Қоғам
Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы 25.08.2025
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министрдің, министр орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер. Біліктілік талаптары: №20 мекеме бастығының тәртіп және жедел жұмысы бойынша орынбасары (C-SGU-4) лауазымына:Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі;Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8,С-SVО-5, С-SVО-7*,C-SVR-4 – санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес (учаскелік полиция инспекторларын қоспағанда), C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5,С-FM-5 (аса маңызды істер бойынша тергеуші, аса маңызды істер бойынша жедел уәкіл (анықтаушы)) немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттан төмен емес лауазымдарда;Арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;Мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес;Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;Президенттік жастар кадрлық резервіне еңгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес. Сұрақтар туындаған жағдайда Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8 (7222) 35-44-03 (Абай облысы бойынша ҚАЖД), 31-38-16 (№20 мекеме), 30-15-07 (№19 мекеме), 8 (72347) 42-4-41 (№23 мекеме), электрондық мекенжайлар a.uaisova@mvd.gov.kz, d.zhumakhanova@mvd.gov.kz, di.karabaeva@mvd.gov.kz.Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді. Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1216930?lang=kk
Кербұлақ ауданында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өтті 25.08.2025
Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге арналған «Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында «Ашық есік күнін» өтті.Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларымен қатысушыларды жан-жақты таныстыру болды.Кездесу барысында мамандар кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы жаңашылдықтарды түсіндіріп, әсіресе қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша өзгерістерге ерекше тоқталды.Сонымен қатар, қатысушылар шағын және орта бизнеске қатысты салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар жөнінде толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1056459?lang=kk
2026 жылдан бастап ҚҚС-ның артық сомасын қайтару жеңілдетіледі 25.08.2025
Жаңа Салық кодексінде салықтық әкімшілендіру тәсілдері қайта қаралып, оның ішінде ҚҚС-ның артық сомасын қайтару жеңілдетіледі. Енді ҚҚС-тың артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібі барлық экспорттаушыларға қолданылатын болады. Бұл мыңнан астам салық төлеушілерге әсер етеді. Жеңілдетілген тәртіптің мәні – тексерусіз, 15 жұмыс күні ішінде ҚҚС-ты жедел қайтару.Жеңілдетілген тәртіпті қолданудың шарттары: • экспорттаушыда салық органдарының орындалмаған хабарламалары болмауы тиіс; • экспорт бойынша айналым жалпы айналымның кемінде 50%-ын құрауы қажет; • соңғы 12 айда тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы расталған болуы тиіс. ҚҚС артық сомасын қайтару мөлшерін айқындауда салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады. Бұл бір жағынан тәуекелдерді азайтуға, екінші жағынан екі тараптың да талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заңнама ҚҚС артық сомасын қайтару мөлшерін айқындауда салық органдарын шектемейді, бұл адал салық төлеушілерге ҚҚС-тың артық сомасын толық көлемде қайтаруға жол ашады. Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, ҚҚС-тың артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібін тек жекелеген санаттағы салық төлеушілер қолдана алады (ірі салық төлеушілер, өндірушілер, сондай-ақ валюталық түсімді теңгеге айырбастайтын шикізат экспорттаушылар). Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада жеңілдетілген тәртіппен ҚҚС қайтарудың шегі белгіленген – ол салық төлеуші санатына байланысты 50-ден 80 пайызға дейінгі аралықта. Бұл құқықты шамамен 40–50 экспорттаушы ғана пайдаланады. Ал өзгерістер енгізілгеннен кейін мұндай салық төлеушілер саны 20 еседен аса артады. Бұдан бөлек, ҚҚС қайтару мерзімдері де қысқарады. Атап айтқанда, ҚҚС артық сомасын жеңілдетілген тәртіппен қайтару мерзімі талап берілген күннен бастап есептеледі. Қазіргі кезде мерзім ҚҚС декларациясын тапсыру күнінен (яғни, тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен) басталады. Тексеру нәтижелері бойынша ҚҚС артық сомасын қайтару мерзімі де 75 жұмыс күнінен 55 жұмыс күніне дейін қысқартылып, мерзімнің басталуы бір айға ертерек белгіленді. Бұл ҚҚС-тың артық сомасын 2 айға ерте қайтаруға мүмкіндік береді. Мұндай өзгерістер экспортқа бағдарланған компаниялардың қаржылық қаражатының айналымдылығын ҚҚС-ты жедел қайтару есебінен арттыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1056494?lang=kk
Қазақстан мен Жапония стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті 25.08.2025
Астана, 2025 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу алғашқы ресми сапарымен Астанаға келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесу өткізді.Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады, саяси өзара іс-қимылды, халықаралық және өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ «Орталық Азия +» форматындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Астана мен Токио БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділігін білдіріп, көпжақты ынтымақтастықты нығайтудың және халықаралық құқық нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.М.Нұртілеу «Орталық Азия + Жапония» диалогы шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытудың және осы форматтағы алғашқы саммитке дайындықтың маңыздылығына тоқталып, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды қолдаудың қажеттілігіне ерекше назар аударды.Өз кезегінде Т.Ивая Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі Жапония үшін ортақ мақсаттар мен ұмтылыстарды бөлісетін маңызды серіктес екенін атап өтті. Ол көп қырлы ынтымақтастықты нығайту үшін берік негізі бар қазақ-жапон серіктестігінің қазіргі жай-күйін жоғары бағалады.Сауда-экономикалық өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан көмірді (жылына 115 млн тонна – әлемдегі ең ірі көрсеткіш), металлургия, мұнай-химия және азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, экспортты ұлғайтуға дайын екенін білдірді.Қазақстан СІМ басшысы атап өткендей, Жапонияның еліміздің экономикасына салған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 9 млрд АҚШ долларына жетіп, он ірі инвестордың қатарына кіреді. Жапон компаниялары тау-кен металлургия өнеркәсібі, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы жобаларға белсенді қатысуда.2024 жылғы екіжақты тауар айналымы шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрады, ал биылғы жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 800 млн долларға жуықтады.«Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалдарының шамамен 80%-ын қамтамасыз етіп отыр. Біз жапон инвесторларының қатысуымен Транскаспий бағытын дамыту және жасанды интеллектті қоса алғанда, цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – деді М.Нұртілеу.Авиация саласында тараптар «Air Astana» және «Japan Airlines» әуе компаниялары серіктестігінде 2026 жылғы наурызда Алматы-Токио тікелей әуе бағытын іске қосу жоспарын құптады. Сондай-ақ жапон әуе компанияларының транзиттік рейстеріне қазақстандық әуежайларда қызмет көрсету және логистикалық терминалдар құру мүмкіндіктері қарастырылды.Гуманитарлық салада ядролық медицина, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында Қазақстан Жапонияны 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырды.Қазақ тарапы медициналық мамандардың біліктілігін арттыру үшін заманауи жапондық технологияларды тартуға, сондай-ақ ерте хабарлау жүйелері мен тәуекелдерді мониторингтеу саласында тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдай отырып, қарусыздану саласында ілгерілеудің қажеттілігін атап өтті. Тараптар БҰҰ, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі және Ядролық қаруды таратпау туралы шарт шеңберінде халықаралық аренадағы тығыз ынтымақтастық пен өзара қолдауға бейілдігін растады.Келіссөздердің қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік дамуды жүзеге асыруға арналған грантқа қатысты келісімге қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1056518?lang=kk
Ескелді ауданында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өтті 25.08.2025
Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге арналған «Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларымен қатысушыларды жан-жақты таныстыру болды.Кездесу барысында мамандар кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы жаңашылдықтарды түсіндіріп, әсіресе қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша өзгерістерге ерекше тоқталды.Сонымен қатар, қатысушылар шағын және орта бизнеске қатысты салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар жөнінде толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1082858?lang=kk
Қазақстанда Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба іске асырылуда 25.08.2025
Мемлекет басшысы 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге ерекше назар аударды. Осы мақсатта өткен жылдың желтоқсан айында Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба бекітілді. Ұлттық жоба тозған инфрақұрылымды ауқымды жаңартуды көздейді. Энергетика және коммуналдық секторлардағы өзекті мәселелер ел бойынша жөндеу қуатын ұлғайту жолымен және желілердің тозу деңгейі жоғары өңірлерге баса назар аудара отырып шешілмек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.Спикер түсіндіргендей, Ұлттық жоба мынадай негізгі міндеттерді қамтиды: коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру үшін инженерлік желілердің тозуы мен апаттылығын төмендету, электр және жылу энергиясының тапшылығын болдырмау үшін жаңа генерациялау көздерін жаңғырту және салу. Ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы мен республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. «Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар НҚА жобаларын әзірледі», – деп атап өтті Тимур Қосымбаев.Қолданыстағы коммуналдық инфрақұрылымға талдау жүргізілді. Жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы тозуды 50%-дан төмен көрсеткішке жеткізу үшін 6,8 трлн теңге көлемінде инвестициялар тарту талап етіледі. Бұл қаражат 86 мың шақырым коммуналдық желілерді жөндеуге бағытталады, бұл апаттар санын едәуір қысқартуға және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін «технологиялық деңгейге» жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ спикер «тозудың сыни аймағында» орналасқан реттелетін коммуналдық салалар бойынша монополистер санын айтты. «Жылумен жабдықтау саласында еліміздің 11 өңірінде 22 монополист немесе субъектілердің жалпы санының үштен бірінде жылу желілерінің тозуы 65%-дан асады. Мұндай субъектілердің ең көп саны ШҚО-да – 4, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында – 3-тен тіркелді. 46 субъектінің 18-інде электр желілерінің 70%-дан астамының тозу деңгейі жоғары және олар 11 өңірде, ең көбі Қостанай облысында орналасқан. Бұдан бөлек, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы ұлттық жобаға қатысатын субъектілердің жартысына жуығы 70%-дан астам тозған», – деді ол.Коммуналдық желілердің жыл сайынғы табиғи тозуы шамамен 2-3% немесе 4-5 мың шақырымды құрайды. Тимур Қосымбаевтың айтуынша, тозумен тиімді күресу үшін инженерлік желілердің ұзындығын жөндеуді едәуір арттыру қажет.Мәселен, 2025 жылға 1 347 шақырым коммуналдық желілерді және 3 047 бірлік жабдықты жөндеу және ауыстыру үшін расталған құжаттары бар және жалпы сомасы 144,5 млрд теңгеге қаржыландыруға дайын 48 табиғи монополия субъектісі басым тәртіппен қаралып, айқындалды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1056443?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1056624?lang=kk
23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай облыс бойынша және республика деңгейінде ауқымды спорттық шаралар өткізілді. 25.08.2025
23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай облыс бойынша және республика деңгейінде ауқымды спорттық шаралар өткізілді.Мақсаты: бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.Атыраудағы өңірлік іріктеу спартакиадасында көзге түскен спортшылар,командалар 9-17 маусым күндері Өскемен қаласында өткен республикалық сайысқа жолдама алды.Аталған спорттық шараға Атырау облысы әкімдігінің құрама командасы, спортшылары белсенді қатысып,спорттық сайыста үздік нәтиже көрсетті.Баскетбол турнирінде үздік шыққан команданың құрамында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының қызметкері Жәдігер Сейтжанов та өнер көрсетті.Әріптесімізді құттықтаймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1056405?lang=kk
ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері әкімшілік рәсімдердің практикалық қырларын меңгерді 25.08.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдерімен кездесу өтті.Іс-шараға өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің аға прокуроры, 1-сыныпты заңгер Жадыра Әбжапбарова қатысып, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданудың практикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.Кездесу барысында әкімшілік рәсімдерге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Оның ішінде:- жеңілдетілген әкімшілік рәсім;- әкімшілік акт шығару арқылы жүзеге асатын рәсім.Жадыра Әбжапбарова жиі жіберілетін рәсімдік қателіктер мен олардың салдарына жеке тоқталды. Сондай-ақ практикалық мысалдарды талдау арқылы әскери қызметшілер алған білімдерін бекітіп, тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылатын осындай іс-шаралар жеке құрамның құқықтық мәдениетін арттырып, ұландықтардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде әкімшілік құқық нормаларын сауатты қолдануына ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1056358?lang=kk
«Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді 25.08.2025
2025 жылғы 4-5 қыркүйекте Астана қаласында Astana International Forum қолдауымен жылдың басты қаржылық іс-шараларының бірі – VIII Astana Finance Days (AFD) форумы өтеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы – «Болашақтың негізін қалайтын капитал». Тақырып ағылшын тіліндегі «capital» сөзінің қос мағынасын: біріншісі, Астана – Қазақстанның астанасы (capital) және Шығыс пен Батыс тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы, екіншісі мағынасы – орнықты өсудің қозғаушы күші ретінде капиталды (capital) білдіреді.Әлемде капитал үшін қызу бәсеке күшейген бүгінгі заманда қолдағы ресурстарды ұтымды пайдалану – климаттың өзгеруінен бастап экономиканы өсіруге және технологияны ілгерілетуге дейінгі сын‑қатерлерді жеңудің негізгі кепіліне айналып отыр.Биыл Astana Finance Days-те әлемнің 70-тен астам елінен 5 000-нан аса қатысушы – брокерлер, банкирлер, инвесторлар мен инноваторларды қоса алғанда, қаржы және технологиялық сектор, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдерінің басы қосылады деп жоспарланып отыр.2025 жылғы форумның үш негізгі тақырыптық бағыты бар: қаржылық капитал, инфрақұрылымдық капитал және институционалдық капитал. Бұл әртүрлі тақырыптарды қамтуға мүмкіндік береді: спикерлер қаржы, финтех және тұрақты даму саласындағы өзекті үрдістерді, реттеу жүйесіндегі өзгерістерді және жаңа қаржылық өнімдер – дәстүрлі портфельдік инвестициялардан бастап криптовалюталарға дейін талқылайды.Форумның басты спикерлерінің бірі – әйгілі футуролог, кәсіпкер әрі “Банк 4.0: Жаңа қаржылық құбылыс”, “Техносоциализм. Теңсіздік, жасанды интеллект пен климаттың өзгеруі қалай жаңа әлемдік күн тәртібін қалыптастырады”, “Кеңейтілген кеңістік дәуірі” және басқа да әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болмақ.Сонымен қатар спикерлер қатарында: “РАКУРС” экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов, Brookfield компаниясының басқарушы серіктесі әрі Таяу Шығыс бойынша жетекшісі Жад Эллаун, Goldman Sachs компаниясының серіктесі Рияд Юсуф, BNY Mellon халықаралық бөлімінің басшысы әрі аға атқарушы вице-президенті Хани Каблави, Janus Henderson Investors компаниясының Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азия бойынша жетекшісі Мешаль Джабер Әл-Фарас, сондай-ақ жеке бизнес, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың басқа да жетекшілері бар.Биылғы форумның ерекшелігі AFD Exhibition Hub – Astana Finance Days бірыңғай көрме платформасы болмақ. Ол капитал және цифрлық инновациялар нарығында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді және оң шешімдерді көрсетуге, нарықтағы позицияны жақсартуға және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға арналған кеңістікті ұсынады.Форум ұйымдастырушысы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Global Financial Centres Index рейтингіне сәйкес Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы. Astana Finance Days 2025 алтын серіктестер: Freedom Broker және KAZ Minerals, күміс серіктестер: Solidcore Resources, ITS және MYD Production, қола серіктестер: ERG, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, өнеркәсіптік серіктес Allur және басқаларының қолдауымен өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1059961?lang=kk
Кёнсан-Намдо провинциясы әкімдігінің өкілдерімен кездесу 25.08.2025
🇰🇿🤝🇰🇷Пусан қ., 2025 жылғы 21 тамыз - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығында Кёнсан-Намдо провинциясы губернаторы аппаратының өкілдерімен кездесу өтті.Кёнсан-Намдо провинциясы Корея Республикасындағы ең ірі әрі өнеркәсіптік тұрғыдан озық дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Мұнда кеме жасау, машина жасау, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы жетекші кәсіпорындар шоғырланған.Аталған кездесу біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер мен келешектерді айқындайды.🇰🇿🤝🇰🇷Пусан, 21 августа 2025 года - В Генеральном консульстве Республики Казахстан в г. Пусан состоялась встреча с представителями руководства администрации провинции Кёнсан-Намдо.Провинция Кёнсан-Намдо является одним из крупнейших и наиболее индустриально развитых регионов Республики Корея, где сосредоточены ведущие предприятия судостроительной, машиностроительной, аэрокосмической и оборонной промышленности.Данная встреча открывает новые возможности и перспективы для дальнейшего развития сотрудничества между нашими странами🇰🇿🤝🇰🇷Busan, August 21, 2025 – The Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan hosted a meeting with representatives of the administration of Gyeongsangnam-do Province.Gyeongsangnam-do is one of the largest and most industrially developed regions of the Republic of Korea, home to leading enterprises in the shipbuilding, mechanical engineering, aerospace, and defense industries.This meeting opens up new opportunities and prospects for the further development of cooperation between our two countries.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1056163?lang=kk
Алматы облысында ұстаздардың тамыз кеңесі өтті 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы басым бағыттарды айқындады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Облыста бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.«Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деді облыс әкімі.Биыл Алматы облысының білім саласына 487,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа білім нысандарын салуға, педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталуда.Президенттің тапсырмасына сәйкес, облыстағы 35 мыңнан астам педагогтің жалақысы екі есеге дейін өсті. Жергілікті бюджеттен жалақы қорына 238,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 28 923 мұғалімге біліктілік санаты үшін 34,2 млрд теңге қосымша ақы төленуде.Әкімнің айтуынша, оқушылар саны жыл сайын 10-12 мыңға артып отырғандықтан, мұғалім тапшылығы мәселесін шешу өзекті. Бұл ретте жыл сайын педагогтердің жалақы қорына қосымша 6 млрд теңге бөлініп келеді. Биыл үздік мамандарды тартуға арнайы 200 млн теңге қарастырылған.Мектепке дейінгі тәрбие саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы бұл бағытқа 69,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірде 1168 балабақша жұмыс істейді, оның 997-сі – жекеменшік. Алайда, әкім атап өткендей, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру әлі де басты міндеттердің бірі болып отыр.«Балабақшадағы кадр сапасын көтеру келешектің кепілі. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен шығармашылық әлеуетін дамыту білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы облысында білім саласын дамытуға, ұстаздардың жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056165?lang=kk
Алматы облысында ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту шеңберінде медициналық кадрларды тарту жұмыстары жалғасуда 25.08.2025
Алматы облысы, 2025 жылғы 22 тамыз — «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы өңірге медициналық кадрларды тарту және оларды тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда.Облыс әкімдігі тарапынан ауылдық елдімекендерге және аудандық маңызы бар қалаларға келген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. 96 дәрігер мен 99 орта медицина қызметкеріне жалпы сомасы 67,3 млн теңге көлемінде көтермелеу төлемі берілді. Сонымен қатар, аса тапшы мамандық иелеріне 8,5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз көмек қарастырылған.қарастырылған.“Бүгінде Алматы облысы бойынша 76 дәрігер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін біз жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз. Оларға тұрғын үй алу үшін несие беру, жалдамалы пәтермен қамту, коммуналдық төлемдерді өтеу сияқты шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, резидентураға қабылданып жатқан жас мамандар саны жыл сайын артып келеді. Бұл – болашақта өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттырудың маңызды қадамы,” — деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Басқарма басшысының айтуынша, кадр мәселесін шешуде медициналық оқу орындарымен байланыс күшейтіліп, бос жұмыс орындар жәрмеңкелері тұрақты өткізіліп отырады. 2024–2025 оқу жылында 70 резидент жергілікті бюджет есебінен білім алып жатыр. 2025 жылы 55 түлек оқуын аяқтап, өңірге қызметке кіріседі деп күтілуде.Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын шетелдік мамандардың қатысуымен оқыту курстары ұйымдастырылып, жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінеді.“Біздің мақсатымыз – әрбір ауыл тұрғынына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Бұл жолда медициналық кадрлармен қамтамасыз ету басты басымдықтың бірі болып қала береді,” — деп түйіндеді Ержан Сүлейменов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1056168?lang=kk
Клиникада Медеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері үшін онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті 25.08.2025
2025 жылғы 23 тамызда Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі аппараты мен «Алматылық аймақтық көпсалалы клиникасы» ШЖҚ КГП арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жатыр мойны обыры (ЖМО) мен сүт безі обырының (СБО) алдын алу бойынша Ашық есік күні ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – онкоскринингтің маңыздылығы және қатерлі ісіктерді ерте анықтау туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру.Акция аясында:• 16 мамандық бойынша кеңес беру қызметі көрсетілді;• 11 ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізілді;• 12 маммография жасалдыМұндай профилактикалық іс-шаралар онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтауда маңызды рөл атқарады, бұл емдеудің тиімділігін арттырып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартады.Алматы аймақтық көпсалалы клиника мен Медеу ауданы әкімдігі тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында бірлескен жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1056170?lang=kk
«Жүйелі өзгерістердің негізі қаланды» – халықаралық сарапшы Су ресурстары және ирригация министрлігінің су саласын трансформациялау бағытындағы жұмысын жоғары бағалады 25.08.2025
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы директоры Динара Зиганшина Қазақстандағы су шаруашылығы саласын трансформациялау бағытындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады.«Министрліктің құрылуы судың Қазақстан үшін басым маңызға ие екенін көрсетеді. Қазірдің өзінде ауқымды өзгерістер байқалып отыр. Бұл – гидротехникалық құрылысжайларды жаңғырту бағдарламасы, су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру, цифрлық мониторинг пен есепке алуды енгізу, кадрлардың біліктілігін арттыру мен су саласы қызметкерлерін материалдық ынталандыру бойынша кең көлемді бағдарлама. Сондай-ақ трансшекаралық су қатынастарының дамуы да оң бағытта жүріп жатыр. Бұл – ұзақ мерзімді үдеріс, дегенмен болашақ дамуға негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасы қазірдің өзінде қаланды», – деді МСШҮК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Динара Зиганшина.Сарапшының айтуынша, министрлік енгізіп жатқан өзгерістер су саласының барлық даму бағытын қамтып отыр.«Жүйелі және кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған дәлел болатын мысалдар да жеткілікті. Соның ішінде экологиялық бағытты күшейткен жаңа Су кодексінің қабылдануы, одан кейін қабылданған әдістемелік ұсыныстар – соның айғағы. Меніңше, министрлік бұл бағытта үйлестіруші ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Жалпы өзгерістер барлық бағытта жүріп жатыр. Ең маңыздысы – қабылданып жатқан шешімдер жүйелі әрі кешенді, және олардың алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде көріне бастады», – деп атап өтті сарапшы. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация МинистрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1056179?lang=kk
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласын дамыту жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін семинар өткізіп жатыр 25.08.2025
Астанада Ислам даму банкі бес күндік семинар өткізіп жатыр. Семинарда сатып алу, қаржыны басқару, адалдық пен этика мәселелері қозғалуда. Бұл іс-шараны Ислам даму банкінің Аймақтық хабы ұйымдастырып отыр. Мақсат – халықаралық қаржы институты қаржыландыратын жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру, сондай-ақ сатып алу мен келісімшарттар рәсімдеріндегі ашықтық пен сенімді нығайту.Банк қолдауымен Қазақстанда «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы іске асырылып жатқанын еске сала кетейік. Жобаның бірінші кезеңінде үш жаңа су қоймасы салынып, екі су қоймасы мен 156 канал реконструкциядан өтеді. Бұл жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астанада жүргізіледі.Семинарға қатысушылар банк ұсынған жаңа сатып алу ережелерімен, кеңесшілер мен мердігерлерді іріктеу рәсімдерімен, келісімшарттарды басқару және шағымдарды қарау тетіктерімен танысады. Сонымен қатар адалдықты сақтау, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мәлімет берушілер мен куәгерлерді қорғау саясатына да ерекше назар аударылады.Іс-шараға мемлекеттік органдардың, орындаушы агенттіктердің, тендер өткізуге жауапты комитеттердің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін кеңесшілер мен мердігерлер қатысып жатыр. 22 тамызда, семинардың соңғы күнінде, жекеменшік секторға арналған арнайы сессия өтеді. Онда бизнес қауымдастық ИДБ-нің тендерлеріне қатысу мүмкіндіктері мен ашықтық пен этика стандарттарын қамтамасыз ету талаптарымен танысады.«Семинарға 40-тан астам адам қатысып жатыр. Оның ішінде Су ресурстары және ирригация министрлігі мен басқа да уәкілетті орган өкілдері бар. Соңғы күні мердігер компанияларға арналған арнайы семинар өтеді. Бірлескен жобалар Ислам даму банкінің ережелері бойынша қаржыландырылады және барлық рәсім ұйымның регламентіне сай болуы керек. Бұл семинар Қазақстанның ИДБ-мен бірлескен жобаларын сапалы іске асыруына ықпал ету мақсатында өткізіліп отыр», – деді «SK Water Solutions» ЖШС комплаенс-офицері Айдын Саттаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1056184?lang=kk
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері қарқынды дамып келеді: биыл 455 МВт болатын 9 нысан іске қосылады 25.08.2025
Мемлекет басшысы өз Жолдауында, әсіресе жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудара отырып, жасыл экономиканы басымдықпен дамыту қажеттігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласын белсенді дамытып, тұрақты энергетикалық трансформация бағытын күшейтіп келеді.Бүгінде елімізде жалпы қуаты 3122 МВт болатын 156 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр. Өткен жылы ЖЭК арқылы өндірілген электр энергиясының көлемі 7,58 млрд кВт·сағатты құрап, жалпы өндірістің 6,43%-ын қамтыды.2025 жылы жалпы қуаты 455 МВт болатын 9 жаңа нысанды іске қосу жоспарланған. Оның үшеуі (90 МВт) қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Қазақстан шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс істеуде. Қазіргі таңда олардың инвестициялық жобалар портфелі шамамен 4,8 ГВт-ты құрайды. Жоспар бойынша 2035 жылға дейін елімізде кемінде 8,4 ГВт ЖЭК қуаты іске қосылады.Сонымен қатар шағын көлемдегі электр өндіру саласы да дамып келеді. Нетто-тұтынушылар механизмі азаматтар мен бизнес өкілдеріне өздерінің күн немесе жел электр станцияларын қолданып, артық энергияны электр желісіне сатып, табыс табуға мүмкіндік береді. 2024 жылы мұндай келісімшарттардың саны 47-ден 103-ке жетті. Ал шағын нысандардың жалпы қуаты 6,2 МВт-қа дейін артты.Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына жоспарлы түрде ілгерілеп, энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып келеді. ЖЭК жобаларын жүзеге асыру — энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және заманауи «жасыл» экономиканы қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1056196?lang=kk
Қазақстан цифрландыру саласында Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілеріне оқыту жүргізеді 25.08.2025
Қазақстан цифрландыру саласында Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілеріне оқыту жүргізедіАстана, 2025 жылғы 25-27 тамыз – ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі "KOICA" кореялық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп "Достық-Цифрландыру" бағдарламасы шеңберінде семинар өткізеді.Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген мемлекеттік қызметшілер қатысады. Бағдарлама жасанды интеллект, электронды үкіметтегі инновациялар, мемлекеттік басқару реформалары, әлеуметтік инновациялар, ашық деректер мен интеграция бойынша дәрістер мен практикалық семинарларды қамтиды.Цифрландыру деңгейі бойынша Орталық Азияда көш бастап тұрған Қазақстан әріптес елдермен осы саладағы үздік тәжірибелерімен және табысты кейстерімен бөліседі. Семинар Оңтүстік Кореядан келген қазақстандық жетекші сарапшылар мен шақырылған мамандардың қатысуымен Astana Hub базасында өтуде.Бағдарламаға қатысу KazAID грантының арқасында өтеусіз негізде ұсынылады, ал шетелдік қатысушылар үшін Астана бойынша мәдени бағдарлама көзделген."Қазақстан бүгінде өңірде цифрландыру бойынша көшбасшы орынға ие және біз бұл тәжірибемен бөлісе алатынымызға қуаныштымыз. Дамуға ресми көмек көрсету аясында біз білімімізді жеткізіп қана қоймай, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтамыз", - деді KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1056239?lang=kk
Казахстан выходит на туристическую карту Сабаха 25.08.2025
Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев туризм және мәдениет салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау мақсатында Сабах штатының Туризм кеңесінің төрағасы Джонистон Бангкуаймен кездесу өткізді.Сабах — Малайзияның Борнео аралында орналасқан штаты, бұл оны елдің негізгі бөлігі орналасқан Малакка түбегінен географиялық және мәдени тұрғыда ерекшелендіреді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сабахтың туристік өнімдерін бірлесіп ілгерілету, Сабах Туризм кеңесі (Sabah Tourism Board, STB) мен қазақстандық туроператорлар арасындағы үйлестіру арқылы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын қарастырды.Ауылдық, экологиялық, мәдени және шытырман туризм сияқты бағыттарда тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Бұл салаларда Қазақстан мен Сабахтың табиғи және этномәдени ресурстары, соның ішінде көшпелі мәдениеттің бай мұрасы бар.Елші Б.Сүгірбаев туристік салада біліммен белсенді алмасуға және екіжақты әріптестікті нығайтуға дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде Сабах билігі тұрақты байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді.Дж. Бангкуай Сабах штаты Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнату мүмкіндігіне қуанышты екенін айтты. Ол Сабахтың тұрақты туризм бағыты ретінде өзін дәлелдегенін және Қазақстанмен тәжірибе алмасу екі тараптың да туристік ұсынысын байыта түсетініне сенім білдірді.Жоспарланған ынтымақтастық аясында қазан айының ортасында Сабахтың басты туристік алаңдарында қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт өткізу жоспарлануда.Сабахпен ынтымақтастықты нығайту өзара туристік ағындардың өсуіне, мәдени алмасудың артуына және Қазақстан мен Малайзия арасындағы өңіраралық байланыстардың кеңеюіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1056245?lang=kk
Білім беру саласындағы негізгі басымдықтар белгіленді 25.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы басым бағыттарды айқындады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Облыста бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.«Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деді облыс әкімі.Биыл Алматы облысының білім саласына 487,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа білім нысандарын салуға, педагогтердің әлеуетін арттыруға бағытталуда.Президенттің тапсырмасына сәйкес, облыстағы 35 мыңнан астам педагогтің жалақысы екі есеге дейін өсті. Жергілікті бюджеттен жалақы қорына 238,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 28 923 мұғалімге біліктілік санаты үшін 34,2 млрд теңге қосымша ақы төленуде.Әкімнің айтуынша, оқушылар саны жыл сайын 10-12 мыңға артып отырғандықтан, мұғалім тапшылығы мәселесін шешу өзекті. Бұл ретте жыл сайын педагогтердің жалақы қорына қосымша 6 млрд теңге бөлініп келеді. Биыл үздік мамандарды тартуға арнайы 200 млн теңге қарастырылған.Мектепке дейінгі тәрбие саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы бұл бағытқа 69,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірде 1168 балабақша жұмыс істейді, оның 997-сі – жекеменшік. Алайда, әкім атап өткендей, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру әлі де басты міндеттердің бірі болып отыр.«Балабақшадағы кадр сапасын көтеру келешектің кепілі. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен шығармашылық әлеуетін дамыту білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы облысында білім саласын дамытуға, ұстаздардың жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056259?lang=kk
Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы қарқын алды 25.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруді, үш ауысымды оқытуды жоюды және оқушы орындарының тапшылығын шешуді Үкіметке нақты тапсырған еді. Осы мақсатта елімізде қолға алынған «Келешек мектептер» ұлттық жобасы Алматы облысында жүйелі жүзеге асырылып жатыр.Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі білім беру саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Президенттің тапсырмасына сәйкес, басты міндетіміз – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Облыс бойынша 24 900 орындық 26 «Келешек мектептің» құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 10 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған нысандар да оқушыларға есігін айқара ашады. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай қысқарады», – деді облыс әкімі.2022–2025 жылдар аралығында Алматы облысында 45 325 орындық 50 жаңа мектеп салынды. Бұл көрсеткіштің арқасында үш ауысымды білім ошақтарының саны 52-ден 30-ға дейін азайды. Бұған қоса, соңғы үш жыл ішінде 73 мектеп пен білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтті.Дегенмен, кейбір мердігер ұйымдардың жұмысты уақытында аяқтамауына байланысты төрт нысанда Талғар ауданының Белбұлақ және Нұра ауылдарындағы мектептерде, Қонаев қаласындағы №4 мектеп пен облыстық мектеп-интернатта жөндеу жұмыстары кешігіп отыр. Бұл бойынша жауапты мердігерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданып, сотқа жолданған.Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы толық орындалғанда, үш ауысымды білім беру түйткілі түбегейлі шешіліп, оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігі арта түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056273?lang=kk