Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы облысы – еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі 03.09.2025
Алматы облысы – Қазақстанның индустриялық орталықтарының көшбасшыларының қатарында — үш жарым жылда 6,7 трлн теңгенің өнімі өндірілдіАлматы облысы соңғы үш жарым жылда 6,7 трлн теңгенің өнімін шығарды. 2024 жылғы өндіріс көлемі 2021 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Бүгінде өңір өңдеу өнеркәсібі бойынша Қазақстан облыстары арасында 6-орынға көтеріліп, өз позициясын нығайтып келеді.Өңдеу саласының үлесі жалпы өнеркәсіп көлемінің 90 пайызын құрайды. Тек осы жылдың жеті айында өндіріс индексі 106,6 пайызды көрсетті.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сәйкес, негізгі басымдық шикізаттық емес экономикаға беріліп отыр. Облыс әкімдігінде атап өткендей, дәл осы бағыт өңірге тұрақты индустриялық база қалыптастыруға мүмкіндік беруде.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1061310?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ-нің энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды 03.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердегі Masdar компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті. Кездесуде тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын және екі ел арасында қолға алынған жобалардың қазіргі жай-күйін талқылады.Әңгімелесу барысында компаниянын Бас директоры Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға қызығушылық танытты.Өз кезегінде Қазақстан Елшісі елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1061314?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ өзара сауда-саттықты күшейтеді 03.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Елшісі Р.Жұмабек БАӘ-нің Сыртқы сауда министрі Тәни Ахмед Әл-Зеюдимен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың нақты жолдарын талқылады.Әңгімелесу барысында тауар айналымын ұлғайту және сауда саласын әртараптандыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Қазақстан тарапы БАӘ нарығына агроөнеркәсіп және металлургия кешендерінің өнімдерін жеткізуге дайын екенін растады.Елші БАӘ-нің жетекші тауар импорттаушыларымен ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Бұл екі елдің өзара сауда-саттық әлеуетін толық пайдалануына мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО мен БАӘ арасындағы жан-жақты экономикалық әріптестік туралы келісімді (CEPA) іске асыру аясында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1061299?lang=kk
Абу Дабиде «Композитор» көркем фильмінің көрсетілімі өтті 03.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 1 қыркүйек – Абу Дабиде Қытай композиторы           Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Композитор» көркем фильмі көрсетілді. Аталған киноны 2019 жылы Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген.Іс-шараны Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қытайдың БАӘ-дегі Елшілігі мен Мәдени орталығы және Абу Даби Мәдени қоры ұйымдастырды.Тарихи драмада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Алматыға эвакуацияланған көрнекті қытай композиторы Сянь Синхайдың тағдыры және оның жас қазақ композиторы Б.Байқадамовпен арадағы достық қарым-қатынасы туралы баяндалады.Көрсетілімді ашқан ҚХР-дың БАӘ-дегі Елшісі Чжан Имин аталған фильм Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтудың символына айналғанын және халықтық дипломатияны дамытуға маңызды үлес қосқанын атап өтті.Фильм көрсетілімі тек мәдени шара ғана емес, сондай-ақ өнердің халықтар мен елдерді біріктіретін қуатты күш екендігін танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1061289?lang=kk
Шекарасыз білім: Қазақстан мен Словения академиялық серіктестіктің ауқымын кеңейтуде 03.09.2025
Марибор, 2025 жылғы 27 тамыз — Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов Марибор университетінің ректоры, профессор Здравко Качич және Alma Mater Europaea университетінің ректоры, профессор Людвик Топлакпен кездесті. Кездесулердің негізгі тақырыбы жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылды.Елші «Study in Kazakhstan» бағдарламасын таныстырып, Қазақстанды халықаралық академиялық хабқа айналдыруды көздейтін стратегиялық бастаманы ұсынды. Ол өзара тиімді серіктестікті жүзеге асыру үшін білім беру жобалары мен ғылыми зерттеулер аясында зор әлеует бар екенін атап өтті.Диалог барысында тараптар оқу бағдарламаларын іске асыру, академиялық алмасу мен салалараралық зерттеулерде бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе Қазақстан үшін басым бағыттар ретінде ауыл шаруашылығы, ядролық энергетика, химиялық өнеркәсіп, машина жасау, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы мамандарды даярлау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді.Профессор Качич Марибор университетінің Инновациялар орталығы сияқты ғылым мен индустрия арасындағы байланысты нығайтатын негізгі жобалар туралы баяндап, халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге және тәжірибе алмасуға дайын екендігін жеткізді.Профессор Топлак та Alma Mater Europaea университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін растады.Кездесудің соңында Қазақстанның дипломатиялық өкілі Словения университеттері делегациясының Қазақстанға іссапарын ұйымдастыруды ұсынды. Бұл қадам екі елдің академиялық қауымдастықтары арасында тікелей диалог орнатып, бірлескен оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеу жобаларын талқылауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1061208?lang=kk
«Жайдарман» 03.09.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов «Жайдарман» фестивалінің 2025 жылғы Жазғы кубогына қатысты.Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етеді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1061213?lang=kk
Қорғаныс министрі Шымкентте әскери колледжді ашты 03.09.2025
Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің ашылу салтанатына Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.Дәстүр бойынша Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Оқу орнының жеке құрамы, әкімдік, қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері мен "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері аты аңызға айналған әскери қолбасшыны бір минут үнсіз тұрып еске алды.Әскери оркестрдің салтанатты сүйемелдеуімен Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков оқу корпусының басты кіреберісіндегі символдық лентаны қиды. Қорғаныс министрі салтанатты іс-шараға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.– Жаңа колледж батылдықтың, әскери борышқа адалдықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің символы – даңқты командир, Кеңес Одағының тұңғыш қазақ генералы Сабыр Рахымовтың есімімен аталады. Сабыр Рахымов – абырой мен батылдықтың биік үлгісін көрсеткен қазақтардың бірі. Сендер оқитын орынға ерекше миссия жүктелген. Ол міндет – қиын жағдайларда шешім қабылдауға, кәсіби және жауапкершілікпен әрекет етуге қабілетті жоғары білікті сержанттарды даярлау, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Министр оқытушылар мен командирлерге тәрбиеленушілерге кәсіби дағдыларды ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық рух пен патриотизмді бойларына сіңіріңдер деді. Ал болашақ сержанттарға мықты денсаулық, оқуда жақсы нәтижелер, тәуелсіз мемлекеттің өркендеуі жолындағы толағай табыстар мен жетістіктер тіледі.Әскери колледж ұланы Сабыр Қошқарбай сөз сөйлеп, оқуға жасалған жағдайлар үшін алғысын білдіріп, әскери мамандықты игеруге бел буған курстастарының жақсы көзқарастарын білдірді.Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі колледж жеке құрамының салтанатты маршымен және әскери техниканың үлгілері қойылған алаңда қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетумен аяқталды.Ұландардың көрсетілімінен кейін қонақтар оқу корпусын, казарманы, кітапхананы, мұражайды, асхананы, спорт залы мен стадионды аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1061225?lang=kk
ПИК ай сайынғы тарифті көтеру туралы елордалықтарды қанша күн бұрын хабардар ету керек 03.09.2025
Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты өзгерістер күшіне енеді. Енді басқару субъектілері кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндеті болып енгізілді.Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат меншік иелерінің жиналысының хаттамасы болып саналады. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруы тиіс. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1061244?lang=kk
Маңызды ескерту! 03.09.2025
Есіңізде болсын, 15 қыркүйек – 2024 жылғы табыс және мүлік туралы (270.00-нысан) және активтер мен міндеттемелер туралы (250-нысан) декларацияны тапсырудың соңғы күні.⚠️ Назар аударыңыз: бұл декларацияларды тапсыру мерзімі ұзартылмайды.🗓️ Өткен жылғы жеке табыс салығын (ЖТС) 25 қыркүйекке дейін төлеуіңіз керек.💻 Декларацияларды оңай және тез тапсырыңыз! Мұны онлайн түрде мыналар арқылы жасауға болады:Салық төлеуші кабинеті: https://knp.kgd.gov.kz/«Электрондық үкімет» порталы: egov.kzМобильді қосымшалар: «e-Salyq Azamat», «eGov mobile», «Halyk», «Банк центр кредит» және «Kaspi». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1061248?lang=kk
Инвентарлық тізім: Астанада әрбір көппәтерлі тұрғын үйде бұл құжат неліктен болуы керек 03.09.2025
Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі – бұл үйдің барлық ортақ мүлкі элементтерін, олардың техникалық жағдайын, сипаттамаларын және тиесілілігін көрсететін ресми құжат. Мұндай тізімнің болуы үйді басқаруда ашықтықты қамтамасыз етеді, меншік иелерінің құқықтарын қорғайды және үйді күтіп-ұстау мен жөндеу процесін жеңілдетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесіне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі. Оны есепке алу және қорғау үшін инвентарлық тізім жасалады, ол ортақ мүліктің шекаралары мен құрамын айқындаудың негізі болып саналады.МИБ төрағалары және басқару субъектілері инвентарлық тізімді жылына кемінде бір рет немесе жабдықтарды ауыстыру мен күрделі жұмыстар жүргізу кезінде толтыруға міндетті.Инвентарлық тізім ортақ мүлікке жататын барлық элементтерді – қабырғалар, шатырлар, кіреберістер, инженерлік желілер, жертөлелер, шатыр асты орындары, лифт жабдықтары және аула аумағын тіркейді. Бұл меншік иелеріне қай объектілерді бірлесіп күтіп-ұстау қажеттігін нақты түсінуге мүмкіндік береді және ортақ үй-жайларды үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз иемденуден қорғайды. Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі болған жағдайда ай сайынғы тарифтің нысаналы жұмсалуын қадағалау оңайырақ болады.Инвентарлық тізім үйді күтіп-ұстауға арналған сметаны жасау және меншік иелерінің ай сайынғы жиналымдарын есептеу үшін пайдаланылады. Тізім неғұрлым дәл жасалса, шығындар тұрғындар арасында соншалықты әділ бөлінеді.Үйдің инвентарлық тізімі ортақ мүліктің әрбір элементінің техникалық жағдайын есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ағымдағы және күрделі жөндеулерді, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін (жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, лифтілерді және өртке қарсы жүйелерді ауыстыру) жаңғыртуды жоспарлауды жеңілдетеді. Жергілікті атқарушы органдар үшін кондоминиум объектілерінің инвентарлық тізімі болған жағдайда ғимараттарды пайдаланудың техникалық ережелерін сақтау барысын бақылау жеңілдейді.Инвентарлық тізім акиматтар, тұрғын үй инспекциялары және тұрғындардың өздері үшін бақылау құралы болып табылады. Ол МИБ немесе басқарушы компания қызметін тексеру кезінде, сондай-ақ тұрғындар мен сервистік ұйымдар арасындағы даулар туындаған кезде негіз болып табылады.Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі — жай ғана ресми құжат емес, меншік иелерінің құқықтарын қорғаудың және тиімді басқарудың негізгі құралы. Ол ашықтықты, шығындардың әділ бөлінуін, жөндеулерді жоспарлауды және бұзушылықтардан қорғауды қамтамасыз етеді.ондықтан инвентарлық тізімді жасау және оны жүйелі түрде жаңартып отыру көппәтерлі тұрғын үйлерде ұзақ мерзімді әрі жайлы өмір сүрудің қажетті шарты болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1061258?lang=kk
15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңберде декларацияны тапсыру мерзімі аяқталады! 03.09.2025
15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады!    Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1061170?lang=kk
Атбасар қаласында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті 03.09.2025
Атбасар қаласында Атбасар, Астрахан және Сандықтау ауданданының салықтөлеушілеріне Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары  Бауыржан Шәйкеновтың қатысуымен жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті.      Жаңа Салық кодексіне сәйкес әкімшілендіру ісі мен салық жеңілдіктер жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін кәсіпкерлер жағдайды дұрыс түсінгені абзал.Оның барысында салықтық әкімшілендіру ісін жеңілдету мен кәсіпкерлерге жайлы жағдайлар жасауға, оның ішінде салық есептілігінің көлемін 30% азайтып, камералды тексерулерді алдын алу форматына ауыстыруға, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тартып, сондай-ақ салық міндеттемелері бойынша кейінге қалдыру мен бөліп төлеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған негізгі жаңашылдықтар жөнінде айтылды.     Маңызды өзгерістердің қатарында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне салық жеңілдіктерін сақтап кеңейту, оның ішінде төмендетілген мөлшерлемелер мен қосымша шегерімдер, арнайы салық режимдерінің қарапайым әрі түсінікті жүйесіне көшу бар. Енді оның тек үшеуі (есептілігі ең төмен) ғана қалып отыр.      Салық жеңілдіктерін атаулы түрде бағыттау нығая түседі. Енді олар барлығына бірдей берілмейді. Айталық, экономиканың дамуына және жұмыс орындарын ашуға оң әсер ететін басымдыққа ие салалар мен жобаларға бағытталады. Мұндай тәжірибе мемлекеттік ресурстарды барынша тиімді пайдаланып, аграрлық секторды, өнеркәсіп пен өңдеу саласын арттыруға жол ашады.Кездесудің соңында Департамент өкілдері өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Келесі семинар 3 қыркүйекте Есіл қаласында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1061161?lang=kk
Қазақстанға әкелу барысында 1000-нан астам қауіпті электр плитасы анықталды 03.09.2025
Техникалық реттеу және метрология комитеті Абай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде тұтынушылар үшін қауіп төндіретін тұрмыстық техникалар анықталып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.Бақылау барысында үстел үстіне арналған электр плитасына ұсынылған сәйкестік декларациялары бойынша өнімді әкелу кезінде бұзушылықтар анықталды.Зертханалық сынақтардан кейін аталмыш электр плитасының номиналды қуаты 3500 Вт деп көрсетілгенімен, нақты қуаты небәрі 1960 Вт болғаны анықталды, бұл нормадан шамамен 44% төмен. Сонымен қатар, айнымалы ток қуат порттарының параметрлері бойынша сәйкессіздіктер тіркелді. Тұтынушылар үшін мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы да тағы бір бұзушылық ретінде белгіленді.Мұндай ауытқулар Кеден одағының техникалық регламенті – ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарын бұзып қана қоймай, тұтынушылардың құқықтарын бұзып, нақты қауіп төндіреді. Құрылғының тұрақсыз жұмысы ішкі элементтердің қызып кетуіне, істен шығуына және тіпті өртке әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе құрылғыны максималды жүктемеде ұзақ уақыт пайдаланған кезде аса қауіпті.Нәтижесінде сәйкестік бағалау құжаттарына шаралар қабылданып, сәйкестік декларациясының күші тоқтатылды. Сәйкестікті растау органына және жоғарыда аталған сәйкестік құжаттарын берген жеткізушіге тиісті хабарламалар жіберілді. Импорттаушы сапасыз электр плиталарын (1002 дана) өндірушіге қайтарды, осылайша олардың Қазақстан Республикасы аумағында таралуына жол берілмеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1061126?lang=kk
Словениядағы стратегиялық форум: ЕО мен Орталық Азия ынтымақтастығына баса назар аудару 03.09.2025
Блед, 2025 жылғы 2 қыркүйек — Словенияда өткен 20-шы Блед Стратегиялық форумына (BSF) Қазақстанның Еуропалық Одақ пен НАТО жанындағы Елшісі Роман Василенко бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.​Словенияның Сыртқы және еуропалық істер министрлігі ұйымдастырған бұл форум Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы жетекші халықаралық конференциялардың бірі болып табылады. BSF 2025-тің басты тақырыбы — «Тізгінсіз әлем» («A Runaway World») — геосаяси шиеленістерді, экономикалық дағдарыстарды, әлеуметтік теңсіздікті және халықаралық институттардың әлсіреуін қоса алғанда, қазіргі заманның көптеген дағдарыстарын көрсетеді.​Форум барысында Р.Василенко «Орталық Азияның жаңа орталық рөлі» панельдік сессиясында спикер ретінде сөз сөйлеп, өңірдің өсіп келе жатқан маңыздылығын және жаһандық диалогты нығайтудағы, неғұрлым тұрақты әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы стратегиялық маңызын атап өтті.​Өз сөзінде қазақстандық дипломат Орталық Азияның пассивті транзиттік аймақтан әлемдік аренадағы белсенді және сындарлы ойыншыға айналған өңір ретіндегі көзқарасын таныстырды. Орталық Азия елдері саяси жетілу мен сенімнің жаңа деңгейіне негізделген «ұжымдық, сенімді және сындарлы дауыс» ретінде сөз сөйлейді.​Атап өтілгендей, өңір мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық институционалды және нәтижеге бағытталған, ал оның стратегиялық үлесі ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың сөздерінде көрініс тапты: «Мен Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы буын ғана емес, сонымен қатар жаһандық тартылыстың жаңа орталығы бола алатын халықаралық қатынастардың жеке өңірлік акторы ретінде Орталық Азияны қарастыруға уақыт келді деп сенімдімін».​Панельдік сессияға Түрікменстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары М.Башимова мен М.Мадрахимов, ЕО-ның ОА-дағы Арнайы өкілі Э.Стипрайс және ЕО-ның ҚР-дағы Делегациясының басшысы А.Симкич қатысты. Пікірталасқа қатысушылар бірлесіп, Орталық Азия мен ЕО арасындағы көлік және логистика, шикізаттық материалдарды өндіру, су ресурстарын басқару, цифрландыру және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларына кешенді көзқарастарын таныстырды. Сөйленген сөздердің лейтмотиві — екі өңір арасындағы стратегиялық серіктестікті мазмұнды толтыру бойынша іс жүзінде жұмыс істеуге уақыт келді.​Форумға қатысу аясында Қазақстан делегациясы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған форум қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.​Блед стратегиялық форум ең өзекті жаһандық және өңірлік сын-қатерлер бойынша стратегиялық диалог пен пікір алмасу үшін платформа болып табылады. Форум әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, саясаткерлерді және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1061210?lang=kk
Ұландықтар қиын сәтте көмекке келді 03.09.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кез келген уақытта көмекке келуге дайын екендіктерін тағы да дәлелдеді. Олар бір күнде бірнеше қырағылықпен ерекшеленді: балаларды құтқарды, зардап шеккендерге көмектесті және тәртіп бұзушыны ұстады.Нақтырақ айтсақ, Алматы көшелеріндегі қауіпсіздікті қадағалау кезінде "Сайран" көлі ауданында әскери жасаққа кішкентай қызынан көз жазып қалған азаматша жүгінді. Арада біраз уақыт өткенде тағы бір әскери жасаққа ер адам келіп, сегіз жасар ұлының жоғалғанын айтып, көмек сұрайды. Ұландық сарбаздар бірден іздеу шараларын ұйымдастырып, көп ұзамай Тамиланы тауып анасына, ал Володяны әкесіне табыстайды. Осылайша, 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері – ефрейтор Руслан Мырзағалиевке, сондай-ақ қатардағы патрульшілер Заңғар Хамит, Жандос Шынтаев, Дарын Жандарбек, Санжар Қожамұрат және Сержан Тойшыбекке ата-аналар шынайы алғыстарын жеткізді.Сол күндері Талдықорған гарнизонының әскери қызметшілері де қызметте көзге түсті. 5514 әскери бөлімінің 5 жедел ротасының аға сержанты Данияр Айтбаев қызмет атқару кезінде жерде жатқан адамды байқады. Ол ойланбастан қызметтік көлікті тоқтатып, жәбірленушіге жақындап, жағдайын сұрайды. Ер адам құрылыс жұмыстары кезінде жарақат алғанын және өздігінен қозғала алмайтынын айтқан. Аға сержант Айтбаев сол жердег дереу жедел жәрдем бригадасын шақырып, қатардағы жауынгер Рауан Оразбаймен бірге жәбірленушіні дәрігерлерге жеткізеді.Сонымен қатар, тағы бір әскери жасақ сарбаздары ұрлық жасаған күдіктіні ұстайды. Сол күні тәртіп сақшыларына азаматша велосипед ұрланғаны жайлы арызданып, жоғалған мүліктің белгілерін берген болатын. Ефрейтор Руслан Келдібеков пен қатардағы жауынгерлер Илхом Мұратов және Данияр Қайрлап ұрланған велосипедпен жүрген жасөспірімді қолға түсіреді. Үй иесі өз мүлкін танып, әскери қызметшілерге кәсіби әрекеттері мен жедел көмектері үшін алғыс білдірді.Айта кету керек, қоғамдық тәртіп күзеті — бұл тек тыныштықты қадағалау ғана емес, сондай-ақ қиындыққа тап болған тұрғындарға деген күнделікті көмек пен қамқорлық. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1061081?lang=kk
2026 жылы көлік салығын төлеу мерзімі мен тәртібі 03.09.2025
Салық кодексіне сәйкес, (редакция 2026 заңды) тұлғалар салық төлеуді салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.Жеке тұлғалардың салықты төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.Көлік құралы иесінің атынан көлік құралын иеліктен шығару құқығымен басқаруға сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі осы салық кезеңі үшін көлік құралы иесінің салық міндеттемесін орындау болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1061098?lang=kk
Қорғаныс министрі әскери педагогтардың басым міндеттерін айқындады 03.09.2025
Әскери оқу орындары профессорлық-оқытушылық құрамының алдында тұрған ауқымды міндеттер жайында жеке құрамға қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов мәлімдеді. Ол әскери педагогтарды, курсанттарды және колледж оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.– Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы білім беру мен тәрбиенің ұлттың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты негіз екеніне назар аударды. Бұл тұжырымдар тікелей әскери білім беру саласына да қатысты, себебі мұнда армияның зияткерлік және кәсіби әлеуеті қалыптасады, – деп атап өтті ол. Өз сөзінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларға тоқталды.Ол Ұлттық қорғаныс университетінде жұмылдыру дайындығы факультетінің ашылғанын, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің әскери колледждерге айналғанын, Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жоспарының оқу үдерісімен біріктірілгенін және басқа да жаңалықтарды айтты.– Қазіргі жағдайда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, радиоэлектрондық күрес, жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеу жүйелерінің маңызы айтарлықтай артып отыр. Бұл жүйелер ұрыс әрекеттерін модельдеуге және шешім қабылдауға интеллектуалды қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі әскери кадрларды даярлауға жаңа талаптар қояды. Олар ең күрделі техника мен заманауи қару-жарақты қолдана алуы, гибридті қауіп-қатер жағдайында әрекет етіп, өзгермелі ахуалға тез бейімделуі тиіс, – деді министр.Осыны ескере отырып, ведомство басшысы әскери оқу орындарының жеке құрамына бірқатар міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларын жаңарту, мамандықтар аясын кеңейту, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, оларды ғылыми зерттеулерге, қолданбалы жобаларға және халықаралық ынтымақтастыққа тарту. Сондай-ақ, әскери институттар мен колледждерді заманауи қару-жарақпен, бронды танк техникасымен, әскери автокөлік және арнайы техникалармен, барлау және байланыс құралдарымен жабдықтау, оқ ату және жүргізу бойынша динамикалық тренажерлармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау тапсырылды.Сөз соңында Қорғаныс министрі әскери педагогтардың жұмылған күш-жігерінің арқасында қойылған мақсаттарға қол жеткізіліп, еліміздің әскери қауіпсіздігі мен егемендігін нығайтуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1061055?lang=kk
Аудан басшысы оқу орындарының жұмысымен танысты 03.09.2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында ауданымыздағы оқу ошақтарының жай-күйі мен жетістіктері – басты назарда. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, дайындық жұмыстарымен танысты.Алғашқы нысан – Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектеп болды. 763 оқушы білім алатын бұл мектепте биылғы жылы 1-сыныпқа 80 бала қабылданды. 11-сыныпты 28 түлек бітіргелі отыр. Былтырғы 29 бітірушінің ішінде 5 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат» иегері шығып, толығымен мемлекеттік білім грантын иеленген.Ерекше атап өтерлігі – ұлттық құндылық пен шығармашылықты ұштастырған «Аламан құрақ – 2025» жобасы аясында білім ордасы Global World Book of Records рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ, материалдық-техникалық база бойынша да ілгерілеу байқалады. 2024 жылы мектеп дәлізінің кафельдері жаңартылып, 23 оқу бөлмесінің есіктері ауыстырылған. Сонымен қатар, ойын алаңына 7,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.Жылдық білім сапасына жасалған мониторинг нәтижесінде көрсеткіш 1,3%-ға өскен. Мұғалімдердің кәсіби даму белсенділігі артып, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүйелі жолға қойылған.Мектеп ұжымы 2023 жылы аудан әкімінің «Жыл таңдауы» марапатына лайық деп танылса, бұған дейін «Үздік жаңа идеялар жаршысы» атанған.Келесі кезекте аудан басшысы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжіне барды. 66 жылдан аса тарихы бар бұл оқу орны – ауыл шаруашылығы, ветеринария, құрылыс, көлік және жеңіл өнеркәсіп бағыттары бойынша 8 мамандық, 10 біліктілік негізінде маман даярлайды.2021 жылы «Жас маман» жобасы аясында колледжге заманауи тігін машиналары әкелініп, 4 зертхана және 1 теориялық оқу кабинеті жабдықталған. Қазіргі таңда 2025-2026 оқу жылында колледжге 60 студент қабылданып, жалпы білім алушылар саны 160-қа жетті. 29 түлек колледжді аяқтап, оның ішінде 15-і жұмыспен қамтылды.Оқу орнында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Материалдық-техникалық база заманауи талаптарға сай жабдықталып, сапалы білім беруге толық мүмкіндік жасалған.Мұнан соң аудан әкімі №121 орта мектепте болды. Оқу орнының жаңа оқу жылына дайындығы, педагогикалық құрамның сапасы мен оқушылар жетістігі талқыланды.Қазіргі таңда бұл мектепте 600 оқушы білім алуда. 2025 жылғы бітірушілер саны – 30. Сондай-ақ 3 «Алтын белгі», 2 «Үздік аттестат» иегерлері толығымен мемлекеттік грант иегерлері атанды.2022 жылы мектеп ғимаратына толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.Дегенмен, сапар барысында мектеп ауласындағы тас төсегіш (брусчатка) жұмыстары барысында кемшіліктер анықталды. Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша қалпына келтіру шаралары қолға алынып, қажет болған жағдайда сотқа талап-арыз беру мүмкіндігі қарастырылуда.Сонымен қатар оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында 11,9 млн теңге қаражатқа заманауи спорт алаңы салынған.Құрал-жабдықтармен толық қамтылған білім ордасы жаңа оқу жылы мен жылу беру маусымына толық дайын.Аудан әкімі білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында сапалы білім беруді қамтамасыз етуді, оқушылардың шығармашылық және ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар, білім саласына қажетті көмектер мен қолдау шаралары әрдайым көрсетілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1060889?lang=kk
Білім ордаларында жүйелі жұмыс жалғасуда 03.09.2025
Жаңа оқу жылының табалдырығында аудандағы білім беру мекемелерін аралау жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табуда. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек бірнеше мектепке барып, оқу орындарының жай-күйімен және білім сапасымен танысты.Сапар барысында аудан басшысы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейіне барды. Мектеп алды даярлық тобын қоса алғанда мұнда 545 оқушы білім алуда. 2024–2025 оқу жылын 20 түлек аяқтап, олардың 90%-ы мемлекеттік грант иеленді. Атап өтерлігі, 2 «Алтын белгі» иегері де мемлекеттік білім грантын жеңіп алды.Жаңа оқу жылында 11-сыныпта – 42 оқушы, ал 1-сыныпқа – 54 бала қабылданған. Сонымен қатар, оқу орны бейне бақылау жүйесімен толық жабдықталып, оқушылар қауіпсіздігіне басымдық берілген.Сондай-ақ, мектепте «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылар бойында ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған кешенді тәрбиелік жұмыстар жүйелі жүргізіледі.Келесі нысан – О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп. 2024–2025 оқу жылында мектепті 27 түлек тәмамдаса, 2025–2026 оқу жылында 25 сынып комплектісі жасақталып отыр. Жалпы оқушы саны – 471, оның ішінде мектеп алды даярлық тобында – 26 бала білім алуда.Мектептің басты мәселелерінің бірі – кәріз жүйесі болатын. 1992 жылдан бері қолданылмаған жүйені қайта қалпына келтіру үшін екі ай уақыт беріліп, нәтижесінде 2025 жылғы 25 тамыздан бастап толық іске қосылды.Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепке де аудан әкімі арнайы барды.72 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасы 2018 жылдың 25 мамырында жаңа ғимаратқа көшірілген. Қазіргі таңда мұнда 378 оқушы білім алуда.Мектептің оқу-әдістемелік деңгейі мен мұғалімдерінің кәсіби дамуы назардан тыс қалмады. Пән мұғалімдерінің біліктілік арттыру курстарына қатысуы, оқушылардың ғылыми жобалар байқауындағы белсенділігі — оң нәтиже көрсетіп отыр.Сонымен қатар, «Жасыл мектеп» жобасы аясында мектеп жанынан жылыжай ашылып, онда тұқым себу, көшет отырғызу жұмыстары жүйелі ұйымдастырылуда.Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы түрлі спорттық сайыстармен қатар, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге арналған жобалар мен шығармашылық байқаулар да тұрақты өткізіліп келеді.Аудан басшысы мектеп ұжымдарына білім сапасын арттырумен қатар, тәрбие бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетіні жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1060902?lang=kk
Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы - бақылауда 03.09.2025
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.Аталған жоба аясында 2 пәтерлі 25 тұрғын үй (50 пәтер) салынуда. Құрылыс үшін Жосалы кентіндегі Тәуелсіздік ықшам ауданынан аукцион арқылы тиісті жер учаскелері берілген. Жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 750,1 млн теңге қаржы қаралған.Құрылыс жұмыстарын екі мердігер мекеме – «Аман құрылыс» ЖШС және «Интегрострой» ЖШС жүзеге асыруда.«Аман құрылыс» ЖШС салып жатқан 25 пәтердің 18 пәтерінде іргетасы қаланып, қабырға көтеру (кірпіш қалау) жұмыстары жүргізілуде және 7 пәтерінде іргетас құю жұмыстары атқарылса, «Интегрострой» ЖШС жүргізіп жатқан 25 пәтердің 20 пәтерінің іргетасы қаланып, қабырға қалау жұмыстары жалғасуда. Ал 5 пәтерінде іргетас құю жұмыстары жүргізілуде.Алайда аудан әкімі құрылыс нысандарындағы жұмыс барысында бірқатар кемшіліктерге назар аударды. Осыған байланысты мердігер ұйымдарға және сала басшыларына жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін қатаң ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1060916?lang=kk