Enbekshi QazaQ

Қоғам

LAYS чипстеріне арналған картоп Райымбек ауданында өсіріледі 03.08.2025
Райымбек ауданының аңғарында енді LAYS чипстерін өндіруге арналған арнайы картоп өсірілмек. Бұл жұмыспен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын өңірдегі аграрлық саланың дамуына жаңа серпін беріп отыр.Бүгінде серіктестік 150 гектар алқапқа картоп егіп, суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясын қолдануда. Сонымен қатар, Қарой жазығында 1500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген.Кәсіпорында 20-дан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Егіс науқаны кезінде жұмыс орындарының саны арта түседі.Маңызды жетістіктердің бірі — халықаралық PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, чипске арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізу. Бұл тұқымдар шетелден жеткізіліп, Райымбек ауданының аңғарында өсіріледі. Өнім сапасы білікті агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.Картоп пен дәнді дақылдарды өңдеуге арналған заманауи 20-ға жуық техника іске қосылған. Өнім Алматы облысы мен Алматы қаласына жеткізіледі, ал арнайы тұқымнан алынған картоп PEPSICO компаниясына жөнелтіледі.Жалпы, Райымбек ауданында биыл 13 200 гектар жерге дәнді дақылдар, 2 500 гектарға картоп егу жоспарланған.Бұл – өңір ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық нарыққа шығуға бағытталған нақты қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044825?lang=kk
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Белозеровтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті 03.08.2025
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Дмитриевич Белозеровты 100 жасқа толуымен салтанатты жағдайда құттықтады. Бұл айтулы күн тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл офицерлік қауымдастық үшін де маңызды оқиға болды.Ардагерді мерейтойымен құттықтау үшін оның үйіне Бостандық аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың әскери қызметшілері, полковник Арман Тұрғанбаевтың жетекшілігімен келді. Оларға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың өкілдері қосылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хаты табысталды. Сондай-ақ, әскери оркестр соғыс жылдарының әуендерін орындап, мерейтой иесіне ерекше әсер сыйлады.Владимир Дмитриевич 1925 жылы 3 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол теміржол училищесінде оқып жүрген. 1943 жылы, небәрі 17 жасында, әскер қатарына шақырылып, Барнауыл жаяу әскер училищесіне түскен. Алайда оқуын аяқтамай, майданға жіберіледі. Ол 3-Украин майданының 92-гвардиялық дивизиясына қарасты 280-атқыштар полкінің құрамында шайқасты. Алғашқы ұрыстарын Украина жерінде бастан кешіріп, ең ауыр сынақтардың бірі – Днепр өзенінен өту кезінде басынан ауыр жарақат алған. Ұзақ емделуден кейін денсаулығына байланысты әскерден босатылады.Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Владимир Белозеров «Қызыл Жұлдыз» және екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейін Мәскеу индустриалдық институтын тәмамдап, Алматыдағы құрылыс материалдары комбинатында цех бастығы болып ширек ғасырдан астам еңбек етті.Бүгінде мерейтой иесі белсенді өмір сүруде: күнделікті дене шынықтырумен айналысады, жиі серуендеп, шахмат ойнайды, ақыл-ойы сергек, рухы мықты. Әскери қызметшілер мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері Владимир Дмитриевичке тұрақты түрде келіп, оның Жеңіске қосқан үлесі мен Отанға адалдығына алғыс білдіріп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1044833?lang=kk
Балқаш ауданында 3,4 мың тоннадан астам астық жиналды 02.08.2025
Балқаш ауданының диқандары 1900 гектарға жуық астық алқабын орып бітірді. Орташа өнімділік — гектарынан 18 центнер. Бүгінгі таңда 3400 тоннадан астам астық жиналып, бұл өңір үшін жақсы нәтиже саналады.«Биыл алғаш рет тыңайтқыш шашуға дрон қолдандық — бірден әсері білінді», — деп бөлісті ауданның бас агрономы Бекболат Қалдыбаев.Аудан заманауи агротехнологияларға басымдық беріп отыр. Қазірдің өзінде өнімділікті арттырып, климатқа төзімділікті күшейту үшін цифрлық шешімдерді кеңейту мәселесі қарастырылуда.Қысқа 6 мың тоннаға жуық шөп дайындалдыБалқаш ауданында мал азығын дайындау қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда шамамен 6 мың тонна шөп жиналған. Биыл мал азығы дақылдарына 16 мың гектар жер бөлінді — бұл егістік көлемінің жартысынан астамы.«Қыс маусымын қиындықсыз өткізу үшін бәрін алдын ала есептеп, жоспарлаймыз», — деді аудан әкімінің орынбасары Алмас Есенов.Қысқа дайындық — ауыл тұрғындары үшін басты міндеттердің бірі. Билік өкілдері фермерлерге субсидия мен техника арқылы қолдау көрсетілетінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044790?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті 02.08.2025
2025 жылғы 2 тамызда Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, қоршаған ортаны қорғау ісіне бейжай қарамайтын мыңдаған азаматты біріктірді.Сенбілікке барлығы 28 977 адам қатысты. Оның ішінде 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 ерікті және 15 534 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 28 арнайы техника бірлігі тартылды.Экологиялық акция барысында қатысушылар 95 гектар аумақты тазалап, 108 тонна қоқыс жинады. Барлық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.Аталған шара халықтың экологиялық мәдениетінің жоғары екенін және жергілікті билік, еріктілер мен тұрғындардың үйлесімді әрекет етуінің тиімділігін көрсетті. Мұндай сенбіліктер тек аумақтың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.Алдағы уақытта да Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасып, бұл іске одан да көп тұрғындар мен ұйымдар тартылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044785?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің әскери колледждеріне құжаттарды қабылдау басталды 02.08.2025
ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылатын бес білім беру мекемесі бар.Бұлар – Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж, Шымкент қаласындағы Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж, Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж және Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі.Онда 9 сынып базасында оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Денсаулық жағдайы бойынша жарамды үміткерлер колледжге 1-5 тамыз аралығында құжаттарды тапсыру үшін келеді. Қабылдау 5-20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.Осы кезеңде өтініш берушілер кәсіби-психологиялық іріктеуден, түпкілікті медициналық куәландырудан, нормативтер бойынша дене дайындығын тексеруден өтеді. Соңғы кезең конкурстық іріктеу мен қабылдауды қамтиды.Аттестаттың орташа балы кемінде 3 болатын білімі туралы құжаты бар, емханада медициналық тексеруден өткен оқуға түсушілер оқу орнына 30 шілдеге дейін келеді.Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі 11 сынып базасында кәсіби сержанттар дайындайды. Бұл жағдайда оқу бір жыл 10 айға созылады.Конкурстан тыс қабылдау құқығын әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру кезінде хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары, «Алтын белгі» белгісімен марапатталған кандидаттар, соңғы үш жылдағы халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға қатысушылар және спорттық жарыстардың жеңімпаздары пайдаланады.Әскери колледжге қабылдау конкурсын өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, әскери даярлық жөніндегі қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының түлектеріне басымдық беріледі. «Дене шынықтыру және әскери істегі спорт» мамандығы бойынша әскери-спорт колледжіне оқуға түсу кезінде спорт шебері, спорт шеберіне кандидат спорттық атақтары, соңғы үш жылда олимпиадалар мен спартакиадалардың чемпионы атанған жастарға артықшылық беріледі.Қабылдау кезеңінде талапкерлер оқу орнының аумағына орналасады және тамақпен қамтамасыз етіледі. Әскери колледжге қабылданғандар оқуға 29 тамызға дейін келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1044784?lang=kk
Қоғамдық қорғаушы тергеу изоляторында отырған ұлына тыйым салынған затты бермек болғаны үшін әшкереленді 02.08.2025
Астаналық тұрғынды зорлады деген күдікке іліккен адамның анасы, яғни қоғамдық қорғаушы, тергеу изоляторында отырған ұлына келуге келген. Кездесу барысында ол ұялы телефонды аяқ киімінің табанына жасырып, оны ұлына беруге тырысқан. Бұл құқықбұзушылық бейнебақылау камералары арқылы тіркелді.Аталған азаматшаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде ескерту жасалып келе жатқанына қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды режимдік нысандар аумағына өткізбек болып, заң бұзушылықтарға жол беруді жалғастыруда.Мәселен, Павлодар қаласындағы тергеу изоляторында қызметкерлер ұялы телефон, қуаттағыш құрылғы мен құлаққапты өткізу әрекетінің жолын кесті. 39 жастағы тергеудегі азаматқа арналған сәлемдемені тексеру кезінде техникалық құрылғылар торттың ішіне жасырып қойылғаны анықталды. Сәлемдеме әкелген Павлодар тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.Осыған ұқсас оқиға Қызылорда қаласында да тіркелді: сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер кір сабынның ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты.– Кездесуге келетін барлық азаматтарға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылғаны түсіндіріледі. Мекемелерде орнатылған рентген-аппараттар арқылы ұялы телефон, есірткі және психотроптық заттарды жылдам анықтауға болады. Барлық азаматтар міндетті түрде тексеріледі, – деді ҚАЖК режим, қадағалау және күзет басқармасының бастығы Берік Байкенов.Осы жылдың басынан бері ҚАЖ қызметкерлері ұялы телефонды өткізуге бағытталған 346 әрекеттің жолын кесті, 58 литрден астам алкоголь өнімі, 10 килограмнан астам есірткі тәркіленді. Әкімшілік жауапкершілікке 128 азамат тартылды, олардың арасында қоғамдық қорғаушылар мен адвокаттар да бар. Тағы 20-дан астам іс сот қарауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1044768?lang=kk
Ұлттық ұлан сарбазы Абайдың 50 өлеңін жатқа біледі 02.08.2025
Абай күні қарсаңында Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздар рухани мұраны ұлықтауды ұмыт қалдырған жоқ. Мегаполистің тыныштығын күзетіп жүрген қатардағы жауынгерлердің арасында Абай шығармашылығына жастайынан құмар болып өскен жігіттер бар. Солардың бірі – қатардағы Бақытжан Артықбай.Бала күнінен әдебиетке әуес болған Бақытжан бастауыш сыныптан бастап Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жаттап өскен. Кейін республикалық Абай оқуларына қатысып, бас жүлдені қанжығалаған. Бүгінде ол Абайдың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі.– Абайдың сөзі – адамгершілік пен парасаттың мектебі. Қатарыммен сап түзеп, ел тыныштығын күзетіп жүргеніммен, бос уақытымда Абай өлеңдерін қайталап, ішкі жан-дүниемді тәрбиелеуге тырысамын. Оның әр жолынан рухани тереңдік, тәрбие мен тағылым сезіледі, – дейді ұландық.Ұлттық ұлан сапында Абай мұрасын қадір тұтатын тағы бір сарбаз – қатардағы Жұлдызбек Ромашев. Ол да Абай оқуларының республикалық деңгейдегі жүлдегері. Анасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, бала кезінен Абайдың өлеңдеріне қанық болып өскен.Бүгінде қос сарбаз тек әскери міндетпен шектелмей, руханиятқа да үлес қосып жүр. Абайдың асыл сөзін құрбы-құрдастары арасында дәріптеп, өлеңдерін жатқа айтып, елге ой салуда.Айта кетейік, биыл ұлы ақынның туғанына 180 жыл толады. Осы орайда Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде дәстүрлі Абай апталығы мен поэзия кештері ұйымдастырылады. #АБАЙКҮНІ#ДЕНЬАБАЯ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044765?lang=kk
Қазақстан делегациясы Хельсинки Қорытынды актісінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық конференцияға қатысты 02.08.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 31 шілде–1 тамыз – ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Еркін Тұқымов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) негізгі құжаты болып табылатын Хельсинки Қорытынды актісінің қабылданғанына елу жыл толуына арналған "Хельсинки+50" жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты.Финляндияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымен ұйымдастырылған мерейтойлық іс-шараға қатысушы мемлекеттердің, ынтымақтастық жөніндегі әріптестердің, Ұйымның атқарушы құрылымдары мен Парламенттік Ассамблеясының, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың 1000-нан астам өкілдері, оның ішінде қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері қатысты."Мұраны құрметтеу, болашаққа дайындалу" ұранымен өткен Конференция азаматтық қоғамның рөліне ерекше назар аудара отырып, жан-жақты қауіпсіздіктің барлық аспектілері бойынша өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінің мұрасына құрмет көрсетті және маңызды геосаяси сын-қатерлер кезінде оның принциптерінің тұрақты өзектілігін растады.Конференцияны ашқан ЕҚЫҰ-ның Іс-басындағы төрайымы, Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтонен Ұйымның алдында тұрған қиындықтарға қарамастан, Хельсинки принциптері бұзылмайтынын атап өтті. Хельсинки Қорытынды актісінің мұрасы 1990 жылғы Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясында, 1999 жылғы Стамбул еуропалық қауіпсіздік Хартиясында және 2010 жылғы Астана мерейтойлық декларациясында бекітілген тарихи міндеттемелерде өмір сүруді жалғастыруда."Сенімділікті нығайту шараларын ертерек қабылдаудан бастап, өз институттары мен далалық операциялардың жұмысына дейін ЕҚЫҰ қақтығыстардың алдын алуға, демократиялық дамуға, адам құқықтарын сақтауға және жанжалдан кейінгі татуласуға айтарлықтай үлес қосты", - деп атап өтті министр Валтонен.Іс-басындағы төрайым ЕҚЫҰ-ны неғұрлым функционалды және тұрақты ұйым ретінде қамтамасыз етуге шақырды. Осыған байланысты, іс-шара барысында Министр ЕҚЫҰ-ның ерікті қаржыландыруын пайдалануды жақсартуға бағытталған "Хельсинки+50" Қорының іске қосылатынын жариялады.Финляндия президенті Александр Стубб өз сөзінде адамдар, ынтымақтастық және диалог болашақта да еуропалық қауіпсіздіктің орталығында болады деп үміттенді. Ол бұл конференция мен әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың кең өкілдігі Финляндияның әртүрлі деңгейлерде еуропалық қауіпсіздікті нығайтуға деген ұмтылысын айғақтайтынын атап өтті.Конференция аясында Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның болашағы туралы "Хельсинки+50" пікірталастарына қатысты, оның барысында қатысушылар ұйымның функционалдығын жақсарту жөніндегі бастамалар мен ұсыныстарды, сондай-ақ оны дамыту және Хельсинки Қорытынды актісінде белгіленген негізгі қағидаттарға бейілділігін сақтау перспективаларын талқылады.Жалпы, Конференцияға қатысушылар аймақтағы қиын геосаяси жағдайға қарамастан, ЕҚЫҰ инклюзивті диалог пен ұйым кеңістігіндегі дағдарыстық жағдайларды шешу үшін бірегей алаң болып қала беретінімен және қатысушы мемлекеттер арасындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін кең құралдар жиынтығына ие екендігімен бірауыздан келісті.Іс-шара аясында ҚР Президентінің арнайы өкілі Еркін Тұқымов бірқатар кездесулер, соның ішінде ЕҚЫҰ Бас хатшысы Фиридун Синирлиоглумен келісөздер өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1044731?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Білім министрі Наранбаяр Пүрэвсүрэнмен келіссөздері туралы 02.08.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 1 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Білім министрі Наранбаяр Пүрэвсүрэнмен кездесуі өтті.Келіссөздер барысында А.Сейтақынов Қазақстанда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар, ел аумағында жұмыс істеп жатқан жетекші шетелдік жоғары оқу орындары, сондай-ақ шетелдік студенттерге гранттар беру шаралары туралы ақпарат берді. Әңгіме барысында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде, Н.Пүрэвсүрэн Қазақстан Үкіметіне моңғол азаматтарына жыл сайын білім беру гранттарын ұсынғаны үшін алғысын білдіріп, бұл бастама адами капиталды дамытуға және екіжақты қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар бұл бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар белсенді диалогты жалғастырып, серіктестікті тереңдетуге, сондай-ақ білім беру саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар, форумдар, көрмелер, семинарлар мен басқа да бастамаларды өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1044732?lang=kk
Алматы облысы шетелдік БАҚ арасында тұрақты қызығушылық тудыруда 01.08.2025
Тек 2025 жылдың шілдесінде ғана аймаққа Ресей, Италия және Оңтүстік Кореяның түсірілім топтары келді. Журналистер мен тележүргізушілер Шарын каньоны, Қайыңды көлі, Көлсай көлдері, "Nomad" этноорталығы және "Oi-Qaragai" барлық маусымдық курорты сияқты жерлерде жұмыс істеді. Барлық сапарлар Мұқият ұйымдастырылды: көлік, эскорт, логистика және туристік орындарға қол жетімділік қамтамасыз етілді.Түсірілім топтары ұйымның деңгейіне толығымен риза болды. Аймақ туралы эпизодтар осы күзде және қыста Ресейде, Италияда және Оңтүстік Кореяда көрсетіледі, бұл Алматы облысының туристік әлеуетін халықаралық ілгерілетуге ықпал ететіні сөзсіз, — деп хабарлады өңірдің Туризм басқармасы.Оңтүстік Кореяның түсірілім тобы Алматы облысының ең көрікті жерлерін аралады. Екі күннің ішінде команда каньондардан өтіп, тауларға көтеріліп, ауыл өмірінің атмосферасына түсті. Мұның бәрі Оңтүстік Кореяның миллиондаған көрермендері осы күзде көретін танымал реалити-шоудың бөлігі.2025 жылғы 26-27 шілдеде Channel s телеарнасының түсірілім тобы Алматы облысында болды, онда "достарының көмегінсіз өз есебінен сапар" жобасының эпизодтарын түсірді. Шоуға қатысушылар Шарын каньонына, Көлсай көлдеріне, Қайыңды көліне және Саты ауылына барып, көрермендерге қазақстандық табиғаттың барлық күші мен сұлулығын көрсетті.Түсірілімге Оңтүстік Кореяның режиссері, операторы, үйлестірушісі және актерлері қатысты. Қонақтарды қабылдау және маршрутты ұйымдастыру жоғары деңгейде болды: өңірдің туристік ақпараттық орталығы ыңғайлы көлік, сүйемелдеу және толық логистикалық қолдау көрсетті. Сапардың барлық кезеңдері кесте бойынша өтті.Түсірілім Шарын қаласындағы Қамал алқабында серуендеуден басталды, содан кейін команда Саты ауылында түнеп, жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен дәстүрлерімен танысты. Келесі күні қонақтар Көлсай мен Қайыңдыға барып, бірегей табиғи ландшафттар мен туристік инфрақұрылымды түсірді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оңтүстік Корея жағы сапарға толығымен риза болды. Кадрлар 2025 жылдың күзінде Channel s арнасында көрсетіледі. Қазақстандық табиғатты шетелде миллиондаған көрермендер көреді-бұл Алматы облысын халықаралық экологиялық және этномәдени туризм орталығы ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044699?lang=kk
Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды нығайтып, стратегиялық диалогты жалғастыруда 01.08.2025
Чолпон-Ата, 2025 жылғы 1 шілде – Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға ресми сапармен барды.Сапар аясында М.Нұртілеуді Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.Қырғыз басшысы екіжақты форматтағы одақтастық байланыстар мен стратегиялық серіктестіктің тереңдеп келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, көпжақты алаңдардағы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дәстүрлі жоғары деңгейін ерекше атап өтті.Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен сәлемін жеткізді.Тараптар екі ел арасындағы көпжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, Қазақстанның бауырлас Қырғызстанмен жан-жақты одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.Келешекте Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасайтын ресми сапарына дайындық жұмыстарының негізгі аспектілері талқыланды.Кездесу соңында Қырғызстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін оң бағалап, олардың мазмұндық тұрғыда одан әрі дамуына мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1044664?lang=kk
Абай Құнанбайұлының 180 жыл толуына орай 10 күндік іс-шаралар легі бастау алды 01.08.2025
Бүгін, Жетісу облыстық «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілеріне арнап «Абай – қазақтың ұлы тұлғасы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға Абай мұрасын таныстыру, оның шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру және тұлғалық дамуына ықпал ету болды.Кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптар, өлең жинақтары, қара сөздері, ақын туралы жазылған зерттеу еңбектер мен заманауи көркем әдебиеттер қойылды.Шара барысында  кітапханашы Айнұр Иманбаева библиографиялық шолу жүргізіп, әрбір кітаптың мазмұны, тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні жайлы кеңінен әңгімеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1044570?lang=kk
Алдын ала шешімді қабылдау бойынша «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: мүдделі тұлғалар үшін өзгерістер 01.08.2025
«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдауын (бұдан әрі – шешім) енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.2025 жылғы 28 шілдеден бастап шешімді қабылдауға өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 25 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде шешімдерді қабылдау өтініштердін қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/63080 – өтініш берушілер үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1044556?lang=kk
Теміржолшылар күні қарсаңында 01.08.2025
       Теміржолшылар күні қарсаңында Курчатов қаласының әкімі Болат Тансықбаевич Абдраліев «Балапан Көлігі» ЖШС-не барды.Темір жол — ел инфрақұрылымының маңызды бөлігі және экономиканы дамытудың негізі. «Балапан Көлігі» компаниясы көлік логистикасы саласындағы тиімді әрі жауапты жұмыстың жарқын үлгісі болып табылады. Кәсіпорын тұрақты тасымалды қамтамасыз етіп, өңірлерді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Болат Тансықбаевич компанияның қызметкерлері мен ардагерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық, табыс және амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1044526?lang=kk
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановты қабылдады 01.08.2025
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынылды.Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-korganys-ministri-dauren-kosanovty-kabyldady-173049  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1044489?lang=kk
2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімін алдын ала бағалау 5%-ға дейін арттыру жағына қарай қайта қаралды 01.08.2025
ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5%.Бұдан бұрын, ЖІӨ өсуі алдын ала 4,8%-ға бағаланған. ҰСБ ақпараты бойынша, 2024 жылғы экономикалық өсу едәуір деңгейде мұнайға жатпайтын сектордың дамуы арқылы қамтамасыз етіліп отыр.Тауар өндірісі 6,3%-ға артып (алдын ала дерек -5,5%), қызмет көрсету секторы 4,6%-ға өсуді көрсетті. Өзекті фактордың бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 6,8%-ға (бұрын -5,9%) өсуі. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын - 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын - 13,3%) айтарлықтай үлес қосты.Байланысты салалар да оң серпін көрсеткен. Ішкі сауда көлемі 8,9%-ға (бұрын - 8,8%), көлік пен қоймалау қызметі 9,4%-ға (бұрын - 8,5%) артты.Қол жеткізілген нәтиже нақты секторды қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен қаржы құралына қол жеткізуді арттыру шарасының арқасында жүзеге асты.Экономикалық саясатты кешенді іске асыру ішкі сұранысты нығайтуға, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне, өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал етті.Осылайша, маңызды салалардағы, әсіресе, тау-кен өнеркәсібінің (12%) үлесінен асып түсетін ЖІӨ 12,4%-ы —өңдеу өнеркәсібіндегі оң серпін есебінен экономиканың одан арғы орнықты өсуі мен әртараптандырылуына негіз жасалды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1044189?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1044496?lang=kk
2025 жылдың 31 шілдесінде аудан әкімдігінің отырысы өтті. 01.08.2025
Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында мәселелер қаралды:1. Жақсы ауданының 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы;2. 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы Жақсы ауданы бюджетінің атқарылу қорытындылары туралы.Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті. Кеңес күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:1. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1044463?lang=kk
Ағымдағы жылдың 1 тамызында аудан әкімі А. Қадыралинаның төрағалығымен 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізілді. 01.08.2025
Кеңес барысында аудан статистика Басқармасының м.а. Ж. Нұрғалиеваның ақпараты тыңдалды.Кеңес қорытындысы бойынша орындау үшін тиісті ұсынымдар берілді.Ауыл шаруашылығы санағы — бұл аграрлық сектордың жай-күйі туралы сенімді ақпаратты жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған ауқымды статистикалық бақылау. Ол ауыл шаруашылығының негізгі аспектілерін қамтиды: егіс алқаптары, мал басы, шаруашылықтардың құрылымы мен типі, материалдық-техникалық жабдықтау деңгейі және саладағы халықтың жұмыспен қамтылуы.Санақ 2025 жылы өткізіледі және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық негізгі санаттарын қамтиды: заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы салаларындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ауылдық және қалалық жерлерде жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) (ауыл шаруашылығы қызметі жүйелі емес сипатта болатын республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары мен саяжай учаскелері ерекшелік болып табылады).Деректерді жинау екі жолмен жүзеге асырылады:* с 2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында — sanaq.gov.kz — веб-порталы арқылы (нысандарды өз бетінше толтыру);* с 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін — онлайн-санақтан өтпеген ЖҚШ-ны интервьюерлермен жеке аралау кезінде.Сонымен қатар, 2025 жылғы маусымда қалаларда респонденттердің іріктемесін қалыптастыру үшін листинг — алдын ала аралау жүргізілетін болады.Ауыл шаруашылығы санағы – бұл әр шаруашылықтың елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1044474?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің2025жылғы 1 шілдедегіинвестициялық портфельдеріне шолу 01.08.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика–Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 шілдедегіжағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 001,78 млрдтеңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 23 474,82 млрд теңге[1] болды.ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 462,20 млрдтеңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 64,76млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 шілдегеМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,71%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,02%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,18%, ҚРҰБдепозиттері – 1,29%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,73%, МҚҰ - 1,20%.2025 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,33%, АҚШ долларымен – 41,66%.Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы шілдеден  бастап 2025 жылғы маусымды қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,53 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік –12,22%, инфляция мөлшері - 11,80%.2025 жылғы 1 шілдедегіЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,04%, ҚРҰБ депозиттері – 2,62%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,34%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,15% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 64,76 млрд теңгеден асады.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,24 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,35%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,58%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,29%, РЕПО – 13,98%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,42%, МҚҰ - 6,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,25%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,57%. Атап кетейік, портфельдің 66,16% теңгемен, 32,42% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 шілдесіндегіжағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,07% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.07.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,84 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 37,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,43%,ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 11,94%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,28%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,62%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,85%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,04%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,44%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 74,82%, АҚШ долларымен 25,18% тең.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,08% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,77млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,67%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,25%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,43%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,73%, РЕПО – 9,71%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,13%, АҚШ долларымен 24,87%.2025 жылдың 1 шілдесіндегіжағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі12,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,50 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға 19,62%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 26,33%,квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,38%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына– 6,22%,РЕПО – 2,36%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,10% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,57%, АҚШ долларында – 32,43% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,60% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 шілдедегіжағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,41 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,38%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,06%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,71%,шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,90%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,55%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 58,02%, АҚШ долларында – 41,98% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,67% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).      [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1044433?lang=kk
Алматы облысында 31 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері Ұлттық санақтан өтеді 01.08.2025
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан. Санақ барысында ауыл шаруашылығы саласындағы нақты жағдайға қатысты маңызды деректер жиналады: өндіріс көлемі, техникамен қамтамасыз етілуі, мал басы, жер пайдалануы және тағы басқа көрсеткіштер.– Ауыл шаруашылығы санағы – елдің аграрлық саясатын дұрыс жоспарлау үшін қажет. Әрбір фермердің жауабы субсидиялар, техника және инфрақұрылым бөлу сияқты нақты шешімдерге ықпал етеді, – дейді Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.Санақ 31 тамызға дейін sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде өтеді. Қатысу үшін ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Онлайн формат – уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, мәліметтерді жылдамырақ жинауға және өңдеуге жол ашады.Алматы облысында 1700-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен 29 мыңға жуық шаруа қожалығы және жеке кәсіпкер қамтылады.Спикердің айтуынша, онлайн форматта өтпеген респонденттерді 20 қыркүйектен бастап интервьюерлер аралайтын болады. Интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін облыс аумағында 151 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті жұмыс істеп тұр.Сауалнамада берілген барлық ақпарат құпия сақталады және тек статистикалық мақсатта пайдаланылады. Техникалық немесе мазмұндық сұрақтар туындаған жағдайда 1446 нөміріне хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044402?lang=kk