағалауы тазартылды: Қостанайда дәстүрлі плоггинг өтті 05.05.2026
Қостанай қаласында Тобыл өзенінің жағалауында кезекті экологиялық акция — плоггинг ұйымдастырылды. Іс-шараны Run in Joy жүгіру қауымдастығы өткізді. Қауымдастық жетекшілері — Дмитрий Каптёл мен Анна Блюм.Плоггинг — жүгіру мен қоршаған ортаны тазартуды ұштастыратын заманауи экологиялық бастама. Акция Тобыл өзені бойында «Ақ Шаңырақ» мейрамханасынан Гагарин бөгетіне дейінгі аумақта өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.Шараға қатысушылар арнайы қолғап пен қаптар алып, белгіленген бағыт бойынша жүгіре отырып, жағалау бойындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Сонымен қатар, кейбір белсенділер сапбордтарды пайдаланып, өзен ішіндегі қоқысты да тазартты. Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан экоактивистерге екі трактор мен қажетті құрал-жабдықтар бөлінді.Айта кету керек, плоггинг өткізілген аумақ кездейсоқ таңдалмаған. Бұл — қала тұрғындары жиі жаттығу жасайтын және спорттық іс-шаралар өтетін орындардың бірі. Аталған бағытта дәстүрлі «Самопревосхождение» трейл-марафоны ұйымдастырылады, оның бағыты Ыбырай Алтынсарин кесенесі маңынан бастау алады.Бірнеше сағаттың ішінде акцияға қатысушылар 100-ден астам қап қоқыс жинады. Жалпы, экологиялық бастамаға 40-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында студенттер, «морждар» қауымдастығының мүшелері, жүгіру клубтарының өкілдері және белсенді қала тұрғындары бар.Қостанайда плоггинг акциялары 2019 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және жыл сайын оған қатысушылар саны артып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1214082?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Жапония Парламентінің депутаттарымен кездесу өтті 04.05.2026
2026 жылғы 4 мамыр, Астана қ. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасының депутаттарымен, оның ішінде Жапония Сыртқы істер министрлігінің парламенттік вице-министрі Арфия Эри және Либералды-демократиялық партиясы Халықаралық бюросының төрағасы Таро Кономен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында қазақ-жапон ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың басым бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Көлік-логистика, экология салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ сирек жер металдары, цифрландыру және озық технологиялар бағыттарындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру жөнінде пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты қолдауға және өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1214005?lang=kk
Astana IT University жасанды интеллект және деректер ғылымы саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды 04.05.2026
Astana IT University Қазақстан, Орталық Азия және кең Еуразия кеңістігіндегі мамандарға қолжетімді жасанды интеллект пен деректер ғылымы саласындағы әлемдік деңгейдегі білімді қолдау мақсатында Массачусетс технологиялық институтының Деректер, жүйелер және қоғам институтына (MIT Institute for Data, Systems, and Society) қосылды. Бұл сонымен қатар Еуразия аймағындағы MIT IDSS-тің алғашқы ынтымақтастығы болып табылады.Екі университет арасындағы алғашқы келіссөздер 2025 жылдың күзінде басталды. Осы келіссөздер нәтижесінде Astana IT University IDSS Strategic Partnership in Education бағдарламасына қосылды. Бұл бағдарлама Astana IT University-дің жаһандық академиялық желідегі қатысуын кеңейтуге және жоғары оқу орнының оқу қызметіне озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.Жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында іске қосылуда. Қазақстан өңірлік технология көшбасшысы болуға амбициялы бағыт ұстанды және Astana IT University мен MIT IDSS арасындағы коллаборация осы амбицияны тікелей жүзеге асырып, елдің адами әлеуетін жасанды интеллект пен деректер ғылымы саласындағы жаһандық күн тәртібін анықтайтын институтпен байланыстырады.IDSS Strategic Partnership in Education бағдарламасының өзегін өзара толықтырушы екі бағыт құрайды. 12 апталық "AI and Data Science: Leveraging Responsible AI, Data and Statistics for Practical Impact" бағдарламасы жасанды интеллект, деректер ғылымы, машиналық оқыту, генеративті жасанды интеллект және деректермен жауапты жұмыс саласында қолданбалы база қажет мамандар мен басшыларға арналған. Мемлекеттік және жеке сектордың жасанды интеллект стратегиясы, этика және реттеу тоғысында шешім қабылдайтын жоғары басшыларына арналған 3 күндік "Fundamentals of AI for Leaders in Public and Private Sectors" интенсивін MIT IDSS-тің негізін қалаушы және алғашқы директоры профессор Мунтер Дале AI Week аясында 17–19 маусымда Astana IT University кампусында жеке жүргізеді.Екі бағыт та MIT IDSS оқу бағдарламалары негізінде жасалған және Массачусетс технологиялық институтының оқытушылары қолдайды. Бұл қатысушыларға аймақтан шықпай-ақ әлемдік деңгейдегі сарапшылармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл AITU-ды жергілікті таланттарды жасанды интеллект пен деректердің жаһандық болашағын қалыптастыратын білімге жалғастыратын кіру нүктесіне айналдырады.Келесі кезең – 17-19 маусымда Astana IT University-де өтетін «Мемлекеттік және жеке сектор көшбасшыларына арналған жасанды интеллект негіздері» 3 күндік интенсиві. Бағдарламаны MIT-дегі электротехника және компьютерлік ғылымдар департаментінің (EECS) Уильям А. Кулидж атындағы профессоры, MIT Institute for Data, Systems, and Society (IDSS)-тің негізін қалаушы және алғашқы директоры профессор Мунтер Дале жеке жүргізеді. Оның Астанаға сапары MIT IDSS профессорының алғашқы келуі болып, Қазақстан мен аймақтан келген көшбасшыларға жасанды интеллект, деректер және желілік жүйелер саласындағы әлемнің жетекші сарапшыларының бірімен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Дәйексөздер«Бұл ынтымақтастық жасанды интеллект пен деректер ғылымы саласындағы іргелі, тәжірибеге бағытталған білімге бүкіл әлемде қол жетімділікті кеңейтуге деген ұмтылысымызды бейнелейді. Әсіресе жасанды интеллект экономикалар мен қоғамдарды барған сайын өзгертіп жатқан кезде» - деді профессор Мунтер Дале, MIT-дегі электротехника және компьютерлік ғылымдар департаментінің (EECS) Уильям А. Кулидж атындағы профессоры және «Этикалық және жауапты жасанды интеллект» курсының оқытушысы. «Біз осы технологияларды әртүрлі өңірлер мен салаларда жауапты түрде пайдалануға қабілетті мамандарды дамытуды қолдауға қуаныштымыз» - деп атап өтті профессор Дале.«Astana IT University-дің MIT IDSS серіктестер желісіне енуі университет үшін де, бүкіл аймақ үшін де жаңа кезең ашады. Соның арқасында алдағы онжылдықтар бойы технологиялық күн тәртібін айқындайтын кадрлар даярланады. Әлемдегі топ университеттің тану белгісі университеттің жоғары академиялық және институционалдық деңгейін растайды» ө деп атап өтті Альтаир Ахметов, Astana IT University ректоры.Профессор Мунтер Дале туралыПрофессор Мунтер Дале – MIT-дегі Электротехника және информатика департаментінің (EECS) Уильям А. Кулидж атындағы профессоры, Ақпарат және шешім қабылдау жүйелері зертханасының (Laboratory for Information and Decision Systems) мүшесі. Ол 2015 жылы негізі қаланған Массачусетс технологиялық институтының Деректер, жүйелер және қоғам институтының (MIT Institute for Data, Systems, and Society) негізін қалаушы және алғашқы директоры болып табылады. 2023 жылға дейін осы мекемені басқарды. Бұған дейін Электротехника және информатика департаментінің (EECS) департаментінде декан орынбасары қызметін атқарды. Профессор Дале робастты басқару теориясына, контроллер жобалаудың есептік әдістеріне, ақпарат пен басқарудың өзара байланысына, желілік жүйелердегі оқыту мен шешім қабылдаудың іргелі шектеріне, сондай-ақ өзара байланысқан желілердегі жүйелік тәуекелдерді анықтау мен азайтуға қосқан іргелі үлесі үшін халықаралық мойындауға ие болды. Оның зерттеу мүдделері желілік жүйелерді, әлеуметтік желілерді, жүйелік тәуекелді және көліктік жүйелерді қамтиды.MIT IDSS туралыMIT Institute for Data, Systems, and Society (IDSS) деректер ғылымы, жүйелер теориясы, статистика және әлеуметтік ғылымдардың тоғысындағы білім, зерттеу және инновацияны дамытады. 2015 жылы құрылған IDSS пәнаралық тәсілдер арқылы күрделі қоғамдық мәселелерді шешу үшін Массачусетс технологиялық институтының оқытушыларын біріктіреді. Білімдік серіктестік шеңберінде IDSS қоғамдағы күрделі жүйелерді түсіну мен жетілдіруге арналған қатаң және практикалық тәсілдерді дамытуға ұмтылады.Astana IT University туралыAstana IT University – Қазақстанның Астана қаласында орналасқан мамандандырылған технологиялық университет. 2019 жылы NNEF қоғамдық қоры құрған Astana IT University ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, деректер ғылымы, медиа және цифрлық мемлекеттік басқару салаларында бакалавриат және үздіксіз білім беру бағдарламаларын ұсынады. Қазақстанның және Еуразия аймағының озық технологиялық білім беру үшін ұлттық платформасы ретінде қызмет етеді. Университет Қазақстан Республикасының Үкіметімен, индустриялық серіктестермен және жетекші халықаралық академиялық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1213780?lang=kk
ҚҚС бойынша хабарламалар: салық төлеушілер нені білуі керек 04.05.2026
2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге қосылған құн салығы (300.00 нысаны) бойынша декларациялар негізінде камералдық бақылау шеңберінде «ҚҚС бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу сомаларын төмендету және сатып алу сомаларын жоғарылату туралы» хабарламалар жолдады.Хабарламаларды жолдаудың негіздері:- өткізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету;- есепке жатқызылған ҚҚС сомасын асыра көрсету.Хабарламалар электрондық шот-фактуралар, бақылау-кассалық машиналар деректері және салық есептілігін салыстыру негізінде қалыптастырылған.Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні (шамамен 45 күнтізбелік күн).Жағдайға байланысты салық төлеуші:- сәйкессіздіктермен келіскен жағдайда қосымша салықтық есептілікті ұсынуы;- келіспеген жағдайда бұзушылықтардың жоқтығын негіздейтін жазбаша түсіндірме жолдауы қажет.Назар ауарамыз, түсініктеме беру немесе есептілікті түзету камералдық бақылауды аяқтауға негіз болып табылады.Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Сонымен қатар, салық органы ұсынылған түсіндірмелерді растау қажеттілігі туындаған жағдайда да, хабарламаға жауап болмаған кезде де салықтық тексеру тағайындауға құқылы.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді алынған хабарламаларға мұқият қарап, қажетті шараларды уақтылы қабылдауға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1215770?lang=kk