Enbekshi QazaQ

Қоғам

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 31.07.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетінзейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.  Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда,  барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.   Қазір қалай?Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын кіріс түріне жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал жеке табыс салығы төлемдер жүзеге асырылған кезде ұсталады. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы төлемдері түрлері бойынша жиынтық түрде жүргізіледі. Бұл ретте түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріледі.Тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде ЖТС ұстау да көзделеді. Бұл ретте алушының таңдауына оны ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақы алатын кезге дейін кейінге қалдыру.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша жүзеге асырылатын болады.   2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай болмақ?ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті болып есептелмейтін азаматтарға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды.  2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталуға тиіс, бірақ зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған жеке табыс салығы бойынша есептелген міндеттемелер де жойылады. Алайда, бұған дейін бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды.Тағы не өзгереді?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады.Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Тақырып бойынша бейнетүсініктеме мына сілтемеде қолжетімді: https://youtu.be/BixmYcqHSX0?si=TzwsN484wAgO78elБЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1044550?lang=kk
Темір өңдеуші – шебердің қолынан шыққан әрбір деталь! 31.07.2025
 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы, және осы маңызды жылда біз Темір өңдеуші мамандығын ерекше атап өткіміз келеді. Ол – өнеркәсіптің әр саласында өз қолтаңбасын қалдыратын, болашаққа негіз қалап жүрген нағыз шебер.Темір өңдеуші – бұл мамандықта жұмыс істейтін адам темір мен металлды өңдеу, қию, бүгу, пісіру сияқты көптеген күрделі технологияларды меңгерген. Осы мамандықтың иелері құрастыратын бұйымдар мен құрылғылар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады.Өндіріс орындарында техника мен құрал-жабдықтардың сапасы, сенімділігі, олардың жұмыс істеп тұруы осы мамандық иелерінің шеберлігіне тәуелді. Олар – болаттың, темірдің, алюминийдің әрбір бөлігіне жан бітіріп, тамаша құрылымдар мен құрылғыларды жасап шығарады.Темір өңдеуші болу – бұл нақты іске негізделген еңбек. Егер сіз қолмен жұмыс істегенді ұнататын, ұқыптылықты жоғары бағалайтын адам болсаңыз, осы мамандық сізге арналған!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #2025 #ТемірӨңдеуші #ҚолЕңбегіҚасиетті #ШебердіңҚолы
Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері 31.07.2025
Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған.Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1043440?lang=kk
Пәкістан астанасының іскер топтары Қазақстанмен экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі 31.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин құрылыс, жылжымайтын мүлік, ақпараттық технологиялар, туризм, білім беру, полиграфия, күзет қызметтері және жеңіл өнеркәсіп салаларын ұсынатын Пәкістан астаналық кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Делегацияны Халықаралық бизнес және көрмелерді ұйымдастыру орталығының (CIBEO)  төрағасы Рашид Хумаюн мырза бастап келді.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын жан-жақты талқылап, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.Елші Е.Қыстафин қатысушыларды бұған дейін өткізілген және алдағы жоспарланған іскерлік іс-шаралармен, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістан арасындағы іскерлік диалогты жандандыруға бағытталған тұрақты бизнес алаңдарын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.Өз тарапынан пәкістандық кәсіпкерлер өзара тиімді жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын зерделеуге және пысықтауға қызығушылық танытты.Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасындағы инвестициялық және сауда мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру мақсатында, Пәкістанның Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының алаңында іскерлік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жеке іс-шара өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1043403?lang=kk
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков бекітілген жоспарға сәйкес, 24.07.2025 жылы 31.07.2025
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков бекітілген жоспарға сәйкес, 24.07.2025 жылы Департаментке жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізіп, жиналыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және қызметтік этиканы сақтау мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1043422?lang=kk
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ 31.07.2025
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы   09 шілдедегі №313-П бұйрығымен Әдеп жөніндегі уәкіл болып  Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Кайрат Асанұлы Пилалов тағайындалды.Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды күнделікті сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72, 416 кабинет мекенжайы бойынша қабылдайды, байланыс нөмірі 33-39-88.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1043381?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуде: Пешавардағы бизнес конференцияның қорытындысы 31.07.2025
Пешавар, 2025 жылғы 29 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Хайбер-Пахтунхва провинциясының Губернаторы Фейсал Карим Кундидің мырзаның шақыруымен Хайбер-Пахтунхва провинциясының Сауда-өнеркәсіп палаталарының 1-конференциясына құрметті қонақ ретінде қатысты.Іс-шара барысында Елші Е.Қыстафин құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзекті мәселелерді атап өтіп, іске асырылып жатқан және жоспарланған екіжақты бастамалар қатысты ақпаратпен бөлісті. Екі елдің іскерлік орта өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтіп, оны сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы екендігін жеткізді.Сондай-ақ Елші өңіраралық ынтымақтастықты, соның ішінде Қазақстан-Пәкістан форматындағы өзара іс-қимылды дамыту қажеттілігіне тоқталып, көлік-логистикалық дәліздерді ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтті және осы бағытта Қазақстанмен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Сөзінің соңында Елші Хайбер-Пахтунхва делегациясын Қазақстанға сапармен келуге шақырды.Іс-шара аясында Елші Е.Қыстафин конференция қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, оның барысында Қазақстанның инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктерімен таныстырды.Сонымен қатар, Елші провинция Губернаторы Фейсал Карим Кунди мырзамен жеке екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Провинция Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан үшін өзіндік «кіру қақпасы» болып саналатындығын ескере отырып, Губернатор Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға терең қызығушылық білдірді.Кейіннен Елшісі сал ауруы, омыртқа дисплазиясы, бұлшықет дистрофиясы және басқа да нейродамытушы ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге маманданған «Akbar Kare Institute» оңалту орталығына барды.Сапар барысында Елші орталықтың қызметімен танысып, Қазақстан мен Пәкістандағы түрлі ауруларға шалдыққан балаларды қолдауға бағытталған оңалту орталықтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ақпарат алмасу, озық тәжірибені зерттеу және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.2005 жылы негізі қаланған AKI орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға тегін және кешенді қолдау көрсетеді. Мекеме ата-аналарды оңалту процесіне белсенді тартуды көздейтін отбасылық-бағытталған көмек моделіне ерекше назар аударады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1043387?lang=kk
2025 жылдың 30 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев Жамбыл ауданы Буденное ауылының тұрғындарымен Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша, кездесу өткізілді. 31.07.2025
Кездесу барысында азаматтардың назарына азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентін пайдаланып, мүдделі мәселелер бойынша толық заңгерлік кеңес алу туралы ақпарат жеткізілді.Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1043397?lang=kk
Орташа жөндеу нысанында жол-құрылыс жұмыстарының сапасына көшпелі тексеріс жүргізілді 31.07.2025
2025 жылғы 22 шілдеде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Алтай қаласы, Астана көшесі мекенжайындағы орташа жөндеу нысанында жол-құрылыс жұмыстарының сапасына көшпелі тексеріс жүргізді. Тексеріс депутаттық сауал негізінде өткізілді.Тексеру барысында орташа жөндеу нысанында жоюды қажет ететін ақаулар анықталды. Мердігер ұйымға барлық ескертулерді 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1043362?lang=kk
📌Табыстарды көлеңкеден шығару және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар 31.07.2025
📌Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің табыстарын көлеңкеден шығару мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізуде. 📌Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бастап қоғамдық тамақтандыру және демалыс ұйымдастыру саласында (мейрамханалар, кафелер, фитнес клубтар) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің нақты табыстарын анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен 6 хронометраждық зерттеп-қарау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша 5 бизнес субъектісі қосымша декларациялар тапсырып, табыстары 171,1 млн теңгеге ұлғайды, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар саны 30 адамға артты. Бюджетке қосымша 4,6 млн теңге салық түсті. 📌Сонымен қатар, салықтық тексерулер жүргізбестен, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларына сәйкес өткізілген тыңдаулар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 14 бизнес субъектісі бойынша табыс 734,5 млн теңгеге ұлғайып, бюджетке 17 млн теңге көлемінде салық төленді. 💠Сондай-ақ, 52 блогердің қызметіне салықтық әкімшілендіру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 34 блогер бойынша бюджетке 47,1 млн теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді. ‼️‼️‼️Аталған жұмыстар облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ерекше бақылауында және тұрақты түрде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1043330?lang=kk
Шымкент қаласында адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде 31.07.2025
Шымкент қаласында адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілудеШымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қала әкімдігімен бірлесе отырып, адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.Аталған бастаманың аясында үкіметтік емес ұйымдар дайындаған ақпараттық материалдар қаладағы әуежай, теміржол вокзалы, автобекеттер мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға орналастырылды.Мұндағы мақсат - тұрғындардың адам саудасының қауіптері туралы хабардарлығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу.Полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері азаматтарға ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы дайындалған жадынамада адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары мен сенім телефондары көрсетілген.
Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру аясында қалада күнделікті негізде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 31.07.2025
Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру аясында қалада күнделікті негізде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Облыс елді мекендерін абаттандыру қағидаларына сәйкес, іргелес аумақтар ретке келтірілуде. Бұл ретте бизнес субъектілері мен ұйымдардың жауапкершілік аймақтары нақты айқындалған.Мұндай жүйелі жұмыс қаланың тазалығы мен көркін арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.#ТазаҚазақстанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1043299?lang=kk
Рудный қаласының әкімі В.Ионенко «Eurasia Sugar» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. 31.07.2025
Кездесу барысында «Turan qanty» қант қызылшасы кластері атты ауқымды инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.Аталған жоба Орталық Азиядағы қант өндірісінің тұтас циклін — шикізат өндіруден терең өңдеуге дейін қамтитын ең ірі өндірісті құруға бағытталған.Кездесу соңында әлеуетті инвесторлардың талаптарын, логистика мен инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа өндірісті орналастыруға қолайлы алаңдар қарастырылды.Мұндай бастамаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік базасын кеңейту және қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларына толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1043304?lang=kk
Қорғаныс министрі Алматы гарнизонын тексерді 31.07.2025
Алматы гарнизонына жасаған жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов «Берег» оқу орталығының инфрақұрылымымен, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімі қызметімен танысып, «Жас десантшы» балаларға арналған әскери-патриоттық орталығына барды.Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеев Қорғаныс ведомствосының басшысына Десанттық-шабуылдау әскерлерінің «Берег» оқу орталығындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, мұнда десанттық әскерлерге арналған бронетранспортерлер мен «Арлан» броньды машиналарының жүргізушілерін даярлау жүргізілуде. Қазіргі уақытта жаңа кең асхана, штаб ғимараты, бақылау-өткізу пункті, казармаларға күрделі жөндеу жүргізу және жаңаларын салу жұмыстары жалғасуда.Қорғаныс министрі Райымбек батыр атындағы 38-десанттық-шабуылдау бригадасына бару барысында әуе-десанттық даярлық сыныбын аралап, әскери бөлімнің негізгі міндеттері туралы егжей-тегжейлі сұрап білді. Ол парашютпен секіру және басқа да оқу-жаттығу міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше назар аударды.«Жас десантшы» балалар әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрін орталық тәрбиеленушілері қарсы алды. Балалар енді үйірмелер мен секцияларға бару үшін қалаға шығудың қажеті жоқ екенін айтты.Айта кетейік, бұл дамыту орталығы өткен жылы ашылған. Алматы десантшыларының отбасыларында, яғни қызмет барысында көп уақыты жұмысқа жұмсалатын әкелердің отбасында, мектеп жасындағы 3000-нан астам бала бар. Осы балалар үшін орталықта тегін негізде робототехника, шахмат, шешендік өнер, мобилография, хореография, сурет салу, ағылшын тілі және домбыра тарту үйірмелері жұмыс істейді.Жұмыс сапарының соңында авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына әскерді дамыту, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен моральдық рухын жоғары деңгейде ұстау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1043276?lang=kk
Арнайы салық режимдерінің жүйесі жеңілдетілді 31.07.2025
Арнайы салық режимдерінің жүйесі жеңілдетілді«Шағын бизнеске салынатын салықтың ашықтығын арттырып, әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған реформа аяқталды»2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (САР) қалады:1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (ШФҚ)1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР• Қолдана алатындар: жеке кәсіпкер (ЖК) мәртебесі жоқ, жалдамалы қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар.• Табыс шегі: айына 300 АЕК ке дейін (≈ 1,3 млн тг); жылына 15 млн тг дейін.• Салық жүктемесі: табыстан 4 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер; ЖТС (ИПН) төленбейді.• Есептілік: декларация жоқ — есеп ай сайын e Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер негізінде автоматты түрде жүргізіледі.2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР• Табыс шегі: жылына 600 000 АЕК ке дейін (≈ 2,5 млрд тг).• Жұмысшылар: саны бойынша шектеу жоқ.• ЖТС ставкасы: 4 % (мәслихаттар 50 %-ға көтеру/төмендету құқығымен).• Есептілік: 910.00 нысаны жылына екі рет.• Жеңілдіктер:o табыс 24 000 АЕК тен асқанда жалақы қоры сомасына салық жүктемесін азайту;o түсім 135 000 АЕК тен аз болса, бухгалтерлік есеп жүргізу талап етілмейді.• ҚҚС: қолданылмайды.• Шектеулер: рұқсат етілмеген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген.3. ШФҚ ға арналған АСР• Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (міндетті түрде меншікті немесе жалға алынған жер учаскесі болуы керек).• Салық: айналымнан 0,5 % (ЖТС ретінде төленеді).• Босатулар: ҚҚС тан, әлеуметтік салықтан, ауылшаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын мүлік пен көлік салығынан босатылады.• Есептілік: 200.00 нысаны жылына бір рет.Күтілетін нәтиже• –25 % — шағын бизнес үшін есептілік нысандарының санын қысқарту.• ≈ 40 мың кәсіпкер салық органына бармай ақ ыңғайлы режимге автоматты түрде өтеді.• > 120 млрд тг — бизнес пен мемлекет үшін жыл сайынғы әкімшілік шығындарды үнемдеуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1043261?lang=kk
Алматы облысының дәрігерлері шетелдік тәжірибемен бөлісті 31.07.2025
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Беларусь және Ресей елдерінде тәжірибе алмасып келген дәрігерлермен кездесті. Кездесу барысында шетелде үйренген жаңа әдістер мен заманауи емдеу тәсілдерін жергілікті ауруханаларда енгізу мәселелері талқыланды.Дәрігерлер Беларусь пен Ресейдің алдыңғы қатарлы клиникаларында болып, заманауи медициналық технологияларды меңгеріп қайтқан. Енді олар бұл білімдері мен тәжірибелерін отандық денсаулық сақтау жүйесінде қолдануға дайын.Ержан Сүлейменов медицина саласындағы жаңашыл бастамаларға қолдау көрсетіп, өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған мұндай тәжірибе алмасулардың маңыздылығын атап өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1043238?lang=kk
Alatau Public Utilities: Талғар ауданындағы сумен жабдықтау жүйесін кешенді жаңғырту 31.07.2025
Алматы облысында, соның ішінде Талғар ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуда жаңа кезең басталды. Бұрынғы коммуналдық кәсіпорын «Талғар су» қайта ұйымдастырылып, Алматы облысы әкімдігі 100% қатысатын Alatau Public Utilities бірыңғай операторы болып құрылды. Бұл шешім Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы бастаған жергілікті атқарушы органның бастамасымен қабылданды.Компания 2024 жылдан бастап саланы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауысу арқылы компания даму стратегиясын түбегейлі өзгертті. Бас директор Асқар Тұтұбаев кәсіпорын қызметін ашықтық, айқындық және инвестициялық тиімділік қағидаттарына негізделе отырып кешенді түрде қайта құруға бағытталғанын мәлімдеді. Компания стратегиясының негізінде Мемлекет басшысының тарифтік саясатты реформалау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттігі туралы Жолдауында айтылған ережелер жатыр.Компания тек жекелеген жақсартулармен шектелмей, инженерлік және технологиялық базаны жүйелі түрде жаңартуға бағытталған. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаға және 2029 жылға дейінгі ТКШ дамыту тұжырымдамасына сәйкес, кәсіпорын ресурстарды басқару мен инфрақұрылымды күтіп-ұстаудың озық тәсілдерін енгізуде.Алғашқы қадам ретінде толық түгендеу жүргізілді: 7,5 млрд теңге сомасындағы мүлік Alatau Public Utilities балансына берілді. Арнайы су пайдалану, оның ішінде жерасты және жерүсті су көздерін пайдалануға қажетті рұқсаттар алынды. Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді, компанияда 329 қызметкер жұмыс істейді.Инженерлік желілерге алдын ала техникалық тексеру жүргізілді, келесі кезеңдерге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Осы кезеңнің өзінде оң өзгерістер байқалуда: абоненттік базаны қайта қарау нәтижесінде қызмет көрсетілетін тұтынушылар саны 3700-ге, яғни 7,2%-ға артты.30 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет бірыңғай төлем құжаты және тұтынушылармен есеп айырысу жүйесі енгізілді. 2024 жылғы желтоқсаннан бастап компания «Алсеко» АҚ-мен әріптестік орнатты, бұл цифрлық қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік берді. Енді тұрғындар көрсеткіштерді онлайн беріп, төлемдерді мобильді қосымшалар арқылы жүргізе алады. Бұл қызмет көрсету айқындығы мен ыңғайлылығын арттырды. Уақтылы төлем жасау деңгейі 52%-дан 93%-ға дейін өсті, ал түсім 563 млн теңгеден 634 млн теңгеге дейін, яғни 71 млн теңгеге артты.Алматы қаласының «Алматы су» ШЖҚ МКК және бірыңғай оператор арасында ағынды сулардың есеп жүйесі толық автоматтандырылып, цифрландырылды. Бұл қашықтан бақылауға, ағынды сулар көлемін нақты есепке алуға және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған шараларды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.Алты ай ішінде 1500-ден астам апатты жағдай жойылды. Техникалық қызметтер проактивті жұмыс режиміне көшіп, жүйенің тұрақтылығын арттырды. Өндірістік қызметкерлердің жалақысы көтерілді — бұл кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған шара.Алайда автопарктің жағдайы әлі де күрделі: 35 техниканың тек 12-сі ғана жұмысқа жарамды. Тракторлар мен экскаваторларға арналған төрт жаңа қозғалтқыш сатып алынды, олардың бірі орнатылды. Сонымен қатар, жаңа суасты сорғылар алынды, бұл Талғар ауданында сумен жабдықтауда үзілістердің алдын алуға мүмкіндік берді.2025 жылғы 1 маусымнан бастап Талғар және Еңбекшіқазақ (батыс бөлігі) аудандарының тұтынушылары үшін жаңа су тарифтері бекітілді. ҚҚС-мен бірге су текше метрінің орташа құны 85,97 теңгені құрап, 2021 жылдан бері қолданылып келген тарифпен салыстырғанда 36%-ға артты.Асқар Тұтұбаевтың айтуынша, облыс аудандарындағы тарифтердің әркелкілігі жоспарлау мен дамуды қиындатады:— Әр ауданда өз құрылымы, өз су бағасы бар. Бұл – жүйесіздікке әкеледі. Су ресурстарын тұрақты басқару үшін бірыңғай жүйе мен бірыңғай оператор қажет, — деді ол.Республикалық меншіктегі Топтық су құбырлары мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл ұйымдар су көздері мен халық арасындағы делдал ретінде жұмыс істеп, суды қымбат бағамен өткізеді. Мұндай тәжірибе жүйені интеграциялауға және дамытуға кедергі келтіреді.Бүгінгі таңда Alatau Public Utilities Талғар ауданының 47 елді мекенінің 33-іне (шамамен 70% аумаққа) қызмет көрсетеді. Сумен жабдықтау 48 ұңғыма және үш жерүсті су көзі — Талғар өзені (екі учаскеде) және Қотырбұлақ бұлағы арқылы жүзеге асырылады. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан асады, абоненттер саны – 57,5 мың адам.2024 жылы сумен жабдықтау және су бұруға арналған шығындар 1 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат ағымдағы қызмет көрсету, жөндеу және нысандарды жаңғыртуға бағытталды.Ұқсас жұмыс Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында да жүргізілді — бұрынғы «Есік су» коммуналдық кәсіпорны да Alatau Public Utilities бірыңғай операторы болып қайта құрылды.— Егер бүгін инфрақұрылымға инвестиция салмасақ — ертең краннан су ағуы екіталай. Тариф — тек шығынды жабу әдісі ғана емес, тұрақты дамудың құралы, — деп атап өтті бас директор.Alatau Public Utilities трансформация бағытын жалғастырып, өз алдына заманауи, технологиялық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ұйым құруды мақсат етіп отыр. Компания қызметінің орталығында — қызмет сапасы мен әрбір абоненттің мүддесі тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1043242?lang=kk
ҚР Елшісі Алмас Сейтақыновтың Теңізге шыға алмайтын елдерге арналған Зерттеу орталығының директоры Дулгун Дамдинод мырзамен кездесуі туралы 31.07.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 23 шілдеде – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Теңізге шыға алмайтын елдерге арналған Зерттеу орталығының директоры Дулгун Дамдинод мырзамен кездесуі өтті.Кездесу барысында қазақстандық тарап аталған орталықтың қызметімен, оның мандаты, негізгі мақсаттары мен міндеттерімен танысты.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою және дамыту перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1043216?lang=kk
Луганода Домбыра күні мен Абайдың 180 жылдығы аталып өтті 31.07.2025
Лугано, 2025 жылғы 30 шілде – Швейцарияның италиян тілді кантонының экономикалық және мәдени астанасы Лугано қаласында, «Swiss Diamond» қонақ үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Қосанованың Домбыра ұлттық күні мен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерті өтті.Елші Қайрат Саржанов домбыра қазақ халқының тарихи жадының, рухани қуаты мен ұлттық бірегейлігінің ажырамас нышаны екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Абайдың 180 жылдық мерейтойына ерекше тоқталып, оның қазақ қоғамының рухани қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесін, әрі мұрасы жаңа ұрпақ үшін маңызды адамгершілік бағдар мен шабыт көзі болып қала беретінін айтты.Айгүл Қосанова көрермендерге ерекше әсер қалдырған жарқын және мазмұнды бағдарлама ұсынды. Мемлекеттік құрылымдар, қоғам қайраткерлері, ғылыми және іскер топ өкілдері оның өнеріне зор қызығушылық танытты. Домбырамен орындалған шебер туындылар мен Абай шығармашылығына арналған терең вокалдық шығармалар көрермендерге Қазақстанның бай да бірегей мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.Концерттің Луганода өтуі Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамытуда маңызды қадам болып табылады және 2016 жылы Алматы мен Лугано арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум рухына сай жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1043231?lang=kk
CLAAS дилерінен ауыл шаруашылығы техникасы «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» көрмесінде 31.07.2025
CLAAS компаниясының Қазақстандағы ресми дилері — CT AGRO халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-көрсетілімі «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» аясында ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарына арналған техника үлгілерін ұсынуды жоспарлап отыр. Қонақтар мен қатысушылар назарына астық жинау комбайндары, тракторлар, мал азығын жинау техникалары және басқа да заманауи шешімдер ұсынылады.Әлемдегі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші ірі компаниялардың бірі CLAAS Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Жоғары өнімділігі мен сенімділігі арқасында компания өнімі еліміздің аграршылары арасында зор сұранысқа ие. 2021 жылы Петропавл қаласында CLAAS комбайндары, тұқым себу кешендері, тракторлар және басқа да техника түрлерін құрастыратын зауыт іске қосылды.«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» дала күні 2025 жылдың 31 шілдесі мен 1 тамызы аралығында өтеді. Іс-шара Қостанай облысы, Мендыкарин ауданы, Степановка ауылында, «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптарында ұйымдастырылады (Қостанай қаласынан 65 км).Көрме қонақтары мен қатысушылары қатарында машина жасау кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілер, қазақстандық және шетелдік жеткізушілер, сондай-ақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ғылыми мекемелердің өкілдері болады.Ауыл шаруашылығы құрылымдарының мамандары мен фермерлер CLAAS өндірісінің техникасымен танысу және шаруашылықтарына лайықты нұсқаны таңдау мақсатында көрмеге арнайы келеді. Осыны ескере отырып, CT AGRO келесі техникаларды ұсынбақ:CLAAS JAGUAR 870 мал азығын жинау комбайныCLAAS ORBIS 750 сүрлемге арналған жүгері жаткасыCLAAS XERION 5000 тракторыHORSCH SPRINTER 18 NT анкерлік тұқым сепкішіCLAAS ROLLANT 520 RF пресс-подборщигіMACDON M155 өздігінен жүретін шалғысы + 10.6 м жаткаCLAAS XERION 12.540 тракторыCLAAS TRION 730 астық жинау комбайныCLAAS CONVIO 1080 FLEX жаткасыHORSCH LEEB 6.280 VL өздігінен жүретін бүріккішBAUER сепараторыCLAAS техникасы — бұл еңбек өнімділігін арттыратын және жұмысты жеңілдететін алдыңғы қатарлы технологиялар. Ал CT AGRO компаниясы Қазақстан аумағы бойынша сапалы сервистік қызмет пен техникалық қолдау көрсетеді.________________________________________________«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығыРинат Тасбулатов, 8 701 460 91 82e-mail: rinat_tas@mail.ruhttps://expotime.kz https://t.me/jana_dala https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043232?lang=kk