Қоғам
1 тамызда қабылдау 10 сыныпта басталады 01.08.2025
2025 жылғы 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында 10-сыныпқа қабылдау жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау 1 тамызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін басталады. Құжаттар қағаз түрінде мектептерде қабылданады.* Қажетті құжаттар тізімі:1. Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші (мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес);2. Медициналық анықтамалар:- № 065/у нысан – «Екпе картасы»,- № 052-2/у нысан – «Бала денсаулығының паспорты»;3. 3х4 см көлемінде 1 дана фотосурет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1044005?lang=kk
Атырау радиосында дала өртінің себептері айтылды 31.07.2025
Атырау радиосында дала өртінің себептері айтылды Бүгін Атырау радиосының тікелей эфирінде Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұғмет Нұртілек Ерболатұлы дала өрттерінің негізгі себептері туралы сұхбат берді. Эфир барысында спикер жаз мезгілінде жиілейтін өрт оқиғалары, оның ішінде құрғақ шөп пен қоқыстарды рұқсатсыз жағу, немқұрайлы әрекеттер мен қауіпсіздік талаптарының сақталмауы секілді басты себептерді атап өтті. Сонымен қатар, алдын алу шаралары мен тұрғындардың жауапкершілігі жөнінде кеңес беріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Атырау қаласы ТЖБАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1043984?lang=kk
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ 31.07.2025
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді. Соның ішінде БАҚ өкілдері тарапынан Білім басқармасына қарасты мектептерге енгізілгелі жатқан аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысы туралы сауалға тоқталды. Ресми өкіл жаңа жүйенің бірнеше артықшылығын атап өтіп, жоба туралы толыққанды ақпарат айтты.Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, биыл Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мектептерге заманауи аппараттық-бағдарламалық кешен орнату жұмыстары басталады. Бұл кешен – білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен цифрлық инфрақұрылымын арттыру мақсатында қолға алынған ауқымды жоба.«Жүйені енгізу барысында әр мектептің интернет желісін пайдалану көрсеткіштері жан-жақты зерттеліп, сарапталды. Бұған дейін мектептерде 150 мбит/сек интернет жылдамдығы қарастырылған болатын. Оның 20 мбит/сек дабыл нүктесіне, 30 мбит/сек бейнебақылау жүйесіне, ал 100 мбит/сек оқу процесіне бөлінген еді. Алайда, сараптама нәтижесінде кейбір мектептерде бар-жоғы 20 мбит/сек қосылып отырғаны анықталды. Жүйенің басты артықшылықтарының бірі – интернет жылдамдығының тұрақты мониторингі. Егер жылдамдық төмендеген жағдайда, мамандар мәселенің себебін жедел анықтап, шешім қабылдайтын болады»,- деді С.Құранбек.Әкім орынбасары бұған қоса, жоба аясында барлық қауіпсіздік жүйелері бір орталықтандырылған кешенге біріктірілетінін, бұған дейін желіні бір компания, бейнебақылау құрылғыларын басқа компания орнатқан болса, енді барлық жүйе өзара үйлесімді жұмыс істейтінін айтты.«ҚР Заңнамасына сәйкес, 100 адамнан астам шоғырланатын нысандар террористік тұрғыдан осал объектілер ретінде тіркеліп, олардың бейнебақылау жүйесі Жедел басқару орталығына тікелей қосылуға тиіс. Қазіргі таңда кейбір мектептерде бұл талап толық орындалмаған. Мәселен, камералар мектептің бір ғимаратында болса, екінші бөлігінде мүлдем жоқ. Мысалы, мектепте оқушының жарақаттану жағдайына байланысты бейнежазбалар болмағандықтан, кей жағдайда себебі анықталмайды. Бұл мәселелерді шешу мақсатында баспалдақ алаңдары сияқты мектептің таса «көлеңке» бөліктеріне де бейнебақылау камералары орнатылады.Жобаны іске асырушы компания жыл соңына дейін шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салуға тиіс. Жалпы 5,5 млрд теңге үш жылға бөлініп, сервистік қызмет негізінде ай сайын төленеді. Бұл соманы Шымкент қаласы мәслихаты бекітіп, биылғы жылғы қаржысы қарастырылған. Сонымен қатар, келісімшарт бойынша клмпания төртінші жылда тегін қызмет көрсетеді, одан бөлек бес жылға кепілдік береді»,- деді ресми өкіл.Жоба аясында жалпы саны 10 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады. Ал қазіргі таңда мектептерде тұрған бейнекамералардың 2600-і – ескі, техникалық талаптарға сәйкес келмейтін аналогтық жүйелер. Аталған камералар толықтай жаңартылып, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығуға бейімделеді.Сәрсен Құранбектің айтуынша, камера орнату кезінде жеке тұлғалардың құқығы да ескерілуде. Мәселен, дәретханаларға камера орнатылмайды, өйткені бұл адамның жеке кеңістігіне қол сұғу болып саналады. Ал оқу кабинеттері – қоғамдық кеңістік, онда оқу процесі өтетіндіктен бақылау камераларымен жабдықталуы жеке басқа қолуға сұғуға жатпайды.«Барлық орнатылатын бейнебақылау камералары Hikvision зауытының өнімдері болып табылады. Жобаның сапасын арттыру үшін жабдықтаушы компаниядан тиісті сертификат талап етіледі. Елімізде осындай жоғары әлеуетке ие 6-7 компания анықталып, олардың ішінен біреуі мемлекеттік конкурс негізінде жеңімпаз атанды. Бұған дейін бір камераның құны 100 мың теңге бола тұра, оны 300 мың теңгеге жеткізгісі келген жағдайлар тіркелген. Мұндай негізсіз шығындардың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алулар қатаң бақылауға алынды»,- деді әкім орынбасары.Жоба шеңберінде Жедел басқару орталығы, Әдістемелік орталық, дабыл жүйесі мен цифрлық инфрақұрылым толық интеграцияланып, біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл бағытта осы жүйені енгізген Алматы қаласы мен Атырау облысы сияқты Шымкент қаласы да алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі болмақ. «Жүйе толық іске қосылған жағдайда, мұғалімдердің оқу үдерісіндегі қызметін, оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры және Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың мамандары мен Білім басқармасының басшылығы онлайн режимде толықтай қадағалау, зерделеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде оқу сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, болашақта «Kundelik.kz» электрондық платформасы арқылы ата-аналарға да қолжетімділік берілуі мүмкін. Ата-аналар баласының сабаққа қатысуын, оқу үлгерімін және жалпы оқу процесінің өту барысын онлайн бақылап отыра алады. Бұл – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың оқуына деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Сәрсен Құранбек.Қала әкімінің орынбасары бұл жүйе білім беру сапасын арттыруды көздейтін бақылауға негізделген үдеріс екенін жеткізді. Ақпараттық ашықтық пен басқарудың цифрлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқу орындарындағы тәртіп, тиімділік және нәтижелілік көрсеткіштерін жақсартуға жол ашылады. Бұл жүйенің іске асу процесі тиісті органдардың бақылауында екенін айтты.
Мыңдаған шымкенттік Қошқаратада демалып, ондаған адам қоқыстарды тазартады 31.07.2025
Мыңдаған шымкенттік Қошқаратада демалып, ондаған адам қоқыстарды тазартады Қошқарата өзенінің бойындағы аумақ эко волонтерлердің жіті назарында. Күн сайын мұнда жүзуге 6 мыңға жуық адам келеді. Сондықтан, жауапты тұлғалардың айтуынша, демалушылардың артынан қоқыстардың көп бөлігі қалдырылады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында волонтерлар қалған қоқыстарды жинап, сонымен қатар өзен бойында өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды ретке келтірді. Қошқаратта күніне 6 мыңға жуық адам шомылуға келеді. Демалыс күндері бұл көрсеткіш екі есеге артады. Әсіресе ыстық ауа райында келушілер саны күрт артады. Мамандар демалушылардың қатары көбейген сайын өзен жағасындағы қоқыстардың да көбейетінін атап өтті. Сондықтан аумақты жүйелі тазалауға 20 адам жұмылдырылды. Ал «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-дан астам ерікті көмекке келді. Бауыржан Қаумешов, Қошқарата учаскесінің меңгерушісі: "Ауданды демалушылар қалдырған қоқыстан тазарту жұмыстары күн сайын тұрақты жүргізілуде. "Таза Қазақстан" акциясы басталғаннан кейін жұмысқа "Таза ел" мекемесінен 23 адам, 20 қызметкеріміз қосылды. Тазалық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Қолайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы акция аясындағы жұмыстар алдын ала бекітілген кесте бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әуесбек Опабек, жайлы қалалық ортаны дамыту бөлімінің басшысы: "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 50-ге жуық іс-шара өтті. Жыл соңына дейін тағы 150 іс-шара жоспарланған. Айта кетейік, Шымкент қаласында акция аясында 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілікке үшінші мегаполистің 500 мыңнан астам тұрғыны қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: Меңдіқара ауданы жыл сайын жақсарып келеді 31.07.2025
Біздің облыстың ормандары маңызды экологиялық, климаттық, экономикалық және әлеуметтік маңызға ие.Қостанай облысы әкімдігінің қарамағында 462,0 мың га мемлекеттік орман қоры бар, оның ішінде орманды алқап – 207,5 мың га. Оның ішінде Меңдіқара ауданының мемлекеттік орман қоры жерінің ауданы – 50 384 га, соның ішінде орманды алқап – 28 909 га.Меңдіқара ауданының орман қоры жерлері үш орман шаруашылығы мекемесінің аумағында орналасқан, олар:* «Боровской орман шаруашылығы мекемесі» КММ – 43 984 га, оның ішінде орманды алқап – 26 736 га;* «Ұзынкөл орман шаруашылығы мекемесі» КММ – 4 856 га, оның ішінде орманды алқап – 766 га;* «Усаков орман шаруашылығы мекемесі» КММ – 1 544 га, оның ішінде орманды алқап – 1 407 га.Өңірімізде көгалдандыру жұмыстары жыл сайын жалғасуда, 2025 жылдың көктемінде «Боровской орман шаруашылығы мекемесі» КММ 124,5 га алқапқа орман дақылдарын отырғызды, оның ішінде:* қайың – 87,1 га;* қарағай – 37,4 га.2025 жылдың күзіне 155,9 га (қайың) алқапқа ағаш отырғызу жоспарланған.2025 жылға арналған жалпы отырғызу жоспары 280,4 га құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043900?lang=kk
Салықтық тексерулерге дайындалу бойынша ұсынымдар 31.07.2025
Салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды салықтық тексерулерге дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулерге дайындалу бойынша негізгі ұсынымдарды түсіндіреді.Мұндай дайындық салық төлеушілерге салықтық тәуекелдерді азайтуға, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік кірістер органдарымен конструктивті өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты төмендегідей дайындық шараларын қабылдау ұсынылады: Ішкі салық аудитін жүргізу. Салық есептілігі, есептеулер мен қолданылатын салықтық режимдерді үнемі тексеріп отыру — салықтық тексеру басталғанға дейін ықтимал қателіктерді дер кезінде анықтап, түзетуге көмектеседі. Есеп саясаты мен құжаттаманы өзектендіру. Ұйымның бухгалтерлік және салықтық есеп саясаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуы тиіс. Барлық бастапқы құжаттар тиісті түрде ресімделіп, тексерушілерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін тәртіпте сақталуы қажет. Салық заңнамасындағы өзгерістерді қадағалау. Салық төлеушілерге салық және бухгалтерлік заңнамадағы өзгерістерді, соның ішінде уәкілетті органдардың (МКБ, МКД және МКК) түсіндірмелерін жүйелі түрде қадағалап отыру ұсынылады. Бұл салықтық тәжірибеге қажетті түзетулерді уақтылы енгізуге мүмкіндік береді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Бухгалтерлерді, заңгерлерді және қаржы мамандарын жаңа заң талаптарына және салықтық әкімшілендірудің практикалық мәселелеріне оқыту — қызмет барысында құқық бұзушылықтардың орын алу ықтималдығын төмендетуге ықпал етеді. Салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Салық органдарынан хабарламалар немесе сұрау салулар алынған жағдайда қажетті ақпаратты белгіленген мерзімде ұсыну ұсынылады. Қажет болған жағдайда білікті салық кеңесшілерін тарту керек. Өзара іс-қимыл тек заң аясында жүргізілуі тиіс.Назар аударыңыз. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 211-бабының 5-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқама алынған күннен бастап тексеру кезеңіне қатысты салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді — бұл талап нұсқамада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) қолданылады.Қорытынды. Салықтық тексерулерге уақтылы және жүйелі түрде дайындалу — тек жауапкершілікке тартылу тәуекелін төмендетуге ғана емес, сондай-ақ бизнес пен мемлекет арасындағы тұрақты және ашық қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1043903?lang=kk
Меңдіқара ауданында Қостанай облысы әкімінің тапсырмасы бойынша инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 31.07.2025
Ағымдағы жылы Қостанай облысы бойынша рекордтық — 102 миллиард теңге — облыстағы автожолдарды дамытуға бағытталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% - ға көп.Жұмыстар 103 елді мекенде жалпы пайдаланымдағы 1300 шақырым жол мен 400-ден астам көшені қамтиды. Меңдіқара ауданы ерекше көзге түседі, 2025-2026 жылдарға жалпы сомасы 6 млрд.133 млн. теңгеге автожол саласындағы 19 жобаны, оның ішінде Аудандық маңызы бар жолдар бойынша 10 жобаны және елді мекендердің көше-жол желісі бойынша 9 жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы құны 1 млрд. 262,8 млн. теңге және ұзындығы 10,368 км мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіретін фермаға дейін Каменскуральское ауылынан жаңа жол салу жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Аудандық маңызы бар жолдарда 9 жоба бойынша 2025 жылға 1 959 607 800 теңге бөлінді. 2026 жылды ескере отырып, жобалардың жалпы сомасы 3 896 100 100 теңгені құрайды. Барлық жобалар бойынша мердігерлер анықталды. "Боровское-Буденновка" 15-30 км" және "Степановка – Борки" 10,1-27,6 км", "Боровское – Молодежное" 4-22,3 км" жобалары бойынша жұмыстар аяқталды, оңтайлы қоспамен себу және шұңқырларды шұңқырлы жөндеу жүргізілді. "Харьков ауылына Подьезд" жобасы бойынша қазіргі уақытта 4,6 км асфальт төселді. Су өткізгіш құбырдың жанында топырақты нығайту жүргізіледі. "Боровское-Ұзынағаш" жобасы бойынша 27-32 км қазіргі уақытта бірінші қабатта 5 км асфальт төселген. "Боровское-Молодежное" а/ж жобасы бойынша 22,3-30,3 км " базаны дайындау жұмыстары басталды.Барлық жобалар бойынша жұмыстар 2025 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін жоспарланған.Көше-жол желісі бойынша 7 елді мекенде (Боровское, Степановка, Архиповка, Харьковское, Каменскуральское, Первомайское, Ивановка ауылдары) 9 жобаны іске асыру жоспарланған, жалпы сомасы 974,1 млн.теңгеге ұзындығы 14,5 км 21 көшені жөндеу жоспарланған.Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар жолдардың үлесі қанағаттанарлық жағдайда 79,9 %, елді мекендердің көшелері бойынша – 48,9% құрайды. Жоғарыда аталған барлық жобаларды іске асыру кезінде бұл көрсеткіш аудандық маңызы бар жолдар бойынша – 89,9%, КҚБ бойынша – 53,5% құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043906?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тарихта алғаш рет семсерлесуден әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді 31.07.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері ел спорты тарихының тағы бір жаңа парағын ашты. Олар семсерлесуден өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды Жарыс Грузияда өтіп, дүние жүзінің ең мықты командаларын жинаған болатын. Командалық есепте шпагамен өткен бәсекеде ұландық спортшылар сенсациялық жетістікке қол жеткізді.Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған Франция командасын 45:31 есебімен айқын жеңді.Бұл қола - шпагамен семсерлесуден командалық есепте Қазақстан тарихындағы алғашқы әлемдік жүлде болды.Турнир барысында ұландықтар Ресей, Қытай және Италия командаларын жеңіп, кәсіби шеберлік пен төзімділіктің жоғары үлгісін көрсетті. Жартылай финалда Жапониямен болған тартысты кездесуде қарсыластан әлдеқайда көп ұпай жинағанына қарамастан, соңғы сәтте жеңісті қолдан беріп қойды - бұл жағдай Азия чемпионатының бір ай бұрынғы финалында да қайталанған еді.Тарихи жүлде жеңіп алған команданың құрамына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері енді:Лейтенант Эльмир Әлімжанов — спорт жөніндегі аға нұсқаушы;Ефрейтор Руслан Курбанов — спорт жөніндегі аға нұсқаушы;Ефрейтор Вадим Шарлаимов — дене дайындығы және спорт жөніндегі аға маман, аға нұсқаушы;Сондай-ақ Кирилл Проходов.Бұл жеңіс - тек спорттағы жетістік емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жоғары физикалық және жауынгерлік даярлығының айғағы. Олар ел мүддесін тек қызмет бабында ғана емес, халықаралық спорт ареналарында да абыроймен қорғап, Қазақстанның беделін арттыруда.Батырларымызды шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің көк байрағы мен Ұлттық ұланның жауынгерлік туы астында әлі де талай биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1043857?lang=kk
Тіл тазалығына жанашырлық танытқан кәсіпкерлер марапатталды. 31.07.2025
Аудан көлемінде «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты байқау өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы қатысып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, оларды "Алғыс хаттармен" және бағалы сыйлықтармен марапаттады.Байқаудың мақсаты – жарнама саласында тіл мәдениетін көтеру, көрнекі ақпаратта мемлекеттік тілдің сапалы қолданылуын қамтамасыз ету және сауатты жарнама үлгілерін насихаттау. Аудан кәсіпкерлері қазақ тілінде әзірленген өнім жапсырмалары мен жарнама мәтіндерін ұсынып, тілге деген құрметтерін көрсетті. Қатысушылар арасында бал, сабын, ұлттық киім, тағам және құрылыс өнімдерін өндірушілер болды.Қазылар алқасына халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Сырдария аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейіт Балтабайұлы төрағалық етіп, кәсіпкерлердің тіл тазалығына деген жауапкершілігін жоғары бағалап, жарнамадағы тіл мәдениеті – елдік пен ұлттық болмыстың айнасы екенін атап өтті. Қазылар шешімімен тілдік сауаттылық пен безендірілуі жағынан үздік шыққан жұмыстар іріктеліп, қатысушылар еңбегі ерекше аталып өтті. Аталған байқау мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы қолданысын кеңейтуге бағытталған нақты әрі нәтижелі бастама болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1043891?lang=kk
"Salyq кэшбэк" пилоттық жобасының және фискалдық чектерді алуды ынталандыру жөніндегі басқа да іс-шаралардың қорытындылары 31.07.2025
"Salyq кэшбэк" пилоттық жобасының және фискалдық чектерді алуды ынталандыру жөніндегі басқа да іс-шаралардың қорытындыларыАзаматтық белсенділікті арттыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету мәселелерінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап "salyq кэшбэк"пилоттық жобасын іске асыруда. Жоба сатып алу сомасының 2% мөлшерінде ақшалай сыйақы беру арқылы азаматтарды микро және шағын бизнес субъектілерінің бақылау-кассалық машиналары (БКМ) берген фискалдық чектерді алуға ынталандыруға бағытталған."Salyq кэшбэк" жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық чек алу, "Amian"арнайы мобильді қосымшасында чектен штрих-кодты сканерлеу қажет.Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефонның балансына аударуға болады.2024 жылы өткізілген бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша Абай облысы Семей қаласы мен Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумағында оң үрдістер тіркелді: алынған чектер саны 2 есеге өсті, ал олар бойынша жалпы сома 2023 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32% - ға өсті.2025 жылы жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда және Қазақстан Республикасының 10 облысындағы 46 ауданды қамтиды: Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Жақын арада Талдықорған қаласы (Жетісу облысы) қосылады деп күтілуде.Жобаны іске асыру мерзімдері мен аумақтары:1. 2025 жылғы 15 наурыздан бастап:Өскемен қ. (ШҚО);Жетіқара ауданы (Қостанай облысы);Жақсы, Аршалы және Астрахан аудандары (Ақмола облысы);2. 2025 жылғы 15 сәуірден бастап:Шал ақын, Айыртау, Тайынша, им. Ғ. Мүсірепов және Жамбыл аудандары (СҚО);Есіл ауданы (Ақмола облысы);Бөрлі ауданы (БҚО);Қарағанды қаласы (Қарағанды облысы);3. 2025 жылғы 15 мамырдан бастап:Түркістан қаласы (Түркістан облысы);Біржан сал және Целиноград аудандары (Ақмола облысы);4. 2025 жылғы 1 маусымнан бастап:аудандар. Т. Рысқұлова, Шу, Жуалы, Мерке, Талас, Қордай, Сарысу, Байзақ (Жамбыл облысы);Теміртау қаласы (Қарағанды облысы);Ақкөл, Атбасар, Сандықтау, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын, Бұланды, Шортанды, Жарқайың, Зеренді, Бурабай аудандары, сондай-ақ Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалалары (Ақмола облысы);5. 2025 жылғы 15 маусымнан бастап:Жамбыл және Мойынқұм аудандары (Жамбыл облысы);Төлеби ауданы (Түркістан облысы);Балқаш қаласы (Қарағанды облысы);Мұнайлы және Қарақия аудандары (Маңғыстау облысы);6. 2025 жылғы 15 шілдеден бастап:г.Қонаев (Алматы облысы).Қосымша шарттар:тексеру сканерлеу сәтіне дейін 24 сағаттан кешіктірілмей алынуы керек;қолма — қол ақшаның максималды сомасы-айына 20 000 теңгеге дейін.Жобаны іске асыру нәтижелері:2025 жылғы шілдедегі жағдай бойынша жалпы сомасы 62,6 млн теңгеден астам 12 378 азамат кэшбэк алды.Бұдан басқа, пилоттық жоба іске асырылған аумақтарда берілген чектер санының 13% - ға өсуі тіркелді, ал осы чектер бойынша сома 18% - ға өсті, бұл ынталандыру шараларының оң әсерін көрсетеді.Бұдан басқа, Комитет бүкіл ел аумағында"Amian" мобильді қосымшасын пайдалана отырып, фискалдық чектерді алуды ынталандыру бойынша мынадай іс-шараларды іске асырды:1. "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!»2. "Бәйге" Акциясы3. "Чекті талап ет-Halyk Bank сыйлығын ұтып ал!»1. "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!»Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 17 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.Фискалдық чекті алған әрбір азамат автоматты түрде ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысады.Нәтижелер:60 000 нан астам жеңімпазға 45 млн теңгеге ақшалай сыйлықтар берілді;mechta желісінен тұрмыстық техникаға 74 сертификат берілді.2. "Бәйге" АкциясыӨткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін."Amian"мобильді қосымшасында ең көп чектерді тіркеген азаматтар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады.Әр тоқсанның қорытындысы бойынша чектердің ең көп санын сканерлеген әр өңірден бір жеңімпаз анықталады (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір).Қорытындылау кезеңдері:1 кезең: 1 сәуір-30 маусым2 кезең: 1 шілде-30 Қыркүйек3 кезең: 1 қазан-31 желтоқсанНәтижелер:20 жеңімпазға (әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір-бірден) 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар және өзге де бағалы сыйлықтар табыс етілді.3. Halyk Bank — пен бірлескен науқан "Чекті талап ет-Halyk Bank сыйлығын ұтып ал!»Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 мамырдан 30 қарашаға дейін.Ай сайын бонустық шотына 100 000 бонус алатын 30 жеңімпаз кездейсоқ анықталады.Бірінші кезеңде 2025 жылғы 1 мамырдан бастап жоба тек Ақмола облысында, жылдың 1 маусымынан бастап бүкіл ел бойынша іске асырылды.Қатысу шарттары:төлем картамен немесе Halyk POS-терминалындағы Halyk Bank QR-коды арқылы сатып алу;фискалдық чектерді "Amian"қосымшасына жүктеу.Нәтижелер:2025 жылдың мамыр айында Ақмола облысынан 10 жеңімпаз атанды;2025 жылғы маусымда Қазақстанның барлық өңірлерінен 30 жеңімпаз атанды."Amian" қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен тегін жүктеуге болады.Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға, есеп айырысулардың ашықтығына және салық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін аталған жобалар мен акцияларға белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1043817?lang=kk
Аудан әкімі Серік Жеңісов әкімдікте ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру, жақсарту және дамыту мәселелеріне баса назар аударды 31.07.2025
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аудан әкімдігінің отырысын өткізді. Күн тәртібінде негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды: бірінші жартыжылдықтағы бюджеттің атқарылуы, тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны, ауыл шаруашылығы саласының фитосанитарлық қауіпсіздігі және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару. Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жеңісұлы аппарат, бөлім, ауылдық округ басшыларына нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімі негізгі міндеттерді шешумен қатар, Шығыс Қазақстан облысының XXIII халықтық спартакиадасына қатысу үшін спортшыларды киіммен қамтамасыз етіп, әр аймақ бойынша көшелерді жарықтандыруға толықтай ревизия жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар тұрғын үйлерді пайдалануға беру, фитосанитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған басқа да міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету қажет.- Жұмыс нақты, үйлесімді әрі нәтижелі болуы керек. Азаматтар бізден ресми жауап емес, нақты шешімдерді күтеді, - деді Серік Жеңісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1043826?lang=kk
Қазақстан мен VEON цифрландыру саласындағы серіктестікті тереңдету мәселесін талқылады 31.07.2025
Алматы, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров халықаралық телекоммуникациялық «VEON» тобының директорлар кеңесінің кездесуіне қатысты. Тараптар Қазақстандағы инвестициялық ахуалды және цифрландыру мен телекоммуникация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында Ә.Қуантыров цифрлық сектордың Қазақстан үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі үшін «VEON» компаниясына алғыс білдірді.«Қазақстан экономиканың цифрлық трансформациясына баса назар аударып отыр және біз тәжірибесі, технологиясы мен ауқымы бар халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. VEON – осындай серіктестердің бірі: компания Beeline Kazakhstan-ның дамуына елеулі инвестициялар салды, ИКТ саласындағы ең ірі жеке инвесторлардың бірі болды. Біз бұл серіктестікті әрі қарай кеңейтуге – қалаларда да, ауылдық жерлерде де – зор әлеует бар деп санаймыз. Жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолдауға дайынбыз, оның ішінде 5G енгізу, деректер орталықтарын және цифрлық платформаларды дамыту», – деді ол.Министрдің орынбасары сондай-ақ VEON-ның Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі ретінде елдің цифрлық экожүйесін дамытудағы сенімді серіктес екенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар цифрлық технологиялар, инновациялар және инвестициялық қызмет салаларында ынтымақтастықты жалғастыруға және жаңа бағыттарды бірлесе зерттеуге өзара мүдделілік бар екенін растады.Дубайда штаб-пәтері орналасқан «VEON» компаниясы – алты елде 150 миллионнан астам клиентке қызмет көрсететін жетекші халықаралық телекоммуникациялық топтардың бірі. Қазақстанда «VEON» компаниясы «Beeline Kazakhstan» еншілес ұйымы арқылы қызмет етуде және елдегі цифрлық трансформацияның белсенді қатысушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1044108?lang=kk
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Қостанайдағы әскери бөлімге барды 31.07.2025
Жұмыс сапары аясында Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6697 (Қостанай қ.) әскери бөліміне инспекциялық тексеріс жүргізді.Сапар барысында Бас қолбасшы бөлімнің күнделікті қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетімен танысып, тәртіп ахуалын, техникалық жарақтандыру мен қызметті ұйымдастыру деңгейін тексерді. Ұландықтарды қажетті инфрақұрылыммен, құнарлы тамақпен және сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Әскери бөлім командирі подполковник Епкен Арыстаналиев оқу сыныптарын, казармалық үй-жайларды, медициналық пунктті, асхана және бөлімшенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да нысандарды көрсетті.Сапар қорытындысы бойынша генерал-майор Аңсаған Балтабеков жеке құрамға адал қызметі үшін алғыс білдіріп, алға қойылған міндеттерді табысты орындауда сәттілік тіледі және Ұлттық ұлан заңдылықты нығайту, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратынын атап өтті. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1043766?lang=kk
ҚР СІМ Инвестициялар комитеті мен KAZAKH INVEST «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында инвесторларға мемлекеттік қолдауды кеңейтеді 31.07.2025
Астана, 2025 жылғы 30 шілде – Шетелдік инвесторларды қолдау шараларын күшейту аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен, оның ішінде Сервистік қолдау департаментінің директоры Алида Түебековамен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Экспат орталығына барды. Кездесуге АХҚО клиенттермен жұмыс жөніндегі бас директоры Бауржан Канкин мен Экспат орталығының директоры Айнұр Жұматова қатысты.Кездесу барысында инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді біріктіру шаралары талқыланып, бірлескен фронт-офистің жұмысына ресми түрде бастау берілді. Жоспар бойынша АХҚО Экспат орталығының базасында шетелдік инвесторлар үшін барлық қажетті қызметтер қолжетімді болады: визалық қолдау, инвестициялық келісімшарттар мен мемлекеттік қолдау құралдары бойынша кеңес беру, сондай-ақ Қазақстанда ұзақ мерзімді тұруға рұқсат алу («алтын виза»).«Біз АХҚО Экспат орталығын инвесторларды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді біріктіру үшін тиімді алаң ретінде қарастырамыз. KAZAKH INVEST қатысуымен бірлескен фронт-офис ашу визалық қолдаудан бастап инвестициялық келісімшарттар бойынша кеңеске дейін негізгі қызметтерге қолжетімділікті ыңғайлы әрі жедел етеді», – деді Ғ.Оспанқұлов.АХҚО Экспат орталығы – шетелдік инвесторлар мен сарапшыларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылған бірегей көпфункционалды орталық. Орталықтың қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша ағылшын тілінде көрсетіледі.Болжам бойынша АХҚО Экспат орталығы базасындағы күштерді біріктіру шетелдік инвесторларға алғашқы кеңестен бастап жобаны іске асыруға дейінгі толық қолдау жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.Бұл қадам Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвесторлар үшін қолайлы әрі ашық орта құру бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1043739?lang=kk
Қостанайда заңсыз алкоголь өнімдерінің анықталды 31.07.2025
Қостанайда заңсыз алкоголь өнімдерінің анықталды2025 жылғы 29 шілдеде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бірлесіп бақылау-профилактикалық іс-шаралар аясында тексеру жүргізді.Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, азамат Ш.-ның заңсыз айналымда есепке алу-бақылау таңбаларынсыз (УКМ) алкоголь өнімдерін сақтағаны және өткізгені анықталды.Тексеру нәтижесінде УКМ-сыз 5 054 литр, яғни 9 606 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді. Аталған өнімдер Қазақстан Республикасының салық және акциз заңнамасын бұза отырып айналымда болған.Есепке алу-бақылау таңбалары – алкоголь өнімінің заңды шығу тегін және тиісті салықтар мен акциздердің төленгенін растайтын міндетті таңбалау элементі болып табылады. Бұл таңбалардың болмауы – салық, акциз және санитарлық заңнамалардың бұзылуының белгісі.Анықталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-бабының 2-бөлігі және 463-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тауарды тәркілеу түріндегі шаралар қабылдануда.Мемлекеттік кірістер органдары ескертеді:УКМ-сыз және рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімді сақтау және сату әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.Тұрғындарға және кәсіпкерлерге заңды жеткізушілерден ғана алкоголь өнімін сатып алып, УКМ-ның болуын тексеруді ұсынамыз.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы туралы мәліметтерді мына телефон арқылы хабарлауға болады:+7 (7142) 53 72 14Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1043692?lang=kk
Қазақстан Елшісі PISM басшысымен сараптамалық өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады 31.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 29 шілде - Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев пен Польша Епископтары конференциясының төрағасы Архиепископ Тадеуш Войданың кездесуі өтті. Сұхбат барысында тараптар ағымдағы халықаралық жағдайды, сондай-ақ өзара мүдделі екіжақты қарым-қатынастардың жекелеген аспектілерін талқылады.Тараптар соңғы онжылдықтарда Қазақстан мен Польша барлық бағыттарда жемісті екіжақты ынтымақтастықтың айтарлықтай тәжірибесін жинақтағанын, халықаралық ұйымдар аясында өзара сындарлы іс-қимылдың жолға қойылғанын атап өтті.Қазақстан Елшісі демократияның қазақстандық үлгісінің айрықша ерекшелігі конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға баса мән берілуінде екендігіне назар аударды. Атап айтқанда, жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және рухани дипломатияның дамуына үнемі септігін тигізетін Католиктік шіркеудің қызмет етуі үшін елде барлық жағдай жасалған. Қазіргі жаһандық проблемаларды шешуде Қазақстанда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне маңызды рөл тиесілі екені атап өтілді.Өз кезегінде Т.Войда екіжақты байланыстардың нығаюына Қазақстандағы поляк диаспорасы ықпал етіп отырғанын, олар еліміздің тәуелсіздік алуымен ұлттық бірегейлік пен мәдениеттің қайта жаңғыруына қуатты серпін алып, халықтар арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқарып жатқанына ерекше көңіл бөлді.Тараптар Қазақстан-Польша серіктестігі көп қырлы ынтымақтастықтың барлық салаларында достас халықтардың мүддесі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1043618?lang=kk
Қапшағай жағалауынан 2 тоннадан астам қоқыс жиналды: экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Таза бейсенбі» акциясы өтті 31.07.2025
Қонаев қаласында өткен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы барысында Қапшағай көлінің жағасынан екі тоннадан астам қоқыс шығарылды. Акцияны «AMANAT» партиясы ұйымдастырып, оған 50-ге жуық адам – партия мүшелері, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері мен жергілікті тұрғындар атсалысты.Тазалық жұмыстары кезінде пластик бөтелкелер, полиэтилен пакеттер, сынған ыдыстар, бір реттік мангалдар мен түрлі тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналды. Барлығы 90-ға жуық қап қоқыс шығарылды.«Жастар рухы» қозғалысының белсендісі Әділет Айтқазының айтуынша, демалыс маусымында жағалауда қоқыс көлемі еселеп артып, көл экологиясына едәуір зиян келтіреді. Ол демалушыларды жауапкершілік танытып, арттарынан қоқысты жинауға шақырды:«Қапшағай – елдегі ең танымал туристік орындардың бірі. Жыл сайын жарты миллионнан астам турист келеді. Егер тазалыққа мән бермесек, бұл аймақтың тартымдылығы төмендейді. Туризм де, табиғат та зардап шегеді», – деді ол.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза бейсенбі» – тек қоқыс жинау ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған бастама. Бұл шара арқылы тұрғындар мен демалушылар табиғатты аялау маңыздылығын тереңірек ұғынады.Айта кетейік, «AMANAT» партиясының бастамасымен іске асып жатқан «Таза бейсенбі» акциясы еліміздегі «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының аясында өткізіліп келеді. Биылдың өзінде бұл жобаға 242 мыңнан астам азамат қатысып, 7 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 76 мыңнан аса ағаш отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1043607?lang=kk
Польша Қазақстанмен конфессияаралық байланыстарды дамыту мен нығайтуға бейілділігін растайды 31.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Епископтар конференциясының төрағасы, Архиепископ Тадеуш Войдамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар қазіргі халықаралық ахуалды, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын екіжақты қатынастардың жекелеген аспектілерін талқылады.Тараптар соңғы онжылдықтарда Қазақстан мен Польша барлық бағыттар бойынша жемісті екіжақты ынтымақтастықтың елеулі тәжірибесін жинақтағанын, халықаралық ұйымдар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылғанын атап өтті.Қазақстан елшісі демократияның қазақстандық үлгісінің айрықша ерекшелігі конфессияаралық және этносаралық келісімді қолдауға баса назар аударды. Атап айтқанда, елде католик шіркеуінің жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған, ол үнемі жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және рухани дипломатияны дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы жаһандық проблемаларды шешуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі маңызды рөл атқаратыны аталып өтті, қазіргі уақытта оны Қазақстанда өткізуге дайындық өтіп жатыр.Өз кезегінде Т.Войда екіжақты байланыстардың нығаюына Қазақстандағы поляк диаспорасы да ықпал етіп отырғанын атап өтті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін поляк диаспорасы ұлттық сана-сезім мен мәдениетті қайта жаңғыртуға қуатты серпін алғанын және халықтар арасындағы байланыстырушы көпір рөлін атқарып келе жатқанын ерекше айтты.Тараптар қазақ-поляк серіктестігі достас халықтардың игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша одан әрі нығаятынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1043595?lang=kk
Кувейттің бизнес-қоғамдастығы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 31.07.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев «Sky Aviation Services Group» төрағасы Ахмед Бехбеханимен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Әңгімелесу аясында Қазақстан Елшісі еліміз экономикасының қарқынды дамуы туралы хабардар етіп, еліміз өңірдің жетекші және қарқынды дамып келе жатқан экономикаларының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақ дипломаты 2024 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің 300 миллиард АҚШ долларына дейін өсуі ел экономикасының тұрақты өсуін растайтынын атап өтті.Кездесу аясында екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және экономиканың басым секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуетіне ерекше назар аударылды. Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1043575?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу 31.07.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 001,78 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 23 474,82 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 462,20 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 64,76 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 шілдеге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,71%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,02%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,18%, ҚРҰБ депозиттері – 1,29%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,73%, МҚҰ - 1,20%.2025 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,33%, АҚШ долларымен – 41,66%.Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы шілдеден бастап 2025 жылғы маусымды қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,53 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,22%, инфляция мөлшері - 11,80%.2025 жылғы 1 шілдедегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,04%, ҚРҰБ депозиттері – 2,62%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,34%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,15% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 64,76 млрд теңгеден асады.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,24 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,35%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,58%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,29%, РЕПО – 13,98%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,42%, МҚҰ - 6,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,25%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,57%. Атап кетейік, портфельдің 66,16% теңгемен, 32,42% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,07% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.07.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,84 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 37,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 11,94%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,28%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,62%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,85%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,04%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,44%, Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 74,82%, АҚШ долларымен 25,18% тең.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,08% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,77 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,67%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,25%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,43%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,73%, РЕПО – 9,71%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,13%, АҚШ долларымен 24,87%.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,50 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға 19,62%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 26,33%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,38%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 6,22%, РЕПО – 2,36%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,10% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,57%, АҚШ долларында – 32,43% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,60% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,41 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,38%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,06%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,71%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,90%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,55%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 58,02%, АҚШ долларында – 41,98% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,67% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043554?lang=kk