Қоғам
Тіркеу басталуда 03.09.2025
1 қыркүйектен бастап жыл сайынғы тіркеу науқаны басталады. Облыс тұрғындарына өз таңдауы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (МСАК) тіркелу мүмкіндігі беріледі. Egov электрондық үкімет веб-порталында үйден шықпай-ақ тіркелуге болады. Рәсім үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.Сонымен қатар, барлық емханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, бұйрықпен қажетті консультативтік және техникалық көмек көрсете алатын жауапты тұлғалар бекітілген.Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсететін Жетісу облысының кез келген медициналық мекемесіне тіркелуге болады - Талдықорған қаласында ШЖҚ «Талдықорған қалалық емханасы» МКК, ШЖҚ «Талдықорған қалалық емханасы №2» МКК, «Нұр-Авиценум» ММ медициналық орталығы, «ХАК медициналық орталығы» ЖШС.Тіркеу науқаны кезеңінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелген адамдар осы ұйымда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап алады.Тіркеу науқаны 1 қарашаға дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-healthcare/press/news/details/1060842?lang=kk
Қазақстан мақтанышы: профессор Амина Ракишева – әлемдік кардиология көшбасшыларының қатарында 03.09.2025
Испания астанасы Мадрид қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші мамандар мен сарапшыларды біріктірген кардиология саласындағы маңызды халықаралық форумдардың бірі өтті. Конгрессінің басты тақырыбы – жаһандық денсаулық сақтау және әртүрлі экономикалық даму деңгейіндегі елдерде жүрек-қан тамырлары ауруларының кеңінен таралуына байланысты туындайтын сын-қатерлер болды.Пікірталастардың негізгі өзегі медициналық қызметтердің әділ қолжетімділігі, диагностика мен емдеудің бірыңғай стандарттарын енгізу және халықаралық ұсынымдарды шектеулі ресурстар жағдайына бейімдеу мәселелері болды.Форум қатысушыларының ерекше назарын Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының кардиолог дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі Heart Failure Association, HFA халықаралық жұмыс тобының ресми қатысушысы профессор Амина Галимжанқызы Ракишеваның баяндамасы аударды. Оның баяндамасы халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістік үшін де маңызды оқиғаға айналды. Тарихта алғаш рет Орталық Азиядан шыққан маман созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша жаһандық клиникалық ұсынымдарды әзірлейтін халықаралық жұмыс тобының құрамына енді.Профессор Ракишева Амина Галимжанқызы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын жүкті әйелдерді жүргізудің жаңартылған тәсілдерін ұсынды. Бұл бағыт, әсіресе, арнайы медициналық көмектің шектеулі аймақтарында аса маңызды. Өз сөзінде ол дамушы елдердің шынайы жағдайларына сәйкес жаһандық клиникалық хаттамаларды бейімдеудің қажеттілігіне тоқталды. Мұндай елдерде жиі жоғары технологиялы жабдықтар қолжетімсіз, ал денсаулық сақтау жүйесі кадрлық және материалдық тапшылықпен бетпе-бет келеді. Сондықтан ол қарапайым және тиімді әдістерді ұсынды, олар бастапқы медициналық - санитарлық көмек деңгейінде де қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұсынымдарда жүрек-қан тамырлары аурулары бар жүкті әйелдерді жүргізуге ерекше назар аударылған, бұл аймақтағы ана мен бала өлімін төмендетуге тікелей ықпал етеді.Танылған сарапшы ретінде профессор Амина Галимжанқызы Қазақстанда үздіксіз медициналық білім беру жүйесін дамытып, өңір дәрігерлерін оқытуға, халықаралық ұсынымдарға негізделген клиникалық алгоритмдерді енгізуге және телемедициналық консилиумдарға қатысуға белсенді атсалысады. Оның жаһандық стандарттарды әзірлеуге қатысуы – тек кәсіби шеберліктің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі үшін стратегиялық маңызды қадам.Осылайша, профессор Ракишеваның халықаралық аренада таныстырылған жұмысы жергілікті клиникалық тәжірибенің жаһандық денсаулық сақтау бастамаларына интеграциясының айқын дәлелі. Оның еңбегі өңірдің ғылыми және клиникалық әлеуетін арттыруға, әлемдік стандарттар мен жергілікті мүмкіндіктер арасында көпір құруға ықпал етіп, ұлттық мамандардың жаһандық кардиология күн тәртібін қалыптастыруға әсер ете алатынын көрсетіп отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1060843?lang=kk
Шаңқобыз, сазсырнай және Әлия: Қызыл алаңда қазақстандық әскери-музыкалық ұжым көрермендерді тағы несімен тәнті етті? 03.09.2025
Астанада «Спасск мұнарасы» халықаралық әскери-музыкалық фестивалінде сәтті өнер көрсеткен шығармашылық топты салтанатты жағдайда қарсы алды. Биыл XVII мәрте өткен бұл фестиваль Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының құрамындағы шығармашылық ұжым – Орталық әскери оркестрдің музыканттары мен орталық ансамбльдің әртістері көрерменге ерекше әсер қалдырды. Қазақтың танымал шығармаларының әуенімен Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы саптық дефиле көрсетті.Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық байқаулардың лауреаты, «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова «Әлия» әнін орындап, жұртты тебірентті.Қазақстандық топтың өнеріне ерекше серпін мен шапшаңдық сыйлаған барабаншылар тобының шоуы болды. Мәскеудегі Қызыл алаңда өнер көрсету биыл 30 жылдығын атап өтіп отырған Орталық әскери оркестр үшін жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды. Музыканттар әскери рух пен ұлттық бояуды үйлесімді жеткізе білді.Дәстүрлі музыкалық аспаптармен қатар, шаңқобыз бен сазсырнайдың да үні естілді.– Біз бұған мұқият дайындалдық. Басты мақсатымыз – патриоттық рухты, тарихи жадымызды жеткізіп, ұлттық болмысымызды айқындау болды. Бағдарламаға майдангер-композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Туған ел», «Саржайлау», «Өз елім» сияқты халық рухының символына айналған туындылары енді, – деді бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимов. «Спасск мұнарасы – 2025» фестиваліне Ресей, Азия, Еуропа және Африка елдерінен 25 шығармашылық ұжым жиналғанын айта кету керек. Қазақстандық ансамбльдің өнері мәдени дипломатияны дамытуға, әскери-патриоттық байланысты нығайтуға және қазақ музыка дәстүрін әлемдік деңгейде насихаттауға қосылған елеулі үлес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1060844?lang=kk
Әскерде борышын өтеп, грант иеленді: Ұлттық ұланның сарбазы студенттер қатарын толықтырды 03.09.2025
Әділхан Серік Ұлттық ұлан қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылғанда, әскер оның өмірін түбегейлі өзгертетін алғашқы қадам боларын ойламаған еді. Бүгінде ол – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, мемлекеттік грант иегері және бір мүмкіндіктің тұтас тағдырды қалай өзгерте алатынының айқын дәлелі.Әскерге шақырылмас бұрын Әділхан арнаулы орта білім алған. Колледжді тәмамдаған соң оны Қарағандыдан әскер қатарына шақырып, мерзімді қызметін елордадағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде өтеді. Мұнда ұландық қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, шаһар көшелерінде патрульдік қызмет атқарды.Қызмет барысында ол «Сарбаз 2.0» мемлекеттік бағдарламасы жайында білді. Бұл бастама мерзімді әскери қызметшілерге сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқуға мүмкіндік береді. Бұл жаңалық оның көптен бергі арманына жол ашты.«Грант алу үшін барымды салдым. Қоғамдық пәндер бойынша тест тапсырып, әскери қызметте де үздік болуға тырыстым, – дейді ұландық. – Бағдарлама туралы естіген сәтте бұл мүмкіндікті жібермеу керегін түсіндім. Грантқа түсу – мен үшін де, ата-анам үшін де үлкен қуаныш».Әділхан көпбалалы отбасында тәрбиеленген, үйінде алты бала бар. Сондықтан бағдарлама оның отбасына да айтарлықтай демеу болды. Қазір ол беделді оқу орнында «биотехнолог» мамандығын меңгеріп жатыр. Ата-анасы ұлының жетістігіне қуанып, оның биік белестерді бағындыратынына сенеді.Әділханның оқиғасы – бір ғана мысал емес. Биыл жазда ел бойынша 900-ден астам ұландық мерзімді қызметін аяқтап, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болды.Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы сақшылармен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Бұл міндетті атқаруға күн сайын әскер бойынша 8 000-нан аса ұландық жұмылдырылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1060835?lang=kk
ЗАҢ БАРЛЫҚҚА БІРІҢІЗ 02.09.2025
Өткен жылы бірқатар облыстарда жекелеген тұлғалардың пайдасына елден бөлініп шығуға шақырулар орын алған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағына таралады. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабында Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағының қол сұғылмайтындығы мен бөлінбестігін бұзуға немесе мемлекетті ыдыратуға үгіттеу немесе жария шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату немесе тарату мақсатында өндіру, сақтау - он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру. Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Азаматтар өз азаматтығына байланысты құқықтарға ие және міндеттер атқарады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа қол сұғылмауға тиіс – Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы. Сонымен қатар, жоғарыда аталған баптың ескіру мерзімі жоқ (ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының 1-бөлігі, 39-тармағы және 71-бабының 6-бөлігі).
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ 02.09.2025
Өткен жылы бірқатар өңірлерде жеке тұлғалардың пайдасына елден бөлініп шығуға шақыру фактілері орын алған.Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағына қолданылады. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 180-бабында Қазақстан Республикасының бiртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуiн бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты дайындау, шақыру көзделген, осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында сақтау немесе тарату Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Азаматтар азаматтығына байланысты құқықтарға ие және міндеттер атқарады.Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс – Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы.Сонымен қатар жоғарыда аталған баптың ескіру мерзімі жоқ (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабының 1-бөлігі және 71-бабы 6-бөлігінің 1-тармағы).
Қазақстан СІМ-де Бельгия Парламентінің делегациясымен кездесу өтті 02.09.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрайымы, Фламанд Парламентінің депутаты Стефан Д’Оз бастаған парламенттік делегациясымен кездесу өткізді.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты және көпжақты деңгейлерде, соның ішінде Еуропалық одақ пен басқа халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан-Бельгия серіктестігінің өзекті бағыттары және бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті.Тараптар парламентаралық байланыстарды одар әрі нығайтуға, өзара тиімді экономикалық серіктестікті және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды күшейтуге қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1060811?lang=kk
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Мектепке жол» акциясына қатысты 02.09.2025
Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету. Акция аясында Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдлулин атындағы көпсалалы №3 мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушысы көмек көрсетілді, оған рюкзак, аяқ киім, спорт киімдері, сондай-ақ басқа да қажетті заттар сатып алынды.Оқушыға білімді игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз достық пен қуаныш тілейміз! Ақ жол! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1060799?lang=kk
МУЗЕЙ ҚОРЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ 02.09.2025
Жетісу облысының тарихи-мәдени қара шаңырағы саналатын Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры жәдігерлермен толықты. Жетісу облысы, Ескелді ауданының тұрғыны Алдаберген Есенаманов Биғаш ауылынан табылған бірегей археологиялық заттарды музей қорына табыстады. Олардың қатарында ерте дәуірге жататын тас қайрақтар, қола пышақ пен қола ауыздық, садақ ұштары, мыс тиындар және түймелер ерекше орын алады. Бұл жәдігерлер – Жетісу жерінің бай тарихынан сыр шертетін, дала өркениетінің құнды мұралары болып саналады. Ұлт тарихын қадір тұтып, оның әрбір мұрасын ұрпақ үшін мұражайға аманаттап жүрген азаматтардың игі істері көпшілікке үлгі. Осының нәтижесінде ұлт руханияты өз құндылығын жоғалтпай, жаңғыра бермек.Алдағы уақытта қабылданған жәдігерлер музей экспозициясынан орын алып, көпшілік назарына ұсынылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1060802?lang=kk
Аңдатпа! Есіл қаласында жаңа Салық кодексіне еңгізілген өзгерістер бойынша семинары өтеді 02.09.2025
Құрметті Есіл, Жақсы және Жарқайын аудандарының салық төлеушілері!2025 жылғы 03 қыркүйекте сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған өңірлік семинар өтеді.Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысады, олар салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып, сұрақтарыңызға жауап береді. 📍 Өткізу орны:Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 1-үй“Есіл аудандық мәдениет үйі”МКҚКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1060760?lang=kk
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды 02.09.2025
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады.Бюроның тіркеліміне сәйкес, санақ 22 мың ірі кәсіпорынды және 271 мың шаруа, фермер қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қамтуы тиіс. Тамыз айында онлайн-санаққа 574 мың респондент қатысты. Оның ішінде 245,7 мыңнан астамы – ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, шамамен 328 мыңы – үй шаруашылықтары.«Онлайн-санақ кезеңі жақсы нәтиже көрсетті. Жедел деректер бойынша сайт арқылы сауалнамаға ауыл шаруашылығы құрылымдарының 84%-ы қатысты. Айта кету керек, жалпы тізімге ұзақ уақыт бойы белсенділігі жоқ, бірақ тіркеуде тұрған кәсіпорындар мен қожалықтар да енгізілген. Сондай-ақ байланыс деректері өзекті емес субъектілер бар. Бұдан бөлек, кейбір респонденттер жұмысбастылығына байланысты санақтан уақытында өте алмаған. Қосымша берілген 20 күн олардың осындай маңызды мемлекеттік науқаннан тыс қалмауына мүмкіндік береді», – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.Еске сала кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.
Қазақстан СІМ-де балалардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды 02.09.2025
Астана, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтіп, балалардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері, мүдделі министрліктер, қазақстандық құқық қорғаушылар мен үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық сектор өкілдері, сондай-ақ іс-шара қонақтары – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы мен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері қатысты.ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова өз сөзінде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар балаларға қатысты орын алған қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг жөнінде әкімшілік жауапкершілікті енгізу бойынша шаралардың қабылданғанына назар аударды.Қатысушылар «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы» қабылданған жаңа Заңды ерекше назарға алды. Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының аға кеңесшісі, сондай-ақ Орталық Азиядан алғашқы рет БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне (CEDAW) сайланған Мадина Жарбосынова аталған Заңның қабылдануы қауіпсіз қоғам құрудағы тарихи қадам екенін атап өтті. Ол ҚР Сыртқы істер министрлігі, БҰҰ-Әйелдер және Еуропалық одақтың қолдауымен өңірдің бес елін біріктірген Гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орта Азиялық альянсының құрылғанын хабарлады.Балаларды цифрлық ортада қорғау мәселесі бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина жаңа тәсілдерді таныстырды. Атап айтқанда, 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасына медиасауаттылық тақырыптарын қамтитын «Жаһандық құзыреттер» пәні енгізілді, сондай-ақ балалардың интернетте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және ата-аналарды цифрлық тәрбиелеу процесіне тартуға бағытталған «Кибер Тұмар» және «Ата-аналық бақылау» ағартушылық шаралары жүзеге асырылуда.Екінші мәселе бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің аға инспекторы Галия Өтепова жоғарыда аталған Заң қабылданғаннан кейін кісі өлтіру фактілерінің саны 2-3 есеге азайғанын, ал отбасы ішіндегі ауыр дене жарақаттарын келтіру жағдайлары 25%-ға төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар ол тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелін бағалаудың қазақстандық стандартын таныстырды. Бұл стандарт халықаралық ODARA (тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелін бағалаудың халықаралық құралы) жобасы негізінде әзірленген. Аталған әдістеме қайталама құқықбұзушылық қаупі жоғары тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді және құқықбұзушыларға міндетті психологиялық көмек тағайындалуын қарастырады.Іс-шара соңында қатысушылар жаңа заңнамалық бастамаларды іске асыруда мемлекет, азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестердің бірлескен күш-жігері Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.Анықтама: «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші орган 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде қызмет атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1060701?lang=kk
Ашық есік күні! 02.09.2025
29.08.2025 жылы Шемонайха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлер үшін салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша Ашық есік күнін өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1060707?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі 02.09.2025
ҚХР, Тяньцзинь қаласы, 2025 жылғы 1 қыркүйек - Мемлекет басшысы Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және тарихы бай Тяньцзинь қаласында жылы қарсы алғаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге ризашылық білдірді.– Құрметті Си Цзиньпин мырза, Сізді және барша қытайлық достарымызды елдеріңіздің Шанхай ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық етуімен құттықтаймын. Қазақстан ШЫҰ шеңберіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты, экономикалық ықпалдастық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған Қытайдың сарабдал саясатын жоғары бағалайды. Қытайдың жапон басқыншылығына қарсы күрестегі жеңісінің 80 жылдығы және Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығы секілді қос тарихи мерейтой қарсаңында өтіп жатқан бүгінгі Саммитке ерекше мән береміз. Бұл айтулы даталар барша адамзатқа жер бетіндегі халықтың берекелі өмір сүруіне, бірлігі мен ынтымағын арттыруға қызмет етуі қажет. Сондай-ақ тарихи шындықты бұрмалауға жол бермей, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеп, шынайы құндылықтарды ұстануға үндеуі керек, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымын әлемдік қауымдастық тиімді, ықпалды әрі қажетті халықаралық құрылым ретінде танитынын атап өтті.– Қазақстан ШЫҰ-ның теңгерімді көпполярлі әлемдік тәртіп орнату, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау және егеменді даму құқығын мойындау, сондай-ақ әділ халықаралық сауда мен өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастық секілді басты мақсаттарын толық қолдайды. Ұйымның басым міндеттері жаңа технологиялық дәуірде халықтарымыздың әл-ауқатын, қауіпсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз етуді көздейді. ШЫҰ жарғылық құжаттарының негізгі қағидаттарын берік ұстана отырып, Қазақстан «үш зұлымдыққа», яғни, терроризмге, сепаратизмге және діни экстремизмге қарсы күресте күш-жігер біріктіруді өте өзекті санайды. Біз жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесі үшін халықаралық ынтымақтастық нышанына айналған «Шанхай рухын» одан әрі ілгерілетуді қуаттаймыз, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті ШЫҰ-ны дамытудың басым бағыттары жөніндегі көзқарасын жеткізді. Ең бірінші басымдық – Ұйым аясындағы стратегиялық серіктестік пен өзара қолдауды нығайту.– Геосаяси қақтығыстардың ушығуы, технологиялық бәсеке, қаржы-экономикалық санкция, экологиялық және техногенді апаттар белең алған кезеңде ШЫҰ саяси ықпалдастықты кең ауқымда үйлестіруге, халықаралық қоғамдастықтың өзара сенімін нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастық пен өркениетаралық диалогты дамытуға арналған тұрақты алаңға айналуға тиіс. Осы орайда Қытай Төрағасының жаһандық даму, жаһандық қауіпсіздік, жаһандық өркениет және жаһандық басқару жөніндегі бастамаларын оң бағалаймыз. Біз бүгін қабылдайтын ШЫҰ-ның онжылдыққа арналған даму стратегиясын толық жүзеге асыру аса маңызды, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың мәнін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон, киберқылмыс және басқа да деструктивті үрдістер дендеп тұрған уақытта бұл бағыттың мәні арта түседі.– Халықаралық қауіпсіздікке төнген мұндай сын-қатерлерге, соның ішінде «үш зұлымдыққа» қарсы бірлесіп қана күресе аламыз. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес арасында іскерлік байланыстарды күшейту маңызды деп ойлаймыз. ШЫҰ елдерін Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырамын. Сол арқылы аталған мемлекетті қалпына келтіріп, өңірлік және экономикалық процестерге қатыстыра аламыз. Қазақстан Ауғанстанның бірқатар инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларының құрылысына кірісті. Бұл ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Тамыз айының басында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қатысуымен Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ресми түрде ашылды. ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге барлық басым бағытта белсенді аймақтық байланыс орнату және күш-жігерді үйлестіру үшін аталған Орталықтың әлеуетін бірлесе пайдалануды ұсынамыз, – деді Президент.Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру өте өзекті деп санайды. Бұл ретте Қазақстан ШЫҰ-ның санкциялық қысымға қарсы еркін әрі әділ әлемдік сауданы дамыту бағытындағы нақты іс-қимылын қолдайды.– ШЫҰ құрылған сәттен бері елдеріміздің әлемдік ішкі жалпы өнімдегі үлесі екі есе ұлғайып, 30 пайызға жетті. Ішкі өңірлік сауда сенімді түрде өсіп келеді. Былтырғы қорытынды бойынша оның көлемі 650 миллиард доллардан асты. Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы да тұрақты түрде өсіп, өткен жылы 70 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан ШЫҰ даму банкін құру жөніндегі Қытайдың бастамасына қолдау білдіріп, аталған перспективті жобаға атсалысуға әзір. Бұдан бөлек, Астана халықаралық қаржы орталығы базасында перспективті инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, заңгерлік, консалтингтік және қаржылық компанияларды шоғырландыратын ШЫҰ Кеңсесін құруды ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент көлік-транзит саласындағы серіктестікті нығайтуды тағы бір басымдық ретінде атады. Мемлекет басшысы 150-ден астам елдің қолдауына ие болған «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының зор әлеуетін атап өтті.– Бұл жаһандық бастама «Бір белдеу, бір жол» бағыты бойынша сауда-логистикалық операциялардың барлық қатысушысына жыл сайын 1,5 триллион долларға дейін пайда әкеле алады. Солтүстік – Оңтүстік және Шығыс – Батыс, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндігі мол. «ТрансАлтай диалогы» бастамасының жүзеге асырылуына үлкен үміт артамыз. Аталған жобаға Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдері қосылып, Еуразиядағы «Алтай» аймағының жер көлемі, халық саны, экономикалық қуаты секілді бірегей әлеуетін тиімді пайдалана алады. Ірі жобалар мен жоспарларды іске асыру үшін мемлекеттер арасындағы көлік байланысын нығайтып, транзиттік-тарифтік стратегияға сай келетін тәсілдерді ойластыруымыз керек. Бұл мәселе Ақтау қаласында қараша айында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының алғашқы форумындағы келіссөздер мен пікірталастарға арқау болуы мүмкін, – деді Президент.Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологиялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, бұл істі кейінге қалдыруға болмайды. 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, осы сектордың әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін ұлғаяды.– Басқа стратегиялық бағыттарға қарағанда аталған саланың дамуы өте жылдам. Жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алады деп есептеймін. Сондықтан Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бойынша жаһандық ұйым құру туралы ұсынысын толық қолдаймыз. Мұндай өте маңызды іске қомақты үлес қосуға дайынбыз. Қазақстан цифрландырудың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты арттыруды, соның ішінде экономиканың нақты секторларына, денсаулық сақтау ісіне, көлік-логистика саласына, қалаларды басқару жүйесіне «ақылды шешімдерді» енгізуді қуаттайды, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы нақты қадам ретінде ШЫҰ-ның жасанды интеллект бойынша тұрақты сарапшылар форумын өткізуді ұсынды.– Алғашқы кездесуді Астанада Digital Bridge беделді форумы аясында өткізуге дайынбыз. Бұдан бөлек, еліміз 2027 жылы «ШЫҰ-ның экономика қызметіндегі жасанды интеллект» тақырыбында жоғары деңгейдегі конференция ұйымдастыруға ниетті. Ал келесі жылы Ұйым елдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге жаңа технологиялық дәуірдегі ақпараттық саясат проблемаларын талқылауға әзірміз, – деді Президент.Мемлекет басшысы экология саласындағы ықпалдастықты маңызды міндет деп атады.– Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толатынын еске салды.– Халықтарымыздың игілігі жолында шын мәнінде салмақты, жан-жақты пысықталған нәтижеге қол жеткізу мақсатында бұл датаға кеңінен ойластырылған, ұтымды ұсыныстармен келген дұрыс. «Шанхай рухының» жасампаз құндылықтарын ілгерілетуге табанды әрі табысты күш-жігер жұмсағаны үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға тағы да алғыс айтамын. Бүгінгі Саммит халықаралық қатынастар жылнамасына көпжақты ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан нақты шешімдер қабылданған жемісті форум ретінде енетініне сенімдімін. Ол Ұйымның әлеуетін айтарлықтай күшейтетіні сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта ШЫҰ-ға төрағалық ететін Қырғыз Республикасына және Президент Садыр Жапаровқа табыс тіледі.Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында мынадай құжаттарға қол қойылды:1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Тяньцзинь декларациясы;2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша құжаттарды бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;– Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы;– Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы;– Шанхай ынтымақтастық ұйымының Энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын іске асырудың жол картасы;3. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Лаос Халық Демократиялық Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру туралы шешімі;4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жанындағы байқаушы мәртебесін алуы бойынша шешімі;5. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктесі» мәртебесі туралы шешімі;6. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешімі;7. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Бас хатшысының құжаттарға қол қою өкілеттілігі туралы шешімі;– Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасына келу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісіміне хаттама;– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы мен «Росконгресс» қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;8. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндаманы бекіту туралы шешімі;– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндамасы;– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының 2024 жылғы қызметі туралы баяндамасы.9. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы келісімі;10. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталығы жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісім;11. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толуына орай мәлімдемесі;12. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі мәлімдемесі;13. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің энергетиканы орнықты дамыту бойынша ынтымақтастық туралы мәлімдемесі;14. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «жасыл» өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі;15. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы мәлімдемесі;16. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің көпжақты сауда жүйесін қолдау туралы мәлімдемесі;17. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің есірткінің әлемдік мәселелерін тиімді шешу және оған қарсы күрес ісіндегі мәлімдемесі;18. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық жөніндегі мәлімдемесі;19. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің уәкілетті министрліктері мен ведомстволары басшыларының орнықты даму саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдемесі;20. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасына келу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісіміне хаттама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1060731?lang=kk
Мекемедегі тігіншіден ателье иесіне дейін 02.09.2025
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №50 мекемесінде жазасын өтеушілердің бірі қиын жағдайға қарамастан өмірін өзгертуге болатынын дәлелдеді.Жазасын өтеп жүргенде ол уақытты босқа өткізбей, «тігінші» мамандығы бойынша оқудан өтті. Алғашқы сабақтардан-ақ өзін жауапты әрі талантты шәкірт ретінде көрсетті: оның жұмыстары сапасымен және жылдамдығымен ерекшеленді. Мекеме қызметкерлері оның әрдайым жетілдіруге ұмтылатынын айтады.Балалық шағында ол киім дизайнері болуды армандаған еді, бірақ тағдыр басқа жолға салды. Дегенмен, дәл осы мекеме қабырғасында ол өз мақсатын қайта тауып, күшіне деген сенімін оралтты. Мамандық алып, мекеме аумағында тігінші болып еңбек ете бастады.Көптен күткен бостандық күні келгенде, қызметкерлер онымен әңгімелесіп, алға ұмтылу ниетін қолдады. Сол қолдау оның бала арманына жетуіне түрткі болды.Бостандыққа шыққаннан кейін ол алдымен ательеге жұмысқа орналасып, мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинақтады. Біраз уақыт өткен соң өз кәсібін ашуға бел буды. Бүгінде оның қасында бірлескен ісіне сенетін командасы бар, олар бірге тапсырыс бойынша киім тігумен айналысады.Бұл әйелдің тарихы – білім мен еңбектің табысты қайта әлеуметтенудің кілті екенінің айқын мысалы. Қазіргі таңда СҚО бойынша ҚАЖ мекемелерінде 622 сотталған еңбекпен қамтылған. Олардың базасында 16 жеке кәсіпкерлік пен ЖШС жұмыс істейді, бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.Жаңа оқу жылына қарай облыс мекемелерінде 11 мамандық бойынша 240 сотталған қабылданды. Ең көп сұранысқа ие және ерекше бағыттардың қатарында – тігінші, құрылыс мамандықтары, сондай-ақ бал ара шаруашылығы мен ландшафтық дизайн бар.Бұл деректер білім мен еңбектің тек мамандық алып қана қоймай, бостандыққа шыққан соң да өмірде өз орнын табуға көмектесетінін көрсетеді.«Мамандық – жаңа өмірге мүмкіндік береді. Ең бастысы – өзіңе сену және мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану керек. Сонда өткен қателіктер жаңа тарихтың бастамасына айналуы мүмкін», – дейді кейіпкеріміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1060687?lang=kk
Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында «Келешек мектептері» жобасы бойынша салынған мектепте ауыл оқушылары жаңа оқу жылын қарсы алды 02.09.2025
Қостанай облысының Құсмұрын ауылында оқу жылының алғашқы күні «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы бойынша салынған мемлекеттік тілде оқытатын жаңа заманауи мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты. Жалпы құрылысына 3,5 млрд. теңге бөлінген Құсмұрын ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде табысты білім беру процесі үшін балаларға барлық жағдай жасалған. Оқу кабинеттері заман талабына сай және педагогтер мен оқушыларға ғылыми жұмыстар әзірлеуде жасанды интеллекті пайдаланып, виртуалды тәжірибелер жасауға мүмкіндік беретін интерактивті жабдықтармен жарақталған.Салтанатты жиында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов оқушыларды, ата-аналарды және барша ұжымды құттықтай отырып, «Жаңа мектептің ашылуы – ата-аналар мен балалардың көптен күткен қуанышы!Мектеп еліміздің Конституциясының 30-жылдығы, сондай-ақ қазақтың тұңғыш ғалымы, тарихшы, этнограф және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуын мерекелеу жылы ашылып, өзінің қайталанбас тарихын жаза бастағаны ерекше қуантуда.Бұл оқушылардың бойында нағыз патриотизм, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолында мықты негіз болатынына мен сенімдімін.Баршаңызға толағай табыстар мен жоғары жетістіктерге жетуді тілеймін!», - деді. Мектепте 24 оқу кабинеті бар. Физика, химия, биология пәндері кабинеттерінің биотехнология және нанотехнология бойынша оқу зертханалары бар, робототехника және компьютерлік сыныптар, STEM зертхана заманауи түрде жабдықталған.Заманауистаноктарменжабдықталған«Үймәдениеті»жәнетігінжабдықтары бар «Дизайнжәнетехнология»жаңашеберханалары, аспаздықкабинетіоқушыларғаөміргеқажеттідағдыларды үйренуге көмектеседі.Кеңспортзалытолығыменспорттыққұралдармен жабдықталған,алжасбишілердіхореографиязалықабылдауғадайын.Оқушыларды жан-жақты дамытуға және педагогтердің белсенді жұмысына арналған акт залы, оқу залы бар заманауи кітапхана, «Көрнекі өнері» кабинеті және жайлы коворкинг зоналар жұмыс істейді.Мұның бәрі оқушылардыңбілімсапасынарттыруға, қабілеттеріменталанттарынашуға, өскелеңұрпақтыңғылымижәнешығармашылықәлеуетіндамытуғабағытталған.Мектеп оқушысының анасы Балғын Ермағамбетова: «Бүгін жаңа мектебімізді көріп, біздің қуанышымызда шек жоқ! Бұрынғы мектеп ескі әскери госпитальдің ғимаратында орналасқан болатын. Енді ауылымыздағы бұл заманауи білім ордасында оқып, қызым жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенімім мол!», - деп қуанышымен бөлісті.Бұл «Келешек мектептері» Ұлттық жоба аясында ашылған облыстағы бесінші мектеп екенін естеріңізге сала кетейік. Жалпы жоба бойынша өңірде 4500 орынға арналған 6 мектеп ашылатын болады.Бұлөңірдегіоқушыорындарыныңтапшылығымәселесіншешіп, қазақстандықтардыңжаңабуынын жан-жақтыдамытуүшінбарлыққажеттіжағдайлардыжасауғамүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1060662?lang=kk
Құрмет демалысына шығарып салды 02.09.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына кедендік бақылау басқармасының бас маманы Шынар Сәбиеваны шығарып салу рәсімі өтті.25 жылдан астам Шынар Нығметжанқызы қаржы жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.Ол еңбек жолын Ақмола облысы бойынша Кедендік басқармасының кедендік режимдерінің бақылау бөлімінің инспекторы болып бастады.Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.Қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан, лауазымды міндетін абыроймен атқарған үшін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен, Дүниежүзілік кеден ұйымының ресми Сертификатымен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрмет мадақтамалармен және алғыс хаттарымен марапатталған.Құрметті Шынар Нығметжанқызы!Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаментінің ұжымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1156542?lang=kk
Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр 02.09.2025
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр.Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%). Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар (82,4%), 46-60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) тұр.Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары (сәйкесінше, 84,9% және 80,9%).Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде.Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері (89,6%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), ауыл шаруашылық саласының өкілдері (86,2%), ғылым (85,7%), мәдениет пен өнер саласының мамандары (85,9%).Зерттеу қорытындысы ел арасында Президентке сенімнің тұрақты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімділігін дәлелдейді.
Президент Тоқаевтың саяси бағытын азаматтардың қолдауы әлі де жоғары 02.09.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында халық арасында жаппай сауалнама жүргізді. Таңдау көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты. Социологиялық сауалнама деректері бойынша респонденттер халықтың президент институтына деген сенімінің жоғары деңгейін атап өтті. Мемлекет басшысы рейтингте тұрақты түрде жетекші орынды иеленіп келеді – азаматтардың 82,4 пайызы Президент Тоқаевқа сенеді. 18-29 жас аралығындағы жастар Мемлекет басшысына көбірек сенеді (90,3%). Одан кейін 30-45 (82,4%), 46-60 (78,6%) және 61+ (77,8%) жас топтары келеді. Ауыл халқы Президентке қала тұрғындарына қарағанда сәл артық сенім артады (тиісінше 84,9 және 80,9%). Сонымен қатар, табыс деңгейі мен жұмыспен қамту деңгейі әртүрлі респонденттердің сенім рейтингі іс жүзінде бірдей деңгейде. Алынған мәліметтерді талдау сондай-ақ Мемлекет басшысына білім саласы (89,6%) және денсаулық сақтау (84,5%), мемлекеттік қызметкерлер (87,1%), құқық қорғау органдары (96,9%), ауыл шаруашылығы саласы (86,2%), ғылым және өнер (85,7%), мәдениет (85,7%) салаларының (84,5%) қызметкерлеріне үлкен сенім артатынын көрсетеді59. Осылайша, социологиялық зерттеудің нәтижелері мемлекет басшысына деген халықтың сенімінің тұрақты жоғары деңгейін көрсетеді, бұл азаматтардың алдындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін көрсетеді.
МҰҚАҒАЛИ МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕСІ 02.09.2025
Еліміздің теміржол саласында қызмет етіп жүрген мыңдаған еңбек майталмандарының әрқайсысы өз ісінің жауапкершілігін терең сезінеді. Солардың бірі – Қазықұрт станциясының сұрыптау дөңесінің кезекшісі Әбдірахман Мұқағали Нұрғалиұлы.Оның негізгі міндеті – пойыздардың қозғалысын үйлестіру, вагондарды дұрыс реттеп, бағыттау арқылы тасымал процесінің үздіксіз әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету. Бұл – ұқыптылықты, жоғары жауапкершілікті және кәсіби біліктілікті талап ететін маңызды жұмыс.Әбдірахман Мұқағали өз мамандығын абыроймен атқарып, әріптестері арасында беделге ие. Теміржол саласында еңбек ету – тек қана жұмыс емес, бұл – қозғалыстың, қауіпсіздіктің және нақтылықтың кепілі.Осындай қарапайым еңбек адамдарының табанды еңбегі арқасында жүк пен жолаушылар тасымалы уақытылы орындалуда.